А эфф - удельная эффективная активность естественных радионуклидов в строительных материалах. | А ЭФФ - құрылыс материалдарындағы табиғи радионуклидтердің меншікті тиімді белсенділігі. | |
Абак - верхняя плита капители, воспринимающая нагрузку от антаблемента. | Абак - сәнмаңдайшадан түсетін жүктемені қабылдап алатын капительдің жоғарғы тақтасы. | |
Абляция - унос вещества с поверхности твердого тела потоком горячего газа в результате оплавления, сублимации, испарения, разложения и эрозии материала. | Абляция - материалдардың балқытылуы, сублимациялануы, булануы, ыдырауы және мүжілуі нәтижесінде қатты дененің бетінен ыстық газдың ағынымен заттың әкетілуі. | |
Абляционные материалы - материалы, предохраняющие конструкцию от непосредственного контакта с атмосферой или продуктами сгорания. Например: наиболее часто применяющиеся обугливающиеся пластмассы на основе фенольных, кремнийорганических и др.синтетических смол, содержащих в качестве наполнителя углерод (в т.ч. графит), диоксид кремния (кремнезем, кварц) и др. | Абляциялық материалдар - құралымды атмосферамен немесе жанатын өнімдермен тікелей жанасудан қорғайтын материалдар. Мысалы: толтырғыш ретінде көміртегі (с.б. графит), кремний диоксиді бар (кремнезем, кварц) фенолдық, кремнийорганикалық және басқа синтетикалық шайырлардың негізіндегі жиі пайдаланылатын көмірленген пластмассалар. | |
Абонемент - 1) заранее приобретенное право пользоваться в течение фиксированного срока услугами, благами, посещать отдельные заведения; 2) документ, удостоверяющий право на получение услуг. | Абонемент - 1) қызметтерді, игіліктерді, жеке мекемелерді белгілі мерзім бойынша пайдаланудың күні бұрын иеленген құқығы; 2) қызметтерді пайдалану құқығын куәландыратын құжат. | |
Абонент - потребитель, пользователь распространенного вида массовых услуг (связи, отопления и т.д.); лицо, обладающее абонементом. | Абонент - жаппай көрсетілетін қызметтің белгілі бір түрін тұтынушы, пайдаланушы (байланыс, жылыту және т.б.); абонементті иелінуші тұлға. | |
Абонентская задолженность - обязанность абонента оплатить уже предоставленные услуги, срок оплаты которых истек. | Абоненттік берешек - абоненттің өзіне көрсетілген, төлеу мерзімі біткен қызметтерді төлеуге міндеттілігі. | |
Абонентская плата - плата, вносимая юридическими или физическими лицами за многократное, длительное пользование предоставляемыми услугами. | Абонементтік төлемақы - заңды және жеке тұлғалардың абонемент бойынша көрсетілетін қызметтерді ұзақ уақыт, бірнеше рет пайдаланғаны үшін төлейтін ақысы. | |
Абразивные материалы - твердые горные породы и минералы (природные и искусственные), используемые в виде куска или в измельченном состоянии для механической обработки (шлифования, притирки, заточки и т.п.) изделий из металла, дерева, стекла, пластмассы и др. материалов. Природные абразивные материалы - алмаз, корунд, наждак, гранат, кварц, пемза; искусственные - электрокорунд, карборунд, синтетический алмаз и др. | Түрпілі материалдар - темірден, ағаштан, шыныдан, пластмассадан және басқа да материалдардан жасалған бұйымдарды механикалық өңдеу (тегістеу, үйкеу, қайрау және т.с.с.) үшін кесек түрінде немесе ұнтақталған қалпында пайдаланылатын қатты тау жыныстары және минералдар (табиғи және жасанды). Табиғи түрпілік материалдар - алмас, корунд, зімпара, анартас, кварц, көбіктас; жасандылары - электрокорунд, карборунд, синтетикалық алмас және т.б. | |
Абразивная обработка - механическая обработка изделий из металла, дерева, пластмассы, стекла и др. материалов абразивным инструментом. | Абразивтік өңдеу - металдан, ағаштан, пластмассадан, шыныдан және басқа материалдардан жасалған бұйымдарды түрпілеу құрал-сайманмен механикалық өңдеу. | |
Абрис - линейное очертание предмета, контурное изображение. | Абрис (жиек сызба) - заттың сызба кескіні, контурлық кескінделуі. | |
Абсолютная прибыль - прибыль, равная доходу, который предприниматель получил от реализации всех товаров и услуг за вычетом расходов. | Абсолюттік пайда - шығынды шегеріп тастағанда кәсіпкердің барлық тауарлары мен қызметтерін жүзеге асырғанынан алған табысына тең пайда. | |
Аванс - предварительная выплата денежных средств за предстоящие работы. | Аванс - атқарылатын жұмыстарға алдын ала төленетін ақшалай төлем. | |
Аварийно-восстановительные работы в чрезвычайной ситуации - первоочередные работы в зоне чрезвычайной ситуации по локализации отдельных очагов разрушений и повышенной опасности, по устранению аварий и повреждений на сетях, восстановлению минимально необходимых условий для жизнеобеспечения населения, а также работы по санитарной очистке и обеззараживанию территории. | Төтенше жағдайдағы апаттық-қалпына келтіру жұмыстары - төтенше жағдай аймағындағы бірінші кезектегі жұмыстар: кейбір бұзылу және жоғары қауіпті ошақтарын оңашалау, желілердегі апаттар мен зақымдарды жою, халықтың өмір сүруінің ең қажетті жағдайларын қалпына келтіру, сондай-ақ аймақты санитарлық тазарту және залалсыздандыру. | |
Аварийно-спасательные работы в чрезвычайной ситуации - действия по спасению людей, материальных и культурных ценностей, защите природной среды в зоне чрезвычайных ситуаций, локализации чрезвычайных ситуаций и устранению опасных воздействий и факторов. Аварийно-спасательные работы характеризуются наличием факторов, угрожающих жизни и здоровью проводящих эти работы людей, требуют специальной подготовки, экипировки и оснащения. | Төтенше жағдайдағы апаттық-құтқару жұмыстары - төтенше жағдай аймағындағы адамдарды, материалдық және мәдени құндылықтарды құтқару, табиғи ортаны қорғау, төтенше жағдайды оқшаулау және қауіпті әсерлер мен факторларды жою. Апаттық-құтқару жұмыстарында бұл іс-қимылды атқарып жатқан адамдардың өміріне және денсаулықтарына қауіп төндіретін факторлар болады, олардан арнайы дайындық, жабдықтану мен құралдану талап етіледі. | |
Аварийный тормоз эскалатора - устройство, предназначенное для остановки лестничного полотна эскалатора при срабатывании блокировки скорости и самопроизвольном изменении направления движения, а также отказе рабочего тормоза. | Эскалатордың апаттық тежегіші - жылдамдық бұғауы іске қосылғанда және өз еркімен қозғалу бағыты өзгергенде, сондай-ақ жұмысшы тежегіш істен шыққанда, эскалатордың баспалдақ тақтасын тоқтатуға арналған құрылғы. | |
Авария - событие, заключающееся в переходе объекта с одного уровня работоспособности или относительного уровня функционирования на другой, существенно более низкий, с крупными нарушениями режима работы объекта. | Апат - нысанның жұмыс қабілеттілігінің бір деңгейден немесе салыстырмалы түрде бір қызмет ету деңгейінен екінші өте төмен деңгейге нысанның жұмыс тәртібінің көлемді бұзылуымен өтуін тұжырымдаушы оқиға. | |
Автобетоносмеситель - установленный на шасси автомобиля бетоносмеситель, обеспечивающий дозированное приготовление смеси и непрерывное ее перемешивание при перевозке. | Автобетонараластырғыш - қоспаларды мөлшерлеп дайындайтын және олардың тасылуы кезінде үздіксіз араластыруын қамтамасыз ететін автомобильдің шассиіне орнатылған бетонараластырғыш. | |
Автовокзал - комплекс сооружений и различных технических средств для обслуживания пассажиров на конечных и узловых пунктах междугородних автобусных линий. | Автовокзал - автобустардың қалааралық бағыттарында шеткі және тораптық жерлерінде жолаушыларға қызмет көрсету үшін қойылған имараттар кешені және әр түрлі техникалық жабдықтар. | |
Автогрейдер - самоходная колесная дорожно-строительная машина, оснащенная вспомогательным органом для разрушения дорожных покрытий и сменным оборудованием бульдозера, снегоочистителя и др. | Автогрейдер - жол жабынын талқандайтын қосалқы құрылғысымен жабдықталған және бульдозердің, қар тазалағыштың және т.б. ауыстырмалы аспабы бар өзі жүретін дөңгелекті жол құрылысының машинасы. | |
Автодорожный мост - мост, предназначенный для движения безрельсовых транспортных средств и пешеходов. К автодорожным мостам в городах относят также мосты, пропускающие трамвай. | Автомобиль жолының көпірі - рельссіз көлік құралдарының және жаяулардың жүруіне арналған көпір. Қалаларда трамвай жүретін көпірлерді де автомобиль жолы көпірінің қатарына жатқызады. | |
Автодром - территория со специально оборудованными трассами для спортивных соревнований, испытаний автомобилей и тренировки (обучения) водителей. В состав автодрома входят также трибуны для зрителей, помещения для технического обслуживания автомобилей, гаражей и пр. | Автодром - спорттық жарыстар, автомобильдерді сынау және жүргізушілердің тәжірибе алуы (үйренуі) үшін арнайы жабдықталған жолдары бар аумақ. Автодром құрамына сондай-ақ, көрермендер мінбелері, автомобильдерді техникалық күтуге арналған бөлмелер, гараждар және т.б. енеді. | |
Автозаправочная станция блочно-контейнерного типа - комплекс зданий, наземных резервуаров и других сооружений, выполненных в виде блок-контейнеров, предназначенных для приема, хранения и заправки нефтепродуктами автомототехники. | Блок-контейнерлі типті автожанармай құю станциясы - жерүстілік резервуарлар және мұнай өнімдерін автомототехникаға құюға, сақтауға, қабылдауға арналған блок-контейнерлер түрінде жасалған өзге де ғимараттар кешені. | |
Автозаправочная станция стационарного типа — комплекс зданий, подземных и наземных резервуаров и других сооружений, предназначенных для приема, хранения и заправки нефтепродуктами автомототехники. | Стационарлық типтi жанармай станциялары - автомототехникаға мұнай өнiмдерiн құю, сақтау және қабылдауға арналған жерасты мен жерүстілік резервуарлар және басқа да құрылыс ғимараттарының кешенi. | |
Автокар - безрельсовая самоходная тележка с двигателем и грузовой платформой. Применяется для механизации погрузочно-разгрузочных работ. Нередко оборудуется подъемными платформами, грузоподъемными кранами и др. | Автокар - қозғалтқышы және жүк платформасы бар рельссіз өзі жүретін арба. Тиеу-жүк түсіру жұмыстарын механикаландыру үшін пайдаланылады. Көтеру платформаларымен, жүккөтергіш крандармен және т.б. жиірек жабдықталады. | |
Автоклав - герметичный аппарат (плотно закрывающийся котел) для проведения различных физико-химических процессов при нагревании и повышенном давлении. | Автоклав - қыздыру және жоғары қысым кезінде түрлі физикалық-химиялық процестерді жүргізуге арналған герметикалық аппарат (тығыз жабылатын қазандық). | |
Автоклавные материалы - строительные материалы и изделия на основе силикатных вяжущих (извести, цементов и их смесей) и неорганических заполнителей (кварцевого песка), твердеющие при повышенной температуре и давлении. | Автоклав материалдары - силикат тұтқырғыштары (әк, цемент және олардың қоспалары) және органикалық емес толықтырғыштары (кварцты құм) негізіндегі жоғары температура мен қысым жағдайында қатаятын құрылыс материалдары мен бұйымдары. | |
Автомагистраль, автострада - автомобильная дорога обычно большой протяженности, с высокой пропускной способностью и разделительной полосой для разобщения встречных транспортных потоков, не имеющая пересечений на одном уровне с другими путями. | Автомагистраль, автострада - бір деңгейде басқа жолдармен қиылыспайтын, өткізу мүмкіндігі жоғары және көліктердің қарсы ағынын оңашалау үшін бөлуші жолақтары бар үлкен ұзындықтағы автомобиль жолы. | |
Автоматизация - применение автоматических технических средств и систем управления, освобождающих человека частично или полностью от непосредственного участия в процессах получения, преобразования, передачи и использования энергии, материалов или информации. Автоматизируются: производственные процессы, процессы расчета, проектирования, обработки статистических данных, планирования, управления и многое другое. | Автоматтандыру - энергияны, материалдарды немесе ақпараттарды пайдалану, беру, өзгерту, алу процесстерінде адамды тікелей қатысудан жарым-жартылай немесе толық босататын автоматикалық техника құралдарының және басқару жүйелерінің қолданылуы. Өндіріс процестері, есептеу процестері, жобалау, статистикалық мәліметтерді әзірлеу, жоспарлау, басқару және басқа да көп әрекеттер автоматтандырылады. | |
Автоматизация проектирования - применение средств вычислительной техники и оргтехники при проектировании приборов, машин, систем, сооружений и т.п. Автоматизация проектирования позволяет повысить качество конструкторской документации и существенно сократить сроки проектирования. | Жобалауды автоматтандыру - құралдарды, машиналарды, жүйелерді, имараттарды т.с. жобалауда есептеу техника құралдарының және ұйымдастыру техникаларының қолданылуы. Жобалаудың автоматтандырылуы конструкторлық құжаттардың сапасын көтеруге және жобалаудың уақытын елеулі қысқартуға мүмкіндік тудырады. | |
Автоматизация производства - способ организации производства, при котором функции управления и контроля, ранее выполнявшиеся человеком, передаются автоматическим устройствам. Осуществляется путем перевода технологии на использование автоматизированных агрегатов, механизмов, промышленных роботов и робототехнических комплексов, автоматических линий и т.п. | Өндірісті автоматтандыру - бұрын адам орындайтын басқару және бақылау функцияларын автоматтандырылған құрылғыларға беру арқылы өндірісті ұйымдастыру тәсілі. Автоматтандырылған агрегаттарды, механизмдерді, өнеркәсіптік роботтарды және робототехникалық кешендерді, автоматтандырылған линияларды және т.с.с. технологияларды пайдалануға беру арқылы іске асырылады. | |
Автоматизированная система проектирования - совокупность математических методов технических средств (ЭВМ, средств связи, устройств отображения информации и т.д.) и организационных комплексов, обеспечивающих рациональную разработку проектно-технической, сметной документации объектов в соответствии с заданием. | Жобалаудың автоматтандырылған жүйесі - нысандардың жобалау сметалық құжаттарын тапсырысқа сәйкес тиімді әзірлеуді қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс тәсілдері, ақпаратты бейнелейтін құрылғылар және т.с.с.) және ұйымдастыру кешенінің жиынтығы. | |
Автоматизированная система управления (АСУ) - совокупность математических методов, технических средств (ЭВМ, средств связи, устройств отображения информации и т.д.) и организационных комплексов, обеспечивающих рациональное управление сложным объектом (процессом) в соответствии с заданной целью. | Басқарудың автоматтандырылған жүйесі (БАЖ) - күрделі нысанды (процесті) қойылған мақсатқа сәйкес тиімді басқаруды қамтамасыз ететін математикалық әдістердің, техникалық құралдардың (ЭЕМ, байланыс тәсілдері, ақпаратты бейнелейтін құрылғылар және т.с.) және ұйымдастыру кешенінің жиынтығы. | |
Автоматизированная система управления строительством (АСУС) - совокупность административных, организационных, экономико-математических методов, средств вычислительной техники, оргтехники и средств связи, взаимосвязанных в процессе своего функционирования для принятия соответствующих решений и проверки их исполнения. | Құрылысты басқарудың автоматтандырылған жүйесі (ҚБАЖ) - тиісті шешім қабылдауға және оның орындалуын тексеруге арналған өзінің істеу процесіндегі өзара байланыстағы әкімшілік, ұйымдастырушылық, экономикалық-математикалық әдістерінің, есептеу-техникалық құралдарының ұйымдастыру, техниканың және байланыс құралдарының жиынтығы. | |
Автоматизированное рабочее место (АРМ) - рабочее место оператора, диспетчера, конструктора, технолога и др., оснащенное средствами вычислительной техники (ПК) для автоматизации процессов переработки и отображения информации, необходимой для выполнения производственного задания. | Автоматтандырылған жұмыс орны (АЖО) - өндірістік тапсырманы орындауға қажет ақпаратты өңдеу және бейнелеу процестерін автоматтандыру үшін есептеу техникасы құралдарымен (ЖК) қамтамасыздандырылған оператордың, диспетчердің, конструктордың, технологтың және т.б. жұмыс орны. | |
Автоматическая линия - комплекс рабочих машин и вспомогательного оборудования, автоматически выполняющих в определенной технологической последовательности и с заданным ритмом весь процесс изготовления или переработки продукта производства или его части. | Автоматтандырылған желі - өндіріс өнімін немесе оның бөлігін бүкіл дайындау немесе қайта өңделу процесін белгілі технологиялық жүйелілікпен және тапсырманың ырғағымен өзі автоматты түрде орындайтын жұмыс машиналарының және көмекші жабдықтардың кешені. | |
Автоматический пожарный извещатель - пожарный извещатель, реагирующий на факторы, сопутствующие пожару. | Автоматты өртті хабарлаушы - өртке ілеспелі факторларді қабылдап өртті хабарлаушы. | |
Автоматическое управление - поддержание нормального функционирования управляемого объекта (машины, прибора, системы и др.) в соответствии с заданным алгоритмом без непосредственного участия человека. Осуществляется с помощью технических средств, обеспечивающих автоматический сбор, хранение, передачу и переработку информации, а также формирование управляющих воздействий (сигналов) на объект управления. | Автоматты басқару - тікелей адамның қатынасуынсыз берілген алгоритмге сәйкес басқарылатын нысанның (машиналардың, аспаптардың, жүйелердің және т.б.) қалыпты қызмет атқаруын қолдау. Ақпаратты автоматты жинау, сақтау, беру және әзірлеумен қамтамасыздандыратын техникалық құралдардың көмегімен, сондай-ақ басқару нысанына басқару ықпалын (сигналдарын) қалыптастыру арқылы жүзеге асырылады. | |
Автомобилеразгрузчик, автомобилеопрокидыватель - устройство для выгрузки сыпучих грузов (зерна, щебня, гравия и др.) из кузовов бортовых автомобилей. | Автомобильден түсіргіш, автомобильден аударғыш - бортты автомобильдің шанағынан сусымалы жүкті (түйірлерді, қиыршықтастарды, малтатастарды және т.б.) түсіруге арналған құрылғы. | |
Автомобильная дорога - дорога, предназначенная главным образом для безопасного и удобного движения автомобилей. Основные элементы автомобильной дороги: земляное полотно, проезжая часть с дорожной одеждой, обочины для временной остановки автомобилей. | Автомобиль жолы - ең алдымен автомобильдердің қауіпсіз және ыңғайлы жүруіне арналған жол. Автомобиль жолының негізгі бөлшектері: жер төсемі, жамылғысы бар жүру жолағы, автомобильдердің уақытша тоқтауына арналған жол жағасы. | |
Автомобильный кран, автокран - самоходная погрузочно-разгрузочная машина, смонтированная на автомобильном шасси, с рабочим органом в виде поворотной консольной стрелы. | Кран орнатылған автомобиль, автокран - автомобильдің шассиінің үстіне жинақталған бұрылатын аспа жебелі жұмыс құрылғысы бар өзі жүретін, жүк тиейтін-түсіретін машина. | |
Автомобильный полигон - участок местности, оборудованный для испытаний автомобилей. | Автомобиль полигоны - автомобильдерді сынақтан өткізу үшін жабдықталған жер телімі. | |
Автомобильный транспорт - транспорт, осуществляющий перевозку грузов и пассажиров по дорогам с различными видами покрытий, а также в условиях бездорожья. | Автомобиль көлігі - әр түрлі жабынды жолдармен, сондай-ақ жолсыз жағдайларда жүктер мен жолаушыларды тасуды жүзеге асыратын көлік. | |
Автономная (индивидуальная) котельная - котельная, предназначенная для теплоснабжения одного здания или сооружения. | Дара (жеке) қазандық - жеке ғимаратты немесе имаратты жылумен жабдықтауға арналған қазандық. | |
Автопогрузчик - самоходная подъемно-транспортная машина с приводом от двигателя со сменным рабочим оборудованием (ковшами, вилочными захватами и др.); служит для погрузки, разгрузки, укладки в штабеля и перемещения штучных и сыпучих грузов. | Автотиегіш - қозғалтқыштан жетегі мен ауыстырмалы жұмыс құрылғысы (шөміштері, айыр қармауыштары және т.б.) бар өзі жүретін көтергіш-тасымалдаушы машина; тиеу, жүк түсіру, қатарға қалау және дара немесе сусымалы жүктерді бір жерден бір жерге ауыстыру үшін қызмет етеді. | |
Автостоянка открытого типа — сооружение без наружных стеновых ограждений или открытое, по крайней мере, с двух противоположных сторон. Сторона считается открытой, если общая площадь отверстий, распределенных по стороне, составляет не менее 50 % наружной поверхности этой стороны в каждом ярусе (этаже). | Ашық типті автотұрақ - сыртқы қабырғасы қоршаусыз немесе тым болмағанда, екі қарама-қарсы жақтары ашық имараттар. Бетке таратылған тесіктердің жалпы аумағы сол беттің сыртқы аумағының 50%-нан әр қабатта артық болса ғана бет ашық деп есептелінеді. | |
Автостоянки с пандусами (рампами) — сооружения, которые имеют ряд постоянно повышающихся (понижающихся) полов или ряд соединительных пандусов между полами, которые позволяют автомашине на своей тяге перемещаться от и на уровень земли. | Көлбеушелері (жарыққалқандары бар) автотұрақтар - автомашиналарға жер бетінен көтерілуіне және түсуіне мүмкіндік туғызатын ұдайы көтерілетін (төмендейтін) еден немесе еден араларында көлбеу еңістер қатарлары бар имараттар. | |
Агломерат - рыхлые скопления обломков горных пород. | Агломерат - тау жыныстары сынықтарының борпылдақ жинақтары. | |
Агломерация - фактическое слияние многих городов и населенных пунктов. | Агломерация - көптеген қалалар мен елді мекендердің шын мәнінде бірігуі. | |
Агрессивная среда - среда, воздействие которой вызывает коррозию строительного материала в изделии или конструкции. | Жеміргіш орта - бұйымдарда немесе құралымдарда құрылыс материалының тоттануын тудыратын әсерлі орта. | |
Агрессивное воздействие - воздействие агрессивной среды, вызывающей коррозию строительного материала. | Жеміргіш әсер - құрылыс материалының тоттануын тудыратын ортаның жеміргіш әсері. | |
Адаптация (в технике) - способность технических устройств или систем приспосабливаться к изменяющимся внешним воздействиям или (и) к изменениям собственной структуры либо алгоритма функционирования. | Бейімделу (техникада) - сыртқы әсерлердің өзгеруіне немесе (және) өзінің құрылымының не қызмет атқару алгоритмінің өзгеруіне техникалық жабдықтардың немесе жүйелердің бейімделу қабілеттілігі. | |
Адгезия - сцепление (слипание) разнородных твердых или жидких тел, соприкасающихся своими поверхностями. | Адгезия - әр текті қатты немесе сұйық денелердің беттерімен өзара ілінісуі (жабысуы). | |
Административный штраф - штраф, налагаемый налоговым органом на плательщика, который не подал в срок налоговую декларацию или вообще не подал ее, не заплатил в срок причитающийся налог или вообще не заплатил его, а также совершил другие нарушения. Штраф обычно взымается в виде твердой надбавки или определенного процента от причитающегося налога. | Әкімшілік айыппұл - салық мағлұмдамасын мерзімінде бермеген немесе мүлде бермеген, тиісті салықты уақытында төлемеген немесе мүлде төлемеген, сондай-ақ басқа да жолсыздық жасаған төлеушіге салық органы салатын айыппұл. Айыппұл әдетте, тұрақты үстеме немесе тиесілі салықтың белгілі бір пайызы түрінде өндіріліп алынады. | |
Адресант - 1) отправитель почты или телеграфный отправитель; 2) грузоотправитель. | Адресант - 1) пошта жөнелтуші немесе телеграф жөнелтімдерін жолдаушы адам; 2) жүк жөнелтуші. | |
Адресат - получатель отправленного груза, товара, письма. | Адресат - поштаны, тауарды және жөнелтілген жүкті алушы. | |
Аквариум - специальные резервуары (застекленные ящики и банки, крупные бассейны), приспособленные для содержания водных животных и растений. | Аквариум - су жануарлары мен өсімдіктерін ұстау үшін бейімделген арнайы қоймалар (шыныланған жәшіктер мен банкалар, ірі бассейндер). | |
Акведук, мост-водовод - сооружение в виде моста или эстакады с водоводом (трубой, лотком, каналом); строят в местах пересечения водовода с оврагом, ущельем, рекой, дорогой и др. | Арна көпір - көпір немесе суарнасы (құбыры, науасы, арнасы) бар эстакада тәрізді имарат; суарнасы саймен, шатқалмен, өзенмен, жолмен және т.б. қиылысқан жерде салынады. | |
Аккредитование - открытие кредита для какого-либо учреждения, его лица. | Аккредитивтеу - қандай да бір мекеме, оның жеке тұлғасы үшін несие ашуы. | |
Активные красители - красители, обладающие способностью образовывать прочную химическую связь с волокном. | Әсерлі бояғыштар - талшықпен берік химиялық байланыс туғызатын қасиеті бар бояғыштар. | |
Активный ил - ил, образующийся при очистке сточных вод в аэрационном бассейне (аэротенке) из частиц, не задержанных первичным отстойником, и адсорбирующих коллоидных веществ с размножающимися на них микроорганизмами. | Әрекетті лай - ағын суды аэрациялық бассейнде (аэротенкте) тазартқандағы бірінші деңгейдегі тұндырғыш бөгемеген түйіршіктерден және көбейетін микроорганизмдері бар сіңіруші коллоидтық заттардан түзілген лай. | |
Активы - учетная категория, включающая стоимость собственного имущества рыночного субъекта, а также средства и запасы, предназначенные для уплаты задолженности. | Активтер - есепке алу категориясы, құрамына нарық тұлғасының жекеменшікті мүліктерінің құны, сондай-ақ қарыздарды төлеуге арналған қаржы мен қорлары кіреді. | |
Активы предприятия (организации) - все активы, используемые для предпринимательской деятельности. | Кәсіпорынның (ұйымның) активтері - кәсіпкерлік қызмет үшін пайдаланылатын барлық активтер. | |
Акустика - звуковая (акустическая) характеристика какого-либо помещения. | Акустика - қандай да бір бөлмелердің дыбыстық (акустикалық) сипаттамасы. | |
Акустические материалы - материалы, предназначенные для снижения шума и создания оптимальных условий слышимости в помещении; подразделяются на звукопоглощающие и звукоизоляционные. | Акустикалық материалдар - шуды азайту және бөлмеде естілу жағдайын тиімді жасау үшін арналған материалдар; дыбыссіңірушілерге және дыбысоқшалауғыштарға ажыратылады. | |
Акционер - владелец акций акционерного общества, приобретая которые он становится его членом. Акционер имеет право участвовать в общих собраниях, избирать и быть избранным в руководство акционерного общества, получать свою долю прибыли общества (в виде дивиденда) и часть имущества (в размере стоимости акции) при ликвидации общества, в то же время акционер отвечает по обязательствам общества своей долей капитала, представленного в стоимости его акций. | Акционер - акционерлік қоғамның акциялар иесі, акция иемдену арқылы акционерлік қоғамның мүшесі болады. Акционер жалпы жиналысқа қатысуға, акционерлік қоғамның басшылық қызметіне сайлануға және сайлауға, қоғам таратылғанда өзіне тиісті түсім үлесін алуына (дивиденд ретінде) хұқы бар, сонымен бірге акционер акцияның құны ретіндегі өзінің капитал үлесіне қоғамдағы міндеттемесі бойынша жауап береді. | |
Акционерное общество - юридическое лицо, выпускающее акции с целью привлечения средств для осуществления своей деятельности. | Акционерлік қоғам - өзінің қызметін атқару үшін қаражат келтіру мақсатымен акциялар шығаратын заңды тұлға. | |
Акция - ценная бумага, выпускаемая акционерным обществом и удостоверяющая право на участие в управлении акционерным обществом, получение дивиденда по ней и части имущества акционерного общества при его ликвидации. | Акция - акционерлік қоғамның шығаратын және акционерлік қоғамды басқаруға қатынасуға, акционерлік қоғам таратылғанда оның мүліктерінің бөлігін және дивидендін алуға құқығын куәландыратын құнды қағаз. | |
Алебастр - 1) одно из названий строительного гипса; 2) природный гипс в виде тонкозернистого агрегата снежно-белого цвета (гипсовый камень); сырье для получения полуводного (строительного) гипса путем обжига при 140-180о С. | Алебастр - 1) құрылыстық гипс атауларының бірі; 2) түсі қардай ақ ұнтақталған агрегат тәрізді табиғи гипс (гипс тасы); 140-180о С күйдіру арқылы жартылайсулы (құрылыс) гипсін алу үшін арналған шикізат. | |
Алкидные лаки - растворы алкидных смол в органических растворителях. Применяются в качестве антикоррозионных и атмосферостойких покрытий для защиты и отделки различных изделий из дерева и металла, приготовления эмалевых красок и грунтовок. | Алкид лактары - органикалық еріткіштердегі алкид шайырларының ерітіндісі. Тоттануға қарсы және атмосфера әсеріне тұрақты жабын ретінде ағаштан және металдан жасалған әртүрлі бұйымдарды қорғау және әрлеу, эмаль бояулары және астарламаларды дайындау үшін қолданылады. | |
Алюминиевые конструкции - строительные конструкции, основным материалом которых служат алюминиевые сплавы или технический алюминий. | Алюминий құралымдар - негізгі материалдары болып алюминий қорытпалары немесе техникалық алюминий қызмет ететін құрылыстық құралымдар. | |
Алюминирование - нанесение на поверхность металлических изделий алюминия или сплавов на его основе с целью защиты изделий от коррозии, улучшения внешнего вида, придания им специальных физико-химических свойств. | Алюминийлеу - бұйымдарды тоттанудан сақтау, сыртқы көрінісін ажарлау, оларға арнайы физика-химиялық қасиеттерді беру үшін алюминийді немесе оның негізіндегі қорытпаларды металл бұйымдардың беттеріне түсіру. | |
Аминопласты, карбамидные пластики - пластмассы на основе мочевино- и меламиноформальдегидных смол. Прочные, трудногорючие, светостойкие, легко окрашиваемые материалы с хорошими физико-механическими и электроизоляционными свойствами. Аминопласты используют в качестве отделочных, тепло- и звукоизоляционных материалов в строительстве. | Аминопластар, карбамид пластиктері - несеп және меламиноформальдегид шайырлары негізіндегі пластмассалар. Жақсы физикалық-механикалық және электроқшалауғыш қасиеттері бар, беріктігі мол, қиын жанатын, күнге тұрақты, жеңіл боялатын материалдар. Аминопластарды құрылыста әрлеу, жылу және дыбысоқшалауғыш материалдар ретінде пайдаланады. | |
Аммонийная коррозия бетона - коррозия бетона в результате его взаимодействия с растворами солей аммония. | Бетонның аммонийлық тоттануы - аммоний тұздарының ерітінділерімен әрекеттесу нәтижесіндегі бетонның тоттануы. | |
Амортизатор - устройство для смягчения ударов в машинах, сооружениях с целью уменьшения их колебаний и защиты от воздействия динамических нагрузок. | Бәсеңдеткіш - машиналардағы, құрылыстардағы соққыларды жұмсарту мен олардың тербелісін азайтуға және динамикалық жүктемелердің әсерінен қорғауға арналған құрылғы. | |
Амортизационные отчисления - право на уменьшение дохода на амортизационные отчисления предоставляется в знак признания факта уменьшения стоимости средств производства в течение срока их службы. Благодаря предоставлению права на амортизационные отчисления стоимость основного средства распределяется на несколько лет таким образом, что на каждый год приходится соответствующая часть его стоимости. | Амортизациялық аударым - табысты амортизациялық аударымға азайту құқығы, өндіріс құрал-жабдығының құнын оның бүкіл жұмыс істеу мерзімі бойына азайту фактісін мойындау белгісі ретінде беріледі. Амортизациялық аударым құқығын берудің арқасында негізгі құрал-жабдықтың бағасы оның құнының тиісті бөлігі әр жылға тура келетіндей етіп бірнеше жылға бөлінеді. | |
Амортизационный срок - срок полного погашения стоимости средств производства за счет амортизационных отчислений. Амортизационный срок регулируется государством. | Амортизациялық мерзім - өндіріс құрал-жабдықтарының құнын бөлінген амортизациялық қаржы есебінен толық өтеу үшін қажет мерзім. Амортизациялық мерзімді мемлекет реттеп отырады. | |
Амортизационный фонд - денежные средства, предназначенные для просмотра и расширенного производства основных фондов; имеет двойную экономическую природу, т.е. одновременно обслуживает процесс износа основных фондов и процесс их расширенного воспроизводства. | Амортизациялық қор - негізгі қорларды қарауға және кеңейтіп көбейтуге арналған ақша қаражаты; экономикалық табиғаты екі жақты, яғни бір мезгілде тозған негізгі қорлардың орнын толтыру процесін және оларды кеңейте көбейту процесін қамтамасыз етеді. | |
Амортизация - постепенное перенесение стоимости основных фондов на производимые с их помощью товары или услуги; целевое накопление денежных средств и их последующее применение для возмещения изношенных фондов. В процессе использования основные фонды подвергаются износу, теряют свою потребительскую стоимость. После реализации производственной продукции часть выручки зачисляется в специальный амортизационный фонд, предназначенный на восстановление (реновацию) основных фондов. | Амортизация - негізгі қорлардың құнын сол қорлар арқылы өндірілетін өнімдер мен қызметтерге бірте-бірте көшіру; ақша қаражаттарын мақсатты шоғырландыру және оларды тозған негізгі қорлардың орнын толтыру үшін пайдалану. Пайдалану процесінде негізгі қорлар тозады, өзінің тұтыну құнын жоғалтады. Өндірілген өнім өткізілгеннен кейін алынған кірістің бір бөлігі негізгі қорларды қалпына келтіруге (реновация) арналған арнаулы амортизациялық қорға аударылады. | |
Амортизация (в технике) -поглощение (смягчение) ударов, вибраций и т.п. в машинах и сооружениях. | Амортизация (техникада) - машиналарда және ғимараттарда соққыны, дірілдеуді және т.с.с. өшіру (жұмсарту). | |
Ангар - сооружение для стоянки, технического обслуживания и ремонта летательных аппаратов. | Ангар - ұшу аппараттары тұруға, техникалық қызмет қабылдауына және жөнделуіне арналған имарат. | |
Анкер - деталь (анкерная плита, анкерный фундамент, анкерный болт и т.п.) для скрепления элементов сооружений и машин. | Анкер - имараттар мен машиналардың элементтерін байланыстыруға арналған бөлшек (анкерлік тақта, анкерлік іргетас, анкерлік бұрандама және т.б.). | |
Анкерная плита - металлическая плита, закладываемая в основание фундамента сооружения и служащая для предохранения фундамента от разрушения головкой анкерного болта. | Анкерлік тақта - имараттың іргетасының негізіне салынатын және іргетасты анкерлік бұрандамасының басымен бұзуынан сақтау үшін қойылатын металл тақта. | |
Анкерный болт - болт с прямоугольной головкой, вставляемый в отверстие анкерной плиты и поворачиваемый на 90о вокруг вертикальной оси. | Анкерлік бұрандама - анкерлік тақтаның тесігінен өткізіліп тік білікті 90о айнала бұралып орнатылатын тікбұрышты басы бар бұрандама. | |
Антаблемент - балка перекрытия, обычно лежащая на колоннах; верхняя часть архитектурного ордера: состоит из архитрава, фриза и карниза. | Сәнмаңдайша - әдетте ұстынға орналасқан аражабын арқалығы; сәулет ордерінің үстіңгі бөлігі: архитрав, фриз және карнизден тұрады. | |
Антикоррозионные покрытия - тонкослойные покрытия на изделиях и конструкциях для защиты от коррозионного воздействия внешней среды и придания изделиям декоративного вида. Основные виды антикоррозионных покрытий: металлические, лакокрасочные, стеклоэмали, оксидные пленки, резиновые пленки, пластмассовые и битумные смазки. | Тоттанудан қорғайтын жабындар - сыртқы ортаның тоттандыратын әсерінен қорғау және бұйымдарға сәндік көрініс беру үшін жасалатын бұйымдар мен құралымдардың жұқа жабындары. Тоттанудан қорғайтын жабындардың негізгі түрлері: металл сырлы бояу, шыныэмаль, оксидтық пленкалар, резеңке пленкалар, пластмасса және битум майлары. | |
Антипирены - вещества или смеси, предохраняющие материалы от воспламенения и самостоятельного горения. Антипирены наносят на поверхность изделий в составе красок или (и) используют в виде растворов, которыми пропитывают материал. | Антипирендер - материалдарды тұтанудан және өзінен өзі жануынан сақтандырушы заттар мен қоспалар. Антипирендерді бояулардың құрамында бұйымдардың бетіне жағады немесе (және) материалдарға сіңдірілетін қоспалар түрінде пайдаланады. | |
Антипирирование древесины - глубокая или поверхностная пропитка древесины раствором химических веществ или смесей (антипиренов) с целью повышения ее сопротивляемости воздействию огня. | Ағаштарды антипирендеу - оттың әсеріне төзімділігін үлғайту үшін ағаштарға химиялық заттардың (антипирен) ерітіндісін не қоспасын толық немесе үстүртін сіңіру. | |
Антисептирование - обработка химическими веществами (антисептиками) различных неметаллических материалов (древесины и изделий из нее, пластмасс и др.) с целью улучшения их биостойкости и повышения срока службы конструкций. | Антисептиктеу - түрлі металл емес материалдардың (ағашты және одан жасалған бұйымдарды, пластмассаны және т.б.) биотөзімділігін және құралымдардың пайдалану мерзімін ұзарту мақсатымен химиялық заттарды (антисептиктермен) өңдеу. | |
Антисептические средства, антисептики - химические вещества, обладающие противомикробным действием, придающие устойчивость против гниения материалов. | Антисептиктік заттар, антисептиктер - шіруге қарсы материалдардың тұрақтылығын күшейтетін, микробтардың әсеріне қарсы тұратын химиялық заттар. | |
Антресоль - площадка внутри здания, на которой размещены помещения различного назначения (производственные, административно-бытовые или для инженерного оборудования): 1) в жилом доме - полка под потолком квартиры для размещения объемных и редко востребуемых вещей; 2) полуэтаж, занимающий верхнюю часть высокого помещения жилого, общественного или производственного здания, увеличивающий полезную площадь помещения. | Антресоль - түрлi мақсатта пайдаланылатын бөлмелер (өндiрiстiк, әкiмшiлiк-тұрмыстық немесе инженерлiк жабдықтарға арналған) орналасқан ғимарат iшiндегi алаң: 1) тұрғын үйде көлемді және сирек қолданылатын заттарды қою үшін пәтердің төбесінен төмен жасалынатын сөре; 2) бөлменің пайдалы ауданын көбейтетін тұрғын, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттың биік бөлмесінің жоғарғы бөлігінде орналасатын жартылай қабат. | |
Анфилада, анфиладное построение - ряд залов, комнат, последовательно примыкающих друг к другу, дверные проемы которых расположены на одной оси, что создает при открытых дверях сквозную перспективу в интерьере и облегчает доступность для маломобильных лиц. | Анфилада, анфиладалық құрылым - есіктері ашық болса интерьерде алшақтық көрініс тудыратын және мүмкіншілігі шектеулі тұлғаларға жүруін жеңілдететін, есіктерінің ойықтары бір бағытта орналасқан бір біріне жалғасатын залдар, бөлмелер қатары. | |
Апсида, абсида - выступ здания, полукруглый, граненый или прямоугольный в плане, перекрытый полукуполом или сомкнутым полусводом. | Апсида, абсида - жартылай күмбезбен немесе иілген тоғыспамен жабылған, жайғасымында жартышеңберлі, қырлы немесе тікбұрышты ғимараттың шығыңқы жері. | |
Арболит - легкий бетон, состоящий из смеси органических заполнителей, минерального вяжущего и воды. | Арболит - органикалық толтырғыштардың, минералдық тұтқырғыштардың және судың қоспасынан тұратын жеңіл бетон. | |
Аргиллит - осадочная горная порода, образовавшаяся в результате уплотнения, обезвоживания и цементации глин. | Аргиллит - балшықтардың тығыздалынғанынан, сусызданғанынан және цементтелуінен пайда болған шөгінді тау жынысы. | |
Аренда - право временного владения и пользования определенным в договоре имуществом за плату (ГК РК ст. 540). | Жал - жалға беру шартта көрсетілген ақыға мүлікті уақытша иемдену мен пайдалану құқығы. | |
Арендатор - юридическое или физическое лицо, принимающее имущество в аренду. | Жалгер - мүлікті жалға алушы заңды немесе жеке тұлға. | |
Арендная плата - производимые в течение срока аренды регулярные платежи арендатора арендодателю за сданное в аренду имущество. | Жалдау ақысы - жалға берілген мүлік үшін жалдау мерзімі ішінде жалға берушіге жалға алушының тұрақты төлейтін төлемдері. | |
Арендодатель - собственник имущества или орган (лицо), уполномоченный законодательным актом или собственником сдавать имущество внаем. | Жалға беруші - мүлікті жалға беруге өкілеттілігі заңды актімен немесе мүлік иесімен бекітілген меншік иесі немесе орган(тұлға). | |
Арка - криволинейное перекрытие проема в стене или пространство между двумя опорами (столбами, колоннами и др.). | Арка - қабырғадағы ойықтың немесе екі тіректердің (діңгектердің, ұстындардың және т.б.) аралығындағы кеңістіктің қисық сызықты аражабыны. | |
Аркада - ряд одинаковых арок, опирающихся на столбы или колонны. | Аркада - діңгектерге немесе ұстындарға тірелген бірдей аркалардың қатары. | |
Аркатура - ряд декоративных ложных арок на фасаде здания или на стенах внутренних помещений. | Аркатура - ғимараттың қасбетіндегі немесе ішкі бөлмелерінің қабырғасындағы әшекейлік жалған аркалардың қатары. | |
Аркбутан - подпорная наружная каменная полуарка, передающая распор свода опорным столбам - контрфорсам, что позволяет значительно уменьшить площадь поперечного сечения внутренних опор и увеличить полезный объем здания. | Аркбутан - тоғыспа кермесінің күшін тіреу діңгектеріне - контрфорсына беретін тіреуші сырттағы тас жартылай арка, ішкі тіреулердің көлденең қимасының ауданын едәуір азайтуына мүмкіншілік береді және ғимараттың пайдалы көлемін ұлғайтады. | |
Арматура - устройства и детали, не входящие в состав основного оборудования, но обеспечивающие его нормальную работу. Различают арматуру трубопроводную, электротехническую, печную и т.д. | Арматура - негізгі жабдықтардың құрамына кірмейтін, бірақ оның қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін құрылғылар мен бөлшектер. Арматураларды құбырлық, электротехникалық, пештік және т.б. деп ажыратады. | |
Арматура (в конструкциях) - элементы усиления, включенные в материал строительных конструкций. | Арматура (құралымдарда) - құрылыс құралымдары материалдарына енетін күшейту элементтері. | |
Арматура железобетонных конструкций - составная часть железобетонных конструкций для восприятия главным образом растягивающих усилий и создания предварительных напряжений. Распространение получили стальная арматура железобетонных конструкций (стержни, проволока, сетки, каркасы), а также стекловолокно, стеклопластики. | Темірбетон құралымының арматурасы - ең алдымен созатын күштерді қабылдау және алдын ала кернеуді тудыру үшін салынатын темірбетон құралымдары құрамының бөлшегі. Темірбетон құралымдарының болат арматурасы (шыбықтары, сымдары, торлары, қаңкалары), сондай-ақ шыныталшықтар, шыныпластиктер кеңінен таралған. | |
Арматура косвенная - поперечная (спиральная, кольцевая) арматура центрально-сжатых элементов железобетонных конструкций, предназначенная для повышения их несущей способности. | Жанама арматура - темірбетон құралымдарының орталық сығылған элементтерінің төзімділік қасиетін арттыруға арналған көлденең (шиырма, сақиналы) арматура. | |
Арматура несущая - арматура железобетонных конструкций, способная воспринимать монтажные и транспортные нагрузки, возникающие при производстве работ, а также при нагрузке от собственного веса бетона и опалубки. | Көтергіш арматура - жұмыс істеліп жатқан кезде пайда болған жинақтау, тасымалдау жүктемелерді, сондай-ақ, бетон мен калыптың өздерінің салмағын көтере алатын темірбетон құралымдарының арматурасы. | |
Арматурная сталь - сталь, усиливающая (армирующая) железобетонные конструкции. | Арматуралық болат - темірбетон құралымдарын күшейтетін (арматуралайтын) болат. | |
Арматурные работы - комплекс работ по изготовлению, укладке в форму (опалубку) или установке на место бетонирования арматурных каркасов железобетонных конструкций. | Арматуралау жұмыстары - қалыпқа (опалубкаға) салу немесе темірбетон құралымының арматурадан жасалған каңкасының бетондайтын жеріне орнықтыруды дайындау жұмыстарының кешені. | |
Арматурный станок - машина для резки, сгибки и правки изделий из арматурной стали. | Арматуралық білдек - арматуралық болаттан жасалған бұйымдарды кесуге, майыстыруға және түзетуге арналған машина. | |
Армирование - усиление материала или конструкции элементами (арматурой) из другого, более прочного материала. | Арматуралау - материалдарды немесе құрылымдарды басқа беріктігі артық материалдан жасалған элементтермен (арматурамен) күшейту. | |
Армированное стекло - листовое силикатное стекло с запрессованной при формовании металлической сварной сеткой из стальной проволоки. | Арматураланған шыны - қалыптау кезінде болат сымнан пісірілген металл тор қыспақтап салынған табақты силикат шыны. | |
Армированные пластики - пластмассы, содержащие в качестве упрочняющего наполнителя волокнистые материалы в виде нитей, жгутов, тканей и др. | Арматураланған пластиктер - беріктігін арттыратын толтырғышы жіп, жгут, мата және т.б. тәрізді талшықты заттар құрайтын пластмассалар. | |
Армокаменные конструкции - строительные конструкции (перекрытия, стены, столбы, простенки и др.), выполненные из камней или кирпичной кладки со стальной арматурой (сетки, стержней, проволоки). | Арматураланған тас құралымдар - болат арматурамен (торлармен, шыбықтармен, сыммен) қамтылған тасты және кірпіш қалаулардан тұратын құрылыс құралымдары (аражабындар, қабырғалар, діңгектер, аралықтар және т.б.). | |
Армоцементные конструкции - тонкостенные (толщиной 15-20 мм) конструкции из мелкозернистого бетона, армированного частыми ткаными или сварными сетками из тонкой проволоки. | Шегенделген цементтік құралымдар - жиі тоқылған немесе жіңішке сымнан пісірілген торлармен арматураланған ұсақ түйіршікті бетоннан жасалған жұқақабырғалы (қалыңдығы 15-20 мм) құралымдар. | |
Арочная плотина - криволинейная в плане (в виде арки) плотина, прочность которой обеспечивается в основном ее работой как свода с передачей горизонтального давления воды берегам реки или устоям (крайним опорам). | Аркатәрізді бөгет - беріктігі тоғыспа тәрізді жұмыс атқаруы негізінде қамтамасызданып судың горизонталь қысымының өзен жағаларына немесе ұстындарына (шеткі тіреулеріне) берілісімен қамтылатын жайғасымындағы қисықсызықты (арка тәрізді) бөгет. | |
Арочный мост - мост с пролетными строениями, основными несущими конструкциями которых служат арки или своды, работающие на сжатие с изгибом. | Аркатәрізді көпір - негізгі көтеретін құралымдары қысылып майысумен қызмет атқаратын аркалардан немесе тоғыспалардан тұратын аралық құралымдары бар көпір. | |
Архитектура - искусство проектировать и строить сооружения и их комплексы в соответствии с назначением. | Сәулет - имараттар мен олардың кешендерін тағайындауларына сәйкес жобалау және салу өнері. | |
Архитектура малых форм - небольшие сооружения, используемые для организации открытых пространств (фонтан, лестницы, ограды, надгробье, стеллы, фонари, киоски, реклама и др.), имеющие функции декоративно-материально-благоустроительные. | Кіші пішіндер сәулеті - ашық кеңістіктерді ұйымдастыру үшін (фонтандар, баспалдақтар, кабырғалықтар, құлпытастар, стеллалар, фонарлар, киоскілер, жарнамалар және т.б.) сәндік-материалдық, абаттандыру қызметтері бар кіші имараттар. | |
Архитрав - нижняя из трех горизонтальных частей антаблемента, лежащая на капителях колонн. | Архитрав - ұстынның капителіне орналасатын сәнмаңдайшаның үш жатықтық бөлігінің төменгісі. | |
Асбест - обобщенное название минералов класса силикатов, образующих волокнистые агрегаты, способные расщепляться на гибкие и тонкие волокна (толщиной до 0,5 мкм). Применяется в качестве наполнителей пластмасс, асбестоцементов, материалов для огнестойких и теплоизоляционных изделий. | Асбест - иілгіш және жіңішке талшықтарға (жуандығы 0,5мкм-ге дейін) таралатын талшық агрегаттарды құрайтын минералдардың силикат топтарының жалпыланған атауы. Бұйымдардың пластмассаларының, асбестоцементтерінің, отқа төзгіш және жылуоқшаулағыш материалдарының толтырғыштары ретінде қолданылады. | |
Асбестоцемент - композиционный строительный материал, получаемый при твердении водной смеси портландцемента и асбестового волокна. Водонепроницаем, огнестоек, морозостоек, обладает повышенной химической стойкостью, долговечен. Применяется в строительстве в виде готовых изделий: кровельных профилированных или плоских листов (шиферов), водопроводных, газопроводных труб, вентиляционных коробов, элементов мусоропроводов. | Асбестоцемент - портландцементпен асбест талшықтарының сумен қосындысының қатаю нәтижесінде пайда болатын композициялық құрылыс материалы. Су өткізбейді, отқа, аязға берік, жоғары химиялық тұрақтылығы бар, ұзақөмірлік. Құрылыста дайын бұйымдар түрінде пайдаланылады: профильденген немесе жазық төбелік тақталары (шиферлер), су, газ құбырлары, желдеткіш қораптары, қоқсық өткізгіштері. | |
Асбестоцементная безнапорная труба - труба, предназначенная для использования в трубопроводах с давлением, не превышающим атмосферное транспортируемых жидкости или газа. | Арынсыз асбестоцементті құбыр - тасымалдайтын сұйықтың немесе газдың қысымы атмосфера қысымынан аспайтын құбырларда пайдалануға арналған құбыр. | |
Асбестоцементная напорная труба - труба, предназначенная для использования в трубопроводах с избыточным давлением (превышающим атмосферное) транспортируемых жидкости или газа. | Арынды асбестоцементті құбыр - тасымалдайтын сұйықтың немесе газдың қысымы артық (атмосфера қысымынан астам) құбырларда пайдалануға арналған құбыр. | |
Асбестоцементная панель - изделие, представляющее собой плоскостной строительный элемент, имеющий асбестоцементные наружные поверхности и внутреннее пространство, заполняемое при необходимости изоляционным материалом, предназначенное для использования в вертикальном положении. | Асбестоцементтен жасалған панель - сыртқы беті асбестоцементтен және ішкі кеңістігі қажет жағдайда оқшаулағыш материалмен толтырылатын, қырынан тік орнатып пайдалануға арналған жазық құрылыс элементіне жататын бұйым. | |
Асбестоцементная плита - изделие, представляющее собой плоскостной строительный элемент, имеющий асбестоцементные наружные поверхности и внутреннее пространство, заполняемое при необходимости изоляционным материалом, предназначенное для использования в горизонтальном положении. | Асбестоцементтен жасалған тақта - сыртқы беті асбестоцементтен және ішкі кеңістігі қажет жағдайда оқшаулағыш материалмен толтырылатын, жалпағынан жатқызып пайдалануға арналған жазық құрылыс элементіне жататын бұйым. | |
Асбестоцементные конструкции - строительные конструкции и изделия (плиты, панели и др.), изготовленные на основе листового асбестоцемента. | Асбестоцемент құралымдары— асбестоцемент тақталары негізінде жасалған құрылыстық құралымдар және бұйымдар (тақталар, панельдер, т.б.). | |
Асбестоцементный вентиляционный короб - пустотелое изделие, предназначенное для устройства вентиляционных систем. | Асбестоцементтен жасалған желдеткіштік қорап - желдеткіштер жүйесін орналастыруға арналған қуыс кеңістігі бар бұйым. | |
Асбестоцементный швеллер - швеллер по форме асбестоцементное изделие, предназначенное для изготовления каркаса строительных конструкций. | Асбестоцементтен жасалған швеллер - құрылыс құралымдарының қаңкасын жасауға арналған швеллер тәрізді асбестоцементтен жасалған бұйым. | |
Асфальт - природный или искусственный строительный материал. Искусственный асфальт представляет собой смесь нефтяного битума (13-60%) с тонкоизмельченными минеральными наполнителями (главным образом известняками). В смеси с гравием, песком или щебнем образует асфальтобетон. | Асфальт - табиғи немесе жасанды құрылыс материалы. Жасанды асфальт - мұнай битумымен (13-60%) ұнтақталған минералдық толтырғыштардың (көбінесе әктастың) қоспасы. Малтатас, құм немесе қиыршықтаспен араластырғанда асфальтобетон жасалады. | |
Асфальтобетон, асфальтовый бетон - строительный материал, получаемый из смеси щебня, песка, минерального порошка и битума. Используется для покрытий дорог, полов промышленных зданий и др. | Асфальтобетон, асфальттық бетон - қиыршықтастан, құмнан, минералдық ұнтақтан және битум қоспасынан жасалатын құрылыс материалы. Жолдар жабынын, өндіріс ғимараттарының едендерін және т.б. жасау үшін пайдаланылады. | |
Асфальтобетоносмеситель - установка для приготовления асфальтобетонных и др. битумоминеральных смесей путем перемешивания песка, щебня и других компонентов с битумом. | Асфальтобетонараластырғыш - құм, қиыршықтас және басқа құрамбөліктерді битуммен араластырып асфальтобетон мен басқа да битумминералды қоспаларды дайындауға арналған қондырғы. | |
Асфальтоукладчик - самоходная дорожно-строительная машина для распределения и укладки асфальтобетона и других битумоминеральных смесей на основание дорожных и аэродромных покрытий при их сооружении и ремонте. | Асфальттөсегіш - жолдардың және аэродромдардың жабындарының негізін төсегенде және жөндегенде асфальтобетонды және басқа битумминералды қоспаларды тарату мен салуға арналған өзі жүретін жол құрылысының машинасы. | |
Атлант - мужская статуя, поддерживающая перекрытие здания, портика и т.д. | Атлант - ғимараттың төбелік аражабынын, портикті және т.б. көтеріп тұрған еркек мүсіні. | |
Атмосфероустойчивое огнезащитное вещество - вещество, обеспечивающее в заданных пределах длительную огнезащиту изделий, постоянно находящихся под воздействием атмосферных факторов. | Оттан қорғайтын атмосфераға төзімді зат - атмосфера факторларының үнемі әсерінде болатын бұйымдарды берілген шектеу мерзімінде ұзақ уақыт оттан қорғауды қамтамасыз ететін зат. | |
Аттик - стенка над венчающим архитектурное сооружение карнизом, часто украшенная рельефами и надписями. Обычно завершает триумфальную арку. | Аттик - сәулет ғимаратын ұштаушы карниздің үстіндегі бедерленген және жазулармен жиі сәнделетін қабырға. Әдетте салтанаттық арканы ұштайды. | |
Аудит - проверка бухгалтерской или налоговой отчетности, учета первичных документов и другой информации финансово-хозяйственной деятельности хозяйствующих субъектов с целью определения их достоверности, полноты, соответствия действующему законодательству и установленным нормативам. | Аудит - шаруашылық жүргізуші субъектілердің бухгалтерлік немесе салық есептемесін, бастапқы құжаттарының есебін және қаржы-шаруашылық қызметінің басқа да деректерін, олардың растығын, толықтығын, қолданылып жүрген заңдар мен белгіленген нормативтерге сай келуін айқындау мақсатымен тексеру. | |
Аэрация воды - насыщение воды кислородом воздуха, производимое в очистных водопроводных сооружениях с целью повышения качества воды путем ее обезжелезивания и удаления из нее свободной углекислоты и сероводорода. Производится также в сооружениях биологической очистки сточных вод, в рыболовных прудах. | Суды ауалау - судың сапасын көтеру мақсатында темірсіздендіру және бос көміртекқышқылы мен күкіртсутегілерінен ажыратып алу арқылы тазалағыш су құбырлары имараттарында жүргізілетін ауадағы оттегімен суды қанықтыру. Сондай-ақ ақаба суларды биологиялық тазарту имараттарында, балық өсіру тоғандарында жүргізіледі. | |
Аэрация зданий - регулируемый естественный воздухообмен в промышленных зданиях, главным образом, горячих цехах. Осуществляется через окна, аэрационные фонари за счет разности плотностей наружного и внутреннего воздуха. | Ғимараттарды ауалау - өндірістік ғимараттарда, әсіресе ыстық цехтерде ауаларын реттеп табиғи ауамен алмастыру. Сыртқы және ішкі ауа тығыздықтарының айырымы себебінен терезелер, аэрациялық фонарлар арқылы орындалады. | |
Аэровокзал - здание или совокупность зданий для обслуживания пассажиров и проведения багажных операций. | Аэровокзал - жолаушыларға қызмет көрсету және жүктерді реттеп өткізуге арналған ғимарат немесе ғимараттар жиынтығы. | |
Аэродром - комплекс сооружений, оборудования и земельного участка со взлетно-посадочной полосой, воздушным пространством над ним, предназначенный для взлета, посадки, руления, стоянки и обслуживания самолетов. | Аэродром - ұшып-отыратын жолағы, үстінде ауалы кеңістігі және жабдықтары бар жер телімі, ұшақтардың ұшу, қону, жүру, тұру және күтілуіне арналған имараттар кешені. | |
Аэродромное покрытие - искусственное покрытие на взлетно-посадочных полосах, рулежных дорожках, местах стоянок самолетов и других площадках аэродрома для обеспечения бесперебойной эксплуатации летательных аппаратов. Аэродромное покрытие обычно состоит из трех конструктивных слоев: собственно покрытия, искусственного основания, естественного грунтового основания. | Аэродром жабыны - ұшатын аппараттарды үзіліссіз пайдалану үшін ұшақтардың ұшып-отыратын жолақтарының, жүретін жолдарының, тоқтайтын жерлерінің және аэродромның басқа алаңдарының жасанды жабыны. Әдетте аэродромдық жабын үш құралымдық қабаттан: жабынның өзінен, жасанды негізінен, табиғи топырақ негізінен тұрады. | |
Аэродромные сооружения - сооружения, которые включают в себя грунтовые элементы летного поля, грунтовые основания, аэродромные покрытия, водоотводные и дренажные системы, а также специальные площадки и конструкции. | Аэродром имараттары - ұшу аланының топырақ элементтерінен, топырақ негіздерінен, аэродром жабындары, су алып кету және кәріздер жүйелерінен, сондай-ақ арнайы алаңшалар мен құралымдардан тұратын имараттар. | |
Аэрозоли - дисперсные системы, состоящие из жидких либо твердых частиц, взвешенных в воздухе (или ином газе). В зависимости от размера частиц и их физической природы аэрозоли подразделяют на пыли, дымы и туманы. Пыли содержат твердые частицы размером 10-100 мкм, дымы - 0,5-5 мкм, туманы (иногда их называют спреями) - капельки жидкости более 10 мкм. | Аэрозольдар - ауада (немесе басқа газда) өлшеулі сұйықтардан не қатты бөлшектерден тұратын майдаланған жүйелер. Бөлшектердің өлшемдерімен және олардың физикалық табиғатымен байланысты аэрозольдарды шаңдарға, түтіндерге және тұмандарға бөледі. Өлшемдері 10-100 мкм қатты бөлшектер шаңдарды, 0,5-5 мкм - түтіндерді, 10 мкм үлкен сұйықтың тамшылары - тұмандарды (кейде оларды спрейлер деп атайды) құрайды. | |
Аэропорт, воздушный порт - комплекс зданий, сооружений и оборудования, предназначенный для обеспечения регулярных перевозок пассажиров и грузов средствами воздушного транспорта. В состав аэропорта входят аэродром, аэровокзал, службы перевозки почты и грузов, мастерские, ангары, топливохранилища и другие служебно-технические комплексы. Аэропорты оснащаются радиоэлектронными и светотехническими системами и устройствами, обеспечивающими безопасность взлета и посадки самолетов. | Аэропорт - жолаушыларды және жүктерді ауа көліктерімен реттеп тасымалдауын қамтамасыздандыруға арналған ғимараттар, имараттар және жабдықтар кешені. Аэропорттың құрамына аэродром, аэровокзал, пошта және жүк таситын қызметтер, шеберханалар, ангарлар, жанармай қоймалары және басқа қызмет-техникалық кешендер кіреді. Аэропорт ұшақтардың қауіпсіз ұшып-қонуын қамтамасыз ету үшін радиоэлектрондық және жарық беру техникалық жүйелерімен және жабдықтарымен құралдандырылады. | |
Аэротенк - сооружение для биологической очистки сточных вод с помощью аэробных бактерий. | Аэротенк - ақаба суларды аэробтық бактериялардың көмегі арқылы биология әдісімен тазартуға арналған имарат. | |
Аэротенк-вытеснитель - аэротенк, в котором сточная вода и активный ил впускаются сосредоточенно с одной стороны коридора, а выпускаются также сосредоточенно с противоположной торцевой стороны коридора. | Ығыстырғыш аэротенк - ақаба су мен лайды дәліздің бір жақ бетінен жинақтап жіберіліп, сондай-ақ қарама-қарсы жақ бетінен жинақтап шығарылып тұратын аэротенк. | |
Аэротенк-отстойник - сооружение, в котором конструктивно и функционально объединены аэротенк и отстойник, находящиеся в прямой технологической связи между собой. | Аэротенк-тұндырғыш - технологиясы бір-бірімен тікелей байланысты, құралымы мен атқаратын қызметіне қарай аэротенк пен тұндырғыштан біріктіріліп жасалған имарат. | |
Аэротенк-смеситель - аэротенк, в котором подвод сточной воды и активного ила осуществляется равномерно вдоль одной длинной стороны коридора, а отвод вдоль другой стороны коридора. | Аэротенк-араластырғыш - ақаба су мен лайды дәліздің бір жақ ұзын қабырғасының бойымен бірқалыпты жеткізіп, екінші жақ қабырғасын бойлата әкетіп тұратын аэротенк. | |
Аэрофильтр - сооружение для биологической очистки сточных вод. | Аэросүзгі - ақаба суларды биологиялық әдіспен тазартуға арналған имарат. | |
Баба - рабочая деталь машин ударного действия (копров, ковочных и штамповочных молотов и др.), совершающая полезную работу за счет энергии удара при направленном падении. | Аспа шойтоқпақ - бағытталып құлағанда соққы энергиясы себебінен пайдалы іс жасайтын соққы әсері машиналарының (коперлардың, созғыш және штамптағыш балғалардың және т.б.) жұмыс бөлшегі. | |
База - основание, основа чего-либо, в архитектуре основание, подножие колонны или столба. | Түптабан - табан, бір заттың негізі, сәулетте ұстынның немесе бағананың табандық іргетасы. | |
База в архитектуре - основание (подножие), нижняя опорная часть колонны или пилястры. | Сәулеттегі түптабан - ұстынның немесе пилястраның төменгі тірек бөлігі, негізі (табаны). | |
База производственная строительной организации - комплекс предприятий и сооружений строительной организации, предназначенный для оперативного обеспечения строящихся объектов 'необходимыми материально-техническими ресурсами, а также для изготовления (переработки, обогащения) собственными силами материалов, изделий и конструкций, используемых в процессе строительства. | Құрылыс ұйымының өндірістік базасы - салынып жатқан құрылыс нысандарын материалдық-техникалық ресурстармен жедел қамтамасыз етуге арналған, сондай-ақ құрылыс процесінде пайдаланылатын материалдарды, бұйымдарды, құралымдарды өз күшімен дайындайтын (қайта өңдеу, байыту) құрылыс ұйымының кәсіпорын және имараттар кешені. | |
База проката мобильных зданий и сооружений - специализированная организация, в функции которой входит обеспечение строительства мобильными зданиями и (или) сооружениями, включая их транспортирование, монтаж, эксплуатацию и демонтаж. | Жеделәрекетті ғимараттар мен имараттардың прокат базасы - құрылысты жеделәрекетті ғимараттармен және (немесе) имараттармен қамту, оларды тасымалдау, жинақтау, пайдалану және бөлшектеу қызметтері қоса кіретін мамандандырылған мекеме. | |
Базальт - горная порода, используемая в строительстве как облицовочный, электроизоляционный и кислотоупорный материал. | Базальт - құрылыста қаптайтын, электр тогын өткізбейтін және қышқылға төзімді материал ретінде қолданылатын тау жынысы. | |
Базисный год - год, принятый за базу при осуществлении расчетов. | Базистік жыл - есептерді жүзеге асыру кезінде база ретінде қабылданған жыл. | |
Базовая направляющая - направляющая основных бегунков ступени на рабочей ветви. | Базалық бағыттағыш - жұмыс тармағындағы басқыштың негізгі жүгіртпесінің бағыттағышы. | |
Байпас - обводной участок трубопровода, подсоединяемый параллельно основному участку, служащий для продолжения в нужном режиме технологического процесса при неисправности арматуры или приборов, установленных на основном трубопроводе, а также при необходимости их срочной замены без остановки технологического процесса. | Орағыту - негізгі құбырға қойылған арматура немесе аспап жарамсыз болғанда технологиялық процесті керек режимде жалғастыра беру үшін, сондай-ақ технологиялық процесті тоқтатпай, оларды шұғыл айырбастау керек болғанда, құбырдың негізгі бөлігіне қатар қосылатын құбырдың айналма бөлігі. | |
Бак расширительный - резервуар в замкнутой системе водяного отопления для приема излишка объема воды, образующегося при ее нагревании до максимальной рабочей температуры. | Кеңейткіш бак - судың ең жоғары жұмыс температурасына дейін қызған кезінде пайда болатын артық суды қабылдау үшін тұйық жылу жүйесіне орнатылған резервуар. | |
Баланс - 1) финансовый показатель доходов и расходов предприятия; 2) приход и расход чего-либо (тепла, энергии, вещества и др.). | Баланс - 1) кәсіпорынның шығыс және кіріс қаржы көрсеткіштері; 2) бір нәрсенің (жылудың, энергияның, заттың және т.б.) шығысы мен кірісі. | |
Баланс бухгалтерский - способ экономической группировки и обобщенного отражения в денежной оценке средств объединений и предприятий по видам и источникам их образования на определенный момент (дату). | Бухгалтерлік баланс - белгілі бір моментке (күнге) кәсіпорындар мен бірлестіктердің қаражаттарын ақшадай бағалаудағы түрлері мен көздері бойынша жинақтап бейнелеу және экономикалық топтау тәсілі. | |
Балансовая стоимость основных средств производства - стоимость, по которой основные средства производства отражаются в бухгалтерском балансе на начало или конец отчетного периода (или на определенную дату). | Негізгі өндіріс құралдарының баланс құны - есеп беру кезеңнің басындағы немесе аяғындағы (немесе белгілі бір күнге) бухгалтерлік баланста бейнеленген өндірістің негізгі қорларының құны. | |
Балка - конструктивный элемент в виде бруса, работающего на изгиб. | Арқалық - жұмысын иіліп атқаратын бөрене түріндегі құралымдық элемент. | |
Балка-стенка - конструктивный элемент в виде балки, перекрывающей значительную часть пролета по высоте (т.е. выполняющий функцию стенки). | Арқалық қабырға - аралықтың биіктігі бойынша едәуір жерін жабатын (яғни, қабырғаның қызметін атқарушы) арқалық түріндегі құралымдық элемент. | |
Балкон - выступающая из плоскости стены фасада открытая огражденная площадка, служащая для отдыха. | Балкон - қасбеттің қабырғасынан сыртқа шығарылған, демалуға арналған, қоршалған ашық алаңша. | |
Балласт - материал (щебень, гравий, песок и др.) для балластного слоя верхнего строения пути. | Балласт - жолдың жоғарғы құрылымының балластық қабатының материалы (қиыршықтас, малтатас, құм және т.б.). | |
Балластный слой - часть верхнего строения пути в виде тонкой полосы из сыпучих материалов (щебень, гравий, песок и др.), укладываемых на земляное полотно железнодорожного пути. | Балластық қабат - сусымалы материалдардан (қиыршықтас, малтатас, құм және т.б.) жіңішке жолақ түріндегі темір жолдың жер төсеміне салынатын жолдың жоғарғы құрылымының бөлігі. | |
Балочный мост - мост с пролетными строениями, основными несущими конструкциями которых служат балки или балочные фермы длиной до 150-160 м (предварительно напряженный железобетон) и 200-250 м (сталь). | Арқалық көпір - негізгі көтеруші құрылымдары болып жұмыс істейтін ұзындығы 150-160 м (алдын ала кернелген темір бетон) және 200-250 м (болат) дейін арқалықтар немесе арқалық фермалардың аралық құрылыстарын құрайтын көпір. | |
Балюстрада - ограждение лестниц, террас, балконов, крыш, состоящее из ряда невысоких деревянных, каменных, металлических фигурных столбиков (балясин), соединенных сверху горизонтальной балкой или перилами. | Тізбек қоршау - өзара үсті жақтарынан горизонталь арқалықпен немесе сүйеніштермен біріктірілген ағаштан, тастан, металдан жасалған қысқа мәнерлі бағаналардың (бунақтіреулердің) қатарынан тұратын баспалдақтардың, террасалардың, балкондардың, төбелердің қоршауы. | |
Балюстрада боковая - часть балюстрады, расположенная с обеих сторон лестничного полотна между фартуком или плинтусом и карнизом. | Бүйірлік тізбек қоршау - баспалдақ тақтасының екі шетінде алжапқыш немесе ернеулік пен ернеу арасында орналасқан тізбек қоршау бөлігі. | |
Балюстрада крайняя - часть балюстрады, расположенная между карнизом крайнего эскалатора и строительными сооружениями. | Шеткі тізбек қоршау - шеткі эскалатор ернеуі мен құрылыс имараттарының арасына орналасқан тізбек қоршау бөлігі. | |
Балюстрада наружная - часть балюстрады, расположенная в местах входа и выхода пассажиров, примыкающая к полу вестибюля и к крайней балюстраде в случае выполнения последней свободно-стоящей. | Сыртқы тізбек қоршау - вестибюль едені мен шеткі тізбек қоршауға жанасқан, соңғысы еркін-тұратын болып жасалған жағдайда, жолаушылардың кіру мен шығу орындарында орналасқан тізбек қоршау бөлігі. | |
Балюстрада средняя - часть балюстрады, расположенная между карнизами двух смежных эскалаторов. | Ортадағы тізбек қоршау - екі жапсарлас эскалаторлардың ернеулерінің арасына орналасқан тізбек қоршау бөлігі. | |
Балюстрада эскалатора - совокупность щитов, карнизов и других элементов, которые отделяют пассажиров от механизмов и металлоконструкций с целью обеспечения их безопасности и служат для создания интерьера. | Эскалатордың тізбек қоршауы - жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін оларды механизмдер мен металл құрылымдардан бөлетін және интерьер құруға қызмет ететін қалқандар, ернеулер және басқа элементтердің жиынтығы. | |
Банк данных - совокупность информации, сконцентрированной в определенном месте, доступном для коллективного пользования. | Деректер банкі - ұжымдық пайдалануға қолайлы, белгіленген жерде шоғырланған ақпараттардың жиынтығы. | |
Банкет - 1) земляной вал, устраиваемый с нагорной стороны дорожной выемки для защиты ее от стока поверхностной воды; 2) отсыпанная из камня призма в верховой и низовой частях плотины, сооружаемой из грунтовых материалов. | Банкет - 1) жауын, тасқын суларының ағынынан қорғау үшін жолдың тау жақ жиегіне жасалған топырақ жал; 2) топырақ материалдарынан, бөгеттің жоғарғы және төменгі бөліктерінде призма түрінде тастан үйіп жасалған жал. | |
Банкет дорожный - невысокий земляной вал треугольной или трапециедальной формы, отсыпанный вдоль верхнего края дорожной выемки, для защиты ее от стока вод. | Жол банкеті - ойықтың жоғарғы жиегін судың ағып келуінен қорғау үшін бойымен төгілген топырақтың үшбұрышты немесе трапеция түріндегі аласа үйіндісі. | |
Бар - рабочий орган некоторых машин, состоящий из направляющей рамы и движущейся в ней режущей цепи, собранной из кулаков с гнездами для резцов или погрузочных лопастей. | Бар - бағыттаушы құрсаудан, оны айналып тұратын кескіштерге немесе тиеуші қалақтарға арналған ұялы жұдырықтардан жиналған кесуші шынжырдан тұратын кейбір жер қазғыш машиналардың жұмыс құралы. | |
Барабан в архитектуре - опирающаяся на своды цилиндрическая или граненая часть здания, увенчанная куполом. | Сәулеттегі барабан (атанақ) - сүмбіленген күмбезбен тоғыспаға тірелетін ғимараттың цилиндрленген немесе қырланған бөлігі. | |
Баровая машина - машина, которая предназначена для разработки прочных и мерзлых грунтов путем нарезания в них щелей. Рабочий орган - цепь с зубьями (бар). | Барлы машина - жыраларды кесу арқылы берік және тоң топырақтарды өңдеуге арналған машина. Жұмыс құралы - тістер тізілген шынжыр (бар). | |
Бассейн - искусственный водоем. | Бассейн (хауыз) - жасанды су қоймасы. | |
Бассейн брызгальный - открытый резервуар с системой напорных трубопроводов для понижения температуры циркуляционной воды разбрызгиванием ее в воздухе, применяемый в оборотных системах водоснабжения промышленных предприятий, на которых используются теплосиловые установки, компрессоры и т.д. | Шашыратқыш бассейн - өнеркәсіп кәсіпорындарын сумен қамтамасыз ететін айналмалы жүйесінде жылу күші қондырғыларын, компрессорларды т.б. пайдалану үшін, сол жүйемен айналып жүретін судың температурасын ауада шашырату арқылы төмендететін қы-сымдық құбыр жүйесі бар беті ашық резервуар. | |
Башенный кран - грузоподъемный кран, применяемый главным образом в строительстве и имеющий высокую башню, поворотную стрелу и подъемную лебедку. | Мұнаралы кран - басты нысанында құрылыста пайдаланылатын және биік мұнарасы, айналатын құрығы, көтергіш жүкарбасы бар жүккөтергіш кран. | |
Башмак свайный - стальной наконечник, надеваемый на нижний конец сваи для облегчения ее входа в грунт. | Қада оймағы - қаданың топыраққа кіруін жеңілдету үшін төменгі ұшына кигізетін болат оймақ. | |
Башмак колонны - подкладка-ложе колонн, столбов, стоек, опор. | Ұстын табаны - діңгектердің, бағандардың, ұстындардың, тіректердің табан-төсеніші. | |
Башня - свободно стоящее высотное сооружение, устойчивость которого обеспечивается основной конструкцией (без оттяжек): телебашня, радиобашня, водонапорная, силосная башня и т.п. Конструкция ствола башни обычно представляет собой пространственную стержневую систему либо цилиндрическую железобетонную или каменную оболочку. | Мұнара - орнықтылығы негізгі құрылыммен қамтылатын (тартпаларсыз) дара тұратын биік имарат: телемұнара, радиомұнара, сутегеуірінді мұнара, силос мұнарасы және т.б. Әдетте мұнара діңгегі шыбықты кеңістік жүйесінен немесе цилиндрлік темірбетон не тас қабықшадан құралады. | |
Безопасное расстояние - наименьшее расстояние между человеком и источником опасного и вредного производственного фактора, при котором человек находится вне опасной зоны. | Қауіпсіз арақашықтық - адамның қауіпті аймақтан тыс жерде екендігі, кісімен қауіпті және қатерлі өндірістік фактордың туатын жерінің арасының ең аз қашықтығы. | |
Безопасность - 1) состояние защищенности жизненно важных интересов личности, общества и государства от внутренних и внешних угроз или опасностей; 2) свойство объекта не допускать ситуации, опасной для людей и окружающей среды. | Қауіпсіздік - 1) тұлғаның, қоғамның және мемлекеттің ішкі және сыртқы қатер немесе қауіптерден өмірлік маңызды мүдделерінің қорғалу жағдайы; 2) нысанның адамдарға және қоршаған ортаға қауіпті жағдайларды болдырмайтын қасиеті. | |
Безопасность в чрезвычайных ситуациях - состояние защищенности населения, объектов народного хозяйства и окружающей природной среды от опасностей в чрезвычайных ситуациях. Различают безопасность по видам (промышленная, радиационная, химическая, сейсмическая, пожарная, биологическая, экологическая), по объектам (население, объект народного хозяйства и окружающая природная среда) и основным источникам чрезвычайной ситуации | Төтенше жағдайлардағы қауіпсіздік - адамдардың, халық шаруашылығы нысандарының және қоршаған табиғи ортаның төтенше жағдайлардағы қауіп-қатерден қорғалуының жағдайы. Қауіпсіздік түрлері бойынша (өнеркәсіптік, радиациялық, химиялық, сейсмикалық, өрттік, биологиялық, экологиялық), нысандары бойынша (елдімекен, халық шаруашылығы нысандары және қоршаған табиғи орта) және төтенше жағдайлардың негізгі шығу көзіне байланысты ажыратылады. | |
Безопасность дорожного движения - состояние процесса дорожного движения, отражающее степень защищенности его участников и общества от дорожно-транспортных происшествий и их последствий. | Жол жүру қауіпсіздігі - жол жүру процесінің жағдайы, оған қатысушылардың және қоғамның жол-тасымалдау оқиғаларынан және олардың салдарынан қорғалу деңгейін бейнелейтін дәрежесі. | |
Безопасность населения в чрезвычайных ситуациях - состояние защищенности жизни и здоровья людей, их имущества и среды обитания человека от опасностей в чрезвычайных ситуациях. | Төтенше жағдайлардағы адамдар қауіпсіздігі - адам өмірінің және денсаулығының, олардың мүліктері мен өмір сүретін ортасының төтенше жағдайлардағы қауіп-қатерден қорғалу жағдайы. | |
Безопасность производственного оборудования - свойство производственного оборудования соответствовать требованиям безопасности труда при монтаже (демонтаже) и эксплуатации в условиях, установленных нормативно-технической документацией. | Өндіріс құрал-жабдықтарының қауіпсіздігі - нормативтік-техникалық құжаттарда белгіленген жағдайларда жинақтау (бөлшектеу) және пайдалану кезінде еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін өндіріс жабдықтарының қасиеті. | |
Безопасность производственного процесса - свойство производственного процесса соответствовать требованиям безопасности труда при проведении его в условиях, установленных нормативно-технической документацией. | Өндіріс процесінің қауіпсіздігі - нормативтік-техникалық құжаттармен белгіленген жағдайларда жұмыс жүргізудің еңбек қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін өндіріс процесінің қасиеті. | |
Безопасные условия труда - условия труда, при которых воздействие на работающего опасных и вредных производственных факторов исключено или воздействие вредных производственных факторов не превышает предельно допустимых значений. | Еңбек қауіпсіздігі жағдайлары - жұмыс істеушілерге әсері қауіпті және зиянды өндіріс факторларының болмауы немесе зиянды өндіріс факторларының әсері рұқсат етілген шегінің мәнінен артпайтын еңбек жағдайлары. | |
Безосколочное стекло - листовое стекло, которое при разрушении не дает осколков с режущими краями. | Сынықсыз әйнек - қирағанда сынықтарының жиектері кескіш болмайтын табақша әйнек. | |
Безотказность - свойство изделия сохранять работоспособность в течение некоторого времени или при выполнении определенного объема работы без вынужденных перерывов в заданных условиях эксплуатации. | Тоқтаусыз (жарамдылық) - бұйымның біршама уақыт бойы немесе берілген пайдалану жағдайында белгілі бір жұмыс көлемін мәжбүрленбеген үзіліссіз орындауы кезінде жұмыс істеу қабілеттілігін сақтау қасиеті. | |
Безотходная технология - технологический процесс, при котором более рационально и комплексно расходуются сырье и энергия. | Қалдықсыз технология - шикізат пен энергияны мейлінше ұтымды және кешенді жұмсау арқылы жүргізілетін технологиялық процесс. | |
Безотходное производство - одно из направлений развития производства, предусматривающее комплексное экономичное использование сырьевых и энергетических ресурсов без ущерба для окружающей среды. | Қалдықсыз өндіріс - қоршаған ортаға зиянсыз энергетика және шикізат қорларын кешенді үнемділікпен пайдалануды көздейтін өндіріс дамуының бір бағыты. | |
Белила - белые пигменты для всех видов красок и эмалей, а также крашения резин, пластмасс, бумаги. Наиболее распространенные цинковые (и титановые) белила. | Ақ сыр - барлық бояулар түрінде және эмалдар үшін, сондай-ақ ре-зеңкені, пластмассаны, кағаздарды бояу үшін қолдананылатын ақ пигменттер. Ең көп тараған түрі мырыштық (және титандық) ақ сыр. | |
Бельведер - вышка, надстройка над зданием (обычно круглая в плане); павильон, беседка на возвышенном месте. | Бельведер - мұнара, ғимараттың үстіндегі салынымы (әдетте жайғасымда дөңгелек болып келеді); биіктеу жердегі павильон, күрке. | |
Берегоукрепительные сооружения - сооружения, предназначенные для защиты берегов водоемов, участков морских побережий от разрушающих воздействий волн, течений, напора льда и др. | Жағаны бекіту орындары - суқоймалардың жағаларын, теңіз жағалаулары телімдерін толқынның, ағынның, мұздың тегеуірінді бұзу әсерлерінен қорғауға арналған имараттар. | |
Берма - горизонтальная площадка (уступ) на откосах земляных и каменных плотин, каналов, железнодорожного земляного полотна, карьеров, котлованов. | Берма - топырақ және тас бөгеттердің, каналдардың, темір жол топырақ төсемінің, карьерлердің, қазаншұңқырлардың құламасындағы горизонталь алаңша (кемер). | |
Бессточная технология - технологический процесс, в котором водоснабжение обеспечивается замкнутой (бессточной) системой водооборота, в результате чего сброс каких-либо вод в природные водоемы исключается. При бессточной технологии осуществляется локальная очистка загрязненной воды с применением механических, физико-химических, биологических методов очистки. | Ағынды емес технология - табиғи су қоймаларына қандай да бір ағын сулардың құйылуын болдырмайтын тұйықталған суайналым жүйесі арқылы іске асатын сумен қамту технологиялық процесі. Ағынды емес технология бойынша лас су жергілікті механикалық, физика-химиялық, биологиялық тазарту әдістері арқылы тазартылады. | |
Бесчердачная вентилируемая крыша - не имеющая проходного или полупроходного пространства крыша, содержащая вентилируемую наружным воздухом полость или каналы, расположенная над теплоизоляционным слоем или его верхней частью. | Шатырсыз желдетілетін төбе - өту және жартылай өту кеңістігі жоқ, жылуоқшаулағыш қабат немесе оның жоғарғы бөлігінің үстінде орналасқан, сыртқы ауамен желдетілетін қуысы немесе арналары бар төбе. | |
Бесчердачные крыши (покрытия) и невентилируемые (не содержащие воздушных прослоек вентиляции) - выполняемые из однослойных панелей, ячеистого или легкого бетонов; железобетонных панелей с эффективным утеплителем; крыши построечного исполнения многослойной конструкции с засыпным утеплителем и стяжкой под кровлю из рулонных материалов. | Шатырсыз төбелер (төбежабындар) және желдетілмейтін (желдеткіш ауалық қабатшалары жоқ) - бір қабатты панельдерден, ұяшықты немесе жеңіл бетондардан жасалатын; тиімді жылуұстағышы бар темірбетон панельдерден жасалған; жылуұстағышты төкпелеуі және жабын асты орамды материалдардан тұтастырғышы бар көп қабатты құралымды құрылыс салу барысында жасалатын төбелер. | |
Бетон - искусственный строительный материал, получаемый в результате затвердевания уплотненной смеси вяжущего материала, воды, заполнителей и специальных добавок. Различают бетоны на неорганических вяжущих (цементный бетон, гипсобетон, силикатный бетон и другие специальные бетоны) и бетоны на органических вяжущих (асфальтобетон, полимербетон). По объемной плотности бетоны подразделяют на особо тяжелый, тяжелый, легкий, особо легкий. | Бетон - тұтқырғыш материалдардың, судың, толтырғыштардың және арнайы қоспалардың нығыздалған араласпаларының қатаюы нәтижесінде алынатын жасанды құрылыс материалы. Органикалық емес тұтқырғыштардың негізіндегі (цементбетон, гипсбетон, силикатбетон және т.б. арнайы бетондар) және органикалық тұтқырғыштардың негізіндегі (асфальтбетон, полимербетон) бетондар деп анықталады. Көлемдік тығыздықтары бойынша бетондар аса ауыр, ауыр, жеңіл, аса жеңіл болып бөлінеді. | |
Бетонная плотина - плотина, основные конструкции которой выполнены из гидротехнического бетона. | Бетон бөгет - негізгі құралымдары гидротехникалық бетоннан жасалған бөгет. | |
Бетонные конструкции и изделия - элементы зданий и сооружений, выполненные из бетона без арматуры или со слабым (конструктивным) армированием. | Бетон құралымдар мен бұйымдар - арматурасыз немесе әлсіз (құралымдық) арматураланған бетоннан жасалған ғимараттар мен имарат элементтері. | |
Бетоновоз - специализированный автомобиль для перевозки бетонной смеси, оборудованный емкостью (бункером, барабаном, бадьей) с загрузочно-разгрузочным устройством. Емкость для бетонной смеси может иметь термоизоляцию или систему обогрева. | Бетонтасығыш - бетон қоспаларын тасуға арналған тиеп-түсіретін құрылғысы бар қауғамен жабдықталған (шанағы, атанағы, қауғасы) арнайы автомобиль. Бетон қоспалары қауғасының жылу оқшаулағышы немесе жылыту жүйесі болуы мүмкін. | |
Бетононасос - машина для подачи бетонной смеси по трубам к месту ее укладки на расстояние до 300 м по горизонтали и до 40 м по вертикали. | Бетонсорғы - бетон қоспалары салынатын жеріне құбырлармен горизонталь бойынша 300 м, тік 40 м биіктікке дейін алшақтыққа жеткізуге арналған машина. | |
Бетонополимер - бетон, пропитанный мономером с последующей его полимеризацией. | Бетонополимер - біртіндеп полимеризацияланатын мономермен сіңдірілген бетон. | |
Бетоносмеситель, бетономешалка - установка для приготовления бетонной смеси путем перемешивания цемента, песка, щебня или гравия с водой. Бетоносмеситель, смонтированный на шасси автомобиля (автобетоносмеситель), доставляет смесь к месту работ. | Бетонараластырғыш - цемент, құм, қиыршықтас немесе малтатасты сумен араластыру жолымен бетон қоспасын дайындауға арналған қондырғы. Автомобиль шассиіне орнатылған бетонараластырғыш (автобетонараластырғыш) қоспаны жұмыстар орнына жеткізеді. | |
Бетоноукладчик - самоходная дорожно-строительная машина для распределения, дозирования, уплотнения бетонной смеси, отделки дорожного покрытия. | Бетонтөсегіш - бетон қоспасын үлестіруге, мөлшерлеуге, тығыздауға, жол жабынын өңдеуге арналған өзі жүретін жол-құрылыс машинасы. | |
Бизнес - любая организованная, законная деятельность, главной формой и целью существования которой является получение прибыли. | Бизнес - өмір сүруінің басты формасы мен мақсаты тауар өндіріп, қызмет көрсетіп пайда түсіретін ұйымдастырылған кез келген заңды әрекет. | |
Бизнесмен - человек, занимающийся бизнесом, любым видом законной деятельности, приносящей прибыль или иные выгоды. | Бизнесмен - пайда немесе басқаша табыс әкелетін қызметтің кез келген заңды түрімен айналысатын адам. | |
Бизнес-план - подробный план на определенный период, содержащий показатели, которые должны быть достигнуты по реализации бизнеса. | Бизнес-жоспар - белгілі бір кезеңге негізделген бизнесті жүзеге асыру нәтижесінде қол жеткізетін көрсеткіштері бар толық жоспар. | |
Биологическая авария - авария, при которой распространяются опасные биологические вещества в количествах, создающих опасность для жизни и здоровья людей, для сельскохозяйственных животных и растений, приводящих к ущербу окружающей природной среды. | Биологиялық апат - адамдардың өміріне және денсаулығына, ауылшаруашылығы жануарларына және өсімдіктерге қауіп туғызып, қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін мөлшердегі қауіпті биологиялық заттардың тарауы, апат. | |
Биологическая коррозия строительного материала - коррозия строительного материала в изделии или конструкции, вызываемая жизнедеятельностью биоорганизмов. | Құрылыс материалының биологиялық тоттануы - биоорганизмдердің болуы арқылы пайда болатын бұйымдардағы немесе құралымдардағы құрылыс материалының тоттануы. | |
Биологическая очистка сточных вод - способ очистки бытовых и промышленных сточных вод, заключающийся в биохимическом разрушении (минерализации) микроорганизмами органических веществ, растворенных и эмульгированных в сточных водах. | Ақаба суларды биологиялық тазарту - ақаба суларда еріген және эмульгирленген органикалық заттарды биохимиялық әдіспен бұзу (минерализациялау) арқылы тұрмыстық және өндірістік ақаба суларды тазартатын тәсіл. | |
Биостойкость - свойство материалов и изделий долговременно сопротивляться действию грибов и бактерий, вызывающих гниение или другие разрушительные биологические процессы. | Биотұрақтылық - шірітетін немесе басқа да бүлдіргіш биологиялық процестерді туғызатын саңырауқұлақтардың және бактериялардың әсеріне ұзақ қарсыласатын материалдар мен бұйымдардың қасиеті. | |
Биотуалет — устройство для переработки фекальных отходов в органическое удобрение путем использования биологического процесса окисления, активизированного электроподогревом или химическими добавками. | Биодәретхана - электрожылытумен немесе химиялық қоспалармен үдетілген биологиялық қышқылдандыру процесі әдісін қолдану арқылы дәреттік қалдықтарды қайта өңдеп, органикалық құнарландырғыш өндіруге арналған құрылғы. | |
Биофильтр - сооружение для биологической очистки сточных вод; имеет вид резервуара с двойным дном, наполненный фильтрующим материалом. | Биосүзгі - ақаба суларды биологиялық тазартуға арналған имарат; сүзетін материалмен толтырылған екі түбі бар резервуар түрінде болады. | |
Битум - общее название природных или получаемых искусственно сложных органических веществ, состоящих из углеводородов, их кислородных, сернистых и азотистых производных. | Битум - көмірсутектерден, олардың оттектерінің, күкірттік және азоттық туындыларынан тұратын табиғи немесе жасанды істелетін органикалық күрделі заттардың жалпы атауы. | |
Битумные материалы - материалы на основе природных асфальтов или нефтяных битумов. | Битум материалдары - табиғи асфальттардың немесе мұнайдың битумдарының негізінде жасалынатын материалдар. | |
Битумовоз - специализированный автомобиль с цистерной для перевозки жидких битумных материалов с температурой до 200о С. | Битумтасымалдағыш - температурасы 200о С-на дейін сұйық битум материалдарын тасуға арналған цистернасы бар арнайы автомобиль. | |
Благоустройство - совокупность работ (по инженерной подготовке территории, устройству дорог, развитию коммуникационных сетей и сооружений водоснабжения, канализаций, энергоснабжения и др.) и мероприятий (по расчистке, осушению и озеленению территории, улучшению микроклимата, охраны от загрязнения воздушного бассейна, открытых водоемов и почвы, санитарной очистке, снижению уровня шума и др.), осуществляемые в целях приведения той или иной территории в состояние, пригодное для строительства, нормального пользования по назначению, создания здоровых, удобных и культурных условий жизни населения. | Көріктендіру - белгілі бір аймақты құрылыс жүргізуге және оны дұрыс пайдалануға жарамды ету үшін, халықтың мәдени-тұрмысына, денсаулығына ыңғайлы жағдай жасау үшін істелетін жұмыстар (аймақты инженерлік тұрғыдан дайындау, жол салу, энергиямен, канализациямен, сумен қамтамасыз ететін имараттар мен коммуникация жүйесін дамыту т.б.) мен шаралар (аймақты тазарту, кептіру, көгалдандыру, микроклиматын жақсарту, топырағын, ауасын, су қоймаларын былғанудан сақтау, санитарлық тазарту, шуды бәсеңдету т.б.) жиынтығы. | |
Блок объемный (в строительстве) - конструктивный монтажный элемент, являющийся частью объема здания (санитарно-технические кабины, элементы лифтовых шахт, трансформаторных подстанций, реже в виде комнаты, квартиры). Различают монолитный (цельноформованный) и составной (собранный из отдельных панелей). | Көлемді блок (құрылыста) - ғимарат көлемінің бөлігі (санитарлық-техникалық кабиналары, лифт шахталарының, трансформаторлық қосалқы станцияларының элементтері, сирегірек бөлме, пәтер түрінде) болып табылатын құралымдық жинақтау элементі. Тұтасқұйма (тұтас формаланған) және құрама (жеке панельден жинақталған) деп ажыратылады. | |
Блок стеновой - конструктивный элемент стен здания, изготовляемый из легких ячеистых или тяжелых бетонов, кирпича и природного камня, а также из керамических материалов и силикатного бетона. | Қабырғалық блок - кеуекті жеңіл немесе ауыр бетондардан, кірпіштен және табиғи тастан, сондай-ақ керамикалық материалдардан және силикат бетоннан жасалатын ғимарат қабырғаларының құралымдық элементі. | |
Блок строительно-технологический - взаимосвязанные элементы монтируемых строительных конструкций и оборудования, предварительно объединенные на предприятии или строительной площадке в единую неизменяемую объёмно-пространственную систему. | Құрылыс-технологиялық блок - кәсіпорындарда немесе құрылыс алаңдарында өзгермейтін көлемді-кеңістік жүйе ретінде алдын ала біріктіріліп жинақталатын құрылыс құралымдары мен жабдықтардың өзара байланысты элементтері. | |
Блок-контейнер - объемный элемент полной заводской готовности с индивидуальным укрытием (контейнером), внутри которого создается микроклимат, обеспечивающий необходимые условия работы оборудования (в т.ч. топливораздаточных колонок), аппаратуры и пребывания человека. | Блок-контейнер - жабдықтардың (соның ішінде отын үлестіргіш колонкалардың) аппаратураның қажетті жұмыс жағдайларын және онда адам болуын қамтамасыз ететін, микроклимат жасалатын жеке панасы (контейнері) бар толық зауыттық дайындамадан шыққан көлемдік элемент. | |
Блок-секция - объемно-пространственный элемент здания, независимый в функциональном отношении, который может использоваться как в сочетании с другими элементами здания, так и самостоятельно. | Блок-секция - қызметі тұрғысынан тәуелсіз, басқа элементтермен үйлестіріліп те, жеке де пайдалануға болатын ғимараттың көлемді-қеңістік элементі. | |
Блокированный жилой дом — здание квартирного типа, состоящее из двух и более квартир, каждая из которых имеет непосредственный выход на приквартирный участок. | Бөліктелген тұрғын үй - әрқайсысының пәтер маңындағы телімдерге тікелей шыға берісі бар, екі және одан көп пәтерлерден тұратын пәтерлік типтегі ғимарат. | |
Блокировка автомата смазки тяговых цепей эскалатора - блокировка, исключающая неправильное включение при установленном автомате смазки тяговых цепей эскалатора. | Эскалатордың тартқыш шынжырын майлау автоматының бұғаттағышы - тартқыш шынжырларды майлау автоматы орнатылып тұрған кездерде эскалаторды қате қосуды болдырмайтын бұғаттағыш. | |
Блокировка бегунков ступени эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при исползании ободов бегунков ступени. | Эскалатор басқышы жүгіртпелерінің бұғаттағышы - басқыш жүгіртпелерінің тоғындары сырғыған кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка входной двери эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при подъеме или перемещении входной площадки вдоль ее продольной оси. | Эскалатордың кіру есігін бұғаттағыш - кіру алаңшасы көтерілген немесе бойлық бағытта орын ауыстырған кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка вытяжки поручня эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при обрыве или чрезмерной вытяжке поручня. | Эскалатор тұтқасын кермелеуді бұғаттағыш - тұтқаның үзілуі немесе шектен тыс кермеленуі кезінде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка выхода полуоси ступени эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при выходе полуоси ступени. | Эскалатор басқышы жартыосінің шығу бұғаттағышы - басқыштың жарты осі шыққан кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка гайки и винта аварийного тормоза эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель в случае самопроизвольного или превышающего регламентированное значение отвинчивания гайки аварийного тормоза или при выходе винта аварийного тормоза свыше регламентированного параметра. | Эскалатордың апаттық тежегішінің сомыны мен бұрамасын бұғаттағыш - апаттық тежегіш сомыны өз еркімен немесе реттелген мәнінен артық бұралса немесе апаттық тежегіш сомыны ережелік параметрден артық шыққан жағдайда электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка натяжного устройства эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при перемещении звездочек натяжного устройства, превышающем регламентированное значение. | Эскалатордың керу құрылғысын бұғаттағыш - керу құрылғысы жұлдызшасының орын ауыстыруы реттелген мәнінен асқан кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка опускания ступени эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при опускании ступени. | Эскалатор басқышын түсіру бұғаттағышы - басқышты түсіру кезінде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка остановки поручня эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при остановке или уменьшении скорости поручня. | Эскалатор тұтқасының тоқтату бұғаттағышы - тұтқа тоқтағанда немесе жылдамдығы азайғанда электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка переключения электропитания эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель в случае неправильных действий персонала при переключении силовой электрической цепи. | Эскалатордың электрмен қоректенуін ауыстырып-қосу бұғаттағышы - күштік электр тізбегін ауыстырып-қосудағы қызметкерлердің дұрыс емес іс-әрекеті кезінде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка подъема ступени эскалатора - устройство, отключающее электродвигатель при подъеме ступени перед входными площадками. | Эскалатор басқышының көтерілу бұғаттағышы - кіру алаңшалары алдындағы баспалдақтар көтерілген кезде электр қозғалтқышты өшіретін құрылғы. | |
Блокировка при падении пассажира на эскалатор - блокировка, отключающая электродвигатель при падении пассажира у верхней или нижней входной площадки. | Эскалаторға жолаушы құлаған кездегі бұғаттағыш - жоғарғы немесе төменгі кіру алаңшасына жолаушы құлаған кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка привода эскалатора - блокировка, исключающая совместную работу главного и вспомогательного приводов. | Эскалатор жетегінің бұғаттағышы - негізгі және көмекші жетектердің бірге жұмыс істеуін болдырмайтын бұғаттағыш. | |
Блокировка приводной цепи - блокировка, отключающая электродвигатель при обрыве или чрезмерной вытяжке приводной цепи. | Жетек тізбегін бұғаттағыш - жетек тізбегі үзілгенде немесе шамадан тыс керілгенде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка рабочего тормоза эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при наложенных колодках тормоза и при запасе хода якоря электромагнита меньше регламентированного. | Эскалатордың жұмыс тежегішін бұғаттағыш - тежегіш қалыптың қосылуы және электрмагнит зәкірінің жүріс қоры мөлшерден кем болуы кезінде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка скорости и направления движения эскалатора - блокировка, включающая аварийный тормоз в случае увеличения скорости лестничного полотна на 30% при работе на спуск или самопроизвольного изменения направления движения полотна, работающего на подъем, а также в случае неудержания лестничного полотна рабочим тормозом. | Эскалатор қозғалысы жылдамдығы мен бағытының бұғаттағышы - түсу кезінде баспалдақ тақтасының жылдамдығы 30%-дан артқанда немесе көтеруге жұмыс істеген тақтаның қозғалыс бағыты өздігінен өзгергенде, сондай-ақ баспалдақ тақтасын жұмыс тежегіші ұстап тұра алмаған жағдайда апаттық тежегішті қосатын бұғаттағыш. | |
Блокировка «Стоп» - блокировка, отключающая электродвигатель при воздействии на выключатель персоналом в любом месте прохода эскалаторами или за щитами балюстрады. | «Тоқтату» бұғаттағышы - қызметкерлер эскалатор немесе тізбек қоршау қалқанының артындағы өтпенің кез-келген жерінен ажыратқышқа әсер еткен кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка схода поручня эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при сходе поручня с направляющих на нижнем криволинейном участке. | Эскалатор тұтқасының шығып кету бұғаттағышы - төменгі қисық сызықты бөлікте тұтқалар бағыттағыштардан шығып кеткен кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка упора аварийного тормоза эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при включении аварийного тормоза. | Эскалатордың апаттық тежегіші таянышының бұғаттағышы - апаттық тежегіш қосылғанда электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка устройства демонтажа ступени эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при поднятой раме устройства. | Эскалатор басқышын бөлшектеу құрылғысының бұғаттағышы - құрылғы қаңқасы көтерілген кезде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блокировка устья поручневого устройства эскалатора - блокировка, отключающая электродвигатель при попадании посторонних предметов в устье поручневого устройства. | Эскалатордың тұтқа құрылғысы иінінің бұғаттағышы - тұтқа құрылғысының иініне бөтен зат түскенде электр қозғалтқышты өшіретін бұғаттағыш. | |
Блуждающие токи - электрические токи, распространенные в грунте вследствие различных причин. | Кезбе токтар - түрлі себептердің салдарынан топырақтарда тараған электр токтары. | |
Боевая одежда пожарного - одежда пожарного для защиты от воды и поверхностно-активных веществ. | Өрт сөндірушінің жауынгерлік киімі - судан және беттік белсенді заттардан қорғайтын өрт сөндірушінің киімі. | |
Бойлер - трубчатый теплообменник, используемый для подогрева воды паром или горячей водой. | Бойлер (қайнатқыш) - бумен немесе ыстық сумен суды жылытуға пайдаланылатын құбырлы жылуалмасқыш. | |
Боковое естественное освещение — естественное освещение помещения через световые проемы в наружных стенах. | Бүйірден табиғи жарықтандыру - сыртқы қабырғадағы сәулелік ойықтар арқылы жайды табиғи жарықтандыру. | |
Борт поручня - часть поручня, предназначенная для удержания поручня при его движении по рабочей ветви. | Тұтқа ернеуі - тұтқа жұмыс тармағымен қозғалғанда оны ұстап тұруға арналған тұтқа бөлігі. | |
Бочка (в архитектуре) - крыша в форме полуцилиндра с заостренным верхом, образующая на фасаде килевидный фронтон. | Күбі (сәулетте) - қасбетте үсті ұшталған жартылай цилиндр пішінді кильтәрізді фронтон құратын төбе. | |
Брандмауэр - 1) рекламный щит, маскирующий глухую стену здания; 2) устаревшее название противопожарной стены. | Брандмауэр - 1) ғимараттың тұтас қабырғасын жауып тұратын жарнамалық қалқан; 2) өртке қарсы қабырғаның ескірген атауы. | |
Брекчия, полы "брекчия"- обломочки из мраморных плит, уложенные в определенном порядке на основании пола (или орнамент), залитые цементным раствором на мраморной крошке и после затвердения - шлифованные. | Брекчия, "брекчия" едені - реттеп төселген мәрмәр тақталары сынықтарының арасына мәрмәр тасы қосылған цемент еріндісі құйылып қатқаннан кейінгі жылтыратылған еден. | |
Брус - 1) в строительной механике - конструктивный элемент, размеры поперечного сечения которого значительно малы по сравнению с длиной; 2) в деревообработке - пиленый (реже тесаный) лесоматериал толщиной и шириной (по сечению) более 100 мм. | Білеу, сырғауыл - 1) құрылыстық механикада - көлденең қимасының өлшемдері ұзындығымен салыстырғанда әлдеқайда аз құралымдық элемент; 2) ағаш өңдеуде - қалыңдығы және ені 100 мм артық (қимасының өлшемдері) кесілген (сирек жонылған) ағаш материал. | |
Брусчатка - каменный материал в виде брусков (длиной 15-30 см, шириной 12-15 см, высотой 10-15 см) из прочных горных пород для мощения улиц, площадей, автомобильных дорог. | Төсемтас - көшелерде, алаңдарда, автомобиль жолдарында төсеуге арналған, берік тау жыныстарынан жасалған кесектер пішінді тас материал (ұзындығы 15-30 см, ені 12-15 см, қалыңдығы 10-15 см). | |
Брутто - 1) масса товара с упаковкой; 2) валовой доход предприятия или организации. | Брутто - 1) тауардың буып-түйілгендегі салмағы; 2) кәсіпорынның немесе ұйымның жалпы табысы. | |
Бугель - металлическое кольцо, надеваемое на верхний конец сваи для предохранения ее от разрушения при забивании. | Сақина - қаққанда қада бұзылмауы үшін оның жоғарғы басына кигізетін темір сақина. | |
Бульвар - широкая, обсаженная деревьями аллея вдоль улицы, берега моря и т.д. | Желекжол - көше бойын, теңіз жағасын және т.б. жерлерде жағалай ағаш отырғызылған кең аллея. | |
Бульдозер - съемное оборудование на тракторе или тягаче, а также сам трактор или тягач с оборудованием, предназначенным для разравнивания, срезания или перемещения грунта рабочим органом - неповоротным или поворотным отвалами. | Бульдозер - трактордың немесе тартқыштың үстіндегі алмалы-салмалы сайман, сондай-ақ тегістеуге, қиюға немесе топырақты жылжытуға арналған бұрылмайтын не бұрылатын қайырмасы - жұмыс органымен жабдықталған трактордың өзі немесе тартқыш. | |
Бункер - специально оборудованное подземное убежище, укрытие, долговременное огневое сооружение. | Бункер - арнайы жабдықталған жер астындағы баспана, жаппа, ұзақ уақыттық атыс орны. | |
Бурильный молоток, перфоратор - машина ударного действия для бурения в массиве горных пород, бетоне, кирпичной кладке и т.д. | Бұрғылау балғасы, перфоратор - тау жыныстарының массивінде, бетонда, кірпіш қалауда және т.с.с. бұрғылау үшін жасалған соққылау әрекетті машина. | |
Буровая вышка - сооружение, устанавливаемое над скважиной для спуска и подъема бурового инструмента, забойных двигателей, обсадных труб. | Бұрғылау мұнарасы - бұрғылау құралын, забойлар қозғалтқыштарын, қаптау құбырларын түсіру және көтеру үшін ұңғыманың үстіне қондырылатын имарат. | |
Буровой инструмент - общее название механизмов и приспособлений, применяемых для бурения шпуров, скважин. | Бұрғылау құралы - шпурларды, ұңғыларды бұрғылауға пайдаланатын механизмдер мен құралдардың жалпы атауы. | |
Буровые сваи - сваи, образующиеся при заполнении бетоном пробуренных скважин без устройства котлованов. | Бұрғыланып жасалған қадалар - қазаншұңқырларды істемей бұрғыланған ұңғыларды бетонмен толтырып жасайтын қадалар. | |
Бутовый камень, бут - крупные куски горной породы неправильной формы (с длиной ребра 150-500 мм), получаемые из известняков, доломитов, песчаников, гранитов. | Кесектас - әктастардан, доломиттардан, құмтастардан, граниттерден жасалынатын (қабырғасының ұзындығы 150-500 мм) тау жыныстарының ірі кесектері. | |
Бухгалтерский учет - система учета результатов финансовой и хозяйственной деятельности предприятия. | Бухгалтерлік есеп - кәсіпорынның қаржы және шаруашылық қызметінің нәтижелерін есепке алу жүйесі. | |
Буфер - устройство для смягчения удара. | Буфер - соққыны жұмсатуға арналған құрылғы. | |
Бучарда - металлический четырехгранный молоток, две ударные поверхности которого покрыты пирамидальными зубцами. Применяется каменщиками-строителями для подгонки камней в различных кладках и при обработке камня. | Бучарда - соғатын екі жағы пирамида тәрізді тістермен жабылған төртқырлы металл балға. Тасқалаушы-құрылысшылар тастарды реттеп, өңдеп қалауда қолданады. | |
Бык - промежуточная опора моста. | Діңгек - көпірдің аралық тіреуі. | |
Быстроток - гидротехническое сооружение в виде облицованного канала или лотка для сброса воды из верхнего бьефа в нижний. | Тезағар - жоғарғы бьефтен төменгі бьефке су ағызу үшін жасалатын қапталған канал немесе науа тәрізді гидротехникалық имарат. | |
Быстроток - открытое или закрытое гидротехническое сооружение для сопряжения безнапорных участков воды (водоема), расположенных на разных уровнях, в котором пропуск воды из верхнего участка в нижний осуществляется с большими (более критических) скоростями без отрыва потока от контура самого сооружения. | Сарқырама - жоғары бөліктен төменгіге үлкен жылдамдықпен (шекті мөлшерден артық жағдайда) суды жіберетін, имараттың өзінің контурларынан үзіліссіз ағынын жүзеге асыратын әр деңгейдегі суағарлардың (суаттардың) арынсыз бөлігін жалғастыруға арналған ашық немесе жабық гидротехникалық имарат. | |
Бьеф - часть водоема, реки, канала, непосредственно примыкающая к гидротехническому сооружению (плотине, шлюзу). | Бьеф - сутоғанның, өзеннің, каналдың гидротехникалық имаратқа (бөгетке, шлюзге) тікелей жанасатын бөлігі. | |
Вагон - разновидность состава для перевозки пассажиров и груза по рельсовому пути. | Вагон - рельс жолдары бойынша жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған құрамның бір түрі. | |
Вакуумирование бетона - искусственное удаление (отсасывание) избыточной воды из бетонной смеси после ее укладки и уплотнения в опалубке. | Бетонды ваккумдеу - бетон қоспасынан оны қалыпқа салып тығыздағаннан кейінгі артық суды жасанды жою (сорып алу). | |
Вантовые конструкции - разновидность висячих конструкций. | Аспалы құралымдар - аспалы құралымдардың бір түрі. | |
Вантовый мост - висячий мост с основной несущей конструкцией в виде геометрически неизменяемой висячей (вантовой) формы, выполненной из прямолинейных стальных канатов - вантов. | Аспалы көпір - тура сызықты болат кергіш-арқандардан орындалған өзгермейтін геометриялық аспалы (ілмелі) түрдегі негізгі көтеруші құралымы бар аспалы көпір. | |
Вантуз (в технике) - клапан, через который автоматически удаляется воздух, скапливающийся в высших точках водопроводных, отопительных и т.п. системах. | Ауашық (техникадағы) - су құбырларының, жылу және т.т. жүйелердің жоғары нүктелерінде жиналған ауаны автоматты өткізетін клапан. | |
Ванты - гибкие растянутые стержни (стальные тросы, канаты, круглый прокат), применяемые в висячих конструкциях для крепления радиомачт, антенн и др.; передают усилия от одного узла к другому и не воспринимают поперечной нагрузки. | Тартпалар - радиомачталарды, антенналарды және т.б. бекітуге арналған аспалы құралымдарда қолданылатын иілгіш созылған шыбықтар (болат тростар, арқандар, дөңгелек прокат); бір желіден екінші желіге күш береді және көлденең жүктемені қабылдамайды. | |
Вата - слабо уплотненная масса перепутанных волокон, очищенных от примесей. | Мақта - қоспалардан тазартылып араластырылған талшықтардың аз тығыздалған массасы. | |
Ватерпас - прибор для проверки горизонтальности и измерения небольших углов наклона при земляных, плотничных и др. работах; представляет собой вертикальную стойку с основанием (или треугольник), к которой прикреплен отвес. | Ватерпас - жер өңдеу, ұсталық және т.б. жұмыстар кезінде жазықтықты тексеруге және еңістің кішкене бұрыштарын өлшеуге арналған аспап; табанына тіктегіш бекітілген тік тіреу (немесе үшбұрыш) болып бейнеледі. | |
Ввод трубопровода - ответвление трубопровода от наружной сети до узла с запорной арматурой, размещенного внутри здания (сооружения). | Кірме құбыр - құбырдың сыртқы жүйесінен ғимараттың (имараттың) ішінде орналасқан жапқыштық арматуралары бар түйініне дейінгі құбырдың тармағы. | |
Венец в деревянном строительстве - горизонтальный ряд связанных между собой в углах бревен или брусьев сруба. | Ағаш құрылысындағы тәж - бөренелердің немесе кесілген ағаш біліктерінің бұрыштарындағы өзара байланысқан көлденең қатар. | |
Вентиль - установка для впуска и выпуска жидкостей, паров или газов из трубопроводов. | Шұра - құбырларға сұйықтарды, буларды немесе газдарды енгізуге және шығаруға арналған қондырғы. | |
Вентиль трубопроводный - запорное приспособление для включения или выключения участка трубопровода, а также для регулирования подачи жидкости, газа или пара. | Құбыр шұрасы - құбыр телімін қосуға немесе ажыратуға арналған, сондай-ақ сұйықтың, газдың немесе будың берілуін реттеуге арналған жапқыш құрал-жабдық. | |
Вентилятор - устройство для вентиляции воздуха. | Желдеткіш - ауаны желдетуге арналған құрылғы. | |
Вентиляция - регулируемый воздухообмен в помещениях; система мер для создания воздушной среды, благоприятной для здоровья человека, а также отвечающей требованиям технологического процесса, сохранения оборудования и строительных конструкций, материалов и т.д. | Желдету - бөлмелердегі реттелген ауа алмасу; адам денсаулығы үшін қолайлы, сондай-ақ технологиялық процесс талаптарына жауап беретін, жабдықтар мен құрылыс құралымдарын, материалдарды және т.б. сақтау үшін ауа ортасын жасауға арналған шаралар жүйесі. | |
Веранда — открытое или застекленное неотапливаемое помещение, пристроенное к зданию или встроенное в него, а также сооружаемое отдельно от здания в виде легкого павильона. | Дәліз - ашық немесе шыныланған жылытылмайтын, үйге жапсыра не бірге салынған, сондай-ақ үйден жеке, жеңіл павильон түрінде салынған бөлме. | |
Вермикулит - минерал, водный основной алюмосиликат магния и железа. | Вермикулит - минерал, магний мен темірдің негізгі сулы алюмосиликаты. | |
Вермикулитобетон - легкий бетон с заполнителем из вспученного вермикулита, применяемый для тепловой изоляции промышленного оборудования и утепления ограждающих конструкций зданий, изготовления стеновых панелей, блоков и др. строительных конструкций. | Вермикулитті бетон - өнеркәсіп жабдықтарын жылумен оқшауландыру және ғимараттардың қоршау құралымдарын жылумен қаптау, қабырға панельдерін, блоктар мен т.б. құрылыс құралымдарын дайындау үшін қолданылатын ісінген вермикулитті толтырғышы бар жеңіл бетон. | |
Вероятность воздействия опасных факторов пожара - математическая величина возможности воздействия опасных факторов пожара с заранее заданными значениями их параметров. | Өрттің қауіпті факторларының әсер ету ықтималдығы - параметрлерінің күні бұрын берілген мәндерімен өрттің қауіпті факторларының әсер ету мүмкіндігінің математикалық шамасы. | |
Вероятность возникновения пожара (загорания) - математическая величина возможности появления необходимых и достаточных условий возникновения пожара (загорания). | Өрттің пайда болу (жану) ықтималдығы - өрттің пайда болуына (жануына) қажетті және жеткілікті шарттардың туу мүмкіндігінің математикалық шамасы. | |
Вероятные сдвижения и деформации — величины сдвижений и деформаций, определяемые в условиях, когда отсутствуют календарные планы развития горных работ. | Болуы ықтимал ысырулар мен деформациялар - кен жұмыстарын дамытуда күнтізбелік жоспарлар болмаған жағдайда анықталған ысырулар мен деформациялар шамасы. | |
Верстак - рабочий стол с приспособлениями для закрепления обрабатываемого изделия. Верстаки бывают столярные, слесарные и шорные. Такие верстаки могут быть оборудованы дополнительным инструментарием и оснасткой. | Шеберүстел - өңделетін бұйымды бекітетін құралдары бар жұмыс үстелі. Шеберүстелдер ағаш бұйымдық, слесарлық және әбзелдік болады. Мұндай шеберүстелдер қосымша аспаптармен және құралдармен жабдықталуы мүмкін. | |
Вертикальная верхняя (нижняя) база эскалатора - вертикальная плоскость, проходящая через линию пересечения базы наклонной с базой горизонтальной. | Эскалатордың жоғарғы (төменгі) тік базасы - еңіс база мен көлденең базаның қиылысу сызығынан өтетін тік жазықтық. | |
Вертикальные деформации земной поверхности (наклоны, кривизна) — деформации земной поверхности в вертикальной плоскости, вызванные неравномерностью вертикальных сдвижений. | Жер бетінің тік деформациялары (еңістігі, қисықтығы) - тік ысырулардың біркелкі болмауынан пайда болатын тік жазықтықтағы жер бетінің деформациялары. | |
Верхнее естественное освещение — естественное освещение помещения через фонари. Световые проемы в стенах в местах перепада высот здания. | Жоғарғы табиғи жарықтандыру - бөлмені фонарлар арқылы табиғи жарықтандыру. Ғимарат биіктігінің құлама орындарындағы қабырғалар-дың жарық түсіру ойықтары. | |
Верхолазные работы - работы, выполняемые на высоте более 5 м от поверхности земли, перекрытия или рабочего настила, над которыми производятся работы непосредственно с конструкциями или оборудованием при их монтаже или ремонте, при этом основным средством, предохраняющим работающих от падения, является предохранительный пояс. | Жоғары өрлеу жұмыстары - жер бетінен 5 м жоғары биіктікте орындалатын жұмыстар, тікелей құралымдармен немесе жабдықтармен оларды жинақтау және жөндеу жұмыстары жүргізілген кезде орындалатын аражабындар немесе төсемдер, бұл кезде жұмыскерлерді құлаудан сақтайтын негізгі жабдық сақтандыру белдігі болып табылады. | |
Вес - сила, с которой тело действует на горизонтальную опору (или другую конструкцию) удерживающую его от свободного падения. | Салмақ - көлденең тіреуге (немесе басқа құралымға) берілетін дененің еркін құлауынан ұстап тұрған күш. | |
Вестибюль - помещение перед входом во внутренние части здания, предназначенное для приема и распределения потоков посетителей. | Вестибюль - ғимараттың ішкі бөлмелеріне кіру есігі мен алдында орналасқан, келушілерді қабылдауға және бөліп таратуға арналған бөлме. | |
Взлетно-посадочная полоса — часть летного поля, специально подготовленная и оборудованная для взлета и посадки воздушных судов. | Ұшу-қону жолағы - әуе кемелерiнiң ұшуы мен қонуы үшiн арнайы дайындалған және жабдықталған ұшу алаңының бөлiгi. | |
Взрыв - быстропротекающий процесс физических и химических превращений веществ, сопровождающийся освобождением значительного количества энергии в ограниченном объеме, в результате которого в окружающем пространстве образуется и распространяется ударная волна, способная привести или приводящая к возникновению техногенной чрезвычайной ситуации. | Жарылыс - шектеулі көлемдегі энергияның елеулі мөлшерде босатылуымен қоса жүретін, нәтижесінде қоршаған орта кеңістігінде соққы толқыны пайда болып және таралатын, техногендік төтенше жағдайдың пайда болуына әкелуге қабілетті немесе әкелетін заттардың физикалық және химиялық айналуының тез ағымдық процесі. | |
Взрывные работы - работы, выполняемые воздействием взрыва на естественные или искусственные материалы с целью контролируемого их разрушения и перемещения или изменения структуры и формы. | Жарылыс жұмыстары - табиғи немесе жасанды материалдарға, олардың бұзылуын және алмасуын немесе құрылысы мен пішіндерінің өзгеруін бақылау мақсатында жарылыстың ықпалымен орындалатын жұмыстар. | |
Взрывоопасное вещество - вещество, которое может взрываться при воздействии пламени или проявлять чувствительность к сотрясениям или трениям большую, чем динитробензол. | Қауіпті жарылғыш заттар - жалынның ықпалы кезінде жарылатын немесе сілкіністерге немесе үйкелістерге динитробензолға қарағанда, артық сезімталдық көрсетуі мүмкін заттар. | |
Виадук - сооружение мостового типа, обычно многопролетное на высоких опорах, возводимое на пересечении дороги с глубоким оврагом, горным ущельем и т.п. | Виадук - әдетте көпаралықты биік тіреулерде, терең орлы, тау шұңқырлы, т.б. жолдардың қиылысында салынатын көпір тұрпаттас имарат. | |
Вибратор - 1) вибратор механический - устройство для получения механических колебаний, используемое самостоятельно либо являющееся узлом вибрационной машины или оборудования; 2) вибратор электрический - отрезок металлического провода, штырь из токопроводящего материала или диэлектрика, который может служить возбудителем (источником) электромагнитных колебаний. | Дірілдеткіш - 1) механикалық дірілдеткіш - жеке қолданылатын не дірілдеткіш машинаның немесе жабдықтың желісі болып табылатын механикалық тербелістерді алуға арналған құрылғы; 2) электр дірілдеткіш - металл сымның кесіндісі, электр магнитті тербелістердің қоздырғышы (көзі) болып қызмет атқара алатын ток өткізгіш материалдан немесе диэлектриктен жасалған істік. | |
Вибрационная болезнь - профессиональное заболевание строителей, обусловленное длительным воздействием вибрации: изменение сосудов конечностей, нервно-мышечного и костно-суставного аппарата. | Тербеліс ауруы - ұзақ уақыт тербелісті жағдайда болуына байланысты құрылысшылардың кәсіби сырқаты: аяқ-қол буындарының, жүйке-бұлшық ет және сүйек-буын аппаратының бұзылуы. | |
Вибрационная машина, вибратор -машина, у которой рабочий орган находится в колебательном движении. Применяется для уплотнения бетона, формирования железобетонных изделий, погружения в грунт свай и труб и т.п. | Тербелмелі машина, дірілдеткіш - жұмыс органы тербелмелі қозғалыста болатын машина. Бетонды нығыздауда, темірбетон бұйымдарын пішіндеуде, топыраққа қадалар мен құбырлар қағуда және т.б. қолданылады. | |
Вибрационный транспорт - устройства для направленного перемещения сыпучих и кусковых материалов, паст, жидкостей, осуществляемого вибрацией рабочих (грузонесущих) органов вибрационных машин. | Тербелмелі көлік - тербелмелі машиналардың жұмыс органдарын (жүк таситын) дірілмен жүзеге асыратын сусымалы және түйір материалдарды, пасталар мен сұйықтарды бағыттап ауыстыруға арналған құрылғылар. | |
Вибрация - механические колебания в технике. Различают полезную и вредную вибрацию. | Діріл - техникадағы механикалық тербелістер. Пайдалы және зиянды тербеліс деп ажыратылады. | |
Виброизоляция - защита людей, сооружений и приборов от вредного воздействия вибраций, возникающих вследствие работы механизмов, движения транспорта и т.п. | Дірілоқшаулағыш - механизмдердің, көлік қозғалысының және т.б. салдарынан туатын дірілдердің зиянды әсерінен адамдарды, имараттарды және аспаптарды қорғау. | |
Вибромолоток - инструмент ударного действия с небольшой перемещающейся массой, большими скоростями перемещения и частотой ударов до 6000 в 1 мин. | Дірілбалға - ауыстыру массасы шағын, ауыстыру жылдамдықтары үлкен және соққы жиілігі минутына 6000-ға дейін болатын соғу әрекетті аспап. | |
Виброплита - рабочий орган вибрационных уплотняющих машин или самостоятельная вибрационная установка для уплотнения несвязных грунтов, гравийно-щебеночных и др. материалов. | Дірілтақта - тербелмелі тығыздауыш машиналардың жұмыс органы немесе байланыссыз топырақты, малтатас-қиыршықтас және т.б. материалдарды тығыздауға арналған жеке тербелмелі қондырғы. | |
Виброплощадка - стационарная вибрационная установка для уплотнения бетонной смеси при изготовлении бетонных и железобетонных изделий под действием круговых, вертикальных, горизонтальных колебаний или ударов. | Діріл алаңша - шеңберлі, тік және көлденең тербелістердің немесе соққылардың әрекетінен бетонды және темірбетонды бұйымдарды дайындау кезінде бетон қоспасын нығыздау үшін қолданылатын тұрақты тербелмелі қондырғы. | |
Вибропогружатель - вибрационная машина для погружения в грунт свай, шпунтов, труб и др. элементов. | Дірілмен қаққыш - топыраққа қадаларды, шпунттарды, құбырларды және т.б. элементтерді қағуға арналған тербелмелі машина, | |
Вибропрокатная установка - агрегат для производства крупноразмерных железобетонных строительных конструкций и изделий на вибропрокатном стане, на котором выполняются укладка арматурных каркасов, подача и вибрирование бетонной смеси, тепловая обработка и автоматическая распалубка готовых изделий. | Дірілпрокатты қондырғы - арматуралық қаңқаларды қалау, бетон қоспаларын беру және дірілдету, дайын бұйымдарды жылумен өңдеу және қалыптан автоматты босату жұмыстары орындалатын дірілпрокатты станда ірі көлемдегі темірбетонды құрылыс құралымдарын және бұйымдарды өндіруге арналған агрегат. | |
Виброштамповка - формование сборных железобетонных изделий сложного профиля при одновременном воздействии на бетонную смесь вибрации и давления штампа. | Дірілмен қалыптау - діріл мен қалып қысымының бетон қоспасына бірмезгілді ықпалы кезіндегі күрделі кескіннің құрама темірбетонды бұйымдарын қалыптау. | |
Вид мобильных (инвентарных) зданий или сооружений - классификационная категория мобильных (инвентарных) зданий или сооружений по признаку сходства функционального назначения. | Ғимараттардың немесе имараттардың жеделәрекетті (жабдықтық) түрі - жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттардың немесе имараттардың қызметтік мақсаттарының ұқсас белгілері бойынша жіктік санаты. | |
Винтовое соединение - разъемное неподвижное соединение деталей при помощи винтов, ввертываемых в резьбу в теле одной из деталей. | Бұрандалы қосылыс - бөлшектердің біріндегі ойыққа бұралып енгізілетін бұрамалардың көмегі арқылы бөлшектерді ажыранды қозғалыссыз қосу. | |
Висячие конструкции - строительные конструкции, в которых основные несущие элементы испытывают только растягивающие усилия. | Аспалы құралымдар - негізгі ұстайтын элементтері тек созу күштерін қабылдайтын құрылыс құралымдары. | |
Висячий мост - мост, в котором основная несущая конструкция выполнена из гибких элементов, работающих на растяжение, а проезжая часть подвешена. | Аспалы көпір - негізгі ұстайтын құралымы созылу арқылы жұмыс істейтін иілгіш элементтерден орындалған, ал өту жолы аспалы көпір. | |
Витраж - орнаментальная или сюжетная декоративная композиция, размещаемая обычно в оконных проемах, дверях, перегородках, иногда выполненная в виде самостоятельных панно, из стекла или др. материала, пропускающего свет; сплошное остекление фасада здания. | Әшекей әйнек - әдетте терезе ойықтарында, есіктерде, аражабындарда, кейде жеке панно түрінде шыныдан немесе жарық өткізгіш материалдан орындалатын оюлы немесе сюжетті әшекейлі композиция; ғимарат қасбетін тұтас шынылау. | |
Вихревой насос, тангенциальный насос - 1) динамический насос, в котором жидкость получает энергию в результате завихрения вращающимся рабочим колесом и перемещается по периферии рабочего колеса в тангенциальном направлении; 2) вакуумный насос, в котором разрежение создается вдоль оси вихревого потока сжатого газа или перегретого пара, движущегося по касательной к камере завихрения. | Құйынды сорғы, тангенциалды сорғы - 1) сұйықтығы айналмалы жұмыс дөңгелегінің құйындауы нәтижесінде энергия алатын және жұмыс дөңгелегінің тангенциалдық бағытындағы шеткері бойынша алмасатын динамикалық сорғы; 2) сығылған газдың құйынды ағынының немесе құйын камерасына қатысты қозғалатын аса қыздырылған бу осьінің бойымен жіктелетін вакуумдық сорғы. | |
Вкладыш ступени эскалатора - деталь ступени, служащая для центровки ее относительно гребенки входной площадки. | Эскалатор басқышының ішпегі - кіру алаңшасының жалына қатысты түзету қызметін атқаратын басқыш бөлшегі. | |
Влагомер - прибор для определения влажности газов, жидкостей и твердых тел, в т.ч. сыпучих. | Ылғалөлшегіш - газдардың, сұйықтардың және қатты денелердің с.і. сусымалылардың ылғалдығын анықтауға арналған құрал. | |
Влагоотдача - способность материала отдавать влагу при изменении окружающей среды. Характеризуется скоростью высыхания материала в сутки при относительной влажности воздуха 60 % и температуре 20 °С. | Ылғал беру - қоршаған ортаның өзгеруіне байланысты материалдың ылғал беру қабілеті. Ауаның салыстырмалы ылғалдылығы тәулігіне 60% және температурасы 20о С болған кездегі материалдың құрғау жылдамдылығымен сиппатталады. | |
Влагостойкость - способность строительных материалов долговременно сопротивляться разрушающему действию влаги при периодических увлажнениях и высыханиях материала. | Ылғалға төзімділік - құрылыс ма-териалдарының кезеңдік ылғалдану және кептіру әсерінен ұзақ уақыт бүлінуге қарсы тұра алу қабілеті. | |
Влажность - содержание влаги в твердом теле, порошке или газе. | Ылғалдылық - қатты денедегі, ұнтақтағы немесе газдағы ылғалдың ұсталуы. | |
Влажность материала - содержание влаги в процентах, определяемое путем отношения массы увлажненного материала к его массе в сухом виде. | Материалдың ылғалдылығы - ылғалды материал массасының құрғак күйіндегі массасына қатынасы арқылы пайызбен анықталатын материалдың ылғал ұстауы. | |
Внецентренное растяжение-сжатие стержня в сопротивлении материалов - деформация, возникающая при действии на стержень двух равных и противоположно направленных продольных сил, параллельных оси стержня. | Материалдардың кедергісіндегі шыбықтың орталықтан тыс созылып-сығылуы - шыбыққа екі бірдей және қарама-қарсы бағытталған күштердің шыбықтың параллель осьтерінің ен бойына әрекеті кезінде туындайтын деформация. | |
Внешние условия - влияющие на состояние и использование территории экологические, инфраструктурные и ресурсные факторы ее окружения. | Сыртқы жағдайлар - аумақтың жағдайы мен пайдаланылуына әсерін тигізетін оның айналасындағы экологиялық, инфрақұрылымдық және ресурстық факторлар. | |
Внешний вид асбестоцементного изделия - совокупность регламентированных стандартом свойств, определяемых визуально. | Асбестоцементті бұйымдардың сыртқы түрі - стандартпен реттеліп, көзбен шолып анықталған қасиеттер жиынтығы. | |
Водный огнетушитель - огнетушитель с зарядом воды или воды с добавками. | Сумен отсөндіргіш - сумен немесе қоспалары бар сумен зарядталған от- сөндіргіш. | |
Водобой - элемент крепления водотока непосредственно за водосливом (водосбросом) плотины в виде массивной плиты, предназначенной для восприятия ударов струй и гашения энергии переливающего потока воды, а также для защиты русла водотока и грунтов основания сооружения от размыва. | Суұрма - құлама су ағынының энергиясын басу үшін және ағынша соққыларын қабылдауға арналған ауыр тақта түріндегі бөгеттің су ағарынан кейін тікелей орналасқан су ағарлардың арнасын және имарат негізінің топырағын шайылудан қорғауға арналған бекіту элементі. | |
Водовод - сооружения в виде тоннеля, канала, лотка или трубопровода для пропуска (подачи) воды под напором или самотеком от водоприемника (водозаборного сооружения) к месту ее потребления. | Су тартқыш - су қабылдағыштардан (су тартқыш имараттардан) өз бетімен немесе қысыммен суды қажет орнына жеткізу (беру) үшін тоннель, канал, науа немесе құбыр түріндегі имаратттар. | |
Водогрейный котел - прямоточный котел, в котором подогревается (без испарения) вода, используемая для центрального отопления или централизованного теплоснабжения. | Су жылытқыш қазан - орталық жылыту немесе орталықтандырылған жылумен жабдықтау үшін қолданылатын суды жылытатын (буланусыз) туражол қазан. | |
Водозаборное сооружение - гидротехническое сооружение для забора воды из открытого водоема (реки, озера, водохранилища) или водотока, либо подземных источников и подачи ее в водоводы для последующего транспортирования в хозяйственных целях (орошения, водоснабжения, выработки электроэнергии и др.). | Сутартқыш имараты - суды одан әрі тасымалдау үшін және шаруашылықта қолдану мақсатында (суару, сумен қамту, электр энергиясын өндіру т.с.с.) ашық су тоғандарынан (өзен,көл су қоймалары) немесе суағарлардан,әлде жерасты көздерінен алып, оны су құбырларына жеткізетін гидротехникалық имарат. | |
Водонагреватель - теплообменный аппарат для нагревания воды паром, горячей водой, газами, электроэнергией. | Суысытқыш - суды бумен, ыстық сумен, газбен, электр энергиясымен жылытуға арналған жылу алмастырғыш аппарат. | |
Водонапорные башни и резервуары - сооружения в системе водоснабжения для выравнивания работы насосных станций, создания запаса воды, а также регулирования ее напора и расхода в водопроводной сети. | Арынды су мұнаралары және резервуарлар - сорғы станцияларының жұмыстарын түзету үшін, су қорын жасауға, сондай-ақ оның тегеуріні мен су құбыры желісіндегі шығынды реттеуге арналған сумен жабдықтау жүйелеріндегі имарат. | |
Водонепроницаемость - способность материала пропускать воду под давлением; характеризуется количеством воды, прошедшей за 1 час через 1 см поверхности материала. | Су өткізбеушілік - материалдың қысым арқылы су өткізу қабілеті; 1см жазық бетінен 1сағат ішінде өтетін су мөлшерімен сипатталады. | |
Водонепроницаемость асбестоцементного изделия - способность асбестоцементного изделия препятствовать сквозному проникновению воды при установленных нормативных параметрах времени и давления. | Асбестоцемент бұйымының суөткізбеушілігі - асбестоцементті бұйымның уақыт пен қысымның белгіленген нормативтік параметрлері кезінде судың саңылаулап өтуіне қарсы тұру қабілеттілігі. | |
Водоотводные и дренажные системы — система сооружений, предназначенных для отвода воды с поверхности покрытий и понижения уровня подземных вод с целью обеспечения необходимой устойчивости грунтового основания и слоев аэродромного покрытия при восприятии нагрузок в расчетный период наибольшего увлажнения грунтов, а также исключения аквапланирования колес самолетов при движении по искусственной взлетно-посадочной полосе. | Су әкету және дренаж жүйелері - жабынның үстiндегi суды әкетуге, топырақтық негiзге қажеттi орнықтылықты қамтамасыз ету мақсатында жер асты суларының деңгейiн төмендетуге және аэродромдық жабын қабатының топырақ аса дымқылданған есептiк кезеңде жүктемені қабылдауға, сондай-ақ жасанды ұшу-қону жолағы бойынша қозғалған кезде ұшақ доңғалағы аквапланированиені жоғалтпауға арналған имараттар жүйесi. | |
Водоотлив - система устройств, обеспечивающих отвод и удаление подземных или поверхностных вод из карьеров, шахт, штолен, котлованов, траншей и др. | Су төгу - карьерлерден, шахталардан, штольнялардан, қазаншұңқырлардан, орлардан және т.б. алынатын жерасты және жерүсті суларының әкетілуін және жойылуын қамтамасыз ететін құрылғылар жүйесі. | |
Водоохладитель - теплообменный аппарат, в котором вода охлаждается в трубах или межтрубном пространстве холодильным агентом или холодильным рассолом. | Сусалқындатқыш - құбырлар мен құбыраралық кеңістікте салқындатқыш агентпен немесе салқындатқыш тұздықпен су салқындатылатын жылу алмастырғыш аппарат. | |
Водоочистка - комплекс технологических процессов, в результате которых вода, поступающая в водопровод из природного источника водоснабжения, приобретает необходимые для ее использования качества. | Сутазарту - нәтижесінде сумен жабдықтаудың табиғи көзінен су құбырына келіп түсетін судың қолданылуы үшін қажетті сапасына жеткізілетін технологиялық процестер кешені. | |
Водопенный пожарный ствол, водопенный ствол - пожарный ствол для водяных или пенных струй. | Сукөбікті өрттік оқпан, су көбікті оқпан - сулы немесе көбікті ағыншаларға арналған өрттік оқпан. | |
Водоподготовка - обработка воды, поступающей из водопровода или природного источника для питания паровых и водогрейных котлов или обеспечения технологических процессов. | Суды даярлау - бу және су жылыту қазандарын қоректендіруге немесе технологиялық процестерді қамтамасыз етуге арналған су құбырынан немесе табиғи су көзінен алынатын суды өңдеу. | |
Водопоглощение - способность материала впитывать и удерживать воду. | Су сіңіргіштік - материалдың суды сіңіру және ұстау қабілеті. | |
Водопоглощение керамической плитки - количество воды, проникающей в открытые поры черепка плитки при определенных условиях, выраженное в процентах к массе сухого образца. | Керамикалық тақтаның су сіңіргіштігі - белгіленген жағыдайларда тақтайша қышының ашық кеуектеріне сіңетін судың оның құрғақ күйіндегі массасына қатысты пайызбен алынатын мөлшері. | |
Водопонижение - временное искусственное понижение уровней или напоров подземных вод при сооружении котлованов, тоннелей, проходки горных выработок и т.п. | Су деңгейін төмендету - қазаншұңқырларды, тоннельдерді, кен өңдеу жолдарын және т.б. салу кезінде жерасты суларының деңгейлері мен тегеуріндерін уақытша жасанды төмендету. | |
Водоприемник - 1) часть водозаборного сооружения, служащая для непосредственного приема воды из источника (река, озеро, водохранилище) или подземного источника; 2) водоток, водоем или лощина, принимающие и отводящие воду, собираемую мелиоративной осушительной системой с прилегающей территории. | Суқабылдағыш - 1) бас тоған имаратының тікелей су көзінен (өзеннен, көлден, су қоймасынан) немесе жер асты су көзінен суды қабылдау қызметін атқаратын бөлігі; 2) тиісті аумақтан мелиорациялық кептіргіш жүйелер арқылы жиналатын суды қабылдайтын және бұрып ағызатын ағын су, суқойма немесе өзек. | |
Водопровод - комплекс инженерных сооружений и устройств, осуществляющих водоснабжение - получение воды из природных источников, ее очистку, транспортирование и подачу потребителям. | Су құбыры - сумен қамтуды жүзеге асыратын - табиғи көздерден су алатын, оны тазартатын, тасымалдайтын және тұтынушыларға жеткізетін инженерлік имараттар мен құрылғылар кешені. | |
Водопроводная сеть - совокупность водопроводных линий (трубопроводов) для подачи воды к местам потребления. | Су құбырларының желісі - суды тұтыну орындарына жеткізуге арналған су құбыры желілерінің (құбырлардың) жиынтығы. | |
Водосборный лоток - элемент крыши для сбора и удаления дождевых и талых вод. | Су жинағыш науа - жаңбыр және еріген қар суларын жинауға және ағызып жіберуге арналған төбе элементі. | |
Водосброс, сооружение водосбросное - гидротехническое сооружение для пропуска воды, сбрасываемой из верхнего в нижний во избежание превышения максимальных расчетных уровней воды в водохранилище, через поверхностные отверстия (водосливы) на гребне плотины или через глубинные отверстия (водоспуски), располагаемые ниже уровня воды в верхнем бьефе, либо через те или другие одновременно. | Су қашыртқы, су қашыртқылық имарат - су қоймасындағы судың есептік деңгейден асып кетпеуі үшін бөгет жотасында орналасқан құбырлар (суағар) немесе жоғарғы бьефтегі су деңгейінен төмен орналасқан құбырлар (суағызғыш) не болмаса солар арқылы немесе басқалары арқылы артық судың мөлшерін бірмезгілде ағызуға арналған гидротехникалық имарат. | |
Водослив - преграда (порог), через которую переливается поток воды; в гидротехнике водосливом называют водосброс со свободным переливом воды через его гребень. | Суағар - су ағыны асып төгілетін тосқауыл (табалдырық); гидротехникада суағар деп оның жотасы арқылы еркін тасып ағатын су қашыртқысын атайды. | |
Водосливная плотина - плотина, допускающая перелив воды при пропуске излишних (паводковых) расходов по всей длине гребня или через водосливные отверстия. | Суағарлық бөгет - артық (тасқын) су шығындарын жотаның ұзына бойы немесе суағар тесіктері арқылы жіберу кезінде судың асып төгілуіне мүмкіндік беретін бөгет. | |
Водоснабжение - совокупность мероприятий по обеспечению водой различных потребителей (населения, промышленных предприятий, транспорта, сельского хозяйства) в необходимых количествах и требуемого качества. | Сумен қамту - әр түрлі тұты-нушыларды (халықты, өнеркәсіп кәсіпорындарын, транспортты, ауыл шаруашылығын) керек мөлшерде және қажетті сапада сумен жабдықтау үшін қолданылатын шаралар жиынтығы. | |
Водоспуск, сооружение водоспускное - глубинный водосброс в виде отверстий (труб) в гидротехническом сооружении или отдельное сооружение для опорожнения водохранилища, промывки донных наносов, отложившихся в верхнем бьефе и для пропуска (сброса) воды в нижний бьеф. | Сутүсіргі, сутүсіргі имарат - гидротехникалық имараттардың саңылау (құбыр) түріндегі тереңде орналасқан су қашыртқысы немесе су қоймаларын босатуға, жоғарғы бьефтердегі шөгінділердің су түбінің тұнбаларын жууға, суды төменгі бьефке шығаруға (жіберуге) арналған жеке имарат. | |
Водоупор, слой грунта водоупорный - водонепроницамый для подземных и поверхностных вод слой грунта. | Су өтпейтін қабат, топырақтың су өтпейтін қабаты - жердің қалқыма сулары мен жер асты сулары өтпейтін топырақ қабаты. | |
Водохранилище - искусственный водоем значительной вместимости, образованный в долине реки водоподпорными сооружениями для задержания, накопления и хранения воды. | Бөген - судың ұсталуы, жинақталуы және сақталуы үшін өзен аңғарында су тежеу жабдықтарымен қамтылған сыйымдылығы едәуір жасанды су қоймасы. | |
Водоцементное отношение - коэффициент, определяющий отношение воды к цементу в бетонах и растворах. | Суцементті қатынас - бетондар мен қоспалардағы судың цементке қатынасын анықтайтын еселеуіш. | |
Водяное отопление - система отопления помещения горячей водой через находящиеся в нем отопительные приборы. | Сумен жылыту - өзінің бойындағы жылыту құралдары арқылы бөлмелерді ыстық сумен жылыту жүйесі. | |
Водяной затвор - гидравлическое устройство, препятствующее обратному течению газов в трубопроводах. Применяется в сантехнике для предотвращения попадания канализационных газов в помещение через санитарные приборы (унитазы, раковины). | Су жапқыш - құбырлардағы газдардың кері ағысына кедергі келтіретін гидравликалық құрылғы. Сантехникада санитарлық құралдар (унитаздар, раковиналар) арқылы бөлмелерге канализациялық газдарды өткізбеу үшін қолданылады. | |
Возгораемость, горючесть - способность материалов к горению при воздействии источника зажигания. | Жанғыштық - жану көзінің әсерінен материалдардың жанғыштық қабілеті. | |
Воздействие - явление, вызывающее внутренние силы в элементах конструкций (от неравномерных деформаций основания, от деформации земной поверхности в районах влияния горных выработок и в карстовых районах, от изменения ползучести материала конструкций, от сейсмических, взрывных. влажностных и других подобных явлений). | Әсер ету - құралымдар элементтерінің ішкі күштерін (негіз деформациясының біркелкі болмауынан, тау-кен жұмыстары әсерінен жер бетінің деформацияға ұшырауынан, құралымдар материалдарының жылжығыштығының өзгеруінен, сейсмикалық, жарылғыш, ылғалды және басқа осы тәріздес құбылыстардан) тудыратын құбылыс. | |
Воздуховод, воздухопровод - трубопровод для перемещения воздуха, применяемый в системах вентиляции, воздушного отопления, кондиционирования воздуха, а также в технологических целях. | Ауа арна, ауа құбыры - желдету, ауамен жылыту, ауаны баптау, сондай-ақ технологиялық мақсаттарда қолданылатын ауаны алмастыруға арналған құбыр. | |
Воздухообмен - частичная или полная замена загрязненного воздуха помещений чистым воздухом. | Ауа алмасуы - бөлмедегі ластанған ауаны жартылай немесе толық таза ауамен алмастыру. | |
Воздухоохладитель - теплообменное устройство для понижения температуры воздуха, подаваемого в помещение. | Ауасалқындатқыш - бөлмеге берілген ауаның температурасын төмендетуге арналған жылуалмастырғыш құрылғы. | |
Воздухоподготовка - обработка воздуха (очистка от пыли, вредных газов, примесей, подогрев, охлаждение, увлажнение, осушение и др.) для придания ему качеств, отвечающих технологическим и санитарно-гигиеническим требованиям. | Ауаны дайындау - ауаның сапасын технологиялық, санитарлық-гигиеналық талаптарға жауап беретіндей ету үшін (шаңнан, зиянды газдардан, қоспалардан тазарту, жылыту, суыту, ылғалдандыру, кептіру, т.с.с.) ауаны өңдеу. | |
Воздухоподогреватель, воздухонагреватель - теплообменный аппарат для нагревания проходящего через него воздуха. | Ауа қыздырғыш - өзі арқылы өтетін ауаны жылытуға арналған жылуалмастырғыш аппарат. | |
Воздушная завеса - направленный воздушный поток, подаваемый системой местной приточной вентиляции и препятствующий доступу наружного воздуха в помещения через дверные или технологические проемы. | Ауа шымылдығы - жергілікті желдету жүйесі арқылы берілетін және сырттағы ауаның есік немесе технологиялық ойықтар арқылы бөлмеге енуіне кедергі келтіретін бағытталған ауа ағыны. | |
Воздушное отопление - система отопления помещений подогретым воздухом. | Ауамен жылыту - бөлмелерді жылытылған ауамен жылыту жүйесі. | |
Воздушно-пенный огнетушитель - огнетушитель с зарядом водного раствора пенообразующих добавок. | Ауа-көбікті отсөндіргіш - көбікжасаушы қоспалары бар сумен зарядталған отсөндіргіш. | |
Воздушный бассейн - воздушное пространство над территорией города (поселка) или промышленного предприятия. | Ауа алабы - қаланың (кенттің) немесе өнеркәсіп кәсіпорнының аумағындағы ауа кеңістігі. | |
Воздушный оазис - устройство в системе местной приточной вентиляции, создающее в ограниченном пространстве производственного помещения улучшенные (по сравнению с остальной частью помещения) условия воздушной среды путем нагнетания наружного воздуха, прошедшего, как правило, очистку и термовлажностную обработку. | Ауа алқабы - өндірістік кәсіпорынның шектеулі кеңістігінде (бөлмелердің басқа бөлігімен салыстырғанда), әдетте тазарту, жылу-ылғалдау өңдеуінен өткізіліп жіберу арқылы ауа ортасы жағдайының жақсартылған сыртқы ауаны өткізуге арналған жергілікті ағымдық желдету жүйесіндегі құрылғы. | |
Воздушный фильтр - фильтр для очистки от пыли воздуха, подаваемого в помещения системами вентиляции и кондиционирования воздуха или используемого в технологических процессах, в газовых турбинах, двигателях внутреннего сгорания и др. | Ауа сүзгісі - бөлмеге желдету және ауаны баптау жүйесі арқылы берілетін немесе технологиялық процестерде, газ турбиналарында, ішкі жану қозғалтқыштарында және т.б. қолданылған ауаны шаңнан тазартуға арналған сүзгі. | |
Возникновение пожара (загорания) - совокупность процессов, приводящих к пожару (загоранию). | Өрттің тууы (жану) - өртке (жануға) әкелетін процестер жиынтығы. | |
Войлок - текстильный материал, получаемый валянием шерсти и меховых отходов или формированием и тепловой обработкой смеси минеральной ваты и связующего вещества. | Киіз - жүн мен тері қалдықтарын илеу арқылы немесе минералдық мақта мен талшықты заттардың қоспасын қалыптау және жылумен өңдеу арқылы алынатын тоқыма материал. | |
Вокзал - комплекс зданий, сооружений и устройств для обслуживания пассажиров, управления движением транспортных средств и размещения служебного персонала. | Вокзал - жолаушыларға қызмет көрсетуге, көлік қозғалысын басқаруға және қызмет құрамын орналастыруға арналған ғимараттардың, имараттар мен құрылғылардың кешені. | |
Волластонит (горная порода) - белый минерал Ca3 [Si3 O9 ]; используют для производства вязкой керамики, а также специальной высокочастотной радиокерамики, фаянса, фарфора, цементов, изоляторов и др. | Волластонит (тау жынысы) - ақ минерал Ca3 [Si3 O9 ]; тұтқыр керамиканы, сондай-ақ арнайы жоғарыжиілікті радиокерамиканы, фаянсты, фарфорды, цементтер мен оқшауландырғыштарды және т.б. өндіру үшін қолданылады. | |
Волна асбестоцементного листа - часть асбестоцементного волнистого листа, ограниченная образующими, отстоящими друг от друга на величину, равную шагу волны. | Асбестоцемент табағының толқыны - асбестоцементті толқынды табақтың толқын қадамына орай жасалған бірінен бірі тең мөлшерде болатын шектеулі бөлігі. | |
Волнистый асбестоцементный лист - асбестоцементный лист, форма которого основана на повторяющемся чередовании выпуклых и вогнутых участков с прямыми продольными образующими. | Толқынды асбестоцементті табақ - негізгі нысаны дөңес және еңіс телімдердің кезектесе қайталанып отыратын ұзына бойы тігінен жасалған толқындары бар асбестоцементті табақ. | |
Волновод - устройство, канал в неоднородной среде, вдоль которого распространяются волны - акустические, электромагнитные, сейсмические и др. | Толқынөткізгіш - біркелкі емес ортаның өн бойына акустикалық, электромагниттік, сейсмикалық және т.б. толқындар тарайтын құрылғы, арна. | |
Волнолом, брекватер - гидротехническое сооружение для защиты от действия волн акватории порта и рейдовых причалов, подходов к каналам и шлюзам порта или береговых участков. | Толқын тосқы, брекватер - порт айдыны мен рейдтік айлақтарды, порт арналары мен шлюздарына немесе жағалау телімдеріне келетін жолдарды толқындар әсерінен қорғауға арналған гидротехникалық имарат. | |
Волюта - архитектурный мотив в форме спиралевидного завитка с кружком в центре; характерная часть капители ионической колонны. | Волюта - ортасында спираль түрінде оралған шеңбері бар сәулет сарыны; сүйрік өрнектер ұстыны әсембағанының сипатты бөлігі. | |
Воспламенение - возгорание материала, сопровождающееся появлением пламени. | Тұтану - материалдың жалынның пайда болуымен ілесе отырып жануы. | |
Восьмерик в архитектуре - восьмиугольное в плане сооружение (или часть сооружения). | Сәулеттегі сегіз қырлы бөлік - жоспардағы сегізбұрышты имарат (немесе имараттың бөлігі). | |
Впадина асбестоцементного листа - часть асбестоцементного волнистого листа, имеющая вогнутую лицевую поверхность. | Асбестоцементті табақтың ойпаты - асбестоцементті толқынды табақтың еңістелген оң беті бар бөлігі. | |
Вредный производственный фактор - производственный фактор, воздействие которого может привести к заболеванию, снижению работоспособности и (или) отрицательному влиянию на здоровье потомства работающего в определенных условиях. | Зиянды өндірістік фактор - әсері жұмыс істеуші адамды белгілі жағдайларда науқасқа ұшырауына, жұмысқа қабілетінің төмендеуіне және (немесе) ұрпағының денсаулығына кері ықпалын тигізуге әкеліп соғуы мүмкін өндірістік фактор. | |
Врезное замочно-скобяное изделие - изделие, полностью врезанное в дверь или окно, лицевая поверхность которого находится в одной плоскости с торцом двери или окна или ниже ее. | Қималы құлыпты-қапсырма шегелі бұйымдар - есікке немесе терезеге толық қималанып салынған, оң беті бір жазықтықтағы есіктің немесе терезенің шетінде немесе одан төмен болып табылатын бұйым. | |
Временные сооружения - все временные стационарные, передвижные, переносные здания и сооружения любого типа, устанавливаемые на строительной площадке в целях организации строительно-монтажных работ. | Уақытша имараттар - құрылыс-жинақтау жұмыстарын ұйымдастыру мақсатында құрылыс алаңында орналастырылатын барлық уақытша стационарлық, жылжымалы, көшірмелі ғимараттардың және имараттардың кез келген түрі. | |
Всасывающая пожарная сетка - устройство для предотвращения самостоятельного опорожнения всасывающей линии и попадания в нее посторонних предметов. | Өртке қарсы сорғылы тор - сорғы желісінің өздігінен босауына және оған бөгде заттардың түсуіне кедергі келтіруге арналған құрылғы. | |
Всасывающий пожарный рукав - пожарный рукав жесткой конструкции для отбора воды из водоисточника с помощью пожарного насоса. | Өртке қарсы сорғылы түтік - өрт сорғысының көмегі арқылы су көзінен су жинап алуға арналған қатты құралымдағы өртке қарсы түтік. | |
Вспомогательный бегунок эскалатора - опора качения ступени по направляющей, воспринимающая нагрузку от пассажиров и ступени. | Эскалатордың көмекші жүгіртпесі - жолаушылар мен басқыштан жүктемені қабылдайтын басқыштың бағытталуы бойынша шайқалу тірегі. | |
Вспомогательный привод эскалатора - привод, предназначенный для перемещения лестничного полотна эскалатора при монтаже, демонтаже и техническом обслуживании, а также растормаживании аварийного тормоза. | Эскалатордың көмекші жетегі - эскалатордың баспалдақ тақтасын жинақтау, бөлшектеу және техникалық қызмет көрсету кезінде жылжытуға, сондай-ақ апаттық тежегішті тежеуіне арналған жетек. | |
Вторичная защита от коррозии - защита от коррозии, достигаемая ограничением или исключением действия среды на конструкцию после изготовления. | Тоттанудан екіншілік қорғану - құралымды дайындағаннан кейін орта әсерінің шектелуіне немесе ерекшеленуіне байланысты тоттанудан қорғау. | |
Вулканит - 1) теплоизоляционный материал, изготовленный из диатомита (трепела), асбеста и извести; 2) горные породы, образовавшиеся в результате вулканической деятельности. | Вулканит - 1) диатомиттен (трепелден), асбесттен және әктен дайындалған жылуоқшаулағыш материал; 2) жанартау әрекетінің нәтижесінде пайда болатын тау жыныстары. | |
Вулканический пепел - рыхлая тонкообломочная порода (размер зерен 0,05-2 мм), в состав которой входят частицы вулканического стекла, кристаллики породообразующих минералов и обломки различных горных пород, выброшенных из жерла вулкана. | Жанартау күлі - құрамына жанартау шыныларының қалдықтары, жыныстүзуші минералдардың кристалдары, жанартау аузынан шығарылған әр түрлі тау жыныстарының сынықтары кіретін үлпілдек тез үгітілгіш тау жынысы (микротүйіршіктерінің мөлшері 0,05-2 мм). | |
Выброс опасного химического вещества - выход при разгерметизации за короткий промежуток времени из технологических установок, емкостей для хранения или транспортирования опасного химического вещества или продукта в количестве, способном вызвать химическую аварию. | Қауіпті химиялық заттардың шығарылуы - сақтауға немесе тасымалдауға арналған технологиялық қондырғылардың, ыдыс қақпақтарының ашылуынан қауіпті химиялық заттардың немесе химиялық апат жасауға қабілеті бар мөлшердегі өнімнің қысқа мерзім ішінде сыртқа шығуы. | |
Выдвижная пожарная лестница - ручная пожарная лестница, состоящая из нескольких телескопически перемещающихся под действием канатной тяги колен. | Өртке қарсы жылжымалы саты - арқандық тартымдарының әсері арқылы орналасқан бірнеше телескопиялық иіндерден тұратын өртке қарсы қол сатысы. | |
Выдра - борозда под выступом, образованным напуском кладки или выступающим бортом. | Жыртпа - шығыңқы қалаумен немесе шығыңқы ернеумен жасалатын шығыңқы бөлік астындағы із. | |
Выключатель «Стоп» - выключатель, отключающий электродвигатель при воздействии на выключатель персоналом или пассажиром. | «Тоқтату» ажыратқышы - қызметкерлердің немесе жолаушылардың әсері арқылы электр қозғалтқышты өшіретін ажыратқыш. | |
Выносливость материалов - способность материалов и конструкций сопротивляться действию повторных (циклических) нагрузок. | Материалдардың төзімділігі - материалдар мен құралымдардың қайталама (циклдық) жүктемелердің әсеріне қарсы тұру мүмкіндігі. | |
Выправительные сооружения - гидротехнические сооружения, предназначенные для выправления (спрямления) русел рек; то же, что регуляционные сооружения. | Түзету имараттары - өзен арналарын түзетуге (түзулеуге) арналған гидротехникалық имараттар; бұл да реттеу имараттары сияқты. | |
Выработка горная - полость в земной коре, образуемая в результате осуществления горных работ с целью разведки и добычи полезных ископаемых, проведения инженерно-геологических изысканий и строительства подземных сооружений. | Тау-кен қазбасы - пайдалы қазбаларды барлау және алу, инженерлік-геологиялық зерттеулер жүргізу және жерасты құралымдарын салу мақсатында жасалған тау-кен жұмыстарын жүзеге асыру нәтижесінде пайда болған жер қыртысындағы жолақ(үңгір). | |
Выравнивание потенциала - метод снижения напряжения прикосновения и шага между точками электрической цепи, к которым возможно одновременное прикосновение или на которых может одновременно стоять человек. | Әлуетті теңестіру - адамның бір мезгілде жанасуына немесе бір мезгілде тұруына мүмкіндік беретін электр тізбегінің нүктелері арасындағы жанасу мен қадамның кернеуін төмендету әдісі. | |
Высота волны асбестоцементного листа - расстояние от плоскости, касательной к двум соседним вершинам волн, до наиболее удаленной образующей лицевой поверхности впадины, находящейся между этими вершинами. | Асбестоцементті табақтың толқындарының биіктігі - толқындардың көршілес екі шыңына қатысты жазықтықтан ойпаттың осы шыңдар арасындағы оң бетінде жасалған мейлінше ойылған бетіне дейінгі қашықтық. | |
Высота ступени лестничного полотна эскалатора - расстояние между верхними поверхностями настилов двух смежных ступеней на наклонном участке лестничного полотна. | Эскалатордың баспалдақ тақтасы басқышының биіктігі - баспалдақ тақтасының еңіс бөлігіндегі екі жапсарлас басқыштар төсемінің жоғарғы беттері арасындағы қашықтық. | |
Высота транспортирования пассажиров эскалатором - расстояние по вертикали между уровнями верхней и нижней входных площадок. | Эскалатормен жолаушыларды тасымалдау биіктігі - жоғарғы және төменгі кіру алаңшаларының деңгейлері арасындағы тік қашықтық. | |
Вытрамбовывание котлована - процесс образования котлована в крупнопористом просадочном или насыпном грунте трамбованием при помощи механических ударных уплотняющих средств с рабочим органом в виде штампа. | Қазаншұнқырларды тығыздап жасау - табан түріндегі жұмыс органы бар механикалық тығыздағыштармен төгілген топырақты немесе ірі кеуекті отырғыш топырағын тығыздап қазаншұңкырды дайындау процесі. | |
Вяжущие вещества - строительные материалы для изготовления бетонов и растворов. | Тұтқыр заттар - бетондар мен ерітінділерді дайындауға арналған құрылыс материалдары. | |
Вязкость, внутреннее трение - свойство газов и жидкостей, характеризующее сопротивление действию внешних сил, вызывающих их течение. | Тұтқырлық, ішкі үйкеліс - газдардың және сұйықтардың ағымын туғызатын сыртқы күштердің әсеріне қарсылығын сипаттайтын қасиеттері. | |
Вязкость ударная - условная механическая характеристика материала, оценивающая сопротивление его хрупкому разрушению. | Соққы тұтқырлығы - морт сынуға төзгіштігін бағалайтын материалдың шартты механикалық сипаттамасы. | |
Габарит - предельные внешние очертания или размеры конструкций, зданий, сооружений, устройств, транспортных средств и т.п. | Габарит - құралымдардың, ғимараттардың, имараттардың, құрылғылардың, көлік құралдарының және т.с.с. сыртқы шекті көріністері немесе өлшемдері. | |
Габарит погрузки - предельное поперечное (перпендикулярное оси железнодорожного пути) очертание, в котором должен размещаться груз (с учетом упаковки и крепления) на открытом подвижном составе при нахождении его на прямом горизонтальном пути. | Тиеу габариті - түзу көлденең жолдағы ашық жылжымалы құрамда орналасатын жүктің (орау мен бекітпені қоса есептегендегі) шекті көлденең көрінісі (темір жол осьіне перпендикуляр). | |
Габарит подвижного состава - предельное поперечное (перпендикулярное оси пути) очертание, в котором должен размещаться установленный в прямом горизонтальном пути подвижной состав как в порожнем, так и нагруженном состоянии, имеющий максимальные нормируемые допуски и износы, за исключением бокового наклонения на рессорах. | Жылжымалы құрам габариті - рессорлардағы бүйір ауытқуын есептемегендегі, тура көлденең жолда белгіленген тиеулі әрі бос күйіндегі максималды нормаланған рұқсат етілген шегі мен тозуы бар ашық жылжымалы құрамның шекті көлденең көрінісі (жол осьіне перпендикуляр). | |
Габарит подмостовой судоходный - поперечное (перпендикулярное направлению течения водотока) очертание пространства под мостом, образованное низом пролетного строения, расчетным судоходным горизонтом и гранями опор, внутрь которого не должны заходить эле- менты конструкций моста или расположенных под ним устройств. | Кеме жүзуіне арналған көпір асты габариті - көпір құралымдарының элементтері немесе олардың төменгі жағындағы құрылғылар ішіне кірмейтін есепті кеме жүзетін горизонт және тіреу қырларымен аралық құрылыстың астында жасалған көпір астындағы кеңістіктің көлденең (су ағысының бағытына перпендикуляр) көрінісі. | |
Габарит приближения строения - предельное поперечное (перпендикулярное оси пути) очертание, внутри которого помимо подвижного состава не должны заходить никакие части сооружений и устройств, а также материалы, запасные части и оборудование, за исключением частей устройств, предназначенных для непосредственного взаимодействия с подвижным составом, с которыми они могут соприкасаться и не могут вызвать соприкосновения с другими элементами подвижного состава. | Құрылымның жақындау габариті - жылжымалы құраммен тікелей өзара әрекеттесуге арналған құрылғы бөлшектерінен басқа, олармен жанаса алатын әрі жылжымалы құрамның басқа элементтерімен жанасуды болдырмайтын ішіне жылжымалы құрамнан басқа имараттар мен құрылғылардың, сондай-ақ материал-дар, қосалқы бөлшектер және жабдықтардың ешбір бөліктері кірмейтін шекті көлденең (жол осьіне перпендикуляр) көрінісі. | |
Газгольдер - стационарное стальное сооружение для приема и хранения газа перед подачей в распределительные газопроводы или установки для его переработки. | Газгольдер - үлестіргіш газ өткізгіштері немесе оны қайта өңдеу қондырғыларына беру алдында газды қабылдау мен сақтауға арналған стационарлық болаттан жасалған имарат. | |
Газобетон - ячеистый бетон, получаемый введением газообразователя (обычно алюминиевой пудры) в смесь, состоящую из вяжущего, воды и кремнеземистого компонента. | Газобетон - тұтқыр, су және кремнеземді құрамдас бөліктерден тұратын қоспаға газдандырғышты (әдетте алюминий ұлпасын) қосу арқылы жасалатын қуыс бетон. | |
Газовая резка, автогенная резка, кислородная резка - резка материала сжиганием его в струе кислорода с одновременным удалением продуктов сгорания. | Газбен кесу, автогенді кесу, оттекті кесу - жанатын өнімдерді біржола жойып, оны оттегі ағынында өртеу арқылы материалды кесу. | |
Газовая сварка - сварка плавлением, при которой для нагрева материала используется теплота пламени смеси горючего газа с кислородом, сжигаемой с помощью сварочной горелки. | Газбен пісіру - материалды қыздыру үшін дәнекерлеу шілтері көмегімен жағылатын оттекті жанғыш газ қоспасы жалынының жылуын пайдаланатын балқыту дәнекері. | |
Газовая сеть - состоит из трубопроводов (газопроводов) для транспортирования горючих газов и распределения их между потребителями в системе газоснабжения. | Газ торабы - газбен жабдықтау жүйесінде тұтынушылар арасында жанғыш газдарды тасымалдау және оларды үлестіруге арналған құбырлардан (газ өткізгіштерден) тұрады. | |
Газовое хранилище, газохранилище - природная или искусственная емкость для хранения больших объемов газа и регулирования его подачи в соответствии с неравномерностью газопотребления. | Газ қоймасы, газ сақтау қоймасы - газ тұтынудың біркелкі еместігіне сәйкес көлемді газды сақтауға және оның берілуін реттеуге арналған табиғи немесе жасанды сыйымдылық. | |
Газокомпрессорная станция - комплекс сооружений и оборудования для повышения давления природного газа при его транспортировании по газопроводу и хранении. | Газды компрессиялайтын станция - газ өткізгіш арқылы тасымалдау және сақтау кезінде табиғи газдың қысымын жоғарылатуға арналған имараттар мен жабдықтар кешені. | |
Газон - участок земли с искусственно созданным травяным покровом. | Көгал - жасанды шөп жабыны бар жер телімі. | |
Газонаполненный кабель - электрический кабель, у которого пустоты изоляции (изготовленной из бумаги или пластмассовой ленты) заполнены газом азотом под давлением до 3 МПа. | Газ толтырылған кабель - оқшаулау қуыстары (қағаздан немесе пластмасса таспадан дайындалған) қысымы 3 МПа-ға дейінгі азот газымен толтырылған электр кабелі. | |
Газообразная агрессивная среда - среда, агрессивное воздействие которой определяется составом и свойствами ее газообразной фазы. | Газ тәріздес жеміргіш орта - жеміргіш әсері газ тәріздес фазаның құрамы мен қасиеті арқылы анықталатын орта. | |
Газоочистка - технологический процесс выделения из промышленных газов содержащихся в них твердых, жидких или газообразных примесей. | Газды тазалау - өнеркәсіптік газдардың құрамындағы қатты, сұйық немесе газ тәріздес қоспаларды бөлудің технологиялық процесі. | |
Газопрессовая сварка - соединение в стык стержней, труб, фасонных профилей и т.д. нагревом мест сварки газовым пламенем до оплавления или пластичного состояния металла с последующим сжиманием (осажива-нием) соединяемых частей. | Газқысымды дәнекерлеу - металдың балқығанға немесе созылмалы күйге жеткенше газ жалынымен дәнекерлеу орнын қыздырғаннан кейінгі біріктіру бөліктерін қысумен (отырғызумен) өзектердің, құбырлардың, қалыпты кескіндердің және т.б. түйісіне қосу. | |
Газопровод - комплекс трубопроводов, для оборудования и приборов, предназначенных для транспортиро-вания горючих газов от какого-либо пункта до потребителей. | Газөткізгіш - белгілі бір орыннан тұтынушыларға дейін жанғыш газдарды тасымалдауға арналған жабдықтар мен құралдардың құбырлар кешені. | |
Газопровод магистральный - газопровод для транспортирования горючих газов от места их добычи (или производства) до газораспределительной станции, на которой давление понижается до уровня, необходимого для снабжения потребителей. | Магистралды газөткізгіш - жанғыш газды шығару (немесе өндіру) орнынан қысымын тұтынушыларды жабдықтауға қажет деңгейге төмендететін газ үлестіру станциясына дейін тасымалдайтын газ құбыры. | |
Газопроницаемость - способность материала пропускать через свою толщу газ или воздух. Объем газа, проходящего через слой материала прямо пропорционален площади стены, времени протекания газа, разности давления и обратно пропорционален толщине стены. | Газ өткізгіштік - материалдың өзінің қалыңдығы арқылы газ немесе ауа өткізу қасиеті. Материал қабаты арқылы өтетін газ көлемі қабырға ауданына, газдың өту уақытына, қысым айырмашылығына тікелей еселі және қабырға қалыңдығына кері еселі. | |
Газораспределительная станция - комплекс установок и оборудования, предназначенный для распределения газа и регулирования его давления. | Газ үлестіру станциясы - газды үлестіруге және оның қысымын реттеуге арналған қондырғылар мен жабдықтар кешені. | |
Газоснабжение - организованная подача и распределение газового топлива для нужд народного хозяйства и населения. | Газбен жабдықтау - халық шаруашылығы мен тұрғындар қажеттілігі үшін газ отынын ұйымдастырылған түрде беру және үлестіру. | |
Газоуравнительная система — оборудование, обеспечивающее выравнивание давления паровой фазы топлива в группе резервуаров (камер), объединенных общей системой деаэрации. | Газды теңестіру жүйесi - деаэрацияның жалпы бірiктiрiлген жүйесiмен резервуарлар (камералар) тобында отынның бу фазасының қысымын теңестiрудi қамтамасыз ететiн жабдық. | |
Газохимзащитный костюм - костюм для защиты при выполнении работ в газоопасной и (или) химически агрессивной среде. | Газдан химиялық қорғаныш киім -газдың қауіпті және (немесе) химиялық жеміргіш ортада жұмыстарды орындау барысында қорғануға арналған киім. | |
Газоход - канал в печах, в водогрейных или паровых котлах, образованный металлическим ограждением или отдельными элементами поверхностей нагрева либо огнеупорными стенками. | Газ жолы - су жылытатын немесе бу қазандықтарында, пештерде металл қоршауларынан немесе қыздыру бетінің немесе отқа төзімді жекелеген элементтерден пайда болған канал. | |
Галерея - 1) длинное крытое помещение, в котором одна из продольных стен заменена колоннами или столбами, а иногда еще и балюстрадой; 2) удлиненный зал со сплошным рядом окон в одной из продольных стен; 3) галерея противообвальная (полутоннель) - обычно железобетонная подпорная стена, предохраняющая участок железнодорожного или автомобильного пути от горных обвалов; 4) надземное или наземное, полностью или частично закрытое, горизонтальное и наклонное протяженное сооружение, соединяющее помещения зданий и сооружений, предназначенное для инженерных и технологических коммуникаций, а также для прохода людей; 5) верхний ярус зрительного зала. | Галерея - 1) бойлық қабырғалардың бірі ұстындар немесе бағандармен, ал кейде тізбек қоршаулармен ауыстырылған ұзын жабық бөлме; 2) бойлық қабырғалардың бірі тегіс терезелерден тұратын ұзартылған зал; 3) опырылуға қарсы (жартылай тоннель) галерея - әдетте, тау қопарылыстарынан теміржол немесе автомобиль жолдарының бөліктерін сақтайтын темірбетонды тіректі қабырға; 4) инженерлік және технологиялық коммуникацияларға, сондай-ақ адамдардың өтуіне арналған ғимараттар мен имараттардың бөлмелерін біріктіретін жер астындағы немесе жердегі, толық немесе жартылай жабық, көлденең немесе көлбеу бойлықты имарат; 5) көрермендер залының жоғарғы қатары. | |
Галерея противообвальная - сооружение, предохраняющее участок железной или автомобильной дороги от горных обвалов. | Опырылуға қарсы галерея - тау қопарылыстарынан теміржол немесе автомобиль жолдары бөліктерін сақтайтын имарат. | |
Галечник - рыхлая крупно-обломочная осадочная порода, состоящая преимущественно из гальки с примесью гравия, песка, иногда глинистого материала. | Жұмыртас - көбінесе малтатастан, қиыршықтастан, құм қоспасынан, кейде балшық материалдан тұратын борпылдақ ірі кесекті шөгінді жыныс. | |
Гараж - здание (или комплекс зданий и сооружений) для хранения, технического обслуживания и ремонта автотранспортных средств. | Гараж - автокөлік құралдарын сақтауға, техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған ғимарат (немесе ғимараттар мен имараттар кешені). | |
Гарантийное обязательство - обязательство поставщика товара, услуг. В гарантийном обязательстве отражаются сроки гарантии и принимаемые меры, если гарантии окажутся невыполнеными. | Кепілді міндеттеме - тауар, қызмет берушінің міндеттемесі. Кепілді міндеттемеде кепілдік мерзімі және кепілдіктер орындалмаған жағдайда қолданылатын шаралар көрсетіледі. | |
Гарантия - поручительство за выполнение юридическим или физическим лицам денежных, материальных или других обязательств, в случае невыполнения которых гарант несет ответственность. | Кепіл - заңды немесе жеке тұлғаның ақшадай, материалдық немесе басқа да міндеттемелерді орындауға беретін кепілдігі, ол орындалмаған жағдайда кепіл беруші жауапкершілікке тартылады. | |
Гармонизированные стандарты (нормативные документы) - стандарты на один и тот же объект, утвержденные различными органами по стандартизации и обеспечивающие взаимозаменяемость продукции, процессов и услуг и взаимное понимание результатов испытаний или информации. Примечание: Гармонизированные стандарты могут иметь различия в форме представления или даже в содержании. | Үйлестірілген стандарттар (нормативтік құжаттар) - стандарттау жөніндегі әр түрлі органдармен бекітілген және өнімдердің, процестер мен қызметтердің өзара алмасушылығын әрі сынақ нәтижелері мен ақпараттардың өзара түсіністігін қамтамасыз ететін бір нысанның стандарттары. Ескерту: Үйлестірілген стандарттардың ұсынылу нысанында немесе мазмұнында өзгешеліктер болуы мүмкін. | |
Гаситель растекатель - устройство в водобое, служащее для изменения направлений струй и растекания (по ширине) водного потока в целях гашения избыточной кинетической энергии воды и перераспределения скоростей потока в нижнем бьефе водосливной плотины. | Сөндіргіш жайғыш - судың артық кинетикалық энергиясын сөндіру және суағар бөгеттің төменгі бьефіндегі ағын жылдамдығын қайта бөлу мақсатында су ағыны ағыншасы мен ағысының бағыттарын (ені бойынша) өзгерту үшін қызмет ететін суқағардағы құрылғы. | |
Генеральный план (Генплан) - часть проекта, содержащая комплексное решение вопросов планировки и благоустройства обьекта строительства, размещение зданий, сооружений, транспортных коммуникаций, инженерных сетей, организации систем хозяйственного и бытового обслуживания. | Бас жоспар - құрылыс нысандарын жоспарлау және абаттандыру, ғимараттарды, имараттарды, көлік коммуникацияларын, инженерлік тораптарды орналастыру, шаруашылық және тұрмыстық қызмет ету жүйелерін ұйымдастыру мәселелерінің кешенді шешімінен тұратын жоба бөлігі. | |
Генеральный подрядчик, генподрядчик - строительная организация, которая на основании заключенного подрядного договора с заказчиком несет ответственность за своевременное и качественное выполнение всех предусмотренных договором строительных работ по данному объекту с привлечением при необходимости других организаций в качестве субподрядчиков. | Бас мердігер - қажет жағдайда басқа ұйымдарды қосалқы мердігер ретінде тарта отырып, тапсырыс берушімен жасалған мердігерлік шарт негізінде берілген нысан бойынша шартта қарастырылған барлық құрылыс жұмыстарының деркезінде әрі сапалы орындалуына жауапты құрылыс ұйымы. | |
Геодезическая сеть - система закрепленных на земной поверхности геодезических пунктов, положение которых определено единой системой координат и высот над уровнем моря. | Геодезиялық желі - теңіз деңгейінде координаттар мен биіктіктердің біртұтас жүйесімен анықталған жағдайдағы жер бетіндегі геодезиялық пункттердің бекітілген жүйесі. | |
Геодезический знак - устройство или сооружение, обозначающее положение геодезического пункта на местности. | Геодезиялық белгі - жергілікті геодезиялық пункттегі жағдайды белгілейтін құрылғы немесе имарат. | |
Геодезический пункт - точка на земной поверхности, положение которой в известной системе координат и высот определено геодезическими методами (триангуляция, полигонометрия) и закреплено на местности геодезическим знаком. | Геодезиялық пункт - жергілікті жерде геодезиялық әдістермен (триангуляция, полигонометрия) анықталған белгілі бір жүйедегі координаттар мен биіктіктер жағдайындағы және геодезиялық белгімен бекітілген жер бетіндегі нүкте. | |
Геодезия - наука, охватывающая вопросы определения формы и размеров Земли, проведения измерений на земной поверхности для отображения ее на планах и картах. | Геодезия - жоспарлар мен карталарда Жер нысандары мен мөлшерлерін анықтап бейнелеу үшін жер бетіндегі өлшемдерін жүргізу мәселелерін қамтитын ғылым. | |
Геологическая среда - многокомпонентная дискретная динамическая природная система, разнообразно и энергично взаимодействующая с сооружениями. Состоит из системы геологических тел разных уровней, различного состава, тектонической нарушенности, выветрелости, обводненности и т.п., которые разделяются на формации, субформации, стратиграфолитологи-ческие комплексы, петрографические типы (пачки, толщи) и монопородные элементы. | Геологиялық орта - имараттармен әр алуан және белсенді әрекеттесетін көп компонентті дискреттік динамикалық табиғи жүйе. Формацияларға, қосалқы формацияларға, стратиграфолитоло-гиялық кешендерге, петрографикалық типтерге (бір буда, қалыңдық) және біртекті элементтерге бөлінетін әр алуан деңгейлі, түрлі құрамды тектоникалық бұзылғыштығы, желге мүжілгіштігі, суландырғыш және т.б. геологиялық денелер жүйесінен тұрады. | |
Геологическая съемка - комплекс полевых геологических исследований, проводимых с целью всестороннего изучения геологического строения какой-либо территории и составления ее геологической карты. | Геологиялық түсіру - кез келген аумақтағы геологиялық құрылысты жан-жақты зерттеу және оның геологиялық картасын құрастыру мақсатында өткізілетін далалық геологиялық зерттеулер кешені. | |
Геологические и инженерно-геологические процессы и явления - эндогенные и экзогенные геологические процессы, возникающие под воз-действием разных природных факто-ров ( и их сочетаний) как вне влияния деятельности человека (геологичес-кие), так и под ее влиянием (инже-нерно-геологические). Характеризуют-ся взаимообусловленностью, нестационарностью и унаследованностью развития, а также детерминированностью. Явления - результат деятельности одного или группы процессов. | Геологиялық және инженерлік-геологиялық процестер мен құбылыстар - адам іс әрекетінен тыс түрлі табиғи факторлардың (және олардың бірлігінің) әсерінен, сонымен бірге оның (инженерлік-геологиялық) әсерінен пайда болатын эндогенді және экзогенді геологиялық процестер. Өзара шарттасушылық, станционарлық емес және мұралыққа беруді дамыту, сондай-ақ детерминациялаумен сипатталады. Құбылыс - бір немесе топтар процестері іс-әрекетінің нәтижесі. | |
Геология - комплекс наук о вещественном составе, строении и истории развития Земли, особенно земной коры, и размещении в ней полезных ископаемых. | Геология - жердің заттық құрамы мен құрылымы, даму тарихы, әсіресе жер қыртысы және ондағы пайдалы қазбалар туралы ғылымдар кешені. | |
Геофизика - комплекс наук, изучающих физические поля Земли и природные процессы, происходящие в литосфере, гидросфере и атмосфере. | Геофизика - жердің физикалық өрістері мен литосфера, гидросфера және атмосферада болатын табиғи процестерді зерттейтін ғылымдар кешені. | |
Геофизические воздействия - часть опасных природных воздействий, вызванных геофизическими полями. | Геофизикалық әсерлер - геофизикалық өрістерден туындайтын қауіпті табиғи әсерлердің бөлігі. | |
Геофизические поля - различные физические поля (естественные и искусственные), обусловленные взаимодействием нейтральных или заряженных материальных тел, элементарных частиц и квантов энергии. К геофизическим полям относятся: гравитационные, магнитные, поля сейсмических волн, электрические, температурные, радиационные, электромагнитные, параметры которых изменяются во времени и в пространстве и многие из которых могут вызваться техногенными источниками. | Геофизикалық өрістер -- бейтарап немесе зарядталған материалдық денелердің, қарапайым бөлшектер мен энергия кванттарының өзара әрекетінен пайда болатын әр түрлі (табиғи және жасанды) физикалық өрістер. Геофизикалық өрістерге параметрлері уақыт пен кеңістік бойынша өзгеретін және олардың көбі техногендік бастаулардан туындайтын сейсмикалық толқындардың өрістері, гравитациялық, магниттік, электрлік, температуралық, радиациялық, электромагниттік өрістер жатады. | |
Герметизация - обеспечение непроницаемости стенок и соединений в аппаратах, машинах, сооружениях или емкостях для жидкостей и газов. | Герметикаландыру - аппараттар, машиналар, имараттар немесе сұйықтықтар мен газдарға арналған сыйымдылықтар қабырғалары мен қосылыстарының өткізбегіштігін қамтамасыз ету. | |
Гибкая нить в строительной механике - гибкий элемент, обладающий ничтожно малой жесткостью на изгиб, способный работать только на растяжение. | Құрылыс механикасындағы иілгіш жіп - тек созылуға жұмыс істейтін мүмкіндігі бар, өте аз шамалы қаттылықпен бүгілетін иілгіш элемент. | |
Гибкий асбестоцементный лист - изделие, обладающее повышенной пластичностью, используемое для облицовки поверхностей различной формы. | Иілгіш асбестоцемент табағы - түрлі қалыптардың бетін қаптау үшін пайдаланылатын иілімділігі жоғары бұйым. | |
Гибкость стержня в сопротивлении материалов - отношение приведенной длины стержня к наименьшему радиусу инерции его поперечного сечения. | Материалдар кедергісіндегі шыбықтың иілгіштігі - шыбықтың келтірілген ұзындығының оның көлденең қимасы инерциясының ең кіші радиусына қатынасы. | |
Гигроскопичность - свойство материалов (или веществ) поглощать влагу из окружающей среды (обычно паров воды из воздуха) за счет образования химических соединений с водой или за счет конденсации влаги в капиллярах, порах, микротрещинах. | Гигроскопиялық - материалдардың (немесе заттардың) капиллярлардағы, кеуектердегі, микросызаттардағы ылғалдың конденсациялану есебінен немесе сулы химиялық қосылыстардың пайда болу есебінен қоршаған ортадан (әдетте ауадан су буларын) ылғалды сіңіру қасиеті. | |
Гидравлика - наука о законах движения и равновесия жидкостей и способах приложения этих законов к решению задач инженерной практики. | Гидравлика - сұйықтықтардың қозғалыс пен тепе-теңдік заңдары және бұл заңдарды инженерлік практика міндеттерін шешуге қосу тәсілдері туралы ғылым. | |
Гидродинамика - раздел гидромеханики, в котором изучаются движение несжимаемых жидкостей и их взаимодействие с твердыми телами. | Гидродинамика - сығылмайтын сұйықтықтардың қозғалысы және олардың қатты денелермен әрекеттесуі зерттелетін гидромеханиканың бөлімі. | |
Гидродинамическая авария - авария на гидротехническом сооружении, связанная с распространением с большой скоростью воды и создающая угрозу возникновения техногенной чрезвычайной ситуации. | Гидродинамикалық апат - техногендік төтенше жағдай тудыру қаупі бар және суды үлкен жылдамдықпен таратуға байланысты гидротехникалық имараттағы апат. | |
Гидроизол - рулонный материал, изготовленный пропиткой асбестовой или асбестоцеллюлозной бумаги (тонкого картона) нефтяными битумами. | Гидроизол - мұнай битумдары сіңірілген асбест немесе асбестоцеллюлозалы қағаздан (жұқа картоннан) дайындалған орама материал. | |
Гидроизоляционные материалы - материалы для защиты строительных конструкций, зданий и сооружений от вредного воздействия воды и химически агрессивных водных растворов. | Гидрооқшаулағыш материалдар - құрылыс құралымдарын, ғимараттар мен имараттарды судың зиянды әсерінен және химиялық жеміргіш су ерітінділерінен қорғауға арналған материалдар. | |
Гидроизоляционный слой (слои) — слой, препятствующий прониканию через пол сточных вод и других жидкостей, а также прониканию в пол грунтовых вод. | Гидрооқшаулағыш қабат (қабаттар) - еден арқылы ақаба сулардың және өзге де сұйықтықтардың өтуіне, сондай-ақ еденге топырақ суларының өтуіне кедергі жасаушы қабат. | |
Гидромеханизация - способ механизации земляных, горных и др. работ, при котором для проведения всех или части технологических процессов используют кинетическую энергию водного потока. | Гидромеханизация - барлық технологиялық процестерді немесе олардың бөлігін жүргізу үшін су ағынының кинетикалық энергиясын пайдалану кезіндегі жер, кен және өзге де жұмыстарды механизациялау тәсілі. | |
Гидромеханика - раздел механики, изучающий движение и равновесие жидкостей, а также взаимодействие между жидкостями и твердыми телами, полностью или частично погруженными в жидкость. | Гидромеханика - сұйықтықтардың қозғалысы мен тепе-теңдігін, сондай-ақ сұйықтыққа толық немесе ішінара жүктелген қатты денелер мен сұйықтықтар арасындағы өзара әрекетті зерттейтін механика бөлімі. | |
Гидромонитор - аппарат для создания мощных направленных водяных струй с целью разрушения и смыва горных пород, затвердевшей золы, шлака и др. | Гидромонитор - тау жыныстарын, қатқан күл, қож т.б. бұзу және шайып әкету мақсатында қуатты су ағыншасын бағыттауға арналған аппарат. | |
Гидроотвал - гидротехническое сооружение, предназначенное для складирования вскрышных грунтов (пород) и грунтов неиспользуемых выемок, доставляемых средствами гидромеханизации. | Гидроүйінді - гидромеханизация құралдарымен жеткізілетін аршылған топырақтар (жыныстар) мен пайдаланылмайтын шұңқыр топырақтарын салуға арналған гидротехникалық имарат. | |
Гидросмесь - механическая смесь частиц сыпучих или искусственно измельченных твердых материалов различной крупности с водой. | Гидроқоспа - су қосылған сусымалы немесе ірілігі әр түрлі қатты материалдардың қолдан ұсатылған бөлшектерінің механикалық қоспасы. | |
Гидротехника - область науки и техники, занимающаяся изучением водных ресурсов и их использованием, разработкой методов расчета гидротехнических сооружений и систем гидроэнергетики. | Гидротехника - су қорларын және оларды пайдалануды зерттейтін, гидроэнергетика жүйелерін есептеу әдістері мен гидротехникалық имараттарды әзірлеумен айналысатын ғылым мен техника саласы. | |
Гидротехнические сооружения - инженерные сооружения, предназначенные для использования водных ресурсов или для борьбы с разрушительным действием воды. | Гидротехникалық имараттар - су қорларын пайдалануға немесе судың бүлдіретін әрекеттерімен күресуге арналған инженерлік имараттар. | |
Гидротехнический бетон - тяжелый бетон, отличающийся повышенной коррозионной стойкостью, водонепроницаемостью и морозостойкостью, применяемый для строительства сооружений или их отдельных частей, постоянно находящихся в воде или периодически контактирующих с водной средой. | Гидротехникалық бетон - үнемі суда болатын немесе сулы ортамен мерзімді түйісіп отыратын, имараттардың немесе олардың жекелеген бөліктерін салу үшін қолданылатын, тоттануға беріктілігі, су өткізбегіштігі және аязға төзімділігімен ерекшеленетін ауыр бетон. | |
Гидротехнический затвор - подвижная конструкция для полного или частичного закрывания водопропускного отверстия гидротехнического сооружения. | Гидротехникалық тығын - гидротехникалық имараттың су өткізетін саңылауын толығымен немесе жартылай жабуға арналған қозғалмалы құралым. | |
Гидротехнический тоннель - подземный водовод замкнутого поперечного сечения с напорным или безнапорным движением воды, устроенный без вскрытия находящейся над ним массы грунта. | Гидротехникалық тоннель - үстіндегі топырақ массасын ашпай құрылған судың арынды немесе арынсыз қозғалысты тұйық көлденең қималы жерасты су арнасы. | |
Гидроузел - комплекс гидротехнических сооружений, объединенных по расположению и условиям их совместной работы. | Гидроторап - орналасуы мен олардың бірге жұмыс істеу шарттары бойынша біріккен гидротехникалық имараттар кешені. | |
Гидрофобный цемент - вяжущее вещество, получаемое тонким измельчением портландцементного клинкера с гипсом и гидрофобизирующей добавкой, которая уменьшает гигроскопичность цемента и предохраняет его от порчи при длительном хранении даже во влажных условиях. | Гидрофобты цемент - цементтің гигроскопиялығын азайтып, оны тіпті ылғалды жағдайда ұзақ сақтағанның өзінде бүлінуден қорғайтын гипсті және гидрофобты қоспасы бар портладцементті клинкерді ұсақтап үгіту арқылы алынатын тұтқыр зат. | |
Гидроэлектрическая станция (ГЭС), гидроэлектростанция - электростанция, вырабатывающая электрическую энергию в результате преобразования энергии водного потока. | Гидроэлектр станциясы (ГЭС), гидроэлектростанция - су ағыны энергиясының өзгеру нәтижесінде электр энергиясын өндіретін электр станциясы. | |
Гипс - 1) гипс природный - минерал CaSO 4 *2H 2 O; 2) гипс строительный CaSO 4 *0.5 H 2 O (алебастр) - быстротвердеющее воздушное вяжущее вещество, получаемое обжигом природного гипса при температуре 140-190 о С. | Гипс - 1) CaSO4*2H2O минералы - табиғи гипс; 2) CaSO4*0.5 H2O (алебастр) құрылыс гипсі - 140-190 о С температурада табиғи гипсті күйдіру арқылы алынатын, ауада тез қатайатын тұтқыр зат. | |
Гипсобетон, гипсовый бетон - бетон на основе гипсовых вяжущих материалов с использованием минеральных и органических заполнителей и добавок, замедляющих схватывание, а также повышающих водо- и атмосферостойкость гипсобетона. | Гипсобетон, гипсті бетон - гипсобетонның ұстасуын баяулатқыш, сондай-ақ су мен атмосфераға төзімділігін арттырғыш минералды және органикалық толтырғыштар мен қоспаларды пайдаланатын гипстік тұтқыр материалдар негізіндегі бетон. | |
Гипсовые вяжущие материалы - воздушные вяжущие вещества на основе строительного гипса или ангидрита. | Гипстік тұтқыр материалдар - құрылыс гипсі немесе ангидрит негізінде жасалған әуелік тұтқыр заттар. | |
Гипсоцементнопуццолановые вяжущие - вяжущие вещества, получаемые смешиванием строительного гипса (50-70%) с портландцементом (15-25%) и кислой гидравлической добавкой. | Гипсцементті пуццоландық тұтқырғыштар - құрылыс гипсін (50-70%) портландцементпен (15-25%) және қышқыл гидравликалық қоспамен араластыру арқылы жасалынатын тұтқыр заттар. | |
Главный вал эскалатора - вал, передающий движение тяговым звездочкам лестничного полотна. | Эскалатордың негізгі білігі - баспалдақ тақтасының тарту жұлдызшаларына қозғалыс беретін білік. | |
Главный привод эскалатора - привод, предназначенный для перемещения лестничного полотна эскалатора при транспортировании пассажиров. | Эскалатордың негізгі жетегі - жолаушыларды тасу кезінде эскалатордың баспалдақ тақтасын жылжытуға арналған жетек. | |
Гладкая декорированная керамическая плитка - плитка с гладкой лицевой поверхностью, с нанесенным цветным рисунком. | Безендірілген тегіс қыш тақташа - түрлі-түсті сурет салынған, бет жағы тегіс тақташа. | |
Гладкая керамическая плитка - плитка с гладкой поверхностью, не декорированная. | Тегіс қыш тақташа - безендірілмеген беті тегіс тақташа. | |
Глазок - изделие, служащее для осмотра пространства изнутри помещения без открывания двери. | Көзек - есікті ашпай-ақ, бөлме ішінен кеңістікті қарау үшін қызмет ететін бұйым. | |
Глазурь - тонкий стекловидный или частично закристаллизованный слой, покрывающий поверхность керамической плитки и закрепленный путем обжига при высоких температурах. | Зертас - қыш тақташаның бетін жабатын және жоғары температурада күйдіру жолымен бекітілген жұқа шыны түріндегі немесе жартылай кристалданған қабат. | |
Глауконит - минерал из группы гидрослюд, основной алюмосиликат железа, калия и др. | Глауконит - темір, калий және т.б. тұратын негізгі алюмосиликаты, гидрослюдалар тобының минералы. | |
Глиноземистый цемент - быстротвердеющее гидравлическое вяжущее вещество; продукт тонкого измельчения клинкера, получаемого обжигом смеси бокситов и известняков до плавления или спекания. | Сазбалшықты цемент - тез қатайатын гидравликалық тұтқыр зат; балқытқанға немесе желтектегенге дейін бокситтер мен әктастардың қоспаларын күйдіруден алынатын клинкердің жіңішкелеп ұсақталынған өнімі. | |
Глины - тонкодисперсные несцементированные, но связные осадочные горные породы, состоящие, в основном, из глинистых минералов - водных силикатов со слоистой структурой. | Сазбалшық - негізінен сазды минералдардан - су силикаттарының қабатты құрылымдарынан тұратын цементті емес жұқа бытыраңқы, бірақ жабысқақ шөгінді тау жыныстары. | |
Глубина ступени лестничного полотна эскалатора - расстояние между передним и задним торцами настила ступени. | Эскалатордың баспалдақ тақтасы басқышының тереңдігі - басқыш төсемінің алдыңғы және артқы жақтарының арасындағы қашықтық. | |
Глубокая огнезащита - огнезащита путем специальной обработки массы изделия, материала, конструкции. | Тереңдетілген өрттен қорғау - бұйым, материал, құралым өнімдерін арнайы өңдеу жолымен өрттен қорғау. | |
Гнутые профили - облегченные металлические профили, получаемые на профилегибочных станах из листового металла толщиной 0,1-20 мм, шириной до 2000 мм и длиной до 30 м. | Майыстырылған кескіндер - қалыңдығы 0,1-20 мм, ені 2000 мм дейін және ұзындығы 30 м дейінгі табақ металдан бейінді илегіш стандармен жасалынатын жеңілдетілген металды кескіндер. | |
Головка-заглушка - арматура для закрывания пожарных соединительных головок. | Кішкене басты тығын - өрт қосқыштың бастарын жабуға арналған арматура. | |
Горение - взаимодействие вещества с кислородом, сопровождающееся выделением тепла и дыма, появлением пламени и тлением. | Жану - заттың оттегімен әрекеттесу нәтижесінде жылу және түтін шығара отырып, жалындауы немесе бықсуы. | |
Горизонтальная база эскалатора - плоскость, проходящая по горизонтальной поверхности входных площадок верхнего (нижнего) сооружения. | Эскалатордың көлденең базасы - жоғарғы (төменгі) имараттың кіру алаңшаларының көлденең бетімен өтетін жазықтық. | |
Горизонтальное сдвижение - горизонтальная составляющая вектора сдвижения точки земной поверхности в мульде сдвижения. | Көлденең жылжу - жылжу мульдасындағы жер беті нүктесі жылжуының векторының көлденең құраушысы. | |
Горизонтальный участок лестничного полотна - участок лестничного полотна перед входными площадками, не имеющий перепада ступеней и предназначенный для обеспечения безопасного входа и выхода пассажиров. | Баспалдақ тақтасының көлденең телімі - жолаушылардың қауіпсіз кіруі мен шығуын қамтамасыз етуге арналған күрт төмендеу сатылары жоқ, кіреберіс алаңдар алдындағы баспалдақ тақтасының телімі. | |
Горные породы - природные минеральные агрегаты, возникшие в результате геологических процессов и слагающие земную кору в виде самостоятельного геологического тела. | Тау жынысы - геологиялық процестер нәтижесінде пайда болатын және жер қыртысын құрайтын дербес геологиялық дене түріндегі табиғи минералды агрегаттар. | |
Городской транспорт - комплекс различных видов транспорта и устройств, служащий для перевозки населения и грузов на территории города и в ближайшей пригородной зоне, а также выполняющий работы по благоустройству города. | Қалалық көлік - қала аумағында және жақын қала маңы аймағында тұрғындар мен жүктерді тасымалдауға арналған, сондай-ақ қаланы көркейту жұмыстарын орындайтын әр түрлі көлік пен құрылғылар кешені. | |
Горючесть, возгораемость - способность вещества (материала) к распространению пламени или тлению. | Жанғыштық, тұтанғыштық - заттың (материалдың) жалынды тарату немесе бықсыту қасиеті. | |
Горячее металлическое защитное покрытие строительных конструкций - защитное покрытие, получаемое погружением защищаемой металлической конструкции или ее элемента в расплав защитного металла. | Құрылыс құралымдарының ыстық металдан қорғаныш жабыны - қорғалатын металл құралымын немесе оның элементін қорғаныш металл қорытындысына салу арқылы жасалынатын қорғаныш жабын. | |
Государственное социальное жилище - предназначенное для постоянного проживания и отвечающее установленным техническим, санитарным и другим обязательным требованиям жилище из государственного жилищного фонда, предоставляемое внаем гражданам, имеющим право на государственную социальную поддержку. | Мемлекеттік әлеуметтік тұрғын үй - тұрақты тұруға арналған және мемлекеттік әлеуметтік қолдау құқығына ие азаматтарға жалға ұсынылатын, белгіленген техникалық, санитарлық және басқа да міндетті талаптарға жауап беретін, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілетін тұрғын үй. | |
Государственные нормативы (госу-дарственные нормативные документы) - система нормативных правовых актов, нормативно-технических документов, иных обязательных требований, условий и ограничений, обеспечивающих благоприятные, безопасные и другие необходимые условия обитания и жизнедеятельности человека. | Мемлекеттік нормативтер (мемлекеттік нормативтік құжаттар) - адамның мекендеуi мен тiршiлiк етуiне қолайлы, қауiпсiз және басқа да қажеттi жағдайларды қамтамасыз ететiн нормативтiк құқықтық актiлердiң, нормативтiк-техникалық құжаттардың, өзге де мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулердiң жүйесi. | |
Готический стиль (готика) - в архитектуре это каркасная система (стрельчатые арки, опирающиеся на столбы с контрфорсами), позволившая дать небывалые по высоте и обширности соборы, прорезать стены огромными окнами с многоцветными витражами, гигантскими ажурными башнями, стрельчатыми окнами и порталами. | Готикалық стиль (готика) - сәулетте өте биік және көлемді шіркеулер салуға, кабырғаларға түрлі-түсті витражды терезелер, әрі ірі, әрі сұлу мұнаралар тұрғызуға, сүйір терезелер мен порталдар салуға мүмкіндік беретін қаңқалық жүйе (контрфорсты бағаналарға тірелетін сүйір арқалар). | |
Гофрирование - образование гофр (изгибов, волн) на листах черных и цветных металлов, асбоцемента, картона, ткани и т.п. с целью увеличения их жесткости при работе на изгиб и сжатие. | Гофрлеу - майыстыру мен сығу жұмыстары кезінде олардың қаттылығын арттыру мақсатында қара және түсті металдардың, асбоцементтің, картонның және маталардың және т.б. табақтарында гофрлар құру (иілімдер, толқындар). | |
Гравий - рыхлая крупнообломочная осадочная порода, состоящая в основном, из окатанных обломков горных пород размером 2-10 мм в поперечнике. | Малтатас - негізінен кесе-көлденеңі 2-10 мм мөлшеріндегі тау жыныс-тарының жентектелген сынықтарынан құралатын борпылдақ ірі сынықты шөгінді жыныс. | |
Гравитационная плотина - бетонная или каменная плотина, устойчивость которой по отношению к сдвигающим силам обеспечивается в основном, силами трения по основанию, пропорциональными собственному весу конструкции. | Гравитациялық бөгет - құралымның пропорционалды меншікті салмағының негізіндегі үйкелістер күшімен қозғалту күштеріне қатысы бойынша орнықтылығы қамтамасыз етілетін бетонды немесе тас бөгет. | |
Гравитационный транспорт - вид транспорта, в котором перемещение грузов происходит под действием их собственного веса. | Гравитациялық көлік - жүктердің ауысуы олардың меншікті салмағының әсерінен пайда болатын көлік түрі. | |
Градирня - сооружение для охлаждения воды, отводящей тепло от тепловыделяющей аппаратуры атмосферным воздухом, в системах оборотного водоснабжения промышленных предприятий и в устройствах кондиционирования воздуха за счет испарения части воды, стекающей по оросителю. | Градирня - өнеркәсіптік кәсіпорындардың айналмалы сумен қамту жүйелеріндегі және суармалау құралымы бойынша ағатын судың буланған бөлігі есебінен ауаны тазарту құрылғыларындағы атмосфералық ауамен жылу бөлетін аппаратурадан шығарылатын жылы суды салқындатуға арналған имарат. | |
Градостроительная ценность территории - мера способности территории удовлетворять определенные общественные требования к ее состоянию и использованию. | Аумақтың қала құрылыстық құндылығы - оның жай-күйі мен пайдаланылуына қойылатын белгілі бір қоғамдық талаптарды қанағаттандыратын аумақтың бейімділік өлшемі. | |
Градостроительные регламенты - предпочтения и ограничения (в том числе обременения, запрещения и сервитуты) изменения состояния и использования территории, включая недвижимость. | Қала құрылысы регламенті - аумақты, оған қоса жылжымайтын мүлікті арттырулар және шектеулер (оның ішінде ауыртпалығы, тыйым салу және сервитуттар) жай-күйін өзгертулер мен пайдаланулар. | |
Грани керамической плитки - ограниченные ребрами боковые поверхности плиток, которыми они примыкают друг к другу при укладке. | Қыш тақташаның қыры - қаланған кезде бір-біріне жанасқан тақташалардың бүйірлерін шектеген қабырғалары. | |
График производственный - календарный план выпуска продукции или ведения строительных работ, выраженный в графической или иной форме. | Өндірістік кескіндеме - кескіндеме немесе басқа түрде көрсетілген өнім шығарылуының немесе құрылыс жұмыстары жүргізілуінің күнтізбелік жоспары. | |
Графопостроитель - устройство для автоматического вычерчивания с высокой точностью чертежей, графиков и др. графической информации на обычной бумаге, кальке и т.п. | Сызық жол салғыш - сызбаларды, кескіндемелерді және т.б. кескіндемелік ақпараттарды жай қағазда, калькада және т.с.с. жоғары дәлдікпен автоматты сызуға арналған құрылғы. | |
Гребенка входной площадки эскалатора - деталь входной площадки, предназначенная для безопасного входа и схода пассажиров с лестничного полотна эскалатора. | Эскалатордың кіру алаңының тарағы - эскалатордың баспалдақ тақтасынан жолаушылардың қауіпсіз кіруі мен шығуына арналған кіру алаңшасының бөлшегі. | |
Гребень асбестоцементного листа - часть асбестоцементного волнистого листа, имеющая выпуклую лицевую поверхность. | Асбестоцемент табағының адыры - сыртқы беті дөңес болып келетін асбестоцементтің толқынды табағының бөлігі. | |
Гребень настила ступени эскалатора - деталь настила ступени, расположенная над подступенком. | Эскалатор басқышының тақтасының жалы - басқышшасының үстіне орналасқан басқыш төсемінің бөлшегі. | |
Грейдер - землеройная машина с основным рабочим органом в виде ножевого отвала, размещенного в переделах колесной базы, который вырезает, перемещает, разравнивает грунт, снег, сыпучие строительные материалы и т.п. | Грейдер - топырақты, қарды, сусымалы құрылыс материалдарын және т.б. ойатын, ауыстыратын, тегістейтін негізгі жұмыс органы пышақ ысырғыш түрінде доңғалақ арасына орналасқан жер қазу машинасы. | |
Грейфер - грузозахватное приспособление подъемного механизма с самозакрывающимися челюстями (со створами) для насыпных материалов, бревен, труб, металлолома и т.д. | Грейфер - металлолом, құбыр, ағаш, үйілген ақпа материалдар және т.б. жүктерді іліп алуға бейімделген өзі жабылатын жақты (қақпақты) көтергіш. | |
Грейферный погрузчик - машина для погрузки горных пород и др. материалов с помощью грейфера. | Грейферлік тиегіш - грейфердің көмегімен таулы жыныстар және т.б. материалдарды тиеуге арналған машина. | |
Грузоподъемный кран - грузоподъемная машина циклического действия для подъема и горизонтального перемещения грузов на небольшие расстояния. | Жүк көтергіш кран - шамалы қашықтыққа жүктерді көтеру мен көлденең алмастыруға арналған циклді іс-әрекеттік жүк көтергіш машина. | |
Грузо-пассажирский рельсо-канатный подъемник (фуникулер) - сооружение для перевозки в подвижном составе (вагоне) пассажиров и грузов одновременно или поочередно. | Жолаушы-жүк рельсті-қанатты көтергіш (фуникулер) - бір мезгілде немесе кезекпен жылжымалы құрамдағы (вагондағы) жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған имарат. | |
Грунт - обобщенное наименование всех видов горных пород, являющихся объектом инженерно-строительной деятельности человека. | Топырақ - адамның инженерлік-құрылыс қызметінің нысаны болып табылатын барлық тау жыныстарының жалпылама атауы. | |
Грунтобетон - строительный материал, получаемый полусухим способом из связных грунтов, минеральных вяжущих, воды и различных добавок. | Топырақбетон - жабысқақ топырақтардан, минералды тұтқыр, су және түрлі қоспалардан жартылай құрғақ тәсілмен алынатын құрылыс материалы. | |
Грунтовая плотина - плотина, возводимая в основном из грунтовых материалов. | Топырақ бөгеті - негізінен топырақ материалдарынан салынатын бөгет. | |
Грунтоведение - отрасль инженерной геологии, в которой изучаются состав, строение и свойства грунтов, закономерности их формирования и пространственно-временной изменчивости в связи с инженерно-хозяйственной деятельностью человека. | Топырақтану - адамның инженерлік-шаруашылық қызметімен байланысты топырақтардың құрамы, құрылымы және қасиеттері, олардың қалыптасу заңдылықтары мен уақытша кеңістігінің өзгермелілігін зерттейтін инженерлік геологияның саласы. | |
Грунтовки - материалы, образующие нижние (грунтовочные) слои лакокрасочного покрытия для создания надежного сцепления покрытия с окрашиваемой поверхностью, защиты металла от коррозии, «выявления» текстуры древесины. | Астарлар - сырланатын бетімен сенімді жабын тіркеуді жасайтын, тоттанудан металды қорғайтын, ағаш бітімін “анықтау” үшін лакпен боялған жабынның төменгі (астарлық) қабатын құрастыратын материалдар. | |
Грунтовочный слой лакокрасочного защитного покрытия - слой лакокрасочного материала, наносимый непосредственно на защищаемую поверхность, обеспечивающий адгезию защитного покрытия с защищаемым материалом. | Лакпен боялған қорғаныш жабынның астарлық қабаты - қорғанатын материалмен қорғаныш жабынының адгезиясын қамтамасыз ететін қорғанатын бетіне тікелей әкелінетін лакпен боялған материалдың қабаты. | |
Грунтовые воды - подземные воды первого от поверхности земли постоянного водоносного горизонта. | Топырақ сулары - үнемі сулы көкжиектің бірінші жер бетінің жерасты сулары. | |
Грунтовые основания - спланированные и уплотненные местные или привозные грунты, предназначенные для восприятия нагрузок, распределенных через конструкцию. | Топырақты негiздер - құралымдар арқылы таралған жүктемелерді қабылдауға арналған тегістелген және тығыздалған жергiлiктi немесе әкелiнген топырақ. | |
Грунтоматериалы - строительные материалы, изготовляемые из связных грунтов без обжига, иногда с применением портландцемента, реже извести, гипса, жидкого стекла и др. | Топырақ материалдары - күйдірілмеген жабысқақ топырақтардан, кейде портландцемент, сиректеу әк, гипс, сұйық шыны және т.б. қолдану арқылы дайындалатын құрылыс материалдары. | |
Грунтосмесительная машина - самоходная машина для рыхления, измельчения грунта и смешивания его с вяжущими материалами в процессе движения. | Топырақараластырғыш машина - қозғалыс процесінде топырақты қопсыту, ұсақтау және оны тұтқыр материалдармен араластыруға арналған өзі жүретін машина. | |
Гудронатор - прицепная или самоходная машина для равномерного распределения битумов (на основе гудрона) по полосе дорожного полотна при ремонте или строительстве автомобильных дорог. | Гудрондауыш - автомобиль жолдарын жөндеу немесе құрылысы кезінде жол төсемі жолағы бойынша (гудрон негізінде) битумдарын біркелкі үлестіруге арналған тіркемелі немесе өзі жүретін машина. | |
Давление - величина, характеризующая интенсивность сил, действующих на какую-либо часть поверхности тела по направлениям, перпендикулярным этой поверхности, и определяемая отношением силы, равномерно распределенной по нормальной к ней поверхности, к площади этой поверхности. | Қысым - дене бетіне біркелкі таралған күштердің осы беттің ауданына қатынасымен анықталатын және дене бетінің қандай да бір бөлігіне осы бетке перпендикуляр бағыттар бойынша әсер ететін күштердің қарқындылығын сипаттайтын шама. | |
Давление горное - силы, действующие на обделку (крепь) подземной выработки от окружающей ее горной породы, равновесное состояние которой нарушено вследствие естественных (гравитация, тектонические явления) и производственных (подземные работы) процессов. | Тау қысымы - жерасты кен орындарының төсемдеріне (бекітпелеріне) оның айналасындағы тау жыныстары түсіретін күш, оның тепе-теңдік күйі табиғи (гравитациялық, тектоникалық құбылыстар) және өндірістік (жерасты жұмыстары) процестер салдарынан бұзылады. | |
Дамба - гидротехническое сооружение в виде насыпи для защиты речных и морских прибрежных низменностей от затопления, для обвалования каналов, сопряжения напорных технических сооружений с берегами (дамбы напорные), для регулирования речных русел, улучшения условий судоходства и работы водопропускных и водозаборных сооружений (дамбы безнапорные). | Бөгетше - өзен және теңіз жағалауындағы ойпаттарды су басып қалудан қорғау, арықтарды опырып құлату, тегеурінді техникалық имараттарды жағалаумен (тегеурінді бөгетшелермен) қосу, өзен арналарын реттеу, кеме жүруін және су өткізетін және су жинайтын имараттардың (тегеурінсіз бөгетшелердің) жұмысын жақсарту үшін үйінді түрінде салынған гидротехникалық имарат. | |
Дверной закрыватель верхнего расположения - изделие, служащее для обеспечения автоматического закрывания дверей с дополнительным торможением перед полным закрыванием двери и установленное на верхней части двери и коробки. | Жоғары бөлікте орнатылған есік жапқыш - есіктің автоматты жабылуын қамтамасыз ету үшін қызмет атқаратын қосымша тежегіші бар және есік пен қораптың жоғарғы бөлігіне орнатылған бұйым. | |
Дверной закрыватель нижнего расположения - изделие, служащее для обеспечения вращения и закрывания двери и установленное ниже поверхности пола помещения. | Төменгі бөлікте орнатылған есік жапқыш - есіктің жабылуы мен айналуын қамтамасыз ету үшін қызмет атқаратын және бөлме еденінен төмен орнатылған бұйым. | |
Дверной (оконный) упор - изделие, служащее для предохранения внутреннего стекла окна от разбивания ручкой, установленной на наружном переплете окна, или предохранения стены помещения от удара ручкой двери. | Есік (терезе) тіреуіші - терезе тұтқасы оның ішкі шынысын сындырмау үшін терезенің сыртқы қапсырмасында орнатылған немесе есік тұтқасының ұруынан бөлме қабырғасын сақтау үшін жасалған бұйым. | |
Дверной (оконный) фиксатор - изделие, служащее для фиксирования или ограничения движения дверей (окон) в определенном положении. | Есік (терезе) бекіткіш - есікті (терезені) белгілі бір қалыпта бекітуге немесе қозғалысын шектеуге қызмет ететін бұйым. | |
Двойная изоляция - электрическая изоляция, состоящая из рабочей и дополнительной изоляции. | Қосарланған оқшаулама - жұмыс және қосымша оқшауламадан тұратын электрлік оқшаулама. | |
Двуслойный резервуар — резервуар, представляющий собой двуслойный сосуд (сосуд в сосуде). | Екі қабатты резервуар - қос қабатты ыдыс түріндегi резервуар (ыдыс iшiндегi ыдыс). | |
Двутавр - прокатный металлический профиль, двутаврная балка или профиль, состоящий из двух горизонтальных полок и стойки между ними. | Қоставр - металл прокатты кескін, екі көлденең сөре мен аралық тіреуден тұратын қоставрлы арқалық немесе кескін. | |
Двухполюсное прикосновение - одновременное прикосновение к двум полюсам электроустановки, находящейся под напряжением. | Екі полюсті жанасу - токқа қосылған электр қондырғысының екі полюсіне бір мезгілде жанасу. | |
Двухфазное прикосновение - одновременное прикосновение к двум фазам электроустановки, находящейся под напряжением. | Екі фазалы жанасу - токқа қосылған электр қондырғысының екі фазасына бір мезгілде жанасу. | |
Дебит - объем жидкости (воды, нефти) или газа, поступающий из естественных или искусственных источников с буровой скважины, труб, колодца в единицу времени, выражается в л/с, м/с, м/ч, м/сут. | Дебит - бұрғылау ұңғымасы, құбыр, құдық сияқты табиғи немесе жасанды көздерден уақыт бірлігі ішінде келіп түсетін сұйықтық (су, мұнай) немесе газ көлемі, л/с, м/с., м/сағ, м/тәулік деп белгіленеді. | |
Дежурное освещение — освещение в нерабочее время. | Кезекші жарықтандыру - жұмыс уақытынан тыс мезгілде жарықтандыру. | |
Декорирование керамической плитки - нанесение на лицевую поверхность плитки гладкого или рельефного рисунка одного или нескольких цветов. | Керамикалық тақташаларды әшекейлеу - тақташаның сыртқы бетіне бір немесе бірнеше түсті тегіс немесе бедерлі сурет салу. | |
Деловая древесина - основная группа лесоматериалов, включающая определенных размеров и качества круглые лесоматериалы (сортименты), кроме дров; используется как полуфабрикат для дальнейшей механической и химической переработки. | Шаруашылық ағаш - отыннан басқа өлшемі және сапасы бойынша іріктелген дөңгелек ағаш материалдарынан (сортименттер) тұратын ағаш материалдарының негізгі тобы; механикалық және химиялық өңдеу үшін одан әрі жартылай фабрикат ретінде пайдаланылады. | |
Дельта-древесина, лигнофоль - один из видов древесно-слоистых пластиков; изготавливается прессованием и склеиванием шпона (главным образом, березового), пропитанного крезоло- или феноло-формальдегидной смолой. | Дельта-ағаш, лигнофоль - ағаш-қатпарлы пластиктердің бір түрі; крезоло- немесе фенол-формальдегидті шайыр сіңдірілген қабыршақтарды (негізінен, қайың қабыршақтарын) нығыздау және желімдеу арқылы дайындалады. | |
Демонтаж мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - процесс, обратный монтажу мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимаратты, имаратты немесе кешенді бөлшектеу - жеделәрекетті (жабдықты) ғимаратты, имаратты немесе кешенді құрастыруға кері процесс. | |
Демонтажная камера эскалатора - помещение, предназначенное для выполнения монтажных и демонтажных работ, расположенное в непосредственной близости от машинного помещения, имеющее самостоятельный выход на поверхность. | Эскалатордың бөлшектеу камерасы - жинақтау мен бөлшектеу жұмыстарын орындауға арналған машина бөлмесіне жақын орналасқан, сыртқа шығатын жеке есігі бар бөлме. | |
Депо - предприятие, обеспечивающее техническое обслуживание и ремонт железнодорожного подвижного состава (вагонов, локомотивов) для его безаварийной эксплуатации. | Депо - теміржол жылжыма құрамдарын (вагондарын, локомотивтерін) пайдалану қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін техникалық қызмет көрсететін және жөндеу жұмыстарын жүргізетін кәсіпорын. | |
Деревообрабатывающие машины - машины, выполняющие различные технологические операции обработки натуральной древесины или древесных материалов для придания им необходимых размеров и формы или отделки их поверхности. | Ағаш өңдейтін машиналар - табиғи ағаштарды немесе ағаш материалдарына тиісінше өлшемдер мен пішіндер беру немесе олардың бетін әрлеу арқылы өңдеудің түрлі технологиялық операцияларын орындайтын машиналар. | |
Дереворежущие станки - деревообрабатывающие машины для механической обработки (резания) древесины и древесных материалов. | Ағаш кесетін станок - ағашты және ағаш материалдарды механикалық өңдеуге (кесуге) арналған ағаш өңдейтін машиналар. | |
Деревянная плотина - плотина, у которой основные конструкции, воспринимающие нагрузку, выполнены из древесины преимущественно хвойных пород; сооружается при небольших напорах воды, обычно водосливными. | Ағаш бөгет - салмақ түсетін негізгі құралымдары ағаштан, негізінен қылқан жапырақты ағаш түрлерінен жасалған бөгет; межелі су арыны төмен кезінде, әдетте суағарлар болып салынады. | |
Деревянные конструкции - строительные конструкции, элементы которых выполнены преимущественно из древесины и соединены между собой врубками, шпонками, нагелями, болтами, металлическими креплениями, а также с помощью клея - клееные конструкции, изготовляемые индустриальными методами. | Ағаш құралымдар - құраушы элементтері негізінде ағаштан орындалған және өзара ойық ағаштармен, қабыршақтармен, сынамен, бұрандалармен, металл бекіткіштермен қосылған құрылыс құралымдары, сондай-ақ желім арқылы индустриальдық әдістермен жасалып желімделген құралымдар. | |
Деревянный мост - мост с деревянными пролетными строениями и деревянными или бетонными (массивными) опорами. | Ағаш көпір - аралық ағаш құрылыстары және ағаш немесе бетон (үлкен) тіреулері бар көпір. | |
Деривация - система сооружений для отвода воды из реки, водохранилища или другого водоема и транспортировки ее к станционному узлу ГЭС (подводящая Д), а также для отвода воды от него (отводящая Д). | Деривация - өзеннен, су қоймасынан немесе басқа суаттардан суды бұруға және оны ГЭС станциялық торабына (жеткізуші Д) жеткізуге, сондай-ақ одан суды бұрып әкетуге арналған (бұрып әкетуші Д) имараттар жүйесі. | |
Деталь строительная - часть строительной конструкции, изготовленная из однородного материала без применения сборочных операций. | Құрылыс бөлшегі - жинау операциялары қолданылмай, біртекті материалдан дайындалған құрылыс құралымдарының бөлігі. | |
Дефект элемента здания - неисправность (изъян) элемента здания, вызванная нарушением правил, норм и технических условий при его изготовлении, монтаже или ремонте. | Ғимарат элементiнiң ақауы - ғимарат элементінің дайындау, орнату және жөндеу кезінде ережелердің, нормалар мен техникалық шарттардың бұзылуы салдарынан болған ақауы (кемістік). | |
Деформативность - свойство податливости материалов к изменению первоначальной формы. | Деформацияланғыштығы - материалдың бастапқы пішінін өзгертуге бейімділік қасиеті. | |
Деформация - изменение формы или размеров тела (либо его части) в результате воздействий, вызывающих изменение относительного положения частиц данного тела. | Деформация - дене бөлшектерінің салыстырмалы қалпының өзгеруіне алып келетін сыртқы әсерлер салдарынан дене (не дене бөлігі) пішінінің немесе өлшемінің өзгеруі. | |
Деформация здания (сооружения) - изменение формы и размеров, а также потеря устойчивости (осадка, сдвиг, крен и пр.) здания или сооружения под влиянием различных нагрузок и воздействий. | Ғимарат (имарат) деформациясы - түрлі күштер мен сыртқы әсерлердің салдарынан ғимарат немесе имарат пішінінің және өлшемінің өзгеруі, сондай-ақ орнықтылығының жойылуы (шөгуі, жылжуы, қисаюы және т.б.). | |
Деформация конструкции - изменение формы и размеров конструкции (или части ее) под влиянием нагрузок и воздействий. | Құралым деформациясы - сыртқы ықпал мен күштердің әсерінен құралым (немесе оның бір бөлігі) пішінінің және өлшемінің өзгеруі. | |
Деформация основания - деформация, возникающая в результате передачи усилий от здания (сооружения) на основание или изменения физического состояния грунта основания в период строительства эксплуатации здания (сооружения). | Негіз деформациясы - салмақтың ғимараттардан (имараттардан) негізге берілуінен немесе ғимараттарды (имараттарды) салу және пайдалану кезінде негіз топырағының физикалық күйінің өзгеруінен туындайтын деформациялар. | |
Деформация остаточная - часть деформации, не исчезающая после устранения нагрузок и воздействий, вызвавших ее. | Қалдық деформация - деформацияны тудыратын күштер мен ықпалдар жойылғаннан кейін қалған деформация бөлігі. | |
Деформация пластическая - остаточная деформация без микроскопических нарушений сплошности материала, образовавшаяся в результате действия силовых факторов. | Иілімділік деформациясы - сыртқы күштер әсерінен түзілетін, материал тұтастығының микроскопиялық бұзылуын тудырмайтын қалдық деформация. | |
Деформация упругая - деформация, исчезающая после снятия вызвавшей ее нагрузки. | Серпімді деформация - деформация тудыратын күштер жойылғаннан кейін жоғалатын деформация. | |
Деформированная диаграмма - графическое изображение зависимости между напряжениями (или нагрузками) и деформациями материала (или перемещениями при деформировании). | Деформациялану диаграммасы - материалдың деформациясы (немесе деформациялану кезінде орын ауыстыру) және кернеуі (немесе күштер) арасындағы тәуелділіктің кескіндемелік бейнеленуі. | |
Диафрагма в конструкции - сплошной или решетчатый элемент пространственной конструкции, способствующий увеличению ее жесткости; применяется в тонкостенных конструкциях, каркасно- и крупнопанельных зданиях и т.д. | Құралымдағы диафрагма - кеңістік құралымының беріктігін арттыратын тұтас немесе торлы элемент; ол жұқа қабырғалы құралымдарда, қаңқалы және ірі панельді ғимараттарда және т.б. қолданылады. | |
Диафрагма плотины - противофильтрационное устройство внутри тела плотины, сооружаемой из грунтовых материалов, выполненное в виде стенки из негрунтовых материалов (бетона, железобетона, металла, дерева или полимерных пленочных материалов). | Бөгет диафрагмасы - топырақ материалдардан салынған бөгет арасындағы топырақ емес материалдардан (бетоннан, темірбетоннан, металдан, ағаштан немесе полимерлік үлдірлі материалдардан) қабырға түрінде жасалған сүзілуге қарсы құрылғы. | |
Дизайн - термин, обозначающий различные виды проектировочной деятельности, имеющей целью формирование эстетических и функциональных качеств промышленных изделий, предметов домашнего обихода, одежды, обуви и т.п. | Дизайн - өнеркәсіптік бұйымдардың, үй заттарының, киімнің, аяқ киімнің және т.б. өнімдердің эстетикалық және қызметтік сапасын қалыптастыру мақсатында орындалатын түрлі жайғастыру қызметін білдіретін термин. | |
Динамика сооружений - наука о колебаниях, методах расчета сооружений, подвергающихся действию динамических нагрузок, и способах уменьшения колебаний; раздел строительной механики. | Имарат динамикасы - динамикалық күштер әсер ететін имараттардың тербелістері, оларды есептеу әдістері және тербелісті төмендету тәсілдері туралы ғылым; құрылыс механикасының бөлімі. | |
Динамическая нагрузка - нагрузка, характеризующаяся быстрым изменением во времени ее значения, направления или точки приложения. | Динамикалық күш - уақытқа қатысты шамасы, бағыты немесе түсу нүктесі тез өзгеретін күш. | |
Динамическая прочность - способность материала сопротивляться действию динамических нагрузок без разрушения или без существенного изменения формы. | Динамикалық беріктік - материалдың динамикалық күштердің әсеріне пішінін өзгертпей немесе пішінін болымсыз өзгерту арқылы қарсы тұру қабілеті. | |
Динамическая устойчивость в строительной механике - устойчивость сооружений при действии динамических нагрузок. | Құрылыс механикасындағы динамикалық орнықтылық - динамикалық күштердің әсер етуі кезіндегі құрылыстың орнықтылығы. | |
Диспетчеризация - система централизованного оперативного руководства всеми звеньями строительного производства для обеспечения ритмичного и комплексного производства строительно-монтажных работ путем регулирования и контроля за выполнением оперативных планов и графиков производства и для обеспечения его материально-техническими ресурсами, согласования работы всех субподрядных организаций, подсобных производств и обслуживающих хозяйств. | Диспетчерлендіру - құрылыс өндірісінің ағымдағы жоспарлары мен кескіндемелерін реттеу және бақылау арқылы құрылыс-жинақтау жұмыстарының кезеңділігі мен кешенді жүргізілуін қамтамасыз ету және оны материалды-техникалық ресурстармен қамтамасыз ету, барлық қосалқы мердігерлік ұйымдар, қосалқы өндіріс орындары және қызмет көрсететін кәсіпорындар жұмыстарының үйлесімділігін қамтамасыз ету үшін құрылыс өндірісінің барлық буындарын орталықтандырылған жедел басқару жүйесі. | |
Длительная прочность - прочность материала, находящегося длительное время в напряженном состоянии при высокой температуре; зависит от температуры, химического состава, микроструктуры, состояния поверхности образца, окружающей среды. | Ұзақ мерзімді беріктік - жоғары температура кезінде ұзақ уақыт бойы шекті күйде болған материалдың беріктігі; ол температураға, химиялық құрамына, микроқұрылымына, үлгінің беттік күйіне, қоршаған ортаға байланысты. | |
Дноуглубительные работы - углубление и расширение водоемов и водотоков путем извлечения грунта со дна и последующего удаления извлеченного грунта в сторону от судового хода или гидротехнического сооружения. | Тереңдету жұмыстары - су қоймалары мен су ағындары түбін тереңдетіп қазу және қазылған топырақты кеме жолдарынан және гидротехникалық имараттардан тысқары жерлерге шығарып тастау арқылы су қоймаларын және су ағындарын тереңдету және кеңейту. | |
Договор подряда (контракт) - документ, включающий в себя все содержащиеся в нем гарантии, приложения, подписанные заказчиком и подрядчиком, а также дополнения и изменения к нему, возникшие в процессе строительства. | Мердігерлік шарт (келісімшарт) - тапсырма беруші мен мердігер қол қойған кепілдеме, қосымша, сондай-ақ құрылыс салу барысында туындаған толықтырулар мен өзгертулерден тұратын құжат. | |
Дозиметрический контроль - комплекс организационных и технических мероприятий по определению доз облучения людей с целью количественной оценки эффекта воздействия на них ионизирующих излучений. | Дозиметрлік бақылау - адамдарға иондық сәулелердің әсерін сандық бағалау мақсатында сәулелену дозасын анықтау жөніндегі ұйымдық және техникалық шаралардың кешені. | |
Док - 1) гидротехническое сооружение либо особое судно, предназначенное для осмотра и ремонта подводной части судов или для их постройки; 2) искусственный портовый бассейн с затвором, служащий для стоянки судов под погрузкой-разгрузкой в местах больших приливно-отливных колебаний уровня моря; 3) комплекс сооружений для ремонта и технического обслуживания летательных аппаратов. | Док - 1) кемелердің суасты бөліктерін тексеру мен жөндеуге және оларды жасауға арналған гидротехникалық имарат не ерекше кеме; 2) теңіз деңгейінің көтерілу-қайту орындарында тиеу-түсіру жұмыстары үшін кемелердің аялдауына арналған жапқышы бар жасанды порттық бассейн; 3) ұшу аппараттарын жөндеуге және оларға техникалық қызмет көрсетуге арналған имараттар кешені. | |
Документ нормативный международный - нормативный документ, содержащий обязательные при проектировании и строительстве требования. | Халықаралық нормативтік құжат - жобалау және құрылыс жүргізу кезінде қойылатын міндетті талаптардан тұратын нормативтік құжат. | |
Документ нормативный республиканский - нормативный документ, устанавливающий требования по вопросам, специфичным для республики и не регламентированным международными нормативными документами. | Республикалық нормативтік құжат - халықаралық нормативтік құжаттармен реттелмейтін және республика үшін өзіндік маңызы бар мәселелер бойынша талаптарды белгілейтін нормативтік құжат. | |
Документация производственная - совокупность документов, отражающих ход производства строительно-монтажных работ и техническое состояние объекта строительства (исполнительные схемы и чертежи, рабочие графики, акты приемки и ведомости выполненных объемов работ, общие и специальные журналы работ и др.). | Өндірістік құжаттама - құрылыс-жинақтау жұмыстарының жүргізілу барысын және құрылыс нысандарының техникалық жағдайын көрсететін құжаттар жиынтығы (орындау сұлбалары мен сызбалары, жұмыс кескіндемелері, қабылдау актілері және орындалған жұмыс көлемінің тізімдемесі, жұмыстың жалпы және арнайы журналдары және т.б.). | |
Долото - 1) ручной или машинный дереворежущий инструмент для выдалбливания отверстий, гнезд, пазов и т.п.; 2) основной элемент бурового инструмента для механического разрушения горных пород в процессе бурения скважин. | Қашау - 1) тесік, ойық, қуыс және т.б. саңылау тесуге арналған қол немесе машиналы ағаш кесетін аспап; 2) ұңғымаларды бұрғылау кезінде тау жыныстарын механикалық бұзуға арналған бұрғылау аспабының негізгі элементі. | |
Дополнительная изоляция - электрическая изоляция, предусмотренная дополнительно к рабочей изоляции для защиты от поражения электрическим током в случае повреждения рабочей изоляции. | Қосымша оқшаулама - негізгі оқшаулама зақымданғанда электр тогы соғуынан қорғауға арналған негізгі оқшауламаға қосымша жасалған электрлік оқшаулама. | |
Дополнительный водоизоляционный ковер (рулонный или мастичный) - слои из рулонных материалов или мастик, армированных стекломатериалами, используемые для усиления основного водоизоляционного ковра в ендовах, на карнизных участках, в местах примыканий к стенам, шахтам и другим конструктивным элементам. | Қосымша суоқшаулағыш кілем (орамды немесе мастикалы) - шатырнауада, ернеулік бөліктерде, қабырғаларға, шахталарға және басқа құралымдық элементтерге жанасу жерлерінде негізгі суоқшаулағыш кілемді күшейту үшін пайдаланылатын шыны материалдармен арматураланған орамды материалдардан немесе мастикалардан жасалатын қабаттар. | |
Допуск - разность между наибольшим и наименьшим предельными размерами, равная арифметической сумме допускаемых отклонений от номинального размера. | Шек - нақты өлшемнен рұқсат етілген ауытқулардың арифметикалық қосындысына тең болатын ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің айырмасы. | |
Допустимый выброс радиоактивных веществ - установленный для предприятий и лабораторий контрольный уровень активности радионуклидов, удаляемых за календарный год в атмосферу через систему вентиляции. | Радиоактивті заттардың рұқсат етілетін шығарынды мөлшері - кәсіпорындар мен зертханалар үшін күнтізбелік жыл ішінде желдету жүйесі арқылы атмосфераға шығарылатын радионуклидтер белсенділігінің бақылау деңгейі. | |
Допустимый сброс радиоактивных веществ - установленный для предприятий и лабораторий контрольный уровень активности радионуклидов, удаляемых за календарный год во внешнюю среду со сточными водами. | Радиоактивті заттардың рұқсат етілетін шығарылымы - кәсіпорындар мен зертханалар үшін күнтізбелік жыл ішінде сыртқы ортаға ақаба сулар арқылы шығарылатын радионуклидтер белсенділігінің бақылау деңгейі. | |
Дорожная одежда - многослойная конструкция проезжей части автомобильной дороги, укладываемая на подготовленное земляное полотно; состоит из покрытия, основания и подстилающего слоя. | Жол төсеніші - арнайы дайындалған жер төсемесінің бетіне салынатын автомобиль жолының жүргіншілер бөлігіндегі көп қабатты құралымы; жабын, негіз және төсеніштен тұрады. | |
Дорожно-строительные материалы - применяются при сооружении автомобильных дорог и площадей. | Жол-құрылыс материалдары - автомобиль жолдарын және алаңдарды салуда қолданылады. | |
Дорожно-строительные машины - машины, используемые для выполнения комплекса работ при строительстве и ремонте автомобильных дорог, а также в железнодорожном, гидротехническом, гражданском, промышленном, аэродромном строительстве и т.д. | Жол-құрылыс машиналары - автомобиль жолдарын салу және жөндеу кезінде кешенді жұмыстарды орындау үшін сондай-ақ, теміржол, гидротехникалық, азаматтық, өндірістік, аэродромдық және т.б. құрылыстарды салу кезінде пайдаланылатын машиналар. | |
Драглайн - самоходный экскаватор на шагающем (реже гусеничном) ходу, у которого рабочий орган (ковш) подвешен к стреле на канатах (подъемном и тяговом) и разработка грунта осуществляется, как правило, ниже уровня его стояния. | Драглайн - адымды (сиректеу - шынжыр табанды) жүрісті өзі жүретін экскаватор, оның жұмыс органы (шөміш) арқандағы (көтеру және тарту) жебеге ілінеді және өзі тұрған жерден төмен деңгейдегі топырақты өңдейді. | |
Древесина, ксилема - ткань высших растений. | Ағаш, ксилема - жоғары сатылы өсімдіктердің ұлпалары. | |
Древесная масса - волокнистая масса, получаемая при механическом истирании древесины в дефибрере или дефибраторе с применением воды; полуфабрикат в производстве бумаги, картона, древесноволокнистых плит. | Ағаш массасы - дефибрерде немесе дефибраторда су қолдану арқылы ағашты механикалық жолмен шайғылау арқылы алынатын талшықты масса; қағаз, картон, ағаш талшықты тақталар өндірісінде жартылай фабрикат. | |
Древесная мука - мелкий сыпучий продукт, получаемый сухим механическим размолом древесных стружек, опилок. | Ағаш ұны - ағаш жоңқаларын, үгінділерін құрғақ механикалық жолмен ұнтақтау арқылы алынатын ұсақ сусымалы өнім. | |
Древесноволокнистые плиты (ДВП) - древесный материал, представляющий собой спрессованную в плиты волокнистую массу из измельченной и расщепленной древесины. | Ағаш талшықты тақталар (АТТ) - ұнтақталған және жоңқаланған ағаштан алынған талшықты массаны тақталар түрінде нығыздау арқылы ағаштан жасалған материал. | |
Древесно-пластические массы - материалы на основе древесных опилок, стружек, волокон, обрезков шпона, пропитанных синтетической смолой, высушенных и спрессованных при давлении 12-15 МН/м2 и температуре 120о С. | Ағаш-пластикалық массалар - синтетикалық шайыр сіңдірілген, 12-15 МН/м2 қысымда және 1200 С температурада кептірілген және нығыздалған ағаш ұнтақтары, жоңқалары, талшықтары, қабыршақ қиындылары негізінде алынған материал. | |
Древесно-слоистые пластики - материалы на основе тонкого шпона лиственных пород (обычно березы, бука, липы). | Ағаш-қатпарлы пластиктер - жалпақ жапырақты ағаш түрлерінің (әдетте қайың, шамшат, жөке ағашы) жұқа қабыршақтарынан жасалған материал. | |
Древесно-стружечные плиты - древесный материал, представляющий собой спрессованные в плиты древесные стружки со связующим веществом, главным образом, синтетическими смолами. | Ағаш-жоңқалы тақта - негізінен, синтетикалық шайырмен байланыстырылған ағаш жоңқаларын тақта түрінде нығыздау арқылы жасалған ағаш материал. | |
Древесные материалы - конструкционные, изоляционные и поделочные материалы на основе натуральной древесины. | Ағаш материалдары - табиғи ағаштан алынған құралымдық, оқшаулағыш және ұсталық мақсатқа арналған материалдар. | |
Дрель - ручной инструмент для сверления отверстий в металле, древесине, пластмассе и др. материалах. | Қолбұрғы - металды, ағашты, пластмассаны және басқа материалдарды тесуге арналған қол аспап. | |
Дрена - подземное искусственное устройство (труба, скважина, полость) для сбора и отвода грунтовых вод. | Дрена - топырақ суларын жинауға және бұрып ағызуға арналған жасанды жерасты құрылғысы (құбыр, ұңғыма, қуыс). | |
Дренаж - система труб (дрен), скважин и других устройств для сбора и отвода грунтовых вод с целью понижения их уровня, осушения массива грунта у здания (сооружения), снижения фильтрационного давления. | Құрғатқыш - жерасты суларының деңгейін төмендету, ғимарат (имарат) жанындағы топырақ қатпарын құрғату, сүзу қысымын төмендету мақсатында жерасты суларын жинау мен бұрып әкетуге арналған құбырлар (дрендер), ұңғымалар және басқа да құрылғылар жүйесі. | |
Дренажные машины - машины для укладки дрен в грунт, устройства дренажа на осушаемых и орошаемых землях. | Құрғатқыш машиналар - топыраққа дреналарды орналастыруға арналған машина, құрғатылатын және суармалы жерлердегі құрғату құрылғысы. | |
Дренажные трубы - трубы, используемые в системах закрытого дренажа для сбора и отвода грунтовых вод. | Құрғатқыш құбырлар - топырақ суларын жинауға және бұрып әкетуге арналған жабық құрғату жүйелерінде қолданылатын құбырлар. | |
Дренчерная установка пожаротушения - установка водяного пожаротушения, оборудованная нормально открытыми дренчерными оросителями. | Өрт сөндіруге арналған дренчерлік қондырғы - қалыпты дренчерлік суландыру жүйелерімен жабдықталған сумен өрт сөндіруге арналған қондырғы. | |
Дробилка - машина для разрушения, измельчения кусков различных твердых материалов. | Ұнтақтағыш - түрлі қатты материалдардың бөліктерін бұзуға, майдалауға арналған машина. | |
Дуговая сварка, электродуговая сварка - сварка плавлением, при которой нагрев и расплавление кромок соединяемых металлических частей изделия осуществляется электрической дугой. | Доғалы пісіру, электр-доғалы пісіру - балқытып біріктіру, мұнда біріктірілетін бұйымның металл бөліктері электр доғасы арқылы қыздырылады және балқытылады. | |
Дуговая сварка под флюсом - дуговая сварка с защитой металла в зоне сварки флюсом от окисления и азотирования. | Флюс арқылы доғалық пісіру - металдың пісірілетін аймағын тотығу мен азоттанудан флюспен қорғау арқылы доғалық пісіру. | |
Дым - видимая в воздухе взвесь из твердых и жидких частиц или газа, образующаяся при горении. | Түтін - ауада көрінетін қатты және сұйық бөлшектердің жиынтығы немесе жану кезінде түзілетін газ. | |
Дымовая труба - вертикальная труба для отвода в атмосферу газообразных продуктов сгорания топлива из печей, котельных и сушильных установок. | Түтін шығару құбыры - пештерде, қазандықтарда және кептіру қондырғыларында отынның жануы кезінде түзілетін газтәрізді өнімдерді атмосфераға шығаруға арналған тік құбыр. | |
Дымовой пожарный извещатель - автоматический пожарный извещатель, реагирующий на аэрозольные продукты горения. | Түтіндік өрт хабарлағыш - аэрозольдік жану өнімдерін анықтайтын автоматты өрт хабарлағыш. | |
Дымосос - центробежный или осевой вентилятор, устанавливаемый за котлоагрегатом для удаления из котла или печи в атмосферу газообразных продуктов сгорания топлива. | Түтін сорғыш - қазандықтарда немесе пештерде отынның жануы кезінде түзілетін газтәрізді өнімдерді атмосфераға шығару үшін қазандық агрегатының артына орнатылатын орталық тепкіш немесе осьтік желдеткіш. | |
Дюкер - напорный водовод в системах водопровода, канализации, орошения, прокладываемый под руслом реки или канала, по склонам и дну глубокой долины (оврага), под дорогой и т.п. для пропуска пересекающего их водотока (канала). | Дюкер - су құбыры, кәріз, суландыру жүйелеріндегі тегеурінді сутартқыш, ол өзен немесе тоған арнасының астына, терең сайдың (жыраның) түбіне және беткейіне, жолдар астына және т.б. жерлерге оларды басып өтетін су ағындарын (тоғандарын) өткізу үшін салынады. | |
Единая модульная система - правила координации размеров зданий и сооружений, их элементов, конструкций и деталей (все размеры должны быть кратные 100 мм - основному модулю). | Бірыңғай модульдік жүйе - ғимараттар мен имараттар, олардың элементтерінің, құралымдар мен бөлшектердің өлшемдерін үйлестіру ережесі (барлық өлшемдер негізгі модульге - 100 мм еселі болуы керек). | |
Единые районные единичные расценки (ЕРЕР) - централизованно разработанные на основании сметных норм IV части строительных норм и правил (СНиП) и утвержденные для районов страны по принятому территориальному делению единичные расценки на общестроительные и специальные работы. | Аудандық бірыңғай бірлік баға (АБББ) - құрылыс нормалары мен ережелері (ҚНЕ) IV-ші бөлімінің сметалық нормалары негізінде орталықтандырыла жасалған және еліміздің қабылданған аумақтық бөліну аудандары үшін бекітілген жалпықұрылыстық және арнайы жұмыстардың бірлік бағасы. | |
Ендова - пространство между двумя смежными скатами крыши, образующими лоток (входящий угол) для сбора воды на кровле. | Шатырнауа - жабында су жиналу үшін науа (кірме бұрыш) түзетін шатырдың аралық екі еңісі арасындағы кеңістік. | |
Естественное освещение — освещение помещений светом неба (прямым или отраженным), проникающим через световые проемы в наружных ограждающих конструкциях. | Табиғи жарықтандыру - сыртқы қоршау құралымдарының жарық түсуге арналған бөліктері арқылы енетін (тік немесе шағылысқан) жарықпен бөлмені жарықтандыру. | |
Естественный заземлитель - заземлитель, в качестве которого используют электропроводящие части строительных и производственных конструкций и коммуникаций. | Табиғи жерге тұйықтағыш - жерге тұйықтағыш ретінде пайдаланылатын құрылыстық және өндірістік құралымдардың және коммуникациялардың электр өткізетін бөліктері. | |
Жалюзи - ставни, шторы из параллельных пластинок, устанавливаемые для защиты от солнечных лучей, атмосферных осадков, пыли, для регулирования воздушных или тепловых потоков. | Пердеше - ауа немесе жылу ағындарын реттеп отыру, күн сәулесінен, атмосфералық жауын-шашыннан, шаңнан қорғау үшін қатарластыра орналастырылған табақшалардан жасалған пердеше. | |
Жаропрочность - способность конструкционных материалов при высоких температурах выдерживать без существенных деформаций, не разрушаясь, механические нагрузки. | Ыстыққа төзімділік - құралымдық материалдардың жоғары температурада деформацияға ұшырамай, бұзылмай, механикалық жүктемелерге төзу қабілеті. | |
Жаропрочные материалы - материалы, обладающие жаропрочностью; к ним относятся сплавы на основе никеля, железа, кобальта, тугоплавкие металлы и сплавы на их основе, а также некоторые композиционные материалы. | Ыстыққа төзімді материалдар - ыстыққа төзімді етіп жасалған материалдар; оларға никель, темір, кобальт негізіндегі қорытпалар, қиын балқитын металдар және олардың негізіндегі қорытпалар, сондай-ақ кейбір композициялық материалдар жатады. | |
Жаростойкие сплавы - металлические сплавы, обладающие повышенным сопротивлением химическому взаимодействию с газами при высоких температурах. | Ыстыққа төзімді қорытпа - жоғары температурада газдармен химиялық өзара әрекеттесуге қарсыласуы жоғары қабілетке ие металл қорытпалар. | |
Жаростойкий бетон - бетон, способный сохранять необходимые физико-механические свойства при длительном воздействии высоких температур (обычно до 1600о С). | Ыстыққа төзімді бетон - ұзақ уақыт бойы жоғары температураның (әдетте 16000 С дейін) әсер етуі кезінде өзінің қажетті физикалық-механикалық қасиеттерін сақтап қалатын бетон. | |
Жаростойкость - 1) жаростойкость металлов и сплавов - то же, что жароупорность (окалиностойкость); 2) жаростойкость конструкционных материалов - способность противостоять химическому или механическому разрушению (сохранять или лишь незначительно изменять свои механические свойства) при высоких температурах. | Ыстыққа төзімділік - 1) металдар мен қорытпалардың ыстыққа төзімділігі - бұл да ыстыққа беріктік (отқабыршақтануға төзімділік); 2) құралымдық материалдардың ыстыққа төзімділігі - жоғары температурада химиялық және механикалық бұзылуға ұшырамау (өзінің механикалық қасиеттерін өзгертпеу немесе болмашы ғана өзгерту) қабілеті. | |
Железная дорога - комплексное транспортное предприятие, обеспечивающее перевозки пассажиров и грузов поездами по рельсовым путям; в узком смысле - рельсовый путь, предназначенный для движения поездов. Основные составляющие железной дороги общего пользования: железнодорожный путь с рельсовой колеей и искусственными сооружениями; подвижной состав; тяговые подстанции и контактные сети; средства железнодорожной сигнализации, управления движением поездов, автоблокировки железнодорожной, поездной и диспетчерской связи и т.д.; вокзалы, депо, мастерские, складские и пр. | Темір жол - жолаушылар мен жүктерді пойызбен рельс жолдары арқылы тасымалдауды қамтамасыз ететін кешенді көлік кәсіпорны; тар мағынасында - пойыздар жүруге арналған рельс жолдары. Жалпы пайдаланылуға арналған темір жолдың негізгі құраушылары: рельсті жолдары және жасанды имараттары бар теміржолдар; жылжыма құрам; тартым қосалқы станциялары мен байланыс желілері; теміржолдық дыбыс беру, пойыздар қозғалысын басқару, темір жолды, пойыздар мен диспетчерлік байланысты автоматты тоқтату құралдары және т.б.; күту залдары, депо, шеберханалар, қоймалар және т.б. | |
Железнение - выравнивание поверхностей бетонных конструкций с добавлением цемента, придание им прочности и водонепроницаемости. | Тастемірлеу - бетон құралымдардың бетін цемент қоса отырып тегістеу, оларға беріктік және су өткізбеушілік қасиет беру. | |
Железнодорожная станция - основное эксплуатационное предприятие железнодорожного транспорта, осуществляющее прием, отправление, формирование и расформирование поездов, обслуживание пассажиров, прием и выдачу грузов. | Теміржол станциясы - пойыздарды қабылдау, уақтылы жүруін реттеу, қалыптастыру және тарату, жолаушыларға қызмет көрсету, жүктерді қабылдау және өткізу арқылы теміржол көлігін пайдаланатын негізгі кәсіпорын. | |
Железнодорожный мост - служит для перевода железнодорожного пути через какое-либо препятствие или др. дорогу. | Теміржол көпірі - теміржолдың белгілі бір кедергілерді немесе басқа жолдарды басып өтуі үшін пайдаланылады. | |
Железнодорожный переезд - место пересечения железной дороги в одном уровне автомобильной дороги, трамвайных путей, троллейбусных линий. | Теміржол өткелі - теміржолдың автомобиль жолымен, трамвай жолымен, троллейбус желілерімен бір деңгейде тоғысатын орны. | |
Железнодорожный путь - комплекс инженерных сооружений и обустройств, расположенных в полосе отвода и образующих дорогу с направляющей рельсовой колеей. | Теміржол жолдары - арнайы белдеуде орналасқан және бағыттаушы рельстік жолдарды түзетін инженерлік имараттар және желілер кешені. | |
Железобетон - строительный материал, в котором бетон и стальная арматура монолитно соединены и работают в конструкции как единое целое. | Темірбетон - бетон мен болат арматура тұтастай біріктірілген және тұтас құралым ретінде пайдаланылатын құрылыс материалы. | |
Железобетонная плотина - плотина, сооруженная в основном из железобетона, обеспечивающего требуемую прочность конструкции. | Темірбетонды бөгет - құралымның қажетті беріктігін қамтамасыз ету үшін негізінен, темірбетоннан жасалған бөгет. | |
Железобетонные конструкции и изделия - элементы зданий и сооружений, изготовляемые из железобетона и сочетания этих элементов. | Темірбетон құралымдар мен бұйымдар - темірбетоннан және бұл элементтердің қоспасынан дайындалатын ғимараттың және имараттың элементтері. | |
Железобетонный мост - мост с пролетными строениями, выполненными из железобетонных плит, элементов коробчатого и др. сечения, которые укладывают на опоры из железобетона или бетона, в т.ч. предварительно напряженного. | Темірбетон көпір - темірбетон немесе бетон тіреуіштерге, оның ішінде алдын ала кернеуленген бетон тіреуіштерге қаланатын қаңқалы және т.б. қималы темірбетон тақтадан, элементтерден орындалған аралықтары бар көпір. | |
Жесткость - 1) способность тела (или конструкции) сопротивляться деформированию; 2) физико-геометрическая характеристика поперечного сечения тела, широко используемая при решении задач сопротивления материалов. | Қаттылық - 1) дененің (немесе құралымның) деформациялануға қарсы тұру қабілеті; 2) дененің көлденең қимасының физика-геометриялық сипаттамасы, материалдар кедергісіне қатысты есептерді шешу кезінде кеңінен қолданылады. | |
Жесткость воды - характеризуется наличием в воде катионов солей кальция и магния. | Судың кермектілігі - суда кальций және магний тұздары катиондарының болуымен сипатталады. | |
Жесть - холоднокатаная отожженная сталь (преимущественно низкоуглеродистая) в виде тонкой ленты или листов толщиной 0,08-0,32 мм. | Қаңылтыр - жұқа лента немесе қалыңдығы 0,08-0,32 мм табақ түрінде суықтай тегістеліп босаңдатылғанген (негізінен төмен көміртекті) болат. | |
Жидкая агрессивная среда - среда, агрессивное воздействие которой определяется составом и свойствами ее жидкой фазы. | Сұйық жеміргіш орта - жеміргіштік әсері өзінің сұйық фазасының құрамымен және қасиетімен анықталатын орта. | |
Жилая площадь - подсчитывается как сумма площадей всех жилых комнат (спальни, гостиной, детской, домашнего кабинета и тому подобное) в жилом доме. | Тұрғын аудан - тұрғын үйдің барлық тұрғын бөлмелері (ұйықтайтын, қонақ күту, балалар, үй кабинеті және сол секілді) ауданының қосындысы ретінде есептеледі. | |
Жилая ячейка общежития — группа жилых комнат, объединенных подсобными помещениями общего пользования. | Жатақхананың шағын тұрғын орны - ортақ пайдаланылатын қосалқы бөлмелермен біріктірілген тұрғын бөлмелер тобы. | |
Жилое здание галерейного типа — здание, в котором квартиры (или комнаты общежитий) имеют выходы через общую галерею не менее чем на две лестницы. | Галерея типті тұрғын үй - пәтерлері (немесе жатақхана бөлмелерінің) ортақ галерея арқылы екі баспалдақпен сыртқа шығуға болатындай етіп орналастырылған ғимарат. | |
Жилое здание коридорного (галерейного) типа - здание, в котором жилые помещения (квартиры, комнаты общежитий) имеют выходы через общий коридор (общую галерею) наружу либо на две и более лестничные клетки. | Дәліз (галерея) типті тұрғын үй ғимараты - үйдің бөлмелері (пәтерлері, жатақхана бөлмелері) ортақ дәліз (ортақ галерея) болмаса екі және одан көп сатылық алаңдар арқылы сыртқа шығатындай етіп салынған ғимарат. | |
Жилое здание секционного типа - здание, состоящее из одной или нескольких секций, в котором квартиры (или комнаты общежитий) имеют выходы через общую галерею (коридор) не менее чем на две лестницы. | Секциялық типті тұрғын үй - бір немесе бірнеше секциядан тұратын ғимарат, онда пәтерлері (немесе жатақхана бөлмелері) ортақ галерея (дәліз) арқылы кемінде екі баспалдаққа шығуға болатындай етіп орналастырылған. | |
Жилое помещение - отдельное помещение (квартира), предназначенное и используемое для постоянного проживания, включающее как жилую площадь, так и нежилую площадь жилища. | Тұрғын бөлме - тұрақты тұруға және пайдалануға арналған жеке бөлме (пәтер), ол тұрғылықты және қосалқы алаңдардан тұрады. | |
Жилой дом (жилое здание) - строение, состоящее, в основном, из жилых помещений (квартир) и частей дома общего пользования, а также из нежилых помещений. | Тұрғын үй (тұрғын үй ғимараты) - негізінен, тұрғын бөлмелерден (пәтерлерден) және үйдің ортақ пайдаланылатын бөліктерінен, сондай-ақ қосалқы бөлмелерден тұратын құрылыс. | |
Забивной фильтр - самоизливающее дренажное устройство из металлической перфорированной трубы (длиной 1 м, диаметром 30-50 мм) и отводящих труб, применяемое, главным образом, для осушения обводненных песков, а также при проходке шахт и подземном осушении карьеров. | Толтырма сүзгі - негізінен, суланған құмдарды кептіру үшін, сондай-ақ шахтаның өту жолын және карьерлерді жер астында құрғату кезінде қолданылатын перфорирленген металл құбырдан (ұзындығы 1 м, диаметрі 30-50 мм) және бұру құбырларынан тұратын өзі ағатын құрғатқыш құрылғы. | |
Забой - перемещающееся в процессе производства работ рабочее место, где происходит разработка грунта открытым или подземным способом. | Забой - топырақты ашық немесе жерасты тәсілімен өңдеуде жұмысты өндіру процесінде орын ауыстыратын жұмыс орны. | |
Завал керамической плитки - округленная грань плитки со стороны ее лицевой поверхности. | Қыш тақташалар қыршалары - тақташаның үстіңгі бетінің жұмырланған қыры. | |
Завертка - изделие, служащее для запирания дверей и окон с одной стороны при помощи вращения ручки. | Бұрағыш - есік тұтқасын айналдыру арқылы есік пен терезені бір жағынан жабу үшін қызмет ететін бұйым. | |
Завеса воздушно-тепловая - устройство, препятствующее поступлению через открытые проемы (двери, ворота) в помещение наружного холодного воздуха путем нагнетания вентилятором подогретого воздуха навстречу потоку, стремящемуся проникнуть в помещение. | Ауа-жылу пердесі - бөлмеге енетін ауа ағынына қарсы жылытылған ауаны желдеткішпен айдау арқылы сыртқы суық ауаның ашық ойықтар (есіктер, қақпа) арқылы енуіне кедергі жасайтын құрылғы. | |
Завеса противофильтрационная - искусственная преграда на пути фильтрационного потока воды, создаваемая в грунте основания подпорного гидротехнического сооружения и в береговых его примыканиях (путем инъекции растворов, смесей) для удлинения путей фильтрации, снижения фильтрационного давления на подошву сооружения, уменьшения потерь воды на фильтрацию. | Сүзілуге қарсы перде - сүзу жолдарын ұзарту, имарат табанына түсетін сүзу қысымын азайту және сүзуге кететін су шығынын азайту үшін гидротехникалық тежеу имараты негізінің топырағында және жиегіне жанасу кезінде (ерітінді, қоспалардың инъекциясы арқылы) жиналған судың сүзілу ағыны жолындағы қолдан жасалған тосқауыл. | |
Загорание - неконтролируемое горение вне специального очага, без нанесения ущерба. | Жану - залал келтірмей арнайы ошақтан тыс бақылаусыз жану. | |
Загородная зона - территория, подготовленная для размещения эвакуируемого населения, находящаяся вне пределов зоны вероятной чрезвычайной ситуации, установленной для населенных пунктов, имеющих потенциально опасные объекты народного хозяйства и иного назначения. | Қала сыртындағы аймақ - қоныс аударған халықты орналастыру үшін дайындалған халық шаруашылығы мен өзге де мақсаттағы әлеуетті қауіпті нысандары бар елдімекендер үшін белгіленген төтенше жағдайлар болуы мүмкін аймақтардан тыс орналасқан аумақ. | |
Загрузка фильтра - зернистые материалы и поддерживающие слои (гравий, щебень, песок и др.), которыми заполняется часть объема фильтра. | Сүзгіні тиеу - сүзгі көлемінің бір бөлігі толтырылатын түйіршікті материалдар мен ұстаушы қабаттар (малтатас, қиыршықтас, құм және т.б.). | |
Загрязнение воздуха - любое загрязнение воздуха веществами, которые являются вредными для здоровья или опасными в другом отношении, независимо от их физического состояния. | Ауаның ластануы - ауаның денсаулық үшін зиянды немесе басқа да қатынастарда қауіпті болып табылатын физикалық жағдайларына қарамастан кез келген заттармен ластануы. | |
Задвижка - изделие, служащее для запирания дверей и окон с одной стороны при помощи возвратно-поступательного движения засова. | Ысырма - ілмешектің қайтарымды-үдемелі қозғалысының көмегімен есіктер мен терезелерді бір жағынан жабу үшін қызмет ететін бұйым. | |
Задел - объем незавершенного строительства по мощности, объему капитальных вложений и объему строительно-монтажных работ, который должен быть выполнен фактически на пусковых объектах и комплексах, переходящих на следующие за планируемым периоды, в целях обеспечения планомерного ввода в действие основных фондов и ритмичного строительного производства. | Алдын ала жұмсалым - негізгі қорларды жоспарлы түрде іске қосуды және құрылыс өндірісін бірқалыпты қамтамасыз ету мақсатында жоспарланған кезеңнен кейінгісіне өтетін іске қосылатын нысандар мен кешендерде нақты орындалуы тиіс қуаттылығы, күрделі салымдар мөлшері және құрылыс-жинақтау жұмыстарының ауқымы бойынша аяқталмаған құрылыс көлемі. | |
Задел по мощности - суммарная проектная мощность предприятий, которые должны находиться в стадии строительства на конец планируемого периода за вычетом мощностей, введенных от начала их строительства до конца планируемого периода. | Қуаты бойынша алдын ала жұмсалым - құрылыстың басынан жоспарлы мерзімінің аяғына дейінгі іске қосылған қуаттарды алып тастағанда, жоспарлы мерзім аяғында құрылыс сатысында болатын кәсіпорынның жобалық жиынтық қуаты. | |
Задел по объему капитальных вложений - стоимость строительно-монтажных работ и других затрат, входящих в сметную стоимость объектов, которая должна быть освоена к концу планируемого периода на переходящих стройках. | Күрделі қаржыландырудың көлемі бойынша алдын ала жұмсалым - өтпелі құрылыстарда жоспарланған мерзімнің соңына дейін игерілуі тиіс нысандардың сметалық құнына кіретін құрылыс-жинақтау жұмыстары мен басқа да шығындар құны. | |
Задел по объему строительно-монтажных работ - часть задела по объему капитальных вложений и монтажных работ, которые должны быть выполнены на переходящих стройках к концу планируемого периода. | Құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемі бойынша алдын ала жұмсалым - өтпелі құрылыстарда жоспарланған мерзімнің соңына дейін орындалуы тиіс күрделі қаржыландыру және жинақтау жұмыстарының мөлшері бойынша алдын ала жұмсалым бөлігі. | |
Задувка - матовый налет на поверхности плитки, образующийся под воздействием дымовых газов при обжиге. | Задувка - күйдіру кезінде түтінді газ әсерінен пайда болатын тақташаның бетіндегі күңгірт дақ. | |
Заземленная нейтраль - нейтраль генератора (трансформатора), присоединенная к заземляющему устройству непосредственно или через малое сопротивление. | Бейтарап жерге қосу - жерге қосылатын құрылғыға тікелей немесе аз қарсылықпен қосылған генератордың (трансформатордың) бейтарабы. | |
Заземлитель - проводник или совокупность металлически соединенных проводников, находящихся в соприкосновении с землей или ее эквивалентом. | Жерге қосушы - жермен немесе оның баламасымен жанасуда болатын өткізгіштер немесе металл арқылы қосылған өткізгіштер жиынтығы. | |
Заземляющее устройство - совокупность конструктивно объединенных заземляющих проводников и заземлителя. | Жерге қосу құрылғысы - жерге қосушы өткізгіштер мен жерге қосушының құралымдық біріктірілген жиынтығы. | |
Заземляющий проводник - проводник, соединяющий заземляемые части с заземлителем. | Жерге қосушы өткізгіш - жерге қосушы мен жерге қосылатын бөліктерді қосатын өткізгіш. | |
Заказчик (застройщик) - организация, предприятие или учреждение, которым выделяются средства для осуществления капитального строительства или которые имеют для этих целей собственные средства и заключают с подрядной организацией договор подряда на капитальное строительство. | Тапсырыс беруші (құрылыс салушы) - күрделі құрылысты жүргізуге қаржы бөлінетін немесе осы мақсатта өз қаражаты бар, мердігер ұйыммен күрделі құрылыс жүргізуге мердігер шартын жасайтын ұйым, кәсіпорын немесе мекеме. | |
Закарстованные породы - породы, имеющие в своем составе каменную соль, гипс, известняк, подверженные растворению природными водами, характеризующиеся комплексом подземных пещер, полостей, ходов, естественных колодцев. | Карстіленген жыныстар - құрамында табиғи суларда еруге бейімделген тас тұзы, гипс, әктасы бар жыныстар, олар жер астындағы үңгiрлер, қуыстар, жолдар, табиғи құдықтар кешендерімен сипатталады. | |
Закладные детали в железобетоне - металлические элементы (из круглой, полосовой, уголковой стали) с приваренными к ним анкерными стержнями, устанавливаемые (закладываемые) в конструкцию до заливки ее бетоном для соединения сборных и сборно-монолитных железобетонных конструкций между собой и с другими конструкциями путем сварки анкерных стержней. | Темірбетондағы бекіткіш бөлшектер - анкерлік шыбықтарды пісіру арқылы өзара немесе басқа құралымдар арасындағы жинамалы және жинамалы-тұтасқұймалы темірбетондар құралымдарын қосу үшін құралымға оны бетонмен құюға дейін орнатылатын анкерлік шыбықтармен дәнекерленген металл элементтер (дөңгелек, жолақ, бұрыштық болаттан жасалған). | |
Заклепка - крепежная деталь, состоящая из стержня (трубки) и закладной головки на одном конце и замыкающей головки, образующейся в процессе клепки, на другом в результате чего получается неразъемное заклепочное соединение. | Тойтарма - нәтижесінде ажырамас тойтарма қосылу пайда болатын бір ұшында шыбықтардан (түтік) және бекіткіш бас тиектерден, ал екінші ұшында тойтару процесі кезінде жасалатын тұйықталатын бас тиектен тұратын бекіту бөлшегі. | |
Заклепочное соединение - неразъемное соединение деталей при помощи заклепок. | Тойтарма қосу - тойтарма шегелер арқылы тетіктерді ажырамастай етіп қосу. | |
Закомара - полукруглое или килевидное завершение наружного участка стены (отрезка между двумя лопатками), воспроизводящее очертания расположенного за ним свода. | Закомара - өзінен кейін орналасқан тоғыспаның сұлбасын қайталайтын қабырғаның сыртқы бөлігінің (екі жауырындықтың арасының) жартылай дөңгелене немесе үшкірленіп аяқталуы. | |
Закрепление грунтов - искусственное преобразование свойств грунтов в условиях естественного залегания для повышения их прочности или связности, придания им водонепроницаемости. | Топырақтарды бекіту - беріктігін немесе байламдылығын арттыру, су өткізбейтіндей етіп жасау үшін табиғи жағдайдағы топырақтардың қасиеттерін жасанды өзгерту. | |
Залог - серия ударов молота по забиваемой в грунт свае, выполняемая для замера средней величины ее отказа. | Кепіл - қаданың қағылуының орташа шамасын өлшеу үшін орындалатын, топыраққа қағылатын қадаға балғаның соғу сериясы. | |
Замачивание грунтов - способ уплотнения просадочных грунтов путем затопления водой до заданной стабилизации просадки. | Топырақты сулау - төмендеудің тұрақты қалпына келгенге дейін су құю арқылы отырылғыш топырақтарды тығыздау әдісі. | |
Замок - 1) в широком смысле - устройство, обеспечивающее стопорение подвижных частей машин и механизмов; 2) специальное соединение деревянных конструкций; 3) устройство для запирания помещений, ящиков, дверей машин и т.д.; 4) замок в архитектуре - верхний замыкающий (замковый) камень арки или свода. | Құлып - 1) кең мағынада алғанда - машиналар мен тетіктердің қозғалмалы бөліктерінің тоқтатылуын қамтамасыз ететін құрылғы; 2) ағаш құралымдардың арнайы қосылуы; 3) үй-жайлардың, жәшіктердің, машиналардың есіктерін және т.б. жабуға арналған құрылғы; 4)сәулетте- арканың немесе тоғыспаның жоғарғы (құлып) тасы. | |
Замораживание грунтов - способ временного укрепления слабых водонасыщенных грунтов с образованием ледогрунтового массива заданных размеров и прочности путем циркуляции носителя по трубам, погружаемым в замораживаемый грунт. | Топырақтарды тоңдату - тоңданатын топыраққа батырылатын құбырлар бойынша суық тасушы затты айналдыру арқылы берілген мөлшерлер мен беріктіктің мұз топырақ массивін қалыптастырып суға қаныққан әлсіз топырақтарды уақытша бекіту әдісі. | |
Замоноличивание стыков железобетонных конструкций - превращение в монолит сопряжения двух или более сборных железобетонных конструкций или их элементов путем скрепления (преимущественно электросваркой) выпусков арматуры или закладных деталей с последующим заполнением стыковой полости бетонной смесью. | Темірбетон құралымының түйісуін құйып бекіту - арматура жеңсырықтарын немесе салмалы бөлшектерді бекіту арқылы (көбінесе электр пісірумен) кейіннен түйісу қуыстарын бетон қоспасымен толтыра отырып, екі немесе одан да көп жинамалы темірбетон құралымының немесе олардың элементтері жанасуының тұтасқұймаға айналуы. | |
Замочно-скобяное изделие - изделие, служащее для соединения оконных створок и дверных полотен с коробками, а также для закрывания, запирания, фиксирования и украшения окон и дверей. | Құлып-қапсырма бұйымдары - терезе жармалары мен есік жаппаларын қосу үшін, сондай-ақ терезелер мен есіктерді жабу, бекіту, белгілеу және безендіру үшін қызмет ететін бұйым. | |
Зануление - преднамеренное электрическое соединение с нулевым защитным проводником металлических нетоковедущих частей, которые могут оказаться под напряжением. | Нөлдеу - кернеуде болуы мүмкін ток өткізбейтін металл бөлшектердің нөлдік қорғаныш өткізгішін күні бұрын электрлік қосу. | |
Заполнители (для бетонов) - природные или искусственные сыпучие каменные материалы,основной компонент бетона. Различают плотные, пористые, крупные, мелкие. Подбор заполнителей существенно влияет на свойство бетонов и его стоимость. | Толтырғыштар (бетондар үшін) -табиғи немесе қолдан жасалған сусымалы тас материалдар, бетонның негізгі құрамы. Тығыз, кеуекті, ірі, майда болып бөлінеді. Толтырғыштарды таңдау бетонның қасиеті мен оның құнына айрықша әсер етеді. | |
Заполнители для бетона - природные или искусственные сыпучие материалы, составляющие основную часть (до 85% по объему) бетона. | Бетонға арналған толтырғыштар - бетонның негізгі бөлігін (көлемі бойынша 85 % дейін) құрайтын, табиғи немесе жасанды сусымалы материалдар. | |
Запорная планка - деталь, в которую входит засов или засов-защелка при запирании или фиксировании окна или двери. | Бекіткіш планка - терезені немесе есікті жабу немесе бекіту кезінде ысырма немесе ысырма-ілмешектер кіретін бөлшек. | |
Заправочный островок — технологическая площадка, предназначенная для установки ТРК. | Жанармайды құю орны - ЖҮК орнатуға арналған технологиялық алаң. | |
Запроектная промышленная авария - промышленная авария, вызываемая не учитываемыми для проектных аварий исходными состояниями и сопровождающаяся дополнительными по сравнению с проектными авариями отказами систем безопасности и реализациями ошибочных решений персонала, приведших к тяжелым последствиям. | Жобадан тыс өнеркәсіптік апат - бастапқы қалыптағы жобалық апаттар үшін ескерілмейтін және жобалық апаттармен салыстырғанда қауіпсіздік жүйелерінің қосымша істен шығуымен және қызметкерлердің қате шешімдерін жүзеге асыруымен туындайтын, ауыр салдарларға әкелетін өнеркәсіптік апат. | |
Засов - деталь замка, завертки или задвижки, служащая для обеспечения запирания дверей или окон посредством входа в запорную планку. | Ысырма - бекіткіш планкаға кіру арқылы есікті немесе терезені бекітуді қамтамасыз етуге арналған құлып, орама немесе ысырма бөлшегі. | |
Засов-защелка - деталь защелки, служащая для фиксирования дверей посредством входа в запорную планку. | Ысырма-ілмешек - бекіткіш планкаға кіру арқылы есікті бекіту үшін қызмет ететін ілгіш бөлшегі. | |
Затвор гидравлический (затвор водяной) - устройство, препятствующее проникновению газов из одного пространства в другое (из трубопровода в помещение, из одного участка трубопровода в другой), в котором течению газов в нежелательном направлении препятствует слой воды. | Гидравликалық жапқыш (сумен жапқыш) - газдың қажетсіз бағытта қозғалуына су қабаты кедергі келтіретін құбырлардағы газдың бір кеңістіктен екінші бір кеңістікке (құбырдан үй-жайға, құбырдың бір бөлігінен басқа бөлігіне) өтуіне тосқауыл болатын құрылғы. | |
Затвор гидротехнический - подвижное водонепроницаемое устройство для закрывания и открывания водопропускных отверстий гидротехнического сооружения (водосливной плотины, шлюза, трубопровода, гидротехнического туннеля, рыбохода и т.п.) с целью управления проходящим через них потоком воды. | Гидротехникалық жапқыш - гидротехникалық имараттың (суағарлық бөгет, шлюз, құбыр желісі, гидротехникалық туннел, балық өткізгіш және т.с.с.) су өткізетін тесіктерін олар арқылы өтетін су ағынын басқару мақсатында жабу мен ашуға арналған су өткізбейтін жылжымалы құрылғы. | |
Затирочная машина - отделочная строительная машина для механизированной затирки штукатурного слоя, а также шлифовки шпатлеванных поверхностей. | Тегістеу машинасы - сылақ қабатын механикалық тегістеуге, сондай-ақ тығыздалған үстіңгі қабатты ажарлауға арналған әрлейтін құрылыс машинасы. | |
Затопление - образование свободной поверхности воды на территории в результате паводков, нагонов волн и повышения уровней водоемов и водотоков. | Су басу - аумақтағы су тасқыны, су айдамасы және су қоймалары мен ағын су деңгейінің артуы нәтижесінде су бетінің еркін жиналуы. | |
Затраты прямые - основная составная часть сметной стоимости строительно-монтажных работ, включающая стоимость всех материалов, изделий и конструкций, энергетических ресурсов, заработную плату рабочих и стоимость эксплуатации машин и механизмов. | Тікелей шығындар - барлық материалдардың құны, бұйымдар мен құралымдар, энергетикалық ресурстар, жұмысшылардың еңбек ақысы және машиналар мен тетіктерді пайдаланудың құнына негізделетін құрылыс-жинақтау жұмыстарының сметалық құнының негізгі құрамдас бөлігі. | |
Затяжка - стержневой элемент, воспринимающий растягивающие усилия в распорной конструкции арок, сводов, стропил и т.п., соединяющей концевые узлы строительных конструкций. | Тартпа - құрылыс құралымдарының шеткі тораптарын қосатын арканың, тоғыспалардың, итарқалардың және т.б. кергіш құралымындағы созу күшін қабылдайтын шыбықтық элемент. | |
Затяжка в строительстве - обычно металлический или железобетонный стержень, устанавливаемый, как правило, на уровне опор и воспринимающий распорные усилия, возникающие в арках (арочных фермах), сводах, конструкциях мостов и т.д. | Құрылыстағы тартпа - ереже бойынша тірек деңгейінде бекітілетін және аркаларда (аркалық фермаларда), тоғыспаларда, көпірлердің құралымдарында пайда болатын кергіш күштерді қабылдайтын металл немесе темірбетон шыбық. | |
Захватка - участок здания, сооружения, предназначенный для поточного выполнения строительно-монтажных работ с повторяющимися на данном и последующих за ним участках составом и объемом работ. | Алым - жұмыстардың құрамы және көлемімен берілген және одан кейінгі телімдерде қайталанатын құрылыс-жинақтау жұмыстарын үздіксіз орындауға арналған ғимарат пен имараттың телімі. | |
Заход направляющих ступени - элемент направляющих ступени, обеспечивающий плавный заход основных бегунков ступени на направляющие. | Бағыттаушы баспалдақ кірмесі - баспалдақтың негізгі жүгіртпелерінің бағыттаушыға бірқалыпты кіруді қамтамасыз ететін бағыттаушы баспалдақтың элементі. | |
Зачистка котлована - съем слоя грунта с поверхности дна и стен котлована, разработанного с недобором. | Қазаншұңқырды тазарту - қазаншұңқыр қабырғалары мен түбінің бетінен кем қазудан қалыптасқан топырақ қабатын алу. | |
Защелка - изделие, служащее для фиксирования дверей и удержания их в определенном положении. | Ілгіш - есіктерді бекіту және оларды белгілі бір жағдайда ұстау үшін қызмет ететін бұйым. | |
Защита населения в чрезвычайных ситуациях (защита населения в ЧС) - совокупность взаимосвязанных по времени, ресурсам и месту проведения мероприятий ЧС, направленных на предотвращение или предельное снижение потерь населения и угрозы его жизни и здоровью от поражающих факторов и воздействий источников чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайларда халықты қорғау (ТЖ-да халықты қорғау) - халықтың азаюы және олардың өмірі мен денсаулығына төнген қауіпті жою факторлары мен ТЖ көздерінің әсерлерін болдырмауға немесе азайтуға бағытталған өзара байланыстағы ТЖ шараларының өткізу уақыты, ресурстары және орны бойынша жиынтығы. | |
Защита от коррозии строительного материала - способы и средства, уменьшающие или предотвращающие коррозию строительного материала. | Құрылыс материалын тоттанудан қорғау - құрылыс материалының тоттануын азайтатын немесе болдырмайтын тәсілдер мен құралдар. | |
Защита от прикосновения к токоведущим частям - устройство, предотвращающее прикосновение или приближение на опасное расстояние к токоведущим частям. | Ток жүретін бөліктерге жанасудан қорғау - ток жүретін бөліктерге қауіпті аралыққа жанасуды немесе жақындауды болдырмайтын құрылғы. | |
Защитная обработка поверхности - физическая, химическая или электрохимическая обработка, повышающая коррозионную стойкость поверхностного слоя строительного изделия или конструкции. | Беттерді қорғау өңдеуі - құрылыс бұйымының немесе құралымының беткі қабатының тоттанбау беріктігін арттыратын физикалық, химиялық немесе электрохимиялық өңдеу. | |
Защитная пропитка - заполнение пор материала строительной конструкции или нанесение защитного покрытия материалами, стойкими к воздействию агрессивной среды. | Қорғаныштық сіңіруші - жеміргіш ортаның әсеріне берік материалдармен құрылыс құралымы материалдарының кеуектерін толтыру немесе қорғау жабынды қондыру. | |
Защитно-декоративная планка - изделие, устанавливаемое на дверях или окнах, служащее для декоративного оформления ручки, цилиндрового механизма замка, отверстия для ключа или для защиты цилиндрового механизма от принудительной поломки. | Қорғаныштық-әшекей планка - тұтқаның, құлыптың цилиндр тетігін, кілтке арналған ойықты әшекейлі безендіру немесе цилиндр тетікті мәжбүрлеп бұзудан қорғау үшін қызмет ететін есіктер мен терезелерге бекітілетін бұйым. | |
Защитное заземление - преднамеренное электрическое соединение с землей или ее эквивалентом металлических нетоковедущих частей, которые могут оказаться под напряжением. | Қорғаныштық жерге қосу - жермен немесе оның кернеулі болып шығуы мүмкін металл ток өткізбейтін баламасымен күні бұрын электрлік қосу. | |
Защитное отключение - быстродействующая защита, обеспечивающая автоматическое отключение электроустановки при возникновении в ней опасности поражения током. | Қорғаныштық ажырату - ток соғу қаупі төнген жағдайда электр қондырғысын автоматты түрде ажыратуды қамтамасыз ететін шұғыл әрекет жасайтын қорғаныш. | |
Защитное покрытие - покрытие, создаваемое на поверхности строительного изделия или конструкции для защиты от коррозии. | Қорғаныш жапқышы - тоттанудан сақтау үшін құрылыс бұйымының немесе құралымдарының бетінде жасалған жапқыш. | |
Защитное сооружение - инженерное сооружение, предназначенное для укрытия людей, техники и имущества от опасностей, возникающих в результате последствий аварий или катастроф на потенциально опасных объектах, либо стихийных бедствий в районах размещения этих объектов, а также от воздействия современных средств поражения. | Қорғаныш имараты - әлеуетті қауіпті нысандарда апаттар немесе зілзаланың, не осы нысандар орналасқан аудандардағы табиғи апаттардың салдарынан, сондай-ақ қазіргі зақымдау құралдарының әсерінен пайда болатын қауіп-қатерден адамдарды, техника мен мүлікті жасыруға арналған инженерлік имарат. | |
Защитный бетон - особо тяжелый бетон, используемый для защиты от нейтронного излучения (главным образом, за счет его поглощения) на атомных электростанциях, ядерных энергетических установках и др. | Қорғаныш бетон - атом электр станцияларында, ядролық энергетикалық қондырғыларда және т.б. нейтрондық сәуледен (ең бастысы, оның сіңуі есебінен) қорғану үшін пайдаланылатын айрықша ауыр бетон. | |
Защитный слой - элемент кровли, предохраняющий основной водоизоляционный ковер от механических повреждений, непосредственного воздействия атмосферных факторов, солнечной радиации и распространения огня на поверхности кровли. | Қорғаушы қабат - негізгі суоқшаулағыш кілемді механикалық зақымданулардан, атмосфералық факторлардың, күн радиациясының тікелей әсерінен және жабын беті үстінде от таралуынан қорғайтын жабын элементі. | |
Защитный слой бетона - слой бетона от наружной поверхности железобетонной конструкции до ближайшей поверхности арматуры. | Бетонның қорғаныш қабаты - бетонның темірбетон құралымының сыртқы бетінен арматураның жақын арадағы бетіне дейінгі қабаты. | |
Защитный угол светильника определяется углом, заключенным между горизонтальной плоскостью и линией, касательной к светящему телу лампы, проведенной через край отражателя или непрозрачного экрана. | Шырақтың қорғаныш бұрышы - көлденең жазық пен бейнелегіштің немесе мөлдір емес экранның шеті арқылы өткізілген шамның жарқырайтын денесіне жанама сызық арасында жасалған бұрыш деп анықталады. | |
Защищенность в чрезвычайных ситуациях (защищенность в ЧС) - состояние, при котором предотвращают, преодолевают или предельно снижают негативные последствия возникновения потенциальных опасностей в чрезвычайных ситуациях для населения, объектов народного хозяйства и окружающей природной среды. | Төтенше жағдайлардағы қорғаныштылық (ТЖ қорғаныштылық) - халық, халық шаруашылығы нысандары мен қоршаған табиғи орта үшін төтенше жағдайлардағы әлеуетті қауіп-қатерлердің пайда болуының теріс салдарын жоятын, болдырмайтын немесе неғұрлым азайтатын жағдай. | |
Звукоизоляционные материалы (преимущественно рулонные и плиточные) - используют в конструкциях межэтажных перекрытий, во внутренних стенах и перегородках (минераловатные и стекловолокнистые маты и плиты), а также как виброизоляционные прокладки (из эластичных газонаполненных пластмасс, литой или губчатой резины) под машины и оборудование. | Дыбыс оқшаулағыш материалдар (көбінесе рулонды немесе тақташалы) - қабатаралық жабулар құралымдарында, ішкі қабырғалар мен арақабырғаларда (минералдық мақта және шыны талшықты төсемдер мен тақталар), сондай-ақ машиналар мен жабдықтар астына виброоқшаулағыш төсемдер (созылмалы газ толтырылған пластмасса құйылған немесе кеуекті резеңке) ретінде пайдаланады. | |
Звукоизоляция ограждающих конструкций зданий - ослабление уровня звука, проникающего в помещение извне, путем повышения звукоизолированной способности ограждений. | Ғимарат құралымын қоршайтын дыбысоқшаулау - қоршаудың дыбысоқшаулау мүмкіндіктерін арттыру арқылы үй-жайға сырттан енетін дыбыс деңгейінің әлсіреуі. | |
Звукопоглощающие конструкции - конструкции и устройства для поглощения падающих на них звуковых волн. | Дыбыс сіңіргіш құралымдар - түсетін дыбыс толқындарын сіңіруге арналған құралымдар мен құрылғылар. | |
Звукопоглощающие материалы - применяют для облицовки помещений и технических устройств, требующих снижения уровня шумов, а также для улучшения акустических свойств зрительных залов, радиостудий и пр. | Дыбыс сіңіргіш материалдар - үй-жайды және шулар деңгейін төмендетуді талап ететін техникалық құрылғыларды қаптау үшін, сондай-ақ көрермен залдарының, радиостудиялардың және т.б. акустикалық қасиеттерін жақсарту үшін қолданады. | |
Звукопроницаемость - свойство материала пропускать воздушные и ударные звуки. | Дыбыс өткізушілік - материалдың ауа және ұрмалы дыбыстар өткізу қасиеті. | |
Здание - искусственное строение, состоящее из несущих и ограждающих конструкций, образующих обязательный наземный замкнутый объем, в зависимости от функционального назначения, используемое для проживания или пребывания людей, выполнения производственных процессов, а также размещения и хранения материальных ценностей. Здание может иметь подземную часть. | Ғимарат - адамдардың тұруына немесе iшiнде болуына, өндiрiстiк процестердi орындауға, сондай-ақ материалдық құндылықтарды орналастыруға және сақтауға пайдаланылатын қызметтік мақсатына байланысты жер бетiнде мiндеттi түрде тұйық көлемдi құрайтын, көтергіш және қоршау құралымдарынан тұратын жасанды құрылыс. Ғимараттың жерастындағы бөлiгi болуы мүмкiн. | |
Здание (помещение) сервисного обслуживания водителей и пассажиров — здание (помещение), предназначенное для обслуживания водителей и пассажиров. | Жүргiзушiлер мен жолаушыларға сервистiк қызмет көрсету ғимараты (үй-жайы) - жүргiзушiлер мен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған ғимарат (үй-жай). | |
Здание (помещение) сервисного обслуживания транспортных средств (мойка и посты технического обслуживания автомобилей) — здание (помещение), в котором предусматривается выполнение работ по техническому обслуживанию транспортных средств. | Көлiк құралдарына (автомобильдерді жуу және техникалық қызмет көрсету орындары) сервистiк қызмет көрсету ғимараты (үй-жайы) - көлiк құралдарына техникалық қызмет көрсету бойынша жұмыс атқару қарастырылатын ғимарат (үй-жай). | |
Здания жилые - квартирные дома для постоянного проживания людей и общежития для проживания в течение срока работы или учебы. | Тұрғын ғимараттар - адамдардың тұрақты тұруына арналған пәтерлі үйлер және жұмыс немесе оқу мерзімінде тұруға арналған жатақханалар. | |
Здания и сооружения временные - специально возводимые или временно приспосабливаемые (постоянные) на период строительства здания (жилые, культурно-бытовые и др.) и сооружения (производственного и вспомогательного назначения), необходимые для обслуживания работников строительства, организации и выполнения строительно-монтажных работ. | Уақытша ғимараттар мен имараттар - ғимарат (тұрғын, мәдени-тұрмыстық және т.б.) пен имараттардың (өндірістік және қосалқы қызметтегі) құрылысы мерзімінде құрылыс жұмысшыларына қызмет етуіне, құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау мен ұйымдастыруға қажетті арнайы салынған немесе уақытша ыңғайландырылған (тұрақты) құрылымдар. | |
Здания и сооружения общественные - здания и сооружения, предназначенные для социального обслуживания населения и для размещения административных учреждений и общественных организаций. | Қоғамдық ғимараттар мен имараттар - халыққа әлеуметтік қызмет көрсетуге және әкімшілік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарды орналастыруға арналған ғимараттар мен имараттар. | |
Здания производственные - здания для размещения промышленных и сельскохозяйственных производств и обеспечения необходимых условий для труда людей и эксплуатации технологического оборудования. | Өндірістік ғимараттар - өнеркәсіптік және ауылшаруашылық өндірістерді орналастыруға, адамдардың еңбек етуі үшін қажетті жағдайлар жасауға және технологиялық жабдықтарды пайдалануға арналған ғимараттар. | |
Земельный участок - земельная территория, закрепленная за жилым домом в порядке, установленном законодательством. | Жер телімі - заңмен белгіленген тәртіпте тұрғын үйге бекітілген жер аумағы. | |
Землеройно-фрезерная машина - землеройно-транспортная машина для послойной разработки (рытья) мерзлых грунтов и планировки поверхности. | Жер қазу-фрезерлеу машинасы - тоң топырақтарды қабатымен өңдеуге (қазуға) және бетін тегістеуге арналған жер қазу-тасымалдау машинасы. | |
Землеройные машины - машины для разработки грунтов всех категорий, в т.ч. мерзлых, скальных, заболоченных, а также залежей полезных ископаемых. | Жер қазу машиналары - барлық санаттағы топырақтарды, соның ішінде тоң, жартасты, батпақты, сондай-ақ пайдалы қазба кендерін өңдеуге арналған машиналар. | |
Землесосный снаряд, земснаряд - плавучая землеройная машина для извлечения грунта из-под воды всасыванием его в виде водогрунтовой смеси (пульпы). | Топырақ сору снаряды, жер снаряды - топырақты сутопырақ қоспасы (қойыртпақтар) түрінде су астынан сорып алуға арналған қалқымалы жер қазатын машина. | |
Землечерпательный снаряд - плавучая землеройная машина с черпаковым устройством для извлечения грунта из-под воды. | Топыраққарпығыш снаряд - су астынан топырақты алуға арналған топырақ шығару құрылғысы бар қалқымалы жер қазу машинасы. | |
Земляное полотно - сооружение, служащее основанием верхнего строения пути железной дороги и дорожной одежды автомобильной дороги. | Жер төсемі - теміржол жолының үстіңгі құрылысына және автомобиль жолының жол төсеміне негіз болатын имарат. | |
Знак безопасности - знак, предназначенный для предупреждения человека о возможной опасности, запрещении или предписании определенных действий, а также для информации о расположении объектов, использование которых связано с исключением или снижением последствий воздействия опасных и (или) вредных производственных факторов. | Қауіпсіздік белгісі - адамды болуы мүмкін қауіп туралы ескертуге, белгілі бір іс-әрекеттерге тыйым салу немесе бұйрық беруге, сондай-ақ пайдалануға қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың әсер етуі салдарын жою немесе азайтуға байланысты нысандардың орналасқаны туралы ақпараттандыруға арналған белгі. | |
Знаки геодезические - подземные устройства и наземные сооружения, обозначающие и закрепляющие положение геодезического пункта на местности. | Геодезиялық белгілер - жергілікті жердегі геодезиялық пункттің орналасуын білдіретін және бекітетін жерасты құрылғылары және жерүсті имараттары. | |
Золоудаление - удаление золы и шлаков, скапливающихся в зольных и шлаковых бункерах, топочных камерах, газоходах, золоуловителях котельных агрегатов при сжигании в них твердых топлив. | Күлді әкету - күлдің және қождың бункерлерінде, жанғыш камераларда, газ жолдарында, қазандық агрегатының күлұстағышында қатты отынды жағу кезінде жинақталған күл мен қожды әкету. | |
Золоуловитель - аппарат для очистки дымовых газов от летучей золы. | Күлұстағыш - түтінді газды ұшқан күлден тазартуға арналған аппарат. | |
Зона А - зона эскалатора, включающая криволинейный участок направляющих и натяжное устройство. | А аймағы - бағыттағыштардың қисық сызықты бөлігі және керу құрылғысы енетін эскалатор аймағы. | |
Зона Б - зона эскалатора, расположенная выше зоны Бн, включающая прямолинейные направляющие. | Б аймағы - Бн аймағынан жоғары орналасқан, құрамына түзу сызықты бағыттағыштар енетін эскалатор аймағы. | |
Зона Бн - зона эскалатора, расположенная выше зоны А, включающая прямолинейные направляющие и контрнаправляющие. | Бн аймағы - А аймағынан жоғары орналасқан, құрамына түзу сызықты бағыттағыштар мен кері бағыттағыштар кіретін эскалатор аймағы. | |
Зона В - верхняя зона эскалатора, расположенная после зоны И, включающая верхний криволинейный участок направляющих и привод поручня. | В аймағы - эскалатордың И аймағынан кейін орналасқан, құрамына бағыттағыштардың жоғарғы қисық сызықты бөлігі мен жетек тұтқасы кіретін жоғарғы аймағы. | |
Зона Д - дополнительная зона эскалатора, расположенная после зоны В. | Д аймағы - эскалатордың В аймағынан кейін орналасқан қосымша аймағы. | |
Зона Е - приводная зона эскалатора, расположенная после зоны В. | Е аймағы - эскалатордың В аймағынан кейін орналасқан жетек аймағы. | |
Зона Ед - приводная зона удлиненного эскалатора, расположенная после зоны Д. | Ед аймағы - Д аймағынан кейін орналасатын ұзартылған эскалатордың жетек аймағы. | |
Зона И - зона эскалатора, расположенная после зоны Б, включающая прямолинейные направляющие заданной длины. | И аймағы - Б аймағынан кейін орналасқан, құрамына берілген ұзындықтағы түзу сызықты бағыттағыштар кіретін эскалатор аймағы. | |
Зона М - приводная зона поэтажного эскалатора. | М аймағы - қабатаралық эскалатордың жетек аймағы. | |
Зона бедствия - часть зоны чрезвычайной ситуации, требующая дополнительной и немедленно предоставляемой помощи и материальных ресурсов для ликвидации чрезвычайной ситуации. | Зілзала аймағы - төтенше жағдайларды жою үшін қосымша және дереу көмек пен материалдық ресурстар көрсетуді талап ететін төтенше жағдай аймағының бөлігі. | |
Зона биологического заражения - территория или акватория, в пределах которой распространены или куда привнесены опасные биологические вещества, биологические средства поражения людей и животных или патогенные микроорганизмы, создающие опасность для жизни и здоровья людей, для сельскохозяйственных животных и растений, а также для окружающей природной среды. | Биологиялық зақымдану аймағы - адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылық жануарлары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға қауіп-қатер төндіретін қауіпті биологиялық заттар, адамдар мен жануарларды биологиялық қырып-жоятын құралдар немесе дерт тудыратын микроорганизмдер таратылған немесе ендірілген аумақ немесе су аймағы. | |
Зона вероятной чрезвычайной ситуации (зона ВЧС) - территория или акватория, на которой существует либо не исключена опасность возникновения чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдай болуы мүмкін аймақ (ТЖБ аймақ) - төтенше жағдай болатын не қаупі пайда болуы жойылмаған аумақ немесе су аймағы. | |
Зона временного отселения - территория, откуда при угрозе или во время возникновения чрезвычайной ситуации эвакуируют или временно выселяют проживающее на ней население с целью обеспечения его безопасности. | Уақытша көшіру аймағы - қауіп-қатер төнген уақытта немесе төтенше жағдайлар кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тұрғылықты халықты қоныс аудартатын немесе уақытша көшіретін аумақ. | |
Зона заражения - территория или акватория, в пределах которой распространены или куда привнесены опасные химические и биологические вещества в количествах, создающих опасность для людей, сельскохозяйственных животных и растений в течение определенного времени. Примечание: выделяют зоны химического и биологического заражения. | Залалдану аймағы - адамдарға, ауылшаруашылығы жануарларына және өсімдіктеріне белгілі бір мерзімде қатер төндіретін мөлшердегі қауіпті химиялық және биологиялық заттар таратылған немесе ендірілген аумақ немесе су аймағы. Ескерту: химиялық және биологиялық залалдану аймақтары деп ажыратылады. | |
Зона дорожно-климатическая - условная часть территории страны с однородными по особенностям сооружения автомобильных дорог климатическими условиями, характеризуемая сочетанием водно-теплового режима, глубины залегания грунтовых вод, глубины промерзания грунтов и количеством атмосферных осадков, свойственных только данной местности. | Жол-климаттық аймақ - су-жылу тәртібінің, топырақтық сулардың орналасу тереңдігінің, топырақтың қату тереңдігінің қабысуымен және тек сол жергілікті жерге ғана тән атмосфералық жауын-шашындар мөлшерінің үйлесуімен сипатталатын автомобиль жолдарының құрылыс ерекшеліктері бойынша бірқалыпты климаттық жағдайлары бар ел аумағының шартты бөлігі. | |
Зона охранная - зона, в которой устанавливается специальный режим охраны размещаемых объектов. | Күзету аймағы - орналастырылған нысандарды қорғаудың арнайы тәртібі белгіленетін аймақ. | |
Зона рабочая - участок, на котором непосредственно осуществляются строительно-монтажные работы и размещаются необходимые для этого материалы, готовые конструкции и изделия, машины и приспособления. | Жұмыс аймағы - құрылыс-жинақтау жұмыстары іске асырылатын және ол үшін қажетті материалдар, дайын құралымдар мен бұйымдар, машиналар мен құрал-жабдықтар орналастырылған телім. | |
Зона радиоактивного загрязнения - территория или акватория, в пределах которой имеется радиоактивное загрязнение. Примечание: в зависимости от степени радиоактивного загрязнения различают зоны умеренного, сильного, опасного и чрезвычайно опасного загрязнения. | Радиоактивтік ластанған аймақ - шегінде радиоактивтік ластану бар аумақ немесе су аймағы. Ескерту: радиактивті ластану дәрежесіне қарай орташа, күшті, қауіпті және аса қауіпті ластанған аймақтар деп ажыратылады. | |
Зона растекания тока замыкания на землю - зона земли, за пределами которой электрический потенциал, обусловленный токами замыкания на землю, может быть условно принят равным нулю. | Жерге тұйықталу тогының жайылған аймағы - жердегі тұйықталған токпен байланысқан электрлік әлеует шамамен нөлге тең болуы мүмкін жер бөлігі. | |
Зона с особыми условиями пользования - расположенная за границей полосы предоставления полоса местности, на которой устанавливается особый режим пользования землей. | Ерекше пайдалану шарттары бар аймақ - жергілікті жолақтың шекарасынан тыс орналасқан жерді пайдаланудың ерекше тәртібі белгіленетін жер алқабы. | |
Зона санитарно-защитная - зона, отделяющая промышленное предприятие от селитебной территории городов и других населенных пунктов, в пределах которой размещение зданий и сооружений, а также благоустройство территории регламентируются санитарными нормами. | Санитарлық қорғау аймағы - аумақтарында ғимараттар мен имараттарды орналастыру, сондай-ақ аумақты көркейту санитарлық нормалармен реттелетін қалалардың және басқа да елді мекендердің қоныстану аумақтарынан өнеркәсіптік кәсіпорынды ажырататын аймақ. | |
Зона санитарной охраны - территория и акватория, в определенных границах которых устанавливается особый санитарный режим, исключающий возможность заражения и загрязнения источников водоснабжения. | Санитарлық күзет аймағы - белгілі бір шекараларында сумен жабдықтау көздерінің улануы және ластануы мүмкіндігін болдырмайтын ерекше санитарлық тәртіп белгіленетін аумақ және су аймағы. | |
Зона химического заражения - территория или акватория, в пределах которой распространены или куда привнесены опасные химические вещества в концентрациях или количествах, создающих опасность для жизни и здоровья людей, для сельскохозяйственных животных и растений в течение определенного времени. | Химиялық зақымдану аймағы - белгілі бір уақыт кезінде адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауыл шаруашылық малдары мен өсімдіктеріне қатер төндіретін концентрацияда немесе мөлшерде қауіпті химиялық заттар таралған немесе ендірілген аумақ немесе су аймағы. | |
Зоны эскалаторов - составные части эскалатора, стыкуемые при монтаже. | Эскалаторлар аймақтары - жинақтау кезінде түйістірілетін эскалатордың құрамдас бөліктері. | |
Зуб плотины - элемент плотины в виде выступа, связанного с фундаментом и заглубленного в основание, служащий для исключения фильтрации воды и увеличения устойчивости плотины. | Бөгет тісі - судың сүзілуін болдырмау және бөгеттің орнықтылығын ұлғайту үшін қызмет ететін іргетаспен байланысқан және негізге тереңдетілген шоқы түріндегі бөгеттің элементі. | |
Идентичные стандарты (нормативные документы) - гармонизированные стандарты, которые идентичны по содержанию и по форме представления. | Сәйкесті стандарттар (нормативтік құжаттар) - мазмұны және ұсынылу түрі бойынша сәйкесті үйлестірілген стандарттар. | |
Избыточное давление во фронте ударной волны - разность между максимальным давлением во фронте ударной волны и нормальным атмосферным давлением перед этим фронтом. | Соққы толқынының маңдай шебіндегі артық қысым - соққы толқынының маңдай шебіндегі максималды қысым мен осы маңдай шебінің алдындағы қалыпты атмосфералық қысымның айырмасы. | |
Известняк - широко распространенная осадочная горная порода, состоящая главным образом из минерала кальцита в виде остатков известковых раковин (ракушечник) и скелетов различных организмов или мелких кристаллических зерен. | Әктас - негізінен әктас бақалшықтары (ұлутас) және түрлі ағзалардың қаңқаларының қалдықтары немесе ұсақ кристал түйіршіктері түріндегі кальцит минералынан тұратын кең таралған тау шөгінді жынысы. | |
Известь - обобщенное название продуктов обжига (и последующей переработки) известняка, мела и др. карбонатных пород. | Әк - әктасты, борды және т.б. карбонатты жыныстарды күйдіру (және одан кейінгі өңдеу) өнімдерінің жалпы атауы. | |
Изгиб в сопротивлении материалов - вид деформации, характеризующийся искривлением оси или срединной поверхности деформируемого объекта под действием внешних сил или температуры. | Материалдар кедергісіндегі иіліс - сыртқы күштер немесе температура әсерінен деформацияланатын нысан осьінің немесе орталық бетінің қисаюуымен сипатталатын деформация түрі. | |
Изделия строительные - элементы заводского изготовления, поставляемые на строительство в готовом виде. | Құрылыс бұйымдары - құрылыс орнына дайын түрде жеткізілетін зауытта жасалған элементтер. | |
Измельчение в технике - разрушение (дробление) кусков (частиц) твердого материала для уменьшения их размеров до требуемой крупности (не более 5 мм), гранулометрического состава или заданной степени раскрытия минералов какого-либо твердого продукта. | Техникадағы ұсату - қатты материал кесектерін (бөлшектерін) қажетті мөлшерге (5 мм үлкен емес) дейін, гранулометриялық құрамына дейін немесе қандай да бір қатты өнім минералдарының берілген ашылу дәрежесіне дейін ұсату үшін оларды талқандау (уату). | |
Измерение - совокупность действий, выполняемых при помощи средств измерений с целью нахождения числового значения измеряемой физической величины в принятых единицах. | Өлшеу - өлшеу құралдарының көмегімен өлшенетін физикалық шаманың сандық мөлшерін қабылданған өлшем бірлігінде табу үшін орындалатын амалдардың жиынтығы. | |
Износ - изменение размеров, формы, массы изделия или состояния его поверхности вследствие остаточной деформации от постоянно действующих нагрузок либо разрушения (изнашивания) поверхностного слоя при трении. | Тозу - тұрақты әсер ететін күштерден не үйкеліс әсерінен беттің бұзылуынан (тозуынан) болатын қалдық деформация салдарынан бұйым мөлшерінің, пішінінің, массасының немесе бетінің өзгеруі. | |
Износостойкость керамической плитки - способность плитки противостоять абразивным воздействиям при определенных условиях. | Керамикалық (қыш) тақташаның тозу төзімділігі - тақташаның белгілі жағдайларда абразивтік әсерлерге төзу қабілеттілігі. | |
Износостойкость, износоустойчивость - сопротивление материалов, деталей машин и др. трущихся друг о друга предметов изнашиванию. | Тозу төзімділігі, тозу тұрақтылығы - материалдардың, машина бөлшектерінің және т.б. бір-біріне үйкелетін заттардың тозуға төзімділігі. | |
Изобретение - 1) новое, обладающее существенными отличиями, дающее положительный эффект техническое решение задачи, необходимое для создания и неоднократного воспроизведения устройства (в т.ч. схемы), способа (технологии), вещества (материала) или применения ранее известных устройств, способов, веществ по новому назначению; 2) техническое решение, являющееся новым, имеющее изобретательский уровень и промышленно применимое. | Өнертабыс - 1) қондырғыны (соның ішінде сызбаны), әдісті (технологияны), затты (материалды) жасауға және бірнеше мәрте қайта жасауға немесе бұрыннан белгілі қондырғыларды, әдістерді, заттарды жаңаша пайдалануға қажетті мәселенің техникалық жаңа, ерекше айырмашылықтары бар, оң әсерлі шешімі; 2) жаңа, өнертабыс деңгейінде және өнеркәсіпте пайдалануға жарамды болып табылатын техникалық шешім. | |
Изол - 1) рулонный материал, получаемый из резинобитумного вяжущего, асбеста, пластификатора и антисептика; 2) изол - мастика - герметизированный и приклеивающий материал на основе нефтяного битума и каучука. | Изол - 1) резеңке битумді байланыстырушыдан, асбестен, пластификатордан және антисептиктен дайындалатын орамадағы материал; 2) изол - шайыр - мұнай битумі мен каучук негізінде жасалған герметизацияланған және жабыстырғыш материал. | |
Изолированная нейтраль - нейтраль генератора (трансформатора), не присоединенная к заземляющему устройству или присоединенная к нему через большое сопротивление. | Ажыратылған нейтраль - генератордың (трансформатордың) жерге тұйықтау жабдығына қосылмаған немесе оған үлкен кедергі арқылы қосылған нейтралы. | |
Изоляционная машина - машина для нанесения изолирующего слоя битумной мастики на предварительно очищенную и покрытую грунтовкой наружную поверхность трубопровода и обмотки его изоляционным материалом - стеклохолстом, бризолом, бумагой. | Ажыратушы машина - алдына ала тазартылған және тегістелген құбырдың бетіне битумді шайыр ажырату қабатын жағатын және оны ажыратушы материал - әйнек-кенеп, бризол, қағазбен қаптауға арналған машина. | |
Изразцы, кафли - керамические плитки для облицовки каминов, печей, стен фасадов зданий (фризы, наличники, карнизы) и т.п. | Сырлы тақталар, кафельдер - каминдердің, пештердің, ғимараттардың қасбетін, қабырғаларын және т.с.с. қаптауға арналған керамикалық тақташалар (фриздер, жақтаулар, кенерелер). | |
Изыскания инженерные - комплекс технических исследований, четких исследований района строительства, позволяющих обосновать его целесообразность и местоположение, собрать необходимые данные для проектирования новых или реконструкции существующих объектов. | Инженерлік ізденістер - құрылыс ауданының тиімділігін және орналасқан жерін негіздеуге, жаңа нысандарды жобалауға немесе бар нысандарды қайта құру үшін қажетті мәліметтер жинауға мүмкіндік беретін нақты зерттеулер, техникалық зерттеулер кешені. | |
Иловая площадка - элемент очистных сооружений, устраивается для обезвоживания осадка (ила), выпадающего из сточных вод или перегнившего в метантенках. | Тұнба алаңы - ақаба сулардан түсетін немесе метантенктерде шіріп кеткен тұнбаларды құрғату үшін орнатылатын тазарту имараттарының элементі. | |
Импост - 1) профилированная, иногда скульптурно обработанная архитектурная деталь над столбом, лопаткой, капителью колонны, или камень стены, служащие опорой для пяты арки; 2) узкий простенок или вертикальный брусок в оконном блоке, разделяющий дверной или оконный проемы на две части. | Импост - 1) баған, жауырын, ұстын капителі үстіндегі кескінделген, кейде мүсінделіп өңделген сәулеттік бөлшек, немесе дарбаза табанына тірек болатын қабырға тасы; 2) есік немесе терезе ойығын екі бөлікке бөлетін тар аралық немесе терезе блогіндегі вертикал білеуше. | |
Инвестиция - различные виды капиталовложений. | Инвестиция - күрделі қаржыландырудың түрлері. | |
Ингибитор коррозии арматуры - вещество, применяемое для предотвращения коррозии арматуры или снижения ее скорости и вводимое в состав бетона или в состав защитного покрытия арматуры. | Арматура тоттануының ингибиторы - арматураның тоттануын болдырмайтын немесе оның жылдамдығын тежеу үшін пайдаланылатын және бетон құрамына немесе арматураның қорғаныс қабаты құрамына енгізілетін зат. | |
Индекс цветопередачи — мера соответствия зрительных восприятий цветного объекта, освещенного исследуемым и стандартным источниками света при определенных условиях наблюдения. | Түс беру индексі - белгілі бақылау жағдайларында зерттелетін және стандартты жарық қөздерімен жарықтандырылған түсті нысанды көру қабілетінің сәйкестік шамасы. | |
Индустриализация - организация строительного производства с применением комплексно-механизированных процессов возведения зданий и сооружений и прогрессивных методов строительства и широким применением сборных конструкций, в том числе укрупненных с высокой заводской готовностью. | Индустрияландыру - ғимараттар мен имараттарды тұрғызуда кешенді-механикаландырылған процестер мен озық құрылыс тәсілдерін және құрастырмалы құралымдарды, соның ішінде ірілендірілген жоғары зауыттық дайындық деңгейіндегі құралымдарды кеңінен қолдану арқылы құрылысты ұйымдастыру. | |
Инженерная защита территорий, зданий и сооружений - комплекс инженерных сооружений и мероприятий, направленный на предотвращение отрицательного воздействия опасных геологических, экологических и др. процессов на территорию, здания и сооружения, а также защиту от их последствий. | Аумақтардың, ғимараттар мен имараттардың инженерлік қорғанышы - қауіпті геологиялық, экологиялық және т.б. процестердің аумақ, ғимараттар және имараттарға тиетін зиянды әсерін болдырмауға, сондай-ақ олардың салдарынан қорғауға бағытталған инженерлік имараттар мен шаралардың жиынтығы. | |
Инженерная подготовка территорий населенных мест - комплекс инженерных мероприятий, направленных на освоение территорий, их целесообразное использование, улучшение санитарно-гигиенических и микроклиматических условий населенных мест. | Елді мекендер аумақтарының инженерлік дайындығы - аумақтарды игеруге, оларды тиімді пайдалануға, елді мекендердің санитарлық-гигиеналық және микроклиматтық жағдайларын жақсартуға бағытталған инженерлік шаралардың кешені. | |
Инженерное оборудование зданий и населенных мест - комплекс технических устройств, обеспечивающих благоустроенные (комфортные) условия проживания населения. | Ғимараттар мен елді мекендерді инженерлік жабдықтау - халықтың қолайлы (жайлы) тұрмыс жағдайын қамтамасыз ететін техникалық қондырғылардың кешені. | |
Инженерно-геологический массив пород (ИГМП) - часть геологической среды, взаимодействующей с сооружениями в процессе строительства и эксплуатации (природно-техногенная система). Основным компонентом ИГМП являются горные породы. Различают ИГМП разных уровней, наименьшим из которых является инженерно-геологический элемент, породы которого обладают разными геомеханическими свойствами и напряженным состоянием. ИГМП может охватывать часть одной стратиграфо-литологической формации, комплекса и т. п. или состоять из нескольких комплексов, пачек и т. п. | Жыныстардың инженерлік-геологиялық массиві (ЖИГМ) - салу және пайдалану кезінде имараттармен өзара әрекеттесетін геологиялық ортаның бөлігі (табиғи-техногендік жүйе). ЖИГМ-нің негізгі құрамдас бөлігі тау жыныстары. ЖИГМ-нің түрлі деңгейлерін ажыратады, ең кішісі инженерлік-геологиялық элемент болып табылады, оның жыныстарының түрлі геомеханикалық қасиеттері және кернелген күйде болады. ЖИГМ стратиграфолитологиялық формацияның, кешеннің және т.с.с. бөлігін қамтуы мүмкін немесе бірнеше кешеннен, будалардан және т.с.с. тұрады. | |
Инженерные сети промышленного здания - комплекс коммуникаций, обслуживающих производственный процесс: технологические конвейеры и трубопроводы, устройства энергоснабжения, коммуникации связи и сигнализации, системы водоснабжения, канализации, шумопоглощения, пылеудаления и пр. | Өндірістік ғимараттың инженерлік желілері - өндірістік процеске қызмет ететін коммуникациялар кешені: технологиялық конвейерлер мен құбырлар, энергиямен жабдықтаушылар, байланыс және дыбыс беру коммуникациялары, сумен қамтамасыз ету, канализация, шуды сіңіруші, шаңнан тазарту және т.б. | |
Инжиниринг - совокупность технических услуг, которые носят характер консультаций и предоставлются в виде технической документации результатов исследований исходных данных для строительства, экономических расчетов, смет, рекомендаций и т.д. Инжиниринг включает в себя также технические услуги, непосредственно связанные со строительством определенного объекта или поставкой комплексного оборудования. | Инжиниринг - кеңес беру сипатында және құрылыс, экономикалық есептеулер, сметалар, ұсыныстар және т.б. үшін бастапқы деректерді зерттеу нәтижелері болып табылатын техникалық құжаттамалар түріндегі техникалық қызметтердің жиынтығы. Сонымен бірге инжиниринг өзіне белгілі бір нысан құрылысына немесе кешенді жабдықтауды жеткізіп беруге тікелей байланысты техникалық қызметтерді де қосады. | |
Инновация (инновационный процесс) - процесс, направленный на создание производство, развитие и качественное совершенствование новых изделий, технологий, организационных форм. Инновация включает исследование, освоение, внедрение, выпуск, использование, утилизацию. | Инновация (инновациялық процесс) - жаңа бұйымдарды, технологияларды, ұйымдастыру түрлерін құруға, өндіруге, дамытуға және сапа жағынан жетілдіруге бағытталған процесс. Инновация өзіне зерттеуді, игеруді, енгізуді, шығаруды, пайдалануды және қайта пайдаға асыруды қосады. | |
Инструкция - нормативный республиканский (РСН) или ведомственный (ВСН) документ в системе строительных норм и правил, устанавливающий нормы и правила: проектирования предприятий отдельных отраслей промышленности, а также зданий и сооружений различного назначения, конструкции инженерного оборудования; производства отдельных видов строительно-монтажных работ; применения материалов, конструкций и изделий ; организации проектно-изыскательских работ, механизации работ, нормированию труда и разработки проектно-сметной документации в строительстве и др. | Нұсқау - құрылыс нормалары мен ережелері жүйесіндегі нормалар мен ережелерді республикалық (РҚН), немесе ведомстволық (ВҚН) құжат: өнеркәсіптің жекелеген салаларында кәсіпорындарды, сондай-ақ әр түрлі арнаулы ғимараттар мен имараттарды, инженерлік жабдықтардың құралымдарын, құрылыс-жинақтау жұмыстары өндірісінің жекелеген түрлерінің жобасын тағайындайтын, материалдар, құралымдар мен бұйымдарды пайдалануды, жұмыстарды механикаландыруды, еңбекті нормалау және құрылыстық жобалық-сметалық құжаттарды дайындауды және басқаларды реттейтін ережелер мен нормалар. | |
Инструмент - собирательное название орудий труда или исполнительный механизм технологической машины. | Аспап - еңбек құралдарының жиынтық атауы немесе технологиялық машинаның атқарушы механизмі. | |
Интерьер - внутреннее пространство здания или отдельного помещения. | Интерьер - ғимараттың немесе жеке бөлменің ішкі кеңістігі. | |
Инфильтрация - просачивание сквозь капиллярные и субкапиллярные поры, трещины и др. пустоты в горных породах атмосферных осадков и вод, и движение этой гравитационной влаги в толще земной коры до уровня грунтовых вод. | Инфильтрация - тау жыныстарындағы капиллярлы және субкапиллярлы саңылаулар, жарықтар және т.б. бос жерлер арқылы атмосфералық жауын-шашынның, судың өтуі және осы гравитациялық ылғалдың жер қабығында топырақ сулары деңгейіне дейін жылжуы. | |
Информационно-управляющая система ЧС (ИУС ЧС) - система, предназначенная для сбора, комплексной обработки оперативной информации о чрезвычайных ситуациях и информационного обмена между различными подсистемами и звеньями ЧС, а также для обеспечения передачи органами повседневного управления необходимых указаний силам и средствам ликвидации чрезвычайных ситуаций. | ТЖ ақпараттық-басқару жүйесі (ТЖ АБЖ) - төтенше жағдайлар туралы жедел ақпараттарды жинауға, оларды кешенді өңдеуге және ТЖ-дың түрлі бағыныңқы жүйелері мен түйіндері арасында ақпарат алмасуға, сондай-ақ күнделікті басқару органдарының қажетті нұсқауларын төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдарына жеткізуге арналған жүйе. | |
Ипотека - залог недвижимого имущества (земли, сооружений и др.) для получения кредита. | Ипотека - несие алу үшін жылжымайтын мүлікті (жерді, ғимаратты және т.б.) кепілге беру. | |
Ипотечный кредит - кредит, полученный заемщиком под залог недвижимого имущества. | Ипотекалық несие - қарыз алушының жылжымайтын мүлікті кепілге беру арқылы алған несиесі. | |
Искривление грани керамической плитки - отклонение измеренной грани плитки от прямой, проходящей через ее концевые точки. | Керамикалық (қыш) тақташа қырының қисаюы - тақташаның өлшенген қырының оның шеткі нүктелері арқылы өтетін түзуден ауытқуы. | |
Искусственные сооружения - собирательное название транспортных сооружений, возводимых на пересечениях дорог с различными препятствиями - реками (водотоками), ущельями, другими дорогами, обвалоопасными или лавиноопасными участками и т.п. | Жасанды имараттар - жолдардың түрлі кедергілер - өзендер (су ағымдары), сайлар, басқа жолдар, көшкін қауіпті немесе сел қауіпті жерлермен және т.б. қиылысында салынатын қөліктік имараттардың жиынтық атауы. | |
Испаритель - теплообменник для испарения жидкости. | Буландырушы - сұйықты буландыруға арналған жылу алмастырушы. | |
Исполнение мобильного (инвентарного) здания или сооружения - классификационная категория мобильного (инвентарного) здания или сооружения по признаку соответствия его технического решения климатическим воздействиям и нагрузкам. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат немесе имараттың орындалуы - техникалық шешімінің климат әсері мен күштеріне сәйкестігі бойынша жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат немесе имараттарды топтастыру категориясы. | |
Исполнительная документация - комплект рабочих чертежей на строительство объекта с надписями о соответствии выполненных в натуре работ этим чертежам или внесенным в них изменениям, сделанным лицами, ответственными за производство работ, сертификаты, технические паспорта и др. документы, удостоверяющие качество материалов, акты об освидетельствовании скрытых работ, журналы работ, акты промежуточной и окончательной приемки, проведенных испытаний систем и др. | Орындаушы құжаттар - орындалған жұмыстардың сызбаларға немесе оларға енгізілген өзгерістерге сәйкестігін растайтын жұмысты жүргізуге жауапты адамдардың жазбалары бар жұмыс сызбаларының жиынтығы, сертификаттар, техникалық паспорттар және материалдардың сапасын растайтын т.б. құжаттар, жабық жұмыстарды қуәландыру туралы актілер, жұмыс журналдары, аралық және қорытынды қабылдау, жүйелерді сынау актілері және т.б. | |
Использование территории - осуществление на ней определенных видов деятельности (функций). | Аумақты пайдалану - аумақтарда белгілі бір қызмет түрлерін (функцияларды) жүзеге асыру. | |
Испытание оборудования индивидуальное - проверка в действии отдельных единиц смонтированного оборудования на соответствие техническим требованиям. | Жабдықтарды жекелеп сынау - орнатылған жабдықтардың жеке бірліктері жұмысының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. | |
Испытание оборудования комплексное - проверка в действии всего смонтированного оборудования и подвергнутого индивидуальным испытаниям оборудования на соответствие техническим требованиям. | Жабдықтарды кешенді сынау - орнатылған және жеке сынақтан өткен барлық жабдықтар жұмысының техникалық талаптарға сәйкестігін тексеру. | |
Испытания материалов - определение технологических и эксплуатационных свойств материалов на специальных машинах и приборах или приспособлениях. | Материалдарды сынау - арнайы машиналардағы және аспаптар немесе құрал-жабдықтардағы материалдардың технологиялық және пайдалану қасиеттерін анықтау. | |
Исследования инженерно-геологические - комплексное изучение и оценка геологических и гидрогеологических факторов (природных и вызванных деятельностью человека) с целью принятия соответствующих проектных решений и определения наиболее благоприятных мест размещения зданий и сооружений и условий производства строительных работ, а также мероприятий, обеспечивающих надежность зданий и сооружений от возможных геологических процессов. | Инженерлік-геологиялық зерттеулер - тиісті жобалық шешімдер қабылдау, ғимараттар мен имараттарды орналастыруға қолайлы орындарды және құрылыс жұмыстарын жүргізу шарттарын, сондай-ақ ғимараттар мен имараттардың мүмкін болатын геологиялық процестерге беріктігін қамтамасыз ету шараларын анықтау мақсатында геологиялық және гидрогеологиялық (табиғи және адамдардың әрекетінен пайда болған) факторларды кешенді зерттеу және бағалау. | |
Истираемость - способность материала уменьшаться в массе и объеме под воздействием истирающих усилий. Испытанием на истираемость подвергаются материалы для устройства полов, лестниц, покрытий дорог, аэродромов и др. | Уатылымдық - үйкеліс күштері әсерінен материалдың массасы мен көлемінің азаю қасиеті. Еден, баспалдақ, жол, аэродром жабындары және т.б. қолданылатын материалдар уатылымдыққа сыналады. | |
Источник зажигания - тепловая энергия, приводящая к возгоранию. | Тұтату көзі - жануға әкеліп соғатын жылу энергиясы. | |
Источник техногенной чрезвычайной ситуации (источник техногенной ЧС) - опасное техногенное происшествие, в результате которого на объекте, определенной территории или акватории произошла техногенная чрезвычайная ситуация. Примечание: к опасным техногенным происшествиям относят аварии на промышленных объектах или на транспорте, пожары, взрывы или высвобождение различных видов энергии. | Техногендік төтенше жағдай көзі (техногендік ТЖ көзі) - нәтижесінде нысанда, белгілі бір аумақта немесе су айдынында техногендік төтенше жағдай болған қауіпті техногендік оқиға. Ескерту: қауіпті техногендік оқиғаларға өндірістік нысандарда немесе көлікте болған апаттар, өрт, жарылыстар немесе әр түрлі энергияның сыртқа шығуы жатқызылады. | |
Источник чрезвычайной ситуации (источник ЧС) - опасное природное явление, авария или опасное техногенное происшествие, широко распространенная инфекционная болезнь людей, сельскохозяйственных животных и растений, а также применение современных средств поражения, в результате чего произошла или может возникнуть чрезвычайная ситуация. | Төтенше жағдай көзі (ТЖ көзі) - нәтижесінде төтенше жағдай пайда болған немесе пайда болуы мүмкін қауіпті табиғи құбылыс, апат немесе техногендік оқиға, адамдардың, ауыл шаруашылығы малдарының, өсімдіктерінің кең тараған инфекциялық аурулары, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдары. | |
Кабелеукладчик - 1) прицепная или самоходная машина для укладки электрических кабелей в земле и под водой; 2) кабелеукладчик горный - устройство, перемещающееся в лаве и служащее для укладки в специальный желоб электрических кабелей или др. коммуникаций, подведенных к добычному комбайну. | Кабель төсеуші - 1) электр кабельдерін жер астына және су астына салуға арналған тіркелмелі немесе өзі жүретін машина; 2) тауда кабель төсеуші - лаваның ішінде жүретін және шығару комбайнына жалғанған электр кабельдерін немесе басқа қатынастарды арнайы науаға төсейтін құрылғы. | |
Кабель электрический - один или несколько изолированных проводников (токопроводящих жил), заключенных в защитную (обычно герметичную) оболочку. | Электр кабелі - қорғаныш (әдетте герметикалық) қабатының ішіне орналастырылған бір немесе бірнеше оқшауланған өткізгіштер (ток өткізгіш желілер). | |
Кабельная канализация - система постоянных подземных сооружений для размещения кабелей энергетических и телефонных сетей в городах и на промышленных предприятиях. | Кабельдік канализация - электр және телефон тораптарының кабельдерін қалалар мен өндірістік кәсіпорындарда орналастыруға арналған тұрақты жерасты имараттарының жүйесі. | |
Кабельная ЛЭП - линия электропередачи, состоящая из одного или нескольких силовых кабелей, кабельных муфт и крепежных деталей. | Кабельді ЭТЖ - бір не бірнеше күштік кабельдерден, кабель жалғастырғыштарынан және бекіту бөлшектерінен тұратын электр тасымалдау желісі. | |
Кабельный кран, кабель-кран - грузоподъемный кран, устанавливаемый на стационарных или передвижных опорах (башнях), между которыми по несущему канату перемещается грузовая тележка. | Кабельдік кран, кабель‑кран - арасында көтеруші арқан бойынша жүкарба жылжитын тұрақты немесе қозғалмалы тіректерге (мұнараларға) орналастырылатын жүк көтеруші кран. | |
Кабельный кран - кран со стационарными или передвижными опорами, несущим канатом, по которому перемещается грузовая тележка, служащая для подъема груза и его перемещения на расстояния 100-1500 м через реки, овраги и т.д., грузоподъемностью от 5 до 50 т. | Кабелдік кран - жүкті көтеріп, өзендер, жыралар және т.б. арқылы 100-1500 м. қашықтыққа апаруға арналған жүкарбасы тұрақты немесе қозғалмалы тіректердің арасына тартылған көтеруші арқан бойынша қозғалатын кран, жүк көтерімділігі 5-50 т. | |
Каблучок - архитектурная деталь, состоящая из выпуклой и вогнутой дуг. | Өкше - дөңес және ойыс доғалардан тұратын сәулеттік бөлшек. | |
Кавитация - нарушение сплошности (однородности) потока жидкости вследствие образования в нем «пустот» мелких пузырьков или целых полостей, заполненных паром, газом или их смесью, выделившимися из жидкости в результате гидродинамических или акустических процессов. | Кавитация - гидродинамикалық немесе акустикалық процестер нәтижесінде сұйықтан бөлініп шыққан буға толы «бостықтардың» - ұсақ көпіршіктердің немесе үлкен қуыстардың пайда болуы нәтижесінде сұйықтық ағынының тұтастығының (біртектілігінің) бұзылуы. | |
Каланча - возвышающаяся над зданием пожарной части башня для наблюдения за возникновением пожара. | Өрт мұнарасы - өрт сөндіру бөлімі ғимаратының төбесінде өрттің пайда болуын бақылауға арналған мұнара. | |
Калевка - фигурный профиль бруска или доски. | Калевка - келтек немесе тақтайдың мәнерлі кескіні. | |
Калевка (отборная) - рубанок для фигурной обработки лицевых кромок деталей. | Калевка (таңдаулы) - бөлшектердің бетінің қырларын мәнерлеп өңдеуге арналған сүргі. | |
Калорифер - теплообменник из пластинчатых или гладких труб для нагрева воздуха в системах воздушного отопления, вентиляции и в сушилках. | Калорифер - ауаны жылыту, желдету жүйелерінде және кептіргіштерде қолданылатын пластинкалы немесе жұмыр құбырлардан тұратын жылу алмастырушы. | |
Калория - внесистемная единица количества теплоты, обозначается кал; 1 кал. - 4,1868 Дж. Термохимическая калория равна 4,1840 Дж. | Калория - жылу мөлшерінің жүйелік емес бірлігі, кал. деп белгіленеді; 1 кал - 4,1868 Дж. Термохимиялық калория 4,1840 Дж. тең. | |
Калька - прозрачная или полупрозрачная бумага или специально обработанная ткань, используемые для копирования чертежей карандашом или тушью. | Калька - сызбаларды қарындашпен немесе сиямен көшіру үшін пайдаланылатын мөлдір немесе жартылай мөлдір кағаз немесе арнайы өңделген мата. | |
Калькуляция - исчисление себестоимости произведенной единицы продукции или выполненных строительных работ. | Калькуляция - өңдірілген өнім бірлігінің немесе орындалған құрылыс жұмыстарының өзіндік құнын есептеп шығару. | |
Калькуляция себестоимости - исчисление в денежном выражении затрат на производство и реализацию продукции, работ и услуг. | Өзіндік құнын бағалау - өнімді өндіру мен өткізуге, жұмыс пен қызметке жұмсалған шығынның ақшалай мөлшерін есептеп шығару. | |
Кальцит - известковый шпат, минерал класса карбонатов СаСО3 , строительный и поделочный материал. | Кальцит - әк шпаты, СаСОз карбонаттар класының минералы, құрылыс және әрлеу материалы. | |
Каменная плотина - плотина, основные конструкции которой выполнены из каменных материалов без применения вяжущих. | Тас бөгет - негізгі құралымдары тас материалдарынан тұтқырларсыз жасалған бөгет. | |
Каменно-земляная плотина - плотина, большая часть тела которой выполнена из каменных материалов, а противофильтрационное устройство - из малопроницаемого грунта. | Тас-топырақ бөгет - негізгі бөлігі тас материалдардан, ал сүзілуге қарсы құрылғысы - өткізгіштігі төмен топырақтан жасалған бөгет. | |
Каменное литье (базальтовое, шлаковое литье) - литье расплавленных горных пород или шлаков для изготовления кислотоупорных труб, облицовочной плитки и т.п. | Тас құймасы (базальт, қож құймасы) - қышқылға төзімді кұбырлар, беттік тақташалар және т.б. жасауға арналған балқытылған тау жыныстарының немесе қождардың құймасы. | |
Каменные конструкции - несущие и ограждающие конструкции зданий и сооружений, выполненные из природного камня, кирпича или бетонных камней, а также из крупноразмерных сборных элементов (блоков, панелей). | Тас құралымдар - табиғи тастан, кірпіштен немесе бетон тастардан, сондай-ақ үлкен құрама бөлшектерден (блоктардан, панельдерден) қаланған ғимараттар мен имараттардың көтеруші және қоршаушы құралымдары. | |
Каменные природные строительные материалы - материалы, получаемые в результате обработки горных пород и применяемые для каменной кладки, облицовки, устройства кровель, дорожных покрытий и т.п. | Тас табиғи құрылыс материалдары - тау жыныстарын өңдеу нәтижесінде алынатын және тас қалауға, беттеуге, жабын жасауға, жол бетіне төсеуге және т.б. қолданылатын материалдар. | |
Каменные работы - строительные работы, выполняемые при возведении каменных конструкций зданий и сооружений: кладка кирпича или др. камней на растворе. | Тас жұмыстары - ғимараттар мен имараттардың тас құралымдарын тұрғызған кезде орындалатын құрылыс жұмыстары: кірпіш немесе басқа тастарды ерітіндімен қалау. | |
Каменный мост - мост с каменным пролетным строением; состоит из устоев, сводов и надсводной эстакады с гидроизоляционным покрытием. | Тас көпір - аралығы тастан жасалынған көпір, гидрооқшаулағыш қабатпен қапталған ұстындары, тоғыспа және тоғыспа үстіндегі эстакададан тұрады. | |
Камень искусственный - изделие, отличающееся от кирпича нормального формата габаритными размерами. | Жасанды тас - габариттік өлшемдері қалыпты үлгідегі кірпіштерден өзгешеленетін бұйым. | |
Камера - 1) помещение специального назначения; 2) в горном деле - подземная горная выработка шахты или рудника, имеющая сравнительно большие поперечные размеры при небольшой длине. | Камера - 1) арнайы тағайындалған бөлме; 2) тау-кен саласында - көлденең өлшемі кең, ұзындығы қысқа шахтаның немесе рудниктің жерасты қазбасы. | |
Камнерезная машина - машина для выпиливания из массива горных пород штучного камня. | Тас кесуші машина - тау жынысы массивінен тас бөлшектерін кесіп алуға арналған машина. | |
Камышит, камышитовые плиты - строительный материал из спрессованных стеблей камыша (тростника), скрепленных проволокой, применяемый в основном для тепловой изоляции ограждающих конструкций и заполнения каркасных стен 1-2-этажных домов. | Қамыс, қамыс тақталар - сыммен бекітілген, сығылған қамыс сабақтарынан жасалған құрылыс материалы, негізінен қоршаушы құралымдарда жылулық оқшаулау үшін және 1-2 қабатты үйлердің қаңқалық қабырғаларын толтыру үшін қолданылады. | |
Канавокопатель, каналокопатель - машина для прокладки осушительных и оросительных каналов, траншей, кюветов и др. | Арық қазушы, канал қазушы - құрғату және суару каналдарын, траншеяларын, кюветтерін салуға арналған машина. | |
Канал (в гидротехнике) - искусственное русло (водовод), устроенное в грунте с безнапорным движением воды. | Канал (гидротехникада) - жерде қазылып жасалған су арынсыз ағатын жасанды суағар (су арнасы). | |
Канал - протяженное открытое сооружение, расположенное в выемке или насыпи, предназначенное для безопасного пропуска воды; закрытое подземное протяженное сооружение высотой менее 2 м до выступающих конструкций, предназначенное для прокладки коммуникаций (кабелей, трубопроводов и т.д.). | Канал - қазылып немесе топырақ үйіндісімен қоршалып жасалған, суды қауіпсіз өткізуге арналған ұзын ашық имарат; қатынастарды (кабельдерді, құбырларды және т.с.с.) төсеуге арналған шығыңқы құралымдарға дейінгі биіктігі 2 м-ден төмен, жер астында тартылған ұзын жабық имарат. | |
Канализационная сеть - совокупность подземных трубопроводов и коллекторов для приема и отведения сточных вод с территорий населенных мест и промышленных предприятий к очистным сооружениям; основная часть системы канализации. | Канализациялық торап - ақаба суларды қабылдауға және елді мекендер мен өндірістік кәсіпорындардың аумақтарынан тазарту имараттарына әкетуге арналған жерасты құбырлары мен коллекторларының жиынтығы; канализация жүйесінің негізгі бөлігі. | |
Канализационная система - система подземных трубопроводов, отводящих сточные воды с территории населенных мест. | Канализациялық жүйе - елді мекендер аумағынан ақаба суларды әкететін жерасты құбырлар жүйесі. | |
Канализация - комплекс инженерных сооружений (трубопроводов, насосных станций, очистных сооружений и оборудования санитарных приборов, стояков и др.), обеспечивающих прием, сбор и отведение сточных вод с территорий населенных пунктов, промышленных предприятий и других объектов, а также их очистку и обезвреживание перед утилизацией или сбросом в водоем. | Канализация - ақаба суларды қабылдап, жинап, елді мекендер, өндірістік кәсіпорындар және басқа да нысандардың аумақтарынан шет жаққа әкетуді, сонымен қатар оларды пайдаға асыру немесе су қоймасына құю алдында тазарту мен залалсыздандыруды қамтамасыз ететін инженерлік имараттардың (құбырлар, сорғы станциялары, тазарту имараттары мен жабдықтар, санитарлық аспаптар, тікқұбырлар және т.б.) кешені. | |
Канализация кабельная - система постоянных подземных сооружений для размещения кабелей энергетических и телефонных сетей в городах и промышленных предприятиях. | Кабелдік канализация - қалаларда, өнеркәсіп орындарында энергетикалық желілер мен телефон тораптарын орналастыруға арналған тұрақты жерасты имараттар жүйесі. | |
Канат - гибкое изделие из стальных, синтетических или растительных (пеньковых, хлопчатобумажных) волокон. Различают канаты крученные, витые, невитые, плетенные. | Арқан - болаттардан, жасанды немесе өсімдік (түбіртекті, мақта) талшықтарынан жасалған иілгіш бұйым. Арқандар бұралған, есілген, есілмеген, тоқылған болып ажыратылады. | |
Канатная дорога - сооружение для транспортирования грузов и пассажиров, в котором перемещение вагонов, вагонеток или кресел осуществляется с помощью канатов, натянутых между опорами. | Арқан жол - вагондар, вагонеткалар және креслолар тіректердің арасына тартылған арқандар бойынша жылжитын жүктер мен жолаушыларды тасымалдауға арналған имарат. | |
Канатная пила - устройство для добычи и обработки природного камня, режущий орган - стальной канат диаметром 3-5 мм. | Арқанды ара - табиғи тасты кесіп алуға және өңдеуге арналған құрылғы, кесуші органы - диаметрі 3-5 мм болат арқан. | |
Капитальный ремонт здания - ремонт здания с целью восстановления его ресурса с заменой при необходимости конструктивных элементов и систем инженерного оборудования, а также улучшения эксплуатационных показателей. | Ғимаратты күрделi жөндеу - қажет болған жағдайда құралымдық бөлшектерi мен инженерлiк жабдықтардың жүйелерін ауыстырып ғимараттың қорларын қалпына келтiру, сондай-ақ пайдалану көрсеткiштерiн жақсарту мақсатында ғимаратты жөндеу. | |
Капитель - венчающая часть столба, колонны или пилястры. | Капитель - бағананың, ұстынның немесе пилястрдың жоғарғы бөлігі. | |
Каптаж — сооружение (каменная наброска, колодец, траншея) для перехвата и сбора подземных вод в местах их вывода на поверхность. | Каптаж - жерасты сулары жер бетіне шығатын жерлерде оларды қабылдау мен жинауға арналған имарат (тас үйіндісі, құдық, траншея). | |
Карбонатные породы - горные породы, состоящие из карбонатов кальция, магния, железа. | Карбонат жыныстары - кальций, магний, темір карбонаттарынан тұратын тау жыныстары. | |
Карбонизация бетона - процесс взаимодействия цементного камня с углекислым газом, приводящий к снижению щелочности жидкой фазы бетона. | Бетонның карбонаттануы - бетонның сұйық фазасының сілтілігінің төмендеуіне әкелетін цемент тасының көмірқышқыл газымен өзара әрекеттесу процесі. | |
Каркас - остов, скелет какого-либо изделия, сооружения, состоящий из отдельных скрепленных между собой стержней, балок и др. | Қаңқа - бір-біріне бекітілген жеке өзектер, жылға және т.б. тұратын қандай да бір бұйымның, имараттың керегесі, қаңқасы. | |
Каркас арматурный - совокупность стержней продольной и поперечной арматуры железобетонных конструкций, собранная (связанная, сваренная) в соответствующую объемную или плоскостную систему для установки в опалубочную форму. | Арматуралық қаңқа - қалыпқа орнату үшін тиісті көлемдік немесе жазықтықты жүйе түрінде құрастырылған (байланыстырылған, пісірілген) темірбетон құралымдардың бойлық және көлденең арматура шыбықтарының жиынтығы. | |
Каркас здания (сооружения) - стержневая несущая система, воспринимающая нагрузки и воздействия и обеспечивающая прочность и устойчивость здания. | Ғимараттар (имараттар) қаңқасы - жүктер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттың беріктігі мен орнықтылығын қамтамасыз ететін шыбықты көтергіш жүйе. | |
Каркасно-панельные конструкции - конструкции зданий, состоящие из несущих элементов каркаса и ограждающих конструкций (стен, перекрытий и покрытий), выполненных из панелей. | Панельді-қаңқалы құралымдар - панельдерден құрастырылған қаңқа мен қоршаушы құралымдардың (қабырғалардың, аражабындардың, жабындардың) көтергіш бөлшектерінен тұратын ғимараттардың құралымдары. | |
Карниз - 1) горизонтальный выступ на стене, поддерживающий крышу здания и защищающий стену от стекающей воды; часто имеет декоративное значение; 2) верхняя выступающая часть антаблемента. | Ернеу - 1) ғимараттың шатырын демеп тұратын және қабырғаны аққан судан қорғайтын қабырғадағы көлденең кертеш; әрлеу мақсатында жиі пайдаланылады; 2) сәнмаңдайшалардың жоғарғы шығыңқы бөлігі. | |
Карниз балюстрады - элемент балюстрады, к которому крепятся направляющие поручня и щиты балюстрады. | Тізбек қоршау ернеуі - тұтқа бағыттағыштары мен тізбек қоршау қалқандары бекітілетін тізбек қоршау элементі. | |
Карст - явления, связанные с растворением природными водами горных пород (гипс, каменная соль, и т.д.), образующие подземные полости, ходы, пещеры, учитываемые при проектировании и строительстве зданий и сооружений. | Карст - ғимараттар мен имараттарды жобалауда және салуда ескерілетін, жерасты қуыстарын, жолдарын және үңгірлер түзетін, тау жыныстарының (гипс, тас тұз және т.б.) табиғи суларда еруіне байланысты пайда болатын құбылыс. | |
Карта инженерно-геологического районирования - отображение на топографическом плане (карте) инженерно-геологических условий выделенных таксономических единиц (районов, подрайонов, участков и т.п.) с принятой (заданной) степенью однородности этих условий. | Инженерлік-геологиялық бөлу картасы - бөлінген таксономикалық бірліктердің (аудандардың, аудан бөліктерінің, телімдердің және т.с.с.) инженерлік-геологиялық шарттарын осы шарттардың біркелкілігінің қабылданған (берілген) дәрежесіне сәйкес топографиялық жоспарда (картада) көрсету. | |
Карта инженерно-геологических условий - отображение на топографическом плане (карте) (в цифровой, графической и иных формах) компонентов геологической среды, оказывающих влияние на здания и сооружения. | Инженерлік-геологиялық жағдай- лар картасы - ғимараттар мен имараттарға әсерін тигізетін геологиялық ортаның компоненттерін (цифрлық, кескіндемелік және басқа да түрде) топографиялық жоспарда (картада) көрсету. | |
Карта инженерно-экологическая - графическое отображение на карте современного экологического состояния окружающей среды и (или) прогноза ее изменения на заданный интервал времени. | Инженерлік-экологиялық карта - қоршаған ортаның қазіргі экологиялық жағдайын және (немесе) берілген уақыт аралығында оның өзгеруінің болжамын картада кескіндемелік бейнелеу. | |
Карта опасности природных и техноприродных процессов (карта опасности) - отображение на специальной карте (в цифровой, графической и иных формах) характеристик опасности (интенсивности, повторяемости, вероятности и др.) природных или техноприродных процессов. | Табиғи және технотабиғи процестердің қауіптілігінің картасы (қауіптілік картасы) - табиғи немесе технотабиғи процестердің қауіптілігінің (үдемелілігінің, қайталануының, ықтималдығының және т.б.) сипаттамаларын арнайы картада (цифрлік, кескіндемелік және басқа да түрде) бейнелеу. | |
Карта риска от природных и техноприродных процессов (карта риска) - отображение на специальной карте (в цифровой, графической и иных формах) вероятных потерь (социальных, материальных и др.) от воздействий природных и техноприродных процессов. | Табиғи және технотабиғи процестерден болуы ықтимал қауіп-қатер картасы (ықтимал қауіп-қатер картасы) - табиғи немесе технотабиғи процестердің әсерінен болуы ықтимал қауіп-қатерді (әлеуметтік, материалдық) арнайы картада (цифрлік, кескіндемелік және басқа да түрде) бейнелеу. | |
Карта технологическая - документ, устанавливающий рациональную и стабильную технологию производства часто повторяющегося вида строительно-монтажных работ и используемый взамен проекта производства работ или в дополнение к нему. | Технологиялық карта - жиі қайталанатын құрылыс-жинақтау жұмыстарының тиімді және тұрақты технологиясын белгілейтін және жұмыс өндіру жобасының орнына немесе оған қосымша ретінде пайдаланылатын құжат. | |
Карта трудовых процессов - документ, устанавливающий рациональную и стабильную технологию какого-либо производственного процесса с часто повторяющимися производственными операциями и определяющий методы, условия выполнения и материально-технического обеспечения этих операций. | Еңбек процестерінің картасы - өндіріс операциялары жиі қайталанатын қандай да бір өндіріс процесінің тиімді және тұрақты технологиясын белгілейтін және осы операциялардың әдістерін, орындалу және материалдық-техникалық қамсыздандыру жағдайларын анықтайтын құжат. | |
Картон - разновидность бумаги; характеризуется большой удельной массой. | Қатты қағаз - қағаздың түрі, үлкен меншікті массасымен сипатталады. | |
Карьер - 1) горное предприятие по добыче полезных ископаемых открытым способом; 2) совокупность выемок в земной коре, образованных в результате ведения горных работ по добыче полезных ископаемых при открытой разработке. | Карьер - 1) пайдалы қазбаларды ашық жолмен өндіретін тау-кен кәсіпорны; 2) пайдалы қазбаларды ашық жолмен өндіру кезінде тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде пайда болған жер қыртысы қазбаларының жиынтығы. | |
Каталог единичных расценок - сборник единичных расценок на общестроительные и специальные работы, привязанных к законам строительства в области (регионе, республике) или для конкретных условий отдельных крупных строек, а также для специализированных и линейных строек. | Жеке бағалар каталогі - облыстағы (аймақ, республика) құрылыс заңдарына бекітілген жалпы құрылыс және арнайы жұмыстарға немесе жекелеген ірі құрылыстардың нақты шарттарына, сондай-ақ мамандандырылған және салалық құрылыстарға арналған жеке бағалар жинағы. | |
Катанка - горячекатанная проволока диаметром 5-10 мм. Применяется при армировании железобетонных конструкций. | Катанка - бас кермесі 5-10 мм ыстықтай созылған сым. Темірбетон құралымдарын арматуралауQwerty кезінде қолданылады. | |
Каток дорожный - прицепная или самоходная машина для уплотнения укатыванием грунтов, дорожных оснований и покрытий и т.д. | Жол аунағы - топырақты, жол негіздері мен қабаттарын және т.б. домалау арқылы нығыздауға арналған тіркелетін немесе өзі жүретін машина. | |
Кафель - керамические плитки для облицовки стен, печей и т.д. Могут быть гладкие, рельефные, покрытые глазурью. | Кафель - қабырғаларды, пештерді қаптауға арналған керамикалық тақташалар. Тегіс, бедерлі, зертас жалатылған болуы мүмкін. | |
Качество строительной продукции - совокупность потребительских свойств строительной продукции и ее способность удовлетворять определенные потребности народного хозяйства или населения с точки зрения технических, эстетических, социальных требований, установленных в нормативных документах и стандартах. | Құрылыс өнімдерінің сапасы - құрылыс өнімдерінің тұтынушылық қасиеттерінің жиынтығы және олардың нормативтік және стандарттық құжаттарда белгіленген техникалық, эстетикалық, әлеуметтік талаптар тұрғысынан халық шаруашылығының немесе халықтың белгілі бір қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілеті. | |
Кварцевое стекло - силикатное стекло, получаемое плавлением природных разновидностей кремнезема - горного хрусталя, жильного кварца и кварцевого песка, а также синтетического диоксида кремния. | Кварцтік әйнек - кремнийдің табиғи түрлерін - тау хрусталін, желіліQwerty кварцті және кварц құмын, сондай-ақ кремнийдің синтетикалық диоксидін балқыту арқылы алынатын силикат әйнек. | |
Керамзит - искусственный пористый материал в виде гравия (реже щебня), служащий заполнителем для легких бетонов, реже используемый в качестве теплоизоляционной и звукоизоляционной засыпки в конструкциях зданий. | Керамзит - жеңіл бетондарды толтырғыш, сирегірек ғимараттардың құралымдарында жылу ұстағыш және дыбыс ұстағыш толтырушы ретінде пайдаланылатын малтатас (сирегірек қиыршықтас) түріндегі жасанды кеуекті материал. | |
Керамзитобетон - легкий бетон, в котором заполнителем является керамзит и песок, а вяжущим - цемент (реже строительный гипс, известь или синтетические смолы). | Керамзитобетон - толтырғышы - керамзит пен құм, тұтқырлаушысы - цемент (сирегірек - құрылыс гипсі, әк немесе синтетикалық шайырлар) болып табылатын жеңіл бетон. | |
Керамика - изделия и материалы, получаемые спеканием глин и их смесей с минеральными добавками, а также оксидов металлов и др. неорганических соединений. | Керамика - саз және оның минералды қоспалармен қоспасын, сондай-ақ металдардың және т.б. органикалық емес қосылыстардың оксидтерін пісіру арқылы алынатын бұйымдар мен материалдар. | |
Керамическая плитка - изготовленное из керамической массы плоское, как правило, тонкостенное глазурованное или неглазурованное изделие, применяемое для наружной или внутренней облицовки стен и стеновых панелей, а также для настилки полов. | Керамикалық тақташа - қабырғалардың және қабырға панельдердің сырты мен ішін қаптауға, сондай-ақ еденге төсеуге пайдаланылатын керамикалық массадан жасалған жазық, әдетте жұқа ғана зертасталған немесе зертасталмаған бұйым. | |
Керамические краски - окрашенные минеральные вещества (обычно оксиды тяжелых цветных металлов или синтетические соединения типа корундов, гранатов, цирконов), стойкие при высоких температурах. | Керамикалық сырлар - жоғары температураларға төзімді, боялған минералды заттар (әдетте ауыр түсті металдардың оксидтері немесе корундтер, гранаттар, циркондар сияқты синтетикалық қоспалар). | |
Керамические плитки для полов, метлахские плитки - прессованные плитки из полусухих порошкообразных керамических масс с последующей сушкой и обжигом до спекания, отличающиеся высокой прочностью, износостойкостью, водо- и химической стойкостью. | Еденге арналған керамикалық тақташалар, метлах тақташалары - жоғары беріктігімен, тозуға төзімділігімен, суға және химиялық әсерге бекемдігімен ерекшеленетін жартылай құрғақ керамикалық ұнтақ тәрізді массалардан сығылып жасалған, одан кейін кептіріліп, піскенше күйдірілген тақташалар. | |
Керамические покрытия - тонкие (15-150 мкм) керамические пленки (преимущественно на основе огнеупорных оксидов металлов и керметов), наносимые на металлическую или иную поверхность для повышения ее химической, термической и механической стойкости. | Керамикалық қабаттар - химиялық, термикалық және механикалық төзімділігін жоғарылату үшін металл немесе басқа бетке жапсырылатын жұқа (15-150 мкм) керамикалық қабық (көбінесе металдар мен керметтердің отқа төзімді оксидтері негізінде жасалады). | |
Керметы - композиционные материалы, содержащие металлы (или сплавы) и один или несколько видов керамики. | Керметтер - құрамында металдар (немесе құймалар) және бір немесе бірнеше керамика түрі бар композициялық материалдар. | |
Керн - 1) керн в горном деле - цилиндрическая колонка горной породы, получаемая кольцевым разрушением забоя при бурении скважины; 2) керн в приборостроении - стальной стержень, запрессованный в буксы или в конце трубчатой оси подвижной части механизмов электроизмерительных приборов, часов и т.п.; 3) керн в металлообработке - точка, нанесенная кернером. | Керн - 1) тау-кен саласындағы керн - скважинаны бұрғылау кезінде жынысты шеңберлік қиратумен алынатын тау жынысының цилиндр пішінді өзегі; 2) аспап жасаудағы керн - буксілерге немесе электр өлшеуіш аспаптардың, сағаттардың және т.с.с. қозғалмалы механизмдерінің құбырлық осьінің аяғына сығымдалып салынған болат шыбық; 3) металл өңдеудегі керн - кернермен жасалған нүкте. | |
Кессон в строительстве - преимущественно железобетонная конструкция для сооружения под водой или в водонасыщенном грунте глубоких массивных фундаментов. | Құрылыстағы кессон - су астында немесе сулы топырақта терең ірі іргетас орнатуға арналған көбінесе темірбетон құралымдар. | |
Кессон в архитектуре - углубление (обычно квадратной формы) на потолке, на внутренней поверхности арки. | Сәулеттегі кессон - төбедегі, арканың ішкі бетіндегі тереңдету (әдетте квадрат пішінді). | |
Кипрегель - геодезический прибор для измерения вертикальных углов, расстояний, превышений и графического построения направлений и нанесения их на план рельефа при топографической съемке. | Кипрегель - тік бұрыштарды, арақашықтықтарды, артықшылықтарды өлшеуге және бағыттарды кескіндеме түрінде салуға және оларды топографиялық түсірілім кезінде бедер жоспарына түсіруге арналған геодезиялық аспап. | |
Кирпич - искусственный камень правильной формы (обычно в виде прямоугольного параллелепипеда), сформированный из минеральных материалов, приобретающий камнеподобные свойства (прочность, водостойкость, морозостойкость) после обжига или обработки паром. | Кірпіш - минералдық материалдардан жасалған, күйдіру немесе бумен өңдегеннен кейін тастың қасиеттеріне ұқсас қасиеттерге (беріктік, суға төзімділік, аязға төзімділік) ие болатын дұрыс пішінді жасанды тас (әдетте тік бұрышты параллелепипед түрінде). | |
Кирпич нормативного формата (КФ, условный кирпич) - керамическое, силикатное или иное изделие нормального формата размером 250x120x65 мм, полнотелое или пустотелое. | Нормативтік үлгідегі кірпіш (НК, шартты кірпіш) - қалыпты үлгідегі өлшемі 250х120x65 мм, толық немесе қуыс денелі керамикалық, силикат немесе басқа бұйым. | |
Кирпич утолщенный - керамическое, силикатное или иное изделие размером 250x120x96 мм, полнотелое или пустотелое, отличающееся от кирпича нормального формата по толщине. | Қалыңдатылған кірпіш - өлшемі 250x120x96 мм қалыпты үлгідегі кірпіштен қалыңдығы бойынша ажыратылатын, толық немесе қуыс денелі керамикалық, силикат немесе басқа бұйым. | |
Кислородная резка - газовая, автогенная резка металла в струе кислорода. | Оттегімен кесу - металды оттегінің жіңішке ағысында газбен, автогендік кесу. | |
Кислотная коррозия бетона - коррозия бетона в результате взаимодействия его с кислотами. | Бетонның қышқылдық тоттануы - қышқылдармен өзара әсерлесуі нәтижесінде болатын бетонның тоттануы. | |
Кислотостойкие материалы, кислотоупорные материалы - материалы, способные противостоять разрушающему действию кислот. | Қышқылға төзімді материалдар, қышқылға берік материалдар - қышқылдың қирату әсеріне қарсы тұра алатын материалдар. | |
Кислотостойкий раствор (бетон) - раствор (бетон), состоящий из вяжущего в виде растворимых силикатов калия или натрия, инициатора твердения и кислотостойких заполнителей: пылевидного наполнителя, песка (щебня). | Қышқылға төзімді ерітінді (бетон) - калийдің немесе натрийдің ерітілмелі силикаттары түріндегі тұтқырдан, қатаю инициаторынан және қышқылға төзімді толтырғыштардан: шаң түріндегі толтырғыштан, құмнан (қиыршықтастан) тұратын ерітінді (бетон). | |
Кислотостойкость - способность материалов противостоять действию кислот. | Қышқылға төзімділік - материалдардың қышқылдардың әсеріне қарсы тұру қабілеті. | |
Кислотостойкость керамической плитки - способность плитки противостоять воздействию заданной кислоты определенной концентрации при определенных условиях без последующего появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка. | Керамикалық тақташаның қышқылға төзімділігі - нәтижесінде зертасталған бетінде ақау пайда болмайтын және (немесе) негізі қирамайтын тақташаның берілген қышқылдың белгілі концентрациясына белгілі жағдайда қарсы тұру қабілеті. | |
Кислотоупорные материалы - высокостойкие материалы против разрушающего действия кислот . Это могут быть высоколегированные стали, чугуны, сплавы, горные породы, керамика, резинка, стекло, специальные замазки и т.д. | Қышқылға берік материалдар - қышқылдың қирату әсеріне төзімділігі жоғары материалдар. Қоспалары жоғары легирленген болат, шойын, қорытпа, тау жыныстары, керамика, резеңке, шыны, арнайы қойыртпақ зат және т.б. болуы мүмкін. | |
Кислотоупорный цемент состоит из смеси тонко измельченной горной породы, в которую вводится жидкое стекло. | Қышқылға берік цемент - құрамына сұйық шыны енгізілген майдаланған тау жыныстарының қоспасынан тұрады. | |
Кладка зимняя - возведение каменных конструкций при отрицательных температурах наружного воздуха на растворах с противоморозными добавками или способом замораживания. | Қысқы қалау - сыртқы ауаның төмен температурасында аязға қарсы қоспалар қосылған ерітінділермен немесе мұздату тәсілімен тас құралымдарды тұрғызу. | |
Клеевые краски - краски на основе водных растворов эфиров целлюлозы, поливинилового спирта, крахмала, казеина. Образуют пористые, обычно неводостойкие покрытия. Применяются для отделки внутри помещений. Водостойкие казеиновые клеевые краски применяют для окраски фасадов и получения моющихся покрытий. | Желімдік сырлар - целлюлоза эфирі, поливинил спирті, крахмал, казеиннің судағы ерітіндісі негізінде жасалған сырлар. Кеуекті, әдетте суға төзімсіз қабаттар түзеді. Ғимараттың ішін әрлеу үшін қолданылады. Суға төзімді казеин желімдік сырларды қасбеттерді сырлау үшін және жуылатын қабат жасау үшін қолданады. | |
Клей, адгезивы - композиции на основе органических или неорганических веществ, способные соединять (склеивать) различные материалы за счет образования прочной адгезивной связи клеевой прослойки с поверхностями соединяемых материалов. | Желім, адгезивтер - желімдік қабаттың жабыстырылатын материалдардың беттерімен берік адгезивті байланыс жасауы нәтижесінде түрлі материалдарды жабыстыратын (желімдейтін) органикалық немесе органикалық емес заттар негізіндегі композициялар. | |
Клейстер - клейний раствор, получаемый нагреванием водной суспензии крахмала. Применяют в малярных, переплетных и др. работах. | Клейстер - крахмалдың су жүзгіндерін жылыту арқылы алынатын желімдегіш ерітінді. Сырлау, түптеу және т.б. жұмыстарында қолданылады. | |
Клепальная машина - машина, предназначенная для выполнения клепки. | Тойтармалаушы машина - тойтармалауды орындауға арналған машина. | |
Клепальный молоток - пневматическая ручная машина ударного действия для образования замыкающей головки на заклепке. | Тойтармалаушы балға - тойтармаға тұйықтаушы бас тиек жасау үшін соққылы әрекет жасайтын пневматикалық қол машина. | |
Клепаные конструкции - металлические конструкции зданий, сооружений, машин, технологического оборудования, элементы которых соединяются заклепками. | Тойтармалық құралымдар - бөлшектері тойтармалармен қосылатын ғимараттардың, имараттардың, машиналардың, технологиялық жабдықтардың металл құралымдары. | |
Клепка - образование неразъемных соединений элементов преимущественно из листового материала при помощи заклепок. | Тойтармалау - тойтармалардың көмегімен көбінесе, табақ материалдардан ажыратылмайтын қосылыстар жасау. | |
Клеть, сруб - простейшая деревянная конструкция, образованная положением один на другой венцами из бревен или брусьев. | Клеть, сруб - бөренелер немесе келтектерді бірінің үстіне бірін қойып жасалған қарапайым ағаш құралым. | |
Клин - деталь призматической формы, имеющая две рабочие поверхности, сходящиеся под углом. | Сына - бұрыш жасап түйісетін екі жұмыс беті бар призма пішінді бөлшек. | |
Клинкер дорожный - высокопрочный кирпич, полученный из специальных (клинкерных) глин обжигом до полного спекания. | Жол клинкері - арнайы (клинкерлік) саздардан толығымен піскенше күйдіру арқылы алынатын беріктігі жоғары кірпіш. | |
Клинкер цементный - полуфабрикат в виде спеченной сырьевой смеси (например, известняка и глины) для изготовления цемента. | Цементтік клинкер - пісірілген шикізат қоспасы (мысалы, әктас немесе саз) түріндегі цемент дайындауға арналған жартылай фабрикат. | |
Клиновое соединение - разъемное неподвижное соединение деталей машин, затягиваемое или регулируемое при помощи клина. | Сыналық қосылыс - машина бөлшектерінің сынаның көмегімен тартылатын немесе реттелетін ажыратылмалы қозғалмайтын қосылысы. | |
Клиринг - система безналичных расчетов за товары и услуги, основанные на зачете взаимных требований. | Клиринг - өзара талаптарды есепке алу негізінде тауарлар мен қызметке қолма-қол ақшасыз есеп айырысу жүйесі. | |
Ключ - изделие, служащее для приведения в действие запирающих устройств замка или штифтов цилиндрового механизма, обеспечивающее выход засова из корпуса замка. | Кілт - ысырманың құлыптың корпусынан шығуын қамтамасыз ететін, құлыптың құлыптау құрылғыларын немесе цилиндрлік механизмінің штифтілерін қозғалту үшін қызмет ететін бұйым. | |
Ключ соединительных головок - устройство для облегчения смыкания или размыкания пожарных соединительных головок. | Қосқыш бас тиектердің кілті - өрт сөндіруші қосқыш бас тиектердің тұтасуы мен ажыратылуын жеңілдететін құрылғы. | |
Ковер из керамических плиток - набор плиток, наклеенных на ситообразный материал или на лист бумаги, предназначенный для облегчения работ при укладке. | Керамикалық тақташалардан жасалған кілем - қалау жұмыстарын жеңілдетуге арналған елеуіш үлгісіндегі материал немесе қағаз бетке жапсырылған тақташалар жиынтығы. | |
Ковш землеройной и подъемно-транспортной машины - рабочий орган для захвата-отделения части материала от массива и переноса его к месту разгрузки (погрузки). | Жер қазу және көтергіш-тасу машиналарының шөміші - материалдың бір бөлігін массивтен бөліп алып, тиеу (түсіру) орнына тасуға арналған жұмыс органы. | |
Ковшовый элеватор - машина непрерывного действия для подъема сыпучих материалов в ковшах, присоединенных к движущейся ленте (ленточные элеваторы) или цепи (цепные элеваторы). | Шөмішті элеватор - үгітілгіш материалдарды жылжымалы таспаға (таспалық элеваторлар) немесе шынжырға (шынжырлы элеваторлар) қосылған шөміштермен көтеруге арналған үзіліссіз жұмыс істейтін машина. | |
Когезия - сцепление, притяжение между частицами одного и того же твердого тела или жидкости, приводящее к объединению этих частиц в единое тело и обусловленное межмолекулярным взаимодействием. | Когезия - бір қатты дененің немесе сұйықтың ұсақ бөлшектерінің тұтас денеге біруігіне әкелетін және молекулалардың өзара әрекеті нәтижесінде болатын осы бөлшектердің бір-бірімен ілінісуі, бір-біріне тартылуы. | |
Козловый кран - грузоподъемный кран в виде моста на жестких опорах, передвигающихся по рельсовому пути или бетонному основанию. | Төрттағанды кран - рельстер немесе бетон негіздің үстінде қозғалатын қатты тіректерге орнатылған көпір түріндегі жүк көтеруші кран. | |
Кокошник в архитектуре - ложная закомара, имеющая лишь декоративное назначение. | Сәулеттегі кокошник - тек әрлеуге ғана арналған жалған бөлшек. | |
Колебания - изменения во времени какой-либо физической величины, характеризующиеся той или иной степенью повторяемости. | Тербелістер - қайталану дәрежесімен сипатталатын қандай да бір физикалық өлшемнің уақыт аралығындағы өзгерістері. | |
Колебания механические - колебания, совершаемые твердыми телами, жидкостями или газами. | Механикалық тербелістер - қатты денелердің, сұйықтардың немесе газдардың тербелісі. | |
Колея - следы, образованные в мягком грунте или снегу при движении транспортных средств. | Соқпақ - көліктер жүрген жұмсақ топырақта немесе қардың бетінде пайда болатын із. | |
Коллектор коммуникационный - 1) подземное протяженное сооружение для транспортирования жидкостей и газов (без трубопроводов); 2) подземное протяженное сооружение для комбинированной прокладки трубопроводов и кабелей различного назначения. | Қатынас коллекторы - 1) сұйықтар мен газдарды (құбырсыз) тасымалдау үшін қажет жерасты бойлық имараты; 2) арнаулы түрлі құбырлар мен кабельдерді қиылыстырып төсеуге арналған жерасты бойлық имараты. | |
Коллектор осушительных систем - дренажная труба или канал, которые принимают воду из регулирующей части осушительной сети и отводят ее за пределы осушаемой территории. | Құрғату жүйелерінің коллекторы - құрғату торабының реттеу бөлімінен суды қабылдайтын және оны құрғатылатын аймағынан тыс жерге әкететін құрғатқыш құбыр немесе канал. | |
Коллектор канализационный - участок канализационной сети, собирающий сточные воды из бассейнов канализования. | Канализациялық коллектор - канализациялау бассейндерінен ақаба суларды жинайтын канализация торабының телімі. | |
Колодец - сооружение в виде вертикальной скважины, шахты или камеры. Колодцы гидротехнические устраивают с целью сбора подземных вод для водоснабжения и орошения - водозаборный колодец; для пополнения запаса подземных вод поверхностными или сброса дренажных и осветленных канализационных вод - поглощающий колодец; для регулирования забора воды из рек, озер, водохранилищ - береговой колодец. Колодец канализационный сооружают на канализационной сети для ее осмотра, промывки, прочистки и пр. (смотровые, перепадные, промывные). | Құдық - тік ұңғыма, шахта немесе камера түріндегі құрылыс. Гидротехникалық құдықтарды жерасты суын жинау арқылы сумен жабдықтау және суару үшін - су алғыш құдық ретінде орнатады; жерасты су қорын жер беті суларымен толықтыру немесе дренаж және тазартылған канализация суларын ағызып жіберу үшін - жұтқыш құдық; өзендерден, көлдерден, су қоймаларынан алынатын су мөлшерін реттеу үшін - жағалық құдық орнатады. Канализациялық құдықты канализациялық торапта оны тексеру, жуу, тазалау және т.б. (тексеру, сарқырама, жуғыш құдықтар) үшін орнатады. | |
Колодец сетевой - элемент наружной сети водопровода или канализации, предназначенный для установки трубопроводной арматуры, приборов, устройств присоединений, для прочистки сети и др. | Торап құдығы - құбырлық арматураларды, аспаптарды, қосу, торапты тазарту қондырғыларын орнатуға және т.б. арналған су құбырлары торабының немесе канализацияның сыртқы элементі. | |
Колодец опускной - полая вертикальная конструкция, погружаемая в грунт, по мере его разработки под действием собственного веса. | Түсірмелі құдық - жерді қазған сайын өз салмағының әсерінен төмен батырылатын іші қуыс тік құралым. | |
Колонковое бурение - способ вращательного бурения скважин и шахтных стволов, при котором разрушение горной породы осуществляется по периферийной (кольцевой) части забоя с сохранением нетронутой центральной части (керна). | Бағаналық бұрғылау - тау жынысы қазбасы шеткі (сақиналық) жағынан қирап, ортаңғы бөлігі (керн) өз қалпында қалатын ұңғымалар мен шахталардың оқпандарын айналмалы бұрғылау әдісі. | |
Колонна - 1) в архитектуре - вертикальная опора здания, сооружения (как правило, круглого сечения), воспринимающая вертикальные нагрузки от др. элементов; 2) в машиностроении - стержневой вертикальный элемент несущей конструкции машин, на котором размещены рабочие органы, инструмент и т.п. | Ұстын - 1) архитектурада - басқа бөлшектерден тік жүктемелерді қабылдайтын ғимараттың, имараттың тік тірегі (әдетте қиысы дөңгелек болып келеді); 2) машина жасауда - жұмыс органдары, аспаптар орналастырылған машинаның көтеруші құралымының шыбықты тік элементі. | |
Колоннада - ряд или ряды колонн, объединенные горизонтальным перекрытием и расположенные снаружи или внутри здания. | Ұстындар қатары - горизонталь жабынмен біріктірілген ұстындардың ғимараттың ішінде немесе сыртында орналасқан қатары немесе қатарлары. | |
Кольматаж - проникновение мелких взвешенных частиц в пористый материал при движении фильтрационного потока, осаждение наносов. | Кольматаж - фильтрациялық ағым жылжыған кезде ұсақ өлшенген бөлшектердің кеуекті материалға өтуі, үйінділердің тұнуы. | |
Комбинированное защитное покрытие - защитное покрытие, образуемое путем сочетания металлического и лакокрасочного покрытий. | Құрастырылған қорғаныш қабаты - метал және сырлы лакты қабаттарды үйлестіру жолымен жасалатын қорғаныш қабаты. | |
Комбинированное освещение — освещение, при котором к общему освещению добавляется местное. | Құрастырылған жарық - жалпы жарыққа жергілікті жарық қосылатын жарықтандыру. | |
Комбинированное естественное освещение — сочетание верхнего и бокового естественного освещения. | Құрастырылған табиғи жарық - жоғарғыдан және жанынан түсетін табиғи жарықтың үйлесімі. | |
Комбинированные системы в строительной механике - системы, представляющие собой сочетания несущих конструкций различных типов. | Құрылыс механикасындағы құрастырылған жүйелер - әр түрлі типтегі көтеруші құралымдардың үйлесімі түріндегі жүйелер. | |
Комбинированный огнетушитель - огнетушитель с зарядом двух и более огнетушащих веществ. | Құрастырылған отсөндіргіш - екі және одан да көп отсөндіргіш заттармен зарядталған отсөндіргіш. | |
Комиссия по чрезвычайным ситуациям (комиссия по ЧС) - функциональная структура органа исполнительной власти Республики Казахстан и органа местного самоуправления, а также органа управления объектом народного хозяйства, осуществляющая в пределах своей компетенции руководство соответствующей подсистемой или звеном ЧС либо проведением всех видов работ по предотвращению возникновения чрезвычайных ситуаций и их ликвидации. | Төтенше жағдайлар бойынша комиссия (ТЖ бойынша комиссия) - Қазақстан Республикасындағы атқарушы билік органының және жергілікті басқару органының, сондай-ақ халық шаруашылығы нысанын басқару органының өз өкілеттігі шегінде ТЖ тиісті шағын жүйесін немесе буынын басқаратын немесе төтенше жағдайларды болдырмау үшін және олардың салдарын жою үшін барлық жұмыс түрлерін жүргізетін қызметтік құрылым. | |
Комиссия государственная приемочная - комиссия, назначаемая в установленном порядке для приемки в эксплуатацию законченного строительством объекта. | Мемлекеттік қабылдау комиссиясы - белгіленген тәртіпте құрылысы аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау үшін тағайындалатын комиссия. | |
Комиссия рабочая приемочная - комиссия, назначаемая в установленном порядке для приемки выполненных работ по законченному строительством объекту и предъявления его государственной приемочной комиссии. | Қабылдаушы жұмыс комиссиясы - құрылысы аяқталған нысанда орындалған жұмыстарды қабылдап және мемлекеттік қабылдау комиссиясына ұсыну үшін белгіленген тәртіпте тағайындалатын комиссия. | |
Коммуникации - пути сообщения: маршруты движения транспорта, каналы связи, сети подземного городского хозяйства и т.п. | Қатынастар - қатынас жолдары: көліктің қозғалу бағыттары, байланыс каналдары, қалалық жерасты шаруашылығының тораптары және т.с.с. | |
Компенсатор - устройство для устранения (компенсации) влияния различных факторов на состояние и работу сооружений. | Компенсатор - құрылыстардың жағдайы мен жұмысына түрлі факторлардың әсерін жоюға (компенсациялауға) арналған құрылғы. | |
Комплекс мобильных (инвентарных) зданий и (или) сооружений - совокупность мобильных (инвентарных) зданий и (или) сооружений, предназначенных для выполнения взаимосвязанных эксплуатационных задач. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар және (немесе) имараттардың кешені - бір-бірімен байланысты пайдалану жұмыстарын орындауға арналған жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы. | |
Комплекс нормативных документов - совокупность взаимосвязанных нормативных документов, объединенных общей целевой направленностью и устанавливающих согласованные требования к взаимосвязанным объектам стандартизации (нормирования). | Нормативтік құжаттардың кешені - бірыңғай бағыттағы мақсаттармен біріктірілген және стандарттау (нормалау) нысандарына өзара байланысты келісілген талаптарды белгілейтін нормативтік құжаттар жиынтығы. | |
Комплекс пусковой - группа объектов (или их частей) основного и дополнительного производственного назначения, энергетического, транспортного и складского хозяйства, связи, внутриплощадочных инженерных коммуникаций, благоустройств и других объектов, являющихся частью стройки или ее очереди, ввод которых в эксплуатацию обеспечивает выпуск продукции или оказание услуг, предусмотренных проектом, и нормальные условия труда для обслуживающего персонала согласно действующим актам. | Іске қосу кешені - құрылыстың немесе оның кезегінің бөлігі болып табылатын негізгі өндірістік немесе қосалқы мақсаттағы энергетикалық, көлік және қойма шаруашылығы, байланыс, ішкі алаңдық инженерлік катынастар, абаттандыру және басқа да нысандардың тобы (немесе олардың бөлігі), олардың іске қосылуы жоба бойынша белгіленген өнім шығаруды немесе қызмет көрсетуді қамтамасыз етеді және күші бар актілерге сәйкес қызмет көрсетушілердің жұмыс жағдайын қамтамасыз етеді. | |
Комплекс технических средств для ведения работ в зонах чрезвычайной ситуации (комплекс технических средств для ведения работ в зонах ЧС) - взаимно увязанные по производительности и работающие под единым управлением основные и вспомогательные технические средства, предназначенные для выполнения отдельных работ или определенных видов работ в рамках одного процесса в зонах чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдай аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар кешені (ТЖ аймақтарында жұмыстарды жүргізуге арналған техникалық құралдар кешені) - төтенше жағдайлар аймағында бір процесс аясында жеке жұмыстар немесе жұмыстардың белгілі бір түрін орындауға арналған өнімділіктері бойынша өзара байланыстырылған және бір жерден басқарылатын негізгі және қосалқы техникалық құралдар. | |
Комплекс (блок) эскалаторов - эскалаторы, установленные в одном наклонном ходе с общим машинным помещением. | Эскалаторлар кешені (блогы) - ортақ машина бөлмесімен бір еңіс жүрісте орнатылған эскалаторлар. | |
Комплект мобильных (инвентарных) зданий и сооружений - совокупность мобильных (инвентарных) зданий и сооружений, необходимых для организации строительной площадки. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы - құрылыс алаңын ұйымдастыруға қажет жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың жиынтығы. | |
Комплектация производственно-технологическая - комплектная поставка в рабочие зоны материалов, изделий и конструкций, доведенных на специально организуемых базах до полной готовности к производственному применению. | Өндірістік-технологиялық жинақтау - арнайы ұйымдастырылған базаларда өндірісте қолданылуға толығымен дайын жағдайға келтірілген материалдарды, бұйымдарды және құралымдарды жұмыс аймағына жинақтап жеткізу. | |
Композиционные материалы - материалы, образованные объемным сочетанием химически разнородных компонентов с четкой границей раздела между ними. | Композициялық материалдар - химиялық әртекті құрауыштарды араларын нақты бөліп көлемді біріктірумен жасалған материалдар. | |
Компонент - составная часть, элемент чего-либо. | Құрастырушы - бір нәрсенің құраушы бөлігі, элементі. | |
Компоновка - взаимное расположение различных элементов изделия, устанавливаемое на основе закономерностей и приемов художественной композиции с учетом технико-экономических и потребительских требований. | Құрастырылым - көркемдік құрастыру әдістері мен заңдары негізінде техника-экономикалық және тұтынушылардың талаптарын ескере отырып, бұйымның түрлі бөлшектерін өзара орналастыру. | |
Компрессорная станция - комплекс агрегатов для получения сжатого воздуха или газа на промышленных предприятиях, магистральных трубопроводах и строительных объектах. | Компрессорлық станция - өндірістік кәсіпорындарда, магистральдық құбырларда және құрылыс нысандарында сығылған ауа мен газ алуға арналған агрегаттар кешені. | |
Конденсация - переход вещества из газообразного состояния в жидкое или твердое вследствие его охлаждения или сжатия. | Конденсация - суу немесе сығу нәтижесінде заттың газ түрінен сұйық не қатты түрге көшуі. | |
Кондиционер - аппарат для обработки и перемещения воздуха в системах кондиционирования воздуха. | Кондиционер - ауаны кондициялау жүйелерінде ауаны өңдеуге және тасуға арналған аппарат. | |
Кондиционирование воздуха - создание и автоматическое поддержание в закрытых помещениях, транспортных средствах и т.п. температуры, относительной влажности, чистоты, состава, скорости движения воздуха, наиболее благоприятных для самочувствия людей или ведения технологических процессов, работы оборудования и приборов. | Ауаны кондициялау - жабық бөлмелерде, көлік құралдарында және т.с.с. адамдардың күйіне неғұрлым қолайлы немесе технологиялық процестерді, жабдықтар мен аспаптардың жұмысын жүргізуге арналған температура, салыстырмалы ылғалдылық, тазалық, ауаның құрамы мен қозғалу жылдамдығын жасау және автоматты ұстап тұру. | |
Кондоминиум - совместное владение. | Кондоминиум - бірлесіп иемдену. | |
Кондуктор монтажный - устройство для выверки и временного закрепления монтируемых конструкций или их элементов в проектном положении. | Орнату кондукторы - орнатылатын құралымдар немесе олардың бөлшектерін жобалық орындарына дәлдеп, уақытша бекітіп қоюға арналған құрылғы. | |
Конек - верхнее горизонтальное ребро крыши, образующее водораздел. | Шатыржал - суайырық құрайтын төбенің жоғарғы көлденең қабырғасы. | |
Конек в архитектуре - верхний гребень двухскатной или четырехскатной крыши. | Сәулеттегі шатыржал - екі еңісті немесе төрт еңісті шатырдың жоғарғы қыры. | |
Консервация - 1) консервация металлов и металлических изделий - комплекс мер, обеспечивающих временную противокоррозионную защиту на период хранения и транспортировки металлов и изделий, с использованием консервационных масел и смазок; 2) консервация древесины - обработка древесины антисептическими средствами, обугливание или окрашивание ее для придания стойкости против гниения. | Бұзылудан сақтау - 1) металдар мен металдан жасалған бұйымдарды бұзылудан сақтау - бұзылудан сақтайтын майларды пайдалану арқылы орындалатын металдар мен бұйымдарды сақтау және тасымалдау мерзімі уақытында тоттанудан сақтау шараларының кешені; 2) ағашты бұзылудан сақтау - ағашты антисептикалық құралдармен өңдеу, шіруге төзімді қылу үшін оны қарауыту немесе бояу. | |
Консоль - 1) строительная конструкция или ее часть, выступающая за опору, служащая для поддержания балкона, устройства козырька над входом и т.п.; 2) элемент интерьера жилого помещения - прикрепленный к стене столик, подставка для цветов или статуэтки. | Консоль - 1) балконды ұстап тұруға, кіре беріске күнқағарды орнатуға және т.с.с. арналған тіректен шығып тұратын құрылыс құралымы немесе оның бөлігі; 2) тұрғын бөлменің интерьерінің элементі - қабырғаға бекітілген гүл, статуэтка қоюға арналған сөре. | |
Консольные системы в строительной механике - несущие конструкции, основные элементы которых имеют выступающие за опоры части - консоли. | Құрылыс механикасындағы консольдік жүйелер - негізгі бөлшектерінде тіректен шығып тұратын бөліктері - консолдері бар көтергіш құралымдар. | |
Консольный кран - грузоподъемный кран с несущей конструкцией в виде консольной фермы, по которой перемещается грузовая тележка. | Консольді кран - консольді ферма түріндегі көтергіш құралымы бойынша жүк тасушы арба жылжитын жүк көтергіш кран. | |
Конструктивно-унифицированный ряд - изделия, одинаковые или различные по функциональному назначению, но имеющие конструктивную общность деталей, блоков и агрегатов. | Құралымы бойынша бірыңғайланған қатар - қызметтік тағайыны бойынша бірдей немесе әр түрлі, бірақ бөлшектері, блоктары және агрегаттары құралымы бойынша бірдей бұйымдар. | |
Конструкторская документация - графические и текстовые документы, которые содержат данные об изделии, детали, плане, схеме, необходимые для их разработки, изготовления, контроля, приемке, эксплуатации и ремонта. | Конструкторлық құжаттар - бұйым, бөлшек, жоспар, сызбалар туралы, оларды жасауға, тексеруге, қабылдауға, пайдалануға және жөндеуге қажетті деректер көрсетілген кескіндемелік және мәтіндік құжаттар. | |
Конструкции комплексные - строительные конструкции, состоящие из частей различного назначения, функционально связанные друг с другом (например, плита покрытия с утеплителем и кровлей ). | Кешенді құралымдар - тағайындалуы жағынан түрлі бөліктерден тұратын, функционалдық өзара біртұтас байланысқан (мысалы, жылытқыш және төсемі бар төбе жабын тақтасы) құрылыс құралымдары. | |
Конструкции легкосбрасываемые - наружные ограждающие конструкции (или их элементы) зданий, сооружений и помещений с взрывоопасными производствами, которые при возможном взрыве должны сбрасываться (или разрушаться), образуя открытые проемы для уменьшения давления при взрыве и обеспечения сохранности конструкций здания и сооружения. | Жеңіл түсетін құралымдар - жарылыстар болуы мүмкін кезінде жарылыстан болған қысымды азайту және ғимарат пен имарат құралымдарын сақтап қалуды қамтамасыз ету үшін ашық қуыстар жасап түсуге (қирауға) тиісті ғимараттар, имараттар және бөлмелердің сыртқы қоршаушы құралымдары (немесе олардың элементтері). | |
Конструкции монолитные - строительные конструкции (главным образом, бетонные и железобетонные), основные части которых выполнены в виде единого целого (монолита) непосредственно на месте возведения здания и сооружения. | Тұтасқұйма құралымдар -ғимараттар және имараттар салынып жатқан жерде негізгі бөліктері біртұтас (монолит) етіліп жасалған құрылыс құралымдары (негізінен, бетон және темірбетон). | |
Конструкции несущие - строительные конструкции, воспринимающие нагрузки и воздействия и обеспечивающие прочность, жесткость и устойчивость зданий и сооружений. | Көтергіш құралымдар - жүктер мен әсерлерді қабылдайтын және ғимараттар мен имараттардың беріктігін, қаттылығын және орнықтылығын қамтамасыз ететін құрылыс құралымдары. | |
Конструкции ограждающие - строительные конструкции, предназначенные для изоляции от внешней среды или между собой с учетом нормативных требований по прочности, теплоизоляции, гидроизоляции, пароиэоляции, воздухопроницаемости, звукоизоляции, светопрозрачности и т.д. | Қоршаушы құралымдар - беріктігі, жылуды оқшаулауы, суды оқшаулауы, буды оқшаулауы, ауа өткізуі, дыбыстарды оқшаулауы, жарық мөлдірлігі және т.б. бойынша қойылатын нормативтік талаптарды ескере отырып, сыртқы қоршаған ортадан немесе өзара оқшаулауға арналған құрылыс құралымдары. | |
Конструкции ограждающие вентилируемые - конструкции в наружной стене или покрытии здания, имеющие полости, сообщающиеся с воздухом, для удаления пара, излишнего тепла, подсушки утеплителя. | Желдетілетін қоршаушы құралымдар - буды, артық жылуды сыртқа шығаруға, жылытқышты кептіруге арналған ауамен қатынасқан қуыстары бар ғимараттың сыртқы қабырғасындағы немесе қабатындағы құралымдар. | |
Конструкции плоскостные - конструкции, способные воспринимать только такую приложенную к ним нагрузку, которая действует в одной определенной плоскости. | Жазық құралымдар - тек белгілі бір жазықтықта әсерін тигізетін түсірілген жүктемелердің әсерін қабылдауға қабілетті құралымдар. | |
Конструкции пневматические - мягкие оболочки из армированных пленок или воздухонепроницаемых синтетических тканей с резиновым или полимерным покрытием, во внутренний замкнутый объем которых нагнетается воздух. | Пневматикалық құралымдар - тұйықталған ішкі көлемі қысылған ауамен толтырылатын арматураланған үлдірлерден немесе резеңке не полимермен қапталған ауа өткізбейтін синтетикалық маталардан тұратын жұмсақ қабықтар. | |
Конструкции пространственные - конструкции, способные воспринимать приложенную к ним пространственную систему сил. | Кеңістік құралымдары - түсірілген кеңістіктегі күштер жүйесін қабылдауға қабілетті құралымдар. | |
Конструкции самонапряженные - разновидность предварительно напряженных железобетонных конструкций, напряжение арматуры которых достигается в результате увеличения объема бетона на расширяющемся цементе в процессе его затвердевания. | Өздігінен кернеуленген құралымдар - алдын ала кернеуленген темірбетон құралымдарының бір түрі, оларда арматура кернеуі қату кезінде ұлғаятын цемент негізінде жасалатын бетонның көлемінің ұлғаюы нәтижесінде пайда болады. | |
Конструкции сборные - строительные конструкции, изготовленные на предприятиях и используемые при возведении зданий и сооружений. | Құрастырмалы құралымдар - кәсіпорындарда жасалған, ғимараттар мен имараттарды тұрғызуда қолданатын құрылыс құралымдары. | |
Конструкции совмещенные - конструкции, применяемые при строительстве зданий и сооружений различного назначения и выполняющие несущие и ограждающие функции. | Біріктірілген құралымдар - түрлі мақсаттарда салынатын ғимараттар мен имараттардың құрылысында қолданылатын және көтергіш және қоршаушы қызметтер атқаратын құралымдар. | |
Конструкции строительные - элементы здания и сооружения, выполняющие несущие, ограждающие либо совмещенные (несущие и ограждающие) функции. | Құрылыс құралымдары - көтергіш және қоршаушы немесе біріктірілген (көтергіш және қоршаушы) функцияларын атқаратын ғимараттар мен имараттардың элементтері. | |
Конструкционная прочность - свойство конструкционных элементов в определенных условиях воспринимать, не разрушаясь, те или иные воздействия. | Құралымдық беріктік - құралымдық элементтердің белгілі бір жағдайларда әлдебір әсерлерді қирамай қабылдау қасиеті. | |
Конструкционные материалы - материалы, применяемые для изготовления конструкций, воспринимающих силовую нагрузку. | Құралымдық материалдар - күштік жүктемені қабылдайтын құралымдарды жасауға пайдаланылатын материалдар. | |
Контактная сварка - сварка, при которой свариваемые детали нагреваются проходящим в месте контакта электрическим током и сдавливаются (осаживаются). | Түйіспелік пісіру - пісірілетін бөлшектер түйісу жерінен өтетін электр тогімен қыздырылатын және жаншылатын (отырғызылатын) пісіру түрі. | |
Контейнер - стандартная емкость, служащая для бестарной транспортировки грузов различными видами транспорта без промежуточной перегрузки при смене транспортных средств. | Контейнер - көлік түрі ауысқан кезде жүк қайта тиелмейтін, түрлі көлік түрлерімен жүктерді орамасыз тасу үшін қызмет ететін стандартты сыйымдылық. | |
Контракт трудовой - срочный трудовой договор между работодателем и работником, в котором оговариваются индивидуальные условия работы. | Еңбек келісімшарты - жұмыс беруші мен қызметкер арасында жұмыстың жеке шарттары аталып көрсетілетін мерзімдік еңбек шарты. | |
Контрнаправляющая ступени - элемент трассы лестничного полотна, предназначенный для предотвращения опрокидывания ступени, ее случайного подъема и препятствующий складыванию тяговой цепи внутри полотна при ее обрыве. | Басқыштың бақылау бағыттағышы - басқыштың төңкерілуін, оның кездейсоқ көтерілуін болдырмауға және тарту шынжыры үзілгенде төсем ішінде жиналуына кедергі жасайтын баспалдақ төсемі трассасының элементі. | |
Контролируемая зона - расположенная за границей полосы предоставления полоса местности, на которой устанавливаются ограничения пользования землей. | Бақыланатын аймақ - бөлінген жолақтың шекарасынан тыс орналасқан жерді пайдалануға шектеу қойылатын жер алқабы. | |
Контроль качества производственный - входной, операционный и приемочный контроль за соблюдением заданных проектом и требуемых нормативными документами и стандартами геометрических, физико-технических и технологических параметров и свойств конструкций зданий и сооружений и их составных элементов в процессе строительства объекта. | Өндірістік сапасын бақылау - жобада көрсетілген және нормативтік құжаттар мен стандарттар талап ететін ғимараттар мен имараттардың және олардың құрама элементтерінің геометриялық, физика-техникалық және технологиялық шамаларының нысанды салу кезіндегі кіріс, операционалдық және қабылдау бақылауы. | |
Контрфорс - поперечная стенка, вертикальный выступ или ребро из камня, бетона или железобетона, укрепляющие основную несущую конструкцию (преимущественно наружную стену) и воспринимающие главным образом горизонтальные усилия. | Контрфорс - негізгі көтеруші құралымды (көбінесе сыртқы қабырғаны) нығайтатын және негізінен горизонталь күштерді қабылдайтын тас, бетон немесе темірбетоннан жасалған көлденең қабырға, вертикаль кертеш немесе қабырға. | |
Контрфорсная плотина - плотина, в которой давление воды верхнего бьефа, воспринимаемое напорными перекрытиями, передается контрфорсам и через них основанию. | Контрфорстық бөгет - арындық жабу қабаттары қабылдайтын жоғарғы бьефтегі су қысымы контрфорстарға және олар арқылы негізге берілетін бөгет. | |
Концентрация напряжений - значительное увеличение механических напряжений, возникающее в местах резких изменений формы тела. | Кернеудің шоғырлануы - зат пішінінің күрт өзгерген жерлерінде пайда болатын механикалық кернеулердің едәуір ұлғаюы. | |
Коробление древесины - деформирование пиломатериалов, заготовок и деталей при их высыхании или увлажнении. | Ағаштың қисаюы - құрғау немесе ылғалдану нәтижесінде кесілген материалдардың, дайындамалар мен бөлшектердің деформациялануы. | |
Корпус - основная деталь изделия, внутри которой помещаются детали его механизма. | Корпус - ішіне өзінің механизмінің бөлшектері орнатылатын бұйымның негізгі бөлшегі. | |
Коррозионная стойкость - 1) способность металлических и неметаллических материалов сопротивляться коррозии; 2) способность материала не вступать в реакции с другими веществами, т.е. способность материала сопротивляться воздействию кислот, щелочей, солей, газов. | Тоттану төзімділігі - 1) металл және металл емес материалдардың тоттануға қарсы тұру қабілеттілігі; 2) материалдың басқа заттармен реакцияға түспеуі, яғни материалдың қышқыл, сілті, тұздар, газдар әсеріне қарсы тұру қабілеті. | |
Коррозионная стойкость строительного материала - относительная способность строительного материала в изделии или конструкции в течение определенного срока сопротивляться воздействию агрессивной среды. | Құрылыс материалының тоттануға төзімділігі - бұйым немесе құралымдағы құрылыс материалының белгілі бір мерзім аралығында жеміргіш ортаның әсеріне қарсы тұратын салыстырмалы қабілеттілігі. | |
Коррозионная усталость - понижение предела выносливости материала при одновременном воздействии циклических переменных напряжений и коррозионной (агрессивной) среды. | Тоттанып қажу - айнымалы циклдық кернеулер мен тоттанатын (жеміргіш) ортаның бір уақытта әсер ету кезінде материалдың төзімділік шегінің төмендеуі. | |
Коррозионное разрушение строительного материала - изменение массы, сечения, прочности или ухудшение других количественных характеристик и показателей качества строительного материала и (или) конструкции вследствие коррозии. | Құрылыс материалының тоттанып бұзылуы - тоттану салдарынан құрылыс материалының және (немесе) құралым массасының, қимасының, беріктігінің өзгеруі немесе басқа да сандық сипаттамалары мен сапалық көрсеткіштерінің төмендеуі. | |
Коррозионные испытания - испытания строительных материалов, изделий и конструкций или защитных покрытий с целью определения их коррозионной стойкости и (или) их защитной способности в агрессивной среде. | Тоттану сынақтары - құрылыс материалдары, бұйымдары мен құралымдары немесе қорғаныш қабаттарының тоттану төзімділігін және (немесе) жеміргіш ортаға қарсы тұру қабілетін анықтау үшін өткізілетін сынақтар. | |
Коррозия - самопроизвольное разрушение твердых тел вследствие химического или электрохимического взаимодействия их с внешней средой. | Тоттану - сыртқы ортамен химиялық немесе электрохимиялық өзара әрекеттесу нәтижесінде болатын қатты заттардың өздігінен бұзылуы. | |
Коррозия бетона - ухудшение характеристик и свойств бетона в результате вымывания (выщелачивания) из него растворимых составных частей (коррозия первого вида); образования продуктов коррозии, не обладающих вяжущими свойствами (коррозия второго вида), и накопления малорастворимых кристаллизующихся солей, увеличивающих объем его твердой фазы (коррозия третьего вида). | Бетонның тоттануы - құрамынан ерітілмелі құрама бөліктерін жуып шығару (тоттанудың бірінші түрі); тұтқырлық қасиеттері жоқ тоттану өнімдерінің пайда болуы (тоттанудың екінші түрі), және бетонның қатты фазасының көлемін ұлғайтатын аз еритін кристалданатын тұздардың жиналуы (тоттанудың үшінші түрі), нәтижесінде бетонның сипаттамалары мен қасиеттерінің төмендеуі. | |
Коррозия выщелачивания бетона - коррозия бетона в результате растворения и вымывания (выщелачивания) из него растворимых составных частей. | Бетонның жуылып тоттануы - ерітілмелі құрама бөліктерінің құрамынан еріп шығуы нәтижесінде болатын бетонның тоттануы. | |
Коррозия древесины - разрушение структуры древесины при воздействии агрессивной среды. | Ағаштың тоттануы - жеміргіш ортаның әсерінен ағаш құрамының бұзылуы. | |
Коррозия железобетона - разрушение железобетона в результате коррозии бетона и (или) арматуры. | Темірбетонның тоттануы - бетон және (немесе) арматура тоттануының нәтижесінде темірбетонның бұзылуы. | |
Коррозия строительного материала - необратимый процесс ухудшения характеристик и свойств строительного материала в конструкции в результате химического и (или) физико-химического и (или) биологического воздействий или процессов в самом материале. | Құрылыс материалының тоттануы - материалдың өзінде болатын химиялық және (немесе) физика-химиялық және (немесе) биологиялық әсерлер мен процестер нәтижесінде құралымдағы құрылыс материалының сипаттамалары мен қасиеттерінің қайтымсыз төмендеу процесі. | |
Коррозия строительного материала под напряжением - коррозия строительного материала в изделии или конструкции, вызываемая одновременным воздействием агрессивной среды и механических напряжений. | Құрылыс материалының кернелу кезіндегі тоттануы - жеміргіш орта мен механикалық кернеулердің бір уақытта әсер етуінен пайда болатын бұйым немесе құралымдағы құрылыс материалының тоттануы. | |
Космодром - комплекс сооружений, технических средств, специально оборудованных земельных участков и т.д., предназначенный для приема, хранения, сборки, испытаний, подготовки к пуску и пуска ракета-носителей с космическими аппаратами, иногда также для посадки космических аппаратов, возвращающихся из космоса на Землю. | Космодром - ғарыш аппаратары бар ракета тасушыларды қабылдау, сақтау, жинау, сынау, ұшуға дайындау және ұшыруға, сондай-ақ кейде ғарыштан жерге оралған ғарыштық аппараттардың қонуына арналған арнайы жабдықталған жер телімдерінің, техникалық құралдардың, имараттардың және т.б. кешені. | |
Косоугольность керамической плитки - разница между прямым и измеренным углом плитки. | Керамикалық тақташа бұрышының қисықтығы - тік бұрыш пен тақташаның өлшенген бұрышының айырмасы. | |
Котел - устройство, в котором для получения под давлением пара или горячей воды, потребляемых вне этого устройства, используется теплота, выделяющаяся при сгорании органического топлива, протекании технологического процесса, преобразовании электрической энергии в тепловую, а также теплота отходящих газов. | Қазан - қысым арқылы бұдан тыс қондырғыларда тұтынылатын бу мен ыстық су алу үшін органикалық отынның жануы, технологиялық процестің өтуі, электр энергиясының жылу энергиясына айналуы кезінде бөлінетін жылуды, сондай-ақ шығатын газдың жылуын пайдаланылуға беретін құрылғы. | |
Котельная - комплекс зданий и сооружений, здания или помещения с котлом (теплогенератором) и вспомогательным технологическим оборудованием, предназначенным для выработки теплоты в целях теплоснабжения. | Қазандық - жылумен жабдықтау мақсатында жылу өндіруге арналған қазан (жылу генераторы) және қосымша технологиялық жабдықтар орнатылған ғимараттар мен имараттардың кешені, ғимарат немесе бөлме. | |
Котельная установка - совокупность устройств и механизмов для получения водяного пара или горячей воды за счет теплоты сжигаемого топлива. | Қазандық қондырғы - жағылатын отын жылуының есебінен су буы мен ыстық су алуға арналған құрылғылар мен механизмдердің жиынтығы. | |
Котлован - выемка в грунте, предназначенная для устройства оснований и фундаментов зданий и сооружений. | Қазаншұңқыр - ғимараттар мен имараттардың негіздері мен іргетастарын орналастыруға арналған жердегі қазба. | |
Котлованокопатель - землеройная машина для разработки котлованов под опоры линий связи, электропередачи, контактных сетей, под осветительные мачты и т.д. | Қазаншұңқыр қазушы - байланыс, электр тасымалдау, түйіспе желілердің тіреулерін, жарықтандыру мачталарын және с.с. орнату үшін жер қазғыш машина. | |
Коэффициент естественной освещенности (КЕО) — отношение естественной освещенности, создаваемой в некоторой точке заданной плоскости внутри помещения светом неба (непосредственным или после отражений), к одновременному значению наружной горизонтальной освещенности, создаваемой светом полностью открытого небосвода; выражается в процентах. | Табиғи жарық еселеуіші (ТЖЕ) - бөлменің ішіндегі берілген жазықтықтың бір нүктесінде аспан жарығы түсіретін табиғи жарықтың (тікелей немесе түсіргеннен кейінгі) бірмезгілдегі мәніне толық ашық көк аспан жарығымен жасалатын сыртқы көкжиек жарығының қатынасы; пайызбен көрсетіледі. | |
Коэффициент запаса — расчетный коэффициент, учитывающий снижение КЕО и освещенности в процессе эксплуатации вследствие загрязнения и старения светопрозрачных заполнений в световых проемах, источников света (ламп) и светильников, а также снижение отражающих свойств поверхностей помещения. | Сақтық еселеуіші - пайдалану процесінде жарық қуыстарындағы жарық өткізгіш толтырғыштардың, жарық көздерінің (шамдардың) және жарықтандырушылардың дастануы және тозуы, сонымен қатар бөлме беттерінің шағылдыру қасиеттерінің төмендеуі салдарынан болатын ТЖЕ төмендеуі мен жарықтанудың төмендеуін есептейтін еселеуіші. | |
Коэффициент пульсации освещенности — критерий оценки относительной глубины колебаний освещенности в результате изменения во времени светового потока газоразрядных ламп при питании их переменным током. | Жарықтың ауытқулық еселеуіші - газ разрядты шамдардың жарық ағынының айнымалы токқа қосылғанда уақыт аралығында өзгеруі нәтижесінде жарықталу тербелісінің салыстырмалы тереңдігін бағалайтын өлшем. | |
Коэффициент размягчения - отношение прочности материала, насыщенного водой, и его прочности в сухом состоянии, числовое значение колеблется от 0 до 1. | Жібу еселеуіші - материалдың су сіңірілгендегі беріктігінің құрғақ күйіндегі беріктігіне қатынасы, сандық мәні 0-ден 1-ге дейін ауытқиды. | |
Коэффициент светового климата — коэффициент, учитывающий особенности светового климата. | Жарықтық климаттың еселеуіші — жарықтық климаттың ерекшеліктерін есепке алатын еселеуіш. | |
Кран трубопроводный - запорное или регулирующее устройство для перекрытия либо изменения направления потока или напора жидкости (газа) в трубопроводах. | Құбырлық кран - құбырлардағы сұйықтың (газдың) ағынын немесе арынын жабу немесе бағытын өзгертуге арналған жапқыш немесе реттеуші құрылғы. | |
Кран-балка - грузоподъемный кран мостового типа, у которого электроталь передвигается по пролетной ездовой балке, оборудованной концевыми балками с ходовыми тележками. | Арқалық кран - электроталь жүргіш арбалары бар шеткі арқалармен жабдықталған аралық жүргіш арқа бойынша жылжитын көпір түріндегі жүк көтергіш кран. | |
Кран-укосина - простейший грузоподъемный кран, у которого треугольный кронштейн-укосина с блоками закрепляется на колонне, стене и т.п. | Қиғаш кран - үшбұрышты қиғаш тіреуіш блоктарымен ұстынға, қабырғаға және т.с.с. бекітілетін қарапайым жүк көтеруші кран. | |
Кран-штабелер - грузоподъемный кран со сменным оборудованием, предназначенный для штабелирования грузов. Грузоподъемность до 6 тонн. | Қатарлаушы кран - жүктерді қатарлап қоюға арналған жабдықтары ауыстырылатын жүк көтеруші кран. Жүк көтергіштігі 6 тоннаға дейін. | |
Красители органические - химические соединения (главным образом, окрашенные), применяемые для крашения различных материалов. | Органикалық бояғыштар - түрлі материалдарды бояуға арналған химиялық қосындылар (негізінен, боялған). | |
Краски - однородные суспензии пигментов в пленкообразующих веществах (связующих). | Бояулар - үлдір түзетін заттардағы (байланыстырғыштардағы) пигменттердің біртекті жүзгіндері. | |
Краскопульт - переносной аппарат для нанесения на поверхность стен, потолков невязких красочных составов при отделочных работах. | Бояғыш пульт - әрлеу жұмыстары кезінде тұтқыр емес бояуларды қабырғалардың бетіне, төбелерге шашуға арналған тасымалы аппарат. | |
Краскотерка - установка для измельчения (перетирания) окрасочных материалов с помощью вальцов, жерновов или дисков. | Сырүгіткіш - білікшелер, диірмен тас, дискілердің көмегімен бояғыш материалдарды ұсатуға (үгітуге) арналған қондырғы. | |
Красные линии — границы улиц, проездов. | Қызыл сызықтар - көшелердің, жолдардың шекаралары. | |
Кратность воздухообмена - отношение объема воздуха, подаваемого в помещение или удаляемого из него в течение часа, к объему помещения. | Ауа алмасу еселігі - бір сағат ішінде үй-жайға берілетін немесе одан шығарылатын ауа көлемінің үй-жай көлеміне қатынасы. | |
Крен - отклонение от вертикали здания или сооружений. | Крен - ғимараттардың немесе құрылыстың тіктіктен ауытқуы. | |
Крепежные детали - детали для неподвижного соединения элементов машин и конструкций. | Бекіту бөлшектері - машиналар мен құралымдардың бөлшектерін қозғалмалы емес қосуға арналған бөлшектер. | |
Крепь - конструкция, возводимая в подземных выработках для сохранения их заданных размеров и защиты от обрушения и пучения окружающего их грунта. | Тіреуіш - жерасты қазулары кезінде берілген өлшемдерін сақтау және олардың айналасындағы топырақтың сусып және қопсып құлауынан қорғау үшін қойылған құралым. | |
Кривая обеспеченности (вероятности превышения) - интегральная кривая, показывающая обеспеченность или вероятность превышения (в процентах или в долях единицы) данной величины среди общей совокупности ряда. | Қамсыздану (асып кету ықтималдығы) қисығы - берілген шаманың қатардың жалпы жиынтығы арасында қамсыздануын немесе асып кету ықтималдығын (пайызбен немесе бірлік үлесімен) көрсететін интегралдық қисық. | |
Кривая переходная - кривая переменного радиуса в плане, образующая плавный переход между участками дорог (путей) различной кривизны, в т.ч. между прямыми участками и основной круговой кривой. | Ауысу қисығы - қисықтығы әр түрлі жол телімдері, соның ішінде тура телімдер мен негізгі айналма қисығы арасында жатық ауысу жасайтын жоспардағы радиусы айнымалы радиус қисық. | |
Кривая расходов воды - график связи между расходами и уровнями воды для данного сечения водотока. | Су шығынының қисықтығы - су ағымының берілген қимасы үшін су шығыны мен деңгейі байланысының кескіндемесі. | |
Кривизна керамической плитки - отклонение лицевой поверхности плитки от плоскости. | Керамикалық тақташаның қисықтығы - тақташаның алдыңғы бетінің жазықтықтан ауытқуы. | |
Кривизна мульды сдвижения — отношение разности наклонов двух соседних интервалов мульды к полусумме длин этих интервалов. В точках мульды различают кривизну: в направлении простирания рх ; в направлении вкрест простирания в полумульде по падению рy1 ; в направлении вкрест простирания в полумульде по восстанию ру2 ; в заданном направлении рλ . | Ысырылу мульдасының қисықтығы - мульданың көрші екі интервалының еңкейісінің айырмасының осы интервалдардың жартылай сомасына қатынасы. Мульда нүктелеріндегі мынадай қисықтықтарды ажыратады: жайылу бағытында рх ; құлау бойынша жартылай мульдасы жайылу бағытына тік бұрыш жасайтын рy1 ; тұру бойынша жартылай мульдасы жайылу бағытына тік бұрыш жасайтын ру2 ; берілген бағытта рλ . | |
Критическая нагрузка в строительной механике - нагрузка, при которой происходит потеря устойчивости деформируемой системы. | Құрылыс механикасындағы шекті жүктеме - деформацияланатын жүйенің орнықтылығы жоғалатын жүктеме. | |
Кровельная асбестоцементная плитка - плоское асбестоцементное изделие, длина и ширина которого не более 600 mm, а толщина не более 5 mm. | Жабындық асбестоцемент тақташа - ұзындығы мен ені 600 мм, ал қалыңдығы 5 мм аспайтын жазық асбестоцемент бұйым. | |
Кровельная сталь, кровельное железо - листы из мягкой низкоуглеродистой стали (толщиной 0,25-2 мм), предназначенные, главным образом, для устройства кровли зданий, а также для изготовления металлической тары и изделий широкого потребления. | Жабындық болат, жабындық темір - негізінен ғимараттың жабынын жасауға, сондай-ақ металл ыдыс және кең тұтыну бұйымдарын жасауға арналған жұмсақ көміртегі төмен болат табақтар (қалыңдығы 0,25-2 мм). | |
Кровельные материалы - рулонные, мастичные и штучные материалы для устройства кровель, обладающие определенными свойствами: водонепроницаемостью, атмосферо- и морозостойкостью, прочностью, легкостью и др. | Жабын материалдары - белгілі қасиеттері: су өткізбеушілік, атмосфераға және аязға төзімділік, беріктік, жеңілдік және т.б. бар жабын жасауға арналған орамадағы, мастикалық және даналық материалдар. | |
Кровельные работы - работы по устройству кровель зданий и сооружений из кровельных материалов. | Жабын жұмыстары - жабын материалдардан ғимараттар мен имараттардың жабынын жабу жұмыстары. | |
Кровля - верхний элемент покрытия, предохраняющий здание от проникновения атмосферных осадков. Состоит из водоизолирующего слоя и основания (обрешетки, сплошного настила, стяжки), укладываемого по несущим конструкциям, либо по утеплителю (бесчердачных крышах). | Жабын - ғимаратты атмосфералық жауын-шашыннан қорғайтын төбежабынның жоғарғы элементі. Көтергіш құралымдар үстіне немесе жылуұстағыштар үстіне (шатырсыз төбелерге) төселетін су оқшаулағыш қабаттан және негізден (торламадан, тұтас төсемеден, тұтастырғыштан) тұрады. | |
Кровля эксплуатируемая - кровля, используемая как по прямому назначению, так и в других эксплуатационных целях (солярий, спортивная площадка, зона отдыха и т.п.). | Пайдаланудағы жабын - негізгі арнауына сәйкес, сондай-ақ басқа да мақсаттарда пайдаланылатын жабын (солярий, спорт алаңы, демалыс орны және т.б.). | |
Кромка асбестоцементного изделия - линия пересечения лицевой поверхности асбестоцементного изделия с одной из смежных поверхностей. | Асбестоцемент бұйымының жиегі - асбестоцемент бұйымының алдыңғы бетінің онымен шектес беттерінің бірімен қиылысу сызығы. | |
Кронштейн - 1) консольная опорная деталь или конструкция для крепления на вертикальной стене или колонне выступающих или выдвинутых в горизонтальном направлении частей машин или сооружений; 2) кронштейн в архитектуре - выступ в стене, обычно профилированный, служит для поддержки балконов, карнизов и пр. | Тіреуіш - 1) вертикаль қабырғаға немесе машиналардың немесе құралымдардың шығып тұрған немесе горизонталь бағытта жылжытып шығарылған бөліктеріне бекітуге арналған консольді тірек бөлшек немесе құралым; 2) сәулеттегі кронштейн - қабырғадағы кертеш, әдетте пішінделген, балкондарды, ернеулерді және т.б. ұстап тұруға арналған. | |
Круглопильный станок - деревообрабатывающий станок для продольной, поперечной и смешанной распиловки и раскроя бревен и древесных материалов; режущий инструмент - круглая пила. | Дөңгелекаралы станок - бөренелер мен ағаш материалдарын ұзынынан, көлденеңінен және аралас аралауға және пішуге арналған ағаш өңдеуші станок; кесуші аспап - дөңгелек ара. | |
Крупноблочные конструкции в строительстве - сборные конструкции из крупноразмерных искусственных или природных камней (блоков). | Құрылыстағы ірі блокті Qwerty құралымдар - ірі жасанды немесе табиғи тастардан (блоктардан) құрастырылатын құрама құралымдар. | |
Крупнопанельные конструкции в строительстве - конструкции из крупноразмерных плоскостных сборных элементов, изготовляемые на специальных предприятиях и монтируемые на строительной площадке. | Құрылыстағы ірі панельді құралымдар - арнайы кәсіпорындарда жасалып, құрылыс алаңында орнатылатын ірі жазықтық құрама элементтерден тұратын құралымдар. | |
Крупнопористый бетон, беспесчаный бетон - бетон, получаемый из смеси плотного или пористого гравия или щебня, вяжущего и воды. | Ірі кеуекті бетон, құмсыз бетон - тығыз немесе кеуекті гравий немесе ұсақталған тас, байланыстырушы мен судың қоспасынан жасалынатын бетон. | |
Крыльцо — наружная пристройка при входе в дом с площадкой и лестницей. | Кіреберіс - алаңшасы және баспалдағы бар үйге кіре берістегі сыртқы жапсарлас жай. | |
Крыша - верхняя ограждающая конструкция здания. Состоит из несущей части (стропил, ферм, прогонов, панелей и т.д.), передающей нагрузку от снега, ветра и собственного веса крыши на стены или каркас. Крыши подразделяются на чердачные и бесчердачные (совмещенные с верхним перекрытием). | Шатыр - ғимараттың жоғарғы қоршаушы құралымы. Қардың, желдің және төбенің өзінің салмағын қабырғаларға немесе қаңқаға тарататын көтергіш бөліктен (итарқалардан, фермалардан, жүгіртпелерден, панельдерден және т.с.с.) тұрады. Шатырлар шатырлық және шатырсыз (жоғарғы аражабынмен біріктірілген) болып бөлінеді. | |
Крышка - деталь, закрывающая корпус изделия. | Қақпақ - бұйымның тұлғасын жауып тұратын бөлшек. | |
Крышная котельная - котельная, располагаемая (размещаемая) на покрытии здания непосредственно или на специально устроенном основании над покрытием. | Төбе қазандығы - ғимараттың төбесінде немесе жабынның үстінде арнайы жасалған негіздің үстінде орналастырылатын қазандық. | |
Кряж - сравнительно короткий толстый отрезок ствола дерева, преимущественно лиственных пород, реже - хвойных. | Дөңбек - ағаш діңгегінің салыстырмалы қысқа жуан кесіндісі, негізінен жапырақты ағаштардан, сирегірек қылқан жапырақтылардан жасалады. | |
Ксилолит - искусственный строительный материал из смеси магнезиального вяжущего, древесной муки и опилок с добавлением тонкодисперсных минеральных веществ и щелочестойких пигментов. | Ксилолит - магнезиялық байланыстырушы, ағаш ұны және үгінділері қоспасынан жұқа дисперсті минералды заттар мен сілтіге төзімді пигменттер қосылып жасалатын жасанды құрылыс материалы. | |
Кулачок цилиндрового механизма - деталь цилиндрового механизма, служащая для передвижения засова. | Цилиндрлік механизмнің жұдырықшасы - ысырманы жылжытуға арналған цилиндрлік механизмнің бөлшегі. | |
Купол - 1) пространственная конструкция выпуклого покрытия зданий и сооружений, перекрывающая круглые, эллиптические или многоугольные в плане помещения; 2) в геологии - форма залегания слоистых магматических пород, солей и др. | Күмбез - 1) бөлмелердің жайғасымында дөңгелек, эллипті немесе көп бұрышты жабатын, ғимараттар мен имараттардың дөңес жабынды кеңістікті құралымы; 2) геологияда - қабатты магматикалық жыныстардың, тұздардың және т.б. жату пішіні. | |
Кювет - боковая сточная канава для отвода поверхностных вод с полотна и откосов выемки дороги. | Кювет - жол бетінен және қиябетінен суды ағызуға арналған қаптал ақаба су арығы. | |
Лаборатория строительная - учреждение или отдел в составе строительного подразделения, где производятся все необходимые испытания строительных материалов и конструкций. | Құрылыс лабораториясы (зертханасы) - құрылыс материалдары мен құралымдарын қажетті сынақтан өткізетін құрылыс бөлімшесінің құрамындағы мекеме немесе бөлім. | |
Лавины снежные - сосредоточенное движение снежных масс, падающих или соскальзывающих с горных склонов, в виде сплошного тела (мокрые лавины) или распыленного снега (сухие лавины). | Қар көшкіні - тұтас күйінде (ылғал көшкіндер) немесе бытыранды қар күйіндегі (құрғақ көшкіндер) тау бөктерлерінен құлап немесе сырғып түсетін қар массаларының жинақталған қозғалысы. | |
Лаки - растворы пленкообразующих веществ в органических растворителях, применяемые для получения прозрачных защитных и декоративных покрытий или для электроизоляционной пропитки различных материалов, а также для приготовления эмалевых красок, грунтовок, шпатлевок. | Лактар - мөлдір қорғаныш және декоративті қабаттар жасау үшін немесе түрлі материалдарға электрлік ажыратушыны сіңдіру үшін, сондай-ақ эмаль сырларды, тегістеушілерді, тығындаушыларды дайындауға қолданылатын қабық жасаушы заттардың органикалық еріткіштердегі ерітіндісі. | |
Лакокрасочное защитное покрытие - покрытие на поверхности строительного изделия или конструкции из лакокрасочного материала, состоящее из одного или нескольких слоев, адгезионно связанных с защищаемой поверхностью. | Сырлы лак қорғаныш қабаты - қорғанатын бетпен адгезивті байланысқан бір немесе бірнеше қабаттан тұратын құрылыс бұйымының немесе құралымының бетіндегі сырлы лак қабаты. | |
Лакокрасочные материалы - составы (преимущественно жидкие и пастообразные), которые при нанесении тонким слоем на твердую подложку высыхают с образованием твердой пленки - лакокрасочного покрытия. | Сырлы лак материалдары - қатты бетке жұқалап жаққан кезде қатты қабық - сырлы лак қабатын жасап кебетін құрамдар (негізінен сұйық және сықпа түрінде). | |
Лакокрасочные покрытия - покрытия, которые образуются после высыхания (отверждения) лакокрасочных материалов, нанесенных на подготовленную поверхность. | Сырлы лак қабаттар - дайындалған бетке жағылған сырлы лак материалдары кепкенде (қатқанда) пайда болатын қабаттар. | |
Ламинарное течение - перемещение (течение) жидкости (или газа), характеризующееся отсутствием перемешивания между соседними ее слоями. | Ламинарлық ағыс - көрші қабаттары бір-бірімен араласпайтын сұйықтың (немесе газдың) жылжуы (ағысы). | |
Лампа дневного света - люминесцентная лампа, излучение которой по спектральному составу близко к дневному свету. | Күндізгі жарық шам - сәулесі спектрлік құрамы бойынша күндізгі жарыққа жақын люминесценттік шам. | |
Лампа накаливания - источник света с излучателем в виде проволоки (нити, спирали) из тугоплавкого металла (обычно вольфрама), накаливаемой электрическим током до температуры 2500-3300 К. | Қыздыру шамы - қиын балқитын металдан (әдетте вольфрамнан) жасалған сым (жіп, спираль) түріндегі сәуле таратушысы электр тогымен 2500-3000 К температурасына дейін қыздырылатын жарық көзі. | |
Ландшафтная архитектура - искусство создавать гармоническое сочетание естественного ландшафта с освоенными человеком территориями, населенными пунктами, архитектурными комплексами и сооружениями. | Ландшафтық сәулет - адамзат игерген аумақтар мен елді мекендерді, сәулеттік кешендер мен имараттарды табиғи ландшафтымен үйлестіру өнері. | |
Лафетный пожарный ствол (лафетный ствол) - поворотный в вертикальной и горизонтальной плоскостях пожарный ствол, монтируемый на опоре. | Лафеттік өрт сөндіруші оқпан (лафеттік оқпан) - тірекке орнатылатын вертикаль және горизонталь бағыттарда бұрылатын өрт сөндіруші оқпан. | |
Лебедка - механизм, тяговое усилие которого передается посредством гибкого элемента (каната, цепи) от приводного барабана. Типы лебедок: барабанная, с канатоведущими шкивами, шпилевая. | Жүкарба - тарту күші иілгіш элемент (арқан, шынжыр) арқылы қозғағыш барабаннан берілетін механизм. Жүкарба түрлері: барабанды, арқан жүргізетін шкивтері бар, шпильдік. | |
Левое замочно-скобяное изделие - изделие, применяемое для левой двери или окна. | Сол жақ құлып-қапсырма - сол жақ есік немесе терезеге қолданылатын бұйым. | |
Легкие сплавы - конструкционные материалы на основе легких металлов (алюминия, магния, титана и бериллия), обладающие малой плотностью. Характеризуются высокой удельной прочностью. | Жеңіл қорытпалар - жеңіл металдар (алюминий, магний, титан және бериллий) негізінде жасалған тығыздығы төмен құралымдық материалдар. Жоғары меншікті беріктігімен сипатталады. | |
Легкий бетон - общее название большой группы бетонов с объемной массой менее 1800 кг/м3 . К ней относятся бетоны на пористых заполнителях и ячеистые бетоны. | Жеңіл бетон - көлемдік массасы 1800 кг/м 3 кем бетондардың үлкен тобының жалпы атауы. Оған кеуекті толтырушылардан жасалған бетондар мен ұялы бетондар жатады. | |
Ледорез - отдельная конструкция или устройство на плотинах и опорах мостов для защиты их от повреждения льдом во время ледохода и предупреждения образования ледовых заторов. | Мұз кесуші - бөгеттер мен көпірлердің тіректерін мұз кету кезінде мұзбен зақымдалудан қорғау және мұздың кептелуінің алдын алу үшін оларда орнатылған жеке құралым немесе қондырғы. | |
Ледосброс, ледосбросное сооружение - часть водосливной плотины, через которую производится пропуск (сброс) льда из верхнего бьефа в нижний. | Мұз түсіруші, мұз түсіруші имарат - жоғарғы бьефтен төменгі бьефке мұз өткізілетін (түсірілетін) су төккіш бөгеттің бөлігі. | |
Ленточный конвейер - транспортирующее устройство непрерывного действия, у которого грузонесущим и одновременно тяговым органом служит замкнутая (бесконечная) гибкая лента, которая опирается по всей длине на стационарные роликоопоры. | Ленталық конвейер - барлық ұзындығы бойынша стационарлы роликті тіректерге тірелетін, жүк тасушы және бір мезгілде тартушы органы болып тұйықталған иілгіш лента қызмет ететін, үздіксіз жұмыс істейтін тасымалдаушы қондырғы. | |
Леса строительные - временные вспомогательные конструкции для размещения на необходимой высоте рабочих, инструментов, материалов для выполнения строительных и монтажных работ, преимущественно снаружи здания (сооружения). | Құрылыс мінбесатылары - көбінесе ғимараттың (имараттың) сырт жағында қажетті биіктікте жұмысшыларды, аспаптарды, материалдарды құрылыс және жинақтау жұмыстарын жүргізу үшін орнатылатын уақытша құралымдар. | |
Лесоматериалы - материалы из древесины, сохранившие ее природную физическую структуру и химический состав. | Ағаш материалдар - табиғи физикалық және химиялық құрамы сақталған ағаш материалдар. | |
Лесопильная рама - станок для продольной распиловки бревен и брусьев. | Ағаш кесуші рама - бөренелер мен ағаш келтектерін ұзынынан кесуге арналған станок. | |
Лестница-палка - ручная пожарная лестница, складываемая сдвиганием тетив за счет поворота ступенек. | Таяқсаты - сатыларын бұру арқылы таяқтары жиналатын өрт сөндіруге арналған қол саты. | |
Лестница-штурмовка (штурмовка) - ручная пожарная лестница, снабженная крюком для подвешивания на опорной поверхности. | Шабуыл сатысы (штурмовка) - тірек бетіне ілуге арналған ілмегі бар өрт сөндіруге арналған қол саты. | |
Лестничное полотно эскалатора - грузонесущий элемент эскалатора, состоящий из ступеней, объединенных тяговыми цепями. | Эскалатордың баспалдақ тақтасы - тарту шынжырларымен біріктірілген басқыштардан тұратын эскалатордың жүк тасушы элементі. | |
Лестнично-лифтовой узел — помещение, предназначенное для размещения вертикальных коммуникаций - лестничной клетки и лифтов. | Баспалдақты-лифтілі торап - тік коммуникациялар - баспалдақ торлары мен лифтілерді орналастыруға арналған бөлме. | |
Летние помещения - балконы, лоджии, включаемые в общую площадь квартир (жилищ) с понижающими коэффициентами. | Жаздық бөлмелер - пәтерлердің (үйлердің) жалпы ауданына төмендету еселеуіштерімен енгізілетін балкондар, лоджиялар. | |
Лётная полоса (ЛП) — часть летного поля аэродрома, включающая взлетно-посадочную полосу и примыкающие к ней спланированные и в отдельных случаях уплотненные, а также укрепленные грунтовые участки, предназначенные для уменьшения риска повреждения воздушных судов, выкатившихся за пределы взлетно-посадочной полосы. | Ұшу жолағы (ҰЖ) - аэродромның ұшу алаңының бөлiгi, бұған ұшу-қону жолағы және оның маңайындағы жоспарланған және кейбір жағдайларда топырағы тығыздалған, сондай-ақ нығайтылған ұшу-қону жолағынан сырғып шыққан әуе кемелерiнiң зақымдану қатерін төмендетуге арналған алаңдары енеді. | |
Лётное поле аэродрома — часть аэродрома, на которой расположены одна или несколько летных полос, рулежные дорожки, перроны и площадки специального назначения. | Аэродромның ұшу алаңы - бір немесе бірнеше ұшу жолағы, бұрылу жолдары, перрондар және арнайы алаңшалар орналасқан аэродромның бөлiгi. | |
Лещадь - пол (дно) в доменной печи, вагранке и некоторых других шахтных металлургических печах. | Лещадь - домна пешінің, вагранканың және тағы басқа шахталық металлургиялық пештердің едені (түбі). | |
Ливнеотвод - сооружение для отвода ливневых вод в систему дождевой канализации. | Нөсербұрғыш - нөсер суларын жаңбыр канализациясы жүйесіне ағызып жіберуге арналған имарат. | |
Ливнеспуск - сооружение на сети полураздельной и общесплавной систем канализации для сброса дождевых вод в водоем. | Нөсерағызғыш - жаңбыр суын су қоймасына ағызуға арналған жартылай бөлінген және жалпы канализация жүйесінде орнатылған имарат. | |
Лизинг - сдача в пользование на определенный срок доходного имущества с возможным последующим выкупом арендатором арендуемого имущества. | Лизинг - белгілі бір мерзімге табыс әкелетін мүлікті пайдалануға беру, соңынан жалға алынатын мүлікті жалгердің сатып алуы мүмкін. | |
Ликвидация пожара - действия, направленные на окончательное прекращение горения, а также на исключение возможности его повторного возникновения. | Өртті сөндіру - жануды біржола тоқтатуға, сондай-ақ оның қайта пайда болуын болдырмауға бағытталған әрекеттер. | |
Ликвидация чрезвычайной ситуации (ликвидация ЧС) - аварийно-спасательные и другие неотложные работы, проводимые при возникновении чрезвычайных ситуаций и направленные на спасение жизни и сохранение здоровья людей, снижение размеров ущерба окружающей природной среде и материальных потерь, а также на локализацию зон чрезвычайных ситуаций, прекращение действия характерных для них опасных факторов. | Төтенше жағдайды жою (ТЖ жою) - төтенше жағдай пайда болу кезінде адамдардың өмірін құтқару және денсаулығын сақтап қалуға, қоршаған табиғи ортаға келтірілетін зиян мен материалдық шығындардың мөлшерін азайтуға, сонымен қатар төтенше жағдай аумақтарын оқшаулауға, оның қауіпті факторларының әсерін тоқтатуға бағытталған құтқару жүмыстары және тағы басқа шұғыл жұмыстар. | |
Линейка входной площадки - деталь входной площадки, предназначенная для взаимной центровки настила ступени и гребенки. | Кіру алаңшасының сызғышы - басқыш төсемі мен жалды өзара түзетуге арналған кіру алаңшасының бөлшегі. | |
Линия влияния, инфлюента - график зависимости какой-либо величины в заданном сечении элемента конструкции от положения приложенной к нему единичной силы постоянного направления. | Әсер ету сызығы, инфлюента - құралым элементінің берілген қиылысында қандай да бір шаманың оған салынған тұрақты бағытталған бірлік күштен тәуелділігінің кескіндемесі. | |
Линия контактная - участок контактной сети, относящийся к одному железнодорожному (трамвайному) пути или направление движения троллейбуса. | Түйісу сызығы - бір теміржолына (трамвай) жататын түйісу торабының бөлігі немесе троллейбус қозғалысының бағыты. | |
Линия «красная» - граница застраиваемого участка, устанавливаемая в проектах детальной планировки и застройки. | «Қызыл» сызық - егжей-тегжейлі жайғастыру және салу жобаларында белгіленетін құрылыс жүргізілетін аумақ шегі. | |
Линия электропередачи (ЛЭП) - сооружение из проводов (кабелей) и вспомогательных устройств, предназначенных для передачи электрической энергии. | Электр тасымалдау желісі (ЭТЖ) - сымдардан (кабельдерден) және қосымша қондырғылардан тұратын электр энергиясын тасымалдауға арналған имараттар. | |
Линолеум - полимерный рулонный материал для покрытия полов. | Линолеум - еденге төсеуге арналған орамадағы полимер материал. | |
Листовые конструкции - конструкции из листового металла. | Табақ құралымдар - табақ металдан жасалған құралымдар. | |
Лифт - стационарный подъемник прерывного действия с вертикальным движением кабины или платформы по жестким направляющим, установленным в огражденной шахте. | Лифт - кабинасы немесе платформасы қоршалған шахтада қатты бағыттаушылар бойынша вертикал қозғалыстағы тоқтап жүретін стационарлы көтергіш. | |
Лифтовой холл — помещение перед входами в лифты. | Лифт холы - лифтке кіретін есік алдындағы бөлме. | |
Лицевая планка - деталь врезного замочно-скобяного изделия, служащая для направления засова и крепления этого изделия к двери или окну. | Бет жұқа тақтайшасы - ысырманы бағыттауға және есікке немесе терезеге бекітуге арналған ойып салынатын құлып-қапсырманың бөлшегі. | |
Лицевая поверхность асбестоцементного изделия - поверхность асбестоцементного изделия, не имеющая отпечатков технического сукна или сетки. | Асбестоцемент бұйымының үстіңгі беті - асбестоцемент бұйымының техникалық кенебі немесе тордың ізі жоқ беті. | |
Лицевая поверхность керамической плитки - поверхность плитки, видимая после ее укладки на стену или пол. | Керамикалық (қыш) тақташаның үстіңгі беті - тақташаның қабырғаға немесе еденге жапсырғаннан кейін көрініп тұратын беті. | |
Лицензия - специальное разрешение (право) на осуществление юридическим или физическим лицом того или иного вида деятельности либо тех или иных правомочий, выдаваемое уполномоченным на то органом или лицом с соблюдением требуемых формальностей и на определенный срок. | Лицензия - өкілетті орган немесе тұлғаның талап етілген формалдылықтарды сақтай отырып, белгілі бір мерзімге заңды немесе жеке тұлғаға қызмет түрінің бірін жүзеге асыруға немесе кейбір құқықтарды беретін арнайы рұқсат (құқық). | |
Ловитель - устройство на тележке вагона для захвата клещами рельса при обрыве тягового каната. | Ұстағыш - вагон арбасының тарту арқаны үзілген кезде рельске тістеуікпен ілінуге арналған құрылғысы. | |
Лоджия — перекрытое и огражденное в плане с трех сторон помещение, открытое во внешнее пространство, служащее для отдыха в летнее время и солнцезащиты. | Лоджия - жазғы уақытта демалуға және күн көзінен қорғануға арналған, жайғасымында үш жағынан қоршалып жабылған сыртқы кеңістікке ашық бөлме. | |
Ложок - наибольшая боковая поверхность кирпича или какого-либо другого изделия, расположенная перпендикулярно основанию кирпичной кладки. | Ложок (бүйір) - кірпіштің қалану табанына тік орналасқан кірпіштің немесе басқа бір бұйымның ең үлкен бүйір беті. | |
Локализация пожара - действия, направленные на предотвращение возможности дальнейшего распространения горения и создание условий для его успешной ликвидации имеющимися силами и средствами. | Өртті оқшаулау - жанудың одан әрі таралуына жол бермеу үшін және бар күштермен, құралдармен оны сөндіру үшін жағдай жасауға бағытталған әрекеттер. | |
Локальный мониторинг компонентов окружающей среды - система наблюдений и контроля за состоянием и изменением природных и техногенных условий при инженерных изысканиях для строительства объектов. | Қоршаған ортаның құрамдас бөліктерінің жергілікті мониторингі - нысандарды салу үшін инженерлік ізденістер жүргізген кезде табиғи және техногендік жағдайлардың қалпы мен өзгерістерін бақылау және тексеру жүйесі. | |
Лонжерон - основной силовой элемент конструкций многих инженерных сооружений и машин. Выполняются в виде балки, обычно коробчатого или двутаврового сечения, усиленной в местах, воспринимающей наибольшие нагрузки. | Лонжерон - көптеген инженерлік имараттар мен машиналардың негізгі күш элементі. Әдетте қимасы қорапты немесе двутавр болып келетін сырғауыл түріндегі ең көп күш түсетін жерлері күшейтіліп жасалады. | |
Лопатка в архитектуре - вертикальный выступ на стене здания, не имеющий базы и капители, одно из основных средств ритмичного членения стены. | Сәулеттегі жауырындық - ғимараттың қабырғасындағы негізі және капителі жоқ вертикаль кертеш, қабырғаны ритмикалық мүшелеудің негізгі құралдарының бірі. | |
Лотковый спуск - простейшее транспортное устройство в виде наклонной плоскости с бортами, по которой штучные и сыпучие грузы перемещаются под действием собственной силы тяжести. | Науалық еңіс - дана және сусымалы жүктер өз ауырлық күші әсерінен қозғалатын жиектері бар көлбеу жазықтық түріндегі қарапайым тасымалдау құрылғысы. | |
Лоток - 1) водовод незамкнутого поперечного сечения с безнапорным движением жидкости; 2) простое транспортное приспособление в виде наклонной плоскости с бортами, по которой груз перемещается под действием силы тяжести. | Науа - 1) тұйықталмаған көлденең қималы, сұйық тегеурінсіз жылжитын суағар, 2) жүктер өз ауырлық күші әсерінен қозғалатын жиектері бар көлбеу жазықтық түріндегі қарапайым тасымалдау құралы. | |
Лучистое отопление - вид отопления, при котором большая часть тепла в помещение передается лучеиспусканием и частично конвекцией. | Сәулелік жылыту - бөлмеге жылудың көп бөлігі сәуле шығару арқылы және біраз бөлігі конвекция арқылы берілетін жылыту түрі. | |
Люк - отверстие в сооружении, корпусе агрегата, машины, палубе судна, фюзеляже самолета и т.п., обеспечивающее доступ внутрь них для монтажа, обслуживания, грузовых операций, прохода людей, освещения, вентиляции и др. целей. | Люк (қақпақ) - жинақтау, қызмет көрсету, жүк тиеу операцияларын жүргізуге, адамдардың өтуіне, жарық беруге, ауаны желдетуге және т.б. мүмкіндік беретін имараттағы және агрегаттың, машинаның, кеме палубасының, ұшақтың фюзеляжындағы және т.б. тұлғасындағы саңылау. | |
Люминесцентная лампа - газоразрядный источник света низкого давления, в котором ультрафиолетовое излучение разряда (обычно дугового) преобразуется с помощью люминофоров в видимое излучение. | Люминесценттік шам - разрядтың ультрафиолетті сәулесі (әдетте доғалық) люминофорлар көмегімен көрінетін сәулеге өзгертілетін төмен қысымды газ разрядты жарық көзі. | |
Люнет в архитектуре - арочный проем в своде или стене здания, ограниченный снизу горизонтально. | Сәулеттегі люнет - ғимараттың тоғыспасы немесе қабырғасындағы астынан горизонталды шектелген дарбазалық ойық. | |
Люфт-клозет — внутридомовая теплая уборная с подземным выгребом, в который фекалии поступают через сточную (фановую) трубу, вентиляция осуществляется через специальный люфт-канал, примыкающий к обогревательным устройствам, а выгребной люк располагается снаружи. | Люфт-клозет - үй ішіндегі жерасты шұңқыры бар жылы әжетхана , онда дәрет ағымдық (фандық) құбыр арқылы барады, желдету жылыту қондырғыларының жанындағы арнайы люфт-канал арқылы жүзеге асады, шұңқырдың қақпағы сырт жақта орналасады. | |
Магистраль - 1) главное направление, основная линия путей сообщения; 2) широкая улица большого города с интенсивным транспортным движением; 3) главный кабель в телеграфной и телефонной сети, линия электропередач; 4) главная труба в канализационной, водопроводной сети или сети теплоснабжения. | Магистраль - 1) қатынас жолдарының басты бағыты, негізгі желісі; 2) қарқынды көлік қозғалысы бар үлкен қаланың кең көшесі; 3) телеграф және телефон желілеріндегі басты кабель, электр тасымалдау желісі; 4) канализация, сумен және жылумен жабдықтау желілеріндегі басты құбыр. | |
Магистраль заземления (зануления) - заземляющий (нулевой защитный) проводник с двумя или более ответвлениями. | Жерлендіру (нөлдендіру) магистралі - екі немесе одан көп тармақтары бар жерлендіргіш (нөлдік қорғаныш) сым. | |
Магнезиальная коррозия бетона - коррозия бетона в результате взаимодействия цементного камня с растворами магнезиальных солей. | Бетонның магнезиалдық тоттануы - цемент тасының магнезиалдық тұздар ерітінділерімен өзара әрекеттесуі нәтижесінде бетонның тоттануы. | |
Магнитное поле - одна из форм электромагнитного поля; силовое поле, основным отличительным свойством которого является то, что оно воздействует только на движущиеся электрические заряды (в т.ч. на проводники с током), а также на частицы и тела, обладающие магнитным моментом. | Магниттік өріс - электромагниттік өріс түрлерінің бірі; негізгі айрықша қасиеті тек қозғалыстағы электр зарядтарына (соның ішінде, тогы бар сымдарға), сондай-ақ магниттік моментке ие бөлшектер мен денелерге әсер ететін күштік өріс. | |
Майолика - керамические обожженные изделия из естественно окрашенных глин, покрытые глухой оловянной, стронциевой или прозрачной свинцовой глазурью. | Көркемқыш - тығыз қалайы, стронцийлі және қорғасын зертаспен жабындалған табиғи бояулы қыштан күйдіріп жасалған керамикалық бұйымдар. | |
Макет - воспроизведение проектируемого объекта (изделия, здания) в условных материалах в натуральном, уменьшенном или увеличенном масштабе относительно реальных размеров. | Макет - жобаланған нысанның (бұйымдардың, ғимараттың) нақты көлеміне қатысты шартты материалдардан натуралды, кішірейтілген немесе үлкейтілген масштабпен жаңғыртылуы. | |
Максимальная эксплуатационная нагрузка эскалатора - наибольшая возможная нагрузка от пассажиров на 1 м длины от лестничного полотна эскалатора. | Эскалатордың максимальды пайдалану жүктемесі - эскалатордың баспалдақ тақтасының 1 м ұзындығына жолаушылардан түсуі мүмкін ең үлкен жүктеме. | |
Малое напряжение - номинальное напряжение не более 42 В, применяемое в целях уменьшения опасности поражения электрическим током. | Шағын кернеу - электр тогымен жарақаттану қаупін азайту мақсатында қолданылатын 42 В аспайтын номиналдық кернеу. | |
Малярные работы - нанесение окрасочных составов на стены помещений, внешние поверхности конструкций зданий и сооружений с использованием пигментов и жидких связующих на водной и неводной основе, а также вспомогательных смесей. | Сырлау жұмыстары - бояу құрамдарын бөлмелердің қабырғаларына, ғимараттар мен имараттар құралымдарының ішкі бетіне сулы және сусыз негіздердегі пигменттер мен сұйық байланыстырғыштарды, сондай-ақ көмекші қоспаларды қолдану арқылы жағу. | |
Манипулятор - 1) устройство, обычно в виде многозвенного механизма с захватным приспособлением на конце (рабочий орган), имитирующий движение руки человека; 2) манипулятор в горном деле - основной механизм буровой каретки, предназначенный для перемещения в призабойном пространстве автоподатчика с перфоратором (бурильной машины); 3) телеграфный ключ, применяемый при телеграфировании кодом Морзе. | Манипулятор - 1) ұшында адам қолының қозғалысын елестететін қармағыш құрал-жабдығы бар, әдетте көпбуынды тетік түріндегі құрылғы; 2) кен жұмысындағы манипулятор - забой жанындағы кеңістіктегі автоілгерілеткішті (бұрғылау машинасының) перфораторымен алмастыруға арналған бұрғы арбасының негізгі тетігі; 3) Морзе кодымен телеграфтау кезінде қолданылатын телеграф кілті. | |
Мансарда - чердачное помещение под крутой (часто с изломом) крыши, используемое обычно для жилья и в хозяйственных целях. | Мансарда - әдетте тұрғынжай және шаруашылық мақсаттар үшін қолданылатын төбе астындағы шатыржай. | |
Мансардный этаж садового дома (мансарда) — этаж для размещения помещений внутри свободного чердачного пространства. | Бақша үйінің мансардалық қабаты (мансарда) - бос шатырасты кеңістігінде бөлмелер орналастыруға арналған қабат. | |
Марка материалов - условный показатель, назначаемый обычно по основной эксплутационной характеристике или по главному свойству материала (например, число, соответствующее прочности материала на сжатие, по твердости) или по комплексу главнейших свойств. | Материалдардың маркасы - әдетте материалдың негізгі пайдалану сипатамасы немесе басты қасиеті бойынша (мысалы, материалдың сығымдалғандағы беріктігіне, қаттылығына сәйкес келетін сан) немесе басты қасиеттер кешені бойынша тағайындалатын шартты көрсеткіш. | |
Марка строительных материалов - показатель, устанавливаемый техническими нормами по основной эксплуатационной характеристике или по комплексу главных свойств материалов. | Құрылыс материалдарының маркасы - негізгі пайдалану сипаттамасы бойынша немесе материалдардың басты қасиеттерінің кешені бойынша техникалық нормалар арқылы белгіленетін көрсеткіш. | |
Маркетинг - деятельность, направленная на удовлотворение спроса потребителей в товарах и услугах. | Маркетинг - тауарлар мен қызмет жөніндегі тұтынушылардың сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталған қызмет. | |
Маркировка - буквы, цифры, надписи, условные знаки на продукции, ее частях, ярлыках, упаковке. | Таңбалау - өнімде, оның бөліктерінде, жазба қағаздарында, орауларда болатын әріптер, цифрлар, жазулар мен шартты белгілер. | |
Маскировочное освещение — освещение, наружное и внутреннее, общее или местное, не отключаемое в режиме полного затемнения. | Бүркеме жарықтандыру - толық қараңғылау кезінде ағытылмайтын сыртқы және ішкі, ортақ немесе жергілікті жарықтандыру. | |
Масляные краски - суспензии пигментов (или их смесей) и наполнители в олифах. | Майлы бояулар - пигменттердің (немесе олардың қоспаларының) жүзгіндері және олифтердегі толтырғыштар. | |
Масляные лаки - растворы высыхающих и полувысыхающих растительных масел, олиф и природных смол в органических растворителях. | Майлы лактар - органикалық еріткіштердегі кепкен және жартылай кепкен өсімдік майларының, олифтердің және табиғи шайырлардың ерітінділері. | |
Масса - одна из основных физических характеристик материи, являющаяся мерой ее инерционных и гравитационных свойств. | Масса - инерциялық және гравитациялық қасиеттердің өлшемі болып табылатын материяның негізгі физикалық сипаттамаларының бірі. | |
Массообмен - самопроизвольный необратимый перенос массы какого-либо компонента в пространстве с неоднородным полем химического потенциала этого компонента. | Масса алмасу - қандай да бір компонент массасының осы компоненттің химиялық әлеуетінің біртекті емес өрісі бар кеңістіктегі өз бетінше тұрақты тасымалдануы. | |
Мастики - применяемые в строительстве материалы в виде пластической смеси органического вяжущего вещества с добавками, обычно с тонкомолотыми наполнителями. | Мастикалар - әдетте ұсақталған толтырғыштары бар қоспалармен органикалық тұтқыр заттың пластикалық қоспасы түрінде құрылыста қолданылатын материалдар. | |
Материалы, изделия и конструкции привозные - привозная продукция промышленности, применяемая в строительстве. | Тасымал материалдар, бұйымдар және құралымдар - құрылыста қолданылатын тасымал өнеркәсіп өнімі. | |
Материалы, изделия и конструкции местные - продукция местной промышленности, применяемая в строительстве. | Жергілікті материалдар, бұйымдар және құралымдар - құрылыста қолданылатын жергілікті өнеркәсіп өнімі. | |
Мачта - сооружение из опирающегося на фундамент вертикального ствола и поддерживающих его наклонных оттяжек, закрепленных в анкерных устройствах. | Діңгек - іргетасқа тіреліп, кере тартылған анкерлік құрылғылармен бекітілген, тартпалармен тік ұсталған оқпаннан жасалған имарат. | |
Машинное помещение эскалатора - помещение, расположенное под полом верхнего вестибюля, предназначенное для расположения электропривода тоннельного эскалатора, подъемно-транспортного оборудования, а также вспомогательных помещений для обеспечения технического обслуживания эскалатора. | Эскалатордың машина бөлмесі - тоннельдік эскалатордың электржетегін, көтеру-тасымалдау жабдықтарын, сондай-ақ эскалаторға техникалық қызмет көрсетуді қамтамасыз ететін көмекші бөлмелерді орналастыруға арналған жоғарғы вестибюль еденінің астында орналасқан бөлме. | |
Маяк - сооружение с источником света, служащее навигационным ориентиром для судов. | Шамшырақ - кемелерге навигациялық бағыт беру үшін қызмет ететін жарық көзі бар имарат. | |
Медицинское средство индивидуальной защиты (МСИЗ) - медицинский препарат или изделие, предназначенное для предотвращения или ослабления воздействия на человека поражающих факторов источника чрезвычайной ситуации. | Жеке қорғаныш медициналық жабдығы (ЖҚМЖ) - төтенше жағдайлар көзінің зиянды факторларының адамға тигізер әсерінің алдын алуға немесе әлсіздендіруге арналған медициналық препарат немесе бұйым. | |
Межгосударственные нормативы ( межгосударственные нормативные документы) в области архитектуры, градостроительства и строительства - система нормативно-технических документов, правил и других обязательных требований, условий и ограничений, включающая межгосударственные градостроительные нормативы, межгосударственные строительные нормы и правила, межгосударственные стандарты в строительстве, действующие на основании ратифицированных РК международных договоров на территории РК и другого государства (других государств). | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекетаралық нормативтер (мемлекетаралық нормативтiк құжаттар) - Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттар негiзiнде, Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттің (басқа мемлекеттердің) аумағында қолданылатын мемлекетаралық қала құрылысы нормативтерін, мемлекетаралық құрылыс нормалары мен ережелерiн және құрылыстағы мемлекетаралық стандарттарды қамтитын нормативтiк-техникалық құжаттардың, ережелердiң және басқа да мiндеттi талаптардың, шарттар мен шектеулер жүйесi. | |
Межгосударственные строительные нормы (Interstate Building regulations ) - нормативный документ в области строительства, принятый Межгосударственной научно-технической комиссией по стандартизации, техническому нормированию и сертификации в строительстве (МНТКС) и содержащий обязательные требования. | Мемлекетаралық құрылыс нормалары (Interstate Building regulations) - стандарттау, техникалық нормалау және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық ғылыми-техникалық комиссия (МҒТСК) қабылдаған және мiндеттi талаптардан тұратын құрылыс саласындағы нормативтiк құжат. | |
Межгосударственный свод правил (по проектированию и строительству) (Interstate Code of Practice) - нормативный акт, рекомендующий технические решения или процедуры инженерных изысканий для строительства, проектирования, строительно-монтажных работ и изготовления строительных изделий, а также эксплуатации строительной продукции, и определяющий способы достижения ее соответствия обязательным требованиям строительных норм, правил и стандартов. | Мемлекетаралық ережелер жинағы (жобалау және құрылыс бойынша) (Interstate Code of Practice) - құрылысқа, жобалауға, құрылыс-жинақтау жұмыстарына және құрылыс бұйымдарын дайындауға, сондай-ақ құрылыс өнімдерін пайдалануға және оның құрылыс нормаларының, ережелері мен стандарттарының міндетті талаптарына сәйкестігіне қол жеткізу тәсілдерін анықтауға арналған техникалық шешімдерді немесе инженерлік ізденістер процедураларын ұсынатын нормативтік акт. | |
Межферменный этаж - этаж производственного здания, расположенный в пределах конструктивной высоты ферм покрытия в одноэтажных зданиях или перекрытия в многоэтажных зданиях. | Фермааралық қабат - бірқабатты ғимараттарды жабындау немесе көпқабатты ғимараттарды қайта жабындауда фермалардың құралымдық биіктігі шегінде орналасқан өндірістік ғимарат қабаты. | |
Мезонин - надстройка (часто с балконом) над средней частью жилого дома. | Мезонин - тұрғын үйдің ортаңғы бөлігінің үстіне салынатын жай үсті салынымы (көбінесе балконмен). | |
Мел - тонкозернистый слабосцементированный мягкий белый известняк, состоящий из мелких обломков и целых кальцитовых скелетов микроорганизмов. | Бор - ұсақ сынықтар мен микроағзалардың толықкальцитті қаңқаларынан тұратын ұсақ түйіршікті аз цементтелген жұмсақ ақ әктас. | |
Мелиорация - совокупность организационно-хозяйственных и технических мероприятий по коренному улучшению природных условий земель путем отвода воды с переувлажненных земель (М. осушительная) или увлажнения земель (М. оросительная) с целью поддержания их благоприятного водного (связанного с ним воздушного, теплового и пищевого) режима и повышения плодородного и пищевого режима, повышения плодородия почв, а также улучшения природной среды. | Мелиорация - қоршаған ортаны сақтау, топырақ қыртысының құнарлылығын арттыру үшін, дымқылдығы артық жерлерді құрғату (құрғату М.) немесе құрғақ жерлерді суландыру (суландыру М.) арқылы және олардың қолайлы суландырылуын (оның ауамен, жылумен және қоректенуіне байланысты) қарастыру мақсатында жерді қоректендіру тәртібін, топырақ құнарлылығын көтеру және табиғи ортаны түпкілікті жақсартуда ұйымдастыру-шаруашылық және техникалық іс-шараларының жиынтығы. | |
Мембрана - 1) закрепленная по контуру тонкая гибкая пленка или пластинка, предназначенная для разобщения двух полостей с различными давлениями или отделения замкнутой полости от общего объема, для преобразования изменения давления в линейное перемещение и наоборот и т.п.; 2) мембрана в теории упругости - закрепленная по контуру бесконечно тонкая пластинка, модуль упругости которой в перпендикулярном поверхности направлении равен нулю; 3) мембрана в строительной механике - упругая система, которая может быть использована в качестве несущей конструкции. | Жарғақ - 1) кескіні бойынша әр түрлі қысымдағы екі жолақты біріктіруге арналған немесе тұйық жолақты ортақ көлемнен бөлу үшін қысым өзгерісін сызықтық орналастырудағы қайта жасауға арналған немесе керісінше жағдайларда бекітілген жұқа иілгіш үлдір немесе табақша; 2) серпімділік теориясындағы мембрана - кескіні бойынша бекітілген жұқалығы шектеусіз табақша, беттің тік бағытындағы серпімділік модулі нөлге тең; 3) құрылыс механикасындағы мембрана - көтергіш құралым ретінде қолданылуы мүмкін серпімділік жүйе. | |
Мемориальная доска - плита (чаще всего из мрамора, гранита и т. п.) с надписыо или изображением, увековечивающая память о ком-либо или о каком-либо событии. | Мемориал тақта - қандай да бір оқиға немесе бір кісі туралы естелік бейнеленген немесе жазылған тақта (көбінесе мрамордан, граниттен және т.б. жасалады). | |
Мемориальный ансамбль - архитектурный художественный комплекс, воздвигнутый в честь павших героев, выдающихся деятелей. Мемориальный ансамбль объединяет в архитектурно организованном пространстве сооружения, монументальную скульптуру и живопись, надписи. | Мемориалдық ансамбль - құрбан болған батырлар, көрнекті қайраткерлер құрметіне арналған сәулеттік көркемдік кешен. Мемориалдық ансамбль сәулеттік ұйымдасқан кеңістікте ғимараттарды, монумент скульптураларын, сурет, жазу өнерлерін біріктіреді. | |
Менеджмент - управление производсвом, работами и услугами. | Менеджмент - өндірісті, жұмыс пен қызметті басқару. | |
Мензула - полевой чертежный столик, входящий в комплект для топографической съемки, состоящий из планшета, штатива и скрепляющей их подставки. | Мензула - құрамы планшеттен, штативтен және оны бекітетін тұғырдан тұратын топографиялық түсірілімге арналған жинаққа кіретін далалық сызба үстелшесі. | |
Местная элементная норма расхода цемента - чистый расход цемента, необходимый для изготовления 1 м3 бетона заданного качества, по принятой технологии, из материалов усредненного фактического качества, применяемых на данном производстве. | Цемент шығынының жергілікті элементтік нормасы - аталған өндірісте қолданылатын орташаландырылған нақты сапа материалдарынан қабылданған технология бойынша тапсырылған сападағы 1 м3 бетон дайындауға қажетті цементтің таза шығыны. | |
Местное освещение — освещение, дополнительное к общему, создаваемое светильниками, концентрирующими световой поток непосредственно на рабочих местах. | Жергілікті жарықтандыру - тікелей жұмыс орындарына шамдалдармен шоғырландырылған жарық ағынын қосымша беру арқылы жарықтандыру. | |
Место стоянки воздушного судна (МС) — часть перрона или площадки специального назначения аэродрома, предназначенная для стоянки воздушного судна с целью его обслуживания и хранения. | Әуе кемесiнiң тұратын орны (ТО) - әуе кемесіне қызмет көрсету немесе сақтау мақсатында оны тұрақтандыруға арналған перрон бөлiгi немесе аэродромның арнайы мақсаттағы алаңшасы. | |
Металлизационное защитное покрытие строительных конструкций - защитное покрытие, получаемое путем напыления расплавленного металла на защищаемую поверхность конструкции или ее элементов. | Құрылыс құралымдарының металдандырылған қорғаныш жабыны - құралым мен оның элементтерінің қорғалатын бетіне балқытылған металды жалату жолымен алынған қорғаныш жабын. | |
Металлические конструкции - строительные конструкции, применяемые как несущие в каркасах зданий и др. инженерных сооружений, в большепролетных покрытиях, обшивках стеновых и кровельных панелей. | Металл құралымдар - ғимараттардың көтергіш қаңқаларында және өзге де инженерлік имараттарда, аралықтары үлкен жабындарда, қабырға және төбе тақталарының қаптамаларында қолданылатын құрылыс құралымдары. | |
Металлический мост - мост с пролетными строениями преимущественно из углеродистой горячекатаной или низколегированной стали и с опорами обычно из бетона и железобетона. | Металл көпір - көбінесе көміртекті ыстық қалпында иленген немесе төмен легирленген болаттан және әдетте, бетон мен темірбетоннан тіреуіштері мен аралық құрылымдары бар көпір. | |
Металлопласт - конструкционный материал из металлического листа (сталь, алюминий и его сплавы) толщиной 0,3-1,2 мм с одно- или двухсторонним полимерным покрытием толщиной 0,05-1 мм из полиолефинов, полиамидов и др. | Металлқатпар - қалыңдығы 0,05-1 мм бір немесе қос жақты полиолефиндерден, полиамидтерден полимерлі жабыны бар қалыңдығы 0,3-1,2 мм металл (болат, алюминий және оның қорытпалары) табақтан жасалған құралымдық материал. | |
Металлополимеры, металлонаполненные пластики - материалы обычно на основе термопластов, синтетических смол или каучуков, содержащие металлический наполнитель в виде порошков. | Металл полимерлер, металмен толтырылған пластиктер - ұнтақ түріндегі металл толтырғыштан тұратын, әдетте термопластар, синтетикалық шайырлар мен каучуктер негізінде жасалған материалдар. | |
Метатенк - сооружение для обезвреживания осадков сточных вод, выделяемых а отстойниках, путем их сбраживания без доступа воздуха с искусственным подогревом. | Метатенк - ауа жеткізбей жасанды қыздырумен ашыту арқылы тұндырғыштарда бөлінетін ақаба сулардың тұнбаларын залалсыздандыруға арналған имарат. | |
Метлахские плитки - устаревшее название керамических плиток для полов. | Метлах тақталары - едендерге арналған керамикалық тақталардың ескірген атауы. | |
Методическое положение (Deemed-to-satisfy provision) - положение, указывающее один или несколько способов достижения соответствия требованию норматива (направленное на достижение соответствия). | Әдiстемелiк қағида (Deemed-to-satisfy provision) - нормативтердiң талаптарына (сәйкестiкке қол жеткiзуге бағытталған) қол жеткiзудiң бір немесе бірнеше тәсiлдерiне нұсқау беретін қағида. | |
Методы контроля неразрушающие - определение характеристик и качества материалов, основанное на зависимости некоторых физических величин (акустических, электрических, механических, магнитных и др. определенных свойств материалов) без разрушения изделия или отбора образца. | Бүлдірмей тексеру әдістері - кейбір физикалық шамалардың (акустикалық, электрлік, механикалық, магниттік және т.б. материалдардың белгілі бір қасиеттерін) байланысына негізделген материалдардың сипаттамалары мен сапасын бұйымдарды бүлдірмей немесе үлгіні іріктеумен анықтау. | |
Метрополитен, метро - вид рельсового пассажирского транспорта, перспективный в условиях больших городов с насыщенным уличным движением. | Метрополитен, метро - көше қозғалысы тығыз үлкен қалалар жағдайларындағы тиімді рельсті жолаушылар көлігінің түрі. | |
Механизация - замена ручных средств труда машинами и механизмами с применением для их действия различных видов энергии в процессах трудовой деятельности. | Механизация - еңбек әрекеті процесінде әр түрлі энергияны қолдану арқылы қол құралдарын машиналармен және механизмдермен алмастыру. | |
Механизированная автостоянка — автостоянка, в которой транспортировка автомобилей в места (ячейки) хранения осуществляется специальными механизированными устройствами (без участия водителей). | Механикаландырылған автотұрақ - автомобильдерді сақтау орындарына (ұяшықтарына) тасымалдау арнайы механикаландырылған құрылғылармен (жүргізушінің қатысуынсыз) жүзеге асырылатын автотұрақ. | |
Механизированный ручной пожарный инструмент - ручной пожарный инструмент ударного, поступательно-вращательного и (или) вращательного действия с пневмоэлектро- или мотоприводом. | Өртке қарсы механикаландырылған қол құралы - соққылы, жүрісті-айналмалы және (немесе) айналмалы пневмоэлектрлі немесе мотожетекті өртке қарсы қол құралы. | |
Механизм - система тел, предназначенная для преобразования движения одних твердых тел (звеньев) в требуемые движения других твердых тел. | Механизм - бірыңғай қатты денелердің (буындардың) қозғалыстарын екінші қатты денелердің талап етілген қозғалыстарына айналдыруға арналған денелер жүйесі. | |
Механика - наука о перемещениях материальных тел (т.е. изменении с течением времени взаимного положения тел или их частей в пространстве) и взаимодействиях между ними. | Механика - материалдық денелердің жылжулары (яғни, уақыт ағынының өзгеруіне байланысты денелер мен олардың бөліктерінің кеңістіктегі өзара орналасуының өзгерістері) және олардың арасындағы өзара әрекеттестіктері туралы ғылым. | |
Механика грунтов - раздел механики деформируемых сред, в котором изучаются напряженно-деформированные состояния грунтов, условия их прочности, влияния давления на ограждения, устойчивость грунтовых массивов, изменения механических свойств грунтов от внешних воздействий. | Топырақ механикасы - топырақтардың кернеулі-өзгермелі жағдайы, олардың беріктілік шарттары, қысымның шектеуге әсері, топырақ сілемдерінің орнықтылығы, топырақтардың сыртқы әсерден механикалық қасиеттерінің өзгеруі зерттелетін деформацияланатын орта механикасының бөлімі. | |
Механика сплошных сред - раздел механики, в котором изучаются законы движения и равновесия газов, жидкостей плазмы и деформируемых твердых тел. | Тұтас орта механикасы - механиканың бөлімі, мұнда газдардың, плазма сұйықтарының және өзгеретін қатты денелердің қозғалыс және тепе-теңдік заңдары зерттеледі. | |
Механические испытания - определение механических свойств материалов и изделий. | Механикалық сынақтар - материалдар мен бұйымдардың механикалық қасиеттерін анықтау. | |
Механические свойства - совокупность показателей, характеризующих сопротивление материала воздействиям на него нагрузки, его способность деформироваться при этом, а также особенности его поведения при разрушении. | Механикалық қасиеттер - материалдың жүктеме әсеріне қарсыласуы, осы жағдайда өзгеру қабілеттілігін, сондай-ақ бұзылғандағы оның тәртібінің ерекшеліктерін сипаттайтын көрсеткіштер жиынтығы. | |
Механический способ световой маскировки - состоит в закрытии светящихся объектов светонепроницаемыми материалами или конструкциями. | Жарықты жасырудың механикалық тәсілі - жарық өткізбейтін материалдар немесе құралымдардың жарық беруші нысандарын жабудан тұрады. | |
Механовооруженность строительства - показатель уровня механизации, характеризуемый отношением балансовой стоимости машин и механизмов к годовому объему строительно-монтажных работ. | Құрылысты механикалық жарақтандыру - құрылыс-жинақтау жұмыстарының жылдық көлеміне машиналар мен механизмдердің баланстық құнының қатынасы арқылы сипатталатын механикаландыру деңгейінің көрсеткіші. | |
Механовооруженность труда - показатель уровня механизации, характеризуемый отношением балансовой стоимости машин и механизмов к среднесписочному числу рабочих, занятых на строительно-монтажных работах. | Еңбекті механикалық жарақтандыру - құрылыс-жинақтау жұмыстарындағы жұмысшылардың орта тізімдік санына машиналар мен механизмдердің баланстық құнының қатынасы арқылы сипатталатын механикаландыру деңгейінің көрсеткіші. | |
Микроклимат - 1) совокупность параметров воздушной среды на небольшой территории - от десятков до нескольких сотен квадратных метров; 2) микроклимат искусственный - климатические условия, создаваемые в закрытых помещениях для защиты от неблагоприятных внешних воздействий. | Микроклимат - 1) ондықтардан бірнеше жүздеген квадрат метрлерге дейінгі кішкентай аумақтағы әуе кеңістігі параметрлерінің жиынтығы; 2) жасанды микроклимат - сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғау үшін жабық үй-жайларда жасалатын климаттық жағдайлар. | |
Микрорайон - первичный структурный элемент селитебной территории города (поселка), включающий жилую застройку и комплекс учреждений повседневного культурно-бытового обслуживания населения и ограниченный «красными» линиями магистральных и жилых улиц или естественными преградами. | Шағын аудан - тұрғын үй құрылысы және халыққа күнделікті мәдени-тұрмыстық қызмет көрсететін мекемелер кешені енетін және магистралды әрі тұрғын көшелердің «қызыл» сызықтарымен немесе табиғи шектеулермен қоршалған қаланың (кенттің) қоныстану аумағындағы біріншілік құрылымдық элементі. | |
Микросейсморайонирование - установление границ сейсмических воздействий в населенных местах (городах, районах), определенных опытным путем и путем наблюдений. | Микросейсмикалық аудандарға бөлу - елді мекендерде (қалаларда, аудандарда) тәжірибе және бақылау жолымен анықталған сейсмикалық әсерлердің шекарасын белгілеу. | |
Минеральная вата - теплоизоляционный материал, получаемый переработкой расплавов металлургических шлаков и некоторых горных пород в стекловидное волокно. | Минералды мақта - шыны тәрізді талшықтағы металлургиялық қождар мен кейбір таулы жыныстардың қорытпаларын қайта өңдеуден алынатын жылу оқшаулағыш материал. | |
Минеральные краски - природные пигменты, используемые для окрашивания различных изделий; краски, изготовленные на основе таких пигментов. | Минералды бояулар - әр түрлі бұйымдарды сырлау үшін пайдаланылатын табиғи пигменттер; осындай пигменттер негізінде дайындалатын бояулар. | |
Минимальная огнетушащая концентрация средств объемного тушения - наименьшая концентрация средств объемного тушения в воздухе, которая обеспечивает мгновенное тушение диффузионного пламени вещества в условиях опыта. | Көлемді сөндіру құралдарының ең төменгі өрт сөндіруші концентрациясы - зерттеу жағдайларында заттардың қыздырғыш жалынды дереу сөндіруді қамтамасыз ететін ауадағы көлемді сөндіру құралдарының ең төменгі концентрациясы. | |
Многоковшовый экскаватор - землеройная машина непрерывного действия, рабочий орган которой имеет ковши, укрепленные на замкнутой цепи (цепной экскаватор) или на колесе (роторный экскаватор), предназначенная для выемки грунта, полезных ископаемых и т.п. | Көпшөмішті экскаватор - үзіліссіз жұмыс істейтін жер қазу машинасы, оның жұмыс органында тұйық шынжырға орнатылған (шынжырлы экскаватор) немесе топырақты, пайдалы қазбаларды және т.б. қазуға арналған доңғалаққа (роторлы экскаватор) бекітілген шөміштер болады. | |
Многоскоростной эскалатор - эскалатор, имеющий две и более эксплуатационные скорости. | Көпжылдамдықты эскалатор - екі және одан да көп пайдалану жылдамдығы бар эскалатор. | |
Мобильная машина - машина на базе транспортного средства или имеющая возможности для перемещения своим ходом с одного рабочего места на другое. | Жеделәрекетті машина - көлік құралдары базасындағы немесе бір жұмыс орнынан екіншісіне өз жүрісімен ауысуға арналған мүмкіндігі бар машина. | |
Мобильное (инвентарное) здание или сооружение - здание или сооружение комплектной заводской поставки, конструкция которого обеспечивает возможность его передислокации. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат немесе имарат - жиынтық зауыт жеткізілімдерінің ғимараты немесе имараты, құралымы оның орнын ауыстыру мүмкіндігін қамтамасыз етеді. | |
Мобильное (инвентарное) здание или сооружение контейнерного типа - мобильное (инвентарное) здание или сооружение, состоящее из одного блок-контейнера полной заводской готовности, передислоцируемое на любых пригодных транспортных средствах, в том числе на собственной ходовой части. | Контейнерлік типтегі жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат немесе имарат - толық зауыттық дайындамадан шыққан бір блок-контейнерден тұратын, кез-келген жарамды көлік құралдарымен, оның ішінде өз жүрісімен орын ауыстыратын жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат және имарат. | |
Мобильное (инвентарное) здание или сооружение сборно-разборного типа - мобильное (инвентарное) здание или сооружение, состоящее из отдельных блок-контейнеров, плоских и линейных элементов или их сочетаний, соединенных в конструктивную систему на месте эксплуатации. | Құрамалы-жинамалы типтегі жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат немесе имарат - жекелеген блок-контейнерлерден, жазық және желілік элементтерден немесе пайдалану орнындағы құралымдық жүйесінде біріктірілген олардың үйлесімдерінен тұратын жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат және имарат. | |
Модель - устройство, установка, воспроизводящие (обычно в уменьшенном масштабе) строение или имитирующие действие какого-либо другого («моделируемого») объекта в исследовательских, производственных, познавательных или спортивных целях. | Модель - жаңғыртатын немесе еліктеулейтін ( көбінесе кішірейтілген масштабтағы) құрылым немесе зерттеу, өндірістік, танымдық не спорттық мақсаттағы кез келген («моделдейтін») нысанның іс-әрекетін үйлестіретін құрылғы, қондырғы. | |
Модельно-макетный метод, объемный метод проектирования - метод разработки проектов промышленных предприятий с использованием выполненных в определенном масштабе моделей строительных конструкций, основного технологического и инженерного оборудования. | Модельді-үлгілі әдіс, жобалаудың көлемді әдісі - белгілі масштабтағы құрылыс құралымдарының модельдерін, негізгі технологиялық және инженерлік жабдықтарды пайдаланып өндіріс мекемелерінің жобаларын әзірлейтін әдіс. | |
Модернизация - изменение конструкций в соответствии с современными требованиями и нормами, направленными на обновление технического оборудования, производства, процесса и т. д. | Жаңғырту - техникалық жабдықтарды, өндірісті, процесті және т.б. жаңартуға бағытталған, қазіргі талаптар мен нормаларға сәйкес құралымдарды өзгерту. | |
Модуль - 1) название какого-либо особо важного коэффициента или величины; 2) модуль в архитектуре и строительстве - условная единица, принимаемая для выражения кратных соотношений размеров частей здания или сооружения; в качестве модуля принимают меру длины, размер одного из элементов здания либо строительного изделия. | Модуль - 1) қандай да бір ерекше маңызды еселеуіштің немесе шаманың атауы; 2) сәулеттегі немесе құрылыстағы модуль - ғимараттар немесе имараттар бөлшектерінің қысқаша қатынастарын бейнелеуге қолданатын шартты бірлік, модуль ретінде ұзындық шарасын, ғимараттар не құрылыс бұйымдары элементтерінің бірінің мөлшерін қабылдайды. | |
Модуль упругости - величина, равная отношению нормального напряжения к вызванной им относительной упругой деформации; коэффициент сопротивления материала упругой деформации. | Серпімділік модулі - қалыпты кернеудің олардың салыстырмалы серпімді деформациясынан туындаған қатынасына тең шама; материалдың серпімді деформацияға кедергі келтіретін еселеуіші. | |
Модульная установка пожаротушения - нетрубопроводная автоматическая установка пожаротушения, предусматривающая размещение емкости с огнетушащим веществом и пусковым устройством непосредственно в защищаемом помещении. | Өрт сөндірудің модульді қондырғысы - қорғалатын үй-жайлардағы өрт сөндіру заты мен тікелей жіберу құрылғысымен сыйымдылығын орнатуды қарастыратын құбыр өткізбейтін автоматтандырылған өрт сөндіру қондырғысы. | |
Модульный эскалатор - эскалатор, состоящий из нескольких постоянных конструктивных элементов - модулей, рабочие механизмы которых приводятся в действие самостоятельными приводными валами, работающими синхронно. | Модульді эскалатор - үйлесімді жұмыс істейтін, өзіндік жетектермен қозғалатын жұмыс механизмдерінің бірнеше тұрақты құралымдық элементтерінен -модульдерден тұратын эскалатор. | |
Модульон - архитектурная деталь, тип кронштейна, которая поддерживает выносную плиту венчающего карниза. | Кемертірек - тәж ернеуді көтеріп, шығыңқы тақтаны ұстап тұратын кронштейннің түрі, сәулеттік бөлшек. | |
Молниезащита, грозозащита - комплекс мероприятий и технических средств, предохраняющих здания, сооружения, электрические устройства от повреждений при прямых попаданиях молнии. | Найзағайдан қорғау, жайдан сақтану - найзағай тура түсу кезіндегі зақымданулардан ғимараттар мен имараттарды, электр құрылғыларын сақтайтын техникалық құралдар мен іс-шаралар кешені. | |
Молниеотвод, громоотвод - устройство для защиты зданий и промышленных, транспортных, коммуникационных, сельскохозяйственных и др. сооружений от прямых ударов молнии. | Найзағайтартқыш, жайтартқыш - ғимараттарды және өнеркәсіптік, көліктік, коммуникациялық, ауылшаруашылық және т.б. құрылымдарды найзағайдың тура соққыларынан қорғауға арналған құрылғы. | |
Молот - 1) машина ударного действия для пластической деформации металлических заготовок; 2) ручной инструмент для ковки металлов (малые молоты называют ручниками, крупные - кувалдами). | Тоқпақ - 1) металдық дайындамаларды пластикалық деформациялау үшін соқпалы әрекет машинасы; 2) металдарды шыңдауға арналған қол құралы (кішкентай балғаларды қол балға, ал үлкендерін - ауыр балғалар деп атайды). | |
Молоток - 1) ручной инструмент, состоящий из головки и рукоятки, служит для ударных работ; 2) ручная машина ударного действия с поступательным движением рабочего инструмента, имеющая электрический, пневматический или гидравлический привод. | Балға - 1) соғу жұмыстарына жұмыс істейтін бас тиек пен саптардан тұратын қол құралы; 2) электрлік, пневматикалық немесе гидравликалық тартпасы бар жұмыс құралының үдемелі қозғалысымен соқпалы әрекеттің қол машинасы. | |
Момент инерции - величина, характеризующая распределение масс в теле и являющаяся наряду с массой мерой инертности тела при непоступательном движении. | Инерция моменті - денедегі салмақты бөлуді сипаттайтын және үдемелі қозғалмайтын дененің салмағы қатарындағы инерттілік шарасының шамасы. | |
Момент крутящий - силовой фактор, в результате действия которого в поперечных сечениях элементов конструкции возникают касательные напряжения, вызывающие деформацию кручения; выражается произведением силы на длину. | Айналу моменті - күш факторы, оның іс-әрекеті нәтижесінде құралым элементтерінің көлденең қиылысуында айналмалы деформация тудыратын жанасу кернеулер пайда болады; күштің ұзындыққа көбейтуімен сипатталады. | |
Момент силы - величина, характеризующая внешнее воздействие на тело и определяющая изменение вращательного движения тела. | Күш моменті - денеге сыртқы ортаның әсерімен сипатталатын және айналмалы дене қозғалысының өзгерісімен анықталатын шама. | |
Момент сопротивления - геометрическая характеристика поперечного сечения стержня (балки, вала), определяющая его сопротивляемость в рассматриваемом сечении изгибу или кручению и равная осевому (или полярному) моменту инерции, деленному на расстояние от оси (или центра тяжести) до наиболее удаленной точки сечения. | Кедергі келтіру моменті - қарастырылатын иілгіш қиманың немесе айналуға және инерция моментіндегі тең осьтік (немесе полярлы), осьтен (немесе ауырлық орталығынан) неғұрлым қашықтатылған нүктесіне дейін бөлінген ара қашықтықта оның кедергі келтіргіштігі анықталатын шыбықтың (арқалық, білік) көлденең қимасының геометриялық сипаттамасы. | |
Мониторинг в инженерной геологии - единая система, включающая: комплексные наблюдения за инженерно-геологическими процессами, эффективностью инженерной защиты, состоянием сооружений и территорий в периоды строительства и эксплуатации объекта; анализ результатов наблюдений, расчетов и моделирования, рекомендаций по усилению инженерной защиты, совершенствованию конструкций сооружений и т.п.; проектирование допол-нительных мероприятий по обеспечению надежности сооружений и эффективности инженерной защиты, по предотвращению социально-экологических последствий; осуществление дополнительных мероприятий при активном геологическом надзоре. | Инженерлік геологиядағы мониторинг - бірыңғай жүйе, оған мыналар енеді: нысанды салу және пайдалану кезеңіндегі инженерлік-геологиялық процестерге, инженерлік қорғаныш тиімділігіне, имараттар мен аумақтардың жағдайын құрылыс жүргізгенде кешенді бақылау; бақылау, есептерді және модельдеу нәтижелерін талдау, инженерлік қорғауды күшейту, имараттардың құралымдарын жетілдіру және т.б. жөніндегі ұсынымдар; имараттардың сенімділігін қамтамасыз ету және инженерлік қорғау тиімділігін, әлеуметтік-экологиялық зардаптардың алдын алу жөніндегі қосымша іс-шараларды жобалау; белсенді геологиялық қадағалаудағы қосымша іс-шараларды жүзеге асыру. | |
Монолитные конструкции - строительные конструкции (главным образом бетонные и железобетонные), основные части которых выполняются в виде единого целого (монолита) непосредственно на месте возведения преиму-щественно нестандартных зданий, а также в сооружениях, трудно под-дающихся членению. | Тұтасқұймалы құралымдар - құрылыс құралымдарының (негізінен бетонды және темірбетонды), олардың негізгі бөліктерінің стандартты емес ғимараттар тұрғызылған орындарда, сондай-ақ бөлшектелуі қиын имараттарда бірыңғай тұтас (тұтасқұймалы) түрде орындалуы. | |
Монорельсовая дорога - транспортная система для перевозки пассажиров и грузов, в которой подвижной состав перемещается по балке - монорельсу, установленному на опорах на некоторой высоте над землей (навесная) или под ним (подвесная). | Монорельсті жол - жолаушылар мен жүктерді тасымалдауға арналған көлік жүйесі, оның жылжымалы құрамы жер бетіндегі тіректерге кейбір биіктікте орнатылған арқалық - монорельс үстімен (ілмелі) немесе астымен (аспалы) жүреді. | |
Монтаж - сборка, установка в проектное положение и постоянное крепление конструкций (конструктивных элементов) инженерного или технологического оборудования с присоединением к нему средств контроля и автоматики, а также коммуникаций, обеспечивающих подачу сырья, воды, пара, энергии и т.д. и удаление отходов производства. | Жинақтау - инженерлік немесе технологиялық жабдықтар құралымдарына бақылау және автоматтандыру құралдарын, сондай-ақ шикізатты, суды, буды, энергияны және т.б. беруді және өндіріс қалдықтарын шығаруды қамтамасыз ететін қатынас жолдарын біріктіру арқылы жобаға сәйкес жинау,орнықтыру және құралымдарды(құралым элементтерін)тұрақты бекіту. | |
Монтаж безвыверочный - монтаж конструкций и оборудования, имеющих высокую точность обработки монтажных поверхностей, отверстий и гнезд в стыках, без дополнительных перемещений (выверки). | Іріктеп тексерусіз жинақтау - жапсарлардағы түйісу беттері, тесіктері, ұялары жоғарғы нақты өңделген құралымдар мен жабдықтарды қосымша түрде орындарын өзгертпей(тексерусіз) іріктеп жинақтау . | |
Монтаж мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - с борка и соединение плоских, линейных и объемных элементов, а также инженерных сетей здания, сооружения или комплекса, установка в рабочее (для зданий и сооружений контейнерного типа) или проектное (для зданий и сооружений сборно-разборного типа) положение с закреплением конструкций и различного рода оборудования, мебели, размещение здания или сооружения на опорах (основании) с подключением к зданию или сооружению инженерного технологического оборудования, обеспечивающих подачу сырья, воды, пара и энергии, устройство заземления и выполнение других работ, обеспечивающих подготовку и эксплуатацию мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимаратты, имаратты немесе кешенді жинақтау - жазық, желілік және көлемді элементтерді, сондай-ақ ғимарат, имарат немесе кешеннің инженерлік желілерін жинау және біріктіру, жұмыс (контейнерлік типтегі ғимараттар мен имараттар үшін) немесе жобалық (құрамалы-жинамалы үлгідегі ғимараттар мен имараттар үшін) жағдайларында орнату, құралымдар мен әр алуан жабдықтармен, жиһаздарды бекітумен, тіректерде ғимараттар мен имараттар, шикізат, су, бу және энергия беруді қамтамасыз ететін инженерлік-технологиялық жабдықтарды ғимараттарға немесе имараттарға қосумен (негізінде), жерге орналастыру құрылғысы және жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат, имарат немесе кешенді дайындау және пайдалануды қамтамасыз ететін басқа да жұмыстарды орындау. | |
Монтаж принудительный - разновидность безвыверочного монтажа конструкций (оборудования) с применением специальных фиксирующих устройств, обеспечивающих ориентирование и установку конструкций (оборудования) в проектное положение без инструментального контроля с полным ограничением свободы случайных перемещений. | Мәжбүрлі жинақтау - кездейсоқ орын ауыстыруларды толық шектей отырып, құралсыз бақылауды тексеретін құрылғыларды қолдану арқылы құралымды (жабдықты) жобалық орнына дәлдеп орнатуды қамтамасыз ететін, құралымдарды (жабдықтарды) іріктеп тексерусіз жинақтаудың бір түрі. | |
Монтаж транспортных средств - метод монтажа конструкций заводского изготовления, при котором они доставляются в рабочую зону строительной площадки в определенное время и непосредственно с транспортных средств устанавливаются в проектное положение. | Көлік құралдарын жинақтау - құрылыс алаңының жұмыс аумағына белгілі бір уақытта жеткізілетін және жобалық орнына тікелей көлік құралдарынан жобалық ережемен орнатылатын, зауытта даярланған құралымдарды жинақтау әдісі. | |
Монтажная поверхность керамической плитки - поверхность плитки, примыкающая при укладке к стене или полу. | Керамикалық тақташалардың жинақтау беті - қабырғаға немесе еденге қалау кезінде жанасатын тақташалардың беті. | |
Монтажные приспособления - различные устройства, конструктивные временные элементы, приспособления, используемые при монтаже сборных конструкций. | Жинақтау құралдары - жинамалы құралымдарды құрастыру кезінде пайдаланылатын түрлі құрылғылар, уақытша құралымдық элементтер, құралдар. | |
Моральный износ здания - величина, характеризующая степень несоответствия основных параметров, определяющих условия проживания, объем и качество предоставляемых услуг современным требованиям. | Ғимараттың сапалық тозуы - тұрғылықты жағдайды, қазiргi заман талаптарында көрсетiлетiн қызметтердiң көлемi мен сапасын анықтайтын негiзгi параметрлердiң сәйкес еместiгiн сипаттайтын шама. | |
Морозостойкость - способность различных материалов выдерживать многократное поперечное заморажи-вание и оттаивание, часто в насыщен-ном водой состоянии, без видимых признаков разрушения и допустимого уменьшения прочности. | Аязға төзімділік - көрінбейтін бұзылу белгілерінсіз және беріктігі болымды мөлшерден азайусыз, жиі суға толы жағдайда, бірнеше рет көлденең мұздату мен ерітуді ұстайтын түрлі материалдардың қабілеті. | |
Морозостойкость асбестоцементного изделия - способность асбестоцементного изделия выдерживать в насыщенном водой состоянии нормативное число циклов попеременного замораживания и оттаивания без признаков разрушения. | Асбестоцементті бұйымның аязға төзімділігі - бұзылу белгілерінсіз ауысып мұздату және еріту циклдерінің әсері кезінде , суға толы жағдайда,нормативтік санын ұстайтын асбестоцементті бұйымның қабілеті. | |
Морозостойкость керамической плитки - способность плитки выдерживать при определенных условиях определенное число циклов замораживания и оттаивания без последующего появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка. | Керамикалық тақташалардың аязға төзімділігі - қыштың зертасталған беті және (немесе) белгіленген жағдайда мұздату мен еріту циклдерінің белгілі бір мөлшері өткізілгеннен кейін бұзылыуы және ақаулар пайда болмайтынын қамтитын тақташалардың қабілеті. | |
Мост - сооружение, по которому проложена дорога через какое-либо препятствие. | Көпір - қандай да бір кедергілердің үстінен жол салынған имарат. | |
Мостовое полотно - часть железнодорожного моста, являющаяся верхним строением пути, непосредственно воспринимающая нагрузку от колес подвижного состава и передающая ее на пролетное строение моста. | Көпір төсемі - көпірдің аралық құрылымында жылжымалы құрам доңғалақтарынан және оны беретін жүктемелерді тікелей қабылдайтын жоғарғы жол құрылымы болып табылатын темір жол көпірінің бөлігі. | |
Мостовой кран - подъемный кран, выполненный в виде опорного или подвесного моста с грузовой тележкой. Кран(мост) перемещается по подкрановым рельсам, а тележка - по мосту(крану) поперек пролета. | Көпір кран - жүкарбасы бар ілмелі немесе тіректі көпір түрінде орындалатын көтергіш кран. Кран(көпір) астындағы рельспен, ал арбашық - арқалыққа көлденең көпірмен(кран үстімен) жүреді. | |
Мостовой переход - комплекс инженерных сооружений, включающий собственно мост, насыпи подходов к нему в пределах разлива (поймы) реки, регуляционного сооружения (главным образом, дамбы), обеспечивающие плавный проток воды через отверстие моста, берегоукрепительные сооружения, предотвращающие размыв берегов и накипей подходов. | Көпір өткел - жағалаулар мен жол салдарын судың шайып кетуінен сақтайтын, жағалауды нығайтатын имараттар, көпір тесіктері арқылы судың бірқалыпты ағысын қамтамасыз ететін, реттемелі имараттар (негізінен бөгетшелер), өзен тасқындары (жайылмалары) шегінде оған көпірлерді, жол салдарын қосатын инженерлік имараттардың кешені. | |
Мощность - энергетическая характеристика, равная отношению работы, совершаемой за малый промежуток времени, к его длительности. Измеряется в ваттах (в технике иногда в лошадиных силах). | Қуат - аз уақыт аралығында жасалатын жұмыс мөлшері өзінің жүзеге асырылатын уақыт ұзақтығының қатынасына тең энергетикалық сипаттама. Ват бірлігімен (кейде техникада ат күштерімен) өлшенеді. | |
Мощность железной дороги - способность железной дороги по техническим характеристикам, комплексу сооружений и устройств, техническому оснащению и способам организации движения обеспечивать в расчетную единицу времени определенный объем перевозок. Основным показателем мощности железной дороги является пропускная и провозная способность, измеряемая соответственно числом пар поездов в сутки и количеством груза, перевозимого в год. | Темір жол қуаты - темір жолдың техникалық сипаттамалары, имараттар мен қондырғылардың кешені, техникалық жарақтандыру және қозғалысты ұйымдастыру тәсілдері бойынша есептік бірлік уақыт ішінде тасымалдаудың белгілі бір көлемін қамтамасыз ету қабілеті. Теміржол қуатының негізгі көрсеткіштері жыл ішінде тасымалданатын тәуліктегі қосарланған пойыздардың және жүктер санына сәйкес өлшенетін тасымалдау және жіберу қабілеттері болып табылады. | |
Мрамор - метаморфическая горная порода, образованная в результате перекристаллизации, главным образом, известняка. | Мәрмәр - негізінен әктастың қайта кристалдану нәтижесінде пайда болған метаморфикалық тау-кен жынысы. | |
Мульда сдвижения земной поверхности — участок земной поверхности, подвергшийся сдвижению под влиянием подземных разработок. | Жер бетінің сырғу мульдасы - жер асты әзірлемелерінің әсерінен сырғуға әкеліп соқтыратын жер беті телімі. | |
Мусоропровод - устройство в многоэтажных жилых домах и др. зданиях для удаления сухого мусора по трубам. | Сыпырынды өткізгіш - құбырлар бойынша құрғақ сыпырындыларды жою үшін көпқабатты тұрғын үйлер мен басқа да ғимараттардағы құрылғы. | |
Муфта асбестоцементная - изделие цилиндрической формы для соединения асбестоцементных труб. | Асбестоцементті жалғастырғыш - асбестоцементті құбырларды біріктіруге арналған цилиндр пішінді бұйым. | |
Муфта асбестоцементная безнапорная - муфта, предназначенная для использования в трубопроводах,транспортирующих жидкости или газы с давлением, не превышающим атмосферное. | Асбестоцементті қысымсыз жалғастырғыш - қысымы атмосфера қысымынан аспайтын сұйықтық немесе газ тасымалдайтын құбырларда пайдалануға арналған жалғастырғыш. | |
Муфта асбестоцементная напорная - муфта, предназначенная для использования в трубопроводах с избыточным (превышающим атмосферное) давлением транспортируемых жидкости или газа. | Асбестоцементті қысымды жалғастырғыш - сұйықтық немесе газды артық қысыммен (атмосфера қысымынан жоғары) тасымалдайтын құбырларда пайдалануға арналған жалғастырғыш. | |
Муфтовая соединительная головка - пожарная соединительная головка с внутренней присоединительной резьбой. | Жалғастырғышты біріктіру бас тиегі - ішкі біріктіру бұрандасы бар өрттік біріктіру бас тиегі. | |
Наблюдательная скважина - гидрогеологическая скважина, предназначенная для наблюдения за режимом подземных вод. | Бақылау ұңғымасы - жерасты суларының режимін бақылауға арналған гидрогеологиялық ұңғыма. | |
Набор мобильных (инвентарных) зданий и сооружений - совокупность мобильных (инвентарных) зданий и сооружений различного функционального назначения, типа и вместимости (мощности и др.), необходимых для обеспечения нормальной деятельности эксплуатирующей их организации. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттар жиыны - қызметтік мақсаты, типі және оларды пайдаланатын ұйымдардың қалыпты қызметін қамтамасыз етуге қажетті сыйымдылығы (қуаттылығы және т.б.) әр түрлі жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттар жиынтығы. | |
Навал судна - усилие, передаваемое на причальное сооружение при швартовке судна или его стоянке. | Кеме тіреу - кемені жағаға арқандап бекіту немесе оның аялдауы кезінде айлақтық имаратқа берілетін күш. | |
Нагель - деревянный или металлический сплошной или пустотелый стержень (штифт) цилиндрической или др. формы, применяемый для скрепления частей деревянных конструкций, соединяемых в пакет досок и брусьев и т.п. | Сына - тақтайлар мен білеулер және т.с.с. пакетіне біріктірілетін ағаш құралымдардың бөліктерін бекіту үшін қолданылатын цилиндр немесе басқа пішінді ағаш немесе тұтас металл немесе қуыс шыбық (штифт). | |
Нагрузка - механическое воздействие, мерой которого является сила, характеризующая величину и направление этого воздействия и вызывающая изменение напряженно-деформированного состояния конструкций зданий и сооружений и их оснований. | Жүктеме - механикалық ықпал, оның өлшемі осы ықпалдың шамасын және бағытын сипаттайтын және ғимараттар мен имараттар құралымдарының және олардың негіздерінің кернеулі-деформациялану күйінің өзгерісін тудыратын күш болып табылады. | |
Нагрузка временная - нагрузка, имеющая ограниченную продолжительность действия и в отдельные периоды срока службы здания или сооружения может отсутствовать. Временные нагрузки подразделяются на: длительные, расчетные значения которых в течение срока службы здания или сооружения наблюдаются длительное время; кратковременные, расчетные значения которых в течение срока службы здания и сооружения наблюдаются в течение короткого отрезка времени; особые, возникновение которых возможно либо в исключительно редких случаях (сейсмические и взрывные воздействия, аварийные нагрузки и т.п.), либо имеющих необычный характер (например, воздействие неравномерной деформации грунтов основания). | Уақытша жүктеме - әсер ету ұзақтылығы шектеулі және ғимараттың немесе имараттың қызмет мерзімінің жекелеген кезеңдерінде болмауы мүмкін жүктеме. Уақытша жүктемелер төмендегідей болып бөлінеді: ұзақ мерзімді, олардың есептік мәні ғимараттың немесе имараттың қызмет мерзімінде ұзақ уакыт ішінде байқалады; қысқа мерзімді, олардың есептік мәні ғимараттың немесе имараттың қызмет мерзімінде аз уақыт ішінде байқалады; ерекше, олар өте сирек жағдайларда (сейсмикалық және жарылыс әсері, апаттық жүктемелер және т.б.) пайда болуы мүмкін не өзгеше сипатта (мысалы, негіз топырағының бірқалыпты емес деформациясының ықпалы нәтижесінде туындайтын) болады. | |
Нагрузка динамическая - нагрузка, характеризующаяся быстрым изменением во времени ее значения, направления или точки приложения и вызывающая в элементах конструкций значительные силы инерции. | Динамикалық жүктеме - уақытқа қатысты мәні, бағыты немесе түсу нүктесі жылдам өзгеретін және құралым бөлшектерінде айтарлықтай инерция күштерін тудыратын жүктеме. | |
Нагрузка номинальная - технологическая нагрузка, указанная в паспорте машины как предельная для предусмотренных условий нормальной эксплуатации. | Номиналды жүктеме - машинаның төлқұжатында қалыпты пайдаланудың көзделген жағдайлары үшін шекті шама ретінде көрсетілген технологиялық жүктеме. | |
Нагрузка нормативная - нагрузка, устанавливаемая нормативными документами, исходя из условия заданной обеспеченности ее появления или принятая по ее номинальному значению. | Нормативтік жүктеме - номиналдық мәні бойынша қабылданған немесе оның пайда болуын қамтамасыз ету шарты тұрғысынан нормативтік құжаттармен белгіленген жүктеме. | |
Нагрузка подвижная - нагрузка, место приложения и направление действия которой могут изменяться в процессе эксплуатации сооружения. | Жылжымалы жүктеме - имаратты пайдалану барысында түсу орны мен бағыты өзгеріп тұратын жүктеме. | |
Нагрузка постоянная - нагрузка, которая действует постоянно в течение всего срока службы здания или сооружения. | Тұрақты жүктеме - ғимараттың немесе имараттың барлық пайдаланылу мерзімінде тұрақты әсер ететін жүктеме. | |
Нагрузка равномерно распределенная - нагрузка постоянной интенсивности, прилагаемая непрерывно к данной поверхности или части ее. | Біркелкі таралған жүктеме - бетке немесе оның бөлігіне үздіксіз түсірілетін қарқындылығы тұрақты жүктеме. | |
Нагрузка распределенная - нагрузка, прилагаемая непрерывно к данной поверхности (линии), интенсивность которой не является постоянной, а изменяется по линейному, квадратичному или другому закону. | Таралған жүктеме - бетке (сызыққа) үздіксіз түсірілетін жүктеме, қарқындылығы тұрақты емес, сызықтық, квадраттық немесе басқа заңдар бойынша өзгереді. | |
Нагрузка расчетная - нагрузка, принимаемая в расчетах конструкций или оснований и равная нормативной нагрузке, умноженной на соответствующий коэффициент надежности по нагрузкам. | Есептік жүктеме - құралымдардың немесе негіздердің есептеулерінде қабылданатын және жүктемелер бойынша тиісті сенімділік еселеуішіне көбейтілген нормативтік жүктемеге тең болатын жүктеме. | |
Нагрузка сосредоточенная - нагрузка, прилагаемая к весьма малой площади (точке). | Шоғырланған жүктеме - өте шағын ауданға (нүктеге) түсірілетін жүктеме. | |
Нагрузка статическая - нагрузка, значение, направление и место приложения которой изменяется столь незначительно, что при расчете здания (сооружения) их принимают не зависящими от времени и поэтому пренебрегают влиянием сил инерции, обусловленных такой нагрузкой (например, собственный вес здания или сооружения, снеговая нагрузка). | Статикалық жүктеме - мәні, түсу нүктесі және бағыты мардымсыз өзгеретін жүктеме болғандықтан, оларды ғимаратты (имаратты) есептеу кезінде уақытқа тәуелсіз шама ретінде қабылдайды, сондықтан осындай жүктеме салдарынан туындайтын (мысалы, ғимараттың немесе имараттың меншікті салмағы, қар жүктемесі) инерция күшінің әсерін есепке алмайды. | |
Нагрузки в строительной механике - силовые воздействия, вызывающие изменения напряженно-деформированного состояния конструкций зданий и сооружений. | Құрылыс механикасындағы жүктеме - ғимараттар мен имараттар құралымдарының кернеулі-деформациялық күйінің өзгерісін тудыратын күштік ықпалдар. | |
Надворная уборная — легкая постройка, размещаемая над выгребной ямой. | Аулалық әжетхана - қазылған шұңқыр үстіне орналастырылатын жеңіл құрылыс. | |
Надежность - свойство (способность) изделия выполнять заданные функции, сохраняя свои эксплуатационные показатели в определенных пределах, при заданных режимах работы и условиях использования, технического обслуживания, ремонта и транспортирования. | Сенімділік - бұйымның берілген жұмыс режимдері мен пайдалану, техникалық қызмет көрсету, жөндеу және тасымалдау жағдайлары кезінде белгілі бір шектерде өзінің пайдалану көрсеткіштерін сақтау арқылы белгіленген қызметтерді орындау қасиеті (қабілеті). | |
Надежность строительного объекта - свойство строительного объекта выполнять заданные функции в течение требуемого промежутка времени. | Құрылыс нысанының сенімділігі - қажетті уақыт аралығында құрылыс нысанының белгіленген қызмет- терді орындау қасиеті. | |
Надземная автостоянка закрытого типа — автостоянка с наружными стеновыми ограждениями. | Жабық типті жер үстіндегі автотұрақ - сыртқы қабырға қоршаулары бар автотұрақ. | |
Надзор авторский - надзор за соответствием выполняемых строительно-монтажных работ проектным решениям, осуществляемый организациями, разработавшими проект, на протяжении всего периода строительства и приемки в эксплуатацию законченных объектов. | Авторлық қадағалау - құрылысты салу кезеңі мен аяқталған нысандарды пайдалануға қабылдау кезінде жобаны әзірлеген ұйымдар тарапынан орындалатын құрылыс-жинақтау жұмыстарының жобалық шешімдерге сәйкестілігін қадағалау. | |
Надзор государственный - надзор за строительством объектов с целью выявления и устранения нарушений и отступлений от проекта и соблюдения требований нормативных документов и стандартов, осуществляемый соответствующими государственными органами по подведомственным им вопросам и видам работ. | Мемлекеттік қадағалау - құрылыс нысандарын кемшіліктер мен жобадан ауытқуын анықтау мен жою, тиісті мемлекеттік органдарға қарасты мәселелер мен жұмыс түрлері бойынша жүзеге асыратын нормативтік құжаттар мен стандарттардың талаптарын сақтау мақсатында қадағалау. | |
Надзор за состоянием дымовой или вентиляционной трубы - контроль технических режимов эксплуатации и состояния конструкций, их элементов, материалов и маркирующей окраски с целью своевременного выявления дефектов и повреждений, а также техническое наблюдение за правильностью проведения работ по ремонту или реконструкции трубы. | Түтін немесе желдету құбырының жағдайын қадағалау - ақаулар мен бүлінулерді деркезінде анықтау, сондай-ақ құбырды жөндеу мен жаңарту жөніндегі жұмыстардың дұрыс жүргізілуіне бақылау жасау мақсатында құралымдарды, олардың элементтерін, материалдар мен таңбалайтын бояуларын пайда- ланудың техникалық режимдеріне және олардың жағдайларына бақылау жасау. | |
Надзор технический - надзор за строительством, осуществляемый заказчиком, включая функции приемки выполненных строительно-монтажных работ. | Техникалық қадағалау - орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарын қабылдау қызметтерін қоса алғандағы тапсырыс беруші тарапынан жүзеге асырылатын құрылыстың жүргізілуін қадағалау. | |
Наждак - тонко- и мелкозернистая темноцветная горная порода, состоящая из корунда в смеси с магнетитом, хрупкими слюдами, сульфидами и др. минералами; относится к природным абразивным материалам; твердость 7-8. | Наждак - корундтың магнетит, сынғыш слюда, сульфидтер және басқа да минералдардың қоспасынан тұратын жұқа және ұсақ түйіршікті қою түсті тау жынысы; табиғи түрпілі материалдарға жатады; қаттылығы 7-8. | |
Наземная канатная дорога - транспортное сооружение с канатной тягой. | Жерүсті арқанды жолы - арқанды тартымы бар көлік имараты. | |
Наземный резервуар (наземное хранение) - резервуар, предназначенный для хранения нефтепродуктов, если наименьший уровень жидкости в резервуаре выше не менее чем на 0,2 м нижней планировочной отметки прилегающей площадки (в пределах 3 м от стенки резервуара). | Жерүсті резервуары (жерүстілік сақтау) - резервуардағы сұйықтықтың ең төменгі деңгейі жанындағы алаңның төменгі жоспарлық белгісінен кемінде 0,2 м жоғары болған жағдайда (резервуар қабырғасынан 3 м шегінде) мұнай өнімдерін сақтауға арналған резервуар. | |
Накипь - твердые отложения на омываемых водой внутренних поверхностях труб паровых котлов и др. теплообменных аппаратов, образующиеся при испарении и нагревании воды, содержащей соли. | Қақ - құрамында тұздар бар судың булануы және оны қыздыру кезінде бу қазандықтары және басқа жылу алмасу аппараттары құбырларының су шаятын ішкі бетінде түзілетін қатты шөгінділер. | |
Накладное замочно-скобяное изделие - изделие, укрепленное на поверхности двери или окна. | Салма құлыпты-қапсырмалы бұйым - есіктің немесе терезенің бетіне бекітілген бұйым. | |
Наклонная база эскалатора - плоскость, проходящая по передним кромкам гребней настилов в наклонной части эскалатора. | Эскалатордың көлбеу базасы - эскалатордың көлбеу бөлігіндегі төсемдер адырының алдыңғы ернеуінен өтетін жазықтық. | |
Наклонный эскалатор - эскалатор, у которого средняя часть трассы направляющих лестничного полотна расположена прямолинейно под углом к горизонтальной базе. | Көлбеу эскалаторлар - баспалдақ тақтасын бағыттайтын трассасының ортаңғы бөлігі көлденең базаға қатысты бұрыш жасау арқылы түзу орналасқан эскалатор. | |
Наклоны интервалов в мульде сдвижения — отношение разности оседаний двух соседних точек мульды к расстоянию между ними. | Ығысу мульдасындағы интервалдар көлбеулері - мульданың көрші екі нүктесі отыру айырмасының олардың арақашықтығына қатынасы. | |
Наличник - декоративное обрамление оконного проема. | Жақтау - терезе ойығын сәндік жиектеу. | |
Намывная плотина - грунтовая плотина, в тело которой грунт (в виде пульпы) намывают при помощи грунтовых насосов. | Шайылмалы бөгет - топырақ сорғыларының көмегімен топырақты шаю арқылы (пульпа түрінде) салынған топырақты бөгет. | |
Наполнители полимерных материалов - вещества (главным образом порошковые и волокнистые), которые вводят в состав пластмасс, резин, красок, клеев с целью облегчения переработки, придания необходимых эксплуатационных свойств. | Полимер материалдардың толтырғыштары - өңдеуді жеңілдету, қажетті пайдаланылу қасиеттерін беру мақсатында пластмасса, резеңке, бояулар, желімдердің құрамына енгізілетін (негізінен түйіршікті және талшықты) заттар. | |
Наполнитель — полимерное твердое (реже жидкое) вещество с размером частиц менее 0,15 мм, вводимое в полимер. | Толтырғыш - полимерге енгізілетін бөлшектерінің өлшемдері 0,15 мм кем болатын полимерлік қатты ( сирек жағдайда - сұйық) зат. | |
Напор в гидравлике - величина, выражающая удельную (отнесенную к единице веса) энергию потока жидкости в данной точке потока. | Гидравликадағы арын - ағынның берілген нүктедегі сұйық ағынының меншікті энергиясын (салмақ бірлігіне шаққандағы) көрсететін шама. | |
Напорный пожарный рукав - пожарный рукав для транспортирования огнетушащих веществ под избыточным давлением. | Арынды өрт қолғабы - өрт сөндіретін заттарды артық қысымда тасымалдауға арналған өрт қолғабы. | |
Напорный резервуар для воды - резервуар для воды, служащий для создания напора в водопроводной сети. | Су құятын арынды резервуар - су құбыры желісінде арын тудыруға арналған су құятын резервуар. | |
Направленный взрыв - взрыв одного или нескольких зарядов ВВ, при котором горная порода перемещается в заранее заданном направлении и на заданное расстояние. | Бағытталған жарылыс - бір немесе бірнеше ЖЗ зарядтарының жарылуы, бұл кезде тау жынысы алдын ала белгіленген бағытта және белгіленген қашықтыққа орын ауыстырады. | |
Направляющая ступени (поручня) эскалатора - элемент трассы лестничного полотна (поручня), состоящий из рабочей и нерабочей ветвей. | Эскалатордың бағыттаушы (тұтқасы) сатысы - жұмысшы және жұмысшы емес тармақтардан тұратын баспалдақ тақтасы (тұтқасы) трассасының элементі. | |
Напрягающий цемент - быстросхватывающийся и быстротвердеющий цемент, получаемый совместным тонким измельчением портландцементного клинкера (65%), глиноземистого цемента или высокоглиноземистого шлака (20%) и природного гипса (15%). | Кернейтін цемент - портландцементті клинкерді (65%), глиноземдік цементті немесе жоғары глиноземдік цементті (2О %) және табиғи гипсті (15%) бірге майдалау арқылы алынатын жылдам ұстасатын және жылдам қатайатын цемент. | |
Напряжение в арматуре контролируемое - расчетная величина напряжения в напрягаемой арматуре предварительно напряженных конструкций. | Арматурадағы бақыланатын кернеу - алдын-ала кернелген құралымдардың кернелетін арматурасындағы кернеудің есептік шамасы. | |
Напряжение механическое - 1) мера внутренних сил, возникающих в теле (в элементах сооружений и машин) при его деформации; 2) мера внутренних сил, возникающих в элементах конструкции под влиянием внешних нагрузок. | Механикалық кернеу - 1) дененің деформациялануы кезінде (имараттар мен машиналардың элементтерінде) пайда болатын ішкі күштердің өлшемі; 2) құралым элементтерінде сыртқы жүктемелердің әсерінен туындайтын ішкі күштердің өлшемі. | |
Напряжение относительно земли - напряжение относительно точки земли, находящейся вне зоны растекания тока замыкания на землю. | Жерге қатысты кернеу - жерге тұйықталу токтарының таралу зонасынан тыс жердегі нүктеге қатысты кернеу. | |
Напряжение прикосновения - напряжение между двумя точками цепи тока, которых одновременно касается человек. | Жанасу кернеуі - ток тізбегінің адаммен бір мезгілде жанасатын екі нүктелері арасындағы кернеу. | |
Напряжение шага - напряжение между двумя точками цепи тока, находящихся одна от другой на расстоянии шага, на которых одновременно стоит человек. | Қадам кернеуі - ток тізбегінің бір-бірінен бір қадамдық жерде орналасқан екі нүктеде бір мезгілде адам тұрған нүктелерінің арасындағы кернеу. | |
Напряжения остаточные - сохраняющиеся во времени внутренние напряжения в материале или изделии. | Қалдық кернеу - материалда немесе бұйымда уақыт аралығында сақталып қалатын ішкі кернеу. | |
Наружная пожарная лестница - лестница, предназначенная для подъема личного состава пожарных команд и пожарно-технического вооружения на кровлю зданий и сооружений. | Сыртқы өрт баспалдағы - өрт сөндіру командаларының жеке құрамын және өрт сөндіру-техникалық құралдарды ғимараттың немесе имараттың төбесіне шығаруға арналған баспалдақ. | |
Нарушение требований пожарной безопасности - невыполнение или ненадлежащее выполнение требований пожарной безопасности. | Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу - өрт қауіпсіздігі талаптарын орындамау немесе тиісінше орындамау. | |
Насосная станция - комплекс сооружений, машин и устройств для напорного перемещения жидкостей. | Сорғы станциясы - сұйықтықтарды қысыммен тасымалдауға арналған имараттар, машиналар және құрылғылар кешені. | |
Настил - элемент перекрытия или покрытия здания, установленный горизонтально на опорные несущие конструкции (стены, ригели, балки, прогоны) и предназначенный для устройства пола в многоэтажных зданиях, кровли, проезжей части мостов, технологических рабочих площадок в промышленных цехах и т.п. | Төсем - тіреуші көтергіш құралымдарға (қабырғаларға, беларқаларға, арқалықтарға, жүгіртпелерге) көлденең орнатылған және көпқабатты ғимараттарда еден орнатуға, шатырды, көпірлердің жүретін бөліктерін, өндірістік цехтарда технологиялық жұмыс алаңдарын орнатуға және т.б. арналған ғимараттың аражабын немесе жабын элементі. | |
Настил ступени эскалатора - рабочая рифленая поверхность ступени в виде выступов и впадин, обеспечивающая безопасность входа и выхода пассажиров с лестничного полотна. | Эскалатор басқышының төсемі - жолаушылардың баспалдақ тақтасына кіруі мен шығуының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін басқыштың шығыңқы және ойыс түріндегі бұдырлы жұмыс беті. | |
Насыпь дорожная - грунтовое сооружение, возводимое на трассе дороги обычно в понижениях рельефа, на подходах к мостам и путепроводам, обеспечивающее размещение дорожной одежды автомобильной дороги или верхнего строения пути железной дороги. | Жол үйіндісі - автомобиль жолдарының жол төсемесін немесе теміржол жолдарының жоғары бөліктерін орналастыруды қамтамасыз ететін жол бойының әдетте, бедері ойыс жерлерінде, көпірлердің және жол өткелдерінің алдында салынатын топырақ имарат. | |
Натурные коррозионные испытания - коррозионные испытания, проводимые в природных условиях. | Табиғи тоттану сынақтары - табиғи жағдайда өткізілетін тоттану сынақтары. | |
Натяжная камера эскалатора - помещение, расположенное под полом нижнего вестибюля, предназначенное для установки и обслуживания натяжного устройства тоннельного эскалатора. | Эскалатордың керу камерасы - тоннельдік эскалатордың керу құрылғысын орнатуға және оған қызмет көрсетуге арналған төменгі вестибюль еденінің астында орналасқан бөлме. | |
Научная (научно-исследовательская) деятельность - деятельность, направленная на получение и применение новых знаний, в том числе: фундаментальные научные исследования - экспериментальная или теоретическая деятельность, направленная на получение новых знаний об основных закономерностях строения, функционирования и развития человека, общества, окружающей природной среды; прикладные научные исследования - исследования, направленные преимущественно на применение новых знаний для достижения практических целей и решения конкретных задач. | Ғылыми (ғылыми-зерттеу) қызмет - жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет, оның ішінде: іргелі ғылыми зерттеулер - адам, қоғам, қоршаған ортаның табиғи құрылымы, қызмет етуі мен дамуының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған эксперименталдық немесе теориялық қызмет; қолданбалы ғылыми зерттеулер - практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін ең алдымен, жаңа білімді қолдануға бағытталған зерттеулер. | |
Научная и (или) научно-техническая продукция - научный и (или) научно-технический результат, в том числе результат интеллектуальной деятельности, предназначенный для реализации. | Ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық өнім - ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық нәтиже, оның ішінде жүзеге асыруға арналған интеллектуалдық қызмет нәтижесі. | |
Научно-техническая деятельность - деятельность, направленная на получение, применение новых знаний для решения технологических, инженерных, экономических, социальных, гуманитарных и иных проблем, обеспечения функционирования науки, техники и производства как единой системы. | Ғылыми-техникалық қызмет - технологиялық, инженерлік, экономикалық, әлеуметтік, гуманитарлық және өзге проблемаларды шешу, ғылымның, техниканың және өндірістің біртұтас жүйе ретінде қызмет етуін қамтамасыз ету үшін жаңа білімді алуға, қолдануға бағытталған қызмет. | |
Наценки снабженческо-сбытовых организаций - утверждаемый в централизованном порядке норматив (в процентах от оптовых цен на материалы, изделия и конструкции), по которому определяется размер средств, необходимый для оплаты услуг снабженческо-сбытовых организаций. | Жабдықтау-өткізу ұйымдарының үстеме бағалары - орталықтандырылған түрде бекітілген норматив (құралымдар, бұйымдар және материалдар көтерме бағасының пайызы есебінде), онда жабдықтау-өткізу ұйымдарының қызметіне төленетін қажетті қаржы көлемі анықталады. | |
Национальная стандартизация - стандартизация, которая проводится на уровне одной страны. | Ұлттық стандарттау - бір елдің деңгейінде жүргізілетін стандарттау. | |
Национальный стандарт - стандарт, принятый национальным органом по стандартизации. | Ұлттық стандарт - стандарттау жөніндегі ұлттық орган қабылдаған стандарт. | |
Неблагоприятными условиями для проектирования балконов, лоджий и террас являются: в I и II климатических районах — среднемесячная температура воздуха и среднемесячная скорость ветра в июле: ниже 40 С при любых скоростях ветра; 4-80 С и скорости ветра до 4 м/с; 8-120 С и скорости ветра 4-5 м/с; 12-160 С и скорости ветра более 5 м/с; шум от транспортных магистралей или промышленных территорий 75 дБ и более на расстоянии 2 м от фасада жилого дома; концентрация пыли в воздухе 1,5 мг/м3 и более в течение 15 дней и более за три летних месяца. | Қолайсыз жағдайлар - балкон, лоджия және терассаларды жобалау үшін: I және II климаттық аудандарда - шілдедегі ауаның орташа айлық температурасы және желдің орташа айлық жылдамдығы: желдің кез келген жылдамдығы кезінде 40 С-тан төмен; 4-80 С және желдің жылдамдығы 4 м/с-қа дейін; 8-120 С және желдің жылдамдығы 4-5 м/с; 12-160 С және желдің жылдамдығы 5 м/с-тан жоғары; тұрғын үйдің қасбетінен 2 м арақашықтықта көлік магистральдарының немесе өндірістік аумақтардың шуы 75 дБА және одан жоғары; 15 күннен артық және жаздың үш айынан астам уақыт ішінде ауадағы шаңның концентрациясы 1,5 мг/м3 және одан жоғары кездер қолайсыз жағдайлар болып табылады. | |
Недвижимость - земельные участки, здания, сооружения, многолетние насаждения и иное имущество, прочно связанное с землей, то есть объекты, перемещение которых без несоразмерного ущерба их назначению невозможно. | Жылжымайтын мүлік - жер телімдері, ғимараттар, имараттар, көпжылдық көшеттер және жерге байланысты өзге мүлік, яғни қолданылуына еселеусіз зиян келтірілмей орын ауыстыру мүмкін болмайтын нысандар. | |
Недвижимость в жилищной сфере - недвижимое имущество с установленными правами владения, пользования и распоряжения в границах имущества, включающее: земельные участки и прочно связанные с ними жилые дома с жилыми и нежилыми помещениями, приусадебные хозяйственные постройки, зеленые насаждения с многолетним циклом развития; жилые дома, квартиры, иные жилые помещения в жилых домах и других строениях, пригодные для постоянного и временного проживания; сооружения и элементы инженерной инфраструктуры жилищной сферы. | Тұрғын үй саласындағы жылжымайтын мүлік - мүлік шекараларында иелену, пайдалану және билік ету құқықтары белгіленген жылжымайтын мүлік, жер телімдері және онымен тығыз байланысты тұрғылықты және тұрғылықты емес бөлмелерден, үй маңындағы шаруашылық қора-жайлардан, көпжылдық даму кезеңдері бар жасыл көшеттерден тұратын тұрғын үйлер; тұрғын үйлер, пәтерлер, тұрғын үйлердегі өзге де тұрғылықты бөлмелер, тұрақты және уақытша тұруға жарамды басқа құрылыстар; имараттар және тұрғын үй саласының инженерлік инфрақұрылым элементтері. | |
Недобор грунта - слой грунта, оставляемый (по конструктивным или технологическим соображениям в пределах, предусмотренных нормами) в выработке после разработки ее землеройной машиной и подлежащий последующему удалению с обеспечением проектных размеров и отметок дна выработки. | Топырақтың кем алынуы - қазбаларды жер қазу машиналарымен игеруден кейін (нормаларда көзделген құралымдық немесе технологиялық тұжырымдар бойынша) қалдырылған және қазбаның жобалық өлшемдері мен белгіленген тереңдігін қамтамасыз ету арқылы кейіннен тазартылатын топырақ қабаты. | |
Недожог красок - матовость, тусклость краски, вызванная недостаточной температурой обжига. | Сырлардың жеткіліксіз күйдірілуі - күйдіру температурасының жеткіліксіздігі салдарынан болатын сырдың өңсіздігі, көмескілігі, | |
Нежилая площадь (вспомогательная) жилища - подсчитывается как сумма площадей внутренних подсобных помещений в жилом доме (кухни, ванной комнаты или встроенной бани, постирочной, туалета, прихожей, коридора, квартирной кладовой, встроенной топочной и тому подобное). | Баспананың тұрғылықты емес (қосалқы) ауданы - тұрғын үй ішіндегі қосалқы бөлмелердің (ас үй, шомылатын бөлме немесе іргелес салынған монша, кір жуатын орын, дәретхана, кіреберіс, дәліз, пәтерлік қойма, жылытатын орын және сол сияқты) ауданының қосындысы. | |
Нежилое помещение - отдельное встроенное (встроенно-пристроенное) в жилой дом помещение, предназначенное и используемое для иных, чем постоянное проживание, целей, в том числе для общественных нужд и/или малого предпринимательства. | Тұрғылықты емес бөлме - тұрақты тұрудан өзге мақсаттарға арналған, оның ішінде қоғамдық мұқтаждықтар және/немесе шағын кәсіпкерлік үшін пайдаланылатын, тұрғын үйге іргелес (іргелес-жалғастыра) салынған жеке бөлме. | |
Неисправность, неисправное состояние - состояние изделия (устройства), при котором оно не соответствует одному или нескольким требованиям, предъявляемым как в отношении основных параметров, характеризующих его способность выполнять заданные функции, так и в отношении удобств эксплуатации, внешнего вида, комплектности и т.д. | Ақаулық, ақаулы күй - бұйымның белгіленген қызметтерді орындау қабілетін сипаттайтын негізгі параметрлеріне қатысты қойылатын бір немесе бірнеше талаптарға сондай-ақ оны пайдалану қолайлылығына, сыртқы түріне, жинақтылығына және т.б. сәйкес келмеуіне қатысты бұйымның (құрылғының) күйі. | |
Неисправность элемента здания - состояние элемента, при котором им не выполняется хотя бы одно из заданных эксплуатационных требований. | Ғимарат элементінің ақауы - элементтің белгіленген пайдалану талаптарының кемінде біреуі орындалмайтын күйі. | |
Нейтральная ось в сопротивлении материалов - линия пересечения плоскости поперечного сечения балки с нейтральным слоем (поверхностью, разделяющей при изгибе балки ее сжатую и растянутую зону). | Материалдар кедергісіндегі бейтарап ось - арқалықтың көлденең қима жазығының бейтарап қабатпен (арқалықтың иілуі кезінде оның сығылған және созылған зонасын бөлетін жазықтықпен) қиылысу сызығы. | |
Ненесущая панель - панель, не предназначенная для опирания на нее конструкций здания (кроме оконных и дверных блоков и легких межоконных вставок). | Салмақ түсірілмейтін панель - ғимарат құралымдары (терезе және есік блоктарынан және терезеаралық жеңіл құралымдардан өзге) үшін тірек ретінде қолданылмайтын панель. | |
Неотапливаемые помещения - нежилые помещения в квартире (жилище), не имеющие отопительную систему (холодные кладовые, веранды и тому подобное) и включающиеся в нежилую площадь квартиры (жилища). К неотапливаемым помещениям не могут быть причислены внутриквартирные прихожие и коридоры. | Жылытылмайтын бөлме - пәтердегі жылыту жүйесі болмайтын (суық қоймалар, сырттағы дәліздер және сол сияқтылар) және пәтердің (баспананың) тұрғылықты емес ауданына қосылатын тұрғылықты емес бөлмелер. Жылытылмайтын бөлмелерге пәтерішілік ауызғы бөлмелер және дәліздер жатқызылмайды. | |
Неотложные работы в чрезвычайной ситуации - аварийно-спасательные и аварийно-восстановительные работы, оказание экстренной медицинской помощи, проведение санитарно-эпидемиологических мероприятий и охрана общественного порядка в зоне чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайлардағы шұғыл жұмыстар - төтенше жағдай аймағындағы апаттық-құтқару және апаттық-қалпына келтіру жұмыстары, жедел медициналық көмек көрсету, санитарлық-эпидемиологиялық іс-шаралар жүргізу және қоғамдық тәртіпті сақтау. | |
Неотпускающий ток - электрический ток, вызывающий при прохождении через человека непреодолимые судорожные сокращения мышц руки, в которой зажат проводник. | Жібермейтін ток - адам денесі арқылы өткенде өткізгішті ұстап тұрған адам өзі құтыла алмайтын қолының бұлшық еттерінің құрысып жиырылуын туғызатын электр тогы. | |
Неподвижная входная площадка эскалатора - входная площадка, не имеющая возможности перемещения относительно настила ступени. | Эскалатордың жылжымайтын кіру алаңшасы - басқыш тақтасымен салыстырғанда орын ауыстыру мүмкіндігі болмайтын кіру алаңшасы. | |
Непрерывный контроль - контроль, при котором информация о контролируемом параметре технологического процесса поступает непрерывно. | Үздіксіз бақылау - технологиялық процестің бақыланатын параметрлері туралы ақпарат үздіксіз келіп түсетін бақылау. | |
Непрозрачный темплет - темплет, изготовленный из непрозрачного или светонепроницаемого материала, например, из картона, стальной фольги и т.п. | Мөлдір емес темплет - мөлдір емес немесе жарық өткізбейтін материалдан, мысалы, картоннан, болат фольгадан және т.с.с материалдан жасалған темплет. | |
Нерабочая ветвь направляющей ступени (поручня) - направляющие, служащие для оборота ступеней лестничного полотна (поручня). | Бағыттаушы сатының (тұтқаның) жұмысшы емес тармағы - баспалдақ тақтасының (тұтқасының) сатыларының айналуына арналған бағыттағыштар. | |
Неравномерность водопотребления - колебание расхода воды в интервале времени. | Су тұтынудың әркелкілігі - уақыт аралығындағы су шығынының ауытқуы. | |
Неравномерность естественного освещения - отношение среднего значения к наименьшему значению коэффициента естественной освещенности (КЕО) в пределах характерного разреза помещения. | Табиғи жарықтандырудың әркелкілігі - бөлменің өзіндік қимасы шегінде табиғи жарықталу еселеуішінің (ТЖЕ) орташа мәнінің оның ең кіші мәніне қатынасы. | |
Неразрушающий контроль - определение характеристик материалов и изделий без их разрушения с целью получения информации о качестве изделий и объектов. Неразрушающий контроль обеспечивается, различными методами дефектоскопии, основанными на использовании проникающих полей, излучений и веществ. | Бұзбай бақылау - бұйымдардың және нысандардың сапасы туралы ақпарат алу мақсатында бұйымдар мен материалдарды бұзбай, олардың сипаттамаларын анықтау. Бұзбай бақылау дефектоскопияның өткізуші өрістерді, сәулелерді және заттарды пайдалануға негізделген түрлі әдістерімен қамтамасыз етіледі. | |
Нервюра в архитектуре - арка из тесаных клиновидных камней, укрепляющих ребра свода. Система нервюра образует каркас, облегчающий кладку свода. | Сәулеттегі әшекейқабырға - тоғыспа қабырғаларын бекітетін қашалған сына тәрізді тастардан жасалған арка. Әшекейқабырғалар жүйесі тоғыспа қалауды жеңілдететін қаңқа түзеді. | |
Нержавеющая сталь - легированная сталь, устойчивая к коррозии на воздухе, в воде, а также в некоторых агрессивных средах. | Тоттанбайтын болат - ауада, суда, сондай-ақ кейбір жеміргіш орталарда тоттануға төзімді легирленген болат. | |
Несгораемый материал - материал, который под воздействием огня или высокой температуры не воспламеняется, не тлеет и не обугливается. | Жанбайтын материал - оттың немесе жоғары температура әсерінен жалындамайтын, бықсымайтын және көмірленбейтін материал. | |
Несущая панель - панель, предназначенная для опирания на нее конструкций здания. | Көтергіш панель - ғимарат құралымдары үшін оларға тірек ретінде пайдаланылатын панель. | |
Несущие конструкции (элементы ) - 1) конструктивные элементы, воспринимающие основные нагрузки зданий и сооружений и обеспечивающие их прочность, жесткость и устойчивость; 2) конструкции, воспринимающие постоянную и временную нагрузку, в том числе нагрузку от других частей зданий. | Көтергіш құралымдар (элементтер) - 1) ғимараттар мен имараттардың негізгі салмағын қабылдайтын және олардың беріктігін, қаттылығын және төзімділігін қамтамасыз ететін құралымдық элементтер; 2) тұрақты және уақытша салмақты, оның ішінде ғимараттың басқа бөліктерінен түсетін салмақты қабылдайтын құралымдар. | |
Несчастный случай на производстве - событие, в результате которого застрахованный получил увечье или иное повреждение здоровья при исполнении им обязанностей по трудовому договору (контракту) и в иных установленных законом случаях как на территории страхователя, так и за ее пределами, либо во время следования к месту работы или возвращения с места работы на транспорте, предоставленном страхователем, и которое повлекло либо необходимость перевода застрахованного на другую работу, временную или стойкую утрату им профессиональной трудоспособности либо его смерть. | Өндірістегі қайғылы оқиға - өз міндеттерін орындау кезінде еңбек шарты (келісімшарты) бойынша және заңмен белгіленген өзге жағдайларда сақтандырушының аумағында, сондай-ақ одан тысқары жерлерде, сақтандырушы ұсынған көлікпен жұмыс орнына бара жатқанда немесе жұмыс орнынан қайтқанда сақтандырылған адамның зақым алуына немесе денсаулығына өзге де зиян келуіне әкелетін оқиға және оның сақтандырылған адамды басқа жұмысқа ауыстыруды қажет етуі, кәсіби еңбекке жарамдылығын уақытша немесе тұрақты жоғалтуына болмаса оның өліміне алып келуі. | |
Нетиповое изделие (конструкция, устройство, монтажный блок) - изделие, впервые разработанное и изготовленное, как правило, на месте монтажа (в заготовительной мастерской монтажной организации) технологических, энергетических, санитарно-технических и других систем. | Типтік емес бұйымдар (құралым, құрылғы, жинақтау блогы) - технологиялық, энергетикалық, санитарлық-техникалық және өзге жүйелердің жинақтау орындарында (жинақтау ұйымдарының дайындау шеберханаларында) алғаш рет әзірленген және жасалған бұйым. | |
Неф в архитектуре - вытянутое помещение, часть интерьера, ограниченное с одной или с обеих продольных сторон рядом колонн или столбов. | Сәулеттегі неф - созылыңқы бөлме, бағаналардың немесе діңгектердің бір немесе екі бойлық жақтарының қатарымен шектелген интерьердің бөлігі. | |
Нефелиновый цемент - гидравлическое вяжущее, получаемое тонким измельчением нефелинового шлама, активизаторов твердения (извести или портландцемента) и гипса. | Нефелинді цемент - нефелинді шламды, қатаю белсендіргіштерін (әкті немесе портландцементті) және гипсті жұқалап ұсақтау арқылы алынатын гидравликалық тұтқыр зат. | |
Нефелиновый шлам, белитовый шлам - отход производства оксида алюминия из нефелинов, состоящий из сиенитов и др. горных пород, в основном, из двухкальциевого силиката алюминия (белита). | Нефелинді шлам, белитті шлам - нефелиннен алюминий тотығын өндіру кезінде түзілетін сиениттерден және т.б. тау жыныстарынан, негізінен алюминийдің қос кальцийлі силикатынан (белиттен) тұратын қалдық. | |
Нефтепровод - комплекс сооружений для перекачки нефти и продуктов ее переработки из районов добычи и производства к пунктам их потребления или перевалки на железнодорожный либо водный транспорт. | Мұнай құбыры - мұнай және мұнай өнімдерін игеру және өндіру аудандарынан оларды тұтыну бекеттеріне немесе теміржол не су көлігіне тиеу жерлеріне дейін тасымалдауға арналған имараттар кешені. | |
Нефтехранилище - резервуар или система резервуаров для хранения нефти или продуктов ее переработки. | Мұнай сақтау қоймасы - мұнайды немесе оны өңдеу өнімдерін сақтауға арналған резервуар немесе резервуарлар жүйесі. | |
Нивелир - геодезический инструмент, используемый для геометрического нивелирования, снабженный зрительной трубой, вращающейся в горизонтальной плоскости, и чувствительным уровнем. | Нивелир - көлденең жазықтықта айналатын көру дүрбісімен және сезімтал деңгейімен жабдықталған, геометриялық нивелирлеу үшін пайдаланылатын геодезиялық аспап. | |
Нивелирная сеть - геодезическая сеть, высоты пунктов которой над уровнем моря определены геометрическим нивелированием. | Нивелирлік желі - геодезиялық желі, оның пунктерінің теңіз деңгейіне қатысты биіктіктері геометриялық нивелирлеумен анықталған. | |
Нивелирный репер - геодезический знак, закрепляющий пункт нивелирной сети. Примечание: в собственном названии репера может быть отражено место закладки (например, фунтовый репер) и особенности закладки (например, фундаментальный репер). | Нивелирлік репер - нивелирлік желі пунктін бекітетін геодезиялық белгі. Ескерту: репердің өзіндік атауында орнатылатын орын (мысалы, фунттық репер) және орнату ерекшеліктері (мысалы, іргетасты репер) бейнеленуі мүмкін. | |
Нивелирование - определение превышений (разности высот) точек земной поверхности относительно некоторой избранной точки или уровня моря. | Нивелирлеу - бірқатар таңдалған нүктелерге немесе теңіз деңгейіне қатысты жер беті нүктелерінің биік айырымдарын (биіктік айырмасын) анықтау. | |
Нижние слои (слой) аэродромных покрытий - искусственное основание, обеспечивающее совместно с покрытием передачу нагрузок на грунтовое основание, которое, помимо несущей функции, может выполнять также дренирующие, противозаиливающие, термоизолирующие, противопучинные, гидроизолирующие и другие функции. | Аэродром жабындарының төменгі қабаттары (қабаты) - жабынмен бірге салмақты топырақ негізіне берілуін қамтамасыз ететін жасанды негіз, олар көтергіш қызметпен қатар, құрғату, лайлануға қарсы, термиялық оқшаулау, ісінуге қарсы, гидрооқ шаулау және басқа да қызметтерді атқара алады. | |
Низ дорожной одежды - уровень последнего по глубине конструктивного слоя одежды, учитываемого при расчете на прочность. | Жол төсемесінің төменгі бөлігі - беріктікті есептеу кезінде есепке алынатын төсеменің құралымдық соңғы қабатының тереңдігі бойынша деңгейі. | |
Новое строительство - возведение комплекса объектов основного, подсобного и обслуживающего назначения вновь создаваемых предприятий, зданий и сооружений, а также филиалов и отдельных производств, которые после ввода в эксплуатацию будут находиться на самостоятельном балансе. | Жаңа құрылыс - пайдалануға берілгеннен кейін дербес баланста болатын, жаңадан салынатын кәсіпорындардың, ғимараттар мен имараттардың, сондай-ақ филиалдар мен жекелеген өндірістердің негізгі, қосалқы және қызмет көрсету мақсатындағы нысандар кешенін салу. | |
Номенклатура материальных ресурсов - упорядоченный перечень наименований сырья и материалов. | Материалдық ресурстар атаужүйесі - шикізаттар мен материалдар атауының реттелген тізімі. | |
Номенклатура мобильных (инвентарных) зданий и сооружений - перечень разновидностей мобильных (инвентарных) зданий и сооружений, систематизированный по функциональному назначению с указанием основного показателя. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың атаужүйесі - негізгі көрсеткіші көрсетіле отырып, қызмет мақсаты бойынша жүйеленген түрлі жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар мен имараттардың тізімі. | |
Номинальная скорость эскалатора - скорость движения лестничного полотна при работе без нагрузки в установившемся режиме. | Эскалатордың номинальды жылдамдығы - баспалдақ тақтасының қалыптасқан режимде жүктемесіз жұмысы кезіндегі қозғалыс жылдамдығы. | |
Номинальный объем резервуара — условная округленная величина объема, принятая для идентификации требований норм для резервуаров различных конструкций при расчетах номенклатуры объемов резервуаров общей вместимости, а также для определения установок и средств пожаротушения. | Резервуардың номинальды көлемi - резервуарлар көлемі атаужүйесінің, жалпы сыйымдылығын есептеу кезінде резервуарлардың түрлі құралымдары үшін норма талаптарын сәйкестендіру, сондай-ақ өрт сөндіру қондырғылары мен құралдарын анықтау үшін шартты дөңгелектелген көлем шамасы. | |
Норма - положение, устанавливающее количественные или качественные критерии, которые должны быть удовлетворены. Примечания: 1) в документах ИСО приведенное определение соответствует английскому термину "Requirement" (требование); 2) для норм, характеризующих расчетную потребность в натуральной или стоимостной форме, выраженную в абсолютных или относительных показателях, применяют также термин «норматив». | Норма - орындалуы тиiс сандық және сапалық өлшемдерді белгілейтін ереже. Ескертулер: 1) ИСО құжаттарында келтірілген анықтама ағылшын тіліндегі «Reguirement» (талап) терминіне сәйкес келеді; 2) абсолюттік немесе салыстырмалы көрсеткіштерде көрсетілген табиғи немесе құны көрсетiлген нысандағы есептік қажеттілікті сипаттайтын нормалар үшін «норматив» термині қолданылады. | |
Норма расхода материальных ресурсов - количество материальных ресурсов, необходимое для производства единицы продукции (работ). | Материалдық ресурс шығыстарының нормасы - өнім (жұмыс) бірлігін өндіруге қажетті материалдық ресурстар мөлшері. | |
Нормальная эксплуатация - эксплуатация, осуществляемая (без ограничений) в соответствии с предусмотренными в нормах или заданиях на проектирование технологическими или бытовыми условиями. | Қалыпты пайдалану - жобалау нормаларында немесе тапсырмаларында көзделген технологиялық немесе тұрмыстық талаптарға сәйкес жүзеге асырылатын (шектеусіз) пайдалану. | |
Нормальный подпорный уровень воды (нпу ) - наивысший проектный подпорный уровень верхнего бьефа, который может поддерживаться в нормальных условиях эксплуатации гидротехнических сооружений. | Судың қалыпты арын деңгейі (қад) - гидротехникалық имараттарды қалыпты пайдалану жағдайында сақталатын жоғарғы бьефтің ең жоғары жобалық арын деңгейі. | |
Нормальный режим электроснабжения - режим работы систем электроснабжения без использования резервов, обеспечивающий питание контактной сети при расчетных размерах движения в часы максимума и для условий наибольшего сопротивления движению подвижного состава при требуемых технических и наивысших экономических показателях транспортной системы. | Электрмен жабдықтаудың қалыпты режимі - көлік жүйесінің талап етілетін техникалық және ең жоғары экономикалық көрсеткіштері кезінде жылжымалы құрамның қозғалысына барынша үлкен кедергі туғызатын және максимум сағаттарында қозғалыстың есептік өлшемдері кезінде түйіспе желіні қоректендіруді қамтамасыз ететін, электрмен жабдықтау жүйесінің резервтерді пайдаланбайтын жұмыс режимі. | |
Нормативная документация (нормативный документ) - документация, устанавливающая комплекс норм, правил, положений, требований, обязательных при проектировании, инженерных изысканиях и строительстве, реконструкции, капитальном ремонте зданий и сооружений, расширении и техническом перевооружении предприятий, а также при изготовлении строительных конструкций, изделий и материалов. | Нормативтік құжаттама (нормативтік құжат) - ғимараттар мен имараттарды жобалау, инженерлік ізденістер және оларды салу, жаңарту, күрделі жөндеу, кәсіпорындарды кеңейту және техникалық қайта жарақтандыру кезінде, сондай-ақ құрылыс құралымдарын, бұйымдары мен материалдарын дайындау кезінде міндетті болып табылатын нормалардың, ережелердің, қағидалардың, талаптардың жиынтығын белгілейтін құжат. | |
Нормативно-технический документ - документ, в котором зафиксированы требования, обязательные для исполнения в определенных областях деятельности, при производстве определенных работ и т.д. | Нормативтік-техникалық құжат - қызметтің белгілі бір салаларында, белгілі бір жұмыс түрлерін орындау кезінде және т.т. міндетті түрде орындалуы тиіс талаптар бекітілген құжат. | |
Нормативные нагрузки - наибольшие нагрузки, отвечающие нормальным условиям эксплуатации зданий и сооружений; используются при расчете конструкций по предельным состояниям. | Нормативтік жүктеме - ғимараттар мен имараттарды пайдаланудың қалыпты жағдайларына сәйкес келетін ең үлкен жүктемелер; құралымдарды шекті күйі бойынша есептеу кезінде пайдаланылады. | |
Нормативный документ - документ, устанавливающий правила, общие принципы или характеристики, касающиеся определенных видов деятельности или их результатов и доступный широкому кругу потребителей. Примечания: 1) термин «нормативный документ» в системе нормативных документов в строительстве охватывает такие понятия, как строительные нормы и правила, свод правил, территориальные строительные нормы, стандарт; 2) деятельность, проявляющаяся при разработке, опубликовании и применении нормативных документов системы, обозначается термином «нормирование и стандартизация». | Нормативтік құжат - белгілі бір қызмет түрлеріне қатысты тәртіптерді, жалпы принциптерді немесе сипаттамаларды белгілейтін және тұтынушылардың кең ауқымына арналған құжат. Ескерту: 1) құрылыстағы нормативтік құжаттар жүйесінде «нормативтік құжат» термині құрылыс нормалары мен ережелері, ережелер жиынтығы, аумақтық құрылыс нормалары, стандарт сияқты ұғымдарды қамтиды; 2) жүйенің нормативтік құжаттарды дайындау, жариялау және қолдану кезіндегі қызметі «нормалау және стандарттау» терминімен белгіленеді. | |
Нормативы материальных ресурсов - поэлементные составляющие норм расхода сырья и материалов. | Материалдық ресурс нормативтері - шикізаттар мен материалдар шығысы нормаларының элементтер бойынша құрастырушылары. | |
Нормирование и стандартизация - деятельность, проявляющаяся при разработке, опубликовании и применении нормативных документов. | Нормалау және стандарттау - нормативтік құжаттарды дайындау, жариялау және қолдану кезіндегі қызмет. | |
Нормируемая плотность бетона - значение плотности бетона, заданное в нормативно-технической и проектной документации. | Бетонның нормаланған тығыздығы - нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамада берілген бетон тығыздығының мәні. | |
Нормируемая прочность бетона - заданное в нормативно-технической или проектной документации значение прочности (в проектном и промежуточном возрасте, отпускная, передаточная). | Бетонның нормаланған беріктігі - нормативтік-техникалық және жобалық құжаттамада берілген бетон беріктігінің (жобалық және аралық жастағы, босатылатын, берілетін) мәні. | |
Нормируемая прочность раствора - прочность затвердевшего строительного раствора, заданная в государственных стандартах или нормативно-технической документации, утвержденной в установленном порядке (проектная марка). | Ерітіндінің нормаланған беріктігі - белгіленген тәртіппен бекітілген (жобалық марка) нормативтік-техникалық құжаттамада немесе мемлекеттік стандарттарда берілген қатайған құрылыс ерітіндісінің беріктігі. | |
Нормы дополнительных затрат при производстве строительно-монтажных работ в зимнее время - сметные нормы, учитывающие дополнительные затраты, необходимые при производстве строительно-монтажных работ в зимнее время, в том числе: доплаты к заработной плате рабочих; расходы на благоустройство рабочих мест; затраты, вызываемые изменением технологии производства работ в зимнее время (устройство, разборка и отопление тепляков, исключая тепляки для коксовых печей), выдерживание бетонных и железобетонных конструкций в необходимых температурно-влажностных условиях, применение специальных добавок к растворам и бетонам и др. Нормы, установленные по видам строительства, предназначенные для составления смет и круглогодичных расчетов за выполненные работы между заказчиками и генподрядными строительными организациями и нормы по конструкциям и видам работ для расчетов, как правило, за выполненные работы между генподрядными и субподрядными строительными организациями. | Қысқы уақытта құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу кезіндегі қосымша шығын нормалары - қысқы уақытта құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізуге қажетті қосымша шығындарды есепке алатын сметалық нормалар, оның ішінде: жұмысшылардың еңбекақысына қосымша төлемдер; жұмыс орындарын жақсарту шығындары; қысқы уақытта жұмысты жүргізу технологиясының өзгеруіне байланысты туындайтын шығындар (орнату, кокс пештеріне арналған жылытқыштарды қоспағанда, жылытқыштарды бөлшектеу және жылыту); бетон және темірбетон құралымдарды қажетті температура-ылғалдылық шарттарына сәйкес сақтау, ерітінділерге, бетонға арнайы қоспаларды қолдану және т.б. Құрылыс түрлері бойынша белгіленген, тапсырыс берушілер және бас мердігерлік құрылыс ұйымдары арасында орындалған жұмыстар үшін сметалар мен жылдық есептерді құруға арналған нормалар және бас мердігерлік пен қосалқы мердігерлік құрылыс ұйымдары арасында орындалған жұмыс түрлері бойынша есеп айырысу үшін құралымдар және жұмыс түрлері бойынша нормалар. | |
Нормы производственные - нормы, устанавливающие величину затрат труда и материальных ресурсов на производство единицы объема работ (единицы продукции). | Өндірістік нормалар - жұмыс көлемі бірлігіне (өнім бірлігіне) жұмсалатын еңбек және материалдық ресурстар шығынының шамасын белгілейтін нормалар. | |
Нормы технологического проектирования - нормативные документы по проектированию технологических процессов промышленных предприятий и сооружений, утверждаемые в установленном порядке министерствами и ведомствами. | Технологиялық жобалау нормалары - министрліктер мен ведомстволар белгіленген тәртіппен бекітетін, өндірістік кәсіпорындар мен имараттардың технологиялық процестерін жобалау жөніндегі нормативтік құжаттар. | |
НРБ-99 (СП 2.6.1.758-99) - нормы радиационной безопасности Республики Казахстан (введенные на территории РК с 01.01.2000 г. Постановлением Главного государственного санитарного врача РК №10 от 09.12.1999 г.). | РҚН-99 (ЕЖ 2.6.1.758-99) - Қазақстан Республикасының радиациялық қауіпсіздік нормалары (ҚР аумағында Бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің 09.12.1999 ж. №10 қаулысымен 01.01.2000 ж. бастап енгізілген). | |
Нулевой защитный проводник - проводник, соединяющий зануляемые части с глухозаземленной нейтральной точкой обмотки источника тока или ее эквивалентом. | Нөлдік қорғаныштық өткізгіш - ток көздері орамаларының немесе оның эквиваленттерінің тұтастай тұйықталған бейтарап нүктесі мен нөлге айналатын бөліктерін қосатын өткізгіш. | |
Обвалы - обрушение (падение) масс горных пород (в виде крупных глыб и обломков) в результате отрыва от коренного массива. | Опырылымдар - тау жыныстары жиынтығының (ірі тастар және сынықтар түріндегі) негізгі массивтерден бөлінуі нәтижесінде опырылуы (құлауы). | |
Обводнение - комплекс мероприятий, включающий строительство гидротехнических сооружений в местностях, где нет водных источников или их дебит недостаточен для обеспечения водой данного района, либо они содержат непригодную для использования воду. | Суландыру - су көздері жоқ не суы қолдануға келмейтін немесе берілген ауданда сумен қамтамасыз ету дебиті жеткіліксіз жерлерде гидротехникалық имараттар салу енетін шаралар кешені. | |
Обделка подземного сооружения - строительная конструкция, возводимая в тоннелях, складах, гаражах и т.д. и образующая их внутреннюю поверхность. Обделку подземного сооружения устраивают для защиты подземных сооружений от обрушений, чрезмерных смещений окружающих пород, проникновения подземных вод. | Жерасты имараттарының қаптауы - қоймаларда, тоннельдерде, гараждарда т.б. ішкі беттерін құрайтын құрылыс құралымы. Жерасты құрылыстары қаптауын жерасты имараттарын қираудан, қоршаған тау жыныстарының шектен тыс жылжуынан, жер асты суының басып қалуынан қорғау үшін жасайды. | |
Обезвреживание сточных вод - очистка сточных вод от содержащихся в них вредных веществ до степени, позволяющей сбрасывать их в водоём или использовать повторно для производственных нужд. | Ағынды суларды залалсыздандыру - ақаба сулардың құрамындағы зиянды заттарды суатқа жіберетіндей немесе өндірістік қажеттерге қайталай қолдану дәрежесіне жеткізетіндей етіп тазалау. | |
Обеззараживание - уменьшение до предельно допустимых норм загрязнения и заражения территории, объектов, воды, продовольствия, пищевого сырья и кормов радиоактивными и опасными химическими веществами путём дезактивации, дегазации и демеркуризации, а также опасными биологическими веществами путём дезинфекции и детоксикации. | Зарарсыздандыру - радиоактивті және қауіпті химиялық заттарды дезактивация, газсыздандыру, демеркурлендіру, сондай-ақ қауіпті биологиялық заттарды дезинфекциялау, детоксикациялау жолымен аумақты, нысандарды, суды, азық-түлікті, азық шикізаты мен жемдерді уланудан және ластанудан белгіленген норма шегіне дейін азайту. | |
Обеззараживание воды - уменьшение количества болезнетворных организмов в воде до пределов, установленных санитарно-гигиеническими требованиями. | Суды зарарсыздандыру - судағы ауру тудыратын бактериялар мөлшерін санитарлық-гигиеналық талаптар белгілеген шекке дейін азайту. | |
Обеззараживание природных и сточных вод - уничтожение в воде болезнетворных бактерий и вирусов. | Табиғи және ақаба суларды зарарсыздандыру - судағы ауру тудыратын бактериялар мен вирустарды жою. | |
Обеспечение безопасности в чрезвычайных ситуациях - принятие и соблюдение правовых норм, выполнение экологозащитных, отраслевых или ведомственных требований и правил, а также проведение комплекса организационных, экономических эколого-защитных, санитарно-гигиенических, санитарно-эпидемиологических и специальных мероприятий, направленных на обеспечение защиты населения, объектов народного хозяйства и иного назначения, окружающей природной среды от опасностей в чрезвычайных ситуациях. | Төтенше жағдайларда қауіпсіздікті қамтамасыз ету - құқықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологиялық қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ төтенше жағдайлардағы қауіп-қатерден қоршаған табиғи ортаны, халық шаруашылығы және басқа да бағытттағы нысандарды, халықты қорғаумен қамтамасыз етуге бағытталған ұйымдастыру, экономикалық, экологиялық қорғау, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық және арнайы шаралар кешенін өткізу. | |
Обеспечение безопасности населения в чрезвычайных ситуациях - соблюдение правовых норм, выполнение эколого-защитных, отраслевых или ведомственных требований и правил, а также проведение комплекса правовых, организационных, экологозащитных, санитарно-гигиенических, санитарно-эпидемиологических и специальных мероприятий, направленных на предотвращение или предельное снижение угрозы жизни и здоровью людей, потери их имущества и нарушения условий жизнедеятельности в случае возникновения чрезвычайной ситуаций. | Төтенше жағдайларда халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету - құқықтық нормаларды сақтау, экологиялық қорғау, салалық және ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ төтенше жағдайлар пайда болу кезінде адамдардың денсаулығы мен өміріне төнетін қауіп-қатердің шегін азайту, олардың дүние-мүлкінің жоғалмауы, өмір сүру шарттарының бұзылмауына бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, экологиялық қорғау, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық және арнайы шаралар кешенін өткізу. | |
Обеспечение пожарной безопасности - принятие и соблюдение нормативных правовых актов, правил и требований пожарной безопасности, а также проведение противопожарных мероприятий. | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету - өрт қауіпсіздігі талаптары мен ережелерін, нормативтік құқық актілерін қабылдау және сақтау, сондай-ақ өртке қарсы іс-шараларды өткізу. | |
Обеспечение промышленной безопасности в чрезвычайных ситуациях - принятие и соблюдение правовых норм, выполнение экологозащитных, отраслевых или ведомственных требований и правил, а также проведение комплекса организационных, технологических и инженерно-технических мероприятий, направленных на предотвращение промышленных аварий и катастроф в зонах чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайларда өнеркәсіптік қауіпсіздікпен қамтамасыз ету - құқықтық нормаларды қабылдау және сақтау, экологиялық қорғау, салалық немесе ведомстволық талаптар мен ережелерді орындау, сондай-ақ төтенше жағдай аймақтарындағы өнеркәсіптік апаттардың алдын алуға бағытталған инженерлік-техникалық, технологиялық және ұйымдастыру шаралар кешенін өткізу. | |
Обжиг - нагрев и выдержка при высокой температуре (в обжиговых печах) различных материалов с целью придания им необходимых свойств (например, твердости, прочности) или удаления из них примесей. | Күйдіру - қажетті қасиеттерді (мысалы, қаттылық, беріктік) беру мақсатында түрлі материалдарды жоғары температурада (күйдіру пештерінде) қыздыру және ұстау немесе олардан қоспаларды жою. | |
Обжиговая печь - печь для обжига различных материалов. | Күйдіру пеші - түрлі материалдарды күйдіруге арналған пеш. | |
Обкладка поручня - наружная декоративная часть поручня. | Тұтқа қаптауы - тұтқаның сыртқы әшекей бөлігі. | |
Обладатели сервитута - лица, имеющие право ограниченного пользования чужими земельными участками ( сервитут). | Сервитут иелері - иелері бөтен жер телімдеріне шектеулі қолдану (сервитут) құқығы бар тұлғалар. | |
Облачное небо МКО (по определению Международной комиссии по освещению - МКО) - небо, полностью закрытое облаками и удовлетворяющее условию, при котором отношение его яркости на высоте над горизонтом к яркости в зените равно (1+2sin )/3. | ХЖК бұлтты аспан (Халықаралық жарықтандыру комиссиясының анықтауы бойынша - ХЖК) - көкжиектегі Ө биіктігіндегі жарықтықтың қатысы аспан биіктігіндегі (1+2sinӨ )/3 тең күйін қанағаттандыратын толығымен бұлт жапқан аспан. | |
Облицовка - конструкция из штучных материалов, образующая наружный слой элементов зданий (стен, колонн, перекрытий, цоколей) и поверхности сооружений. | Қаптау - ғимарат элементтерінің (қабырғалардың, ұстындардың, аражабындардың, цоколдардың) және имарат бетінің сыртқы қабатын түзетін дара материалдардан тұратын құралым. | |
Облицовочное защитное покрытие - защитное покрытие, состоящее из штучных материалов, укладываемых на химически стойкой смазке или растворе, подстилающего и изоляционного слоя. | Қаптаулы қорғаныш жабын - оқшаулағыш және астарлық қабат ерітіндіге немесе химиялық төзімді жақпаға төселетін, дара материалдардан тұратын қорғаныш жабын. | |
Облицовочные работы - отделка поверхности зданий и сооружений. | Қаптау жұмыстары - ғимараттар мен имараттардың сыртқы бетін әрлеу. | |
Обломы архитектурные - разные по форме поперечного сечения протяженные архитектурные элементы, расположенные преимущественно по горизонтали (на цоколях, в карнизах, междуэтажных поясах, тягах, базах колон). | Сәулет қиындылары - негізінен көлденеңінен орналасқан (цоколь, ернеу, қабатаралық белдіктерде, тартқыштарда, ұстын түптабандарында) пішіні бойынша әр түрлі кесе көлденең қима түріндегі ұзындықтағы сәулеттік элементтер. | |
Обмуровка котла - огнеупорные и теплоизоляционные ограждения котла, отделяющие его топочную камеру и газоходы от окружающей среды. Обмуровка котла позволяет уменьшить потери теплоты, снизить присосы холодного воздуха в газоходы и предотвратить выбивание из котла газов. | Қазанды айналдыра қаптау - қазанның жағу камерасын және газ жүргішін қоршаған ортадан бөлетін, отқа төзімді және жылу оқшаулауғыш қоршауы. Қазанды айналдыра қаптау жылу жоғалтуды азайту, газ жүретін жолдардағы суық ауаның көбеюін төмендету, қазаннан түтіндік газдарды шығарудың алдын алуға мүмкіндік береді. | |
Обои - рулонный отделочный материал на бумажной или другой гибкой основе, предназначенный для оклейки стен и потолков помещений. | Тұсқағаздар - ғимарат төбесі мен қабырғаларына арналған қағаз немесе басқа да икемді негіздегі бумалық әрлеу материалдары. | |
Оболочк а - пространственная конструкция, ограниченная двумя криволинейными поверхностями, расстояние между которыми (толщина оболочки) мало по сравнению с остальными размерами конструкции. | Қабықша - құралымның басқа өлшемдерімен салыстырғанда екі қисық сызықты бетпен шектелген аралығы(қабықша қалыңдығы) өте аз кеңістікті құралым. | |
Оборачиваемость мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - количество передислокаций мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса за определенный календарный срок. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат, имарат немесе кешеннің айналымдылығы - белгілі бір күнтізбелік мерзімде жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат, имарат немесе кешенді жаңа орынға ауыстыру мөлшері. | |
Оборотное водоснабжение - многократное использование воды в системах водоснабжения на предприятиях. | Айналмалы сумен жабдықтау - кәсіпорындағы сумен жабдықтау жүйесінде суды бірнеше рет пайдалану. | |
Оборудование здания инженерное - комплекс технических устройств, обеспечивающих благоприятные (комфортные) условия быта и трудовой деятельности населения, включающий водоснабжение (холодное и горячее), канализацию, вентиляцию, электрооборудование, газоснабжение, средства мусороудаления и пожаротушения, лифты, телефонизацию, радиофикацию и другие виды внутреннего благоустройства. | Ғимараттың инженерлік жабдықтары - халықтың тұрмыстық жағдайы мен еңбек ету ыңғайлылығын қамтамасыз ететін техникалық қондырғылар кешені, бұлардың құрамына сумен жабдықтау (ыстық және суық), канализация, желдету, электр жабдықтары, газбен жабдықтау, қоқыс тазарту және өрт сөндіру құралдары, лифтілер, радио, телефон жүргізу және басқа да ішкі абаттандырудың түрлері енеді. | |
Обочина - боковая часть земляного полотна между его бровкой и кромкой проезжей части автомобильной дороги или подошвой балластной призмы железнодорожного пути. | Жол жағасы - автомобиль жолы және теміржол жолдары табанының балластық призмасы өту бөлігінің жиегі мен ернеуінің арасындағы топырақ төсемінің қаптал бөлігі. | |
Образец продукции, эталон продукции - образец изделия, изготавливаемый промышленным способом в одном или нескольких экземплярах (партией) с целью опытной проверки и контроля конструктивно-технических и потребительских качеств, предусмотренных техническим заданием на его проектирование и проектом. | Өнім үлгісі, өнім эталоны - тәжірибелі тексеру және құралымдық-техникалық пен тұтынушылық сапасын бақылау мақсатында оның жобалануы мен жобасының берілген техникалық тапсырмаларда ескерілген бір немесе бірнеше данада өнеркәсіптік тәсілмен дайындалған өнім үлгісі. | |
Обратная лопата - рабочее оборудование одноковшового экскаватора, обеспечивающее копание движением вниз по направлению к машине. | Қайырмалы күрек - машина бағытында төмен қоғалысты қазумен қамтамасыз ететін бір шөмішті экскаватордың жұмыс құралы. | |
Обратная (нелицевая) поверхность асбестоцементного изделия - поверхность асбестоцементного изделия, имеющая отпечатки технического сукна или сетки. | Асбестоцементті өнімнің кері беті (теріс жағы) - техникалық мәуіті немесе тор іздері бар асбестоцементті бұйымның беті. | |
Обрез - горизонтальный уступ стены или фундамента, образованный в результате изменения толщины кладки вышележащей части. | Жиек - тас қалаудың жоғары жатқан бөлігі қалыңдығының өзгеруі нәтижесінде пайда болған іргетас немесе қабырғаның көлденең кертпеші. | |
Обсадная труба - труба, применяемая для крепления стенок буровой скважины. | Қаптама құбыр - бұрғылау ұңғымасының қабырғаларын бекіту үшін қолданылатын құбыр. | |
Обстановка автомобильной дороги - совокупность устройств (ограждений, дорожных знаков и указателей), разметка проезжей части, оформление придорожной полосы и др., обеспечивающих безопасность, непрерывность движения транспортных средств, а также служащих для защиты участников движения и придорожных территорий. | Автомобиль жолдарының жабдықтары - көлік құралдарының үздіксіз қозғалысын, қауіпсіздігін қамтамасыз ететін, сондай-ақ, жол жағасы аумақтары және қозғалысқа қатысушыларды қорғау үшін қызмет ететін, өту жолының белгілеуі мен жол жағасы жолақтарының безендірілуі және басқа да құрылғылар (қоршаулар, жол белгілері мен көрсетулер) жиынтығы. | |
Обугливание - образование углерода в результате пиролиза или неполного сгорания органического вещества. | Көмірлену - пиролиз немесе органикалық затттардың толық жанбауы салдарынан көміртегінің түзілуі. | |
Обучение населения действиям в чрезвычайных ситуациях - целенаправленное накопление населением знаний, приобретение и закрепление навыков, необходимых при защите от опасностей, вызванных источниками чрезвычайных ситуаций, а также при участии в проведении неотложных работ в зонах чрезвычайной ситуации и очагах поражения. | Төтенше жағдайларда халықты іс-қимылға үйрету - төтенше жағдай көздері, сондай-ақ төтенше жағдай аймақтары мен зақымдау ошақтарында шұғыл жұмыстар өткізуге қатысу кезінде туатын қауіптен қорғануға қажетті дағдыларды үйрену және бекіту, халықтың білімін мақсатты түрде молайту. | |
Общая площадь строений - подсчитывается как сумма площадей всех этажей жилого дома, хозяйственно-бытовых и иных строений. | Құрылыстардың жалпы ауданы - тұрғын үйдің барлық қабаттарының, шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстар көлемінің жалпы жиынтығы болып есептеледі. | |
Общая площадь квартиры - суммарная площадь жилых и подсобных помещений квартиры с учетом лоджий, балконов, веранд, террас. | Пәтердің жалпы ауданы - пәтердің лоджиялар, балкондар, дәліздер, қолайлы ашық алаңдары ескерілген тұрғын және қосалқы бөлмелерінің жиынтық ауданы. | |
Общее освещение - освещение, при котором светильники размещаются в верхней зоне помещения равномерно (общее равномерное освещение) или применительно к расположению оборудования (общее локализованное освещение). | Жалпы жарықтандыру - үй-жайлардың жоғарғы аймағында шамдалдардың біркелкі орналасуы (жалпы біркелкі жарықтандыру) немесе жабдықтардың орналасуына қатысты (жалпы локальды жарықтандыру) жарықтандыру. | |
Общественный жилищный фонд - фонд, состоящий в собственности общественных объединений. | Қоғамдық тұрғын үй қоры - қоғамдық бірлестіктер меншігінің есебінде тұратын қор. | |
Объединенный вокзал - комплекс зданий и сооружений для обслуживания пассажиров несколькими видами транспорта. | Біріккен вокзал - бірнеше көлік түрімен жолаушыларға қызмет көрсетуге арналған имараттар мен ғимараттар кешені. | |
Объект народного хозяйства - предприятие, объединение, учреждение или организация сферы материального производства или непроизводственной сферы хозяйства, расположенное на единой площадке. | Халық шаруашылығы нысаны - біртұтас алаңда орналасқан кәсіпорын, бірлестік, мекеме немесе материалдық өндіріс саласының ұйымы немесе шаруашылықтың өндірістік емес саласы. | |
Объект различения - рассматриваемый предмет, отдельная его часть или дефект, которые требуется различать в процессе работы. | Ажырату нысаны - жұмыс процесінде ажыратуды талап ететін қарастырылатын зат,оның жеке бөлігі немесе ақауы. | |
Объект строительства - отдельное здание или сооружение со всеми относящимися к нему оборудованием, инвентарем, инструментами, галереями, эстакадами, внутренними инженерными сетями и коммуникациями, на строительство (реконструкцию или расширение) которого составляется самостоятельная объектная смета. Отдельными объектами строительства являются и виды др. работ (вертикальная планировка, наружные инженерные сети, благоустройство строительной площадки и т.д.). | Құрылыс нысаны - құрылысқа (қайта салуға немесе кеңейтуге) дербес нысандық смета жасалатын ішкі инженерлік тораптары мен қатынасы, галереясы, құрал-саймандары, мүліктері және басқа да өзіне қатысты жабдықтары бар жеке ғимарат немесе имарат. Жеке құрылыс нысаны ретінде басқа да жұмыстар (тік жайғасым, сыртқы инженерлік тораптар, құрылыс алаңын көркейту және т.б.) бола алады. | |
Объекты архитектурной, градостроительной и строительной деятельности - территория РК, областей, районов, населенных пунктов и их частей, функциональные зоны, объекты недвижимости, включая все виды сооружений с относящимися к ним технологическим и инженерным оборудованием, специальные экономические зоны, недвижимые памятники истории и культуры, природы и городского ландшафта, статус которых установлен законодательством РК. | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметінің нысандары - ҚР аумақтары, облыстар, аудандар, елді мекендер және олардың бөліктері, қызметтік аймақтар, технологиялық және инженерлік жабдықтар мен ғимараттардың барлық түрлерін қоса алғандағы жылжымайтын нысандар, арнайы экономикалық аймақтар, мәртебесі ҚР заңдарында белгіленген тарих және мәдениет, қалалық және табиғат көріністерінің жылжымайтын ескерткіштері. | |
Объемные силы, массовые силы - силы, действующие на все частицы (элементарные объемы) тела и пропорциональные массам этих частиц. | Аумақты күштер, массалық күштер - дененің (элементарлы көлемі) барлық бөлшектеріне және осы бөлшектердің массасына пропорционалды әрекет ететін күштер. | |
Обязательное положение (требование) - положение (норма или правило), применение которого обязательно по закону. Примечание: в соответствии с документами ИСО положение нормативного документа может быть: обязательным по общему закону или в связи со ссылкой в регламенте; обязательным с точки зрения достижения соответствия тому документу, в котором это положение содержится; обязательным в рамках выбора или дополнительно для определенных случаев (альтернативное требование). | Міндетті ереже (талап) - қолданылуы заң бойынша міндетті ереже (норма немесе ереже). Ескерту: ИСО құжаттарына сәйкес нормативтің ережесі мынадай болуы мүмкін: жалпы заң немесе регламентке сілтемеге байланысты міндетті; осы ережені құрайтын нормативке сәйкестікке жету жағынан міндетті; таңдау немесе белгілі бір қосымша жағдайлар үшін қосымша (баламалы талап) аяда міндетті. | |
Огибающая направляющая - переходные радиусные участки направляющих вспомогательных бегунков между рабочей и нерабочей ветвями | Орай жанаушы бағыттағыш - жұмыс істейтін және жұмыс істемейтін тармақтар арасындағы көмекші жүгіртпе бағыттағыштың өтпелі радиусы. | |
Огневая нагрузка (пожарная нагрузка) - общий тепловой потенциал, учитывающий количество сгораемых материалов, отнесенный на 1 кв.м площади пола здания или сооружения. | От жүктемесі (өрт жүктемесі) - ғимараттар немесе имараттардың 1 шаршы метр едендерінің аудандарына шаққандағы жанған материалдар санын ескеретін жалпы жылулық әлеуеті. | |
Огнезащита - снижение пожарной опасности материалов и конструкций путём специальной обработки. | Оттан қорғау - арнайы өңдеу жолымен материалдар мен құралымдардағы өрт қаупін азайту. | |
Огнезащитное вещество (смесь) - вещество (смесь), обеспечивающее огнезащиту. | Оттан қорғаушы зат (қоспа) - оттан қорғауды қамтамасыз ететін зат (қоспа). | |
Огнезащитная обработка - нанесение покрытия на поверхность или глубокая пропитка, которая увеличивает предел огнестойкости конструкций и уменьшает предел распространения огня. | Отқа қарсы өңдеу - құралымдардың отқа төзімділік шегін жоғарылататын, отты таратпау шегін төмендететін материалмен бетін жабу немесе терең сіңіру. | |
Огнезащитное изделие (материал, конструкция) - изделие (материал, конструкция), пониженная пожарная опасность которого является результатом огнезащиты. | Отқа қарсы бұйым (материал, құралым) - оттан қорғаудың нәтижесіне жеткен болып табылатын төмендетілген өрт қаупіне ие бұйым (материал, құралым). | |
Огнепреграждающая способность - способность препятствовать распространению горения. | Отқа тосқауыл қабілеттілігі - жанудың таралуына кедергі жасау қабілеттілігі. | |
Огнепреграждающее устройство -устройство, обладающее огнепреграждающей способностью. | Отқа тосқауыл құрылғы - отқа кедергі жасау қабілетіне ие құрылғы. | |
Огнестойкий асбестоцементный плоский лист - изделие, обладающее повышенным сопротивлением теплопередаче, используемое для защиты строительных конструкций от воздействия огня при пожаре. | Отқа төзімді асбестоцементті жалпақ табақ - құрылыс құралымдарын өрт кезінде от әсерінен қорғауға пайдаланылатын, жылу беруде жоғары кедергі келтіруге ие өнім. | |
Огнестойкость - способность изделия, конструкции или элемента сооружения сохранять при пожаре несущую и огнепреграждающую способность, т.е. сопротивляться обрушению (разрушению), прогреву до температур возгорания,образованию сквозных отверстий и трещин, а также препятствовать распространению горения по поверхности или внутри изделия (конструкции сооружения). Время, в течение которого изделие сохраняет огнестойкость при специальных огневых испытаниях, называется пределом огнестойкости. | Отқа төзімділік - құрылыс бұйымы, құралымы немесе элементінің өрт кезінде көтерме және отқа бөгет жасау қабілеті, яғни опырылуға (бұзылуға), жану температурасына дейін қызуына, тесік саңылау және сызат пайда болуына, сондай-ақ бұйымдардың (имарат құралымдары) іші мен сыртында жанудың таралуына кедергі жасау қабілеті. Бұйымның арнайы от сынақтары кезінде отқа төзімділігін сақтау уақытын отқа төзімділік шегі деп атайды. | |
Огнетушащее вещество - вещество, обладающее физико-химическими свойствами, позволяющими создать условия для прекращения горения. | Өрт сөндіргіш зат - жануды тоқтату жағдайын тудырушы физика-химиялық қасиеттерге ие зат. | |
Огнетушащие средства - углекислота (диоксид углерода), химические и воздушно-механические пены, галоидированные углеводороды (бромистый этил, фреоны), порошки, вода. | Өрт сөндіру құралдары - көмір қышқыл (көміртегі диоксиді), химиялық және әуе-механикалық көбікшелер, галоидиридті (бромды этил, фреондар) көмірсутектері, ұнтақтар, су. | |
Огнетушитель - переносное или передвижное устройство для тушения очагов пожара за счет выпуска запасенного огнетушащего вещества. | Өрт сөндіргіш - өрт ошақтарын қосымша өрт сөндіргіш заттар шығару есебінен сөндіруге арналған ауыспалы немесе жылжымалы құрылғы. | |
СО 2 -огнетушитель - огнетушитель с зарядом двуокиси углерода. | СО 2 -өрт сөндіргіші - көмір қышқыл газымен зарядталған өрт сөндіргіш. | |
Огнеупорность - способность материалов противостоять, не расплавляясь, воздействию высоких температур. | Отқа төзімділік - материалдардың жоғары температура әсеріне балқымай қарсы тұра алуы. | |
Огнеупоры - материалы и изделия, изготовляемые, главным образом, на основе минерального сырья, обладающие огнеупорностью не ниже 1580о С. | Отқа төзімді материалдар - көбінесе, 1580 о С-тан төмен емес отқа төзімділікке ие минералды шикізат негізінде жасалған материалдар мен өнімдер. | |
Огонь - процесс горения, характеризуемый выделением тепла, дыма и пламени. | От - жылу, түтін және жалын түзілуімен сипатталатын жану құбылысы. | |
Ограждающие конструкции - строительные конструкции, составляющие наружную оболочку здания или разделяющие его на отдельные помещения; могут одновременно служить и несущими конструкциями. | Қоршау құралымдары - ғимараттың сыртқы қабығын құрайтын немесе оны жекелеген үй-жайларға бөлетін құрылыс құралымдары; бірмезгілде көтерме құралымдар қызметін де атқара алады. | |
Ограждающий вал, защитная дамба - регуляционное сооружение в виде насыпи, ограждающее пойму или часть её от затопления высокими водами (половодными и паводковыми). | Қоршау белдігі, қорғаныш бөгет - жайылма немесе оның бөліктерін жоғары су басуынан (су тасуы мен тасқын су) қорғайтын үйінді түріндегі реттеуші имарат. | |
Ограждение защитное - устройство, препятствующее непреднамеренному доступу людей в зону действия опасного производственного фактора, а также предназначенного для изоляции соответствующих рабочих мест от доступа посторонних лиц. | Қорғаныш қоршау - адамдардың қауіпті өндірістік факторлар әсер ететін аймаққа кіруіне, сондай-ақ тиісті жұмыс орындарына бөтен адамдардың енуіне күні бұрын тосқауыл жасауға арналған құрылғы. | |
Ограждение сигнальное - устройство, предназначенное для предупреждения о потенциальной производственной опасности и обозначения зон ограниченного доступа. | Белгілік қоршаулар - әлеуетті өндірістік қауіптерді ескертуге және кіру шектелген аймақты белгілеуге арналған құрылғы. | |
Огрунтовка - процесс подготовки очищенной и обезжиренной поверхности под окраску путем предварительного нанесения красящих составов с целью выравнивания и уменьшения пористости поверхности, улучшения сцепления с окрасочным слоем и уменьшения общего расхода красителя. | Төсеніш салу - бояудың жалпы шығынын азайту және беттің саңылаулығын кемітіп бояулық қабатының жақсы жағылуын қамтамасыз ету мақсатында тазартылған беттерге алдын ала бояулық құрамдарды жағу тәсілімен дайындау процесі. | |
Одежда дорожная (одежда аэродромная) - однослойная или многослойная конструкция, воспринимающая нагрузку от транспортных средств и передающая ее в рассредоточенном виде на землянное полотно и грунтовое основание, состоящая из покрытия, основания и дополнительных слоев (подстилающего, морозозащитного, дренирующего, выравнивающего и др.) в зависимости от местных условий. | Жол төсемесі (аэродромдық төсеме) - көлік құралдарынан жүктемелерді қабылдап және оны жергілікті жағдайларға байланысты жабыннан, табаннан, қосымша қабаттардан тұратын (астына төсеу, аязға беріктік, құрғату, тегістеу және т.б.) топырақтың негізіне және жер төсеміне бөлінген түрде беретін бір қатарлы немесе көп қатарлы құралым. | |
Одноковшовый экскаватор - самоходная машина цикличного действия с рабочими органами в виде ковша или другого сменного оборудования. В зависимости от назначения и вида выполняемых работ одноковшовые экскаваторы подразделяются на универсальные (главным образом для производства строительных и землеройных работ), карьерные, вскрышные и торфяные, подземные и плавучие, шагающие и др. | Бір шөмішті экскаватор - шөміш немесе басқа айырбастаушы жабдық түріндегі жұмыс органдары бар циклдік қимылды, өзі жүретін машина. Қолданылуы мен орындайтын жұмыс түрлеріне байланысты бір шөмішті экскаваторлар әмбебап (ең бастысы, құрылыс және жер қазу жұмыстары өндірісі үшін) карьерлік, төбелік және торфтық, жерастылық, жүзетін, адымдайтын және т.б. болып бөлінеді. | |
Однополюсное прикосновение - прикосновение к полюсу электроустановки, находящейся под напряжением. | Бір полюсті жанасу - кернеуде тұрған электр қондырғының полюсіне жанасу. | |
Одноприводной эскалатор - эскалатор, у которого рабочие механизмы приводятся в действие одним валом. | Бір жетекті эскалатор - жұмыс механизмдері бір жетекті біліктен қозғалысқа қосылатын эскалатор. | |
Односкоростной эскалатор - эскалатор, имеющий одну эксплуатационную скорость. | Бір жылдамдықты эскалатор - бір пайдалану жылдамдығы бар эскалатор. | |
Однофазное прикосновение - прикосновение к одной фазе электроустановки, находящейся под напряжением. | Бір фазалық жанасу - кернеуде тұрған электр қондырғының бір фазаға жанасуы. | |
Одобрение - подтверждение, сделанное заказчиком или подрядчиком в письменной форме тех или иных действий, мероприятий и т.д. | Құптау - тапсырыс беруші немесе мердігердің іс-шаралар мен т.с.с басқа әрекеттерді жазбаша түрде растауы. | |
Ожидаемые сдвижения и деформации - величины сдвижений и деформаций, определяемые в условиях, когда имеются календарные планы развития горных работ и известны необходимые для расчетов исходные данные. | Күтілетін ысырулар мен деформациялар - тау жұмыстары дамуының күнтізбелік жоспары бар және қажетті негізгі дерек есептеулері белгілі жағдайда анықталатын ысыру мен деформациялар шамасы. | |
Окорка древесины - очистка от коры необработанных лесоматериалов. | Ағаш қабығы - өңделмеген орман материалдарының ағаш қабығынан тазалануы. | |
Окрасочный агрегат, пневмоокрасочная установка - комплект машин и оборудований для окрашивания поверхностей лакоокрасочными материалами, подаваемыми сжатым воздухом в пистолет-краскораспылитель. | Бояғыш агрегат, пневмобояғыш жасалым - бояу шашыратқыш-тапаншаға сығылған ауамен беріліп, лак бояғыш материалдармен үстіңгі беттерді бояйтын машиналар мен құрал-жабдықтар топтамасы. | |
Опалубка в строительстве - форма для укладки бетонной смеси арматуры при возведении бетонных и железобетонных конструкций и сооружений. | Құрылыстағы қалып - бетон мен темірбетон құралымдары мен құрылыстарын тұрғызуда бетон қоспасы мен арматурасын төсеуге арналған пішін. | |
Опасная зона - пространство, в котором возможно воздействие на человека опасного и (или) вредного производственного фактора. | Қауіпті аймақ - қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік фактордың адамға әсер ету мүмкіндігі бар кеңістік. | |
Опасное биологическое вещество - биологическое вещество природного или искусственного происхождения, неблагоприятно воздействующее на людей, сельскохозяйственных животных и растения в случае соприкасания с ними, а также на окружающую природную среду. | Қауіпті биологиялық зат - адамдарға, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған табиғи ортамен жанасқан жағдайда жағымсыз әсер ететін табиғи және жасанды текті биологиялық зат. | |
Опасное химическое вещество - химическое вещество, прямое или опосредованное воздействие которого на человека может вызвать острые и хронические заболевания людей или их гибель. | Қауіпті химиялық зат - тура немесе жанама әсері адамға қатты және созылмалы ауру туғызатын немесе олардың өліміне әкелетін химиялық зат. | |
Опасность в чрезвычайной ситуации - состояние, при котором создалась или вероятна угроза возникновения поражающих факторов и воздействий источника чрезвычайной ситуации на население, объекты народного хозяйства и окружающую природную среду в зоне чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайлардағы қауіптілік - халық, халық шаруашылығы нысандары мен төтенше жағдайлар аймағындағы қоршаған табиғи ортаға төтенше жағдай көзінің әсерлері мен зақымдаушы факторлар қаупі төнген немесе төну мүмкіндігі бар жағдай. | |
Опасные геологические процессы - геологические и инженерно-геологические процессы и гидрометеорологические явления, которые оказывают отрицательное воздействие на территории, народнохозяйственные объекты и жизнедеятельность людей (оползни, обвалы, карст, селевые потоки, снежные лавины и др.). Наиболее распространенные сочетания процессов, требующие комплексных решений: склоновые - вместе с процессами на берегах морей и водохранилищ, абразионными и эрозионными - на реках; эрозионно-селевые в долинах горных и предгорных областей - совместно с оползневыми; карстовые и суффозионные; снежные и снежно-каменные лавины. | Қауіпті геологиялық процестер - адам өміріне, халық шаруашылығы нысандары мен аумаққа кері әсерін тигізетін геологиялық, инженерлік-геологиялық процестер мен гидрометеорологиялық құбылыстар (көшкін, опырылу, карст, сел тасқындары, қар көшкіні және т.б.). Ең көп таралған, кешенді шешуді қажет ететін процестер: ылдилық - теңіз жағасы мен су қоймаларындағы процестермен бірге; абразионды және эрозионды - өзендерде; таулы алқаптар мен таулы облыстардағы эрозионды-селді көшкіндермен бірге - карсты және суффизионды, қарлы және қарлы-тасты көшкіндер. | |
Опасные природные воздействия - проявление природных процессов, оказывающих вредное или разрушительное воздействие на живые организмы, народнохозяйственные объекты и среду обитания. | Қауіпті табиғи әсерлер - тірі организмдерге, халық шаруашылығының нысандарына және тіршілік ортасына зиянды немесе бүлдіруші әрекет ететін табиғи процестердің пайда болып білінуі. | |
Опасный груз - опасное вещество, материал, изделие и отходы производства, которые вследствие их специфических свойств при транспортировании или перегрузке могут создать угрозу жизни и здоровью людей, вызвать загрязнение окружающей природной среды, повреждение и уничтожение транспортных сооружений, средств и иного имущества. | Қауіпті жүк - тасымалдау немесе артық тиеу кезінде өзіндік ерекшеліктеріне байланысты адам денсаулығы мен өміріне қауіп-қатер тудыратын, қоршаған табиғи ортаны ластайтын және көлік имараттары мен құралдарын т.б. мүліктерді зақымдайтын және жоятын өндіріс қалдықтары мен бұйымдар, материалдар, қауіпті зат. | |
Опасный производственный фактор - производственный фактор, воздействие которого на работающего в определенных условиях приводит к травме, острому отравлению или другому внезапному резкому ухудшению здоровья или смерти. | Қауіпті өндірістік фактор - белгілі бір жағдайда жұмыс істеушіге зақымдану, қатты улану немесе денсаулығының кенеттен нашарлауы не өлім қаупін тудыратын өндірістік фактор. | |
Опасный фактор пожара - фактор пожара, воздействие которого приводит к травме, отравлению или гибели человека, а также к материальному ущербу. | Өрт қаупі факторы - әсері адамды зақымдануға, улануға немесе өлімге, сондай-ақ материалдық шығынға әкелетін өрт факторы. | |
Операция технологическая - законченная часть технологического процесса, выполняемая на одном рабочем месте одним или несколькими рабочими, а также без участия рабочих или под их наблюдением (в автоматизированном производстве). Операция технологическая - основная расчетная единица для определения производительности, при планировании загрузки оборудования и техническом нормировании труда. | Технологиялық операция - бір жұмыс орнында бір немесе бірнеше жұмыскердің атқарған, сондай-ақ жұмыскерлердің қатысуынсыз немесе олардың байқауымен (автоматтандырылған өндірісте) аяқталған технологиялық процестің бөлігі. Технологиялық операция - жайғастырылған жүктеу жабдықтарының және еңбекті техникалық нормаландырудағы өнімділікті анықтайтын негізгі есептік бірлігі. | |
Описательное положение - положение, которое содержит характеристики соответствия продукции своему назначению, связанные с ее производством. Примечания: 1) описательные положения обычно содержат описание проекта, конструктивных деталей и т.д. с указанием размеров и состава материалов; 2) в материалах ИСО по строительству для стандартов, содержащих описательные положения, применяется также термин «предписывающий стандарт». | Сипаттама ережелер - өнімнің, оны өндіруге байланысты өз мақсатына сәйкестігі сипаттамаларын (пайдалану сипаттамаларын) құрайтын ереже. Ескертулер: 1) сипаттама ереже, әдетте материалдардың өлшемдері мен құралдарын көрсете отырып, жобаның құралымдық бөлшектерін және т.с.с. сипаттамаларын құрайды; 2) сипаттама ережелерін құрайтын стандарттарға арналған құрылыс жөніндегі ИСО материалдарында «жарлықтық стандарт» термині де қолданылады. | |
Оползни - движение масс пород на склоне под воздействием собственного веса грунта и нагрузки (сейсмической, фильтрационной, вибрационной), происходящие в результате сдвига грунта. | Көшкіндер - топырақ жылжуының нәтижесінде топырақ пен артық жүктің (сейсмикалық, филтрациялық, вибрациялық) өз салмағының әсерінен бөктерде болатын тау жыныстарының жылжуы. | |
Опора моста - конструкция, предназначенная для восприятия нагрузок от пролетного строения и передачи их основанию. | Көпір ұстыны - құрылыс аралығы мен оның негізге жіберетін артық жүгін қабылдауға арналған құралым. | |
Опора глубокого заложения, глубокая опора - используется для сооружения фундаментов без устройства котлована. | Терең салынған ұстын, терең ұстын - іргетас құрылысында қазаншұңқыры қазылмай қолданылады. | |
Опорная геодезическая сеть - система закрепленных на местности точек, плановое положение и высота которых определены в единой системе координат основания геодезических измерений; эти точки служат опорными пунктами при геодезических и топографических съемках. | Геодезиялық тірек тармағы - бір аймақта белгіленген нүктелердің геодезиялық өлшемдер негізінде бірлік координаттар жүйесінде анықталған биіктіктермен жоспарланған тәртіпте орналасу жүйесі; бұл нүктелер геодезиялық және топографиялық түсірімдерде тірек пункттерінің қызметін атқарады. | |
Опоры линии электропередачи - сооружения (конструкции) для подвески проводов и грозозащитных тросов, воздушных ЛЭП. | Электрберіліс желілерінің тіректері - әуе ЭБЖ, найзағайдан қорғау тросы және өткізгіштерді ілуге арналған имарат (құралым). | |
Опоры сооружений - устройство для поддержания и прикрепления несущих конструкций сооружений (столбы, стойки, колонны и т.д.). | Құрылыс тіректері - имараттың көтерме құралымдарын сүйеуге және бекітуге арналған құрылғы (бағаналар, тіреулер, ұстындар және т.б.). | |
Опреснитель - устройство для опреснения воды. | Тұщытқыш - суды тұщытатын құрылғы. | |
Оптимизация - процесс нахождения экстремума (максимума или минимума), определение функции или выбора наилучшего (оптимального) варианта из множества возможных. | Оңтайландыру - экстремумды (максимум және минимум) табу процесі, көп вариант ішінен ең жақсысын (оңтайлысын) таңдау немесе қызметін анықтау. | |
Оптический пожарный извещатель - дымовой пожарный извещатель, срабатывающий в результате влияния продуктов горения на поглощение или рассеяние электромагнитного излучения извещателя. | Оптикалық өрт хабарлаушы - хабарлаушының электр магнитті сәуле шығаруын сіңіруіне немесе ыдыратуына жанатын заттардың әсер етуі нәтижесінде іске қосылатын түтіндік өрт хабарлаушысы. | |
Опускной колодец - полая круглая или прямоугольная, как правило, железобетонная конструкция, используемая при сооружении глубоких опор, массивных фундаментов (на глубине 70 м и более), подземных помещений (на глубине 25-30 м). | Түсірмелі құдық - терең тіректер, ірі іргетастар (тереңдігі 70 м және одан да жоғары), жерасты үй-жайлар құрылысында (тереңдігі 25-30м) қолданылатын дөңгелек немесе тік бұрышты темірбетон құралым. | |
Орган повседневного управления ЧС - структурное подразделение органа руководства ЧС соответствующего уровня, осуществляющее оперативное управление и контроль за функционированием ее подсистем и звеньев, в пределах имеющихся полномочий. | ТЖ күнделікті басқару ұйымы - өз өкілеттілігі шеңберіндегі шағын жүйелер мен топтарының жұмыс істеуіне бақылау және жедел басқаруды жүзеге асыру деңгейіндегі ТЖ басшылығы органының құрылымдық бөлімшесі. | |
Орган руководства ЧС - структурное подразделение или функциональная структура органа исполнительной власти соответствующего уровня, предназначенное для непосредственного руководства деятельностью по предупреждению чрезвычайных ситуаций и их ликвидации на подведомственной территории или объектах народного хозяйства в пределах имеющихся полномочий. | ТЖ басшылығы ұйымы - төтенше жағдайлардың алдын алу жұмыстарын өз өкілеттілігі шеңберінде тікелей басқаруға және оларды өздерінің қарауындағы ведомство аумақтарынан немесе халық шаруашылығы нысандарынан жоюға арналған атқару билігі деңгейіндегі органның қызметтік құрылымы немесе құрылымдық бөлімшесі. | |
Организация - предприятие, учреждение либо другое юридическое лицо независимо от форм собственности и подчиненности. | Ұйым - кәсіпорын, мекеме немесе меншік және бағыну түрлерінен тыс өзге заңды тұлға. | |
Организация субподрядная (субподрядчик) - 1) специализированная подрядная организация, привлекаемая генеральным подрядчиком на договорных началах для выполнения на строящемся объекте отдельных комплексов монтажных и специальных строительных работ; 2) специализированная проектная организация, привлекаемая генеральным проектировщиком на договорных началах для разработки отдельных разделов проекта. | Қосалқы мердігерлік ұйым (қосалқы мердігер) - 1) салынып жатқан нысанда жекелеген жинақтау және арнайы құрылыс жұмыстары кешендерін орындау үшін бас мердігермен шартқа отырған мамандандырылған мердігерлік ұйым; 2) жобаның жекелеген бөлімін талдап жасау үшін бас жобалаушымен шартқа отырған мамандандырылған жобалық ұйым. | |
Органосиликатные материалы - композиционные материалы, содержащие органические или элементоорганические полимеры, волокнистые природные или слоистые силикаты (асбест, слюда и т.д.). | Органикалық-силикатты материалдар - органикалық немесе элементті органикалық полимерлер, табиғи талшықтардан немесе қатпарлы силикаттардан (асбест, слюда және т.б.) құралатын композициялық материалдар. | |
Ордер архитектурный - тип архитектурной композиции, основанный на определенной системе сочетания и пластической обработки несущих (колонна с капителью, базой, пьедесталом) и несомых (архитрав, фриз, карниз) частей и деталей стоечно-балочной конструкции. | Сәулеттік ордер - белгілі бір жүйенің бірігуі және көтерме (архитрав, фриз, ернеу) және көтергіш бөліктер (капителімен, базасымен, түптабанымен ұстын) мен тіреу-бөренелік құралым бөлшектерінің пластикалық өңделуі негізінде жасалған сәулеттік композицияның түрі. | |
Ориентация зданий - расположение зданий относительно сторон света (сторон горизонта). | Ғимараттардың бағдары - ғимараттардың жарық бағытына байланысты орналасуы (көкжиек бағыттары). | |
Орнамент архитектурный - декоративный узор, украшающий архитектурные сооружения, их отдельные части и детали (как извне, так и в интерьере). | Сәулеттік өрнек - сәулеттегі ғимараттар мен олардың жеке бөліктерін әшекелейтін (іші мен сыртында да) сәндік ою-өрнек. | |
Оросительная система - комплекс гидротехнических сооружений для забора воды из источника и распределения ее по орошаемой площади для полива. | Суландыру жүйесі - суландырылатын алаңға тарату мен суару үшін суды көзінен алуға арналған гидротехникалық имараттар кешені. | |
Орошение, ирригация - искусственное повышение влажности почвы с целью создания в ней благоприятного режима, необходимого для получения высоких и устойчивых урожаев сельскохозяйственных культур. | Суландыру, ирригация - ауылшаруашылық дақылдарының жоғары және тұрақты өнім беруі үшін топырақта қолайлы жағдай туғызу мақсатында топырақтың ылғалдылығын жасанды түрде жоғарылату. | |
Осадка в строительстве - понижение сооружения (земляного), вызванное уплотнением его основания или сокращением вертикальных размеров сооружения (его частей). | Құрылыстағы шөгу - құрылыстың (оның бөліктерінің) тік өлшемдерінің қысқаруы немесе оның негізінің тығыздалуы нәтижесінде имараттың (топырақтық) төмендеуі. | |
Осадка конуса - показатель пластичности раствора или бетона при лабораторных испытаниях. | Конустың шөгуі - зертханалық сынақтарда анықталатын бетонның немесе ерітіндінің созылымдылық көрсеткіші. | |
Осадочные горные породы - породы, образовавшиеся путем осаждения веществ, главным образом, в водной среде, реже из воздуха и в результате действия ледников на поверхности суши, в морских и океанических бассейнах. | Шөккен тау жыныстары - көбінесе су аймақтарында, сирегірек ауада, теңіз және мұхит бассейндеріндегі мұздақтардың құрылық бетіне әрекеті нәтижесінде заттардың шөгуі жолымен пайда болатын жыныстар. | |
Осадочный шов - соединение частей сооружений, обеспечивающее их свободное взаимное смещение в допустимых пределах по вертикали, которое возникает под действием нагрузок (в результате нагрева, охлаждения, при изменениях в земной коре). | Шөгулік жік - артық жүктеме (жер қыртысындағы өзгерістер, суу, қызу нәтижесінде) әсерінен пайда болатын имараттың тігінен белгіленген шегіндегі екі жақтың бос ығысуын қамтамасыз ететін бөліктерді жалғастырушы қосылыс. | |
Освещение безопасности - освещение для продолжения работы при аварийном отключении рабочего освещения. | Қауіпсіздік жарықтығы - жұмыс жарықтығының апаттық сөндірудегі жұмысты жалғастыруға арналған жарықтығы. | |
Освещенность - величина, равная отношению светового потока, падающего на поверхность, к площади освещаемой поверхности. | Жарықтандыру - бетке түсетін сәуле тасқынының жарықтандырылатын бет алаңының қатынасына тең келетін шамасы. | |
Оседание - вертикальная составляющая вектора сдвижения точки земной поверхности в мульде сдвижения. | Шөгу - жылжу мульдасының жер беті нүктесінің жылжу векторын тік құрағышы. | |
Оси разбивочные - линии (направления), имеющие заданные координаты, обозначаемые закрепленными на местности геодезическими знаками или постоянно закрепленными ориентирами на смонтированных в проектном положении несущих конструкциях, определяющих положение в натуре отдельных элементов зданий и сооружений. | Бөлу осьтері - жергілікті бекітілген геодезиялық белгілермен немесе ғимараттардың және имараттардың жеке элементтерінің нақты жағдайын анықтайтын орнатылған жобалық жағдайдағы көтеруші құралымдарға тұрақты бекітілген бағдарларымен таңбаланатын берілген координаталары бар сызықтар (бағыттар). | |
Оснастка монтажная - устройства и приспособления, обеспечивающие выполнение производственных процессов и операций, связанных с погрузкой (разгрузкой), транспортированием, укрупнительной сборкой и монтажом конструкций, включая постоянное их закрепление в проектном положении. | Жинақтау жабдықтары - құралымдарды ірілендіре құрастыру мен жинақтау, тасымалдау, тиеу (түсіру) жұмыстарына байланысты өндірістік операциялар мен процестерді жобалық орындарына бекітуіне қоса орындалуын қамтамасыз ететін құрылғылар мен жабдықтар. | |
Основа геодезическая разбивочная - сеть закрепленных на местности геодезических знаков для определения планового и высотного положения объекта строительства. | Геодезиялық бөлу негіздері - құрылыс нысанының пішіндік және биіктік жағдайын анықтауға арналған геодезиялық белгілердің жерге бекітілген торы. | |
Основание естественное - грунты в природном состоянии, воспринимающие нагрузку от здания или сооружения. | Табиғи негіз - ғимараттар мен имараттар салмағын қабылдайтын табиғи күйдегі топырақтар. | |
Основание искусственное - грунты с искусственно измененными свойствами за счет уплотнения, укрепления (закрепления) химическим, электрохимическим, термическим или другим способом, воспринимающие нагрузку от здания (сооружения). | Жасанды негіз - ғимараттан (имараттан) түскен салмақты қабылдайтын, қасиеттері жасанды түрде нығыздау, бекіту, химиялық, электрохимиялық, термиялық арқылы немесе басқа тәсілдермен өзгерген топырақтар. | |
Основание под кровлю - поверхность теплоизоляции несущих плит или стяжек, по которой наклеивают слои водоизоляционного ковра (рулонного или мастичного). В кровлях из асбестоцементных листов и других штучных материалов - опоры для закрепления листов (прогоны или обрешетка). | Жабын астылық негіз - суоқшаулағыш кілемнің (орамды немесе мастикалы) қабаттарын желімдеп жапсыратын көтергіш тақталар немесе тұтастырғыштар- дың жылуоқшаулағыш беті. Асбестоцементті табақтармен және басқа да даналық материалдарды жабындарда табақтарды бекітуге арналған тіректер (жүгіртпелер немесе торламар). | |
Основание сооружения - массив грунта, непосредственно воспринимающий нагрузки от сооружения. | Имарат негізі - имараттың жүктемесін тікелей қабылдайтын топырақ массиві. | |
Основной бегунок ступени эскалатора - опора качения ступени по направляющей, воспринимающая нагрузку от пассажиров и лестничного полотна. | Эскалатор басқышының негізгі жүгіртпесі - жолаушылар мен баспалдақ тақтасынан жүктемені қабылдайтын басқыштың бағыттағыштар бойынша шайқалу тірегі. | |
Основной водоизоляционный ковер (в составе рулонных и мастичных кровель) - слои рулонных материалов на мастиках или слои мастик, армированные стекломатериалами, последовательно выполняемые по основанию под кровлю. | Негізгі суоқшаулағыш кілем (орамды және мастикалы жабындар құрамында) - жабын асты негізі бойынша реттілікпен орындалатын, шыны материалдармен арматураланған мастикалы орамды материалдардың қабаттары немесе мастика қабаттары. | |
Основной показатель функционального назначения мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - параметр мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса, характеризующий его технологическую функцию, вместимость (технологическую емкость) или мощность. Примечание: примерами вместимости (мощности) зданий, сооружений или комплекса является число обслуживаемых людей, количество продукции, получаемой в результате технологического процесса, объемы хранимой продукции и т.д. | Қызметтік мақсаттағы жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар, имараттар немесе кешендердің негізгі көрсеткіші - жеделәрекетті (жабдықты) ғимарат, имарат немесе кешеннің технологиялық қызметін, сыйымдылығы (технологиялық сыйымдылық) немесе қуатын сипаттайтын белгі. Ескерту: ғимарат, имарат және кешендердің сыйымдылық (қуат) үлгілері қызмет көрсететін адамдар, технологиялық процесс нәтижесінде алынатын өнім мөлшері, сақталатын өнім көлемі және т.б. болып табылады. | |
Основные красители - водорастворимые органические красители (азокрасители и др.); соли оснований, диссоциирующие в воде с образованием окрашенного катиона и бесцветного аниона. | Негізгі бояулар - суда еритін органикалық бояулар (азобояулар және т.б.), боялған катион және түссіз анион құрылымының суда диссоциацияланған тұз негіздері. | |
Особо легкий бетон - бетон со средней (по объему) плотностью менее 500 кг/м3 . | Ерекше жеңіл бетон - орташа тығыздығы (көлемі бойынша) 500 кг/м3 -нан төмен бетон. | |
Особо тяжелый бетон - бетон со средней (по объему) плотностью более 2500 кг/м3 . | Ерекше ауыр бетон - орташа тығыздығы (көлемі бойынша) 2500 кг/м3 -нан астам бетон. | |
Остаточная деформация - деформация, не исчезающая после устранения воздействий, вызвавших ее. | Қалдық деформация - өзі туғызған әсерлерді жойғаннан кейін кетпейтін деформация. | |
Осушение - совокупность технических мероприятий по отводу грунтовых и поверхностных вод от зданий, сооружений, с территории населенных мест, площадей, предназначенных для сельскохозяйственного освоения, и т.п. по осушительным и отводным каналам с помощью отводящего дренажа, водопонижающих установок. | Құрғату - елдімекен аумақтарынан, ғимараттардан, имараттардан, ауыл шаруашылығын игеруге арналған алаңдардан және т.т. бұру құрғатқышы, су азайту қондырғыларының көмегімен құрғату және бұру каналдары бойынша топырақ және сыртқы суларды бұрудың техникалық шараларының жиынтығы. | |
Отбитость - механическое повреждение изделия (углов, граней, ребер), не покрытое глазурью. | Омырылым - зертаспен жабылмаған бұйымның (бұрыштары, қырлары, қабырғалары) механикалық бүлінуі. | |
Отбойный молоток - ручная машина ударного действия, предназначенная для отделения горных пород от массива, разрыхления уплотненных грунтов, разрушения каменных или кирпичных кладок, асфальтовых и бетонных покрытий и т.д. | Ұрғыш балға - тау жыныстарын массивтерден бөлуге, тығыздалған жер қабатын қопсыту, тас немесе кірпіш қалауларын, асфальт және бетон беттерін жаруға т.б. арналған ұрғылайтын қол машинасы. | |
Отвал - насыпь из пустых пород, некондиционных полезных ископаемых или отходов, размещенная на специально отведенной площадке. | Үйінді - арнайы бөлінген алаңдарда орналастырылған бос жыныстар үйіндісі, сапасыз кен қазба қоры немесе қалдықтар. | |
Отверстие моста - сумма горизонтальных размеров свободного пространства, измеренного на отметке расчетного уровня высоких вод. | Көпір саңылауы - судың есептік биіктігі деңгейінде өлшенген көпір асты бос кеңістігінің көлденең өлшемдерінің қосындысы. | |
Отвес - груз, свободно подвешенный на тонкой гибкой нити. Под действием силы тяжести груза нить занимает положение, называемое отвесной линией. | Тіктеуіш - жіңішке иілгіш жіпке бос ілінген жүк. Жүктің ауырлық күші әсерінен жіп тіктеу сызығы деп аталатын жағдайға өтеді. | |
Отвод - участок трубопровода для плавного изменения его направления. | Бұру - бағытын бір қалыпты өзгертуге арналған құбырдың бір бөлігі. | |
Отвод земель - предоставление в установленном земельным законодательством порядке и в размерах, определяемых нормативными документами, земель (земельных участков), необходимых для строительства, эксплуатации и развития предприятий, зданий и сооружений. | Жер бөліп беру - кәсіпорынның пайдалануына және оның дамуына қажет құрылыс үшін керек жерлерді жер бөлудің заңымен белгіленген тәртібі және нормативтік құжаттарда анықталған өлшемі бойынша беру. | |
Отводящий канал - сооружение служащее для отвода воды, прошедшей через турбины ГЭС, в русло реки. | Бұру каналы - ГЭС трубиналары арқылы өткен суларды өзен тарамдарына бұру үшін қызмет ететін имарат. | |
Отделочные материалы в строительстве - материалы, применяемые в целях улучшения эксплутационных и декоративных качеств зданий и сооружений, и защиты основных материалов конструкции от атмосферного и др. воздействий. | Құрылыстағы әрлеу материалдары - ғимараттар мен имараттардың пайдалану және декоративтік қасиеттерін жақсарту мақсатында қолданылатын материалдар және құралымның негізгі материалдарын атмосфералық және т.б. әсерлерден қорғау. | |
Отделочные работы в строительстве - комплекс строительных работ, выполняемых с целью повышения долговечности, улучшения эксплуационных, санитарно-гигиенических, эстетических и декоративных качеств зданий и сооружений. | Құрылыстағы әрлеу жұмыстары - ғимараттар мен имараттардың эстетикалық және декоративтік, санитарлық-гигиеналық, пайдалану қасиеттерін жақсарту, өміршеңділігін жоғарылату мақсатында орындалатын құрылыс жұмыстарының кешені. | |
Отказ сваи - средняя величина (в см) погружения в грунт забивной сваи от одного удара молота в залоге за 10 ударов, а при вибропогружении свай - величина (в см) погружения свай в грунт от работы вибропогружателя за 1 минуту. | Қаданың түсуі - қағылма қаданың топыраққа батуының орташа шамасы (см), он соққының біреуіне кепілдігі, ал қаданы дірілдетіп енгізгенде дірілдеткіштің 1 мин. уақыттағы жұмысының нәтижесіндегі бату шамасы (см). | |
Отклонение предельное - алгебраическая разность между предельно допускаемым и номинальным размерами (величинами). | Шекті ауытқу - рұқсат етілетін шегі және номиналды өлшемдердің (шамалардың) арасындағы алгебралық айырмашылық. | |
Откос - искусственно созданная наклонная поверхность, ограничивающая естественный грунтовый массив, выемку или насыпь дороги. | Құлама, еңіс - табиғи топырақ массиві, шұңқыр немесе жол үйіндісін шектейтін жасанды көлбеу бет. | |
Открытая система - система, которая обменивается с внешней средой веществом. | Ашық жүйе - сыртқы ортамен зат алмасатын жүйе. | |
Относительная площадь световых проемов S ф /S п ; S о /S п - отношение площади фонарей или окон к освещаемой площади пола помещения; выражается в процентах. | Sф/Sа;Sт/ Sа - жарық ойықтарының салыстырмалы ауданы - фонарь немесе терезе ауданының бөлменің жарықтанатын еден ауданына қатысы; пайызбен көрсетіледі. | |
Относительные горизонтальные деформации растяжения или сжатия - деформация земной поверхности в горизонтальной плоскости, вызванные неравномерностью горизонтальных сдвижений в мульде сдвижения. В точках мульды сдвижения различают горизонтальные деформации: в направлении простирания пластов E x ; в направлении в крест простирания пластов в полумульде по падению Е у1 ; в направлении в крест простирания пластов в полумульде по восстанию Е у2 ; в заданном направлении Е λ . | Созылу немесе сығылудың салыстырмалы горизонталь деформациялары - жылжу мульдасындағы горизонталь жылжудың біркелкі еместігінен туындайтын горизонталь жазықтықтағы жер бетінің деформациясы. Жылжу мульдаларының нүктелеріндегі горизонталь деформацияларды төмендегідей ажыратады: қабаттардың орналасу бағытындағы E x ; жартылай мульда құлау бойынша қабаттардың орналасуына қарама-қайшы бағыттағы Е у1 ; жартылай мульда өрлеу бойынша қабаттардың орналасуына қарама-қайшы бағыттағы Е у2 ; берілген бағыттағы Е λ . | |
Отопительный котел - источник тепла в центральной отопительной системе отдельного дома или целого района со многими домами. | Жылыту қазаны - жеке үй немесе көп үйлі тұтас аудандағы орталық жылыту жүйесінің жылу көзі. | |
Отопление - искусственный обогрев жилых и производственных помещений для возмещения в них тепловых потерь и поддержания на заданном уровне температуры, отвечающей чаще всего условиям теплового комфорта для людей, а иногда требованиям технологического процесса. | Жылыту - тұрғын және өндірістік жайларда жылу жоғалтудың орнын толтыру үшін және адамдардың жылу жайлылығы жағдайына, кейде технологиялық процесс талаптарына сай келетін берілген температураны ұстау үшін жасанды жылыту. | |
Отражённая блескость - характеристика отражения светового потока от рабочей поверхности в направлении глаз работающего, определяющая снижение видимости вследствие чрезмерного увеличения яркости рабочей поверхности и вуалирующего действия, снижающего контраст между объектом и фоном. | Шағылған жарық - жұмыс орны беті жарықтығының шектен тыс көбеюі әсерінен көру мүмкіншілігі төмендеуін анықтайтын және нысан мен ая аралығындағы қарсы салыстыруды азайтатын күңгірттеу амалдары, жұмыс орны бетімен жұмыс істеушінің көзі бағытындағы жарықтану сипаты. | |
Отстойник - сооружение для осветления воды (удаления взвешенных примесей из неё) путём коагуляции и отстаивания при замедленной скорости течения потока в системах гидроузлов и ирригационных сооружений водоснабжения и канализации. | Тұндырғыш - сумен жабдықтау, канализация, суландыру және су байланысы имараттарының жүйелеріндегі ағын суының баяулаған кезінде тұндыру және коагуляция жолымен суды тазалау (құрамындағы қоспаларды кетіру) үшін жасалған имарат. | |
Охрана труда - система законодательных социально-экономических, организационных, технических, санитарно-гигиенических мероприятий по созданию условий, обеспечивающих безопасность, сохранение здоровья и работоспособности человека в процессе труда. | Еңбек қорғау - еңбек процесінде адамның денсаулығы мен жұмыс қабілеттілігін сақтау және қорғауды қамтамасыз ететін жағдайлар туғызуға арналған заң, әлеуметтік-экономикалық, ұйымдастыру, техникалық, санитарлық-гигиеналық шаралардың жүйесі. | |
Очередь строительства - часть объекта строительства, состоящая из группы зданий, сооружений и устройств, ввод которых в эксплуатацию обеспечивает выпуск продукции или оказания услуг, предусмотренных проектом. | Құрылыс кезеңі - бір топ ғимараттардан, имараттардан және құрылғылардан тұратын құрылыс нысанының іске қосылған соң, бұйымдар шығара алатын немесе қызмет көрсете алатын жобада ескерілген бір бөлігі. | |
Очаг пожара - место первоначального возникновения пожара. | Өрт ошағы - алғашқы өрт пайда болған жер. | |
Очаг поражения - ограниченная территория, в пределах которой в результате воздействия современных средств поражения произошли массовая гибель или поражение людей, сельскохозяйственных животных и растений, разрушены и повреждены здания и сооружения, а также элементы окружающей среды. | Апат ошағы - қазіргі зақымдау құралдарының әсер етуі нәтижесінде адамдардың, ауылшаруашылық малдары және өсімдіктерінің жаппай өлуі мен зардап шегуі, ғимараттар мен имараттардың қирауы, сондай-ақ қоршаған орта элементтерінің бүлінуі болған шектеулі аумақ. | |
Очистка воздуха - удаление из воздуха взвешенных твердых частиц и примесей газов. | Ауаны тазарту - ауаны таразыланған қатты бөлшектер мен газ қоспаларынан тазарту. | |
Очистка газов - технологический процесс выделения из природных и промышленных газов содержащихся в них примесей, осложняющих использование газов в качестве топлива, сырья или загрязняющих окружающую среду. | Газдарды тазарту - табиғи және өнеркәсіптік газдарды отын, шикізат ретінде қолдануға кедергі келтіретін немесе қоршаған ортаны ластайтын қоспалардан тазартушы технологиялық процесс. | |
Очистные сооружения - инженерные сооружения в системе канализации населенной местности или промышленных предприятий, предназначенных для очистки сточных вод от содержащихся в них загрязнений. | Тазарту құрылыстары - ақаба суларды олардың құрамындағы ластанудан тазартуға арналған елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіорындардағы канализация жүйесіндегі инженерлік имараттар. | |
Ощутимый ток - электрический ток, вызывающий при прохождении через организм ощутимые раздражения. | Елеулі ток - организм арқылы өткенде елеулі тітіркеніс тудыратын электр тогы. | |
Павильон - 1) отдельно стоящая постройка небольшого размера, имеющая облегченную открытую конструкцию, сочетающаяся с окружающим ландшафтом; 2) часть большого здания (клуба, дворца и. т.д.), имеющая обычно отдельную крышу; 3) самостоятельное сооружение, предназначенное для выставочной экспозиции, киносъемок, торговли и т.д. | Павильон - 1) қоршаушы ландшафтпен үйлестірілген, жеңілдетілген ашық құралымы бар, көлемі аса үлкен емес жеке салынған құрылыс; 2) өз алдына жеке төбесі бар үлкен ғимараттың (клубтың, сарайдың және т.б.) бөлігі; 3) сауда, киноға түсіру, көрме қойылымдары және т.б. арналған дербес имарат. | |
Паводок - фаза водного режима реки, которая может многократно повторяться в различные сезоны года. Характеризуется интенсивным, обычно кратковременным увеличением расходов и подъемом уровней воды и вызывается дождями или снеготаянием во время оттепелей. | Тасқын су - жылдың әр түрлі маусымдарында бірнеше рет қайталанатын өзеннің су режимінің кезеңі. Қарқынды, әдетте қысқа мерзімді су деңгейінің көтерілуімен және шығындарының артуымен сипатталады және күн жылына бастаған кездегі қардың еруінен және жаңбырлардың суынан пайда болады. | |
Паз - 1) выемка на боковой и торцовой кромках паркетной планки, в которую входит гребень для соединения с соседней планкой; 2) углубление на поверхности кладки, предназначенное для улучшения ее прочностных свойств. | Ойық - 1) паркет жұқа тақтайшасының жиектерінің бүйір және сырт жағындағы ойық, оған іргелес жұқа тақтайшамен қосатын жота енеді; 2) тас қаландысының беріктік қасиеттерін жақсартуға арналған оның беттеріндегі ойық. | |
Пайка, паяние - процесс получения неразъемного соединения материалов (стали, чугуна, стекла, графита, керамики и др.), находящихся в твердом состоянии, расплавленные припоем. | Дәнекерлеу - дәнекермен ерітілген қатты күйіндегі материалдардан (болат, шойын, шыны, графит, керамика және т.б.) ажырамайтын қосылыс алу процесі. | |
Пакеляж - разновидность основания под дорожное покрытие или полужесткое основание для трамвайных рельсов, прокладываемое непосредственно по грунту. | Пакеляж - жолға төселетін төсемнің астындағы табандардың түрі немесе жерге тікелей салынатын трамвай рельстерінің жартылай қатты табандары. | |
Пакет транспортный - укрупненная грузовая единица, оформленная из нескольких грузоединиц в результате применения средств пакетирования (поддоны, контейнеры и т.д.). | Көліктік пакет - пакеттеу құралдарын қолданудың нәтижесінде бірнеше жүк бірліктерінен ресімделген, ірілендірілген жүк бірлігі (табандықтар, контейнерлер және т.с.с). | |
Пал - сооружение в виде сквозных конструкций, куста свай и др. или массивной железобетонной стены, устраиваемое по сторонам головной части шлюза и предназначенное для направления судов при входе в шлюз или при выходе из него и для гашения энергии навала судна. | Пал - өтпелі құралымдар, топ қадалар және т.б. түріндегі имарат немесе қақпаның бас бөлігі жақтарында орнатылған және қақпаға кіруде немесе шығуда кемелерді бағыттау және кеме тіреу қуатын сөндіру үшін арналған массивті темір бетонды қабырға. | |
Палетка - 1) прозрачная пластинка с нанесенной на неё сеткой линий (реже точек). Служит для определения площади участков на плане или на карте, или отсчета координат и т.д.; 2) тонкая каменная плитка с рельефным изображением, используемая для украшения стен храмов, дворцов. | Палетка - 1) тормен сызық (сирегірек нүктелермен) жүргізілген мөлдір табақша. Жоспардағы немесе картадағы телімдердің аудандарын анықтау немесе координаттарды санау және т.б. үшін қызмет етеді; 2) храмдар мен сарайлардың қабырғаларын әшекейлеу үшін қолданылатын бедерлер бейнеленген жұқа тас тақташа. | |
Памятники - отдельные постройки, здания и сооружения с исторически сложившимися территориями (в том числе памятники религиозного назначения и другие объекты, специально предназначенные для богослужений); мемориальные квартиры; мавзолеи, отдельные захоронения; произведения монументального искусства; объекты науки и техники, включая военные; частично или полностью скрытые в земле или под водой следы существования человека, включая все движимые предметы, имеющие к ним отношение, основным или одним из основных источников информации о которых являются археологические раскопки или находки. | Ескерткіштер - тарихи аумақтардан құрылған жекелеген құрылыстар, ғимараттар және имараттар ( оның ішінде дінге негізделген ескерткіштер және т.б. құдайға табынуға арналған арнайы нысандар); мемориалдық пәтерлер; мұражайлар, жекелеген жерлеу орындары; монументалды өнер шығармалары; ғылым мен техника, оған қоса әскери нысандар; жерде немесе су астында жартылай немесе толық жасырылған адам іздері, оған қоса барлық жылжымалы заттар, археологиялық қазбалар немесе олжалар туралы негізгі немесе негізгі көздердің бірі болып саналатын ақпараттар. | |
Пандус - 1) наклонная плоская коммуникационная конструкция, связывающая поверхности, расположенные на различных уровнях; 2) сооружение, имеющее продольный уклон, повышающий уровень доступности и удобства при вертикальном перемещении. | Пандус - 1) әр түрлі деңгейде орналасқан беттерді байланысты-ратын көлбеу жазықтықты коммуникациялық құралым; 2) тік жылжытқан кезде қолайлылық пен ыңғайлылық деңгейін көтеретін бойлық еңісі бар имарат. | |
Панель - 1) вертикальный плоскостной элемент заводского изготовления, применяемый в строительстве зданий и сооружений различного назначения и выполняющий несущие, ограждающие или совмещенные (несущие и ограждающие) функции; 2) нижняя часть стены помещения, отличающаяся по отделке от всей стены; 3) пролет между двумя смежными узлами верхнего или нижнего пояса фермы, воспринимающими основную нагрузку; 4) то же, что и тротуар. | Панель - 1) түрлі мақсаттардағы ғимараттар мен имараттар салуда қолданылатын және жылжымалы, қоршамалы немесе қос қызметтілік (жылжымалы және қоршамалы) қызметтерді атқаратын зауыттық дайындаудың тік жазықтықты элементі; 2) барлық қабырғаларды әрлегенде айқындалып тұратын үй-жай қабырғаларының төменгі бөлігі; 3) негізгі жүктемелерді қабылдайтын фермалардың жоғарғы не төменгі белдеуінің екі іргелес тораптар арасындағы аралық; 4) бұл да жаяужол сияқты. | |
Пантограф - 1) приспособление в виде раздвижного шарнирного параллелограмма для перечерчивания (копирования) планов, чертежей, аэрофотоснимков и карт обычно в измененном масштабе; 2) чертежный прибор пантографной системы. | Пантограф - 1) жоспарларды, сызбаларды, аэрофотосуреттердің және әдеттегі өзгертілген масштабтағы карталарды қайта сызу (көшірмесін) үшін жылжымалы топсалы параллелограмма түріндегі құрал; 2) пантографикалық жүйедегі сызба құралы. | |
Параметр - величина, характеризующая какое-либо основное свойство процесса, явления или системы, машины, прибора. | Параметр - процестің, құбылыстың немесе жүйенің, машинаның, құралдың қандай да бір негізгі ерекшеліктерін сипаттайтын шама. | |
Парапет - 1) невысокая сплошная стенка, проходящая на гребне плотины, дамбы, молота и т.п. у верхового откоса (грани), служащая для защиты сооружения от разрушающего действия волн, брызг и т.п.; 2) глухое ограждение перепада высот; конструктивный элемент, ограждающий пути движения и функциональные пространства, совмещающий функции по критериям безопасности и информативности. | Парапет - 1) толқындардың, шашыраулардың және т.б. қирату іс-әрекеттерінен имаратты сақтауға қызмет ететін бөгеттің, бөгетшенің, тоқпақтың және т.б. жотасынан өтетін жоғарғы еңісте аса биік емес, тұтас қабырға; 2) биік құламалардың бітеу қоршауы; қауіпсіздік өлшемдері және ақпараттылығы жөніндегі қызметтерді қоса атқаратын қозғалыс жолдары мен қызметтік кеңістіктерді қоршайтын құралымды элемент. | |
Парк мобильных (инвентарных) зданий и сооружений - совокупность мобильных (инвентарных) зданий и сооружений, которыми располагает база проката. | Жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттар мен имараттар паркі - жалға алу базасының иелігіндегі жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттар мен имараттар жиынтығы. | |
Паркет - небольшие деревянные строганные планки (клепки) для покрытия пола, а также само покрытие (лицевой слой) такого пола. | Паркет - еденді жабуға, сондай-ақ осындай еденнің (беткі қабатын) өзінен-өзі жабылуына арналған аса үлкен емес сүргіленген ағаш тақтайшалар (тойтармалар). | |
Паркетные работы - укладка паркета для покрытия (образования лицевого слоя) пола. | Паркетті жұмыстар - еденді (беткі қабатын құрау үшін) жабу үшін паркет төсеу. | |
Паркетоотделочные машины - машины применяющие для строгания и шлифования, очистки паркетных полов. | Паркет әрлеуші машиналар - паркетті едендерді тазалау, әрлендіру және сүргілеу үшін қолданылатын машиналар. | |
Паровое отопление - система отопления, в которой теплоносителем является водяной пар, поступающий от сети центрального теплоснабжения, районной котельной или от местного парового котла по трубопроводам (паропроводам) в отопительные приборы, установленные в помещениях. | Бумен жылытқыш - үй-жайларда орнатылған жылыту құралдарындағы құбырлар (бу құбырлары) бойынша орталық жылумен жабдықтау, аудандық қазандық немесе жергілікті бу қазандығы желілерінен түсетін су булары жылутасығыш болып табылатын жылыту жүйесі. | |
Паровой котел - устройство, имеющее топку, обогреваемое за счет теплоты, выделяющейся в топке при сжигании топлива, и предназначенная для получения пара с давлением выше атмосферного, используемого вне устройства. | Бу қазандығы - құрылғыдан тыс пайдаланылатын отын жаққан кезде ошақ ішінде бөлінетін жылудың есебінен жылынатын оттығы бар және атмосфералық қысымы жоғары бу алуға арналған құрылғы. | |
Паронит - листовой материал, получаемый прессованием массы из асбестового волокна, каучука, минеральных наполнителей (порошков) и серы. | Паронит - асбест талшықтары, каучук, минералды толықтырғыш (ұнтақтар) және күкірттерден шығатын салмақты сығымдаудан алынатын табақша материал. | |
Паропровод - трубопровод для транспортирования пара. | Бу құбыры - бу тасымалдауға арналған құбыр. | |
Пассажирский рельсо-канатный подъемник (фуникулер) - сооружение для перевозки пассажиров в подвижном составе (вагоне) по наклонному рельсовому пути. | Жолаушы рельсті-арқанды көтергі (фуникулер) - көлбеу рельсті жол бойынша жылжымалы құрамда (вагонда) жолаушылар тасымалдауға арналған имарат. | |
Патент - документ, удостоверяющий приоритет авторства изобретения, полезной модели или промышленного образца и исключительное право на их использование. | Патент - пайдалы жобаларды, өндірістік үлгілерді немесе авторлық өнертабыстың басымдығын және оларды пайдаланудың ерекше құқығын куәландыратын құжат. | |
Патентная защита - степень защиты изделия авторскими свидетельствами и патентами. | Патенттік қорғау - авторлық куәліктермен және патенттермен бұйымды қорғау дәрежесі. | |
Патентная чистота - степень воплощения в изделии технических решений, способствующих его беспрепятственной реализации в РК и за рубежом. | Патентті тазалық - ҚР және алыс шетелдердегі оны кедергісіз іске асыруға мүмкіндік беретін техникалық шешімдердің бұйымдарда жүзеге асырылу дәрежесі. | |
Пемзобетон - легкий бетон, в котором заполнителем является природный пемзовый щебень и какой - либо песок (кварцевый, пемзовый, шлаковый). | Пемзобетон - толықтырғышы табиғи пемзалық қиыршықтас және қандай да бір құм (кварцты, пемзалық, қоқысты) болып табылатын жеңіл бетон. | |
Пенный пожарный ствол (пеноствол) - пожарный ствол для пен различной кратности. | Көбікті өрт оқпаны - көбіктің түрлі еселігіне арналған өрт оқпаны. | |
Пенобетон - ячеистый бетон, пористая структура которого получается путем смешивания устойчивой пены с вяжущим (обычно портландцемент). | Көбік бетон - тұтқырлы заттың(әдетте портландцемент) орнықты көбікпен араластыру жолымен ұсақ кеуекті құрылымды алынатын қуысты бетон. | |
Пенобетономешалка - установка для приготовления пенобетонной и пеносиликатной ячеистой смеси. | Көбікті бетонараластырғыш - көбікті бетон және көбікті силикат қуысты қоспалар дайындауға арналған қондырғы. | |
Пенометалл - металл или сплав ячеистого строения. | Көбікті металл - металл немесе қуысты құрылым қорытпасы. | |
Пенообразующие добавки - поверхностно-активные органические вещества, обеспечивающие возможность получения технической пены требуемых кратности и стойкости, которые при смешении с компонентами бетонной смеси позволяют получать бетоны ячеистой или поризованной структуры. | Көбік дайындайтын үстемелер - техникалық көбіктердің талапты еселігі мен беріктілігін талап ететін техникалық көбіктерді алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін беткі-белсенді органикалық заттар, ол бетон қоспаларының құраушыларымен араласқан кезде қуысты немесе көбікті құрылым бетондарын алуға мүмкіндік береді. | |
Пенопласты , газонаполненные полимеры - композиционные материалы с каркасом (матрицей) из полимерных пленок, образующих стенки и ребра ячеек (пор), заполненных газом (преимущественно воздухом). Пенопласты с сообщающимися порами называются поропластами. | Көбіктастар, газбен толтырылған полимерлер - газбен толтырылған (көбінесе ауамен) қуыс (кеуек) жақтары мен қабырғалардан пайда болатын полимерлі үлдірлерден шығатын қаңқалары бар композициялық материалдар. Кеуекті қатынастары бар көбіктастар қабықты қаттар деп аталады. | |
Пеностекло - пористый материал (ср. плотностью 100 - 800 кг/м³), получаемый спеканием тонкоизмельченного стеклянного порошка и пенообразования (кокс, мел, доломит). | Көбікшыны - жұқалап ұсақталған әйнекті ұнтақ пен көбік жасаушыны (кокс, бор, доломит) жентектеуде алынатын кеуекті материал (салыстырмалы тығыздығы 100-800 кг/м³). | |
Первичная защита от коррозии - защита от коррозии, достигаемая посредством выбора материалов, изменения состава или структуры строительного материала до изготовления или в процессе изготовления конструкции. | Тоттанудан біріншілік қорғау - дайындауға дейін немесе құралымды дайындау процесінде материалдарды таңдау арқылы құрамды немесе құрылыс материалы құрылымын өзгертіп жеткізілетін тоттанудан қорғау. | |
Пергамин - рулонный материал, получаемый пропиткой тонкого картона легкоплавкими нефтяными битумами, применяемый для устройства подстилающих слоев кровли, изоляции строительных конструкций и т.п. | Пергамин - жұқа картонды жеңіл балқитын мұнай битумдарын сіңдірумен алынатын, жабын қабаттарын төсейтін құрылғылар, құрылыс құралымдарын оқшаулау және т.б. үшін қолданылатын орама материал. | |
Перевернутая (реверсивная) кровля - кровля, где утеплитель укладывается по гидроизоляционному слою, покрывается защитной сеткой и изолируется от внешней среды слоем гравия или керамзита. Утеплитель должен обладать высокой морозостойкостью и низким водопоглощением. | Аударылған (реверсивті) жабын - гидрооқшаулағыш қабат үстінен жылуұстағыш төселетін жабын, ол қорғаушы тормен жабылып, сыртқы ортадан малтатас немесе керамзит қабатымен оқшауланады. Жылуұстағыштың жоғары аязға төзімділігі және төмен су сіңірімділігі болуы тиіс. | |
Перегородка - внутренняя ограждающая конструкция, разделяющая в здании смежные помещения, находящиеся между капитальными стенами, на отдельные комнаты. | Арақабырға - жекелеген бөлмелердегі күрделі қабырғалар арасында жататын ғимараттағы іргелес үй-жайды бөлетін ішкі қоршалған құралым. | |
Передвижной огнетушитель - огнетушитель, смонтированный на колесах или тележке. | Жылжымалы өрт сөндіргіш - доңғалақтар немесе арбалар үстіне орнатылған өрт сөндіргіш. | |
Передислокация мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - перемещение мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса с помощью транспортных средств с одного места эксплуатации на другое. | Жеделәрекетті (жабдықтық) ғимарат, имарат немесе кешеннің қоныс аударуы - көлік құралдарының көмегімен бір орыннан басқа орынға көшіру арқылы жеделәрекетті (жабдықтық) ғимаратты, имаратты немесе кешенді ауыстыру. | |
Перекачивающая станция - насосная станция для создания напора (5,5 - 6,4 МПа) в трубопроводе при перекачке нефти и нефтепродуктов. | Қотарушы станция - мұнай мен мұнай өнімдерін құю кезінде құбырдағы арынды (5,5-6,4МПа) құруға арналған сорғы станциясы. | |
Перекрывающая кромка асбестоцементного волнистого листа - условное наименование части асбестоцементного волнистого листа между продольной кромкой и ближайшей к ней вершиной волны, которая при устройстве стыка полностью или частично перекрывает (-ся) другой (-им) лист (-ом). | Асбетоцементті толқынды табақшаны асыра жабатын жиегі - бойлық жиек пен оған жақын орналасқан толқын биіктігі арасындағы асбетоцементті толқынды табақша бөлігінің шартты атауы, бұл түйіспе құрылғысында толық немесе жартылай басқа табақшамен асыра жабылады. | |
Перекрытие - внутренняя горизонтальная ограждающая конструкция здания. | Аражабын - ғимараттың ішкі горизонталь қоршайтын құралымы. | |
Перекрытие здания - это внутренняя горизонтальная ограждающая конструкция. Состоит из основной (несущей) части: балки, плиты, изоляционных слоев пола, иногда потолка (как самостоятельного элемента перекрытия). Различают перекрытия междуэтажные, чердачные, подвальные. | Ғимараттың аражабыны - ішкі горизонталь қоршау құралымы. Негізгі (көтеруші) бөліктерден тұрады: арқалықтар, тақталар, едендердің, кейде төбелердің (аражабынның дербес элементі ретінде) оқшаулама қабаттары. Аражабынды қабатаралық, шатырлық, жертөлелік деп ажыратады. | |
Перемещение в механике - вектор, соединяющий положение движущейся материальной точки в начале и конце пути. | Механикадағы орын ауыстыру - жолдың басында және соңындағы материалдық нүктені қозғалатын күйінде қосатын вектор. | |
Перемещений диаграмма , Вильо диаграмма - геометрическое построение, определяющее перемещение всех узлов плоской фермы по известным изменениям длины ее стержней. | Орын ауыстыру диаграммасы, Вильо диаграммасы - шыбықтарының белгілі ұзындықтарын өзгерту арқылы жазық фермалардың барлық тораптарын ауыстыруды анықтайтын геометриялық құрылым. | |
Перемещения в строительной механике - линейные отклонения точек конструкции, углы поворота сечений, а также комбинации этих величин (взаимные смещения), характеризующие изменение положения конструкции под влиянием силовых нагрузок, температурных воздействий или осадки опор. | Құрылыс механикасындағы орын ауыстыру - құралымдар нүктелерінің сызықтық ауытқуы, қиысу айналымдарының бұрыштары, сондай-ақ осы комбинацияларды, күшті жүктемелердің, температуралық әсерлердің немесе тірек отыруларының ықпалымен құралымның жағдайының өзгертілуін сипаттайтын шама. | |
Перемычка - 1) ограждение, предохраняющее гидротехническое сооружение или его котлован от затопления во время строительства; 2) конструктивный элемент балочного или арочного типа, перекрывающий проем в стене и воспринимающий нагрузку от вышерасположенных конструкций. | Маңдайша - 1) құрылыс кезінде гидротехникалық имараттарды немесе олардың қазаншұңқырларын су басудан сақтайтын қоршау; 2) жоғары жатқан құралымдардың салмағын көтере алатын, қабырғалардағы ойықтарды жабу үшін жасалған арқалық немесе арқалық типті құралымды элемент. | |
Переносной огнетушитель - огнетушитель, конструктивное исполнение и масса которого обеспечивают удобство его переноски человеком. Примечание: переносные огнетушители могут быть ручными или ранцевыми. | Тасымалы өрт сөндіргіш - құралымдық орындалуы және салмағы адамның тасымалдауына қолайлылықты қамтамасыз ететін өрт сөндіргіш. Ескерту: тасымалы өрт сөндіргіштер қолмен ұстап жүретін және арқаға асатын болуы мүмкін. | |
Перепад - 1) разность уровней, температур, давлений и т.п. параметров; 2) гидротехническое сооружение безнапорных участков водотоков, расположенных на разных уровнях, на трассах с резким изменением продольного профиля; 3) гидротехническое сооружение (открытое ступенчатое и консольное, полунапорное и напорное) для сопряжения безнапорных участков водовода (водоема), расположенных на разных уровнях, в котором поток воды движется непосредственно по сооружению и, отрываясь от него, по типу падающей струи. | Құлама - 1) температуралар, қысымдар және т.б. белгілер деңгейінің түрлілігі; 2) бойлық кескіннің күрт өзгеруімен түрлі деңгейдегі трассаларда орналасқан су ағындарының қысымсыз бөліктерінің гидротехникалық имараты; 3) әр деңгейдегі су ағыны имарат бойымен тікелей құлап, одан ажыратыла суатқа сорғалап тұратын суаттардың қысымы жоқ бөліктеріне түйіндесуге арналған гидротехникалық имарат (ашық сатылы және аспалы, жартылай қысымды және қысымды). | |
Перепад ступеней в лестничном полотне - разность уровней настилов двух смежных ступеней на горизонтальном участке. | Эскалатордың баспалдақ төсеміндегі ауысым - горизонталь баспалдақ тақтасы телімінің көрші басқыштарының арасындағы деңгейлерінің айырмашылығы. | |
Переход мостовой - комплекс инженерных сооружений, состоящий из моста, переходов к нему (эстакад, земляных насыпей или выемок), регуляционных и берегозащитных сооружений. | Көпірлі өткел - жағалауларды бекітетін және реттегіш имараттардан, көпір мен оған келетін жолдардан (эстакадалардан, топырақ үйінділерінен немесе ойықтардан) тұратын инженерлік имараттар кешені. | |
Периодический профиль - разновидность переменного профиля, в котором изменения размеров и формы поперечного сечения периодически повторяются по длине. | Мерзімдік кескін - ұзындығы бойынша өлшем өзгерістері мен көлденең қиысу нысандары мерзімді қайталанатын ауыспалы кескіннің түрі. | |
Периптер - прямоугольное в плане здание, с четырех сторон обрамленное колоннадой. | Периптер - төрт шетінен ұстындармен көмкерілген жайғасымдағы төртбұрыш ғимараттар. | |
Перламутр - плотный материал, выстилающий изнутри створки раковин некоторых морских и пресноводных моллюсков. | Перламутр - кейбір теңіз және тұщы су ұлулары қабыршақтары жармалары ішінен төселетін тығыз материал. | |
Перлитобетон - легкий бетон, в котором заполнителем служит вспученный перлит, в качестве вяжущих могут использоваться цемент, известь, гипс, растворимое стекло, синтетические смолы. | Перлитобетон - толтырғышы болып қызмет ететін ісініп көтерілген перлитті жеңіл бетон, оның тұтқыры ретінде цемент, әк, гипс, еритін шыны, синтетикалық шайырларды пайдалануы мүмкін. | |
Перрон — часть летного поля аэродрома, предназначенная для размещения воздушных судов в целях посадки и высадки пассажиров, погрузки и выгрузки багажа, почты и грузов, а также других видов обслуживания. | Перрон - әуе кемелерiне жолаушыларды мiнгiзуге және түсiруге, қол жүгін, поштаны және жүктердi артуға және түсiруге, сонымен бірге басқа қызмет түрiне арналған аэродромның ұшу алаңының бөлiгi. | |
Персонал линейный - инженерно-технический персонал, являющийся непосредственным руководителем строительно-монтажных работ (начальники участков, производители работ, строительные мастера и участковые механики). | Құрылыс бойындағы қызметкер - құрылыс-жинақтау жұмыстарына тікелей басшылық ететін инженерлік-техникалық қызметкер (телім бастықтары, жұмыс өндірушілер, құрылыс шеберлері және телім механиктері). | |
Перспектива - 1) система изображения предметного мира на плоскости в соответствии со зрительным восприятием предметов человеком; 2) линейная п. - способ изображения пространственных фигур на плоскости с помощью центральной проекции, при которой точка пространства проектируется на плоскость в точку, являющейся точкой пересечения прямой с плоскостью. | Алғы шептік - 1) адамдардың заттарды көріп қабылдауына сәйкес жазықтықта зат әлемін бейнелейтін жүйе; 2) желілік а. ш. - орталық проекциялаудың көмегімен жазықтықта кеңістік фигураларын бейнелейтін тәсіл, кеңістік нүктесінде жазықтықпен тура қиысатын нүкте болып табылатын нүкте жазықтығы жобаланады. | |
Перфорированный асбестоцементный лист - плоский асбестоцементный лист, значительную площадь которого занимают отверстия. | Перфорирленген асбестоцементті табақша - ауданының едәуірін тесік тор құрайтын жазық асбестоцементті табақша. | |
Пески - рыхлые мелкообломочные осадочные горные породы, состоящие из зерен (песчинок) кварца, полевых шпатов, слюды и реже обломков пород размером от 0,1 до 1 мм, содержащие иногда примеси пылеватых, глинистых и органических частиц. | Құмдар - кварц (құмдарынан), егіс қалақшаларының, слюдаларының түйіршіктерінен және кейбір жағдайларда шаң, саз және органикалық бөлшектерден тұратын, мөлшері 0,1 мм-ден 1 мм-ге дейінгі шөгінді сынықтарынан құралған борпылдақ ұсақ сынықты шөгінді тау жыныстары. | |
Песколовка - устройство для выделения из сточных вод механических примесей минерального происхождения. | Құмұстағыш - минерал тектес механикалық қоспаларды ақаба сулардан бөлуге арналған құрылғы. | |
Пескоструйная обработка - обработка (преим. очистка) фасадов зданий, металлических поверхностей перед их окрашиванием и т.д. | Құм шашыратып өңдеу - ғимарат қасбеттерін, металл үстін оларды сырлау алдында өңдеу (әсіресе тазалау). | |
Песчаник - осадочная горная порода, состоящая из зерен песка, сцементированная глинистым, кремнистым или др. материалом. | Құмтас - саз, кремний немесе басқа да материалмен цементтелген құм түйіршіктерінен тұратын шөгінді тау жыныстары. | |
Песчаный бетон , мелкозернистый бетон - получают из смеси мелкого заполнителя (песка), вяжущего (цемента) и воды. | Құмды бетон, ұсақ түйіршікті бетон - тұтқырғыш (цемент), су және ұсақ толтырғыш қоспаларынан (құмнан) жасалады. | |
Петля - изделие, служащее для соединения дверей и окон с коробками и обеспечивающее открывание и закрывание дверей, окон, фрамуг и форточек | Топса - есіктер мен терезелерді, қораптармен қосатын және есіктердің, терезелердің, фрамугалардың және желдеткіштердің ашылуы мен жабылуына қызмет ететін бұйым. | |
Печь - устройство, в котором в результате горения топлива (иногда и др. химических реакций) или преобразования электрической энергии выделятся теплота, используемая для отопления, тепловой обработки материалов и т.п. | Пеш - жанғыш отынның (кейде басқа да химиялық реакциялардың) немесе электр қуатының ауысуы нәтижесінде материалдарды және т.б. жылыту, жылытып өңдеу үшін пайдаланылатын құрылғы. | |
Пешеходный мост - мост для перевода пешеходной дороги через какое - либо препятствие. | Жаяу жүргіншілер көпірі - кез келген кедергілер арқылы жаяу жүргіншілер жолын өкізуге арналған көпір. | |
Пигменты - цветные химические соединения, применяемые в виде тонкоизмельченных (высокодисперсных) порошков для крашения пластмасс, резин, кожи, бумаги, химический волокон, изготовления красок, шпаклевок и др. | Пигменттер - пластмассаларды, резеңкелерді, теріні, қағаздарды, химиялық талшықтарды бояуға, бояулар мен тығыздағыштарды және т.б. дайындауға арналған жұқалап үгітілген (жоғары дисперсиялық) ұнтақтар түрінде қолданылатын түрлі-түсті химиялық қосылыстар. | |
Пикет - 1) точка земной поверхности, положение которой определяют относительно съемочной точки в процессе геодезической съемки определенного участка местности; 2) путевой знак с указанием номера участка (отрезка) ж/д пути и сам участок, ограниченный двумя такими знаками, расположенных один от другого обычно на расстоянии 100м. | Пикет - 1) жер бетінің нүктесі, оның орналасуы белгілі бір жер телімін геодезиялық түсірумен анықтау процесінде түсіру нүктесіне қатысты белгіленеді; 2) т/ж телімінің (кесінді) нөмірі көрсетілген жол белгісі және осындай белгілермен шектелген, бір-бірінен 100 м қашықтықта орналасқан телімнің өзі. | |
Пикнометр - прибор для определения плотности вещества (иногда температуры) в газообразном, жидком или твердом состоянии. | Пикнометр - газ, сұйық немесе қатты күйдегі заттардың тығыздығын (кейде температурасын) анықтауға арналған құрал. | |
Пила - ручной или станочный многорезцовый режущий инструмент для разделения (распиливания) древесины, металла, камня и др. материалов, а также станок с режущим инструментом в виде абразивного или стального диска, стального каната, ножовочного полотна, ленты и др. | Ара - ағаштарды, металдарды, тасты және т.б. материалдарды бөлуге (аралауға) арналған қол немесе станокты көпкескішті құрал, сондай-ақ түрпілі немесе болат диск, болат арқан, қол ара тақтайшасы, жолақтар және т.б. түріндегі кескіш құралы бар станок. | |
Пилон - массивный столб, входящий в конструктивный пояс и поддерживающий своды, арки, перекрытия зданий, мостовые пролеты и т.п.; отдельно стоящие сооружения, устанавливаемые обычно с декоративной целью симметрично у входов в парки, здания и т.п. | Пилон - құрастырмалы белдеуге енетін және тоғыспаларды, аркаларды, ғимараттардың аражабындарын, көпір аралықтарын және т.б. ұстап тұратын шомбал бағана; саябақ, ғимарат және т.б. әдетте кіреберісіне әшекейлік мақсатпен симметриялы орнатылатын жеке тұратын имарат. | |
Пилястра - плоский прямоугольный выступ стены (столба), повторяющий части и пропорции колонны. | Пилястра - бөліктер мен ұстындар пропорцияларын қайталайтын жазық тікбұрышты қабырғаның (бағанның) шығыңқы жері. | |
Пиролиз - необратимая химическая деструкция в результате повышения температуры, но с наличием или без наличия окисления и оксидации. | Пиролиз - температураның көтерілу нәтижесінде, бірақ қышқылдану және тотығудың қатысуымен немесе қатысуынсыз болатын қайтымсыз химиялық бұзылу. | |
Пирс - двустороннее причальное сооружение внутри акватории порта, построенное перпендикулярно или под углом к берегу. | Пирс - порттың ішкі су аймағына, жағалауға тік немесе бұрышпен салынған екі жақты айлақ имараты. | |
Пистолет дыропробивной - аппарат взрывного (порохового) или пружинного действия для пробивания отверстий в материале. | Тесіп өтетін тапанша - материалда тесік жасау үшін жарылғыш (оқ-дәрілі) немесе серіппелі әрекет ететін аппарат. | |
Пистолет-краскораспылитель - аппарат для окрашивания поверхностей лакокрасочными материалами. | Бояу шашыратқыш тапанша - беттерді лак бояғыш материалмен сырлауға арналған аппарат. | |
Плавающая входная площадка эскалатора - входная площадка, имеющая возможность перемещения относительно настила ступени. | Эскалатордың жылжымалы кіру алаңшасы - басқыш тақтасымен салыстырғанда орын ауыстыру мүмкіндігі бар кіру алаңшасы. | |
Плакирование - защита металлических изделий (листов, плит, труб, проволоки) от коррозии путем нанесения на их поверхность тонкого слоя другого металла или сплава термомеханическим способом. | Жалату - термомеханикалық тәсілмен металл бұйымдардың (табақшалардың, тақталардың, құбырлардың, сымдардың) бетін басқа металмен немесе қорытпалармен жұқалап жалатып, оларды тоттанудан сақтау. | |
Пламя - горение в газовой фазе, сопровождаемое излучением света и тепла. | Жалын - жарық және жылу шығара отырып, газдық фазада жану. | |
План - 1) план топографический - картографическое изображение участка местности, в пределах которого кривизна местности не учитывается; 2) план в архитектуре - выполненный в определенном масштабе (обычно в уменьшенном) чертеж местности, населенного пункта, сооружения; 3) масштаб воспроизведения (крупный план, мелкий план); 4) то же, что горизонтальная проекция, вид сверху (в плане). | Жоспар - 1) топографиялық жоспар - жердің қисықтығын есептемейтін жергілікті жердің телімін картографиялық бейнелеу; 2) сәулеттегі жоспар - белгілі бір масштабта (әдетте кішірейтілген) орындалатын жердің, елді мекеннің, имараттың сызбасы; 3) бейнелеу масштабы (ірі жоспар, шағын жоспар); 4) бұл да жоғарғы жағынан көрінетін (жоспарда) көлденең проекция сияқты. | |
План инженерно-топографический - картографическое изображение на специальном плане, созданном или обновленном в цифровой, графической и иных формах, элементов ситуации и рельефа местности (в том числе дна водотоков, водоемов и акватории), ее планировки, пунктов (точек) геодезической основы, существующих зданий и сооружений (подземных, наземных и надземных) с их техническими характеристиками. | Инженерлік-топографиялық жоспар - жағдай элементтері және жергілікті жердің бедерлерінің (оның ішінде су ағындары, су қоймалары және су аймағының түбі), оның жайғасымдалуы, олардың техникалық сипаттамалары бар қолданыстағы (жерасты, жер және жерүстілік) ғимараттар мен имараттардың геодезиялық негіздер пункттерінің (нүктелері) цифрлық, кескіндемелік және басқа да түрде құрылған немесе жаңартылған арнайы жоспардағы картографиялық бейнесі. | |
План подземных и (или) надземных инженерных коммуникаций - специальный план (в цифровой, графической и иных формах), на котором отображены подземные и (или) надземные линейные сооружения, используемые для транспортировки жидкостей и газов, передачи энергии и информации с их техническими характеристиками, как правило, с минимально необходимым отображением ситуации местности. | Жерасты және (немесе) жерүсті инженерлік коммуникациялар жоспары - арнайы жоспар (цифрлық, кескіндемелік және басқа да пішіндегі), онда сұйықтықтар мен газдарды тасымалдауға, жер жағдайын қажетті ең төменгі бейнелеу арқылы энергия мен ақпараттарды, олардың техникалық сипаттамаларымен беруге пайдаланылатын жерасты немесе жерүсті желілік имараттар бейнеленеді. | |
План пожаротушения объекта - документ, устанавливающий основные вопросы организации тушения развившегося на объекте пожара. | Нысанның өрт сөндіру жоспары - нысанда пайда болған өртті сөндіруді ұйымдастырудың негізгі мәселелерін белгілейтін құжат. | |
План ситуационный - план, показывающий размещение объекта строительства в увязке с производственной базой строительно-монтажной организации, ближайшими населенными пунктами, источниками и внешними сетями энерго-, тепло- и водоснабжения, сооружениями и сетями канализации, транспорта и связи, карьерами и отвалами, а также основные особенности природных условий территории в районе строительства. | Ахуалдық жоспар - құрылыс-жинақтау ұйымының өндірістік базасымен, жақын елді мекендермен, энергиямен, жылумен, сумен қамту көздері және олардың сыртқы желісімен, кәріздеу, тасымалдау және байланыс желісімен, олардың имараттарымен, карьерлер және үйінділермен, сондай-ақ құрылыс ауданы аумақтарындағы негізгі табиғат ерекшеліктеріне байланысты құрылыс нысанының орналасуын көрсететін жоспар. | |
План эвакуации при пожаре - документ, в котором указаны эвакуационные пути и выходы, установлены правила поведения людей, а также порядок и последовательность действий обслуживающего персонала на объекте при возникновении пожара. | Өрт кезінде көшіру жоспары - өрт пайда болған жағдайда нысандағы көшіру жолдары мен шығу есіктері көрсетілген, адамдардың өзін-өзі ұстау тәртібі, сондай-ақ қызмет көрсетуші қызметкерлердің іс-әрекет тәртібі мен реттілігі белгіленген құжат. | |
Планировка территории вертикальная - изменение в соответствии с проектом рельефа местности со срезкой или подсыпкой грунта для целей строительства и последующей эксплуатации объекта. | Аумақты тік жайғастыру - құрылыс салу және соңынан нысанды пайдалану мақсаты үшін топырақты қиындысы мен үйіндісі бар жер бедерінің жобасына сәйкес өзгерту. | |
Планировочная отметка земли - уровень земли на границе отмостки. | Жердің жайғасымдық белгісі - ірге жаппа шекарасындағы жер деңгейі. | |
Планировочная плита - плита или поверхность, на которой размещают и закрепляют темплеты. | Жайғасымдық тақтасы - темплеттер орналастырылатын және бекітілетін тақта немесе беті. | |
Планшет - 1) доска прямоугольной формы с размером сторон от 40 до 70 см., на которую прикрепляется чертежная бумага для вычерчивания чертежей небольшого формата, составления плана или карты местности. | Планшет - 1) жақтарының өлшемі 40-тан 70 см-ге дейінгі тікбұрыш түріндегі тақта, оған кішігірім пішімнің сызбасын сызу, жергілікті жердің картасын немесе жоспарын бейнелеу үшін сызу қағазы жабыстырылады. | |
Пластикат - эластичная пластмасса. | Пластикат - иілгіш пластмасса. | |
Пластификаторы - 1) органические вещества, которые вводят в состав полимерных материалов для придания или повышения пластичности и (или) эластичности; 2) поверхностно-активные добавки (мылонафт, смола древесная омыленная и др.), вводимые в строительные растворы и бетонные смеси (не менее 1% от массы вяжущего) с целью придания им пластичности, увеличения подвижности (растекаемости) и удобства укладки. | Пластификаторлар - 1) органикалық заттар, полимерлік материалдар құрамына илемділігі және (немесе) иілгіштігін арттыру үшін қосады; 2) құрылыс ерітінділері мен бетонды қоспаларға олардың илемділігін келтіру, қозғалғыштығын (созылғыштығын) арттыру және орналастыру қолайлығын қамтамасыз ету мақсатында (тұтқырғыш салмағынан 1 %-тен кем емес) белсенділігі жоғары қоспалар (мылонафт, сабындалған ағаш шайыры және т.б.). | |
Пластификация цемента - снижение водопотребности цемента путем введения специальных добавок. | Цементтің илемденуі - арнайы қопаларды қосу арқылы цементтің су қажетсінуін төмендету. | |
Пластифицирующие добавки - вещества, увеличивающие подвижность бетонных смесей. | Илемдендіруші қоспалар - бетон қоспаларының жылжымалылығын арттыратын зат. | |
Пластическая деформация - остаточная деформация, образовавшаяся в результате воздействия силовых факторов, при которой не поступает макроскопических нарушений сплошности материала. | Илемдік деформация - материалдың тұтастығына макроскопиялық бұзылулар түспеген кезде күш факторларының өзара әсер ету нәтижесінде пайда болған қалдық деформация. | |
Пластические массы , пластмассы, пластики - материалы на основе полимеров, способные придать заданную форму при нагревании под давлением и устойчиво сохранять ее после охлаждения. | Илемді массалар, пластмассалар, пластиктер - қысыммен күйдіру кезінде берілген түрді қалыпқа келтіретін және оны салқындатқаннан кейін тұрақты сақтайтын полимерлер негізінде жасалынған материалдар. | |
Пластическое течение - пластическое деформирование твердого тела (материала) в результате постоянно нарастающего напряжения под действием механических и других нагрузок. | Илемді ағым - механикалық және басқа жүктемелердің әсерінен үнемі ұлғаятын кернеу нәтижесінде қатты дененің (материалдың) илемді деформациялануы. | |
Пластичности теория - раздел механики, изучающий общие законы возникновения напряжений в твердых телах под действием внешних причин (нагрузок, температурных воздействий и т.д.) с учетом пластических деформаций. | Илемділік теориясы - пластикалық деформацияларды ескере отырып, сыртқы себептер әрекет етуінен (жүктемелер, температуралық әсерлер және т.б.) қатты денелердегі кернеулердің пайда болуының жалпы заңын зерттейтін механика бөлімі. | |
Пластичность - способность материала, под влиянием оказываемых на него усилий, изменять свои размеры и форму без образования трещин и сохранять их после снятия нагрузки. Пластичность одного и того же материала может быть различной в зависимости от температуры. К пластичным материалам относят битум, глиняное и цементное тесто, мастики и т.д. | Илемділік - материалдың оған түскен күштер әсерінен өлшемі мен пішінін сызатсыз өзгертіп және жүкті алғаннан кейін қалпын сақтау қабілеті. Бір материалдың илемділігі температурасымен байланысты әр түрлі болуы мүмкін. Илемді материалдарға битум, саз және цемент қамыры, мастикалар және т.б. жатады. | |
Платформа - возвышенная площадка, помост. | Платформа - көтерілген алаң, тақтайша үстел. | |
Плафон - 1) плоское, сводчатое или купольное перекрытие какого-либо помещения; 2) потолок, украшенный живописным или скульптурным изображением либо архитектурно-декоративными мотивами. | Әшекейтөбе - 1) кез келген үй-жайдың жазық, тоғыспа тәрізді немесе күмбез аражабыны; 2) әдемі немесе мүсінді бейнесі немесе сәулеттік-әшекейлік мотивтермен безендірілген төбе. | |
Пленки полимерные - полимерные материалы толщиной, как правило, менее 0,5 мм. | Полимерлі үлдірлер - қалыңдығы ереже бойынша, 0,5 мм.-ден кем полимерлі материалдар. | |
Пленкообразующие вещества , пленкообразователи - синтетические или природные вещества (обычно полимеры или олигомеры), способные при нанесении тонким слоем из раствора, суспензии или расплава на металлической, деревянной или другой поверхности высыхать с образованием твердых и прочных пленок, обладающих высокой адгезией к подложке. | Үлдір құраушы заттар, үлдір құраушылар - төс етегіне жоғары жабысуға ие болушы, металдық, ағаш немесе басқа да беттері бар қатты және берік қабыршақты құрғатуды жасай отырып, ерітінді, жүзгіндер немесе балқытудың жұқа қабаттарын жасауға қабілетті синтетикалық немесе табиғи заттар (әдетте полимерлер немесе олигомерлер). | |
Пленочное защитное покрытие - защитное покрытие из пленочных листовых или рулонных материалов. | Үлдірлі қорғаныш жабыны - үлдірлі табақшалы немесе орамалы материалдардан жасалатын қорғаныш жабыны. | |
Пленочное стекло - гибкое тонкое (толщ. от 10 до 200 мкм) листовое стекло. | Үлдір шыны - иілгіш жұқа (қалыңдығы 10-нан 200 мкм-ге дейінгі) табақшалы шыны. | |
Плинтус балюстрады - элемент балюстрады, расположенный над фартуком, к которому крепятся щиты балюстрады. | Тізбек қоршау ернеулігі - тізбек қоршау қалқандары бекітілетін, алжапқыш үстіне орналасқан тізбек қоршау элементі. | |
Плита - горизонтальный плоскостный элемент (ширина сечения которого преобладает над его высотой или толщиной), применяемый в строительстве зданий и сооружений различного назначения и выполняющий несущие, ограждающие или совмещенные (несущие и ограждающие), теплотехнические, звукоизоляционные и тому подобные функции. | Тақта - әр түрлі мақсаттардағы ғимараттар мен имараттар құрылысында қолданылып көтергіш, қоршаушы және біріктірілген (көтергіш және қоршаушы), теплотехникалық, дыбыс өткізбейтін және басқа да міндеттерді орындайтын (қимасының ені биіктігі немесе қалыңдығынан артығырақ болатын) горизонталь жазықтықтағы элемент. | |
Плитка коврово-мозаичная - плитка мозаичная из неокрашенного или цветного глушенного стекла, поставляемая наклеенной на бумагу или россыпью, предназначенная для облицовки стен. | Өрнек-нақышты тақташа - қабырғалар қаптамаларына арналған қағазға желімденіп немесе бос салынып жеткізілетін сырланбаған немесе түрлі-түсті бітеу шыныдан жасалынған нақышты тақташа. | |
Плитка стеклянная облицовочная - плитка из неокрашенного или цветного глушеного стекла определенной формы и размера, предназначенная для облицовки стен. | Қаптағыш шынылы тақташа - қабырғалардың қаптамаларына арналған белгілі бір түрдегі және көлемдегі сырланбаған немесе түрлі- түсті өшірілген шыныдан жасалынған нақышты тақташа. | |
Плоская система в строительной механике - система конструкций, в которой оси симметрии всех элементов лежат в одной плоскости с действующими внешними силами. | Құрылыс механикасындағы жазықты жүйе - әрекет ететін сыртқы күштермен барлық элементтер симметриясының осьтері бір жазықтықта жатқан құралымдар жүйесі. | |
Плоский асбестоцементный калиброванный лист - лист, калиброванный по длине и ширине путем дополнительной обработки в затвердевшем состоянии. | Жазық асбестоцементті іріктелген табақша - қатты күйде қосымша өңдеу жолымен ұзындығы мен ені бойынша іріктелген табақша. | |
Плоский асбестоцементный лист - плоское монолитное прямоугольное изделие, толщина которого, как правило, составляет от 4 до 25 mm. | Жазық асбестоцементті табақша - жазық біртұтас тік бұрышты бұйым, әдетте қалыңдығы 4-тен 25 mm-ге дейін болады. | |
Плоский асбестоцементный некалиброванный лист - лист, разрезанный в незатвердевшем состоянии. | Жазық асбестоцементті іріктелмеген табақша - қатаймаған күйде кесілген табақша. | |
Плоский асбестоцементный непрессованный лист - лист, не подвергшийся дополнительному уплотнению давлением после снятия с форматного барабана. | Жазық асбестоцементті нығыздал-маған табақша - форматты барабаннан алғаннан кейін қысымның қосымша тығыздауына жатқызылмаған табақша. | |
Плоский асбестоцементный прессованный лист - лист, изготовленный с применением дополнительного уплотнения полуфабриката давлением после снятия с форматного барабана. | Жазық асбестоцементті нығыздал-ған табақша - форматты барабаннан алғаннан кейін жартылай дайын өнімнің қысымымен қосымша тығыздауды қолдана отырып дайындалған табақша. | |
Плотина - гидротехническое сооружение, перегораживающее реку (или др. водоток) для подъема уровня воды перед ним, сосредоточения напора в месте расположения ГЭС или создания водохранилища. | Бөгет - ГЭС немесе су қоймасы орналасқан жердегі қысымның шоғырлануын, олардың алдындағы су деңгейін көтеру үшін өзенді (немесе басқа су ағындарын) тосқауылдайтын гидротехникалық имарат. | |
Плотничные работы - строительные работы по изготовлению и установке деревянных конструкций и деталей, характеризующиеся менее тщательной (в отличие от столярных работ) обработкой изделий из дерева. | Ағаш ұсталық жұмыстар - ағаштан жасалынатын бұйымдарды төмендеу өңделуін (ағаш шеберінің жұмыстарымен салыстырғанда) сипаттайтын ағаш құралымдары мен бөлшектерін дайындау және орнату жөніндегі құрылыс жұмыстары. | |
Плотность - величина, равная отношению массы вещества к занимаемому им объему, выражается в килограммах на кубический метр. | Тығыздық - зат салмағы көлемінің қатынасына тең шама, килограмның текше метрге келтірілуімен көрсетіледі. | |
Плотность истинная - отношение массы к объему тела или вещества без учета имеющихся в них пустот и пор. | Шын тығыздық - дененің қуыстары мен кеуектерін ескермегендегі салмағының көлеміне қатынасы. | |
Плотность насыпная - отношение массы зернистых материалов, материалов в виде порошка ко всему занимаемому ими объему, включая и пространство между частицами. | Үйінді тығыздығы - түйіршік, ұнтақ түріндегі материалдардың салмағының бөлшектер арасындағы кеңістіктерді ескергендегі жалпы көлеміне қатынасы. | |
Плотность относительная - отношение плотности тела или вещества к плотности стандартного вещества при определенных физических условиях. | Салыстырмалы тығыздық - белгілі бір физикалық шарттарда дененің немесе заттың тығыздығының стандарт заттың тығыздығына қатынасы. | |
Площадка - одноярусное сооружение (без стен), размещенное в здании или вне его, опирающееся на самостоятельные опоры, конструкции здания и предназначенное для установки, обслуживания или ремонта оборудования. | Алаңша - жабдықтарды орналастыруға,қызмет етуге немесе жөндеуге арналған, жеке тіректерге,ғимарат құралымдарына ғимаратта немесе одан тысқары орналасқан бір қабатты имарат (қабырғасыз). | |
Площадка для автоцистерны (АЦ) — технологическая площадка, предназначенная для установки АЦ при сливоналивных операциях на АЗС. | Автоцистерна үшiн алаң (АЦ) - АЖС-нда ағызу-құю операциялары кезiнде АЦ қондырғыларына арналған технологиялық алаң. | |
Площадка строительная - земельный участок, отведенный в установленном порядке, для постоянного размещения объектов строительства, а также складирования материалов и конструкций, размещения машин, временных зданий и сооружений на период строительства. | Құрылыс алаңы - құрылыс кезеңінде құрылыс нысандарын тұрақты орналастыруға, сондай-ақ материалдар мен құралымдарды жинау, машиналарды, уақытша ғимараттар мен имараттарды орналастыруға арналған белгіленген тәртіпте бөлінген жер телімі. | |
Площадь окон S o — суммарная площадь световых проемов (в свету), находящихся в наружных стенах освещаемого помещения, м2 . | Терезелер ауданы S т - жарықтандырылған бөлмелердің сыртқы қабырғаларында орналасқан жарық саңылауларының (жарықта) жиынтық ауданы, м2 . | |
Площадь фонарей S ф — суммарная площадь световых проемов (в свету) всех фонарей, находящихся в покрытии над освещаемым помещением или пролетом, м2 . | Фонарь ауданы S ф - бөлмелер немесе аралықтармен жарықтан-дырылған жабында орналасқан барлық фонарлардың жарық саңылауларының (жарыққа) жиынтық ауданы, м2 . | |
Плывун - рыхлые водонасыщенные отложения, способные под давлением вышележащих толщ и др. механических воздействий переходить в текучее состояние, а при замерзании - вспучиваться. | Қорыс - жоғары жатқан қабаттардың қысымынан және басқа механикалық әсерлерден ағымдағы жағдайға өтетін, ал мұздаған кезде - ісінетін сумен қаныққан борпылдақ шөгінді. | |
Пляж намыва - поверхность грунта, по которой в процессе намыва земляного сооружения стекает пульпа или осветленная вода. | Шаю жағажайы - жер имараттарын шаю процесінде лай немесе мөлдір су ағатын топырақ беті. | |
Пневматические строительные конструкции - мягкие оболочки, во внутренний замкнутый объем которых воздухонагнетательными машинами (вентиляторами, компрессорами и т.п.) при установке подается атмосферный воздух, чем достигается их устойчивость (несущая способность) и противодействие внешним нагрузкам. | Пневматикалық құрылыс құралымдары - орнатқан кезде ауа айдағыш машиналармен (желдет-кіштермен, компрессорлармен және т.б.) ішкі тұйық көлемінде атмосфералық ауа берілетін, олардың сыртқы жүктемелерге тұрақтылығы (көтергіш қабілеті) және қарсы әрекеті жеткізілетін жұмсақ қабыршақ. | |
Поверхностная огнезащита - огнезащита путем специальной обработки поверхности изделия, материала, конструкции. | Өрттен беттік қорғаушы - бұйымдардың, материалдардың, құралымдардың бетін арнайы өңдеу жолымен өрттен қорғау. | |
Поверхностные явления - совокупность явлений, обусловленных тем, что силы взаимодействия между частицами, составляющими тело, не скомпенсированы на его поверхности. | Беткі құбылыстар - бетінде орны толтырылмаған дене құрайтын бөлшектер арасындағы өзара әрекет жасайтын күштермен байланыстырылған құбылыстар жиынтығы. | |
Поворотно-откидное устройство - изделие, служащее для открывания и закрывания окон вокруг вертикальной и горизонтальной оси вращения. | Айналмалы-қайырмалы құрылғы - тік және көлденең осьінің айналасындағы терезелерді ашу және жабу үшін қызмет жасайтын бұйым. | |
Повреждение - 1) одно из понятий надежности; событие, заключающееся в нарушении исправности изделия; 2) событие, заключающееся в нарушении исправного состояния объекта при сохранении работоспособного состояния. | Зақымдалу - 1) сенімділік ұғымдарының бірі; бұйым дұрыстығының бұзылуын білдіретін жағдай; 2) нысанның жұмыс қабілеттілігі күйін сақтай отырып, жарамды күйінің бұзылуын білдіретін жағдай. | |
Повреждение элемента здания - неисправность элемента здания или его составных частей, вызванная внешним воздействием (событием). | Ғимарат элементiнiң зақымдалуы - сыртқы әсерлер (жағдайлар) салдарынан болған ғимарат элементiнiң немесе оның құрама бөлiктерiнiң ақауы. | |
Поглощение звука - ослабление интенсивности звука при прохождении его через какую-либо среду вследствие преобразования энергии звуковой волны в другие виды энергии, направленные в теплоту. | Дыбыс сіңіру - жылытуға бағытталған басқа энергия көздеріндегі дыбыс толқындары қуаттарының пайда болу салдарынан оның кез келген орта арқылы өту кезіндегі дыбыс қарқындылығының әлсіреуі. | |
Поглощение света - уменьшение интенсивности световой волны при ее распространении в среде вследствие взаимодействия с частицами среды. | Жарықты сіңіру - орта бөліктерімен өзара әрекет ету салдарынан ортадағы жарық толқындарының тарату кезінде оның қарқындылығының азаюы. | |
Пограничный слой в гидромеханике - тонкий слой жидкости или газа, образующийся при обтекании ими твердого тела. | Гидромеханикадағы шекаралық қабат - қатты денені сұйықтық немесе газ айнала аққан кезде олардан пайда болатын жұқа қабат. | |
Погрешность измерения - характеристика результата измерения, представляющая собой отклонение найденного значения величины от ее истинного значения. | Өлшеу қателігі - оның нақты мәнінен табылған мән шамасының өзіндік ауытқуын көрсететін өлшеу нәтижесінің сипаттамасы. | |
Погрузчик - машина периодического или непрерывного действия для погрузки, выгрузки, штабелирования, транспортирования грузов на небольшие расстояния. | Жүк тиегіш - жүктерді тиеу, түсіру, қабаттауға, үлкен емес қашықтыққа тасымалдауға арналған мерзімді немесе үздіксіз жұмыс істейтін машина. | |
Подвесная дорога - подъемно-транспортное сооружение с подвесным канатным или монорельсовым путем, расположенное на опорах выше уровня земли. | Аспалы жол - жердің жоғары деңгейіндегі тіректерде орналасқан аспалы арқанды немесе біртұтас рельсті жолмен көтеру-тасымалдау имараты. | |
Подвесная канатная дорога - дорога, использующая транспортные средства (вагонетки), подвешенные к канату, расположенному на опорах выше уровня поверхности земли. | Аспалы арқанды жол - жердің жоғары деңгейіндегі тіректерде орналасқан арқанға ілініп қойылған көлік құралдарын (вагоншаларды) пайдаланатын жол. | |
Подвесная канатная дорога с кольцевым движением - подвесная канатная дорога, имеющая две ветви несущих канатов, предназначенных для движения транспортных средств раздельно в грузовом и порожнем направлениях. | Айналмалы жүрісті аспалы арқанды жол - жүк және бос бағытта көлік құралдарының жеке қозғалысына арналған көтергіш арқандардың екі тармағы бар аспалы арқанды жол. | |
Подвесная канатная дорога с маятниковым движением - подвесная канатная дорога с одной ветвью несущего каната, предназначенная для движения транспортных средств как в грузовом, так и в порожнем направлениях. | Маятникті жүрісті аспалы арқанды жол - жүк немесе бос бағыттарда көлік құралдарының қозғалысына арналған көтермелі арқанның бір тармағымен жүретін аспалы арқанды жол. | |
Подвесной канатный транспорт - вид промышленного транспорта, использующий транспортные средства (вагонетки), подвешенные к канату. | Аспалы арқанды көлік - арқанға ілінген көлік құралдарын (вагоншалар) пайдаланатын өнеркәсіптік көлік түрі. | |
Подводное бетонирование - способ производства бетонных работ при возведении и ремонте подводных частей гидротехнических сооружений, опор мостов и др. на значительной глубине. | Суасты бетондау - гидротехникалық имараттардың су асты бөліктерін, көпірлер мен басқа біршама тереңдікте тіреулерін салу және жөндеу кезіндегі бетондық жұмыстарды өндіру тәсілі. | |
Подводно-технические работы - строительно-монтажные работы, выполняемые под водой при возведении гидротехнических сооружений, обслуживании морских нефтепромыслов, прокладке трубопроводов и т.д. | Суасты-техникалық жұмыстар - гидротехникалық имараттарды салу, теңіз мұнай өнімдерінің өндірістерін күту, құбырларды салу және т.б. су астында орындалатын құрылыс-жинақтау жұмыстары. | |
Подготовка к чрезвычайным ситуациям (подготовка к ЧС) - комплекс заблаговременно проводимых мероприятий по созданию на определенной территории или на потенциально опасном объекте условий для защиты населения и материальных ценностей от поражающих факторов и воздействий источников чрезвычайной ситуации, а также для обеспечения эффективных действий органов управления, сил и средств ЧС по ликвидации чрезвычайных ситуаций. | Төтенше жағдайларға дайындық (ТЖ дайындық) - белгілі бір аумаққа немесе әлеуетті қауіпті нысанда туындаған факторлардан және төтенше жағдайлар көздерінің әсерінен тұрғындарды және материалдық құндылықтарды қорғау, сондай-ақ басқару органдарының тиімді іс-әрекетін, төтенше жағдайларды жою жөніндегі ТЖ күштері мен қаражаттарын қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасау жөніндегі алдын ала өткізілетін іс-шаралар кешені. | |
Подготовка объекта народного хозяйства к работе в чрезвычайных ситуациях (подготовка объекта к ЧС) - комплекс заблаговременно проводимых экономических, организационных, инженерно-технических, технологических и специальных мероприятий ЧС, осуществляемых на объекте народного хозяйства с целью обеспечения его работы с учетом риска возникновения источников чрезвычайной ситуации, создания условий для предотвращения аварий или катастроф, противостояния поражающим факторам и воздействиям источников чрезвычайной ситуации, предотвращения или уменьшения угрозы жизни и здоровью персонала, проживающего вблизи населения, а также оперативного проведения неотложных работ в зоне чрезвычайной ситуации. | Халық шаруашылығы нысанын төтенше жағдайларға дайындау (нысанды ТЖ-ға дайындау) - төтенше жағдай көзінің пайда болу қаупін ескеріп, оның жұмысын қамтамасыз ету, апаттарды немесе зілзаланы болдырмау үшін жағдайлар жасау, пайда болған факторларға және төтенше жағдай көздерінің әсер етуіне қарсы тұру, қызметкердің, жақын тұратын тұрғындардың өмірі мен денсаулығына келтірілетін қауіптің алдын алу немесе азайту, сондай-ақ төтенше жағдайлар аймағындағы кезек күттірмейтін жұмыстарды шұғыл өткізу мақсатында халық шаруашылығы нысандарында жүзеге асырылатын экономикалық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, технологиялық және арнайы алдын ала өткізілетін ТЖ іс-шаралар кешені. | |
Подготовка руководящего состава ЧС - комплекс организационных и учебно-методических мероприятий по совершенствованию теоретических знаний и практических навыков руководящего состава органов руководства и повседневного управления и сил ЧС в организации и проведении мероприятий по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций. | ТЖ басқару құрамын дайындау - басшылық органдарының басқару құрамының теориялық білімі мен тәжірибелік дағдыларын жетілдіру жөніндегі ұйымдастырушылық және оқу-әдістемелік іс-шаралар және төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды ұйымдастырудағы және өткізудегі ТЖ күштерінің кешені. | |
Подготовка сил ЧС - комплекс учебных и организационных мероприятий по совершенствованию теоретических знаний и практических навыков личного состава сил ЧС по предотвращению чрезвычайных ситуаций, ведению разведки и эффективному выполнению неотложных работ в зонах чрезвычайной ситуации. | ТЖ күштерін дайындау - төтенше жағдай жөніндегі ТЖ күштерінің жеке құрамының теориялық білімі мен тәжірибелік дағдысын жетілдіру, төтенше жағдай аймағындағы кезек күттірмейтін жұмыстарға барлау жүргізу және тиімді орындау жөніндегі оқу және ұйымдастыру-шылық іс-шараларының кешені. | |
Подготовка территории инженерная - комплекс работ и мероприятий по освоению территорий для целесообразного строительного использования. | Аумақты инженерлік тұрғыдан дайындау - құрылыс мақсатында пайдалану үшін аймақты игеруде істелетін шаралар мен жұмыстардың кешені. | |
Подготовка территории к функционированию в чрезвычайных ситуациях (подготовка территории к ЧС) - комплекс заблаговременно проводимых экономических, организационных, инженерно-технических и специальных мероприятий, заблаговременно проводимых на территории субъектов Республики Казахстан с целью обеспечения безопасности населения, объектов народного хозяйства и окружающей природной среды в чрезвычайных ситуациях. | Аумақты төтенше жағдайларда жұмыс істеуге дайындау (аумақты ТЖ дайындау) - төтенше жағдайларда тұрғындардың қауіпсіздігін, халық шаруашылығы нысандарының және қоршаған табиғи орта қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасы субъектілерінің аумағында алдын ала өткізілетін экономикалық, ұйымдастырушылық, инженерлік-техникалық, технологиялық және арнайы іс-шаралар кешені. | |
Поддон - э лемент формы, предназначенный для образования в процессе формирования нижней поверхности изделия. | Табандық - бұйымның төменгі бетін қалыптастыру процесінде құру үшін арналған пішіндеу элементі. | |
Подземный резервуар (подземное хранение) — резервуар, предназначенный для хранения нефтепродуктов, если наивысший уровень жидкости в резервуаре ниже не менее чем на 0,2 м нижней планировочной отметки прилегающей площадки (в пределах 3 м от стенки резервуара). | Жерасты резервуары (жер астында сақтау) - егер резервуардағы сұйықтың жоғары деңгейi тиесiлi алаңның жайғасымдалған төменгi белгiсiнен кем дегенде 0,2 м-ден төмен болса (резервуар қабырғасынан 3 м шегiнде) мұнай өнiмдерiн сақтауға арналған резервуар. | |
Подклет - нежилой нижний этаж каменного или деревянного здания. | Сенек - тас немесе ағаш ғимараттың тұрғылықты емес төменгі қабаты. | |
Подкрановая балка - металлическая или железобетонная балка, опирающаяся на колонны, с укрепленным на ней рельсом для перемещения грузоподъемного крана. | Кран арқалығы - ұстынға тірелген, жүк көтергіш кран жүру үшін бекітілген рельсі бар металл немесе темірбетонды арқалық. | |
Подкрановый путь - два параллельных рельса, служащих направляющими для ходовых тележек передвижных грузоподъемных кранов. | Кран жолы - қозғалмалы жүк көтергіш кранның жылжымалы арбаларына бағыт беретін екі параллель рельс. | |
Подмости - приспособления индивидуального изготовления или типовые инвентарные в виде жестких пространств, конструкций, используемые при производстве некоторых строительных и монтажных работ на различной высоте. | Төсеніш - жеке дайындалатын құрал-жабдық немесе әр түрлі биіктіктегі бірқатар құрылыс және жөндеу жұмыстарында пайдаланылатын қатты кеңістік түріндегі типтік жабдықтық құралым. | |
Подмостовой габарит судоходного пролета моста (подмостовой габарит) - очертание габарита судового хода, перпендикулярное его оси, в подмостовом пространстве судоходного пролета моста. | Көпірдің кеме қатынасы аралығының көпірасты габариті (көпірасты габариті) - көпірдің кеме қатынасы аралығының көпір- асты кеңістігіндегі оның осьіне перпендикуляр орналасқан кеме қатынасы габаритінің келбеті. | |
Подоконная асбестоцементная плита - плоское изделие специальной формы, предназначенное для устройства подоконников в зданиях различного назначения. | Терезеалды асбестоцемент тақтасы - түрлі мақсаттағы ғимараттардың терезеалды құрылғысы үшін арналған арнайы пішіндегі жазық бұйым. | |
Подошва фундамента - нижняя плоскость фундамента, передающая нагрузку на основание. | Іргетас табаны - жүктемені негізге түсіретін іргетастың төменгі жазық беті. | |
Подполье - предназначенное для размещения трубопроводов инженерных систем пространство между перекрытием первого или цокольного этажа и поверхностью грунта. | Еденасты - бірінші немесе іргелік қабаттың жабыны мен топырақтың жоғарғы жағының арасындағы инженерлік жүйе құбырларын орналастыруға арналған кеңістік. | |
Подпорная стенка - конструкция, удерживающая от обрушения находящийся за ней массив грунта. | Тіреуіш қабырға - сыртындағы топырақ массивін опырылыстардан сақтайтын құралым. | |
Подрабатываемая территория — территория, подвергающаяся влиянию подземных горных разработок. Границы зоны влияния горных разработок определяются граничными углами. | Қазбалы аумақ - жерасты тау өңдеулерінің ықпалынан өтетін аумақ. Тау өңдеулері аймағының шекарасы шекара бұрыштарымен анықталады. | |
Подработка объекта — выемка полезного ископаемого, оказывающая влияние на объект. | Нысан астын қазбалау - нысанға әсер ететін пайдалы қазбалардың ойындысы. | |
Подряд бригадный - форма низового хозяйственного расчета, при котором бригаде в соответствии с договором, заключенным с администрацией, поручается выполнение работ по объекту строительства или его части и создаются условия, необходимые для выполнения работ, предусмотренных этим договором. | Бригадалық мердігерлік - әкімшілікпен арада жасалған шартқа сәйкес бригадаға құрылыс нысаны немесе оның бөлігі бойынша жұмыстарды орындау тапсырылады және жұмыстарды орындау үшін осы шартпен қарастырылған қажетті жағдайларды жасайтын төменгі шаруашылық есебінің түрі. | |
Подрядчик - физическое или юридическое лицо, которое выполняет работы или услуги по договору подряда и (или) государственному контракту. | Мердігер - мердігерлік және (немесе) мемлекеттік келісімшарт бойынша жұмыстар немесе қызметтерді орындайтын жеке немесе заңды тұлға. | |
Подстилающий слой — слой пола, распределяющий нагрузки на грунт. | Төселетін қабат - топыраққа жүктемелерді бөліп тарататын еден қабаты. | |
Подступенок ступени эскалатора - деталь ступени, служащая для декоративного оформления ее передней части. | Эскалатор басқышының басқышшасы - оның алдыңғы бөлігін әшекейлі безендіру үшін қолданылатын басқыш бөлшегі. | |
Подтоварник - круглый лесоматериал (тонкие бревна) диаметром в верхнем отрезе 6 -13 см - у хвойных, 8-11 см - у лиственных пород древесины. | Подтоварник - ағаштардың қылқан жапырақтыларында жоғарғы кесіндісінің диаметрі 6-13 см, жапырақты түрлерінде - 8-11 см дөңгелек орман материалы (жұқа бөренелер). | |
Подтопление - повышение уровня подземных вод и увлажнение грунтов зоны аэрации, приводящие к нарушению хозяйственной деятельности на данной территории, изменению физических и физико-химических свойств подземных вод, преобразованию почвогрунтов, видового состава, структуры и продуктивности растительного покрова, трансформации мест обитания животных. | Су астында қалу - берілген аумақтың шаруашылық қызметінің бұзылуына, жерасты суларының физикалық және физика-химиялық қасиеттерінің өзгеруіне, топырақтың, өсімдік жабынының түрлік құрамының, құрылымының және өнімділігінің қайта өзгеруіне, жануарлардың мекендеу орын- дарының трансформациялануына әкелетін ауалау аймағы топырағының ылғалдануы және жерасты сулары деңгейінің көтерілуі. | |
Подтопление территорий - комплексный процесс, проявляющийся под действием техногенных и, частично, естественных факторов, при котором в результате нарушения водного режима и баланса территории за расчетный период времени происходит повышение уровня подземных вод, достигающее критических значений, требующих применения защитных мероприятий. | Аумақтардың су астында қалуы - техногенді және ішінара табиғи факторлардың әсерінен пайда болатын кешенді процесс, онда есептеу кезеңі уақытында су режимінің және аумақ балансының бұзылу нәтижесінде қауіпті мәнге жеткізілген, қорғау іс-шараларын қолдануды талап ететін жерасты сулары деңгейінің артуы жүзеге асады. | |
Подъем перекрытий - метод возведения многоэтажных зданий путем подъема изготавливаемого на уровне земли этажей или перекрытий на заданную проектом высоту. | Аражабынды көтеру - жобамен тапсырылған биіктікке жер деңгейінде дайындалатын қабаттарды немесе жабындарды көтеру жолымен көп қабатты ғимараттарды тұрғызу әдісі. | |
Подъем строительный - дополнительный выгиб балочных (арочных) строительных конструкций, создаваемый в процессе их изготовления или монтажа, обеспечивающий в соответствии с проектом достижения ими заданной формы при действии эксплуатационных нагрузок. | Құрылыстық көтерме - пайдалану жүктемелерінің әрекеті кезінде жобаға сәйкес қажетті пішін алуын қамтамасыз ету үшін құралымдарды даярлау немесе жинақтау процесінде жасалатын белдеулік (арқалық) құрылыс құралымдарын қосымша ию. | |
Подъемник - грузоподъемная машина прерывного (циклического) или непрерывного действия для подъема груза и людей в специальных грузонесущих устройствах, движущихся по жестким вертикальным (иногда наклонным) направляющим или по рельсовому пути. | Көтергіш - қатты тік (кейде еңісті) бағыттаушы немесе рельс жолдары бойынша қозғалатын арнайы жүк тасушы құрылғыларда жүкті және адамдарды көтеруге арналған үзілісті (циклдік) немесе үзіліссіз әрекеттегі жүк көтергіш машина. | |
Подъемный кран - грузоподъемная машина циклического действия для подъема и горизонтального перемещения подвешенных грузов на небольшие расстояния. Различают подъемные краны мостовые, козловые, башенные, велосипедные, консольные, портальные и др. | Көтергіш кран - жүктерді көтеруге және аса алыс емес арақашықтыққа алмастыру үшін қолданылатын циклдік қозғалысты жүк көтергіш машина. Оларды көпірлік, төртта-ғанды, мұнаралық, велосипедтік, консолды, порталды және т.б. деп бөледі. | |
Пожар - неконтролируемое горение, причиняющее материальный ущерб, вред жизни и здоровью граждан, интересам общества и государства. | Өрт - тұрғындардың өмірі мен денсаулығына зиян, қоғам және мемлекет мүддесіне материалдық залал келтіретін бақылаусыз жану. | |
Пожарная автолаборатория - пожарный автомобиль, оборудованный средствами для исследования пожаров. | Өрт сөндіру автозертханасы - өртті зерттеуге арналған құралдармен жабдықталған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарная автолестница (автолестница) - пожарный автомобиль со стационарной механизированной выдвижной и поворотной лестницей. | Өрт сөндіру автобаспалдағы (автобаспалдақ) - тұрақты механикаландырылған шығарыл-малы және айналмалы баспалдағы бар өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарная автонасосная станция - пожарный автомобиль, оборудованный пожарным насосом с автономным двигателем. | Өрт сөндіру автосорғыш станциясы - дербес қозғалтқышы бар өрт сөндіру сорғышымен жабдықталған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарная автоцистерна (автоцистерна) - пожарный автомобиль, оборудованный пожарным насосом, емкостями для жидких огнетушащих веществ и предназначенный для доставки к месту пожара личного состава и пожарнотехнического вооружения. | Өрт автоцистернасы (авто-цистерна) - сұйық өрт сөндіруші заттарға арналған өрт сорғысымен, сыйымдылығымен жабдықталған және жеке құрам мен өрттік техникалық күш-құралдарды өрт болып жатқан орынға жеткізуге арналған өрт автомобилі. | |
Пожарная безопасность - состояние защищенности населения, объектов народного хозяйства и иного назначения, а также окружающей природной среды от опасных факторов и воздействий пожара. | Өрт қауіпсіздігі - тұрғындар, халық шаруашылығы нысандары мен өзге де маңызы бар, сондай-ақ өрттің қауіпті қауіп-қатері мен әрекеттерінен қоршаған табиғи ортаны сақтайтын жағдай. | |
Пожарная безопасность объекта - состояние объекта, при котором с установленной вероятностью исключается возможность возникновения и развития пожара и воздействия на людей опасных факторов пожара, а также обеспечивается защита материальных ценностей. | Нысанның өрт қауіпсіздігі - нысанның жағдайы, мұнда өрттің пайда болуы мен дамуын және өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерін белгіленген ықтималдылықпен болғызбайды, сондай-ақ материалдық құндылықтарды сақтау қамтамасыз етіледі. | |
Пожарная колонка - съемное устройство, устанавливаемое на пожарный гидрант для отбора воды. | Өрт сөндіру құбыры - су алатын өрт гидрантына орнатылатын алынбалы құрылғы. | |
Пожарная лестница - предназначена для подъема пожарных и пожарно-технического оборудования на верхние этажи зданий для тушения пожара, а также для спасения людей. | Өрт сөндіру сатысы - өрт сөндіру, сондай-ақ адамдарды құтқару үшін ғимараттардың жоғарғы қабаттарын-дағы өртке қарсы және өрт сөндіру-техникалық жабдықтарды көтеруге арналған саты. | |
Пожарная машина - транспортная или транспортируемая машина, предназначенная для использования при пожаре. | Өрт сөндіру машинасы - өрт кезінде пайдалануға арналған көліктік немесе тасымалданатын машина. | |
Пожарная мотопомпа - пожарная машина с насосным агрегатом и комплектом пожарного оборудования. | Өрт сөндіру мотопомпасы - сорғы агрегаты және өрт жабдығының жиыны бар өрт сөндіру машинасы. | |
Пожарная опасность - возможность возникновения и/или развития пожара, заключенная в каком либо веществе, состоянии или процессе. | Өрт қаупі - қандай да бір затта, күйде немесе процесте болатын өрттің шығу және/немесе өршу мүмкіндігі. | |
Пожарная охрана - основная часть системы пожарной безопасности, объединяющая органы управления, силы и средства, создаваемые в установленном порядке в целях защиты жизни и здоровья людей, объектов народного хозяйства и окружающей природной среды от чрезвычайных ситуаций, вызванных пожарами. | Өрттен қорғау - өрттен туындаған төтенше жағдайларда адам өмірі мен денсаулығын, халық шаруашылығы нысандарын және қоршаған табиғи ортаны қорғау мақсатында белгіленген тәртіп бойынша құрылған басқару органдарын, күштері мен құралдарын біріктіретін өрт қауіпсіздігі жүйесінің негізгі бөлігі. | |
Пожарная подставка - деталь трубопровода для установки пожарного гидранта. | Өрт сөндіру тіреуі - өрт гиндрантын орнатуға арналған құбыр бөлшегі. | |
Пожарная профилактика - комплекс организационных и технических мероприятий, направленных на обеспечение безопасности людей, на предотвращение пожара, ограничение его распространения, а также создание условий для успешного тушения пожара. | Өрттің алдын алу - адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, өртті болдырмауға, оның таралуын шектеуге, сондай-ақ өртті сәтті сөндіруге жағдайлар жасауға бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралардың кешені. | |
Пожарная сигнализация - комплекс технических средств для обнаружения загорания, сообщения о месте его возникновения и переработки сигнала о пожаре. | Өрт дабылы - өртті анықтауға, оның пайда болу орнын хабарлауға және өрт туралы дабылды өңдеуге арналған техникалық құралдар кешені. | |
Пожарная соединительная головка (соединительная головка) - быстросмыкаемая арматура для соединения пожарных рукавов и присоединения их к пожарному оборудованию и пожарным насосам. | Қосқыш өрт сөндіру бастиегі (қосқыш бастиек) - өрт сөндіру жеңдіктерін қосуға және оларды өртке қарсы жабдықтар мен өрт сөндіру сорғыларына жалғастыруға арналған жылдам жалғанатын арматура. | |
Пожарная техника - технические средства для предотвращения, ограничения развития, тушения пожара, защиты людей и материальных ценностей от пожара. | Өрт сөндіру техникасы - өрттің алдын алуға, жайылуын шектеуге, сөндіруге, адамдар мен материалдық байлықтарды өрттен қорғауға арналған техникалық құралдар. | |
Пожарное оборудование - оборудование, входящее в состав коммуникаций пожаротушения, а также средства технического обслуживания этого оборудования. Примечание: к коммуникациям пожаротушения относятся рукавные линии, рукавные разветвления и т. д. | Өрт сөндіру жабдықтары - өрт сөндіру коммуникациясының құрамына кіретін жабдықтар, сондай-ақ осы жабдықтарға қызмет көрсету құралдары. Ескерту: өрт сөндіру коммуникациясына жең желілері, жең тарамдары және т.б. жатқызылады. | |
Пожарное спасательное устройство - устройство для спасения людей при пожаре. | Өрттен құтқару құрылғысы - өрт кезінде адамдарды құтқаруға арналған құрылғы. | |
Пожарное судно - корабль, катер, моторная лодка для выполнения задач, решаемых специализированными пожарными службами. | Өрт сөндіру кемесі - өртке қарсы арнайы мамандандырылған қызметтер атқаратын міндеттерді шешуге арналған кеме, катер, моторлы қайық. | |
Пожарно-техническое вооружение - комплект, состоящий из пожарного оборудования, ручного пожарного инструмента, пожарных спасательных устройств, средств индивидуальной защиты, технических устройств для конкретных пожарных машин в соответствии с их назначением. | Өрт-техникалық жарақтандыру - өртке қарсы жабдықтардан, өртке қарсы қол аспаптарынан, өрттен құтқару құрылғыларынан, жеке қорғану құралдарынан, олардың мақсаттарына сәйкес өрт сөндіретін нақты машиналарға арналған техникалық құрылғылардан тұратын жиынтық. | |
Пожарный автомобиль дымоудаления - пожарный автомобиль, оборудованный дымососом для удаления дыма из помещений. | Түтін алыстатқыш өрт сөндіру автомобилі - үй-жайдың ішіндегі түтінді алыстатуға арналған түтін сорғысымен жабдықталған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный автомобиль комбинированного тушения - пожарный автомобиль с несколькими видами огнетушащих веществ. | Құрастырмалы жабдықтармен өрт сөндіру автомобилі - өрт сөндіретін заттардың бірнеше түрі бар өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный автомобиль пенного тушения - автомобиль для приготовления и подачи пены. | Көбікпен сөндіретін өрт сөндіру автомобилі - көбікті дайындауға және беруге арналған автомобиль. | |
Пожарный автомобиль связи и освещения - пожарный автомобиль, оборудованный средствами связи и освещения для доставки к месту пожара личного состава. | Байланыс және жарық беруші өрт сөндіру автомобилі - байланыс және жарық беру құралдарымен жабдықталған, жеке құрамды өрт шыққан жерге жеткізуге арналған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный автомобиль технической службы - пожарный автомобиль с пожарно-техническим вооружением для проведения работ по разборке конструкций на пожаре, а также аварийно-спасательных работ. | Техникалық қызметтің өрт сөндіру автомобилі - өрт шыққан жерде құралымдарды бөлшектеу жұмыстарын, сондай-ақ апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған өрт сөндіру техникалық жарағы бар өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный автонасос (автонасос) - пожарный автомобиль, оборудованный пожарным насосом и предназначенный для доставки к месту пожара личного состава и пожарно-технического вооружения. | Өрт сөндіру автосорғысы (автосорғы) - өрт сөндіру сорғысымен жабдықталған және жеке құрам мен өрт сөндіру техникалық жарағын өрт шыққан жерге жеткізуге арналған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный автоподъемник (автоподъемник) - пожарный автомобиль со стационарной механизированной поворотной коленчатой и (или) телескопической подъемной стрелой, последнее звено которой заканчивается платформой или люлькой. | Өрт сөндіру автокөтергіші (автокөтергіш) - тұрақты түрде механикаландырылған бұрылмалы бүгілме және (немесе) телескоптық көтергіш жебесінің ақырғы буыны табандықпен немесе бесікпен аяқталатын өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный вертолет - вертолет для выполнения задач, решаемых специализированными пожарными службами. | Өрт сөндіру тікұшағы - мамандандырылған өрт сөндіру қызметін шешетін міндеттерді орындауға арналған тікұшақ. | |
Пожарный водозащитный автомобиль - пожарный автомобиль, оборудованный средствами для защиты материальных ценностей от воды, а также для удаления воды, пролитой при тушении пожара. | Судан қорғау өрт автомобилі - материалдық игіліктерді судан қорғайтын, сондай-ақ өрт сөндіргенде құйылған суды жинауға арналған құралдармен жабдықталған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный газодымозащитный автомобиль - пожарный автомобиль с пожарнотехническим вооружением для проведения работ в условиях загазованности. | Газ-түтіннен қорғайтын өрт автомобилі - газдану көбейіп кеткен жағдайда жұмыс жүргізуге арналған өртке қарсы техникамен жарақтандырылған өрт сөндіру автомобилі. | |
Пожарный гидрант - стационарное устройство для отбора воды на пожарные нужды из наружной водопроводной сети. | Өрт сөндіру гидранты - сыртқы су торабынан өрт сөндіру қажеттеріне су алуға арналған тұрақты құрылғы. | |
Пожарный гидроэлеватор - устройство эжекторного типа для отбора воды из водоисточника с уровнем воды, превышающим высоту всасывания насосов, а также для удаления воды из залитых помещений. | Өрт сөндіру суэлеваторы - судың деңгейі сорғының сору биіктігінен асып түсетін су көздерінен су алуға, сондай-ақ су басқан үй-жайдың суын жинап алуға арналған эжектор типті құрылғы. | |
Пожарный извещатель - 1) элемент пожарной сигнализации, предназначенный для восприятия начальных признаков возникшего пожара (теплоты, пламени, дыма) и преобразования этих признаков в электрические сигналы, пригодные для дальнейшей передачи; 2) автономный прибор, воспринимающий начальные признаки пожара (обычно дым) и подающий звуковой сигнал пожарной тревоги. | Өрт туралы хабарлағыш - 1) басталған өрттің бастапқы белгілерін (қызуды, жалынды, түтінді) қабылдауға және осы белгілерді одан әрі жеткізуге жарамды электр сигналдарына түрлендіруге арналған өртке қарсы дабылдаудың элементі; 2) өрттің бастапқы белгілерін (әдетте түтін) қабылдайтын және өрт дабылының дыбыстық сигналын беретін дербес аспап. | |
Пожарный извещатель пламени - автоматический пожарный извещатель, реагирующий на электромагнитное излучение пламени. | Жалын туралы өрт хабарлағыш - жалынның электромагнитті сәулелеріне жауап беретін өрт туралы автоматты хабарлағыш. | |
Пожарный кран - комплект, состоящий из клапана, установленного на пожарном трубопроводе и оборудованного пожарной соединительной головкой, а также пожарного рукава с ручным стволом. | Өрт сөндіру краны - өртке қарсы су құбырына орналастырылған клапаннан және өртке қарсы жалғастырғыш бастиектен, сондай-ақ қол оқпаны бар өртке қарсы жеңдіктен тұратын жиынтық. | |
Пожарный оповещатель - устройство для массового оповещения людей о пожаре. | Өрт туралы жариялағыш - жұртшылыққа өрт туралы жаппай жариялауға арналған құрылғы. | |
Пожарный пеносмеситель (пеносмеситель) - устройство для введения в воду пенообразующих и смачивающих добавок. | Өрт сөндіргіш көбікараластырғыш (көбікараластырғыш) - көбік түзетін және шылағыш қоспаларды суға араластыруға арналған құрылғы. | |
Пожарный поезд - поезд с насосным агрегатом, запасом огнетушащих веществ и пожарно-техническим вооружением для выполнения задач, решаемых специализированными пожарными службами. | Өрт сөндіру пойызы - мамандандырылған өрт сөндіру қызметінің шешетін міндеттерін орындауға арналған өрт сөндіретін заттардың қорымен және өрт сөндіру техникасымен жарақтандырылған сорғы агрегаты бар пойыз. | |
Пожарный поясной карабин (пожарный карабин) - устройство для закрепления и страховки пожарного при работе на высоте, а также для проведения спасательных работ и самоспасания при тушении пожара. | Өртке қарсы белдік карабин (өртке қарсы карабин) - өрт сөндірушінің биікте жұмыс істегенде, сондай-ақ құтқару жұмыстарын және өрт сөндіргенде өзін-өзі құтқарғанда бекітуге және сақтандыруға арналған құрылғы. | |
Пожарный приемно-контрольный прибор - составная часть установки пожарной сигнализации для приема информации от пожарных извещателей, выработки сигнала о возникновении пожара или неисправности установки и для дальнейшей передачи и выдачи команд на другие устройства. | Өрт сөндіру қабылдау-бақылау аспабы - өрт туралы хабарлағыштардан ақпаратты қабылдауға, өрт шыққаны немесе құрылғының ақаулығы туралы дыбысты жасауға арналған және басқа құрылғыларға командалар жеткізу мен беруге арналған өртке қарсы дабылдау қондырғысының құрамдас бөлігі. | |
Пожарный прицеп - прицеп для транспортирования наземными транспортными средствами переносных пожарных мотопомп, пожарнотехнического вооружения, емкостей с огнетушащими веществами. | Өрт сөндіру тіркемесі - жер үстіндегі көлік құралдарымен жылжымалы өрт сөндіру мотопомпаларын, өртке қарсы техникалық жарақтарды, өрт сөндіретін заттары бар сыйымдылықтарды тасымалдауға арналған тіркеме. | |
Пожарный рукав - гибкий трубопровод для транспортирования огнетушащих веществ, оборудованный пожарными соединительными головками. | Өрт сөндіру жеңшесі - өрт сөндіру қосқыш бастиектерімен жабдықталған, өрт сөндіру заттарын тасымалдауға арналған икемді тасымалдағыш құбыр. | |
Пожарный рукав - гибкий тканевый трубопровод со специальными быстросмыкаемыми соединительными головками на концах, служащий для подачи воды от автонасоса, мотопомпы, гидранта или пожарного крана к металлическому наконечнику. | Өрт сөндіру жеңшесі - автосорғыдан, мотопомпадан, гидранттан немесе өрт сөндіру кранынан металл ұштыққа су беруге қызмет ететін ұшында арнайы жылдам ілгекті қосқыш бастиектері бар икемді матадан жасалған тасымалдағыш құбыр. | |
Пожарный самолет - самолет для выполнения задач, решаемых специализированными пожарными службами. | Өрт сөндіру ұшағы - мамандандырылған өрт қызметтерінің шешетін міндеттерін орындауға арналған ұшақ. | |
Пожарный ствол - устройство, устанавливаемое на конце напорной линии для формирования и направления огнетушащих струй. | Өрт сөндіру оқпаны - өрт сөндіру ағынын қалыптастыруға және бағыттауға арналған арын желісінің ұшында бекітілетін құрылғы. | |
Пожарный ствол-распылитель - пожарный ствол для распыленной и сплошной струи. | Өрт сөндіру тозаңдатқыш-оқпаны - тозаңдалған және тұтас ағынға арналған өрт сөндіру оқпаны. | |
Пожаробезопасная зона - часть здания, сооружения, пожарного отсека, выделенная противопожарными преградами для защиты людей от опасных факторов пожара в течение заданного времени (от момента возникновения пожара до завершения спасательных работ), обеспеченная комплексом мероприятий для проведения эвакуации и спасания. | Өрт қауіпсіздігі аймағы - белгілі уақыт ішінде (өрт шыққан сәттен құтқару жұмыстары аяқталғанға дейін) адамдарды өрттің қауіпті факторларынан қорғау үшін өртке қарсы кедергілермен бөлініп тасталған, эвакуация мен құтқаруды жүргізудің кешенді шараларымен қамтамасыз етілген ғимараттың, имараттың, өрт сөндіру бөлімінің бөлігі. | |
Пожаровзрывоопасный объект - объект, на котором производят, используют, перерабатывают, хранят или транспортируют легковоспламеняющиеся и пожаровзрывоопасные вещества, создающие реальную угрозу возникновения техногенной чрезвычайной ситуации. | Өртжарылыс қаупі жоғары нысан - техногендік төтенше жағдай пайда болуының нақты қаупін тудыратын тез тұтанғыш және өртжарылыс қауіптілігі жоғары заттарды өндіретін, пайдаланатын, өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан. | |
Пожароопасный отказ комплектующего изделия - отказ комплектующего изделия, который может привести к возникновению опасных факторов пожара | Жинақтайтын бұйымның істен шыққандағы өрт қауіптілігі - өрт шығудың қауіпті факторының пайда болуына әкелуі мүмкін жинақтайтын бұйымның істен шығуы. | |
Пожаро-оперативное обслуживание - функция пожарных подразделении, состоящая в спасании людей и ликвидации пожаров и загораний, а также в поддержании пожарной техники в постоянной готовности. | Өртке қарсы жедел қызмет көрсету - адамдарды құтқару және өрт пен жануды сөндіру, сондай-ақ өрт сөндіру техникасын әрдайым даярлықта ұстау қызметтерінен тұратын өрт сөндіру бөлімшелерінің қызметі. | |
Показатель пожарной опасности - величина, количественно характеризующая какое-либо свойство пожарной опасности. | Өрт қауіптілігінің көрсеткіші - өрт қаупінің қандай да бір қасиетін сандық сипаттайтын шама. | |
Покрытие — 1) верхний слой пола, непосредственно подвергающийся эксплуатационным воздействиям; 2) верхнее ограждение здания для защиты помещений от внешних климатических факторов и воздействий. При наличии пространства (проходного или полупроходного) над перекрытием верхнего этажа покрытие именуется чердачным; 3) верхняя ограждающая конструкция, одновременно выполняющая несущие, гидроизолирующие, а при бесчердачных (совмещенных) крышах и при теплых чердаках также теплоизолирующие функции. | Жабын - 1) пайдалану әсеріне тікелей ұшырайтын еденнің жоғарғы қабаты; 2) үй-жайды сыртқы климаттық факторлар мен әсерден қорғауға арналған ғимараттың жоғарғы қоршамасы. Жоғарғы қабаттың аражабынының үстінде кеңістік (өтпелі немесе жартылай өтпелі) бар болса, ол шатырлы деп аталады; 3) бірмезгілде көтеру, ылғалдан сақтау, ал шатырсыз (аралас) төбелер мен жылы шатырларда жылу оқшаулау қызметін атқаратын жоғарғы қоршама құралым. | |
Покрытие дорожное - однослойная или многослойная верхняя часть дорожной (аэродромной) одежды, воспринимающая нагрузки от транспортных средств и защищающая основание от воздействия климатических факторов. | Жол төсемі - тасымалдау құралдары салмағының әсерін қабылдайтын және табандық төсемді климаттық факторлардың әсерінен қорғайтын, бір немесе бірнеше қабатты жол жабынының (аэродромның) жоғарғы бөлігі. | |
Покрытие здания - верхняя ограждающая конструкция, отделяющая помещение здания от наружной среды и защищающая их от атмосферных осадков и других внешних воздействий. | Ғимараттың жабыны - ғимарат үй-жайларын сыртқы ортадан оқшаулайтын және оларды атмосфералық ылғалдан және басқа да сыртқы әсерлерден қорғайтын жоғарғы қоршама құралым. | |
Покрытие огнезащитное - поверхностная обработка (оштукатуривание, обмазка пастами и т.п.) строительных конструкций с целью повышения их сопротивляемости воздействию огня. | Оттан қорғайтын жабын - оттың әсеріне олардың кедергі келтіруін арттыру мақсатымен құрылыс құралымдарын беттік өңдеу (сылақ жүргізу, пасталар жағу және т.с.с.). | |
Пол - элемент конструкции здания (сооружения), воспринимающий эксплуатационные нагрузки. | Еден - пайдалану жүктемесінің әсерін қабылдайтын ғимарат (имарат) құралымының элементі. | |
Пол плавающий - пол, отделенный от перекрытия и стен амортизирующими или изолирующими устройствами с целью повышения звукоизоляции смежных помещений. | Қалқымалы еден - іргелес бөлмелердің дыбыс оқшаулағыштығын арттыру мақсатымен қабырғалар мен аражабындардан серіппелі немесе оқшаулағыш құрылғымен бөлінген еден. | |
Полезная площадь - подсчитывается как сумма жилой и нежилой площадей жилого дома. Площадь неотапливаемых помещений, расположенных в цокольном или подвальном этажах жилого дома, в полезную площадь жилища не включается. | Пайдалы аудан - тұрғын үйдің тұрғылықты және тұрғылықты емес аудандарының жиынтығы ретінде есептеледі. Тұрғын үйдің шығыңқы іргелік және жертөле қабатында орналасқан аудан тұрғын үйдің пайдалы ауданына жатқызылмайды. | |
Полезная толща - часть геологической среды и техногенных образований, используемая в качестве грунтовых строительных материалов. | Пайдалы қабат - топырақты құрылыс материалдар ретінде пайдаланылатын геологиялық орта мен техногендік жасалымдардың бөлігі. | |
Ползучесть - способность материалов к медленному нарастанию во времени пластической деформации при действии постоянной нагрузки или механического напряжения. | Жылжымалылық - тұрақты жүктеменің немесе механикалық кернеудің әсерінен материалдардың кезеңдік илемдік деформациясының баяу ұлғаю қасиеті. | |
Ползучесть грунта - деформирование во времени минерального скелета грунта (главным образом, глинистого) при неизменном давлении, действующим на него. | Топырақтың жылжымалылығы - өзгермейтін қысымның әсер етуі кезінде топырақтың минералды қаңқасының (негізінен, сазды топырақтың) уақытқа байланысты деформациялануы. | |
Полив - однократное искусственное увлажнение почвы и (или) приземного слоя атмосферы. | Суару - топырақты және (немесе) атмосфераның жерүсті қабатын бір рет жасанды ылғалдандыру. | |
Полигон - открытая площадка для изготовления элементов сборных строительных конструкций и деталей, оборудованная формами для бетонирования изделий, бетоноукладчиками, виброплощадками, грузоподъемными кранами и т.д. | Полигон - бұйымдарды бетондауға арналған қалыптармен, бетонсалғыштармен, дірілалаңшасымен, жүк көтеру крандарымен және т.б. жабдықталған құрылыс құралымдарының жинамалы элементтері мен бөлшектерін дайындауға арналған ашық алаң. | |
Полимербетон, пластбетон - 1) бетон, в котором вяжущим служит синтетический полимер (обычно термореактивная смола), содержится высокодисперсный наполнитель, крупный и мелкий заполнители, порообразователи, пластификаторы, растворители и отвердители. Полимербетон, армированный металлом, - сталеполимербетон - высокопрочный конструкционный материал; 2) специальные бетоны на основе полимерного вяжущего, химически стойких минеральных заполнителей, наполнителей и добавок. | Полимербетон, пластбетон - 1) құрамында түйіршіктілігі жоғары толтырғыш, ірі және ұсақ толтырғыштар, бутүзгіштер, илемдегіштер, еріткіштер және қатырғыштар бар, синтетикалық полимер (әдетте термореактивті шайыр) байланыстырғыш қызметін атқаратын бетон. Металмен арматураланған полимербетон - болатполимербетон - беріктілігі жоғары құралымдық материал; 2) химиялық төзімді минералды толтырғыштар, толтырғыштар мен қоспалар, полимер байланыстырғыш негізіндегі арнайы бетондар. | |
Полимербетон легкий - полимербетон плотной структуры на синтетическом связующем, на пористом химически стойком крупном заполнителе и химически стойком мелком заполнителе, плотном или пористом, легкий (1500-1800 кг/куб.м) или облегченный (1800-2200 кг/куб.м) по объемной массе. | Жеңіл полимер бетон - кеуекті химиялық төзімді ірі толтырғышпен және химиялық төзімді тығыз немесе кеуекті толтырғышпен, жеңіл массасының көлемі (1500-1800 кг/тек.м) немесе жеңілдетілген (1800-2200 кг/тек.м) синтетикалық байланыстырғышты тығыз құрылымдық полимербетон. | |
Полимербетон тяжелый - полимербетон плотной структуры на синтетическом связующем и плотных химически стойких крупных и мелких заполнителях, тяжелый (2200-2500 кг/куб.м) по объемной массе. | Ауыр полимербетон - тығыз химиялық төзімді ірі және ұсақ толтырғыштармен, массасының көлемі (2200- 2500 кг/тек.м) синтетикалық байланстырғышты болатын тығыз құрылымдық полимербетон. | |
Полимерраствор (полимербетон) - раствор (бетон), состоящий из полимерного связующего и заполнителей: пылевидного наполнителя, песка (щебня). | Полимер ерітінді (полимербетон) - полимер байланыстырғыштан және толтырғыштар: шаң түріндегі толтырғыштан, құмнан (қиыршық тастан) тұратын ерітінді (бетон). | |
Полимерцементный раствор (бетон) - раствор (бетон), состоящий из цемента, добавок полимера и заполнителя песка (щебня). | Полимерцементті ерітінді (бетон) - цементтен, полимер қоспалардан және құм (қиыршықтастан) толтырғыштардан тұратын ерітінді (бетон). | |
Полирование - обработка (отделка) материалов до получения зеркального блеска поверхности. Полирование металлов производится на полировальных станках быстровращающимися кругами из фетра или сукна либо быстродвижущимися лентами, на поверхность которых нанесена полировальная паста, а также на установках для жидкостной абразивной обработки, в которых абразивный материал перемещается свободно в барабане, куда помещают обрабатываемые детали. Полирование древесины осуществляют нанесением прозрачной смолы (политуры) на шлифованную поверхность и наведением зеркального блеска кислой полировочной или венской известью, разбавленной спиртом. Полирование камня производят после шлифования на специализированных станках или вручную, путем натирания поверхности увлажненным войлочным кругом с подачей тончайшего порошка. | Әрлеу - материалдарды беті айна тәрізді жалтырағанға дейін өңдеу (әрлеу). Металдарды әрлеу жоғарғы бетіне әрлегіш қойыртпақ жағылған киізден немесе мәуітіден жасалған жылдам айналатын шеңберлері немесе жылдам қозғалыстағы таспасы бар әрлегіш білдектермен, сондай-ақ өңделетін бөлшектер орналастырылған, қажау материалдары оның ішінде еркін қозғалатын барабаны бар сұйық қажаумен өңдеуге арналған қондырғыларда жүзеге асырылады. Ағашты әрлеу тегістелген бетке мөлдір шайырды (политураны) жағу және спирт араластырылған қышқыл әрлеу немесе вена әгімен айнадай жалтыратумен жүзеге асырылады. Тасты әрлеу арнайы білдектерде немесе қолмен тегістеп алғаннан соң, бетіне ұсақ ұнтақ жағылған дымқыл киіз шеңбермен ысқылау жолымен жүзеге асырылады. | |
Полиспаст - грузоподъемное устройство из нескольких подвижных и неподвижных блоков, огибаемых канатом или цепью. | Полиспаст - арқанмен немесе тізбекпен шалынған бірнеше жылжымалы және жылжымайтын шығырлардан тұратын жүк көтеру құрылғысы. | |
Полиэтилен - синтетический полимер, продукт полимеризации этилена. | Полиэтилен - синтетикалық полимер, этиленнің полимерлену өнімі. | |
Полносборное строительство - метод строительства зданий и сооружений из полностью готовых унифицированных конструктивных элементов (крупных блоков или панелей, объемных блоков и др. комплексных конструкций), изготовленных на заводах, что уменьшает трудоемкость, сокращает стоимость и сроки строительства. | Толықжинамалы құрылыс - ғимараттар мен имараттарды зауыттарда жасалған толық дайын сәйкестендірілген құралымдық бөлшектерден (ірі блоктардан немесе тақталардан, көлемді блоктардан және т.б. кешенді құралымдардан) салу әдісі, бұл еңбек сыйымдылығын кемітіп, құрылыстың құны мен мерзімін қысқартады. | |
Половняк - изделие, расколотое на парные ровные или неровные части. | Жарма, жарты - жұбымен өзара тең немесе әркелкі бөлшектерге жарылған бұйым. | |
Положение (нормативного документа) (Position) - логическая единица содержания нормативного документа. Положения нормативных документов в строительстве подразделяются: по форме представления - на нормы, правила и сообщения; по степени обязательности - на обязательные, рекомендуемые и справочные; по содержанию - на эксплуатационные, описательные и методические. | Ереже (нормативтік құжат) (Position) - нормативтік құжат мазмұнының логикалық бірлігi. Құрылыстағы нормативтік құжаттар: ұсынылу түріне қарай - нормалар, ережелер және хабарламалар; міндеттілік дәрежесіне қарай - міндетті, ұсынылатын және анықтамалық; мазмұны бойынша - пайдалану, сипаттау және әдістемелік деп бөлінеді. | |
Полоса безопасности - полоса между полосой движения автотранспортных средств и тротуаром или боковой дорожкой (пешеходной, велосипедной). | Қауіпсіздік жолағы - автомобиль жолдары мен тротуардың немесе жанама жолдардың (жаяу жүргіншілерге, велосипедшілерге арналған) арасындағы жолақ. | |
Полоса движения - 1) полоса проезжей части автомобильной дороги, ширина которой устанавливается по максимально допустимой ширине пропускаемого транспортного средства, включая его габарит и зазоры безопасности; 2) продольная полоса проезжей части, по которой движение транспортных средств происходит в один ряд; 3) часть пешеходного пути, предназначенная для движения в один ряд в одном направлении. | Қозғалыс жолағы - 1) ені көлік құралдарының ең үлкен көлемі бойынша габариті мен қауіпсіздік саңылауын қоса алып, бекітілетін автомобиль жолының қозғалыс бөлігінің жолағы; 2) көлік құралдарының қозғалысы бір қатарда өтетін өтпе бөліктің бойлық жолағы; 3) бір бағытта бір қатармен қозғалысқа арналған жаяу жүргінші жолының бөлігі. | |
Полоса движения дополнительная - полоса проезжей части автомобильной дороги, расположенная рядом с укрепительной полосой обочины и используемая для отвода или слияния потоков движения, а также для разгона и торможения автотранспортных средств или замедления при подъеме. | Қозғалыстың қосымша жолағы - қозғалыс ағынын бұруға немесе қосуға, сондай-ақ көлік құралдарын екпіндетуге және тежеуге немесе биікке көтерілу кезінде жүрісті баяулату үшін пайдаланылатын жол шетінің бекітілген жолағының қатарында орналасқан автомобиль жолының өту бөлігінің жолағы. | |
Полоса краевая - уширение дорожной одежды на автомобильных дорогах высших (I и II) категорий с целью размещения на ней краевых разметочных полос для организации движения транспортных средств и предохранения кромки дорожных покрытий от разрушения. | Шеткі жолақ - көлік құралдарының қозғалысын ұйымдастыру және жол ернеуі қирауының алдын алу үшін шеткі белгілеу жолағын орналастыру мақсатында жоғары (I және II) санаттағы автомобиль жолдары жабынының енін ұлғайту. | |
Полоса переходно-скоростная - дополнительная полоса проезжей части для обеспечения разгона или торможения автомобилей при выезде или въезде в общий транспортный поток, движущийся по основным полосам проезжей части. | Ауыспалы жылдамдық жолағы - автомобильдердің негізгі жолға шығар тұсындағы жүріп жатқан көлік ағынына қосылуы немесе одан шығуы үшін олардың екпін алуына не баяулауына арналған негізгі жолдың қосымша жолағы. | |
Полоса разделительная - полоса, разделяющая полосы проезжей части автомобильной дороги противоположного направления движения (центральная разделительная полоса), а при особо большом числе полос также и смежные полосы одного направления движения. | Бөлу жолағы - қозғалыстың қарама-қарсы бағытындағы автомобиль жолдарының өтпе бөліктерін бөліп тұратын жолақ (орталық бөлу жолағы), ал жолақтардың ерекше көп болуы кезінде қозғалыстың бір бағытындаағы іргелес жолақтарды да жатқызады. | |
Полоса предоставления - земли железнодорожного транспорта, в пределах которых располагаются магистральные, станционные и подъездные пути, а также здания и сооружения, необходимые для их обслуживания. | Бөлінген жолақ - темір жол көлігінің жерлері, олардың шегінде магистральдық, станциялық және кірме жолдар, сондай-ақ оларға қызмет көрсетуге қажетті ғимараттар мен имараттар болады. | |
Полотно земляное - инженерное грунтовое сооружение в виде насыпи, выемки, служащее основанием для верхнего строения железнодорожного пути или дорожной одежды автомобильной дороги. К земляному полотну относятся непосредственно связанные с ним водоотводные, укрупнительные и защитные устройства и сооружения (кюветы, лотки, бермы, подпорные стены и т.п.). | Жер төсемі - теміржол жолдарының жоғарғы құрылысы немесе автомобиль жолдарының жол төсемі үшін негіз болатын үйінді, ойпаң түріндегі инженерлік топырақ имарат. Жер төсеміне онымен тікелей байланысы бар суды бұру, ірілендіргіш және қорғаныш қондырғылар мен имараттар да жатады (жырмалар, науалар, кермелер, тіреме қабырғалар т.с.с.). | |
Полотно мостовое - часть пролетного строения моста, непосредственно воспринимающая нагрузку от транспортных средств и передающая ее на другие части пролетного строения. | Көпірлік төсем - көлік құралдарының салмағын тікелей қабылдайтын және оны көпірдің аралық құрылысының басқа бөліктеріне тарататын көпірдің аралық құрылысының бөлігі. | |
Полуврезное замочно-скобяное изделие - изделие, врезанное в дверь или окно и выступающее над их поверхностью. | Жартылай ойып салынған қапсырма-құлып бұйымы - есікке немесе терезеге ойып салынған, оның бетінен шығыңқы тұрған бұйым. | |
Полузапруда , буна, поперечная дамба - гидротехническое сооружение для регулирования режима водного потока и защиты морского или речного берега, оснований береговых сооружений от размыва. | Жартылай тоған , буна, көлденең бөгетше - су ағыны режимін реттеуге және теңіз немесе өзен жағалауын, жағалау имараттарының негіздерін сумен шайылудан қорғауға арналған гидротехникалық имарат. | |
Полуцилиндрическая освещенность — характеристика насыщенности светом пространства и тенеобразующего эффекта освещения для наблюдателя, движущегося по улице параллельно ее оси. Определяется как средняя плотность светового потока на поверхности вертикально расположенного на продольной линии улицы на высоте 1,5 м полуцилиндра, радиус и высота которого стремятся к нулю. Расчет полуцилиндрической освещенности производится инженерным методом. | Жартылай цилиндірлік жарықтандыру - көшемен оның осьіне паралелль келе жатқандағы бақылаушы үшін кеңістікті жарықпен қанықтырудың және жарықтың көлеңкетүзгіш әсерінің сипаттамасы. Көшенің бойлық желісі бойынша 1,5 м биіктікте тік орналасқан, радиусы мен биіктігі нөлге ұмтылатын жартылай цилиндрдің жарықтандыру ағынының орташа тығыздығы ретінде анықталады. Жартылай цилиндрлік жарықтандырудың есебі инженерлік әдіспен жүзеге асырылады. | |
Пользователь стандарта - юридическое или физическое лицо, применяющее стандарт в своей производственной, научно-исследовательской, опытно-конструкторской, технологической, учебно-педагогической и других видах деятельности. | Стандартты пайдаланушы - стандартты өзінің өндірістік, ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-құралымдық, технологиялық, оқу-педагогикалық және қызметтің басқа да түрлерінде қолданатын заңды немесе жеке тұлға. | |
Поля орошения и фильтрации - участки земли, предназначенные для биологической очистки сточных вод от содержащихся загрязнений. | Суармалы және сүзу алаңы - ақаба сулардың құрамындағы ластануларды биологиялық тазартуға арналған жер телімдері. | |
Помещение - 1) единица комплекса недвижимого имущества (часть жилого здания, иной связанный с жилым зданием объект недвижимости), выделенная в натуре, предназначенная для самостоятельного использования для жилых, нежилых или иных целей, находящаяся в собственности граждан или юридических лиц, а также РК и территориальных единиц; 2) пространство внутри здания, имеющее определенное функциональное назначение и ограниченное строительными конструкциями; 3) пространство внутри дома, имеющее определенное функциональное назначение и ограниченное строительными конструкциями. | Бөлме (үй-жай, жай) - 1) азаматтардың немесе заңды тұлғалардың, сондай-ақ ҚР мен аумақтық бірліктердің меншігіндегі тұрғылықты, тұрғылықты емес немесе басқа мақсаттар үшін дербес пайдалануға арналған, табиғи түрде бөлінген жылжымайтын мүлік кешенінің бірлігі (тұрғын ғимараттың бөлігі, тұрғын ғимаратпен байланысты басқа да жылжымайтын мүлік нысаны); 2) ғимараттың iшiндегi белгiлi бір қызметтiк мақсаты бар және құрылыс құралымымен шектелген кеңiстiк; 3) үйдің iшiндегi белгiлi бір қызметтiк мақсаты бар және құрылыс құралымымен шектелген кеңiстiк. | |
Помещение без естественного проветривания - помещение без открываемых окон или проемов в наружных стенах или помещение с открываемыми окнами (проемами), расположенными на расстоянии, превышающем пятикратную высоту помещения. | Табиғи желдетілмейтін бөлме - сыртқы қабырғаларында ашылатын терезелері не ойықтары жоқ бөлме немесе ашылатын терезелері (ойықтары) бөлменің биіктігінен бес есе асып түсетін қашықтықта орналасқан бөлме. | |
Помещение жилое - комната, в которой по действующим нормам возможно оборудование постоянных спальных мест для проживающих (общие комнаты, спальни). | Тұрғын бөлме - қолданыстағы нормаларға сәйкес тұратын адамдарға тұрақты жататын жерін (жалпы бөлмелер, жатын бөлмелер) жабдықтау мүмкіндігі бар бөлме. | |
Помещение индивидуального обслуживания (функциональное) - кабина или кабинет, где осуществляется самообслуживание или обслуживание маломобильного посетителя персоналом учреждения (предприятия). Габариты кабины (кабинета) должны учитывать, как правило, возможность размещения также сопровождающего лица. | Жеке қызмет көрсету бөлмесі (қызметтік) - мекеменің (кәсіпорынның) қызметкерлері өзіне-өзі немесе аз келушілерге қызмет көрсету жүзеге асырылатын кабина немесе кабинет. Кабинаның (кабинеттің) габариттерінде ілесіп келген тұлғаның да орналасу мүмкіндігін де ескеру керек. | |
Помещение, не имеющее естественного освещения - помещение, не имеющее окон или световых проемов в наружных ограждениях. | Табиғи жарықтандырылмаған бөлме - сыртқы қоршамаларында терезелері немесе жарық түсетін ойықтары жоқ бөлме. | |
Помещение общественного назначения - встроенное в жилой дом или пристроенное к нему помещение, предназначенное для индивидуальной предпринимательской и другой общественной деятельности проживающих в доме людей. | Қоғамдық мақсаттағы бөлме - үйде тұрып жатқан адамдардың жеке кәсіпкерлікпен және басқа да қоғамдық қызметпен шұғылдануына арналған тұрғын үйдің ішінен немесе оған жапсарлас салынған бөлме. | |
Помещение подсобное - комната, предназначенная для гигиенических или хозяйственно-бытовых нужд проживающих (ванная, уборная, кухня, кладовая), а также передняя, внутриквартирные холл и коридор. | Қосалқы бөлме - тұрып жатқан адамдардың тазалық немесе шаруашылық-тұрмыстық қажеттеріне арналған (жуынатын, дәретхана, ас үй, қойма) бөлме, сондай-ақ кіреберіс, пәтер ішіндегі холл және дәліздер. | |
Помещение с массовым пребыванием людей - помещение (залы и фойе театров, кинотеатров, залы заседаний, совещаний, лекционные аудитории, рестораны, вестибюли, кассовые залы, производственные и другие) с постоянным или временным пребыванием людей (кроме аварийных ситуаций) числом более 1 чел. на 1 кв.м помещения площадью 50 кв.м и более. | Адамдар жаппай келетін бөлмелер - адамдардың тұрақты немесе уақытша (апаттық жағдайдан басқа) болатын бөлменің ауданы 50 ш.м және одан астам бөлменің әр 1 ш.м 1 адамнан артық болмайтын бөлме (театрлардың, кинотеатрлардың залдары мен фойелері, мәжіліс, жиналыс залдары, дәріс аудиториялары, мейрамханалар, вестибюльдер, касса, өндіріс залдары және басқалар). | |
Понур - водонепроницаемое покрытие дна реки, примыкающее к плотине или др. водоподпорному сооружению со стороны верхнего бьефа. | Понур - жоғарғы ағыс жағынан бөгетке немесе басқа суға тосқауыл имаратына жанасатын өзеннің табанының су өтпейтін жабыны. | |
Поперечный профиль трассы - профиль местности по линии, перпендикулярной к оси трассы проектируемого сооружения. | Трассаның көлденең кескіні - жобаланған имараттың трассасы осьіне перпендикуляр сызығы бойынша жергілікті жердің кескіні. | |
Поражающее воздействие источника техногенной чрезвычайной ситуации (поражающее воздействие источника техногенной ЧС) - негативное влияние одного или совокупности поражающих факторов источника техногенной чрезвычайной ситуации на жизнь и здоровье людей, на сельскохозяйственных животных и растения, объекты народного хозяйства и окружающую природную среду. | Техногендік төтенше жағдай көзінің қырып-жою әсері (техногендік ТЖ көзінің қырып-жою әсері) - техногендік төтенше жағдай көзінің адамдардың өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылығы жануарлары мен өсімдіктеріне, халық шаруашылығы нысандарына және қоршаған табиғи ортаны қырып-жоятын бір фактордың немесе олардың жиынтығының теріс әсері. | |
Поражающий фактор источника техногенной чрезвычайной ситуации (поражающий фактор источника техногенной ЧС) - составляющая опасного происшествия, характеризуемая физическими, химическими и биологическими действиями или проявлениями, которые определяются или выражаются соответствующими параметрами. | Техногендік төтенше жағдай көзінің қырып-жою факторы (техногендік ТЖ көзінің қырып-жою факторы) - тиісті белгілерімен көрінетін немесе анықталатын физикалық, химиялық және биологиялық әрекетімен немесе көрінуімен сипатталатын қауіпті оқиғаны құраушы. | |
Поражающий фактор источника чрезвычайной ситуации (поражающий фактор источника ЧС) - составляющая опасного явления или процесса, вызванная источником чрезвычайной ситуации и характеризуемая физическими, химическими и биологическими действиями или проявлениями, которые определяются или выражаются соответствующими параметрами. Примечание: выделяют первичные и вторичные поражающие факторы. | Төтенше жағдай көзінің қырып-жою факторы (техногендік ТЖ көзінің қырып-жою факторы) - тиісті белгілерімен анықталатын немесе көрінетін физикалық, химиялық және биологиялық әсерімен сипатталатын төтенше жағдай көзінен туындайтын қауіпті құбылыс немесе процесс. Ескерту: қырып-жою факторларын біріншілік және екіншілік деп ажыратады. | |
Пораженный в чрезвычайной ситуации (пораженный в ЧС) - человек, заболевший, травмированный или раненый в результате поражающего воздействия источника чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайда зақым алушы (ТЖ-да зақым алушы) - төтенше жағдай көзі әсерінің нәтижесінде ауру болған, зақымданған немесе жараланған адам. | |
Поребрик - разновидность орнаментальной кирпичной кладки, при которой один ряд кирпичей укладывается под углом к наружной поверхности стены. | Қырөрнек - кірпіштердің бір қатары қабырғаның сыртқы бетіне қарай бұрыштап орналастырылатын өрнекті кірпіш қалаудың түрі. | |
Поризующие добавки - вещества, способствующие целенаправленному образованию в теле бетона воздушных или других газообразных пор. | Кеуектілік қоспалары - бетонның бойындағы мақсатты түрде ауа немесе басқа газтәріздес кеуек түзуге әсер ететін заттар. | |
Пористость - отношение объема пор к внешнему объему (габариту) материала в процентах. Пористость определяет основные свойства материалов: прочность, морозостой-кость, газоводопроницаемость и т.д. | Кеуектілік - материалдағы кеуек көлемінің жалпы материал көлеміне (габариттік) пайыздық қатынасы. Материалдың негізгі қасиеттері кеуектілікпен анықталады: беріктігі, аязға төзімділігі, су-газ өткізгіштігі және т.б. | |
Пороговый неотпускающий ток - наименьшее значение неотпускающего тока. | Жібермейтін ток шегі - жібермейтін токтың ең аз мәні. | |
Пороговый ощутимый ток - наименьшее значение ощутимого тока. | Сезілетін ток шегі - сезілетін токтың ең аз мәні. | |
Пороговый фибрилляционный ток - наименьшее значение фибрилляционного тока. | Фибрилляциялық ток шегі - фибрилляциялық токтың ең аз мәні. | |
Пороизол - строительный материал в виде пористых эластичных жгутов, изготовленных из смеси битума и резины. | Пороизол - битум мен резеңке қосындысынан жасалған кеуекті иілгіш жгут түріндегі құрылыс материалы. | |
Поролон - торговое название эластичного пенопласта, выпускаемого промышленностью. | Поролон - өнеркәсіп шығаратын иілгіш пенопластың саудалық атауы. | |
Порообразователи , вспенивающиеся вещества - неорганические и органические вещества, с помощью которых создается система пор в первоначально монолитном материале, применяются для получения материалов пористой структуры - пенопластов, губчатых резин, газобетона, керамических изделий и т.д. | Бутүзгіштер, көбіктенетін заттар -бастапқыда біртұтас материалда олардың көмегімен кеуекті жүйе жасалатын органикалық емес және органикалық заттар, кеуекті құрылымды пенопласт, үрмелі резеңке, газобетон, керамикалық бұйымдар және т.б. материалдар алу үшін қолданылады. | |
Порошковые краски - высокодисперсные композиции на основе синтетических пленкообразующих веществ и пигментов, содержащие также пластификаторы, наполнители, отвердители, стабилизаторы и добавки, улучшающие сыпучесть краски и ее распределение по подложке. | Ұнтақты бояулар - бояудың үгілгіштігін және оның төсемге таралуын жақсартатын құрамында илемдегіштер, толтырғыштар, қатырғыштар, стабилизаторлар және қоспалар бар синтетикалық және үлдіртүзгіш заттар мен пигменттер негізіндегі ұнтақтылығы жоғары композициялар. | |
Порт - участок берега с прилегающим водным районом (акваторией) и комплексом сооружений и устройств для погрузки-разгрузки судов и их полного обслуживания. | Порт - кемелерді тиеп-түсіруге және оларға толық қызмет көрсетуге арналған су ауданы (су аймағы) және имараттар мен құрылғылар кешені бар жағалау телімі. | |
Портал - 1) архитектурное обрамление входа в здание; 2) П-образная часть конструкции или машины, направляющая опорная часть портального металлорежущего станка. | Портал - 1) ғимаратқа кіреберісті сәулеттік жиектеу; 2) құралымның немесе машинаның П тәріздес бөлігі, порталды металл кескіш білдектің тіректі бағыттау бөлігі. | |
Портальный кран - грузоподъемный кран, у которого поворотная часть - платформа, механизмы, стрела, опорно-поворотное устройство - размещена на П-образном портале. | Порталды кран - айналатын бөлігі, тұғыры, тетігі, жебесі, тірек-айналу құрылғысы П тәріздес порталға орналастырылған жүккөтергіш кран. | |
Портик - выступающая часть здания, образуемая перекрытием, поддерживаемым колоннами или столбами, образующими открытую галерею. | Діңмаңдайша - ашық галерея түзетін ұстындармен немесе бағандармен бекітілетін жабындардан құралатын ғимараттың шығыңқы бөлігі. | |
Портландцемент - цемент, полученный на основе портландцементного клинкера. | Портландцемент - порланцементті клинкер негізінде алынған цемент. | |
Портландцементный клинкер - клинкер, состоящий преимущественно из высокоосновных силикатов кальция, а также алюминатов и алюмоферритов кальция. | Портландцементті клинкер - көбінесе, негізділігі жоғары кальций силикаттарынан, сондай-ақ алюми-наттар мен кальцийдің алюмофериттерінен құралатын клинкер. | |
Поручень эскалатора - непрерывная лента, перемещающая по трассе поручневого устройства, предназна-ченная для опоры рук пассажиров. | Эскалатор тұтқасы - жолаушылар қолын тіреуге арналған, тұтқа құрылғысының трассасымен жылжитын үзіліссіз таспа. | |
Поручневое устройство эскалатора - совокупность блоков, направляющих, привода и поддерживающих роликов, обеспечивающих движение поручня по трассе. | Эскалатордың тұтқалық құрылғысы - тұтқаның трассамен қозғалысын қамтамасыз ететін блоктар, бағыттағыштар, жетек пен тіреп тұратын роликтер жиынтығы. | |
Постель (в кирпичной кладке) - поверхность изделия, расположенная параллельно основанию кладки. | Төсем (кірпіш қалауда) - қалану табанына параллель төселген бұйымның беті. | |
Постоянное рабочее место - место, на котором работающий находится большую часть своего рабочего времени (более 50% или более 2 ч непрерывно). Если при этом работа осуществляется в различных пунктах рабочей зоны, постоянным рабочим местом считается вся рабочая зона. | Тұрақты жұмыс орны - жұмыскер жұмыс уақытының ең көп бөлігін (50% астам немесе үзіліссіз 2 сағаттан астам) өткізетін орын. Егер жұмыс мұнымен қоса, жұмыс аймағының түрлі пункттерінде жүзеге асырылатын болса, онда барлық жұмыс аймағы тұрақты жұмыс орны болып есептеледі. | |
Пострадавший в чрезвычайной ситуации (пострадавший в ЧС) - человек, пораженный либо понесший материальные убытки в результате возникновения чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайда зардап шегуші (ТЖ зардап шегуші) - төтенше жағдайдың нәтижесінде зақым алған немесе материалдық зиян шеккен адам. | |
Потенциально опасное вещество (опасное вещество) - вещество, которое вследствие своих физических, химических, биологических или токсикологических свойств предопределяет собой опасность для жизни и здоровья людей, для сельскохозяйственных животных и растений. | Әлеуетті қауіпті зат (қауіпті зат) - адамның өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылығы жануарлары мен өсімдіктеріне өзінің физикалық, химиялық, биологиялық немесе токсикологиялық қасиеттерінің салдарынан қауіп төндіретін зат. | |
Потенциально опасные химические и биологические вещества - химические и биологические вещества природного и искусственного происхождения, производимые на территории Республики Казахстан и закупаемые за рубежом для использования в народном хозяйстве и быту, негативно воздействующие на жизнь и здоровье людей, сельскохозяйственных животных и растения, а также на окружающую природную среду, в связи с чем обязательно включаемые в регистр потенциально опасных химических и биологических веществ. | Әлеуетті қауіпті химиялық және биологиялық заттар - халық шаруашылығында және тұрмыста пайдалану үшін адамның өмірі мен денсаулығына, ауылшаруашылығы жануарлары мен өсімдіктеріне, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға кері әсерін тигізетін, осыған байланысты химиялық және биологиялық заттардың әлеуетті қауіпті тізбесіне міндетті түрде енгізілетін Қазақстан Республикасы аумағында өндірілетін және шетелдерден сатып алынатын, табиғи және жасанды химиялық және биологиялық заттар. | |
Потенциально опасный объект - объект, на котором используют, производят, перерабатывают, хранят или транспортируют радиоактивные, пожаровзрывоопасные, опасные химические и биологические вещества, создающие реальную угрозу возникновения источника чрезвычайной ситуации. | Әлеуетті қауіпті нысан - төтенше жағдай көздерінің пайда болуына нақты қауіп төндіретін радиоактивті, өртжарылыс қаупі бар, қауіпті химиялық және биологиялық заттарды пайдаланатын, өндіретін, қайта өңдейтін, сақтайтын немесе тасымалдайтын нысан. | |
Потерна - продольная галерея в теле гидротехнического сооружения (бетонного или железобетонного), служащая для его осмотра и ремонта, служебного сообщения между берегами, а также для отвода фильтрационной воды. | Потерна - гидротехникалық имараттың (бетонды немесе темірбетонды) денесіндегі оны қарау және жөндеуге, жағалаулар арасындағы қызметтік қатынастарға, сондай-ақ сүзілген суды бұруға қызмет ететін бойлық галерея. | |
Потеря воды в системе водоснабжения - объем воды, теряющийся при ее транспортировании, хранении, распределении и охлаждении. | Сумен қамту жүйесіндегі су шығыны - суды тасымалдау, сақтау, тарату және салқындату кезінде шығындалатын су көлемі. | |
Потолок в зданиях - часть ограждающей конструкции, ограничивающей помещение сверху. Может быть нижней частью перекрытия или образуется особыми конструктивными элементами (подвесной потолок). | Ғимараттардағы төбе - үй-жайды төбесінен шектейтін қоршама құралымның бөлігі. Жабынның төменгі жағында да болуы мүмкін немесе ерекше құралымдық элементтерден (аспалы төбе) жасалады. | |
Поточная линия - комплекс оборудования, расположенный по ходу технологического процесса и работающего согласовано с определенным заданным тактом (ритмом), предназначен для изготовления однотипных деталей или сборки деталей. | Үздіксіз ағын - бір үлгідегі бөлшектерді жасауға немесе жинақтауға арналған технологиялық процестің барысы бойынша орналастырылған және келісілген белгілі бір берілген тактімен (ырғақпен) жұмыс істейтін жабдықтар кешені. | |
Потребитель - гражданин, имеющий намерение заказать или приобрести либо заказывающий, приобретающий или использующий товары (работы, услуги) исключительно для личных, семейных, домашних и иных нужд, не связанных с осуществлением предпринимательской деятельности. | Тұтынушы - кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыруға қатысы жоқ жеке, отбасылық, тұрмыстық және тағы басқа қажеттіліктері үшін тауарларға (жұмыстар, қызметтер) тапсырыс беретін немесе сатып алатын ниеті бар немесе тапсырыс беруші, сатып алушы не пайдаланушы азамат. | |
Поэтажный эскалатор - эскалатор, предназначенный для установки между этажами зданий и сооружений. | Қабатаралық эскалатор - ғимарат пен имарат қабаттарының арасына орнатуға арналған эскалатор. | |
Пояс антисейсмический - железобетонная замкнутая конструкция с непрерывным армированием, устанавливаемая вдоль несущих стен здания в их теле. | Сейсмикалыққа қарсы белдеу - ғимарат қабырғаларының бойымен орналасқан үзіліссіз арматураланған тұйық темірбетон құралым. | |
Правила - установленные обязательные требования по организации и технологии строитель-ного производства при возведении зданий, сооружений и их элементов, по экономному использованию материальных ресурсов, по технике безопасности и др. | Ережелер - ғимараттар, имараттар және олардың бөлшектерін салуда материалдық ресурстарды үнемді пайдалану, қауіпсіздік техникасы және т.б. құрылыс өндірісі мен технологиясын ұйымдастыру жөніндегі белгіленген міндетті талаптар. | |
Правила пожарной безопасности - комплекс положений, устанавливающих порядок соблюдения требований и норм пожарной безопасности при строительстве и эксплуатации объекта. | Өрт қауіпсіздігі ережелері - нысанды салу және пайдалану кезінде өрт қауіпсіздігі талаптары мен нормаларының сақталу талаптарын белгілейтін ережелер кешені. | |
Правило (Regulation) - положение, описывающее действия, предназначенные для выполнения каких-либо работ и услуг. | Ереже (Regulation) - қандай да бір жұмыстар мен қызметтердi орындауға арналған әрекеттердi сипаттайтын ереже. | |
Правое замочно-скобяное изделие - изделие, применяемое для правой двери или окна. | Оң құлыпты-қапсырмалы бұйым - оң жақ есікке немесе терезеге қолданылатын бұйым. | |
Преаэратор - сооружение предварительной аэрации сточных вод для повышения эффекта их отстаивания. | Алдын ала ауалау - ақаба судың тұндыру тиімділігін арттыруға арналған алдын ала ауалау имараты. | |
Предварительно напряженные конструкции - строительные конструкции, в которых предвари-тельно (в процессе изготовления или монтажа) создаются напряжения, оптимально распределенные в элементах конструкции. | Алдын ала кернелген құралым - құралым бөлшектеріне оңтайлы таратылған, алдын ала (дайындау немесе жинақтау процесінде) кернелген құрылыс құралымдары. | |
Предел водонепроницаемости - наименьший перепад давления, при котором образуется сквозное проникновение воды через оконный блок. | Су өткізбеушілік шегі - терезе блоктары арқылы судың өтпелі енуінің пайда болатын қысымның айырмашылығының ең аз мәні. | |
Предел выносливости, предел усталости - механическая характеристика способности материала сопротивляться наибольшему напряжению, которое материал (образец) может выдержать без разрушения при заданном числе циклов загруженности. | Төзімділік шегі, қажу шегі - берілген циклдар санының көптігіне қарамастан, бұзылмай төзетін материалдың (үлгінің) ең жоғары кернеуге кедергі келтіру қабілетінің механикалық сипаттамасы. | |
Предел длительной прочности - механическая характеристика прочности материалов. | Ұзақ беріктік шегі - материал беріктігінің механикалық сипаттамасы. | |
Предел огнестойкости - время (в часах или минутах) от начала их огневого стандартного испытания до возникновения одного из предельных состояний строительных конструкций по огнестойкости: 1) потеря несущей способности конструкции и узлов (обрушение или прогиб в зависимости от типа конструкции); 2) по теплоизолирующей способности - это повышение температуры на необогреваемой поверхности в среднем более чем на 160о С или в любой точке этой поверхности более чем на 190о С в сравнении с температурой конструкции до испытания, или более 220о С независимо от температуры конструкции до испытания; 3) по плотности - образование в конструкциях сквозных трещин или сквозных отверстий, через которые проникают продукты горения или пламя; 4) для конструкций, защищенных огнезащитными покрытиями или испытываемых без нагрузок, предельным состоянием будет достижение критической температуры материала конструкций. | Отқа төзімділік шегі - құрылыс құралымдарының отқа төзімділігі стандартты сынақтың басталғанынан бастап отқа төзімділігі бойынша шекті жағдайлардың біріне жеткенге дейінгі уақыт (сағат немесе минут): 1) құралым мен тораптардың көтеруші қасиетін жоғалтуы (құралым түріне байланысты құлауы немесе майысуы); 2) жылу оқшаулағыш қабілеті бойынша - құралымның қызбайтын бетінде температураның 160о С жоғарылауы немесе сынаққа дейінгі температурасынан кез келген нүктесінде 190о С-ге дейін артуы, немесе сынаққа дейінгі температураға тәуелсіз 220о С-ден жоғарылауы; 3) тығыздығы бойынша құралымдарда жану немесе жалындау өнімдері өтетін өтпе тесіктері мен саңылауларының түзілуі; 4) оттан қорғайтын сырлармен жабылған немесе жүктемесіз сыналған құралымдар үшін құралым материалының шекті температурасына жету күйі шекті болады. | |
Предел огнестойкости конструкции - показатель огнестойкости, определяемый временем от начала огневого испытания до наступления одного из нормируемых для данной конструкции предельных состояний по огнестойкости. | Құралымның отқа төзімділік шегі - берілген құралымның отқа төзімділігін сынау басталғаннан бастап, отқа төзімділігі бойынша шекті жағдайлардың біріне жеткенге дейінгі уақытпен анықталатын отқа төзімділік көрсеткіші. | |
Предел огнестойкости несущих конструкций (стен, колонн, столбов, покрытий, балок, ферм и т.д.) - во всех случаях предельным состоянием будет потеря несущей способности. | Көтергіш құралымдардың отқа төзімділік шегі (қабырғалар, ұстындар, бағандар, жабындар, арқалықтар, фермалар және т.б.) - барлық жағдайларда шекті күйі көтергіш қасиетін жоғалтуы болады. | |
Предел ползучести - механическая характеристика ползучести материалов. | Жылжымалылық шегі - материалдар жылжымалылығының механикалық сипаттамасы. | |
Предел пропорциональности - механическая характеристика материалов, ограничивающая область справедливости закона Гука; соответствует напряжению, при котором отступление от линейной зависимости между напряжениями и деформациями достигает некоторого определенного значения, устанавливаемого техническими условиями. | Пропорционалдық шегі - Гук заңы ақиқаттылығының саласын шектейтін материалдардың механикалық сипаттамасы; мұндайда кернеулер мен деформациялар арасындағы сызықтық тәуелділік шегінісі техникалық шарттармен белгіленген біршама анықталған мәнге жететін кернеуге сәйкес келеді. | |
Предел прочности (сопротивление временное) - механическая характеристика материалов, выражающая условное напряжение, соответствующее наибольшей нагрузке, предшествовавшей разрушению образца. | Беріктік шегі (уақытша кедергі) -үлгінің бұзылуынан бұрын болып өткен ең жоғарғы жүктемеге сәйкес шартты кернеуін көрсететін материалдардың механикалық сипаттамасы. | |
Предел прочности клеевого соединения при испытании на отрыв - максимальная величина напряжений, предшествующая разрушению клеевого соединения, при испытании на отрыв. | Желім қосылысының үзілу сынағы кезіндегі беріктік шегі - үзу сынағы кезінде желім қосылысының бұзылуына әкеп соғатын кернеудің алдындағы ең жоғары шамасы. | |
Предел прочности клеевого соединения при скалывании - максимальная величина напряжений, предшествующая разрушению клеевого соединения, при испытании на скалывание. | Желім қосылысының ұсатылу кезіндегі беріктік шегі - желім қосылысының бұзылуына әкеп соғатын ұсату сынағы кезіндегі кернеудің алдыңғы шамасы. | |
Предел распространения огня - время (в часах или минутах) от начала огневого стандартного испытания образцов до наступления любого из признаков, характеризующих распространение огня по конструкциям. | Оттың таралу шегі - үлгілерді отқа стандартты сынаудың басталғанынан оттың құралым бойына таралуын сипаттайтын кез келген белгісінің басталуына дейінгі уақыт (сағат немесе минут). | |
Предел текучести - механическая характеристика материалов, выражающая напряжение, при котором деформации начинают расти без увеличения нагрузки. | Аққыштық шегі - жүктемені арттырмастан, деформацияларды өсіретін кернеуді көрсететін материалдың механикалық сипаттамасы. | |
Предел упругости - механическая характеристика материалов, выражающая напряжение, при котором остаточные деформации впервые достигают некоторой малой величины, характеризуемой установленным допуском. | Серпімділік шегі - қалдық деформациялар алғаш рет дәлдік шегі белгіленген сипаты бар шамалы көрсеткішке жеткендегі кернеуін көрсететін материалдардың механикалық сипаттамасы. | |
Предельно допустимая концентрация опасного вещества (ПДК) - максимальное количество опасных веществ в почве, воздушной или водной среде, продовольствии, пищевом сырье и кормах, измеряемое в единице объема или массы, которое при постоянном контакте с человеком или при воздействии на него за определенный промежуток времени практически не влияет на здоровье людей и не вызывает неблагоприятных последствий. | Қауіпті заттың рұқсат етілетін шоғырлану шегі(РШШ) - адамммен тығыз байланыста болатын немесе белгілі бір уақыт аралығында әсер ету кезінде адамның денсаулығына әсер етпейтін және қолайсыз себептер тудырмайтын көлемнің немесе массаның бірлігімен өлшенетін топырақтағы, ауадағы немесе судағы, азық-түліктегі, тағам шикізаттары мен мал азығындағы қауіпті заттардың ең көп мөлшері. | |
Предельно допустимое значение вредного производственного фактора - предельное значение величины вредного производственного фактора, воздействие которого при ежедневной регламентированной продолжитель-ности в течение всего трудового стажа не приводит к снижению работоспособности и заболеванию, как в период трудовой деятельности, так и к заболеванию в последующий период жизни, а также не оказывает неблагоприятного влияния на здоровье потомства. | Зиянды өндірістік фактор мәнінің рұқсат етілетін шегі - барлық еңбек өтілі ішінде еңбекпен айналысқан кезінде де, одан кейінгі өмірінде де жұмысқа қабілеттілігінің төмендеуіне және сырқаттануына әкеліп соқпайтын, сондай-ақ ұрпағының денсаулығына қолайсыз әсерін тигізбейтін күнделікті реттелген жұмыс ұзақтығында ықпал ететін зиянды өндірістік фактор көлемі мәнінің шегі. | |
Предельно допустимое значение опасного фактора пожара - значение опасного фактора, воздействие которого на человека в течение критической продолжительности пожара не приводит к травме, заболеванию или отклонению в состоянии здоровья в течение нормативно установленного времени, а воздействие на материальные ценности не приводит к потере устойчивости объекта при пожаре. | Өрттің қауіпті факторы мәнінің рұқсат етілетін шегі - өрт ықпалының ауыспалы ұзақтығының жарақатқа, сырқаттануға немесе нормативті белгіленген уақыт ішінде денсаулығының ауытқуына әкеліп соқпайтын, ал материалдық құндылықтарға тиетін әсері өрт кезінде нысан төзімділігінің шығынына әкелмейтін қауіпті фактордың мәні. | |
Предельно допустимый выброс - норматив предельно допустимого выброса вредного (загрязняющего) вещества в атмосферный воздух, который устанавливается для стационарного источника загрязнения атмосферного воздуха с учетом технических нормативов выбросов и фонового загрязнения атмосферного воздуха при условии непревышения данным источником гигиенических и экологических нормативов качества атмосферного воздуха, предельно допустимых (критических) нагрузок на экологические системы, других экологических нормативов. | Рұқсат етілетін шығарындылар шегі - атмосфералық ауа шығарындылардың техникалық нормативі мен атмосфералық ауаның фондық ластануын қоса есептегендегі тұрақты ластану көзі үшін белгіленетін, берілген көз арқылы атмосфералық ауа сапасының гигиеналық және экологиялық нормативтерінің, экологиялық жүйелерге түсетін жүктемелердің рұқсат етілетін (ауыспалы) шегінің, өзге де экологиялық нормативтердің атмосфералық ауаға зиянды (ластаушы) заттар шығарындысының рұқсат етілетін шегінің нормативі. | |
Предельно допустимый норматив вредного физического воздействия на атмосферный воздух - 1) норматив, который устанавливается для каждого источника шумового, вибрационного, электромагнитного и других физических воздействий на атмосферный воздух и при котором вредное физическое воздействие от данного и ото всех других источников не приведет к превышению предельно допустимых уровней физических воздействий на атмосферный воздух; 2) норматив физического воздействия на атмосферный воздух, который отражает предельно допустимый максимальный уровень физического воздействия на атмосферный воздух, при котором отсутствует вредное воздействие на здоровье человека и окружающую природную среду. | Атмосфералық ауаға зиянды физикалық әсер нормативінің рұқсат етілетін шегі - 1) атмосфералық ауаға әсер етуші шулы, дірілді, электромагнитті және өзге де физикалық ықпалдар үшін және берілген барлық басқа да көздердің атмосфералық ауаға физикалық әсерлері деңгейінің рұқсат етілетін шегінің жоғарылауына әкеліп соқпайтын зиянды физикалық ықпалдары кезінде белгіленетін норматив; 2) адам денсаулығы мен қоршаған табиғи ортаға зиянды әсері болмайтын атмосфералық ауаға түсетін физикалық ықпалдың ең жоғары деңгейінің рұқсат етілетін шегін көрсететін атмосфералық ауаға түсетін физикалық ықпал нормативі. | |
Предельное состояние - 1) состояние изделия, конструкции, сооружения, при котором его дальнейшее использование по назначению недопустимо или неэффективно, а восстановление его исправного или работоспособного состояния невозможно или нецелесообразно из-за высокой стоимости ремонта; 2) состояние, при котором конструкция, основание (здание или сооружение в целом) перестают удовлетворять заданным эксплуатационным требованиям или требованиям при производстве работ (возведении). | Жағдайдың шектелуі - 1) бұйымның, құралымның, имараттың алдағы мақсатқа сәйкес қолданылуының болмайтындығы және тиімсіздігі, ал оны қалыпқа келтіру немесе жұмыс істейтіндей етіп түзетудің мүмкін емес немесе жөндеу құнының жоғарылығынан мақсатқа сай емес жағдайы; 2) құралымның, негіздің (ғимарат немесе бүтіндей имарат) берілген пайдалану талаптарын немесе жұмысты өндіру (жаңарту) кезіндегі талаптарды қанағаттандырмайтын жағдай. | |
Предельное состояние конструкции по огнестойкости - состояние конструкции, при котором она утрачивает способность сохранять несущие и/или ограждающие функции в условиях пожара. | Құралымның отқа төзімділігі бойынша шекті жағдайы - құралымның өрт кезінде өзінің көтергіш қабілеттілігін және/немесе қоршау қызметін жоғалтатын жағдайы. | |
Предотвращение чрезвычайных ситуаций (предотвращение ЧС) - комплекс правовых, организационных, экономических, инженерно-технических, экологозащитных, санитарно-гигиенических, санитарно-эпидемиологических и специальных мероприятий, направленных на организацию наблюдения и контроля за состоянием окружающей природной среды и потенциально опасных объектов, прогнозирования и профилактики возникновения источников чрезвычайной ситуации, а также на подготовку к чрезвычайным ситуациям. | Төтенше жағдайларды болдырмау (ТЖ болдырмау) - қоршаған табиғи ортаның және әлеуетті қауіпті нысандардың, төтенше жағдайлар көздерінің пайда болуын болжау және алдын алудың дайындық жағдайын бақылауға және бақылауды ұйымдастыруға, сондай-ақ төтенше жағдайларға дайындалуға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, экономикалық, инженерлік-техникалық, экологиялық-қорғау, санитарлық-гигиеналық, санитарлық-эпидемиологиялық және арнайы іс-шаралардың кешені. | |
Предохранительный пояс - средство индивидуальной защиты, закрепляемое на теле человека и применяемое автономно или совместно с другими средствами защиты для предотвращения падения человека с высоты или эвакуации его из опасных зон. | Сақтандыру белдігі - адам денесіне бекітілетін және адамның биіктіктен құлауын болдырмау немесе оны қауіпті аймақтан эвакуациялау үшін жеке немесе басқа да жабдықтармен бірге қолданылатын жеке қорғану құралы. | |
Предохранительный целик - часть залежи полезного ископаемого, оставляемая в недрах в целях предотвращения опасности влияния горных разработок на объекты. | Сақтандырғыш кентірек - тау-кен өнімдерінің нысандарға әсер ететін қаупінің алдын алу мақсатында жер қойнауында қалдырылатын пайдалы қазбалар шоғырының бөлігі. | |
Предупреждение чрезвычайных ситуаций (предупреждение ЧС) - 1) комплекс мероприятий, проводимых заблаговременно и направленных на максимально возможное уменьшение риска возникновения чрезвычайных ситуаций, а также на сохранение здоровья людей, снижение размеров ущерба окружающей природной среде и материальных потерь в случае их возникновения; 2) совокупность мероприятий, проводимых органами исполнительной власти РК, органами местного самоуправления и организационными структурами ЧС РК, направленных на предотвращение чрезвычайных ситуаций и уменьшение их масштабов в случае возникновения. | Төтенше жағдайларды ескерту (ТЖ ескерту) - 1) төтенше жағдайлардың пайда болу қаупін мүмкіндігінше азайтуға, сондай-ақ адамдардың денсаулығын сақтауға, қоршаған табиғи орта шығыны мен материалдық зардаптар мөлшерін төмендетуге бағытталған және деркезінде өткізілетін шаралар кешені; 2) ҚР өкіметі атқару органдарының, жергілікті басқару органдарының және ҚР ТЖ ұйымдастыру құрылымдарының төтенше жағдайларды болдырмауына және олар бола қалған жағдайда көлемін азайтуға бағытталып жүргізілген іс-шараларының кешені. | |
Прейскуранты на строительство зданий и сооружений - сметные нормативы для определения сметной стоимости строительства зданий или сооружений определенного назначения в соответствующих местностях, разрабатываемые, как правило, на основе типовых проектов или проектных решений повторного применения. | Ғимараттар мен имараттар құрылысының баға көрсеткіші - үлгі жобалар немесе қайта қолданылатын жобалық шешімдер негізінде тиісті жерлерде нақты белгіленген ғимараттар мен имараттар құрылысының сметалық құнын анықтау үшін жасалатын сметалық нормативтер. | |
Прессование - изготовление изделий способом прессования из порошкообразных масс с добавлением каких-либо компонентов (вода, клей и т.д.) | Сығымдау - бұйымдарды ұнтақ тәріздес қоспаға қандай да бір құраушылар (су, желім және т.б.) қоса отырып, сығымдау тәсілімен дайындау. | |
Прессованная (пластифицированная) древесина - материал, получаемый из древесной крошки лиственных пород (чаще всего березы, реже - бука, граба, клена и др.), уплотненной при давлении 15-30 МН/м² (150 300 кгс/см²) и температуре до 120 ºС. | Сығымдалған (илемделген) ағаш - 120 ºС-қа дейінгі температурада және 15-30 МН/м² (150 300 кгс/см²) қысымда нығыздалған жапырақты жыныстардың (әдетте, қайыңның, сирегірек - бүктің, шамшаттың, үйеңкінің және т.б.) ағаш үгінділерінен алынған материал. | |
Прессованные профили - длинномерные металлические изделия (металлические профили), полученные прессованием (экструдированием). | Сығымдалған кескіндер - сығымдау (экструдирование) арқылы алынған ұзын өлшемді металл бұйымдар (металл кескіндер). | |
Приборы санитарные - приемники сточных вод (хозяйственных и бытовых), устанавливаемые в жилых, общественных, коммунальных и производственных зданиях. По назначению подразделяются: для гигиенических целей (умывальники, ванны, душевые, поддоны, унитазы и т.п.); для хозяйственных нужд (кухонные раковины, мойки и т.п.); для специальных целей (для лабораторий, детских и медицинских учреждений, бытовых помещений производственных зданий). | Санитарлық аспаптар - тұрғын, қоғамдық, коммуналдық және өндірістік ғимараттардың ішінде орнатылатын ақаба суды қабылдағыштар (шаруашылық, тұрмыстық). Тағайындауларына қарай мыналарға бөлінеді: гигиеналық мақсаттар үшін (қолжуғыштар, ванналар, душтар, табандықтар, унитаздар т.с.с); шаруашылық қажеттіліктер үшін (асүйлік раковиналар, жуғыштар т.с.с); арнайы мақсаттар үшін (зертханалар үшін, балалар және медициналық мекемелері мен өндірістік ғимараттардың тұрмыстық бөлмелері үшін). | |
Привязка к координационной оси - расположение конструктивных и строительных элементов, а также встроенного оборудования, по отношению к координационной оси. | Үйлестіру осьіне байланыстыру - құралымдық және құрылыстық элементтердің, сондай-ақ қоса салынған жабдықтардың үйлестіру осьіне қатынастары бойынша орналасуы. | |
Привязка проекта - внесение необходимых дополнений в типовые (или повторно применяемые) проекты зданий в зависимости от конкретных условий участка строительства и возможностей по изготовлению строительных конструкций и материалов. | Жобаны бейімдеу - құрылыс құралымдары мен материалдарын дайындау мүмкіндіктері мен құрылыс алаңының нақтылы жағдайларына байланысты ғимараттардың үлгі (немесе қайта қолданылатын) жобаларына қажетті өзгерістер енгізу. | |
Привязка элементов конструкций к координационным осям - установление расстояния от координационной оси до геометрической оси сечения элемента конструкции или до какой-либо одной (наружной, внутренней, боковой) его конструктивной плоскости (грани). | Құралым элементтерін үйлестіру осьіне байланыстыру - қашықтықтың үйлестіру осьінен құралым элементінің қиылысқан геометриялық осьіне дейін немесе оның қандай да бір (сыртқы, ішкі, бүйіріндегі) құралымдық жазықтығына (қырына) дейін орналасуы. | |
Пригрузка основания - дополнительная вертикальная нагрузка на естественное основание за пределами подошвы фундамента в целях предупреждения выпирания грунта. | Негіздің бастырмасы - іргетастың айналасындағы топырақтың керіліп көтерілмеуінің алдын алу мақсатында оның табиғи негізін тігінен қосымша жүктемемен бастыру. | |
Приемосдаточные испытания - контрольные испытания продукции при приемочном контроле. | Қабылдау-тапсыру сынақтары - қабылдап алу бақылауы кезінде өнімнің бақылау сынағы. | |
Приемочный контроль - 1) контроль, выполняемый по завершении строительства объекта или его этапов, скрытых работ и других объектов контроля. По его результатам принимается документированное решение о пригодности объекта контроля к эксплуатации или выполнению последующих работ приемочный контроль одного и того же показателя может осуществляться на нескольких уровнях и разными методами (например, плотность грунта отдельных слоев и насыпи в целом). При этом результаты контроля низшего уровня могут служить предметом контроля высшего уровня (например, акты освидетельствования скрытых работ по приемке основания насыпи представляются при приемке насыпи в целом). Результаты приемочного контроля фиксируются в актах освидетельствования скрытых работ, актах промежуточной приемки ответственных конструкций, актах испытания свай пробной нагрузкой и других документах, предусмотренных действующими нормативами по приемке строительных работ, зданий и сооружений; 2) контроль продукции, по результатам которого принимается решение о ее пригодности к поставкам и (или) использованию. | Қабылдап алу бақылауы - 1) нысан құрылысының немесе оның кезеңдерінің, жасырын жұмыстарының және басқа да бақылау нысандарының аяқталуына бақылау жүргізу. Оның нәтижелері бойынша бақылау нысанының пайдалануға жарамдылығы туралы немесе жұмыстарды одан әрі орындауға байланысты сол көрсеткішті қабылдап алу бақылауын бірнеше деңгейде және әр түрлі әдістермен жүзеге асыруға байланысты (мысалы, топырақтың жеке қабаттарының және үйіндінің тұтастай тығыздығы) құжатталған шешім қабылданады. Мұндайда төменгі деңгейдегі бақылау нәтижелері жоғары деңгейдегі бақылау нысанасына айналуы мүмкін (мысалы, үйінді негізін қабылдау бойынша жасырын жұмыстарды куәландыратын акті үйіндіні тұтастай қабылдағанда ұсынылады). Жауапты құралымдарды қабылдаудың аралық актілерінде, қадаларды сынақтық жүктемемен сынау және ғимараттар мен имараттарды салу жұмыстарын қабылдау жөніндегі қолданыстағы нормативтерде қарастырылған қабылдап алу бақылауының нәтижелері жасырын жұмыстарды куәландыру актілерінде тіркеледі; 2) қабылданатын өнімді бақылаудың нәтижелері бойынша оның жеткізілуге және (немесе) пайдалануға жарамдылығы туралы бақылау. | |
Призменная прочность бетона - отношение разрушающей осевой сжимающей силы образца ( призмы стандартных размеров) к площади его сечения, нормального к этой силе. | Бетонның призмалық беріктігі - призма (стандарттық өлшемді призма) қирататын үлгінің осьтік сығу күшінің (стандарттық өлшемдер призмаларына) осы күшке тік қиылысу аудандарына қатынасы. | |
Признанное техническое правило - техническое положение, признаваемое большинством компетентных специалистов в качестве отражающего уровень развития техники. Примечание: нормативный документ считается признанным техническим правилом. | Танылған техникалық ережелер - техниканың даму деңгейінің көрсеткіші ретінде көптеген құзіретті мамандармен танылған техникалық ереже. Ескерту: нормативтік құжат танылған техникалық ереже болып саналады. | |
Приквартирный участок — земельный участок, примыкающий к дому (квартире) с непосредственным выходом на него. | Пәтер жанындағы жер телімі - үйдің (пәтердің) тікелей шыға берісімен түйісіп тұрған жер телімі. | |
Применение международного стандарта, регионального или национального стандарта другой страны - использование международного, регионального или национального стандарта другой страны путем включения его полного содержания в отечественный нормативный документ по стандартизации. | Халықаралық стандартты, аймақтық немесе басқа елдің ұлттық стандартын қолдану - халықаралық, аймақтық немесе басқа елдің ұлттық стандартын, оның толық мазмұнын стандарттау жөніндегі отандық нормативтік құжатқа енгізу жолымен пайдалану. | |
Применение мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса - процесс, охватывающий передислокацию, хранение, ремонт, монтаж, эксплуатацию и демонтаж мобильного (инвентарного) здания, сооружения или комплекса. | Жеделәрекетті (жабдықтық) ғимаратты, имаратты немесе кешенді қолдану - жеделәрекетті (жабдықтық) ғимаратты, имаратты немесе кешенді қайта ауыстыру, сақтау, жөндеу, жинақтау, пайдалану және бөлшектеуді қамтитын процесс. | |
Применение стандарта - использование стандарта его пользователями с выполнением требований, установленных в стандарте, в соответствии с областью его распространения и сферой действия. | Стандартты қолдану - стандартта белгіленген талаптарды таралу аймағы мен қолданылу саласына сәйкес орындай отырып, пайдаланушылардың стандартты пайдалануы. | |
Пример решения узла - чертеж с изображением строительного узла, в котором значения размеров, марки изделий и материалов или другие данные требуют уточнения применительно к объекту строительства или могут быть изменены по усмотрению разработчика проекта объекта строительства. | Торапты шешу үлгісі - құрылыс торабы салынған сызба, мұнда бұйымдар мен материалдардың өлшем мәні, таңбасы немесе өзге деректері сол құрылыс нысанына қатысты нақтылауды талап етуі немесе құрылыс нысаны жобасының әзірлеушісімен өзгертілуі мүмкін. | |
Природная среда (природа) - совокупность компонентов природной среды природных и природно-антропогенных объектов. | Табиғи орта (табиғат) - табиғи және табиғи-антропогенді нысандар, табиғи ортаны құраушылардың жиынтығы. | |
Природно-антропогенный объект - природный объект, измененный в результате хозяйственной и иной деятельности, и (или) объект, созданный человеком, обладающий свойствами природного объекта и имеющий рекреационное и защитное значение. | Табиғи-антропогенді нысан - адаммен жасалған шаруашылық және басқа да әрекеттердің нәтижесінде өзгерген және (немесе) табиғи нысан қасиеттеріне ие және рекреациялық және қорғаныштық мәні бар табиғи нысан. | |
Природные ресурсы - компоненты природной среды, природные объекты и природно-антропогенные объекты, которые используются или могут быть использованы при осуществлении хозяйственной и иной деятельности в качестве источников энергии, продуктов производства и предметов потребления и имеют потребительскую ценность. | Табиғи ресурстар - шаруашылық және басқа да әрекеттерді жүзеге асыру барысында энергия көзі, өндіріс өнімі және тұтыну заттары ретінде пайдаланылатын немесе пайдаланылуы мүмкін және тұтынушылық құны бар табиғи нысандар және табиғи-антропогенді нысандар, табиғи орта құраушылары. | |
Природные системы - пространственно ограниченная совокупность функционально взаимосвязанных живых организмов и окружающей их среды, характеризующаяся определенными закономерностями энергетического состояния, обмена и круговорота веществ. | Табиғи жүйелер - заттардың белгілі бір энергетикалық жағдайы, алмасуы мен айналымы заңдылықтарымен сипатталатын қызметтік өзара байланыстағы тірі организмдер мен оларды қоршаған ортаның кеңістікпен шектелген жиынтығы. | |
Природоохранные требования (требования в области охраны окружающей среды) - предъявляемые к хозяйственной и иной деятельности обязательные условия, ограничения или их совокупность, установленные законами, иными нормативными правовыми актами, природоохран-ными нормативами, государствен-ными стандартами и иными нормативными документами в области охраны окружающей среды. | Табиғат қорғау талаптары (қоршаған ортаны қорғау саласындағы талаптар) -шаруашылық және өзге қызметтерге белгіленген заңдармен, басқа да нормативтік құқықтық актілермен, табиғат қорғау нормативтерімен, мемлекеттік стандарттармен және қоршаған ортаны қорғау саласындағы басқа да нормативтік құжаттармен белгіленген міндетті шарттар, шектеулер немесе олардың жиынтығы. | |
Пристань - специально оборудованное у берега место для стоянки речных судов. | Кемежай - өзен кемелерінің тұруы үшін жағалауда арнайы жабдықталған орын. | |
Пристройка - часть здания, предназначенная для размещения административных и бытовых помещений, отделяемая от производственных зданий и помещений противопожарными преградами. В пристройках допускается размещать (частично) инженерное оборудование. | Жапсаржай - өндірістік ғимараттар мен бөлмелерден өртке қарсы кедергілермен бөлініп тұратын, әкімшілік және тұрмыстық үй-жайларды орналастыруға арналған ғимарат бөлігі. Жапсаржайларға инженерлік жабдықтарды орналастыруға (ішінара) болады. | |
Причал - гидротехническое сооружение, имеющее устройства для безопасного подхода судов и предназначенное для безопасной стоянки судов, их загрузки, разгрузки и обслуживания, а также посадки пассажиров на суда и высадки их с судов. | Айлақ - кемелердің қауіпсіз келуі мен қауіпсіз тұруына арналған, оларға тиеу, түсіру және қызмет көрсету, сондай-ақ жолаушыларды кемелерге отырғызу мен түсіру құрылғылары бар гидротехникалық имарат. | |
Причальные сооружения - устройства или гидротехнические сооружения порта, для стоянки и обслуживания судов, посадки и высадки пассажиров, грузовых и др. портовых операций. | Айлақ имараттары - кемелердің тұрақтары және оларға қызмет көрсету, жолаушыларды, жүктерді тиеу мен түсіру және басқа да порт операцияларын жүзеге асыратын порт құрылғысы немесе гидротехникалық имараттар. | |
Причина пожара (загорания) - явление или обстоятельство, непосредственно обуславливающее возникновение пожара (загорания). | Өрт шығу (тұтану) себебі - өрттің шығуына (тұтануға) тікелей себеп болатын құбылыс немесе жағдай. | |
Приямок - местное углубление, устраиваемое в какой-либо части здания или сооружения в целях обеспечения свободного доступа обслуживающего персонала к расположенным здесь конструкциям и устройствам или улучшения пространственной связи их с окружающей средой. | Шұңқырша - таяу орналасқан құралымдар мен қондырғыларды байқап тұру үшін қызмет көрсететін жұмыскерлердің кіріп-шығуын немесе олардың қоршаған ортамен байланысын арттыруды қамтамасыз ету мақсатында ғимараттар мен имараттардың қандай да бір бөлігінде жасалған жер ойығы. | |
Проба цемента - количество цемента, отобранное от контролируемой партии (части партии) для проведения испытаний. | Цемент сынамасы - сынақ жүргізу үшін бақыланатын партиядан (партия бөлігінен) іріктеліп алынған цемент мөлшері. | |
Провал — участок земной поверхности, подвергшийся обрушению под влиянием подземных горных выработок. | Ойылым - жерасты өндіру жұмыстарының әсерінен опырылған жер бетінің телімі. | |
Проветриваемое подполье в зоне вечной мерзлоты — открытое пространство под зданием между поверхностью грунта и перекрытием первого (цокольного, технического) этажа. | Мәңгілік тоң қабатындағы желдетілетін еденасты - топырақ беті мен (шығыңқы іргелік, техникалық) бірінші қабаттың аражабыны арасындағы ашық кеңістік. | |
Провозная способность эскалатора , производительность - количество пассажиров, которое может быть перемещено эскалатором в единицу времени. | Эскалатордың тасымалдау мүмкіндігі, өнімділік - уақыт бірлігінде эскалатормен тасымал-дануы мүмкін жолаушылар саны. | |
Прогиб - вертикальное перемещение точек и оси балки (арки, рамы и т.п.) под действием силовых, температурных и др. факторов. | Иілім - күштік, температуралық және т.б. факторлардың әсерінен арқалық (арка, жақтау және т.с.с) нүктелері мен осьтерінің тігінен ығысуы. | |
Прогноз изменения природных и техногенных условий - качественная и (или) количественная оценка изменения свойств и состояния природной среды во времени и в пространстве под влиянием естественных и техногенных факторов. | Табиғи және техногенді жағдайлар өзгерісінің болжамы - табиғи және техногенді факторлардың әсерінен табиғи орта қасиеттері мен күйінің уақыт пен кеңістіктегі өзгерісін сапалық және (немесе) сандық бағалау. | |
Прогон - конструктивный элемент покрытия здания в виде балки, служащей опорой для плит покрытия и передающей нагрузки на основные несущие элементы (фермы, ригели и т.п.). | Сырғауыл - жабын табақтарына тірек қызметін атқаратын және (ферма, беларқа және т.с.с) негізгі көтергіш бөлшектерге жүктеме түсіретін ғимарат жабынының арқалық түріндегі құралымдық бөлшегі. | |
Продолжительность строительства - период времени от начала работ на строительной площадке до ввода в действие мощностей предприятий, их очередей, пусковых комплексов и отдельных объектов при полном выполнении состава работ, предусмотренных проектом. | Құрылыс ұзақтығы - жобада қарастырылған жұмыс құрамдарының толық орындалуы кезіндегі өндірістік қуаттардың, оның кезегінің, іске қосылатын кешендер мен жеке нысандардың құрылысы басталған күннен іске қосылуына дейінгі кезең. | |
Продольный изгиб в сопротивлении материалов - изгиб сжатого (первоначально прямого) стержня вследствие потери им устойчивости. | Материалдар кедергісіндегі бойлық иіліс - орнықтылығын жоғалтқаннан кейінгі сығылған (бастапқыда түзу) шыбықтың иілісі. | |
Продольный профиль трассы - профиль местности по оси трассы проектируемого сооружения. | Трассаның бойлық кескіні - жобалаудағы имарат трассасының осьі бойынша жер кескіні. | |
Продукты горения - вещество, образующееся в результате горения. | Жану өнімдері - жану нәтижесінде түзілетін зат. | |
Продукты коррозии строительного материала - вещества, образующиеся при коррозии строительных материалов. | Құрылыс материалдарының тоттану өнімдері - құрылыс материалдарының тоттануы барысында түзілетін зат. | |
Продукция строительная - законченные строительством и принятые в эксплуатацию объекты (предприятия, здания и сооружения) производственного и непроизводственного назначения. | Құрылыс өнімі - құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген өндірістік және өндірістік емес мақсаттар үшін салынған нысандар (кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттар). | |
Проезд — территория, предназначенная для движения транспорта и пешеходов, включающая однополосную проезжую часть, обочины, кюветы и укрепляющие бермы. | Өткел - бір жақты жүру бөлігінен, жол шеттері, кюветтер және бекітетін бермалардан тұратын көлік пен жаяу жүргіншілер қозғалысына арналған аумақ. | |
Проект - 1) совокупность конструкторских документов, содержащих принципиальное (эскизный П.) или окончательное (технический П.) решение, дающее необходимое представление об устройстве создаваемого сооружения (изделия) и исходные данные для последующей разработки рабочей документации; 2) проектно-сметная документация, разработанная для конкретного объекта в соответствии с требованиями СНиП на порядок разработки, согласования и утверждения проектно-сметной документации. | Жоба - 1) салынып жатқан имарат (бұйым) құрылғысы туралы түсінік пен жұмыс құжаттамасын әрі қарай әзірлеуге қажет бастапқы деректерді беретін принципті (нобайлы Ж.) немесе соңғы (техникалық Ж.) шешімнен тұратын құралымдық құжаттардың жиынтығы; 2) жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу, келісу және бекіту тәртібіне арналған ҚНжЕ талаптарына сәйкес нақты бір нысан үшін әзірленген жобалық-сметалық құжаттама. | |
Проект вертикальной планировки - технический документ, определяющий преобразование рельефа местности для инженерных целей. | Тігінен жайғастыру жобасы - инженерлік мақсаттар үшін жер бедерінің өзгеруін анықтайтын техникалық құжат. | |
Проект детальной планировки - проект, разрабатываемый для отдельных частей города на основе его генерального плана с целью выявления архитектурно-пространственного и инженерно-экономического решения застройки. | Бөлшектік жайғастыру жобасы -қаланың жекелеген бөліктері үшін оның бас жоспары негізінде құрылыстың сәулеттік-кеңістіктік және инженерлік-экономикалық шешімдерін анықтау мақсатында әзірленетін жоба. | |
Проект организации строительства (ПОС) - составная часть технического (технорабочего) проекта, определяющая общую продолжительность и промежуточные сроки строительства, распределение капитальных вложений и объемов строительно-монтажных работ, материально-технические и трудовые ресурсы и источники их покрытия, основные методы выполнения строительно-монтажных работ и структуру управления строительством объекта. | Құрылысты ұйымдастыру жобасы (ҚҰЖ) - құрылыстың жалпы ұзақтығы мен аралық мерзімін, күрделі қаржы жұмсалымдарын бөлуді және құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлемін, материалдық-техникалық және еңбек ресурстары мен оларды жабатын көздерді, құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындаудың негізгі әдістері мен нысан құрылысын басқарудың құрылымын анықтайтын техникалық (техникалық жұмыс) жобаның құрамдас бөлігі. | |
Проект производства работ (ППР) -проект, определяющий технологию, сроки выполнения и порядок обеспечения ресурсами строительно-монтажных работ и служащий основным руководящим документом при организации производственных процессов по возведению частных зданий (сооружений). | Жұмыстарды жүргізу жобасы (ЖЖЖ) - жеке ғимараттарды (имараттарды) салудың өндірістік процестерін ұйымдастыру кезінде негізгі басқару құжаты болып табылатын және құрылыс-жинақтау жұмыстарының технологиясын, мерзімін, орындалуын және ресурстармен қамтамасыз етілу тәртібін анықтайтын жоба. | |
Проектирование - разработка комплексной технической документации (проекта), содержащей технико-экономические обоснования, расчеты, чертежи, макеты, сметы, пояснительные записки и др. материалы, необходимые для строительства (реконструкции) населенных пунктов, предприятий, сооружений, производства оборудования, изделий и т.п. | Жобалау - техникалық-экономикалық негіздемесі, есептері, сызбалары, макеттері, сметалары, түсіндірме жазбахаттары және елді мекендерді, кәсіпорындарды, имараттарды салуға (қайта жаңартуға) және жабдықтарды, бұйымдар мен т.с.с. өндіруге қажет т.б. материалдары бар кешенді техникалық құжаттаманы (жобаны) әзірлеу. | |
Проектирование с применением моделей - метод разработки проектных решений при помощи моделей. | Модельдерді қолдана отырып жобалау - модельдердің көмегімен жобалық шешімдерді әзірлеу әдісі. | |
Проектирование с применением темплетов - метод разработки проектных решений при помощи темплетов. | Темплеттерді қолдана отырып жобалау - темплеттердің көмегімен жобалық шешімдерді әзірлеу әдісі. | |
Проектирование с применением темплетов и моделей - метод разработки проектных решений при помощи темплетов и (или) моделей, обеспечивающий возможность их быстрого выполнения, сравнения и выбора оптимального варианта. | Темплеттер мен модельдерді қолдана отырып жобалау - жылдам орындалу, салыстыру және оңтайлы нұсқасын таңдау мүмкіндігін қамтамасыз ететін темплеттердің және (немесе) модельдердің көмегімен жобалық шешімдерді әзірлеу әдісі. | |
Проектная документация - проект, рабочая документация, техусловия, паспорта (сертификаты) на материалы, конструкции, оборудование, комплектующие изделия, документация заводов-изготовителей и др., необходимые для выполнения строительно-монтажных работ и эксплуатации объекта, разработанные в соответствии с техническим заданием и строительными нормами. | Жобалық құжаттама - техникалық міндеттер мен құрылыс нормаларына сәйкес әзірленген құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындауға және нысандарды пайдалануға қажетті материалдардың, құралымдардың, жабдықтардың, іріктелген бұйымдардың жобасы, жұмыс құжаттамасы, техникалық шарттары, төлқұжаттары (сертификаттары), дайындаушы зауыт құжаттамасы және т.б. | |
Проектная организация - организация, выполняющая проектно-изыскательские работы. | Жобалық ұйым - жобалау-іздестіру жұмыстарын орындайтын ұйым. | |
Проектная отметка - высота точки относительно исходного уровня, заданная проектом. | Жобалық белгі - жобамен берілген нүктенің бастапқы деңгеймен салыстырғандағы биіктігі. | |
Проектная промышленная авария - промышленная авария, для которой проектом определены исходные и конечные состояния и предусмотрены системы безопасности, обеспечивающие ограничение последствий аварии установленными пределами. | Жобалық өнеркәсіптік апат - белгіленген шектеулердегі апаттың салдарын шектеуді қамтамасыз ететін қауіпсіздік жүйелері қарастырылған, бастапқы және соңғы жай-күйі жобамен анықталған өнеркәсіптік апат. | |
Проектный возраст бетона - время, в течение которого должно быть обеспечено достижение бетоном заданных требований по маркам, классам или по другим показателям, которое устанавливается в нормативно-технической документации на бетонные и железобетонные изделия или в рабочих чертежах бетонных и железобетонных монолитных сооружений. | Бетонның жобалық жасы - берілген талаптардың таңбалары, кластары немесе нормативтік-техникалық құжаттамада бетон және темірбетон бұйымдарында немесе бетонды және темірбетонды біртұтас имараттардың жұмыс сызбаларында белгіленетін басқа да көрсеткіштер бойынша қол жеткізу қамтамасыз етілуге тиіс уақыт аралығы. | |
Проекция - изображение пространственных фигур на плоскости или какой - либо поверхности. При этом проекция фигуры представляет собой совокупность проекций всех её точек. | Проекция - кеңістік кескіндерінің жазықтықта немесе қандай да бір бетте бейнеленуі. Бұл жағдайда кескін проекциясы оның барлық нүктелерінің жиынтығын көрсетеді. | |
Проем в лестничном полотне эскалатора - пространство, образованное снятыми ступенями лестничного полотна. | Эскалатордың баспалдақ төсеміндегі ойық - баспалдақ тақтасының шешіп алынған басқыштарынан құралған кеңістік. | |
Проем монтажный - отверстие в стене или перекрытии, предусмотренное проектом, для обеспечения беспрепятственного перемещения крупногабаритного оборудования или укрупненных узлов конструкций к месту монтажа или при демонтаже. | Жинақтау ойығы - көлемі ірі жабдықтардың немесе құралымдардың ірілендірілген түйіндерін жинақтау орнына немесе бөліп алу кезінде кедергісіз ауыстыру үшін жобада қарастырылған қабырғадағы немесе аражабындағы саңылау. | |
Прожектор - световой прибор, в котором свет концентрируется в ограниченном пространственном угле посредством оптической системы (зеркал или линз). | Прожектор - оптикалық жүйе (айналар немесе линзалар) арқылы шектелген кеңістік бұрышында жарықты шоғырландыратын жарық құралы. | |
Прозрачность - характеристика среды; определяется отношением потока излучения, прошедшего в среде без изменения направления распространения путь, равный единице длины, к потоку излучения, вошедшему в эту среду в виде параллельного пучка. | Мөлдірлік - орта сипаттамасы; тарату бағытының өзгеріссіз ортасынан өтетін сәулелену ағынының сол ортаға параллель шоғыр түрінде енетін сәулелену ағынының ұзындығына тең жолдың қатынасымен анықталады. | |
Производственная деятельность - совокупность действий людей с применением орудий труда, необходимых для превращения ресурсов в готовую продукцию, включающих в себя производство и переработку различных видов сырья, строительство и оказание различных видов услуг. | Өндірістік қызмет - құрамына әр түрлі шикізатты өндіруді және қайта өңдеуді, құрылысты және әр түрлі қызмет түрлері енетін ресурстарды дайын өнімге айналдыруға қажетті еңбек құралдарын қолдана отырып, адамдардың әрекет ету жиынтығы. | |
Производственная документация - совокупность документов, отражающих ход производства строительно-монтажных работ и техническое состояние объекта строительства (исполнительные схемы и чертежи, рабочие графики, акты приемки и ведомости выполненных объемов работ, общие и специальные журналы работ и др.). | Өндірістік құжаттама - құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізу және құрылыс нысанының техникалық жағдайының барысын бейнелейтін құжаттар жиынтығы (орындау сұлбалары мен сызбалары, жұмыс кескіндемелері, қабылдау актілері мен орындалған жұмыс көлемдерінің тізімдемелері, ортақ және арнайы жұмыс журналдары және т.б.) | |
Производственная санитария - система организационных, санитарно-гигиенических мероприятий, технических средств и методов, предотвращающих или уменьшающих воздействие на работающих вредных производственных факторов до значений, не превышающих допустимые. | Өндірістік санитария - жұмыс істейтін адамдарға қолданылатын шектеуден аспайтын мәнге дейінгі зиянды өндірістік факторлардың алдын алатын немесе азайтатын әдістердің, техникалық жабдықтардың және ұйымдастыру, санитарлық-гигиеналық іс-шаралардың жүйесі. | |
Производственная территория - 1) территория, выделенная для осуществления строительной или производственной деятельности с находящимися на ней строящимися или действующими зданиями и сооружениями; 2) территория, предназначенная для размещения промышленных предприятий и связанных с ними объектов, комплексов научных учреждений с их опытными производствами, коммунально-складских объектов, сооружений внешнего транспорта, путей внегородского и пригородного сообщений. | Өндірістік аумақ - 1) салынып жатқан немесе қолданыстағы ғимараттар мен имараттары бар құрылыс немесе өндірістік қызметті жүзеге асыру үшін бөлінген аумақ; 2) өнеркәсіп кәсіпорындарын және олармен байланысты нысандарды, олардың тәжірибелі өндірісі бар ғылыми мекемелер кешенін, коммуналдық-қоймалық нысандарын, сыртқы көлік имараттарын, қала ішіндегі және қала жанындағы қатынас жолдарын орналастыруға арналған аумақ. | |
Производственные огни — источники светового излучения, возникающие на предприятиях в процессе их технологической деятельности (например: огни, сопровождающие плавку, розлив и обработку металла; свечение отводимого дыма; огни факелов отходящих газов; огни сварки). | Өндірістік оттар - технологиялық қызмет процесінде кәсіпорындарда туындайтын жарықтық сәулелену көздері (мысалы: металды балқыту, құю және өңдеу үшін қолданылатын оттар, шыққан түтінді жарықтандыру; шыққан газдар жалынының оттары; пісіру оттары). | |
Производственные помещения - замкнутые пространства в специально предназначенных зданиях и сооружениях, в которых постоянно (по сменам) или периодически (в течение рабочего дня) осуществляется трудовая деятельность людей. | Өндірістік бөлмелер - адамдардың үнемі (ауысым бойынша) немесе кезеңдік (жұмыс күні бойында) еңбек әрекеті жүзеге асырылатын арнайы тағайындалған ғимараттар мен имараттардағы тұйықталған кеңістіктер. | |
Производство строительное - совокупность производственных процессов, выполняемых непосредственно на строительной площадке, включая строительно-монтажные и специальные работы в подготовительный и основной периоды строительства. | Құрылыс өндірісі - құрылыстың дайындық және негізгі кезеңдерінде жасалатын құрылыс-жинақтау және арнаулы-салалық жұмыстарды қоса алғанда, тікелей құрылыс алаңында орындалатын өндірістік процестердің жиынтығы. | |
Прокатные профили - металлические профили, полученные прокаткой. | Илемдік кескіндер - илемдеу арқылы алынатын металл кескіндер. | |
Прокладка - деталь для герметизации или регулирования положения разъемных частей двигателей, аппаратов, приборов, трубопроводов, работающих под давлением. | Аратөсем - қысым арқылы жұмыс істейтін қозғалтқыштардың ойық бөліктерінің, аппараттардың, құралдар мен құбырлардың жағдайын тығыздауға немесе реттеуге арналған бөлшек. | |
Пролет воздушной ЛЭП - расстояние между соседними опорами линии электропередачи: 100 - 200м (деревянные опоры), 250 - 400м (железобетонные опоры), 300 - 450м (металлические опоры). | Ауа ЭБЖ-нің аралығы - электр беру желілерінің көрші тіректері арасындағы ара қашықтық: 100 - 200м (ағаш тіректер), 250 - 400м (темірбетон тіректер), 300-450 м (металл тіректер). | |
Пролет (объемный) - часть объема одноэтажного здания или одного из этажей многоэтажного здания, расположенная между двумя смежными вертикальными основными координационными плоскостями, ограничивающими размер модульного пролета. | Аралық (көлемдік) - модульдік аралықтың мөлшерін шектейтін аралас екі тік негізгі үйлестіру жазықтықтарының арасында орналасқан бір қабатты ғимараттың немесе көп қабатты ғимарат қабаттары бірінің көлем бөлігі. | |
Пролет расчетный - расстояние между осями опорных частей, а при их отсутствии между осями опор или условных точек опирания горизонтальной конструкции, перекрывающей пролет. | Есептік аралық - тірек бөліктері осьтерінің арасының ара қашықтығы, ал тірек осьтерінің арасы болмаған жағдайда ол аралықты жабатын көлденең құралымдар сүйенетін шартты нүктелердің аралығы. | |
Пролетное строение моста - конструкция, перекрывающая пролет между опорами моста и предназначенная для восприятия нагрузок (от транспортных средств, ветра и др.). | Көпірдің аралық құрылымы - көпір тіректері аралығындағы аралықты жабатын және (көлік құралдарынан, желден және т.б. болатын) жүктемелерді қабылдау үшін арналған құралым. | |
Пролив опасных химических веществ - вытекание при разгерметизации из технологических установок, емкостей для хранения или транспортирования опасного химического вещества или продукта в количестве, способным вызвать химическую аварию. | Қауіпті химиялық заттардың ағуы - химиялық апатты тудыруы мүмкін көлемдегі қауіпті химиялық затты немесе өнімді сақтау немесе тасымалдау үшін технологиялық құрылғылардан, сыйымдылықтардан олардың тығынын ашу кезінде ағып кетуі. | |
Промышленная авария - авария на промышленном объекте, в технической системе или на промышленной установке. | Өнеркәсіптік апат - өнеркәсіп нысанындағы, техникалық жүйедегі немесе өнеркәсіп қондырғысындағы апат. | |
Промышленная безопасность в чрезвычайных ситуациях (промышленная безопасность в ЧС) - состояние защищенности населения, производственного персонала, объектов народного хозяйства и окружающей природной среды от опасностей, возникающих при промышленных авариях и катастрофах в зонах чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайлардағы өнеркәсіптік қауіпсіздік (ТЖ өнеркәсіптік қауіпсіздік) - халықтың, өндіріс қызметкерлерінің, халық шаруашылығы нысандары мен қоршаған табиғи ортаның өнеркәсіптік апаттар мен төтенше жағдайлар аймақтарындағы жарылыстар кезінде туындайтын қауіптерден қорғану жағдайы. | |
Промышленная безопасность опасных производственных объектов (промышленная безопасность) - состояние защищенности жизненно важных интересов личности и общества от аварий на опасных производственных объектах и последствий указанных аварий. | Қауіпті өндірістік нысандардың өнеркәсіп қауіпсіздігі (өнеркәсіп қауіпсіздігі) - қауіпті өндірістік нысандардағы апаттар мен көрсетілген апаттар салдарынан жеке тұлғалар мен қоғамның өмірлік маңызды мүдделерінің қорғану жағдайы. | |
Промышленная графика - вид прикладной художественной графики - рекламные проспекты, афиши, товарные и фирменные знаки, этикетки, упаковка промышленных товаров, плакаты, средства информации по технике безопасности, различные бланки фирменной технической документации и т.д. | Өнеркәсіптік кескіндеме - қолданбалы көркем кескіндеме түрі - жарнамалық даңғылдар, хабарландырулар, тауарлық және фирмалық белгілер, өнеркәсіп тауарларының ораулары, плакаттар, қауіпсіздік техникасы бойынша ақпарат құралдары, фирмалық техникалық құжаттаманың әр түрлі бланктері және т.б. | |
Промышленная катастрофа - крупная промышленная авария, повлекшая за собой человеческие жертвы, ущерб здоровью людей либо разрушения и уничтожение объектов, материальных ценностей в значительных размерах, а также приведшая к серьезному ущербу окружающей природной среде. | Өнеркәсіптік апат - нәтижесінде адам өлімі болатын, адам денсаулығына зиян келетін немесе нысандар, материалдық құндылықтар елеулі мөлшерде бұзылатын және жойылатын, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаны үлкен шығынға ұшырататын ірі өнеркәсіптік апат. | |
Промышленность строительных материалов - изготовление в промышленных условиях материалов (в том числе штучных), предназначенных для создания строительных конструкций зданий и сооружений и изготовления строительных изделий. | Құрылыс материалдарының өнеркәсібі - ғимараттар мен имараттардың құрылыс құралымдарын жасауға және құрылыс бұйымдарын дайындауға арналған материалдарды (соның ішінде даналық) өнеркәсіптік жағдайларда дайындау. | |
Промышленные здания - производственные здания для размещения технологического, энергетического и др. оборудования и создания условий осуществления технологического процесса и выпуска готовой продукции. | Өнеркәсіп ғимараттары - технологиялық, энергетикалық және басқа да жабдықтарды орналастыруға және технологиялық процестерді жүзеге асыруға, дайын өнімдерді шығаруға арналған өндірістік ғимараттар. | |
Промышленные сооружения - сооружения, выполняющие определенные функции в производственном процессе либо предназначенные для восприятия нагрузок от технологического оборудования, коммуникаций и пр. | Өнеркәсіп имараттары - өндірістік процесте белгілі бір қызметтерді орындайтын немесе технологиялық жабдықтардан, коммуникациялардан және басқалардан болатын жүктемелерді қабылдауға арналған имараттар. | |
Промышленный узел - группа предприятий с общими объектами. | Өнеркәсіп торабы - ортақ нысандары бар кәсіпорындар тобы. | |
Прослойка — промежуточный слой пола, связывающий покрытие с нижележащим слоем пола или служащий для покрытия упругой постелью. | Қабатша - жабынды еденнің төменгі қабатымен байланыстыратын немесе жабын үшін серпімді төсем қызметін атқаратын еденнің аралық қабаты. | |
Пространственная система в строительной механике - система несущей конструкции (её расчетная схема), характеризующаяся пространственным распределением усилий в ее элементах. | Құрылыс механикасындағы кеңістік жүйе - элементтеріндегі күштердің кеңістікке бөлінуімен сипатталатын көтергіш құралымның жүйесі (оның есептік сұлбасы). | |
Противодымная защита - комплекс организационных мероприятий и технических средств, направленных на предотвращение воздействия на людей дыма, повышенной температуры и токсичных продуктов горения. | Түтінге қарсы қорғаныш - адамдарға әсер ететін түтіннің, жоғары температураның және улы жанатын өнімдердің алдын алуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық жабдықтардың кешені. | |
Противоизносные свойства - эксплуатационные свойства, характеризующие особенности и результаты процессов изнашивания трущихся поверхностей, которые могут протекать в присутствии топлива при его применении в технике. | Тозуға қарсы қасиеттер - техникада отынды қолдану және пайдалану кезінде орын алатын үйкелістер нәтижесінде беттердің тозу процестерінің ерекшеліктері мен нәтижелерін сипаттайтын пайдалану қасиеттері. | |
Противоморозныс добавки - вещества, понижающие температуру замерзания воды и способствующие твердению бетона при отрицательных температурах. | Аязға қарсы қоспалар - кері температура кезінде судың қату температурасын төмендететін және бетонның қатуына жағдай жасайтын заттар. | |
Противопожарная преграда - конструкция с нормируемым пределом огнестойкости, препятствующая распространению огня из одной части здания в другую. | Өртке қарсы тосқауыл - ғимараттың бір бөлігінен екіншісіне оттың таралуына кедергі болатын, отқа төзімділігінің нормаланған шегі бар құралымдар. | |
Противопожарная стена, брандмауэр - предназначается для разобщения смежных помещений одного здания либо двух смежных зданий с целью задержания распространения пожара. | Өртке қарсы қабырға, брандмауэр - өрттің таралуына мүмкіндік бермеу мақсатында екі жапсарлас ғимараттың немесе ғимараттың жапсарлас бөлмелерін ажырату үшін қолданылады. | |
Противопожарное водоснабжение - комплекс инженерно-технических сооружений, предназначенных для забора и транспортирования воды, хранения ее запасов и использования их для пожаротушения. | Өртке қарсы сумен жабдықтау - өрт сөндіру үшін суды жинақтау және тасымалдау, оның қорларын сақтауға және пайдалануға арналған инженерлік-техникалық имараттар кешені. | |
Противопожарное мероприятие - мероприятие организационного и (или) технического характера, направленное на соблюдение противопожарного режима, создание условий для заблаговременного предотвращения и (или) быстрого тушения пожара. | Өртке қарсы іс-шаралар - өртке қарсы режимді сақтауға, өрттің деркезінде алдын алу және (немесе) өртті тез сөндіру жағдайларын жасауға бағытталған ұйымдастыру және (немесе) техникалық сипаттағы іс-шаралар. | |
Противопожарное состояние объекта - состояние объекта, характеризуемое числом пожаров и ущербом от них, числом загораний, а также травм, отравлений и погибших людей, уровнем реализации требований пожарной безопасности, уровнем боеготовности пожарных подразделений и добровольных формирований, а также противопожарной агитации и пропаганды. | Нысанның өртке қарсы жағдайы - өрттердің санымен және олардан болған шығындармен, жану санымен, сондай-ақ адамдардың жарақатымен, улануларымен және өлімдерімен, өрт қауіпсіздігінің талаптарын іске асыру деңгейімен, өрт бөлімшелері мен ерікті құрылымдардың жауынгерлік дайындығы деңгейімен, сондай-ақ өртке қарсы үгіт жүргізу және насихаттау деңгейімен сипатталатын нысанның жағдайы. | |
Противопожарный режим - 1) правила поведения людей, порядок организации производства и (или) содержания помещений (территорий), обеспечивающие предупреждение нарушений требований пожарной безопасности и тушение пожаров; 2) комплекс установленных норм поведения людей, правил выполнения работ и эксплуатации объекта (изделия), направленный на обеспечение его пожарной безопасности. | Өртке қарсы режим - 1) адам әрекетінің ережелері, өндірісті ұйымдастыру және (немесе) өрт қауіпсіздігі мен өрт сөндіру талаптарының бұзылуының алдын алуды қамтамасыз ететін жайларды (аумақтарды) ұстау тәртібі; 2) адамдардың белгіленген тәртіп нормаларының, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған нысанның (бұйымның) жұмыстарын орындау және пайдалану ережелерінің кешені. | |
Противорадиационное укрытие (ПРУ) - защитное сооружение, предназначенное для укрытия населения от поражающего воздействия ионизирующих излучений и для обеспечения его жизнедеятельности в период нахождения в укрытии. | Радиацияға қарсы жасырын орын (РҚЖ) - халықтың иондалған сәулелердің зиянды әсерінен жасырынуы үшін және жасырын орында отырған кезеңде оның өмірлік іс-әрекетін қамтамасыз етуге арналған қорғаныш имараты. | |
Противофильтрационная завеса - вертикальная или наклонная водонепроницаемая для фильтрации потока преграда, создаваемая в подпорных гидротехнических сооружениях, грунте основания подпорного сооружения и в береговых его примыканиях для удлинения путей фильтрации. | Сүзуге қарсы перде - тежеуіш гидротехникалық имараттарда, тежеуіш имараттың негіздеу топырағында және сүзілу жолын ұзарту үшін оның жағалау қиылыстарында жасалған ағынды сүзуге арналған су өткізбейтін тік немесе еңіс тосқауыл. | |
Противоэрозионные мероприятия - совокупность научно обоснованных приемов защиты почв, грунтов от водной, ветровой и механической эрозии. | Эрозияға қарсы іс-шаралар - топырақты сулы, желді және механикалық эрозиялардан қорғаудың ғылыми негізделген тәсілдерінің жиынтығы. | |
Профессиональное заболевание - хроническое или острое заболевание работающего, являющееся результатом воздействия вредного производственного фактора. | Кәсіби ауру - жұмыс істейтін адамның зиянды өндірістік факторлар нәтижесінен болатын созылмалы немесе жіті аурумен сырқаттануы. | |
Профилактика возникновения источников чрезвычайной ситуации (профилактика возникновения источников ЧС) - проведение заблаговременных мероприятий по недопущению и (или) устранению причин и предпосылок возникновения источников чрезвычайной ситуации антропогенного происхождения, а также по ограничению ущерба от них. | Төтенше жағдай көздерінің пайда болуының алдын алу (ТЖ көздері пайда болуының алдын алу) - антропогендік шығу тегіндегі төтенше жағдай көздерінің пайда болу себептері мен салдарларын болдырмау және (немесе) жою, сондай-ақ олардан болатын шығындарды шектеу жөніндегі іс-шаралардың деркезінде жүргізілуі. | |
Профиль асбестоцементного листа - геометрическая форма поперечного сечения асбестоцементного волнистого листа. | Асбестоцементті табақтың кескіні - асбестоцементті толқынды табақтың көлденең қиылысының геометриялық пішіні. | |
Профиль местности - проекция следа сечения местности вертикальной плоскостью, проходящей через две точки на эту плоскость. | Жер кескіні - тік жазықтықтағы жер қиылысы ізінің осы жазықтыққа екі нүкте арқылы өтетін кескіні. | |
Профиль металлический - изделие, полученное прокаткой, прессованием, формовкой. Различают квадратный, круглый, полосовой, угловой, двутавровый, швеллерный профили. | Металл кескіні - илемдеу, сығымдау, пішіндеу арқылы алынатын бұйым. Шаршы, дөңгелек, тілім, бұрыштық, қостабанды, швеллерлі болып ажыратылады. | |
Прочность - свойство материалов в определенных условиях и пределах, не разрушаясь, воспринимать те или иные воздействия (нагрузки, неравномерные температурные, магнитные, электрические и др. поля, неравномерное протекание физико-химических процессов в различных частях тела и др.). | Беріктік - материалдардың белгіленген жағдайлар мен шектеулерде бұзылмай, қандай да бір әсерлерді (жүктемелерді, біркелкі емес температуралы, магниттік, электрлік және басқа да өрістерді, дененің әр түрлі бөліктеріндегі физикалық-химиялық процестердің біркелкі жүрмеуін) қабылдай білу қасиеті. | |
Прочность бетона отпускная - нормируемая прочность бетона, элементов бетонных и железобетонных конструкций к моменту отпуска их с предприятия-изготовителя. | Бетонды шығару беріктігі - дайындаушы-кәсіпорындардан бетон және темірбетон құралымдары элементтерін шығару сәтіндегі олардың нормаланған беріктігі. | |
Прочность бетона передаточная - нормируемая прочность бетона предварительно напряженных конструкций к моменту передачи предварительного напряжения на бетон (отпуск натяжения арматуры). | Бетонға берілген беріктік - алдын ала кернеуленген темірбетон құралымдары кернеуінің бетонға (созылған арматураны босатқандағы) берілу кезіндегі бетонның нормаланған беріктігі. | |
Прочность клеевых соединений - количественная характеристика способности клеевого соединения сопротивляться разрушению под действием механических нагрузок. | Желім қосылыстарының беріктігі - желім қосылыстарының механикалық жүктемелер әрекетінен бұзылуға қарсы тұру қабілеттілігінің сандық сипаттамасы. | |
Прочность раствора - свойство затвердевшего строительного раствора, не разрушаясь, воспринимать различные виды нагрузок и воздействий. | Ерітінді беріктігі - қатқан құрылыс ерітіндісінің жүктемелер мен әсерлердің әр түрін бұзылмай қабылдау қасиеті. | |
Прямая лопата - наиболее распространенный тип рабочего оборудования одноковшового экскаватора; обеспечивает разработку грунта выше уровня его установки. | Тік күрек - бір ожаулы экскаватордың жұмыс жабдығының неғұрлым кең тараған түрі; топырақтың өз қалпынан жоғары деңгейде өңделуін қамтамасыз етеді. | |
Прямое управление — использование ручных коммутационных аппаратов в линиях осветительной сети (автоматов, рубильников, выключателей и т. п.), устанавливаемых на щитах трансформаторных подстанций и электропомещений, на вводно-распределительных устройствах, ответвлениях от силовых магистралей, магистральных распределительных пунктах, по длине линий питающей осветительной сети, на вводах групповых щитков. | Тікелей басқару - трансформаторлық қосалқы станциялар мен электрлік жайлардың қалқандарында, енгізу-тарату құрылғыларында, күштік магистралдар тармақтарында, магистралдық тарату пункттерінде орнатылған жарық беру желілеріндегі (автоматтардағы, ажыратқыштардағы, айырғыштардағы және т.б.) коммутациялық қол аппараттарын топтық қалқандарды енгізуде қоректік жарық беру желісінің ұзындығы бойынша пайдалану. | |
Пудр-клозет — туалет, в котором фекальные отходы подвергаются обработке порошкообразным составом, как правило, торфом и содержатся в сухом виде в изолированной емкости (осмоленный ящик с крышкой) до образования компоста. | Ұлпа-клозет - фекальдық қалдықтардың ұнтақ күйдегі құрамда, әдетте, торф тәрізді құрғақ түрде оқшауланған сыйымдылықта (қақпақты шайырланған жәшік) компост жасалғанша ұсталып өңделетін туалет. | |
Пулестойкое стекло - защитное стекло, выдерживающее воздействие огнестрельного оружия и препятствующее сквозному проникновению поражающего элемента. | Оққатөзімді шыны - дәрімен атылатын қарудың ықпалын ұстайтын және зиянды элементтің саңылаулап өтуіне қарсы тұратын қорғаныш шыны. | |
Пулестойкость - способность преграды противостоять сквозному пробитию пулями и отсутствие при этом опасных для человека вторичных поражающих элементов. | Оққатөзімділік - тосқауылдың оқтың саңылаулап өтуіне қарсы тұру қабілеттілігі және бұл жағдайда адам үшін қауіпті зиянды қайталама элементтердің болмауы. | |
Пункт раздельный - станция, разъезд, обгонный пункт и путевой пост, а при автоблокировке - проходной светофор, разделяющие дорожную линию на перегоны. | Жеке пункт - станция, бекет, айналма жол және жол күзеті, ал автоқоршау кезінде жол бойын аралықтарға бөлетін өтпелі бағдаршам. | |
Пункт управления ЧС - оборудованное и оснащенное необходимыми техническими средствами и системами жизнеобеспечения место, транспортное средство или инженерное сооружение, с которого соответствующие органы руководства и повседневного управления ЧС осуществляют управление силами и средствами ликвидации чрезвычайных ситуаций. | ТЖ басқару пункті - ТЖ басшылығы мен күнделікті басқарудың тиісті органдары төтенше жағдайлардың күшпен және жою жабдықтарымен басқарылуын жүзеге асыратын қажетті техникалық құралдармен және өмірлік қамсыздандыру жүйелерімен жабдықталған және жасақталған орын, көлік құралдары немесе инженерлік имарат. | |
Пусковой комплекс - совокупность объектов (или их частей) основного, подсобного и обслуживающего назначения, которые обеспечивают выпуск продукции или оказание услуг, предусмотренных проектом, и могут эксплуатироваться. | Іске қосу кешені - негізгі, қосалқы және қызмет көрсету бағытында өнімнің шығарылуын немесе жобамен қарастырылған қызмет көрсетулерді қамтамасыз ететін және пайдаланылуы мүмкін нысандардың (немесе олардың бөліктерінің) жиынтығы. | |
Пусконаладочные работы - комплекс работ, выполняемых в период подготовки и проведения индивидуальных испытаний и комплексного опробования оборудования. Примечание: пусконаладочные работы оплачивает заказчик за счет сводной сметы на ввод предприятий, зданий и сооружений в эксплуатацию, утвержденной в установленном порядке. | Іске қосып баптау жұмыстары - жеке сынақтар мен кешендік сынамалау жабдықтарын дайындау және жүргізу кезеңінде орындалатын жұмыстар кешені. Ескерту: іске қосып баптау жұмыстарын тапсырыс беруші кәсіпорындарды, ғимараттар мен имараттарды пайдалануға енгізуде белгіленген тәртіп бойынша бекітілген жиынтық сметасы есебінен төлейді. | |
Путепровод - сооружение мостового типа, служащее для пропуска одной дороги над другой с целью создания пересечения дорог в разных уровнях. | Жолөткел - жолдардың әр түрлі деңгейде қиылысуын жасау мақсатында бір жолды екінші жолдың үстінен өткізу үшін қызмет ететін көпір түріндегі имарат. | |
Путеукладчик - комплект машин и оборудования для транспортирования и укладки рельсо-шпальной решетки ж/д пути при строительстве и ремонте ж/д. | Жол салушы - т/ж құрылысын салу және жөндеу кезінде т/ж жолының рельстік-шпалды торын тасымалдау және салуға арналған машиналар мен жабдықтар жиыны. | |
Пути эвакуации - проходы, обеспечивающие эвакуацию людей из зданий и сооружений через различные помещения, коридоры, лестнично-лифтовые узлы, галереи, балконы и т.п. | Көшіру жолдары - ғимараттар мен имараттардан әр түрлі бөлмелер, дәліздер, сатылы-лифтілі бөлімдер, галереялар, балкондар т.с.с. арқылы халықты көшіруді қамтамасыз ететін өтпе жолдар. | |
Пылемер - прибор для измерений запыленности воздуха непосредственно на месте замера. | Шаңөлшеуіш - ауаның шаңдылығын тікелей өлшеу орнында өлшеуге арналған құрал. | |
Пылеуловители (пылеотделители) -устройства для улавливания (отделения) пыли и других механических примесей из воздушных (газовых) потоков в системах вытяжной вентиляции и промышленных установках очистки газа. | Шаңтұтқыштар (шаңбөлгіштер) - сорма, желдету жүйелеріндегі және өнеркәсіптік газ тазалау қондырғыларындағы ауа (газ) ағындарынан шаңды және басқа да механикалық қоспаларды ұстауға арналған құрылғылар. | |
Пятно - зона другой окраски керамической плитки размером более 2 mm, отличающаяся от основного цвета. | Дақ - керамикалық тақташаның негізгі түрінен көлемі 2 mm артық айрықшаланатын өзге түсті бояу аймағы. | |
Работник - физическое лицо, работающее в организации на основе трудового договора (контракта). | Қызметкер - еңбек шарты (келісімшарты) негізінде ұйымда жұмыс істейтін жеке тұлға. | |
Работодатель - организация (юридическое лицо), представляемая ее руководителем (администрацией), либо физическое лицо, с которым работник состоит в трудовых отношениях. | Жұмыс беруші - басшысы (әкімшілік) арқылы көрінетін ұйым (заңды тұлға) немесе жұмысшымен еңбек қатынастарын жасайтын жеке тұлға. | |
Работоспособное состояние - состояние объекта, при котором значения всех параметров, характеризующих способность выполнять заданные функции, соответствуют требованиям нормативно-технической и (или) конструкторской документации. | Жұмысқа қабілетті күй - нысанның берілген қызметтерді орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлері мәндерінің нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық құжаттардың талаптарына сәйкес келетін күйі. | |
Работы геодезические - измерения и построения, обеспечивающие соответствие геометрических параметров объекта строительства проекту и включающие создание геодезической разбивочной основы, производство разбивочных работ в процессе строительства, геодезический контроль геометрической точности выполнения строительно-монтажных работ и геодезические наблюдения за деформациями строящихся зданий и сооружений. | Геодезиялық жұмыстар - құрылыс нысанының геометриялық параметрлерінің жобаға сәйкестігін қамтамасыз ететін өлшеулер мен құрылымдар және оған енетін геодезиялық бөлу негізін жасау, құрылыс процесінде бөлу жұмыстарын жүргізу, құрылыс-жинақтау жұмыстарының геометриялық дәлдігін геодезиялық бақылау және салынып жатқан ғимараттар мен имараттардың деформациясын геодезиялық бақылаулар. | |
Работы зимние - строительные работы, выполняемые в периоды года с отрицательными температурами воздуха и требующие проведения специальных мероприятий по защите от низких температур, которые нормируются для различных районов соответственно температурным зонам. | Қысқы жұмыстар - жылдың ауа температурасы төмен мерзімінде жүргізілетін және температуралық аймақтарға сәйкес түрлі аудандарға нормаланатын төмен температуралардан қорғау бойынша арнайы шаралар жүргізуді талап ететін құрылыс жұмыстары. | |
Работы и затраты прочие - работы и затраты, не включаемые в единичные расценки на общестроительные и специальные работы, ценники на монтаж оборудования и учитываемые в сводной смете на строительство на основании сметных расчетов. | Жұмыстар мен басқа да шығындар - жалпықұрылыс және арнайы жұмыстардың бірлік бағалауына және жабдықтарды орнатудың баға көрсеткішіне еңгізілмейтін және құрылыстың жалпы сметасында сметалық есептер негізінде ескерілетін жұмыстар мен шығындар. | |
Работы скрытые - отдельные виды работ (устройство фундаментов, гидроизоляции, установка арматуры и закладных изделий в железобетонных конструкциях и т.п.), которые недоступны для визуальной оценки приемочными комиссиями при сдаче объекта строительства в эксплуатацию и скрываемые последующими работами и конструкциями. | Жасырын жұмыстар - құрылыс нысанын пайдалануға берген кезде қабылдау комиссиясы көзбен көру арқылы тексере алмайтын және кейін орындалатын жұмыстар нәтижесінде құралымдармен жабылып қалатын кейбір жұмыс түрлері (іргетастарды орнату, гидрооқшаулау, темірбетон құралымдарының ішіне арматура және төсейтін бұйымдарды орнату және т.б.). | |
Работы специальные - работы, включающие изоляцию, укрепление грунтов, монтаж технологического оборудования, трубопроводов, средств контроля и автоматики, электромонтажные работы и др. | Арнайы жұмыстар - оқшаулау, топырақты нығайту, технологиялық жабдықтарды, құбырларды, бақылау және автоматика құралдарын жинақтау, электр орнату және т.б. қосатын жұмыстар. | |
Работы строительно-монтажные - комплекс работ, выполняемый при возведении зданий и сооружений, включающий общестроительные, отделочные, санитарно-технические, специальные, а также монтажные работы. | Құрылыс-жинақтау жұмыстары - құрамына жалпықұрылыстық, әрлеу, санитарлық-техникалық, арнайы және жинақтау жұмыстары енетін ғимараттар мен имараттарды салу кезінде орындалатын жұмыстар кешені. | |
Рабочая ветвь лестничного полотна - лестничное полотно, расположенное в пассажирской зоне. | Баспалдақ тақтасының жұмыс тармағы - жолаушылар аймағында орналасқан баспалдақ тақтасы. | |
Рабочая ветвь направляющей ступени (поручня) - направляющая, расположенная в пассажирской зоне. | Бағыттағыш басқыштың (тұтқаның) жұмыс тармағы - жолаушылар аймағында орналасқан бағыттағыш. | |
Рабочая зона - 1) пространство над уровнем пола или рабочей площадки высотой 2 м при выполнении работы стоя или 1,5 м. при выполнении работы сидя; 2) пространство, ограниченное по высоте 2 м над уровнем пола или площадки, на которых находятся места постоянного или непостоянного (временного) пребывания работающих. | Жұмыс аймағы - 1) еден немесе жұмыс алаңының үстіндегі кеңістік, биіктігі жұмыс тұру арқылы істелетін болса 2 м, отыру арқылы істелетін болса - 1,5 м.; 2) еден немесе алаң деңгейінен 2 м биіктікпен шектелген жұмыскерлердің тұрақты немесе тұрақты емес (уақытша) жұмыс істейтін орындары орналасқан кеңістік. | |
Рабочая изоляция - электрическая изоляция токоведущих частей электроустановки, обеспечивающая ее нормальную работу и защиту от поражения электрическим током. | Жұмыс оқшаулауышы - электр қондырғының қалыпты жұмысын және электр тогымен зақымданудан қорғауды қамтамасыз ететін ток жүретін бөліктерді электрлік оқшаулау. | |
Рабочая площадь - площадь хозяйственно-бытовых и иных строений подсчитываемая как сумма площадей помещений производственного или хозяйственного назначения. | Жұмыс ауданы - өндірістік немесе шаруашылық мақсаттағы жайлардың аудандарының қосындысы болып есептелетін шаруашылық-тұрмыстық және өзге де құрылыстардың ауданы, | |
Рабочая поверхность — 1) поверхность, на которой производится работа и нормируется или измеряется освещенность; 2) поверхность формы и ее элементов, соприкасающаяся с бетоном. | Жұмыс беті - 1) жұмыс жүргізілетін және жарықталуы нормаланатын немесе өлшенетін бет; 2) үлгі және оның бөлшектерінің бетонмен түйісетін беті. | |
Рабочее место - 1) место, в котором работник должен находиться или в которое ему необходимо прибыть в связи с его работой, и которое прямо или косвенно находится под контролем работодателя; 2) место постоянного или временного пребывания работающих в процессе трудовой деятельности. | Жұмыс орны - 1) жұмыскер жұмысына байланысты болуы тиіс немесе келуі қажет тура немесе жанама түрде жұмыс берушінің бақылауындағы орын; 2) жұмыскерлер еңбек процесінде тұрақты немесе уақытша болатын орын. | |
Рабочее освещение — освещение, обеспечивающее нормируемые осветительные условия (освещенность, качество освещения) в помещениях и в местах производства работ вне зданий. | Жұмыс жарығы - үй-жайлар мен ғимараттардың сыртында жұмыс жүргізілетін жерлерде нормаланған жарық жағдайларын (жарықталуды, жарық сапасын) қамтамасыз ететін жарық. | |
Рабочее положение опалубки - проектное положение опалубки, подготовленной для укладки бетонной смеси. | Қалыптың жұмыс орны - бетон қоспасын салуға дайындалған қалыптың жобалық орны. | |
Рабочий макет - макет, собранный на стадии разработки рабочей документации с использованием темплетов и (или) моделей. | Жұмыс макеті - жұмыс құжаттарын жасау кезеңінде темплеттер және (немесе) модельдер қолданылып жиналған макет. | |
Рабочий тормоз эскалатора - устройство, предназначенное для остановки лестничного полотна эскалатора при отключении электродвигателя. | Эскалатордың жұмыс тежегіші - электр қозғалтқыш өшірілгенде эскалатордың баспалдақ тақтасын тоқтатуға арналған құрылғы. | |
Рабочий чертеж узла - чертеж с изображением строительного узла со всеми размерами, марками соединительных и крепежных изделий, данными по примененным материалам, другими данными, необходимыми и достаточными для выполнения строительных и монтажных работ. | Түйіннің жұмыс сызбасы - барлық өлшемдер, қосу және бекіту бұйымдарының таңбалары, пайдаланған материалдар туралы мәліметтер және құрылыс пен жинақтау жұмыстарын жүргізуге қажетті және жеткілікті басқа да мәліметтер көрсетілген құрылыс түйінінің сызбасы. | |
Равномерно-распределенная нагрузка - сплошная нагрузка постоянной интенсивности. | Біркелкі таратылған жүктеме - қарқындылығы тұрақты тұтас жүктеме. | |
Радиатор - нагревательный прибор, применяемый в системах отопления зданий, помещений. | Радиатор - ғимараттарды, үй-жайларды жылыту жүйелерінде пайдаланылатын жылыту аспабы. | |
Радиационная авария - авария на радиационно-опасном объекте, приводящая к выходу или выбросу радиоактивных веществ и (или) ионизирующих излучений за предусмотренные проектом для нормальной эксплуатации данного объекта границы в количествах, превышающих установленные пределы безопасности его эксплуатации. | Радиациялық апат - нысан шекараларында жобамен көзделген қалыпты пайдалану шегінен тыс жерге радиоактивті заттар және (немесе) иондаушы сәулелердің белгіленген пайдалану қауіпсіздігі шегінен асатын мөлшерде шығуына немесе шығарылуына әкеліп соғатын радиациялық қауіпті нысандағы апат. | |
Радиационная безопасность населения - состояние защищенности настоящего и будущего поколений людей от вредного для их здоровья воздействия ионизирующего излучения. | Халықтың радиациялық қауіпсіздігі - адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының денсаулықтарына зиянды иондаушы сәулелер әсерінен қорғалған жағдайы. | |
Радиационнозащитный костюм - костюм для защиты при выполнении работ в условиях ионизирующих излучений. | Радиациядан қорғау костюмі - иондаушы сәулелер жағдайында жұмыс жүргізгенде киетін қорғаныш костюмі. | |
Радиационно-опасный объект - объект, на котором хранят, перерабатывают, используют или транспортируют радиоактивные вещества, на котором при аварии или его разрушении может произойти облучение ионизирующим излучением или радиоактивное заражение людей, сельскохозяйственных животных и растений, загрязнеие объектов народного хозяйства, окружающей природной среды. | Радиациялық қауіпті нысан - радиоактивті заттарды сақтайтын, өңдейтін, пайдаланатын немесе тасымалдайтын нысан, онда апат болған немесе ол қираған жағдайда адамдардың, ауылшаруашылық малдарының және өсімдіктердің, халық шаруашылығы нысандарының, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаның иондық сәулелермен сәулеленуі немесе радиоактивті ластануы болуы мүмкін нысан. | |
Радиационный контроль - контроль за соблюдением норм радиационной безопасности и основных санитарных правил работы с радиоактивными веществами и иными источниками ионизирующего излучения, а также получение информации об уровнях облучения людей и о радиационной обстановке на объекте и в окружающей среде. Примечание: выделяют дозиметрический и радиометрический контроль. | Радиациялық бақылау - радиациялық қауіпсіздік нормалары мен радиактивті заттармен және басқа да иондаушы сәулелер көзімен жұмыс істеудің негізгі санитарлық ережелерін сақтауды бақылау, сонымен қатар адамдардың сәулелену деңгейі туралы және нысандағы, қоршаған ортадағы радиациялық жағдай туралы ақпарат алу. Ескерту: дозиметриялық және радиометриялық бақылау болып бөлінеді. | |
Радиоактивное загрязнение - загрязнение поверхности Земли, атмосферы, воды либо продовольствия, пищевого сырья, кормов и различных предметов радиоактивными веществами в количествах, превышающих уровень, установленный нормами радиационной безопасности и правилами работы с радиоактивными веществами. | Радиоактивтік ластану - Жер бетінің, атмосфераның, судың немесе азық-түліктің, азық шикізаттарының, жем-шөптің және түрлі заттардың радиоактивті заттармен радиациялық қауіпсіздік нормалары және радиоактивті заттармен жұмыс істеу ережелерінде белгілеген деңгейден асатын мөлшерде ластануы. | |
Радиоизотопный пожарный извещатель - дымовой пожарный извещатель, срабатывающий в результате влияния продуктов горения на ионизационный ток рабочей камеры извещателя. | Радиоизотопты өрт дабылы - жану өнімдерінің дабылдың жұмыс камерасының иондаушы тогына әсері нәтижесінде қосылатын түтінді өрт дабылы. | |
Радиометрический контроль - комплекс организационных и технических мероприятий по определению интенсивности ионизирующего излучения радиоактивных веществ, содержащихся в окружающей среде, или степени радиоактивного загрязнения людей, сельскохозяйственных животных и растений, окружающей природной среды. | Радиометриялық бақылау - қоршаған ортадағы радиоактивті заттардың иондық сәулесінің қарқынын немесе адамдардың, техниканың, ауылшаруашылық малдары мен өсімдіктерінің, қоршаған табиғи ортаның радиоактивті ластануын анықтауға бағытталған ұйымдастыру және техникалық шаралардың кешені. | |
Радионуклид - радиоактивные атомы с данным массовым числом и атомным номером, а для изомерных атомов - и с данным определенным энергетическим состоянием атомного ядра. Радионуклиды элемента называют его изотопами. | Радионуклид - берілген массалық санды және атомдық нөмерлі, ал изомерлік атомдар - сондай-ақ атом ядросының белгілі бір энергетикалық күйіндегі радиоактивтік атомдар. Элемент радионуклидтерін оның изотоптары деп атайды. | |
Разбивочная сеть - геодезическая сеть, создаваемая для перенесения проекта в натуру. | Бөлшектеу торабы - жобаны нақты өлшемдерге көшіру үшін жасалатын геодезиялық торап. | |
Разбивочный чертеж - чертеж, содержащий все необходимые данные для перенесения отдельных элементов сооружения в натуру. | Бөлшектеу сызбасы - құрылыстың бөлшектерін нақты өлшемдерге көшіруге арналған барлық қажетті деректері бар сызба. | |
Разведка в зоне чрезвычайной ситуации (разведка в зоне ЧС) - вид обеспечения действий сил и средств ЧС, заключающийся в сборе и передаче органам повседневного управления и силам достоверных данных об обстановке в зоне чрезвычайной ситуации, необходимых для эффективного проведения неотложных работ и организации жизнеобеспечения населения. Примечание: выделяют следующие виды разведки: биологическая, инженерная, медицинская, радиационная, санитарно-эпидемиологическая и химическая. | Төтенше жағдай аумағындағы барлау (ТЖ аумағындағы барлау) - төтенше жағдай аумағындағы жағдай туралы сенімді мәліметтерді қажетті жедел жұмыстарды нәтижелі жүргізу және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін күнделікті басқару органдары мен күштеріне жинаудан және беруден тұратын ТЖ күштерінің әрекеті мен құралдарын қамтамасыз ету түрі. Ескерту: барлаудың мынадай түрлері ажыратылады: биологиялық, инженерлік, медициналық, радиациялық, санитарлық-эпидемиялық және химиялық. | |
Развитие пожара - увеличение зоны горения и/или зоны воздействия опасных факторов пожара. | Өрттің дамуы - жану аймағының және/немесе өрттің қауіпті факторларының әсері аймағының ұлғаюы. | |
Развязка транспортная - инженерное сооружение или комплекс сооружений, устраиваемый на одном или нескольких уровнях и служащий для разделения разнородных или разделения и слияния однородных пересекающихся потоков транспортных средств. | Көлік түйіні - әртекті көлік құралдары ағынын бөлуге немесе біртекті қиылысатын көлік ағынын бөлу мен қосуға арналған бір немесе бірнеше деңгейде орналастырылатын инженерлік имарат немесе имарат кешені. | |
Разделка - утолщение стенки печи или дымового канала (трубы) в месте соприкосновения ее с конструкцией здания, выполненной из горючего или трудногорючего материала. | Бөлу - жанғыш немесе қиын жанғыш материалдан жасалған ғимарат құралымымен түйісетін жерде пештің немесе түтін каналының (мұржаның) қабырғасын қалыңдату. | |
Разделяющий трансформатор - специальный трансформатор, предназначенный для отделения приемника энергии от первичной электрической сети и сети заземления. | Бөлуші трансформатор - энергия қабылдаушыны алғашқы электр жүйесінен және жерлендіру жүйесінен бөлуге арналған арнайы трансформатор. | |
Размер - числовое значение линейной величины в выбранных единицах измерения. | Өлшем - сызықтық шаманың таңдалған өлшем бірлігіндегі сандық мәні. | |
Размер шрифта - величина, определенная высотой прописных букв в миллиметрах. Высота прописных букв измеряется перпендикулярно к основанию строки. Высота строчных букв определяется из отношения их высоты (без отростков) к размеру шрифта. | Қаріп өлшемі - бас әріптердің миллиметрмен өлшенген биіктігімен анықталатын шама. Бас әріптердің биіктігі жол негізіне перпендикуляр өлшенеді. Кіші әріптердің биіктігі (шығыңқы бөліктерінсіз) олардың биіктігінің қаріп өлшеміне қатынасымен анықталады. | |
Разрез - изображение предмета, мысленно рассеченного одной или несколькими плоскостями, при этом мысленное рассечение предмета относится только к данному разрезу и не влечет за собой изменения других изображений того же предмета. На разрезе показывается то, что получается в секущей плоскости и что расположено за ней. Допускается изображать не все, что расположено за секущей плоскостью, если это не требуется для понимания конструкции предмета. | Қима - ойша бір немесе бірнеше жазықтықтармен қиылған заттың бейнесі, мұнда ойша қию тек берілген қимаға жатады және осы заттың басқа бейнелерін өзгертпейді. Қимада қию жазықтығында және оның артында орналасқан нәрселер көрсетіледі. Заттың құралымын түсінуге қажет болмаса, қию жазықтығынан кейінгілердің барлығын көрсетпеуге болады. | |
Разрешение на строительство - основание для реализации архитектурного проекта, выдаваемое заказчику (застройщику) органами исполнительной власти РК в целях контроля за выполнением градостроительных нормативов, требований утвержденной градостроительной документации, а также в целях предотвращения причинения вреда окружающей природной среде. | Құрылыс жүргізуге рұқсат - қала құрылысы нормативтерін, бекітілген қала құрылысы құжаттарының талаптарын орындауды бақылау, сондай-ақ қоршаған табиғи ортаға зиян келтірудің алдын алу мақсатында тапсырыс берушіге (құрылыс салушыға) ҚР атқарушы органдары беретін сәулеттік жобаны жүзеге асырудың негізі. | |
Разрушение материала - макроскопическое нарушение целостности материала в результате тех или иных воздействий на него. Разрушение часто развивается одновременно с упругой или пластичной деформацией. | Материалдың бұзылуы - түрлі әсерлердің салдарынан болатын материалдың тұтастығының макроскопиялық бұзылуы. Қирау әдетте серпімді немесе пластикалық деформациямен бірге дамиды. | |
Разрыв декора - отсутствие узора на отдельных участках плитки. | Декордың үзілісі - тақташаның кейбір жерлерінде өрнектің болмауы. | |
Район чрезвычайного положения - территориально-административное образование или отдельная местность, на которой введен правовой режим временного государственного управления, определяемый законами РК, нормативными указами Президента РК в целях обеспечения безопасности населения при обстоятельствах, вызванных чрезвычайной ситуацией или массовыми беспорядками. | Төтенше жағдай ауданы - төтенше жағдай немесе бұқаралық тәртіпсіздік жағдайларында халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңдарымен, ҚР Президентінің нормативтік жарлықтарымен белгіленетін уақытша мемлекеттік басқару құқықтық тәртібі енгізілген аймақтық-әкімшілік құрылым немесе жеке жергілікті жер. | |
Рама - плоская или пространственная геометрически неизменяемая стержневая система, элементы которой (стойки и ригели) во всех или некоторых узлах жестко соединены между собой. | Жақтау - бөлшектері (тіреулері мен ригельдері) барлық немесе кейбір түйіндерде бір-бірімен қатаң қосылған жазық немесе кеңістіктік геометриялық өзгермейтін шыбықты жүйе. | |
Рамочная конструкция (элемент) оконного блока - сборочная единица оконного блока, состоящая из брусков (профилей), соединенных между собой посредством жестких угловых связей: на шипах и клее, сварке, механических связях (винтовых, на зубчатых пластинах, путем опрессовки) и др. | Терезе блогінің жақтаулық құралымы (бөлшегі) - бір-бірімен қатаң бұрыштық байланыстармен қосылған: тиектермен және желіммен, пісірумен, механикалық байланыстармен (бұрамалық, тістік пластинкалар, сығымдау жолымен) және т.б. қосылған келтектерден (кескіндерден) тұратын терезе блогінің құрастыру бірлігі. | |
Рампа - 1) устройство (конструкция) для передвижения транспортных средств между двумя различными уровнями с доступным для их движения уклоном, например, для подъема грузов на железнодорожную платформу, въезда погрузочно-разгрузочных машин в склады, перехода поездов метрополитена с поверхности земли под землю и т.д.; 2) в дорожном строительстве - для перехода на основную магистраль в местах развязки движения в двух уровнях; 3) низкий барьер вдоль передней части сцены, закрывающий со стороны зрительного зала аппаратуру, освещающую сцену снизу; 4) сооружение, предназ- наченное для производства погрузочно-разгрузочных работ. Рампа одной стороной примыкает к стене склада, а другой располагается вдоль железнодорожного пути (железнодорожная рампа) или автоподъезда (автомобильная рампа). | Рампа - 1) көлік құралдарының түрлі екі деңгейлер арасында жылжуына қолайлы еңістері бар құрылғы (құралым), мысалы, жүктерді темір жол платформасына көтеруге арналған, тиеу-түсіру машиналары- ның қоймаларға енуіне арналған, метрополитен поездарының жер бетінен жер астына өтуіне арналған және т.б.; 2) жол құрылысында - екі деңгейдегі қозғалыс түйініндегі негізгі магистральға өтуге арналған құрылғы; 3) сахнаны астынан жарықтандыратын аппаратураны көрермендер жағынан жауып тұратын сахнаның алдыңғы бөлігі жағындағы төмен бөгеу; 4) тиеу-түсіру жұмыстарын жүргізуге арналған құрылыс. Рампаның бір жағы қойманың қабырғасына тиіп тұрады, екінші жағы темір жол (темір жол рампасы) немесе автокөлік кіре берісі (автомобильдік рампа) бойымен орналасады. | |
Рандбалка - балка (обычно железобетонная или металлическая), опирающаяся на отдельные фундаменты и воспринимающая нагрузку от расположенной выше стены. | Іргетас арқалық - жеке іргетасқа тіреліп тұрған және оның өзінен жоғары орналасқан қабырғадан жүктемелерді қабылдайтын арқалық (әдетте, темірбетон немесе металл түрінде ). | |
Раскладка (штапик) - деталь, закрепляющая светопрозрачное (или глухое) заполнение в створках окон и дверных полотнах. | Жайып салу (штапик) - терезелердің, жармалар және есік төсемдеріндегі жарық өткізгіш (немесе бітеу) толтырыушын бекітетін бөлшек. | |
Распорка - жесткое монтажное приспособление, не обладающее собственной устойчивостью, работающее только на сжатие и предназначенное для удержания двух элементов конструкций от смещения внутрь. | Кермелік - жеке орнықтылығы жоқ, тек қысуға жұмыс істейтін және құралымның екі бөлшегін ішке қарай жылжудан ұстап тұратын қатты жинақтау құралы. | |
Распорная система в строительной механике - система, в которой вертикальная нагрузка вызывает наряду с вертикальными и горизонтальные реакции (распоры). | Құрылыс механикасындағы кермелік жүйе - тік жүктеменің тік реакциялармен қатар көлденең реакциялар (керулер) туғызатын жүйесі. | |
Распределительные газопроводы - наружные газопроводы, обеспечивающие подачу газа от источников газоснабжения до газопроводов-вводов, а также газопроводы высокого и среднего давления, предназначенные для подачи газа к одному объекту (ГРП, промышленное предприятие, котельная и т. п.). | Газ тарату құбырлары - газды газбен жабдықтау көздерінен кірме газ құбырларына жеткізуді қамтамасыз ететін сыртқы газ құбырлары, сондай-ақ газды бір нысанға (ГТҚ, өнеркәсіптік кәсіпорын, қазандық және т.с.с.) жіберуге арналған жоғары және орташа қысымды газ құбырлары. | |
Распространение огня по конструкциям - распространение горения по поверхности и внутри строительных элементов и конструкций. | Құралымдар бойына оттың таралуы - жанудың құрылыс бөлшектері мен құралымдардың бетіне және ішіне таралуы. | |
Расслоение - слоистая структура черепка керамической плитки. | Қабаттарға бөліну - керамикалық тақташа негізінің қабатты құрылымы. | |
Раствор грунтовый - раствор грунта с пластифицирующей добавкой (например, извести и др.), а также раствор из бентонитовых глин. | Топырақ ерітіндісі - пластификациялау қоспасы (мысалы, әктас және т.б.) қосылған топырақ ерітіндісі, сондай-ақ бентониттік саз ерітінділері. | |
Раствор строительный - смесь вяжущего (цемента, извести, гипса и др.) мелкого заполнителя (природного или искусственного песка), воды и добавок (в некоторых случаях), приобретающая с течением времени камнеобразное состояние. | Құрылыс ерітіндісі - уақыт өту барысында тасқа айналатын ұсақ толтырғыштың (табиғи немесе жасанды құм), тұтқыштың (цемент, әктас, гипс және т.б.), судың және қосындылардың (кейбір жағдайларда) қоспасы. | |
Растворимое стекло - прозрачный стекловидный материал, состоящий из силикатов натрия или калия. | Ерітілмелі әйнек - натрий немесе калийдің силикаттарынан тұратын мөлдір әйнек түріндегі материал. | |
Растворимость - способность вещества в смеси с одним или несколькими другими веществами образовывать растворы. Мера растворимости вещества в данном растворителе - концентрация его насыщенности раствора при данных температуре и давлении. | Ерігіштік - заттың бір немесе бірнеше заттармен қосқанда ерітінділер түзу қабілеттілігі. Заттың берілген еріткіштегі еру шамасы - берілген температура мен қысымда оның ерітіндісі қанықтылығының концентрациясы. | |
Растворители - химические соединения или их смеси, способные растворять различные вещества. | Еріткіштер - әр түрлі заттарды ерітуге қабілетті химиялық қосылыстар немесе олардың қоспалары. | |
Растворонасос - стационарная или передвижная машина, служащая для перекачки строительных растворов (главным образом, штукатурных) к месту из использования. | Ерітіндісорғы - құрылыс ерітінділерін (негізінен, сылағыш) пайдалану жеріне айдауға арналған тұрақты немесе қозғалмалы машина. | |
Растворосмеситель - стационарная или передвижная установка для приготовления строительных растворов, применяемых при каменной кладке, штукатурных работах и т.п. | Ерітіндіараластырғыш - тас қалау, сылау жұмыстары және т.с.с. кезінде пайдаланатын құрылыс ерітінділерін дайындауға арналған тұрақты немесе қозғалмалы қондырғы. | |
Растворы - однородные смеси перемешанного состава двух или большего числа веществ (компонентов). | Ерітінділер - екі немесе одан көп заттардың (құраушылардың) араласқан біртекті қоспасы. | |
Растворы декоративные - растворы, применяемые при заводской отделке лицевых поверхностей строительных деталей и конструкций, а также для отделки фасадов зданий и интерьеров. | Декоративті ерітінділер - құрылыс бөлшектері мен құралымдарының үстіңгі беттерін зауыттық әрлеуде, сондай-ақ ғимараттардың қасбеттері мен интерьерлерін әрлеуге қолданылатын ерітінділер. | |
Растворы жаростойкие - растворы, сохраняющие в заданных пределах свои общетехнические свойства при длительном воздействии высоких температур. | Ыстыққа төзімді ерітінділер - жоғары температуралардың ұзақ әсері кезінде өздерінің жалпы техникалық қасиеттерін берілген шектерде сақтап қалатын ерітінділер. | |
Растворы кислостойкие - растворы, обладающие наряду с необходимыми показателями общетехнических свойств способностью в течение длительного эксплуатационного периода выдерживать без разрушения агрессивное воздействие концентрированных растворов кислот. | Қышқылдарға төзімді ерітінділер - ұзақ пайдалану мерзімі ішінде жалпы техникалық қасиеттердің қажетті көрсеткіштерімен қатар қышқылдардың қою ерітінділерінің жеміргіш әсеріне бұзылмай шыдайтын ерітінділер. | |
Растекатель - устройство в нижнем бьефе водосливной плотины, предназначенное для изменения направления струй и растекания (по ширине) водного потока. | Жаюшы - су ағысының бағытын өзгертуге және жаюға (ені бойынша) арналған су төгуші бөгеттің төменгі бьефіндегі құрылғы. | |
Растяжка - гибкое монтажное приспособление, не обладающее собственной устойчивостью, работающее только на растяжение. | Тартпа - өзіндік орнықтылығы жоқ, тек тартуға жұмыс істейтін иілгіш жинақтау құралы. | |
Расход материалов - количество материалов определенного вида (размеров, качества и т.п.), необходимое для изготовления 1 кв.м изделий. | Материалдардың шығыны - 1 шаршы метр бұйымды жасауға қажет материалдың белгілі бір түрінің (өлшемдері, сапасы және т.с.с.) мөлшері. | |
Расход сточных вод - объем сточных вод, протекающий в интервал времени для расчета сетей и сооружений канализации. | Ақаба сулардың шығыны - канализация тораптары мен имараттарын есептеу үшін уақыт аралығында ағып өтетін ақаба сулардың көлемі. | |
Расходы заготовительно-складские - средства, включаемые в сметную стоимость материалов, изделий и конструкций, а также оборудования для оплаты расходов строительно-монтажных организаций и заказчика по содержание заготовительского аппарата (управлений производственно-технологической комплектации, контор и отделов снабжения) и материальных базисных, участковых и приобъектных складов. Указанные средства определяются на основе нормативов, установленных в процентах от стоимости материалов, изделий, конструкций и оборудования франко-приобъектный склад стройки. | Қоймалық-дайындау шығындары - құрылыс-жинақтау ұйымдарының және тапсырыс берушінің дайындаушы аппарат (өндірістік-технологиялық іріктеп жинақтау басқармалары, жабдықтау бөлімдері мен кеңселері) және материалдық негіздік, телімдік және нысан жанындағы қоймалар ұстауға кететін шығындарды өтеуге арналған материалдар, бұйымдар және құралымдар, сондай-ақ жабдықтардың сметалық бағасына енгізілетін қаржылар. Аталған қаржылар нормативтер негізінде франко-объекті жанындағы құрылыс қоймасындағы материалдар, бұйымдар, құралымдар және жабдықтардың бағасының пайызы ретінде анықталады. | |
Расходы накладные - расходы строительных и монтажных организаций, связанные с обеспечением строительного производства и управления строительством (административно-хозяйственные, по обслуживанию рабочих, по организации и производству работ и пр.) | Үстеме шығындар - құрылыс және жинақтау ұйымдарының құрылыс өндірісін және құрылысты басқаруды (әкімшілік-шаруашылық, жұмысшыларға қызмет көрсету, жұмыстарды ұйымдастыру және орындау және т.б.) қамтамасыз етуге байланысты шығындары. | |
Расценки единичные - сметный документ, в котором на основании соответствующих сметных или производственных норм устанавливается нормативная стоимость основной заработной платы рабочих, материалов, изделий и конструкций и эксплуатации строительных машин и механизмов на принятуо единицу измерения конструктивного элемента или вида работ. | Жеке бағалау - тиісті сметалық немесе өндірістік нормалар негізінде құралымдық бөлшектің немесе жұмыс түрінің қабылданған өлшем бірлігіне шаққандағы жұмысшылардың негізгі жалақысының, материалдардың, бұйымдар мен құралымдардың және құрылыс машиналары мен механизмдерінің нормативтік құны белгіленетін сметалық құжат. | |
Расценки единичные зональные - единичные расценки на строительные работы, привязанные по уровню заработной платы рабочих, стоимости строительных материалов, изделий и конструкций, эксплуатации строительных машин и механизмов и энергоресурсов к условиям строительства в определенной зоне области (края, республики). | Аймақтық жеке бағалау - облыстың (өлкенің, республиканың) белгілі бір аймағындағы құрылыс жағдайына жұмысшылардың еңбек ақысының деңгейі, құрылыс материалдары, бұйымдар мен құралымдар, құрылыс машиналары мен механизмдері және энергия қорларын пайдалану құндары бойынша байланысқан құрылыс жұмыстарының жеке бағалары. | |
Расчет (смета, калькуляция издержек производства) подрядчика - комплект документов, предназначенный для обоснования подрядчиком своих предложений по свободной (договорной) цене на строительную продукцию. В нем приводится стоимость работ и затрат, предлагаемых подрядчиком к исполнению в соответствии с заключаемым договором подряда. | Мердігердің есебі (смета, өндіріс шығымдарының калькуляциясы) - құрылыс өнімдерінің еркін (келісімді) бағалары бойынша мердігердің ұсыныстарын негіздеуге арналған құжаттар жиыны. Онда жасалатын мердігерлік шартқа сәйкес мердігер орындауға ұсынатын жұмыстар мен шығындардың құны келтіріледі. | |
Расчет сметный - сметный документ, определяющий стоимость зданий и сооружений, строительство которых осуществляется по индивидуальным проектам, а также стоимость отдельных видов работ при отсутствии прейскурантов, укрупненных сметных норм (УСН) и рабочих чертежей. | Сметалық есеп - жеке жобалар бойынша салынатын ғимараттар мен имараттардың құнын, сондай-ақ прейскуранттар, ірілендірілген сметалық нормалар (ІСН) және жұмыс сызбалары жоқ кейбір жұмыс түрлерінің құнын анықтайтын сметалық құжат. | |
Расчетная нагрузка - наибольшая нагрузка на объект (напр., здание, крыло самолета), определяемая с учетом возможных отклонений от заданных условий их нормальной эксплуатации. | Есептік жүктеме - қалыпты пайдаланудың берілген шарттарынан мүмкін ауытқуларды есепке ала отырып анықталатын нысанға (мысалы ғимаратқа, ұшақ қанатына) түсетін ең үлкен жүктеме. | |
Расчетная схема - 1) условное изображение сооружения, механизма и т.п., выполняемое для упрощения их расчета при строгом соблюдении действительной картины работы сооружения, механизма и учете всех действующих сил; 2) графическое изображение связей между результирующими и составляющими геометрическими параметрами, в которых учитываются конструктивно-технологические особенности зданий, сооружений и их элементов, в том числе способы и последовательность выполнения технологических процессов и операций. | Есептік сұлба - 1) имараттың, механизмнің нақты жұмысын сақтап және барлық әсер ететін күштерді есепке алып, оларды есептеуді оңайлатуға арналған имараттың, механизмнің және т.с.с. шартты бейнеленуі; 2) ғимараттардың, имараттардың және олардың бөлшектерінің құралымдық-технологиялық ерекшеліктері, соның ішінде технологиялық процестер мен операцияларды орындау тәсілдері мен реттілігі есепке алынатын нәтижелік және құрастырылымдық геометриялық параметрлер арасындағы байланыстарды кескіндемелік бейнелеу. | |
Расчетные условия эксплуатации мобильных (инвентарных) зданий или сооружений - система усредненных (унифицированных, стандартизованных и т.п.) эксплуатационных требований к мобильным (инвентарным) зданиям или сооружениям в виде значений показателей нагрузок, воздействий, коэффициентов и др. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттың немесе имараттың есептік пайдалану жағдайлары - жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттар немесе имараттарға қойылатын жүктемелер, әсерлер, еселеуіштер және т.б. көрсеткіштерінің мәндері түріндегі орташа мәнге келтірілген (жүйеленген, стандартталған және т.с.с.) пайдалану талаптарының жүйесі. | |
Расчетный расход воды для целей водоснабжения - объем воды, протекающей в интервал времени, для расчетов сетей и сооружений водоснабжения. | Сумен жабдықтауға арналған есептік су шығыны - сумен жабдықтау тораптары мен имараттарын есептеу үшін уақыт аралығында ағатын судың көлемі. | |
Расчетный срок службы мобильного (инвентарного) здания или сооружения - установленная нормами продолжительность эксплуатации мобильного (инвентарного) здания или сооружения, в течение которого оно должно сохранять свои потребительские качества. | Жеделәрекетті (жабдықты) ғимараттың немесе имараттың есептік қызмет мерзімі - жеделәрекетті (жабдықтық) ғимарат немесе имараттың нормалармен белгіленген пайдалану мерзімі, бұл мерзім ішінде ол тұтынушылық қасиеттерін сақтауға тиіс. | |
Расширяющийся цемент - собирательное название группы цементов, обладающих способностью увеличиваться в объеме в процессе твердения. | Ұлғаятын цемент - қатаю процесінде көлемін ұлғайтуға қабілетті цементтер тобының жиынтық атауы. | |
Реакция связей - силы, действующие на рассматриваемую механическую систему со стороны других тел, которые осуществляют наложенные на систему механические связи. | Байланыстар реакциясы - жүйеге түсірілген механикалық байланыстар жүзеге асыратын, қарастырылатын механикалық жүйеге басқа денелер жағынан әсер ететін күштер. | |
Реборда направляющих ступени - элемент трассы направляющих ступени, предназначенный для ограничения поперечного смещения ступеней при движении по трассе. | Басқыш бағыттағышының доңғал қыры - трасса бойымен қозғалғанда басқыштардың көлденең ығысуын шектеуге арналған бағыттағыш басқыш трассасының бөлшегі. | |
Ребра жесткости - элементы конструкций (колонн, балок, плит, барабанов и т.д.) в виде тонких пластинок, предназначенных для увеличения жесткости конструкций или их отдельных, наиболее нагруженных участков. | Қатаңдық қыры - құралымдардың немесе олардың жеке, ең көп жүктелген бөліктерінің қатаңдығын ұлғайтуға арналған жұқа табақшалар түріндегі құралымдардың (ұстындар, арқалықтар, тақталар, барабандар және т.б.) бөлшектері. | |
Ревизия оборудования предмонтажная - предшествующая монтажу специальная проверка соответствия оборудования техническим требованиям. | Жабдықтарды жинақтау алдындағы тексеру - жинақтау алдында жабдықтардың техникалық талаптарға сәйкестігін арнайы тексеру. | |
Регламент - документ, содержащий обязательные правовые нормы и принятый органами власти. | Регламент - міндетті құқықтық нормалар көрсетілген және билік органдарымен қабылданған құжат. | |
Регулируемое проветривание - обеспечение вентиляции помещений с различной кратностью воздухообмена путем конструктивных решений открывающихся элементов изделий (створка с регулируемым ограничителем открывания, клапан, форточка). | Реттелетін желдету - бұйымдардың ашылатын бөлшектерінің құралымдық шешімдері арқылы (ашылуды реттейтін шектеушісі бар жақтау, клапан, желдеткіш) ауа алмасудың түрлі еселігімен бөлмені желдетуді қамтамасыз ету. | |
Регулирующий объем воды в резервуаре - объем воды в резервуаре, выравнивающий разницу между притоком и потреблением воды в сутки максимального водопотребления. | Резервуардағы реттеуші су көлемі - максималды су пайдалану тәулігінде келіп түскен және тұтынылған судың айырмасын теңдестіретін резервуардағы су көлемі. | |
Регулирующий резервуар для воды - резервуар для воды, служащий для регулирования неравномерности водопотребления в системе водоснабжения. | Суды реттеуші резервуар - сумен жабдықтау жүйесіндегі суды тұтынудың біркелкі еместігін реттеуге арналған су резервуары. | |
Регуляционные сооружения, выправительные сооружения - гидротехнические сооружения для регулирования русла реки. | Реттеуіш имараттар, түзетуші имараттар - өзен арнасын реттеуге арналған гидротехникалық имарат. | |
Редуктор - прибор для редуцирования жидкости или газа. | Редуктор - сұйықты немесе газды редукциялауға арналған аспап. | |
Редукционный клапан - автоматическое устройство для снижения давления и поддерживания его постоянным. | Редукциялық клапан - қысымды төмендетуге және оны тұрақты ұстап тұруға арналған автоматтық құрылғы. | |
Режим повседневной деятельности ЧС - порядок функционирования ЧС, ее территориальных, функциональных и отраслевых подсистем, при нормальной производственно-промышленной деятельности, радиационной, химической, биологической, сейсмической и гидрометеорологической обстановке, отсутствии эпидемий, эпизоотий и эпифитотий на подведомственной территории. | ТЖ қызметінің күнделікті режимі (тәртібі) - қалыпты жағдайдағы өндірістік- өнеркәсіптік, радиациялық, химиялық, биологиялық, сейсмикалық және гидрометеорологиялық қызмет, ведомостволық қарасты аумақтарда эпидемиялар, эпизоотиялар және эпифитотиялар жоқ кездегі ТЖ, оның аумақтық, қызметтік және салалық бағынышты жүйелерінің жұмыс істеу тәртібі. | |
Режим повышенной готовности ЧС - режим функционирования ЧС, территориальных, функциональных и отраслевых ее отдельных подсистем или звеньев, вводимый при угрозе возникновения чрезвычайной ситуации или получения прогноза о вероятности ее возникновения на определенной части территории РК или в отдельной местности. | ТЖ жоғары дайындық режимі (тәртібі) - ҚР аумағының белгілі бір бөлігінде немесе жеке жергілікті жерінде төтенше жағдай қаупі төнген немесе болуы ықтимал болжам алынған кезде енгізілетін ТЖ, оның аумақтық, қызметтік және салалық бағынышты жүйелерінің немесе түйіндерінің жұмыс істеу тәртібі. | |
Режим подземных вод - характер изменений во времени и в пространстве уровней (напоров), температуры, химического, газового и бактериологического состава и других характеристик подземных вод. | Жерасты суларының режимі - жерасты сулары деңгейінің (арынының), температурасының, химиялық, газдық және бактериологиялық құрамының және басқа да сипаттамаларының уақыт аралығындағы және кеңістіктегі өзгерістері. | |
Режим радиационной защиты - порядок действия населения и применения средств и способов защиты в зоне радиоактивного загрязнения с целью возможного уменьшения воздействия ионизирующего излучения на людей. | Радиациялық қорғаныш режимі - иондаушы сәуленің адамдарға әсерін мүмкіндігінше азайту мақсатында радиоактивті ластану аймағында халықтың іс-қимылының және қорғаныш құралдары мен тәсілдерін қолдану тәртібі. | |
Режим теплопотребления - установленные договором величины потребления тепловой энергии (мощности), циркуляционных расходов и количества используемых теплоносителей в течение заданного времени (час, сутки). | Жылуды тұтыну режимі - берілген уақыт аралығында (сағат, тәулік) шартпен белгіленген жылу энергиясын (қуатын) тұтыну, циркуляциялық шығындар және пайдаланылатын жылу тасымалдағыштар мөлшері. | |
Режим теплоснабжения - установленные договором величины отпуска тепловой энергии (мощности) и параметры (расход; температура; давления) теплоносителя, обеспечивающие нормальную работу систем теплопотребления. | Жылумен жабдықтау режимі - шартпен белгіленген жылу энергиясын (қуатын) босату мөлшерлері және жылу тұтыну жүйелерінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ететін жылу тасымалдаушының параметрлері (шығыны; температурасы; қысымы). | |
Режим функционирования ЧС - порядок функционирования ЧС, предусматривающий деятельность ее органов руководства и повседневного управления, вспомогательных и обслуживающих служб и учреждений, сил и средств с учетом обстановки, связанной с риском возникновения чрезвычайной ситуации и ее ликвидацией на территории РК. Примечание: различают следующие режимы - повседневной деятельности, повышенной готовности и чрезвычайный режим. | ТЖ жұмыс режимі - ҚР аумағында төтенше жағдай болу қаупі және оны жоюға байланысты жағдайға сәйкес басшылық және күнделікті басқару органдарының, қосымша және қызмет көрсетуші қызметтер мен мекемелердің, күштер мен құралдардың қызметін белгілейтін ТЖ жұмыс тәртібі. Ескерту: мынадай режим түрлерін ажыратады: күнделікті қызмет, жоғары дайындық және төтенше режим. | |
Резерв - расположенная вдоль насыпи железнодорожного земляного полотна канава для сбора и отвода стекающих с бермы поверхностных вод. | Резерв - бермадан ағатын жер беті суларын жинауға және әкетуге арналған теміржол топырақ үйіндісі бойында орналасқан арық. | |
Резерв огнетушащего вещества - требуемое количество огнетушащего вещества, готовое к немедленному применению в случаях повторного воспламенения или невыполнения установкой пожаротушения своей задачи. | Өрт сөндіруші заттың резерві - қайта жану немесе өрт сөндіруші қондырғының өз міндетін атқармаған жағдайларда тез арада пайдалануға дайын өрт сөндіруші заттың талап етілетін мөлшері. | |
Резервирование - применение дополнительных средств и возможностей с целью сохранения работоспособного состояния объекта при отказе одного или нескольких его элементов. | Резервтеу - нысанның бір немесе бірнеше бөлшектері істен шыққан жағдайда оның жұмысқа қабілетті күйін сақтау мақсатында қосымша құралдар мен мүмкіндіктерді пайдалану. | |
Резервуар - емкость для хранения жидкостей или газов. | Резервуар - сұйықтар мен газдарды сақтауға арналған ыдыс. | |
Резервуар для воды - закрытое сооружение для хранения воды. | Суға арналған резервуар - суды сақтауға арналған жабық имарат. | |
Резервуар уравнительный - резервуар со свободной поверхностью воды, служащий для снижения величины гидравлического удара при неустановившемся движении воды в напорном водоводе. | Теңестіруші резервуар - арынды су құбырындағы судың қалыпсыз қозғалысы кезінде гидравликалық соққының мөлшерін азайту үшін қызмет ететін су беті ашық резервуар. | |
Резец - режущий инструмент, состоящий из твердого тела, или державки (стержня прямоугольного, квадратного или круглого сечения) и головки с рабочей режущей частью, которая имеет определенную геометрическую форму. | Кескіш - қатты дене немесе ұстағыштан (тік төртбұрышты, квадрат немесе дөңгелек қималы) және белгілі геометриялық пішіндегі кесуші жұмыс бөлігі бар бас тиектен тұратын кесуші аспап. | |
Резонанс - резкое возрастание амплитуды установившихся вынужденных колебаний системы при приближении частоты внешнего гармоничного воздействия к какой-либо из частот собственных колебаний системы. | Резонанс - сыртқы гармоникалық әсер жиілігінің жүйедегі өз тербелістерінің жиіліктерінің біріне жақындағанда жүйенің тұрақтанған еріксіз тербелістері амплитудасының күрт өсуі. | |
Резьбовое соединение - разъемное соединение при помощи деталей, имеющих резьбу (болтов, винтов, шпилек, гаек и т.д.). | Бұрандамалы қосылыс - бұрандасы бар бөлшектердің (бұрандама, бұрама, бұрамасұқпа, сомын және т.б.) көмегімен жасалатын ажыратылмалы қосылыс. | |
Рекомендации - материал, разрабатываемый научно-исследовательскими институтами на основе результатов научных исследований и направленный на дальнейшее совершенствование проектирования и строительства. | Ұсыныстар - ғылыми-зерттеу институттарында ғылыми зерттеулер нәтижелерінің негізінде жасалатын және жобалау мен құрылысты одан әрі жетілдіруге бағытталған материалдар. | |
Рекомендуемое положение (Recommendation) - положение (норма или правило), содержащее совет или указание, не носящее обязательного характера. | Ұсынылатын ережелер (Recommendation) - орындалуы мiндеттi емес кеңес немесе нұсқаудан тұратын ережелер (норма немесе ереже). | |
Реконструируемый мост - мост, подлежащий переустройству с полной заменой пролетных строений и использованием (полным или частичным) существующих опор. | Қайта құралымданатын көпір - аралық құрылымдары толығымен қайта орнатылатын және бар тіректерді (толығымен немесе бір бөлігін) пайдаланып қайта құрылымдануға жататын көпір. | |
Реконструкция - перестройка здания, сооружения для улучшения его функционирования или комплекс мероприятий, предусматривающих увеличение объема производства на действующих предприятиях (станциях). | Қайта құралымдау - ғимараттың, имараттың жұмысын жақсарту үшін оны қайта құру немесе жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарда (станцияларда) өндіріс көлемін арттыруды қарастыратын шаралар кешені. | |
Реконструкция действующего предприятия - переустройство объектов основного, подсобного и обслуживающего назначения с целью получения новой продукции, повышения качества выпускаемой номенклатуры или повышения технико-экономических показателей, как правило, без расширения имеющихся зданий и сооружений. | Істеп тұрған кәсіпорынды қайта құралымдау - жаңа өнім алу, шығарылатын өнімнің сапасын арттыру немесе техника-экономикалық көрсеткіштерін арттыру мақсатында бар ғимараттар мен имараттарды кеңейтпей, негізгі, қосалқы және қызмет көрсетуші нысандарды қайта құру. | |
Реконструкция жилого дома - комплекс строительных работ и организационно-технических мероприятий, связанных с изменением основных технико-экономических показателей жилого дома (количества и площади квартир, строительного объема и общей площади дома) или его назначения и осуществляемых в целях улучшения условий проживания и приведения эксплуатационных показателей жилого дома к уровню современных требований. Реконструкция жилого дома может включать: изменение планировки помещений, возведение надстроек, встроек, пристроек, а при наличии обоснований - частичную разборку здания; повышение уровня инженерного оборудования, включая наружные сети (кроме магистральных); замену изношенных и морально устаревших конструкций и инженерного оборудования на современные, более надежные и эффективные, улучшающие эксплуатационные показатели жилого дома; улучшение архитектурной выразительности здания, а также благоустройство прилегающей территории. | Тұрғын үйді қайта құралымдау - тұру жағдайларын жақсарту және тұрғын үйдің пайдалану көрсеткіштерін қазіргі заманғы талаптар деңгейіне жеткізу мақсатында тұрғын үйдің негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен көлемін және үйдің жалпы көлемін) немесе оның пайдалану мақсатын өзгертумен байланысты құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шараларының жиынтығы. Тұрғын үйді қайта құралымдауға мыналар енеді: бөлмелердің жайғасымын өзгерту, үстінен, ішіне, жапсарластыра қосып салу, ал негізделген жағдайда - ғимараттың бір бөлігін бұзу, инженерлік жабдықтардың деңгейін жақсарту, оған сыртқы жүйелер де (магистральдық жүйелерден басқа) енеді; тозған және моральдық жағынан тозған құралымдар мен инженерлік жабдықтарды сенімді және тиімді, тұрғын үйдің пайдалану көрсеткіштерін жақсартатын қазіргі заманғыларға ауыстыру; ғимараттың сәулеттік көрінісін жақсарту, сондай-ақ жанындағы аумақты көркейту. | |
Реконструкция здания - комплекс строительных работ и организационно-технических мероприятий, связанных с изменениями основных технико-экономических показателей (количества и площади квартир, строительного объема и общей площади здания, вместимости или пропускной способности или его назначения), осуществляемых в целях улучшения условий проживания, качества обслуживания, увеличения объема услуг. | Ғимаратты қайта құралымдау - тұру жағдайларын, көрсетілетін қызмет сапасын жақсарту, қызмет көлемін жетілдіру мақсатында ғимараттың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен көлемін, құрылыс көлемін және ғимараттың жалпы көлемін, сыйымдылығын немесе өткізу қабілеттілігін немесе оның пайдалану мақсатын) өзгертумен байланысты құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шаралардың жиынтығы. | |
Реконструкция здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) - 1) комплекс операций по переустройству действующего здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) в целях повышения технического уровня, улучшения технико-экономических показателей, условий эксплуатации и охраны окружающей среды; 2) комплекс строительных работ и организационно-технических мероприятий, связанных с изменением основных технико-экономических показателей (количества и площади квартир, строительного объема и общей площади здания, вместимости или пропускной способности или его назначения). | Ғимаратты (имаратты, жабдықты, қатынастарды, тұрғын-коммуналдық нысандарды) қайта құралымдау - 1) техникалық деңгейін көтеру, техника-экономикалық көрсеткіштерін, пайдалану жағдайларын және қоршаған ортаны қорғауды жақсарту мақсатында істеп тұрған ғимаратты (имаратты, жабдықты, қатынастарды, тұрғын-коммуналдық нысандарды) қайта құру операцияларының кешені; 2) негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін (пәтерлердің саны мен көлемін, құрылыс көлемін және ғимараттың жалпы көлемін, сыйымдылығын немесе өткізу қабілеттілігін немесе оның пайдалану мақсатын) өзгертумен байланысты құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шаралардың кешені. | |
Ректификация - разделение жидких многокомпонентных смесей на отдельные компоненты (дистилляты). | Ректификация - көп компонентті сұйық қоспаларды жеке компоненттерге (дистилляттарға) бөлу. | |
Рекультивация территории - комплекс мероприятий по подготовке территории, нарушенной при строительных работах, для сельскохозяйственного или лесохозяйственного использования. | Аумақты рекультивациялау - құрылыс жұмыстары салдарынан бұзылған аумақтарды ауыл шаруашылығында немесе орман шаруашылығында пайдалануға дайындайтын шаралардың кешені. | |
Релаксация напряжений (усилий) -постепенное изменение напряжений в материале (теле) при постоянстве его деформации. | Кернеулер (күштер) релаксациясы - деформациясы тұрақты материалдағы (денедегі) кернеулердің біртіндеп өзгеруі. | |
Релин (резиновый линолеум) -двухслойный рулонный материал для покрытия полов в помещениях с повышенной влажностью. Лицевой слой изготавливается из цветной резины, а нижний - из смеси дробленой резины и битумных примесей. | Релин (резеңке линолеум) - ылғалдылығы жоғары үйлерде еденді жабу үшін қолданылатын екі қабатты орама материал. Беттік қабаты түрлі-түсті резеңкеден, ал астар қабаты ұсақталған резеңке мен битум қоспаларынан тұрады. | |
Рельеф керамической плитки - выпуклое или углубленное изображение на лицевой поверхности плитки. | Керамикалық тақташаның бедері - тақташаның алдыңғы бетіндегі дөңес немесе ойылған бейне. | |
Рельефная декорированная керамическая плитка - плитка с рельефной лицевой поверхностью и нанесенным цветным рисунком. | Бедерлі безендірілген керамикалық тақташа - алдыңғы беті бедерлі және түрлі-түсті суреті бар тақташа. | |
Рельефная керамическая плитка - плитка с рельефной лицевой поверхностью, не декорированная. | Бедерлі керамикалық тақташа - алдыңғы беті бедерленген, безендірілмеген тақташа. | |
Рельс - стальная балка специального профиля (с выпуклой скругленной головкой или жёлобом). | Рельс - арнайы кескінді болат арқалық (дөңес дөңгеленген бас тиекті немесе науалы). | |
Ремонт - комплекс операций по восстановлению исправности или работоспособности объекта и восстановлению ресурса изделия или его составных частей. | Жөндеу - нысанның жұмысқа қабілеттілігін және бұйымның немесе оның құрама бөліктерінің қорын қалпына келтіруге бағытталған операциялар кешені. | |
Ремонт здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) - 1) комплекс операций по восстановлению исправности или работоспособности здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) и восстановлению его ресурса или ресурса его составных частей; 2) комплекс строительных работ и организационно-технических мероприятий по устранению физического и морального износа, не связанный с изменением основных технико-экономических показателей здания. | Ғимаратты (имаратты, жабдықты, қатынастарды, тұрғын-коммуналдық нысандарды) жөндеу - 1) ғимараттың (имараттың, жабдықтың, қатынастың, тұрғын-коммуналдық нысандардың) жұмысқа қабілеттілігін және қорын немесе оның құрама бөліктерінің қорын қалпына келтіруге бағытталған операциялар кешені; 2) ғимараттың негізгі техника-экономикалық көрсеткіштерін өзгертуге байланысты емес сапалық және физикалық тозуды жоюға бағытталған құрылыс жұмыстары мен ұйымдастыру-техникалық шараларының кешені. | |
Ремонт здания капитальный - ремонт здания с целью восстановления его ресурса с заменой при необходимости конструктивных элементов и систем инженерного оборудования, а также улучшения эксплуатационных показателей. | Ғимаратты күрделі жөндеу - ғимараттың қорларын қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін жақсарту мақсатында қажет болған жағдайда құралымдық бөлшектері мен инженерлік жабдықтар жүйесін ауыстырып жөндеу. | |
Ремонт здания текущий - ремонт здания с целью восстановления исправности (работоспособности) его конструкций и систем инженерного оборудования, а также поддержания эксплуатационных показателей. | Ғимаратты ағымдық жөндеу - ғимараттың құралымдары мен инженерлік жабдықтарының жұмысқа қабілеттілігін қалпына келтіру, сондай-ақ пайдалану көрсеткіштерін қалпында сақтау мақсатында ғимаратты жөндеу. | |
Ремонтная скорость эскалатора - скорость эскалатора при работе от вспомогательного привода. | Эскалатордың жөндеу жылдамдығы - эскалатордың көмекші жетектен жұмыс істегендегі жылдамдығы. | |
Ремонтопригодность - свойство объекта, заключающееся в приспособлении к предупреждению и обнаружению причин возникновения его отказов, повреждений и устранению их последствий путем проведения технического обслуживания и ремонта. | Жөндеуге жарамдылық - тоқтап қалулардың, зақымданулардың алдын алу мен пайда болу себептерін анықтауға және техникалық қызмет пен жөндеу жүргізу арқылы олардың салдарын жоюға бейімделуден тұратын нысанның қасиеті. | |
Реология - наука, изучающая процессы, связанные с необратимыми остаточными деформациями и течением различных вязких и пластичных материалов (ньютоновских жидкостей, дисперсных систем и др.), а также явления релаксации напряжений, упругого последствия и т.д. | Реология - қайтусыз қалдық деформациялар мен түрлі тұтқыр және пластикалық материалдардың (ньютон сұйықтары, дисперстік жүйелер және т.б.) ағуына байланысты процестерді, сондай-ақ кернеулердің релаксациясы, серпімді салдар және т.б. құбылыстарды зерттейтін ғылым. | |
Респиратор - индивидуальный прибор длительного или разового пользования для защиты органов дыхания человека от пыли и вредных веществ. | Респиратор - адамның демалу органдарын шаң мен зиянды заттардан қорғауға арналған ұзақ мерзімде немесе бір рет пайдаланатын жеке аспап. | |
Реставрация здания (сооружения) - работы по обеспечению длительной физической сохранности объектов недвижимости (как правило, памятников архитектуры) с возвращением им облика, утраченного или искаженного за время существования без изменения их исторически сложившегося облика. | Ғимаратты (имаратты) қалпына келтіру - тарихи қалыптасқан кескінін уақыт аралығында жоғалтқан немесе бұзылған кескінін өзгертпей қалпына келтіру арқылы жылжымайтын мүлік нысандарының (ереже бойынша, сәулет өнері ескерткіштерінің) ұзақ мерзімді физикалық сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстар. | |
Ресурс технический - наработка изделия от начала его эксплуатации или ее возобновления после ремонта определенного вида до достижения им предельного состояния, оговоренного в нормативно-технической документации. | Техникалық қор - пайдаланудың басынан немесе белгілі бір жөндеу түрінен кейін қалпына келтірілгеннен шекті жағдайына жеткенге дейінгі нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген бұйымдардың жұмысы. | |
Рециркуляция сточных вод - возвращение очищенной воды на сооружения станции очистки сточных вод для разбавления или для поддержания определенного расхода сточных вод в этих сооружениях. | Ақаба сулардың рециркуляциясы - тазартылған суды ақаба суды тазарту станциясының имараттарына араластыру үшін немесе осы имараттарда ақаба судың белгілі бір шығынын ұстап тұру үшін қайтару. | |
Решетчатые конструкции - строительные конструкции зданий и сооружений (фермы, колонны, стойки, ригели рам и др.), расчетная схема которых принимается в виде геометрически неизменяемой системы, составляются из стержней, скрепленных узловыми соединениями. | Торлы құралымдар - есептік сызбалары геометриялық өзгермейтін жүйе ретінде қабылданатын ғимараттар мен имараттардың түйін қосылыстармен біріктірілген шыбықтардан құралатын құрылыс құралымдары (фермалар, ұстындар, тіректер, жақтаулардың ригельдері және т.б.). | |
Ригель - горизонтальная или наклонная балка, связывающая между собой колонны зданий, стойки рам и т.п. | Беларқа - ғимараттардың ұстындарын, жақтаулардың тіреуіштерін және т.с.с. бір-бірімен байланыстырып тұратын көлденең немесе көлбеу арқалық. | |
Ризалит - часть здания, выступающая за основную линию фасада по всей его высоте, составляя единое целое с основной постройкой. | Ризалит - қасбеттің биіктігі бойынша қасбеттің негізгі сызығынан шығып тұратын және негізгі құрылыспен біртұтас ғимараттың бөлігі. | |
Рисберма - элемент крепления дна водотока в нижнем бьефе, расположенный за водобоем и предназначенный для предохранения русла от размыва, гашения пульсации, выравнивания и снижения скоростей водного потока. | Рисберма - арнаны шайып кетуден сақтауға, пульсацияны басуға, су ағынының жылдамдығын түзетуге және төмендетуге арналған суқағардан кейін орналасқан су ағардың түбін төменгі бьефке бекіту бөлшегі. | |
Риск возникновения чрезвычайной ситуации (риск ЧС) - вероятность или частота возникновения источника чрезвычайной ситуации, определяемая соответствующими показателями риска. | Төтенше жағдайдың пайда болу қаупі (ТЖ қаупі) - тиісті қауіп-қатер көрсеткіштерімен анықталатын төтенше жағдай көзінің пайда болу ықтималдығы немесе жиілігі. | |
Рифления керамической плитки - неглубокие впадины или выпуклости на монтажной поверхности плитки, предназначенные для ее лучшего сцепления с раствором. | Керамикалық тақташаның бедерлері - тақташаның жинақтау бетіндегі оның ерітіндімен жақсы ілінісуіне арналған терең емес ойықтар мен дөңестер. | |
Рихтовка - выверка и незначительные перемещения установленных конструкций или оборудования с целью обеспечения их проектного положения с заданной точностыо. | Рихтовка - жобалық орындарына берілген дәлдікпен орнатылуын қамтамасыз ету мақсатында орнатылған құралымдар немесе жабдықтарды түзету және шамалы жылжыту. | |
Роза ветров - графическое изображение распределения повторяемости различных направлений ветра за месяц, сезон, год по основным румбам для данного района. | Желбағдар - берілген аудан үшін негізгі румбалар бойынша ай, мезгіл, жыл бойында желдің түрлі бағыттардан қайталануының таралуын кескіндемелік бейнелеу. | |
Ростверк -конструкция верхней части свайного фундамента в виде бетонной или железобетонной плиты либо балки, объединяющей сваи в одну устойчивую систему и служащей для равномерной передачи нагрузки на сваи. | Ростверк - қадалық іргетастарды бір тұрақты жүйеге біріктіретін және жүктемелерді қадаларға біркелкі таратуға арналған қадалық іргетастың жоғарғы жағының бетон немесе темірбетон тақта немесе арқалық түріндегі құралымы. | |
Ротонда - круглое в плане сооружение (культовое, мемориальное, парковое и др.), обычно перекрываемое куполом, опирающимся на колонны. | Ротонда - әдетте, ұстындарға тіреліп тұратын күмбезбен жабылатын жайғасымдағы дөңгелек имарат (табынушылық, ескерткіш, парк және т.б.). | |
Роторное бурение - вращательное бурение, при котором проходка разведочных и эксплуатационных нефтяных и газовых скважин осуществляется породоразрушающим инструментом (долотом), получающим вращение через колонну бурильных труб от ротора буровой установки, расположенной на поверхности. | Роторлық бұрғылау - барлау және мұнай мен газ ұңғымаларын өту жер бетінде орналасқан бұрғылау қондырғысының роторынан бұрғылау құбырларының ұстындары арқылы алатын бұралуы жыныс бұзатын аспаппен (қашаумен) жүзеге асырылатын айналмалы бұрғылау. | |
Рубанок - инструмент для ручного строгания древесины, состоящий из деревянной и металлической колодки, резца и зажимного клина. | Сүргі - ағаш және металл қалып, кескіштен және қысушы сынадан тұратын ағашты қолмен сүргілеуге арналған аспап. | |
Рубашка тиксотропная - слой раствора из глин соответствующих свойств, состава и консистенции для уменьшения трения между грунтом и перемещаемым или погружаемым сооружением (например, опускным колодцем, глубокой опорой). | Тиксотроптық қаптама - топырақ қыртысы мен орын ауыстырылатын немесе жер астына түсірілетін имараттар (мысалы, төмен түсірмелі құдық, терең тіректер) арасындағы үйкелісті азайтуға арналған қасиеттері, құрамы және қоюлығы сәйкес саздар ерітіндісінің қабаты. | |
Рубероид - рулонный материал, изготовляемый пропиткой кровельного картона легкоплавкими нефтяными битумами с последующим покрытием его с обеих сторон тугоплавким нефтяным битумом и бронирующей посыпкой (тальком, асбестом и т.д.). | Рубероид - жабындық қатты қағаздарға оңай балқитын мұнай битумдерін сіңірту, одан кейін екі жағына да қиын балқитын мұнай битумін жағып қорғаныс қабаты (опа, асбест және т.б.) себілетін орамалық материал. | |
Рукавная задержка - устройство для закрепления на высоте напорной рукавной линии. | Жеңдік бөгеуші - арындық жеңдік желіні биіктікте бекітуге арналған құрылғы. | |
Рукавная кассета - устройство для размещения напорного пожарного рукава, уложенного «в гармошку» или «в скатку». | Жеңдік кассета - “бүктемеленіп” немесе “оратылып” жиналған арындық өрт сөндіруші жеңді орналастыруға арналған құрылғы. | |
Рукавная катушка - устройство для размещения намоткой предварительно соединенных напорных пожарных рукавов, их прокладывания и (или) транспортирования. | Жеңдік орауыш - алдын ала қосылған арындық өрт сөндіруші жеңдерді орауға және оларды төсеуге және (немесе) тасымалдауға арналған құрылғы. | |
Рукавное колено - устройство для предохранения пожарных рукавов от чрезмерного изгиба или разрушения при прокладывании через препятствия. | Жеңдік буын - кедергілер арқылы өткізген кезде өрт сөндіруші жеңдерді шектен тыс бүгілуден немесе жыртылудан қорғауға арналған құрылғы. | |
Рукавное разветвление - арматура для разделения потока и регулирования количества подаваемого огнетушащего вещества, транспортируемого по напорным пожарным рукавам. | Жеңдік тармақтау - арынды өрт сөндіруші жеңдер бойынша тасымалданатын өрт сөндіргіш заттың ағынын бөлуге және берілетін мөлшерін реттеуге арналған арматура. | |
n-ходовое рукавное разветвление - рукавное разветвление для разделения потока по n направлениям. | n-жүрісті жеңдік тармақтау - арынды n бағытқа бөлуге арналған жеңдік тармақтау. | |
Рукавный водосборник - арматура для объединения нескольких рукавных линий в одну. | Жеңдік су жинағыш - бірнеше жеңдік желілерді біріктіруге арналған арматура. | |
Рукавный зажим - устройство для временной ликвидации течи из разрывов напорных пожарных рукавов без прекращения подачи огнетушащего вещества. | Жеңдік қыспақ - арындық өрт сөндіруші жеңдердің жыртылған жерлерін өрт сөндіруші затты жеткізуді тоқтатпай уақытша жабуға арналған құрылғы. | |
Рукавный мостик - устройство для защиты пожарного рукава от повреждений при переезде через него дорожного транспорта. | Жеңдік көпір - өрт сөндіруші жеңді үстінен жол көлігі өткенде зақымданудан қорғауға арналған құрылғы. | |
Рукавный переходник - арматура для соединения двух пожарных соединительных головок разных условных проходов или разных типов. | Жеңдік өту қосқышы - шартты өткізгіштігі әр түрлі немесе типтері бөлек екі өрт сөндіруші қосу бас тиектерін қосуға арналған арматура. | |
Рукавный пожарный автомобиль - пожарный автомобиль для транспортирования и прокладки рукавных линий. | Жеңді өрт сөндіруші автомобиль - жең желілерін тасымалдауға және төсеуге арналған өрт сөндіруші автомобиль. | |
Рукавонавязочное устройство - устройство для навязывания пожарных рукавов на рукавные соединительные головки. | Жең ораушы қондырғы - өрт сөндіруші жеңдерді жең қосу бас тиектеріне орауға арналған құрылғы. | |
Руководство -материал, содержащий вспомогательные данные для проектирования и строительства и выпускаемый ведущими исполнителями-разработчиками проектов нормативных документов (как правило, глав СНиП). | Нұсқау - жобалауға және құрылысты жүргізуге арналған қосымша деректер көрсетілген және нормативтік құжаттардың жобасын (көбінесе құрылыс нормалары мен ережелерінің тарауларын) жасаушы жетекші мамандар шығаратын материал. | |
Рулежная дорожка (РД) — часть летного поля аэродрома, специально подготовленная для руления и буксировки воздушных судов. РД могут быть магистральные (МРД), соединительные, вспомогательные. | Рульдеу жолы (РЖ) - әуе кемелерiн басқаруға және жетекке алуға арнайы дайындалған аэродромның ұшу алаңының бөлiгi. РЖ магистральдық (МРЖ), бiрiктiретiн, қосалқы болуы мүмкiн. | |
Рулетка измерительная - инструмент для измерения линейных размеров в виде металлической, пластмассовой или матерчатой ленты дл. 1-100м, имеющей штриховую шкалу, отградуированную в мм, см, м. | Өлшеуіш рулетка - сызықтық өлшемдерді өлшеуге арналған металл, пластмасса, мата лентадан жасалған ұзындығы 1-100м, мм, см, м өлшемденген штрихталған шкаласы бар аспап. | |
Ручка - изделие, служащее для открывания, закрывания и перемещения дверей или окон. | Тұтқа - есіктер мен терезелерді ашу, жабу және жылжытуға арналған бұйым. | |
Ручная установка пожаротушения - установка пожаротушения с ручным способом приведения в действие. | Қол өрт сөндіру қондырғысы - қолмен іске қосылатын өрт сөндіруші қондырғы. | |
Ручной пожарный извещатель - пожарный извещатель с ручным способом приведения в действие. | Қол өрт дабылы - қолмен іске қосылатын өрт дабылы. | |
Ручной пожарный инструмент - ручной инструмент для вскрытия и разборки конструкций, проведения аварийно-спасательных работ при тушении пожара. | Өрт сөндірудің қол аспабы - өрт сөндірген кезде құралымдарды ашуға және бұзуға, апаттан құтқару жұмыстарын жүргізуге арналған қол аспап. | |
Рыхлитель - 1) землеройная машина для рыхления тяжелых и мерзлых грунтов перед их планировкой, для разрушения старых дорожных покрытий при ремонте дорог и т.п.; 2) Навесное или прицепное оборудование к трактору для предплантажной обработки тяжелых почв, засоренных крупными камнями, пнями и заросших кустарником; для рыхления полотна террас под посадку виноградников и плодовых насаждений. | Қопарғыш - 1) жайғастырылуы алдында ауыр және қатқан топырақты қопаруға, жолдарды жөндеу кезінде ескі жол жабындарын бұзуға және т.б. арналған жер қазушы машина; 2) ірі тастар, ағаш түбірлер және талдар басқан ауыр топырақтарды алдын ала дайындауға арналған; жүзім және дәнді дақылдар отырғызылатын террассалар бетін қопаруға арналған тракторға ілінетін немесе тіркелетін жабдық. | |
Рычаг закрывателя - деталь дверного закрывателя верхнего расположения, служащая для передачи крутящего момента пружины закрывателя к двери. | Жапқыштың иінтірегі - жапқыштың серіппесінің бұрау моментін есікке беретін жоғарыда орналасқан есік жапқыштың бөлшегі. | |
Рычаг замка - деталь замка, служащая для управления засовом-защелкой при открывании и запирании двери ключом. | Құлыптың иінтірегі - есікті кілтпен ашу және жабу кезінде ысырма-жапқышты басқаруға қажетті құлыптың бөлшегі. | |
Ряж - конструкция в виде ящика из бревен (брусьев) либо железобетонных балок со сплошными или решетчатыми стенками, заполненная камнем (реже грунтом). | Ряж - таспен (сирегірек топырақпен) толтырылған бөренелерден (келтектерден) немесе темірбетон арқалықтардан қабырғалары тұтас немесе торлы етіп жасалынған жәшік түріндегі құралым. | |
Ряжевая плотина - деревянная (реже железобетонная) плотина, основные элементы которой, воспринимающие нагрузку, выполнены из ряжей. | Ряждік бөгет - жүктемені қабылдайтын негізгі бөлшектері ряждерден жасалған ағаш (сирегірек темірбетон) бөгет. | |
Самовентиляция - саморегулирующаяся вентиляция, система ограниченного воздухообмена через каналы камер профилей или через встроенные в оконные блоки саморегулирующиеся климатические клапаны с целью регулирования влажности воздуха в помещении и предотвращения выпадения конденсата на внутренних поверхностях окон. | Өзі желдету - өзі реттелетін желдету, бөлмелердегі ауа ылғалдығын реттеу және терезелердің ішкі бетіне конденсат түсуінің алдын алу мақсатында кескін камераларының каналдары арқылы немесе терезе блоктарының ішіне орнатылған өзі реттелетін климатикалық клапандар арқылы шектелген ауа алмасуының жүйесі. | |
Самовозгорание - резкое увеличение скорости экзотермических процессов в веществе, приводящее к возникновению очага горения. | Өзі жану - жану көзінің пайда болуына әкеп соғатын заттың ішіндегі эзотермикалық процестердің жылдамдығының күрт өсуі. | |
Самовоспламенение - самопроизвольное возникновение горения жидких и газообразных веществ в отсутствие источника зажигания вследствие накопления в системе активных промежуточных продуктов экзотермических реакций (цепное самовоспламенение), а также в результате того, что при высокой температуре выделяющееся тепло не успевает отводиться за пределы реагирующей системы (тепловое самовоспламенение или тепловой взрыв). | Өзі тұтану - жүйеде экзотермиялық реакциялардың (тізбек тұтану) белсенді аралық өнімдерінің жиналуы салдарынан, сондай-ақ жоғары температура жағдайында шығатын жылу қабылдайтын жүйенің (жылулық өзі тұтану немесе жылулық жарылыс) сыртқа шығып үлгермеуінің нәтижесінде тұтану көзі жоқ жерде сұйық және газ тәріздес заттардың жануының өз еркінен пайда болуы. | |
Самонапряженные железобетонные конструкции - конструкции, предварительное напряжение арматуры которых достигается в результате расширения бетона на напрягающем цементе в процессе его затвердевания во влажной среде. | Өзі кернеуленген темірбетон құралымдар - кернеулейтін цементтен жасалған бетонның ылғал ортада қатуы процесіндегі бетонның ұлғаюы нәтижесінде арматуралардың алдын-ала кернеуі пайда болатын құралымдар. | |
Самонесущая стена - ограждающая конструкция здания, не несущая никаких вертикальных нагрузок, кроме собственного веса. | Өзі көтеретін қабырға - өзінің салмағынан басқа ешқандай вертикаль жүктемелер көтермейтін ғимараттың қоршаушы құралымы. | |
Самосвал - специализированный грузовой автомобиль с кузовом, который может опрокидываться назад, вбок или в обоих направлениях при разгрузке перевозимого материала. | Самосвал - тасымалданатын материалды түсірген кезде артқа, жанына немесе екі бағытта да аударыла алатын кузовы бар мамандандырылған жүк автомобилі. | |
Сандрик - декоративная архитектурная деталь над дверью или окном здания в виде небольшого карниза или фронтона, иногда опирающаяся на консоли. | Сандрик - ернеу немесе фронтон түріндегі, кейде консольғаQwerty тіреліп тұратын ғимараттың есігінің немесе терезесінің үстіндегі әшекейлі сәулеттік бөлшек. | |
Санитарная обработка (санобработка) - механическая очистка и мытье кожных покровов и слизистых оболочек людей, подвергшихся заражению и загрязнению радиоактивными, опасными химическими и биологическими веществами, а также обеззараживание их одежды и обуви при выходе из зоны чрезвычайной ситуации. | Санитарлық өңдеу (санөңдеу) - радиоактивті, қауіпті химиялық және биологиялық заттармен уланған және ластанған адамдардың терісі мен кілегей беттерін механикалық тазарту және жуу, сондай-ақ төтенше жағдай аумағынан шыққан кезде олардың киімдері мен аяқ киімдерін залалсыздандыру. | |
Санитарная очистка территории в зоне чрезвычайной ситуации - действия специальных подразделений сил и средств ликвидации чрезвычайных ситуаций по поиску и сбору представляющих опасность предметов и продуктов органического и неорганического происхождения, образовавшихся в результате возникновения чрезвычайной ситуации, и их захоронению в специально отведенных для этого местах, а также по обеззараживанию мест их нахождения. | Төтенше жағдай аумағын санитарлық тазарту - төтенше жағдай салдарын жою бойынша арнайы бөлімшелер мен құралдардың төтенше жағдай нәтижесінде пайда болған органикалық және органикалық емес заттар мен өнімдерді тауып, жинау және оларды арнайы бөлінген жерлерге көму, сондай-ақ олардың орналасқан жерлерін залалсыздандыру жұмыстары. | |
Санитарная техника, сантехника - обобщенное название ряда отраслей техники, решающих задачи создания в зданиях, на территории населенных пунктов мест санитарного благоустройства, обеспечения чистоты воздушной и водной среды. В узком смысле - совокупность технических средств, обеспечивающих функционирование систем водо- и теплоснабжения, канализации, отопления, газоснабжения, вентиляции, кондиционирования воздуха, очистки населенных мест от мусора, твердых и жидких отходов. | Санитарлық техника, сантехника - ғимараттарда, тұрғылықты жерлерде санитарлық жағдайды жасайтын, ауа және су ортасының тазалығын қамтамасыз ету мәселелелерін шешетін техника салаларының жиынтық атауы. Тар мағынада - су және жылумен жабдықтау, канализация, жылыту, газбен жабдықтау, желдету, ауаны тазарту, тұрғылықты жерлерді қоқыстардан, қатты және сұйық қалдықтардан тазарту жүйелерімен қамтамасыз ететін техникалық құралдардың жиынтығы. | |
Санитарно-защитная зона - от вида производственной деятельности принимается различная величина зоны согласно санитарных норм. | Санитарлық қорғаныш аймағы - санитарлық нормаларға сәйкес өндірістік қызмет түрлері бойынша аймақтың әр түрлі шамасы қабылданады. | |
Санитарно-техническая керамика - керамические изделия, полученные обжигом полуфабрикатов из глины, содержащей отощающие и флюсующие добавки. | Санитарлық-техникалық керамика - жұқартатын және флюстейтін қоспалары бар саздан жасалған жартылай өнімдерді күйдіру жолымен алынатын керамикалық бұйымдар. | |
Санитарно-технические работы - строительные работы, связанные с устройством систем отопления, вентиляции, тепло- и газоснабжения, горячего водоснабжения, водопровода и канализации в жилых и общественных зданиях и сооружениях. | Санитарлық-техникалық жұмыстар - тұрғын және қоғамдық ғимараттарда жылыту, желдету, жылу және газбен жабдықтау, ыстық сумен жабдықтау, сумен жабдықтау және канализация жүйелерін орнатуға байланысты жүргізілетін құрылыс жұмыстары. | |
Санитарно-эпидемиологическое заключение - документ, удостоверяющий соответствие (несоответствие) санитарным правилам факторов среды обитания, хозяйственной и иной деятельности, продукции, работ и услуг, а также проектов нормативных актов, проектов строительства объектов, эксплуатационной документации. | Санитарлық-эпидемиологиялық қорытынды - мекендейтін ортасының, шаруашылық және басқа да қызмет түрлері факторларының, өнімдердің, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтердің, сондай‑ақ нормативтік актілердің, құрылыс нысандары жобаларының, пайдалану құжаттарының санитарлық ережелерге сәйкестігін (сәйкес еместігін) куәландыратын құжат. | |
Санитарные приборы - обеспечивают санитарное благоустройство жилых, общественных и промышленных зданий. | Санитарлық аспаптар - тұрғын, қоғамдық және өндірістік ғимараттардың санитарлық жағдайын қамтамасыз етеді. | |
Санитарный узел (санузел) - 1) помещение, оборудованное умывальником, унитазом, ванной и/или душем. Санузел может быть как раздельным, так и совмещенным; 2) отдельное помещение, в котором установлены санитарные приборы для личной гигиены человека. | Санитарлық торап (санторап) - 1) қол жуғышпен, унитазбен, ваннамен және/немесе душпен жабдықталған бөлме. Санитарлық торап бөлінген және қосылған болуы мүмкін; 2) адамның жеке гигиенасына арналған санитарлық аспаптар орналасқан бөлек бөлме. | |
Сборка укрупнительная - предварительное объединение отдельных элементов строительных конструкций, узлов оборудования, трубопроводов и т.д. в монтажные блоки весом, соответствующим грузоподъемности монтажных средств. | Ірілендіріп құрастыру - құрылыс құралымдарының жеке бөлшектерін, жабдықтар мен құбырлардың бөліктерін және т.с.с. жинақтау құралдарының жүк көтергіштігіне салмағы сәйкес жинақтық блоктарға алдын ала біріктіру. | |
Сборная железобетонная крыша - верхняя ограждающая конструкция здания для защиты помещений от атмосферных воздействий. Крыши могут быть чердачные и бесчердачные. | Құрастырмалы темірбетон төбе - бөлмені атмосфералық әсерлерден қорғауға арналған ғимараттың жоғарғы қоршау құралымы. Төбелер шатырлы және шатырсыз болуы мүмкін. | |
Сборно-монолитные конструкции строительные - конструкции, состоящие из заранее изготовленных на заводах и полигонах отдельных элементов и монолитного бетона, укладываемого на месте строительства здания (сооружения) и объединяющего все составные части в единое целое. | Құрама-тұтасқұйма құрылыс құралымдары - зауыттар мен полигондарда алдын ала жасалған жеке бөліктерден және тұтас бетоннан тұратын және ғимараттардың (имараттардың) тұрғызылатын жерінде орнатылатын және барлық құраушы бөліктерді біртұтас етіп қосатын құралымдар. | |
Сборно-разборный мост - мост из транспортабельных стальных или алюминиевых элементов (пролетное строение и опоры моста) относительно небольшой массы, заводского изготовления, предназначенный для быстрого наведения моста, разборки и перебазировки элементов на другое место. | Құрастырмалы-жинамалы көпір - көпірді тез орнатуға, оны жинауға және бөліктерін басқа жерге көшіруге арналған зауытта жасалған тасымалданатын болат немесе алюминий бөлшектерден (аралық құрылысы және көпірдің тіректері) тұратын көпір. | |
Сборные конструкции в строительстве - конструкции зданий и сооружений, собираемые (монтируемые) из предварительно изготовленных на заводах и полигонах элементов. | Құрылыстағы жинамалы құралымдар - зауыттар мен полигондарда алдын-ала жасалған бөлшектерден жиналатын (орнатылатын) ғимараттар мен имараттардың құралымдары. | |
Сваебойное оборудование - комплект оборудования, предназначенный для установки (наведения) сваи, ее ориентирования, фиксации и погружения в грунт. | Қада қадаушы жабдық - қаданы орнатуға (нысаналауға), оны дәлдеуге, бекітуге және жерге енгізуге арналған жабдықтар жиынтығы. | |
Сваи - стержневые элементы, погружаемые в грунт при сооружении свайных фундаментов, шпунтовых стенок котлованов и постоянных ограждений некоторых гидротехнических сооружений. | Қадалар - қазаншұңқырлардың шпунттық қабырғаларын, іргетастардың қадаларын және кейбір гидротехникалық имараттардың тұрақты қоршауларын тұрғызғанда жерге енгізілетін шыбықтық элементтер. | |
Свайный молот - строительная машина ударного действия для забивки свай. | Қадалық балға - қадаларды қадауға арналған соққылы әрекеттегі құрылыс машинасы. | |
Свайный фундамент - фундамент, в котором основными элементами, передающими нагрузки на грунт, являются сваи, объединенные обычно в единое целое ростверком. | Қадалық іргетас - жерге жүктемелерді беретін негізгі бөлшектері ростверкпен біртұтас біріктірілетін қадалар болып табылатын іргетас. | |
Свариваемость - способность металла или сочетания металлов образовывать при установленной технологии сварки соединение, отвечающее требованиям, обусловленным прочностью и надежностью конструкции. | Пісірілу қабілеттілігі - металдың немесе металдар қоспасының белгіленген пісіру технологиясын пайдаланған кезде құралымның беріктігі мен сенімділігіне байланысты қойылатын талаптарға жауап беретін қосылыс жасау қабілеті. | |
Сварка - процесс получения неразъемного соединения твердых материалов посредством установления межатомных связей между свариваемыми частями при их местном или общем нагреве и (или) пластическом деформировании. | Пісіру - пісірілетін бөлшектердің бөлігін немесе оларды толығымен қыздыру және (немесе) пластикалық деформациялау кезінде атомаралық байланыстар орнату арқылы қатты материалдардың ажыратылмайтын қосылысын алу процесі. | |
Сварной шов - участок сварного соединения, непосредственно связывающий свариваемые элементы; образуется в результате кристаллизации расплавленного металла либо пластической деформации (при сварке давлением) или в результате сочетания кристаллизации и деформации. | Пісірілген жік - пісірілетін бөлшектерді тікелей байланыстырып тұрған пісірілген қосылыстың бөлігі; балқытылған металдың кристалдануы нәтижесінде не пластикалық деформация (қысыммен пісірген жағдайда) немесе кристаллизация мен деформацияның нәтижесінде пайда болады. | |
Сварные конструкции - металлические конструкции зданий и сооружений, соединения элементов которых выполнены сваркой. | Пісірілген құралымдар - ғимараттар мен имараттардың, бөлшектерінің пісіріліп қосылған металл құралымдары. | |
Свая-колонна - разновидность забивных свай, наземная часть которых служит колоннами здания (или сооружения), а часть, погруженная в грунт, - сваями. | Қада-ұстын - жер бетіндегі бөлігі ғимараттардың (имараттардың) ұстыны, ал жерге енгізілген бөлігі қада қызметін атқаратын қағылмалы қаданың түрі. | |
Свая-оболочка - железобетонная полая круглая свая, полость которой заполняется грунтом или бетоном. | Қабықша қада - қуысы топырақпен немесе бетонмен толтырылатын дөңгелек қуыс денелі темірбетон қада. | |
Свая-столб - разновидность железобетонных цилиндрических (или призматических) свай сплошного сечения, погружаемых в предварительно пробуренные скважины с последующим заполнением зазора между стенкой скважины и железобетонным элементом песчано-цементным или грунтовым раствором. | Қада-бағана - алдын ала бұрғыланған ұңғымаға салынып, соңынан ұңғыма мен темірбетон бөлшектің саңылауы құмды-цементті немесе сазды ерітіндімен толтырылатын цилиндрлік (немесе призмалық) тұтас қималы темірбетон қаданың түрі. | |
Световой карман — помещение с естественным освещением, примыкающее к коридору и служащее для его освещения. Роль светового кармана может выполнять лестничная клетка, отделенная от коридора остекленной дверью шириной не менее 1,2 м. При этом за ширину светового кармана принимается ширина проема в лестничную клетку. | Жарық қалтасы - дәлізге жалғасқан және оны жарықтандыруға арналған табиғи жарықпен жарықтанатын бөлме. Жарық беру қалтасының рөлін дәлізден ені 1,2 м-ден кем емес әйнектелген есіктермен бөлінген баспалдақ торлары атқара алады. Бұл жағдайда жарық беру қалтасының ені ретінде баспалдақ торына өту ойығының ені алынады. | |
Световой климат — совокупность условий естественного освещения в той или иной местности (освещенность и количество освещения на горизонтальной и различно ориентированных по сторонам горизонта вертикальных поверхностях, создаваемых рассеянным светом неба и прямым светом солнца, продолжительность солнечного сияния и альбедо подстилающей поверхности) за период более десяти лет. | Жарық климат - бір жердегі он жылдан артық мерзім аралығындағы табиғи жарық жағдайларының (жарықтану және аспанның шашыраған жарығымен және күннің тура жарығымен жасалатын горизонталь және көкжиек жақтары бойынша түрлі бағдарланған вертикаль беттердегі жарық мөлшері, күн жарығының ұзақтығы және төсеуіш беттің альбедосы) жиынтығы. | |
Световой фонарь — остекленная конструкция покрытия для освещения лестничной клетки или внутреннего дворика. | Жарық фонары - баспалдақ торы немесе ішкі ауланы жарықтандыруға арналған жабынның әйнектелген құралымы. | |
Светодальномер - прибор для измерения расстояний при помощи световых сигналов, промодулированных в фазе, частоте или длительности. | Жарықпен қашықтық өлшеуші - фазасы, жиілігі немесе ұзақтығы модульденген жарық сигналдарының көмегімен ара қашықтықты өлшеуге арналған аспап. | |
Светопрозрачная ограждающая конструкция - 1) ограждающая конструкция, предназначенная для освещения естественным светом помещений зданий; 2) строительная конструкция, предназначенная для обеспечения естественного освещения внутренних помещений здания или сооружения. | Жарық өткізгіш қоршау құралым - 1) ғимараттардың бөлмелерін табиғи жарықпен жарықтандыруға арналған қоршау құралым; 2) ғимараттардың немесе имараттардың ішкі бөлмелерін табиғи жарықпен қаматамасыз етуге арналған құрылыс құралымы. | |
Светопрозрачное заполнение - заполнение окон из прозрачного листового стекла или стеклопакета. | Жарық өткізгіш толтырушы - мөлдір табақ әйнекпен немесе әйнек пакетпен әйнектелген терезе. | |
Светотехнический способ световой маскировки заключается в снижении освещенности и в оборудовании осветительных и сигнальных установок маскировочными приспособлениями. | Жарықтық бүркеудің жарықтық техникалық жолы - жарықтандыруды азайту және жарықтандыру мен дыбыс беру қондырғыларын жасыру аспаптарымен жабдықтау. | |
Свечение - горение без пламени, но с видимым излучением света. | Жарқырау - көзге көрінетін сәуле тарата отырып, бірақ жалынсыз жану. | |
Свободная (договорная) цена на строительную продукцию (выполнение подрядных работ или оказание услуг) - цена, устанавливаемая инвестором (заказчиком) и генподрядчиком (генподрядчиком и субподрядчиком) на равноправной основе при заключении договора подряда (контракта) на капитальное строительство или капитальный ремонт зданий и сооружений (договора субподряда), в том числе по результатам проведения конкурсов (подрядных торгов). Эта цена формируется с учетом спроса и предложений на строительную продукцию, складывающихся условий на рынке труда, конъюнктуры стоимости материалов, применяемых машин и оборудования, а также обеспечения прибыли подрядной организации для расширенного воспроизводства. | Құрылыс өнімдерінің (мердігерлік жұмыстардың немесе көрсетілетін қызметтердің орындалуы) еркін (келісімді) бағасы - күрделі құрылыс немесе ғимараттар мен имараттарды (қосалқы мердігерлік шарттары) күрделі жөндеу, соның ішінде конкурс (мердігерлік сауда) өткізудің нәтижелері бойынша мердігерлік шарттары (келісімшарт) жасалған кезде тең құқықтық негізде инвестор (тапсырыс беруші) мен бас мердігер (бас мердігер мен қосалқы мердігер) белгілейтін баға. Бұл баға құрылыс өнімдеріне сұраныс пен ұсынысты, еңбек нарығындағы жағдайларды, машиналар мен жабдықтарда қолданылатын материалдар бағаларының конъюнктурасын ескере отырып, сондай-ақ ұдайы өндіріс үшін мердігерлік ұйымның пайдасын қамтамасыз ету негізінде қалыптасады. | |
Свободный выбег лестничного полотна эскалатора - расстояние, проходимое лестничным полотном по инерции без нагрузки после отключения электродвигателя главного привода при разомкнутом рабочем и отключенном аварийном тормозах. | Эскалатордың баспалдақ тақтасының еркін жүрісі - жұмыс және апаттық тежегіштер ажыратылған кезде негізгі жетектің электр қозғалтқышын өшіргеннен кейін баспалдақ тақтасының жүктемесіз екпінмен өтетін қашықтығы. | |
Свод - 1) несущая пространственная строительная конструкция, отличающаяся наличием распора и работающая преимущественно на сжатие; 2) архитектурная пространственная конструкция, перекрытие или покрытие сооружений, имеющее геометрическую форму выпуклой криволинейной поверхности. Основные виды сводов: цилиндрический, крестовый, сомкнутый, зеркальный, купольный (парусный). | Тоғыспа - 1) кергіштің болуымен ерекшеленетін және негізінен сығуға жұмыс істейтін көтергіш кеңістіктік құрылыс құралымдары; 2) геометриялық пішіні дөңес қисық сызықты бет түріндегі құрылыстың сәулеттік кеңістік құралымдары, аражабыны немесе төбежабыны. Тоғыспалардың негізгі түрлері: цилиндр, крест тәрізді, қабыстырылған, айналы, күмбез (желкен) тәрізді. | |
Свод правил (по проектированию и строительству) - нормативный документ, рекомендующий технические решения или процедуры инженерных изысканий для строительства, проектирования, строительно-монтажных работ и изготовления строительных изделий, а также эксплуатации строительной продукции, и определяющий способы достижения ее соответствия обязательным требованиям строительных норм, правил и стандартов. | Ережелер жиыны (жобалау мен құрылыс бойынша) - құрылыс, жобалау, құрылыс-жинақтау жұмыстары мен құрылыс бұйымдарын жасау, сондай-ақ құрылыс өнімдерін пайдалану және олардың құрылыс нормаларының, ережелерінің және стандарттардың міндетті талаптарына сәйкестігінің тәсілдерін анықтау үшін техникалық шешімдер немесе инженерлік ізденістердің процедураларын ұсынатын, нормативтік құжат. | |
Сводка затрат - сметный документ, определяющий общую сметную стоимость стройки и объединяющий сводные сметы на строительство объектов производственного назначения, а в отдельных случаях и на развитие базы строительной индустрии. | Шығындар жиыны - құрылыстың жалпы сметалық құнын анықтайтын және өндірістік нысандар құрылысының жиынтық сметаларын, ал кейбір жағдайларда құрылыс индустриясының базасын дамыту сметаларын біріктіретін сметалық құжат. | |
Связи в строительных конструкциях - соединительные элементы, обеспечивающие устойчивость основных (несущих) конструкций каркаса и пространственную жесткость сооружения в целом. | Құрылыс құралымдарындағы байланыстар - қаңқаның негізгі (көтеруші) құралымдарының орнықтылығы мен құрылыстың жалпы кеңістіктік қатаңдығын қамтамасыз ететін қосу элементтері. | |
Связь - линейное монтажное приспособление, не обладающее собственной устойчивостью, работающее на растяжение и сжатие. | Байланыс ‑ өзіндік орнықтылығы жоқ, созу мен сығуға жұмыс істейтін желілік жинақтау құралы. | |
Сгораемый материал - материал, который под воздействием огня или высокой температуры воспламеняется или тлеет; обугливается и продолжает гореть или тлеть: обугливается после удаления источника зажигания. | Жанғыш материал - от немесе жоғары температура әсерінен жалындайтын немесе бықситын; көмірленетін және әрі қарай жанып бықси беретін; тұтану көзін жойғаннан кейін көмірленетін материал. | |
Сдвиг в сопротивлении материалов - деформация упругого тела, характеризующаяся взаимным смещением параллельных слоев (волокон) материала. | Материалдар кедергісіндегі ығысу - материалдың параллель қабаттарының (талшықтарының) өзара ығысуымен сипатталатын серпімді дененің деформациясы. | |
Сдир - дефект асбестоцементного изделия, заключающийся в отсутствии части наружного слоя со стороны лицевой поверхности. | Сырылу - асбестоцемент бұйымның алдыңғы бетінің сыртқы қабатының жоқтығымен сипатталатын ақауы. | |
Седиментация - оседание мелких твердых частиц в жидкости или газе под действием силы тяжести или центробежных сил. | Седиментация - ауырлық күшінің немесе орталық тепкіш күштің әсерінен ұсақ қатты бөлшектердің сұйықтың немесе газдың түбіне тұнуы. | |
Сейсмическая разведка, сейсморазведка - совокупность геофизических методов разведки, основанных на искусственном возбуждении и регистрации сейсмических (упругих) волн с целью изучения строения, вещественного состава и напряженного состояния земных недр. | Сейсмикалық барлау, сейсмобарлау - жер қойнауларының құрылысын, заттық құрамын және кернеуленген жағдайын зерттеу мақсатында сейсмикалық (серпімді) толқындарды жасанды түрде қоздыру мен тіркеуге негізделген геофизикалық барлау әдістерінің жиынтығы. | |
Сейсмокаротаж - исследование сейсмических свойств горных пород, расположенных вдоль ствола скважины, с помощью зонда каротажного или сейсмоприемника. | Сейсмокаротаж - каротаждық зонд немесе сейсмоқабылдағыш көмегімен ұңғыма бойында орналасқан тау жыныстарының сейсмикалық қасиеттерін зерттеу. | |
Сейсмостойкое строительство, антисейсмическое строительство - строительство зданий и сооружений, способных противостоять сейсмическим воздействиям во время землетрясений, сохраняя свои эксплуатационные качества. | Сейсмикалық берік құрылыс, антисейсмикалық құрылыс - жер сілкіністері кезінде пайдалану қасиеттерін сақтап, сейсмикалық әсерлерге қарсы тұра алуға қабілетті ғимараттар мен имараттардың құрылысы. | |
Сейсмостойкость - способность зданий или сооружений противостоять сейсмическим воздействиям без потери эксплуатационных качеств. | Сейсмикалық төзімділік - ғимараттар немесе құрылыстардың пайдалану сапасын жоғалтпау арқылы сейсмикалық әсерлерге қарсы тұру қабілеті. | |
Секретность замка - количество различных комбинаций запирающего устройства, каждая из которых соответствует только определенному ключу или коду. | Құлыптың құпиялылығы - әрқайсысы тек белгілі бір кілтке немесе кодқа сәйкес келетін құлыптау құрылғысының түрлі қиыстыруларының саны. | |
Секция - 1)часть здания или сооружения, условно ограниченная в плане и представляющая собой единое целое в объемно-планировочном, техническом или конструктивном отношении; | Секция - 1)жоспарда шартты түрде шектелген және көлемдік-жайғастыру, техникалық немесе құралымдық жағынан біртұтас ғимарат немесе имараттың бөлігі; | |
2)с амостоятельный в конструктивном отношении объемно-планировочный элемент здания, ограниченный наружными стенами или (и) деформационными швами и состоящий из совокупности однотипных или разнотипных (по модульным пролетам и шагам) ячеек, имеющих одинаковое направление пролетов и одинаковые модульные высоты этажей в пределах всего объема этого элемента (в одно- и многоэтажном элементе) или в пределах каждого его этажа (в многоэтажном элементе). | 2) сыртқы қабырғалармен немесе (және) деформациялық жіктермен шектелген және аралықтарының бағыты бір және осы бөліктің толық көлемінің шегінде (бір не көп қабатты бөліктің) немесе оның әр қабатының шегінде (көп қабатты бөліктің) қабаттарының модульдік биіктігі бірдей бір типті немесе әр типті (модульдік аралықтар мен қадамдар бойынша) ұяшықтардың жиынтығынан тұратын ғимараттың құралымдық жағынан дербес көлемдік-жайғастыру элементі. | |
Секция жилого дома - здание или часть жилого дома, отделенная от других частей глухой стеной, с квартирами, имеющими общий выход наружу либо на одну лестничную клетку. | Тұрғын үй секциясы - басқа бөліктерден бітеу қабырғамен бөлінген, пәтерлерінің сыртқы есігі бір немесе бір баспалдақтық торға тікелей шығатын ғимарат немесе тұрғын үйдің бөлігі. | |
Секция трубопровода - прямолинейная сборочная единица, состоящая из нескольких труб одного диаметра, ограниченная транспортными габаритами. | Құбырдың секциясы - диаметрі бірдей бірнеше құбырдан тұратын, тасымалдау өлшемдерімен шектелген түзу сызықты құрастырма бірлігі. | |
Селевые потоки - кратковременные разрушительные потоки, перегруженные грязекаменным материалом, возникающие при выпадении обильных дождей или интенсивном таянии снега в предгорных и горных районах, в бассейнах небольших рек и логов с большими уклонами тальвега ( > 0,1 ). | Сел ағыны - тауға жақын және таулы аймақтарда, кіші өзендер мен тальвегтерінің еңісі үлкен логтардың ( > 0,1) бассейндерінде көп мөлшерде жаңбыр жауғанда немесе қар тез еріген кезде пайда болатын балшық пен тасы көп қысқа мерзімді күйретуші ағындар. | |
Селитебная зона — территория, предназначенная для размещения жилищного фонда, общественных зданий и сооружений, в том числе научно-исследовательских институтов и их комплексов, а также отдельных коммунальных и промышленных объектов, не требующих устройства санитарно-защитных зон; для устройства путей внутригородского сообщения, улиц, площадей, парков, садов, бульваров и других мест общего пользования. | Қоныстану аймағы - тұрғын үйлер қорын, қоғамдық ғимараттар мен имараттарды, соның ішінде ғылыми-зерттеу институттары мен кешендерін, сондай-ақ санитарлық қорғаныш аймақтарын жасауды қажет етпейтін кейбір коммуналдық және өнеркәсіптік нысандарды орналастыруға арналған, қала ішіндегі жолдарды, көшелерді, алаңдарды, бақтарды, бульварларды және басқа да қоғамдық пайдалану орындарын жайғастыруға арналған аумақ. | |
Септик - сооружение в виде 1-3 подземных резервуаров (камер) для предварительной обработки (отстоя) сточных вод, поступающих затем на биологическую очистку. | Септик - биологиялық тазартуға баратын ақаба суларды алдын ала өңдеуге (тұндыруға) арналған 1-3 жер асты резервуарларынан (камераларынан) тұратын имарат. | |
Септик для очистки сточных вод - сооружение для механической очистки сточных вод отстаиванием с анаэробным сбраживанием их осадка. | Ақаба суларды тазартуға арналған септик - тұнбаларын анаэробты ашытып, ағынды суларды тұндыру арқылы механикалық тазартуға арналған имарат. | |
Сервитут - право ограниченного пользования чужим объектом недвижимого имущества, например, для прохода, прокладки и эксплуатации необходимых коммуникаций и иных нужд, которые не могут быть обеспечены без установления сервитута. Сервитут как вещное право на здание, сооружение, помещение может существовать вне связи с пользованием земельным участком. Для собственника недвижимого имущества, в отношении прав которого установлен сервитут, последний выступает в качестве обременения. | Сервитут - бөтен жылжымайтын мүлік нысанын шекті пайдалану құқығы, мысалы, сервитутты орнатусыз қамтамасыз етілмейтін қажетті қатынастар мен басқа да қажеттіліктерді өткізу, салу және пайдалану. Сервитут ғимаратқа, имаратқа, бөлмеге заттық құқық ретінде жер телімін пайдалануға ешқандай байланыссыз болуы мүмкін. Құқықтарына сервитут белгіленген жылжымайтын мүлік иесі үшін сервитут ауыртпалық болып табылады. | |
Серпантин - вид закругления автомобильной дороги, устраиваемый в горной местности вне угла поворота трассы для сопряжения двух ее направлений, сходящихся (расходящихся) под острым углом. | Серпантин - таулы жерлерде салынатын жолдың бұрылу бұрышынан тыс оның екі бағыты сүйір бұрыш жасай түйіскен (айырылысқан) жерде автомобиль жолын доғалдау түрі. | |
Сертификат - документ предприятия-изготовителя, подтверждающий соответствие изготовленных материалов (изделий, конструкций) стандартам или техническим условиям. | Серитификат - жасалған материалдардың (бұйымдардың, құралымдардың) стандарттарға немесе техникалық шарттарға сәйкестігін растайтын дайындаушы-кәсіпорынның құжаты. | |
Сертификат соответствия - 1) документ, выданный по правилам системы сертификации для подтверждения соответствия сертифицированной продукции установленным требованиям; 2) документ, изданный в соответствии с правилами системы сертификации, указывающий, что обеспечивается необходимая уверенность в том, что должным образом идентифицированная продукция, процесс или услуга соответствуют конкретному стандарту или другому нормативному документу. | Сәйкестік сертификаты - 1) сертификатталған өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін растайтын сертификациялау ережелері бойынша берілген құжат; 2) сертификациялау жүйесінің ережелеріне сәйкес теңестірілген өнімнің, процестің немесе көрсетілетін қызметтің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкестігін қажетті сенімділікпен қамтамасыз етілуін көрсететін құжат. | |
Сертификат соответствия работ по охране труда (сертификат безопасности) - документ, удостоверяющий соответствие проводимых в организации работ по охране труда установленным государственным нормативным требованиям охраны труда. | Еңбекті қорғау жұмыстарының сәйкестік сертификаты (қауіпсіздік сертификаты) - ұйымда жүргізілетін еңбекті қорғау жұмыстарының еңбекті қорғаудың белгіленген мемлекеттік нормативтік талаптарына сәйкестігін куәландыратын құжат. | |
Сертификация продукции - 1) процедура подтверждения соответствия, посредством которой независимая от изготовителя (продавца, исполнителя) и потребителя (покупателя) организация удостоверяет в письменной форме, что продукция соответствует установленным требованиям; 2) процедура, посредством которой третья сторона дает письменную гарантию, что продукция, процесс или услуга соответствуют заданным требованиям. Примечание: при указании объектов сертификации используют термины "товары, работа, услуги". | Өнімді сертификациялау - 1) дайындаушыға (сатушы, орындаушы) және тұтынушыға (сатып алушыдан) тәуелсіз, өнімнің қойылған талаптарға сәйкестігін ұйымның жазбаша түрде куәландыратын растау процедурасы; 2) өнімнің, процестің немесе көрсетілетін қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігін үшінші жақ жазбаша түрде куәландыратын процедура. Ескерту: сертификациялау нысандарын көрсету барысында «тауарлар, жұмыстар, қызметтер» терминдері пайдаланылады. | |
Сети инженерные - трубопроводы и кабели различного назначения (водопровод, канализация, отопление, связь и др.), прокладываемые на территориях населенных пунктов и промышленных предприятий, а также в зданиях. | Инженерлік тораптар - елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аумақтарында, сондай-ақ ғимараттарда тартылатын түрлі мақсаттағы құбырлар мен кабельдер (су құбырлары, канализация, жылыту, байланыс жүйелері және т.б.) | |
Сетка колонн - совокупность линий на горизонтальной основной координационной плоскости, определяющих размеры шага колонн в двух направлениях плана (в направлении модульных пролета и шага). | Ұстындар торы - жоспардың екі бағытында (аралық пен қадамның модульдіктері бағыттарында) ұстындардың қадам өлшемін анықтайтын горизонталь негізгі координациялық жазықтықтағы сызықтардың жиынтығы. | |
Сеть водопроводная - совокупность трубопроводов и устройств для подачи воды к местам потребления. | Су құбырларының торабы - суды тұтыну орындарына жеткізуге арналған құбырлар мен құрылғылардың жиынтығы. | |
Сеть канализационная - совокупность трубопроводов, коллекторов, каналов и лотков для приема и отведения сточных вод к месту расположения очистных сооружений. | Канализация торабы - тазарту имараттары орналасқан жерге ақаба суларды қабылдау мен жеткізуге арналған құбырлар, коллекторлар, каналдар және науалар жиынтығы. | |
Сеть контактная - совокупность линейных токоведущих, изолирующих, поддерживающих и опорных элементов, предназначенных для подведения электроэнергии к токоприемникам электрофицированного транспорта (электровоза, моторного вагона, трамвая, троллейбуса). | Түйісу торабы - электр энергиясын электрлендірілген көліктердің (электровоз, моторлы вагон, трамвай, троллейбус) ток қабылдаушысына жеткізуге арналған желілік ток өткізгіш, оқшаулаушы, ұстап тұрушы және тіреуші элементтердің жиынтығы. | |
Сеть тепловая - совокупность трубопроводов (теплопроводов), по которым перемещается теплоноситель (горячая вода или пар) от источника теплоснабжения к потребителям. | Жылу торабы - жылумен жабдықтау көзінен тұтынушыларға қарай жылу тасушы орналасатын (ыстық су немесе бу) құбырлардың (жылу құбырларының) жиынтығы. | |
Сеть тяговая - часть системы электроснабжения (питающая, контактная и рельсовая цепи), служащая для передачи электроэнергии от шин тяговых подстанций к токоприемникам подвижного состава электрифицированного транспорта. | Тарту торабы - электр энергиясын тарту қосалқы станциясының шиналарынан электрлендірілген көліктің қозғалмалы құрамының ток қабылдаушыларына жеткізу үшін қызмет ететін электрмен жабдықтау жүйесінің (жабдықтаушы, түйістіруші және рельстік желілер) бөлігі. | |
Сеть электрическая - совокупность электрических линий, подстанций, распределительных и переключательных пунктов, связывающих электростанцию с потребителями электрической энергии. | Электр желісі - электр станциясын электр энергиясын тұтынушылармен байланыстыратын электр желілерінің, қосалқы станциялардың, тарату және ауыстырып қосу пункттерінің жиынтығы. | |
Сечение - изображение фигуры, получающейся при мысленном рассечении предмета одной или несколькими плоскостями. На сечении показывается только то, что получается непосредственно в секущей плоскости. | Қима - затты бір немесе бірнеше жазықтықтармен ойша қиғанда пайда болатын дененің бейнесі. Қимада тек қиюшы жазықтықта алынатын бөлік көрсетіледі. | |
Сжигание - контролируемое целесообразное горение. | Жағу - белгілі мақсаттағы бақыланатын жану. | |
Сжимаемость, объемная упругость - способность твердых, жидких и газообразных тел под действием всестороннего внешнего давления изменять свой объем обратимым образом, т.е. так, чтобы после прекращения действия внешнего давления восстанавливался первоначальный объем тела. | Сығылу қабілеттілігі, көлемдік серпімділік - қатты, сұйық және газ тәрізді денелердің жан-жағынан әсер ететін сыртқы қысым әсерінен өз көлемін қайтарымды түрде өзгерту қабілеті, яғни сыртқы қысым әсері тоқтаған кезде дененің бұрынғы көлемі қалпына келеді. | |
Сигнализаторы (оповещатели) опасности - специальные элементы, встроенные в поверхность или прикладываемые к поверхности пешеходной дорожки или другим элементам для предупреждения людей с ослабленным зрением или слепых об опасностях на их пути. | Қауіптілік дыбыс берушілері (дабылдары) - көздері нашар көретін адамдарды немесе зағиптарды жолдағы қауіп-қатер туралы ескертетін жаяу жолдың бетіне орналастырылған немесе оның бетіне не басқа бөлшектердің үстіне қойылған арнайы элементтер. | |
Сиккативы - вещества, вводимые в состав лакокрасочных материалов, содержащих растительные масла, для ускорения их пленкообразования (высыхания). | Сиккативтер - өсімдік майлары бар сырлы лак материалдарының үлдір түзуін (құрғау) тездету үшін құрамына енгізілетін заттар. | |
Сила - мера механического воздействия на материальное тело со стороны других тел. | Күш - материалдық денеге басқа денелер жағынан механикалық әсер өлшемі. | |
Сила тяжести - сила Р, действующая на любое тело (материальную точку), находящееся вблизи земной поверхности, и определяемая как геометрическая сумма (равнодействующая) силы притяжения Земли и центробежной силы инерции, обусловленной вращением Земли. | Ауырлық күші - жер бетіне жақын жерде орналасқан кез-келген денеге (материалдық нүктеге) әсер ететін күш Р, Жердің тартылыс күші мен Жердің айналысынан болатын екпіннің орталық тепкіш күшінің геометриялық қосындысы (тең әсерлеушісі) ретінде анықталады. | |
Силикатизация грунтов - способ химического закрепления грунтов, осуществляемый нагнетанием в грунт через систему инъекторов водных растворов-крепителей. | Топырақтарды силикаттандыру - инъекторлар жүйесі арқылы топыраққа бекітушілердің судағы ерітінділерін енгізу арқылы топырақты химиялық бекіту тәсілі. | |
Силикатный бетон - искусственный каменный материал, получаемый из смеси известково-кремнеземистого вяжущего (с водой) и заполнителя после ее формования и термообработки в автоклаве. | Силикат бетон ‑ әктасты-кремний топырақты тұтқыш (сумен) пен толтырғыштың қоспасынан оны автоклавта пішіндеп және термоөңдеуден кейін алынатын жасанды тас материал. | |
Силикатный кирпич - искусственный безобжиговый стеновой материал в виде прямоугольных блоков, формуемый из смеси извести (7-10%) и кварцевого песка с прессованием под давлением 150-200 кг/см2 и обработкой в автоклаве. | Силикат кірпіш - әктас (7-10%) пен кварцтік құмның қоспасын 150-200 кг/см2 қысым астында сығымдау және автоклавта өңдеу арқылы жасалатын тік бұрышты блоктар түріндегі жасанды күйдірілмеген қабырға қалаушы материал. | |
Силовое воздействие - воздействия, под которыми понимаются как непосредственные силовые воздействия от нагрузок, так и воздействия от смещения опор, изменения температуры, усадки и других подобных явлений, вызывающих реактивные силы. | Күш әсері - жүктемелердің тікелей күш әсерлері, сондай-ақ реактивті күштердің пайда болуына әкелетін тіректердің ығысуынан, температураның өзгеруінен, шөгуден және тағы да сол сияқты құбылыстардан болатын әсерлер. | |
Силос - сооружение башенного типа, предназначенное для хранения сыпучих материалов. | Силос - үгітілмелі материалдарды сақтауға арналған мұнара типіндегі имарат. | |
Силы и средства ликвидации чрезвычайных ситуаций; силы и средства ликвидации ЧС - силы и средства территориальных, функциональных и отраслевых подсистем ЧС, предназначенные или привлекаемые для проведения аварийно-спасательных и других неотложных работ в зонах чрезвычайной ситуации и очагах поражения. | Төтенше жағдайларды жою күштері мен құралдары; ТЖ жою күштері мен құралдары - төтенше жағдайлар аймағында және апат орталықтарында құтқару және басқа да шұғыл жұмыстарды жүргізуге арналған немесе қатыстырылған ТЖ аймақтық, қызметтік және салалық бағынышты жүйелерінің күштері мен құралдары. | |
Силы и средства наблюдения и контроля ЧС - силы и средства территориальных, функциональных и отраслевых подсистем ЧС, предназначенные для наблюдения и контроля за потенциально опасными объектами и состоянием окружающей природной среды, прогнозирования и оценки риска возникновения чрезвычайных ситуаций, проведения профилактики и контроля за соблюдением требований экологической, радиационной, химической, биологической, санитарно-эпидемиологической, промышленной и пожарной безопасности с целью предотвращения чрезвычайных ситуаций либо снижения ущерба от них. | ТЖ бақылау және тексеру күштері мен құралдары - төтенше жағдайлардың алдын алу немесе олардың тигізетін шығындарын азайту мақсатында қауіп-қатер туғызуы мүмкін нысандарды, қоршаған табиғи ортаның жағдайын бақылау және тексеруге, төтенше жағдайлардың пайда болу ықтималдығын болжауға және бағалауға, экологиялық, радиациялық, химиялық, биологиялық, санитарлық-эпидемиологиялық, өндірістік және өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауды тексеруге арналған ТЖ аймақтық, қызметтік және салалық бағынышты жүйелерінің күштері мен құралдары. | |
Силы и средства ЧС - силы и средства территориальных, функциональных и ведомственных или отраслевых подсистем и звеньев ЧС, предназначенные или привлекаемые для выполнения задач по предупреждению и ликвидации чрезвычайных ситуаций. | ТЖ күштері мен құралдары - төтенше жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жоюға арналған немесе жұмысқа қатыстырылатын ТЖ аймақтық, қызметтік және ведомстволық немесе салалық бағынышты жүйелері мен буындарының күштері мен құралдары. | |
Система - совокупность сооружений, устройств, оборудования, приборов и других технических средств, понятий, норм и правил со связями между ними, подчиненных определенному принципу и выполняющих общую функцию (например, система вентиляции, водоснабжения, отопления, система нормативных документов, система допусков и т.д.). | Жүйе - белгілі бір принципке бағынышты және ортақ қызмет атқаратын, бір-бірімен байланысты имараттар, құрылғылар, жабдықтар, аспаптар және басқа да техникалық құралдар, түсініктер, нормалар мен ережелердің жиынтығы (мысалы, желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, нормативтік құжаттар жүйесі, дәлдік шектерінің жүйесі және т.б.). | |
Система автоматического пенного пожаротушения - включает резервуары для воды и пенообразователя, насосную станцию, подводящие растворопроводы с пожарными гидрантами, узлы управления, а также установленные на резервуарах и в зданиях генераторы пены с питающими и распределительными трубопроводами для подачи раствора пенообразователя к этим генераторам, средства автоматизации. | Автоматтандылылған көбікпен өрт сөндіру жүйесі - бұған су мен көбік жасаушыға арналған резервуарлар, сорғы станциялары, өрт гидранттары бар ерітінді құбырлар, басқару торабы, сондай-ақ резервуарлар мен ғимараттарда орналастырылған, оларға көбік жасаушыны жеткізуге арналған жабдықтаушы және таратушы құбырлары бар көбік генераторлары енеді. | |
Система газоснабжения - имущественный производственный комплекс, состоящий из технологически, организационно и экономически взаимосвязанных и централизованно управляемых производственных и иных объектов, предназначенных для добычи, транспортировки, хранения, поставок газа. | Газбен жабдықтау жүйесі - газды шығаруға, тасымалдауға, сақтауға, жеткізуге арналған технологиялық, ұйымдастыру және экономикалық жағынан бір-бірімен байланысқан және орталықтан басқарылатын өндірістік және басқа да нысандардың мүліктік өндірістік кешені. | |
Система качества - совокупность организационной структуры, ответственности, процедур, процессов и ресурсов, обеспечивающая осуществление общего руководства качеством. | Сапа жүйесі - сапаны жалпы басқаруды қаматамасыз ететін ұйымдық құрылымның, жауапкершіліктің, процедуралардың, процестер мен қорлардың жиынтығы. | |
Система коммунального теплоснабжения - совокупность объединенных общим производственным процессом источников тепла и (или) тепловых сетей города (района, квартала), другого населенного пункта, эксплуатируемых теплоснабжающей организацией системы жилищно-коммунального хозяйства, получившей соответствующие специальные разрешения (лицензии) в установленном порядке. | Коммуналдық жылумен жабдықтау жүйесі - белгіленген тәртіппен тиісті арнайы рұқсат (лицензиялар) алған тұрғын-үй-коммуналдық шаруашылық жүйесінің жылумен жабдықтау ұйымы пайдаланатын жалпы өндірістік процеспен біріктірілген жылу көздерінің және (немесе) қаланың (ауданның, кварталдың), басқа да елді мекеннің жылу жүйелерінің жиынтығы. | |
Система местных отсосов - система местной вытяжной вентиляции, к воздуховодам которой присоединяются местные отсосы. | Жергілікті сорғыштар жүйесі - ауа құбырларына жергілікті сорғыштар қосылатын жергілікті сыртқа тарту желдеткіш жүйесі. | |
Система пожарной безопасности - 1) совокупность сил и средств, а также мер правового, организационного, экономического, социального и научно-технического характера, направленных на борьбу с пожарами; 2) комплекс организационных мероприятий и технических средств, направленных на предотвращение пожара и ущерба от него | Өрт қауіпсіздігі жүйесі - 1) өртпен күреске бағытталған күштер мен құралдардың, сондай-ақ құқықтық, ұйымдық, экономикалық, әлеуметтік және ғылыми-техникалық шаралардың жиынтығы; 2) өрттің және одан келетін шығынның алдын алуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені. | |
Система предотвращения пожара - комплекс организационных мероприятий и технических средств, направленных на исключение условий возникновения пожара. | Өрттің алдын алу жүйесі - өрттің пайда болу шарттарын болдырмауға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың кешені. | |
Система проектной документации для строительства (СПДС) - комплекс нормативных организационно-методических документов, устанавливающих общетехнические требования, необходимые для разработки, учета, хранения и применения проектной документации для строительства объектов различного назначения. | Құрылысқа арналған жобалық құжаттар жүйесі (ҚЖҚЖ) - түрлі нысандардың құрылысына арналған жобалық құжаттарды жасауға, есепке алуға, сақтауға және қолдануға жалпы техникалық талаптар қоятын нормативтік ұйымдастыру-әдістемелік құжаттардың кешені. | |
Система противопожарной защиты - совокупность организационных мероприятий и технических средств, направленных на предотвращение воздействия на людей опасных факторов пожара и ограничение материального ущерба от него. | Өрттен сақтандыру жүйесі - өрттің қауіпті факторларының адамдарға әсерінің алдын алуға және одан келетін материалдық шығынды азайтуға бағытталған ұйымдастыру шаралары мен техникалық құралдардың жиынтығы. | |
Система связи ЧС - организационно-техническое объединение сил и средств связи различного назначения, развертываемых или создаваемых для обеспечения деятельности в различных режимах функционирования органов повседневного управления, сил и средств ЧС. | ТЖ байланыс жүйесі - ТЖ күнделікті басқару органдарының, күштері мен құралдарының түрлі қызмет режимдерінде жұмысын қамтамасыз ету үшін құрылатын немесе күшейтілетін түрлі байланыс күштері мен құралдарын ұйымдық-техникалық біріктіру. | |
Система сертификации - система, располагающая собственными правилами процедуры и управления для проведения сертификации соответствия. | Сертификациялау жүйесі - сәйкестік сертификациясын жүргізу үшін процедуралары мен басқаруының өзіндік ережелері бар жүйе. | |
Системы инженерной защиты территории от затопления и подтопления - гидротехнические сооружения различного назначения, объединенные в единую территориальную систему, обеспечивающую инженерную защиту территории от затопления и подтопления. | Аймақты су басудан және судың жайылуынан инженерлік қорғау жүйесі - аймақты су басудан және судың жайылуынан инженерлік қорғауды қаматамасыз ететін бір аймақтық жүйеге біріктірілген түрлі тағайындағы гидротехникалық имараттар. | |
Сито - устройство для разделения по крупности частиц различных сыпучих продуктов и материалов просеиванием их через сетки. | Елеуіш - түрлі үгітілмелі өнімдер мен материалдарды тор арқылы елеп және ірілігі бойынша бөлуге арналған құрылғы. | |
Ситовый анализ - способ определения крупности измельченных материалов просеиванием их через набор стандартных сит с отверстиями разных размеров. | Елеуіштік сараптау - үгітілген материалдардың ірілігін тесіктерінің мөлшері әр түрлі стандартты елеуіштер жиынтығымен елеу арқылы анықтау тәсілі. | |
Скальные грунты - магматические, осадочные или метаморфические горные породы с жесткой связью между зернами, залегающие в виде сплошного массива или трещиноватые, не разрушенные выветриванием. | Жартастық топырақтар - түйіндері қатаң байланысқан тұтас массив түріндегі немесе сызатты, желмен бұзылмаған магматикалық, тұнбалық немесе метаморфийлық тау жыныстары. | |
Скат - наклонная поверхность кровли. | Еңіс - жабынның еңіс беті. | |
Скважина - цилиндрическая горная выработка глубиной от нескольких метров до 10 км и более и диаметром обычно 75-800 мм. | Ұңғыма - тереңдігі бірнеше метрден 10 км дейін және одан да терең, диаметрі әдетте 75-800 мм цилиндр тәрізді тау қазбасы. | |
Склад приобъектный - склад (сооружение, помещение, площадка) для хранения строительных материалов, изделий, конструкций и оборудования, размещаемый в зоне действия монтажных кранов в соответствии с проектом организации строительства. | Нысандағы қойма - құрылысты ұйымдастыру жобасына сәйкес жинақтау крандарының жұмыс істеу аумағына орналастырылатын құрылыс материалдарын, бұйымдарын, құралымдары мен жабдықтарын сақтауға арналған қойма (имарат, бөлме, алаң). | |
Складчатые конструкции - тонкостенные строительные конструкции типа оболочек, состоящие из плоских элементов (пластинок), соединенных между собой под некоторыми углами. | Жиналмалы(бүктемелетін) құралымдар - қабыршық тәрізді жұқа қабырғалы, бір-бірімен бұрыш жасап қосылған жазық бөлшектерден (табақшалардан) тұратын құрылыс құралымдары. | |
Склады нефти и нефтепродуктов - комплекс зданий, резервуаров и других сооружений, предназначенных для приема, хранения и выдачи нефти и нефтепродуктов. | Мұнай мен мұнай өнімдерінің қоймалары - мұнай және мұнай өнімдерін қабылдауға, сақтауға және беруге арналған ғимараттар, резервуарлар және басқа да имараттар кешені. | |
Скоба - подковообразная или П-образная деталь, применяемая в строительных конструкциях, плотничных и столярных изделиях для скрепления отдельных элементов. | Қапсырма - құрылыс құралымдарының, ағаш бұйымдарының жеке бөлшектерін бекітуге арналған таға тәрізді немесе П тәрізді бөлшек. | |
Скобяные изделия - небольшие металлические детали (в основном крепежные), применяемые при строительстве, столярных и плотничных работах. | Қапсырмалық бұйымдар - құрылыста,ағаш шеберлік жұмыстарында және ағаш бұйымдарын жасау кезінде пайдаланылатын ұсақ металл (негізінен бекітуші) бөлшектер. | |
Скорость коррозии строительного материала - скорость изменения свойств строительного материала в изделии или конструкции в единицу времени, вследствие воздействия агрессивной среды. | Құрылыс материалы тоттануының жылдамдығы - жеміргіш ортаның әсерінен бұйым немесе құралымдағы құрылыс материалы қасиеттерінің уақыт аралығындағы өзгеру жылдамдығы. | |
Скрепер - землеройно-транспортная машина циклического действия для послойного срезания, транспортирования, отсыпки в отвал грунта и его разравнивания. | Скрепер - топырақты қабат-қабатпен қазып алып, тасымалдауға, үйіндіге төгуге және оны тегістеуге арналған циклмен жұмыс істейтін жер қазушы - тасымалдаушы машина. | |
Скруббер - аппарат для улавливания пыли и газообразных примесей из потока воздуха путем орошения его водой. | Скруббер - ауа ағынын суландыру арқылы оның құрамындағы шаң мен газ тәріздес қосындыларды ұстап қалуға арналған аппарат. | |
Скручивание в точках мульды сдвижения — отношение разности наклонов параллельных до деформаций границ квадратной площадки к ее стороне. При расчете скручивание в направлении простирания (вкрест простирания) определяется как вторая производная функции оседаний по перемещениям х и у (где х — расстояние по направлению простирания от рассматриваемой точки до главного сечения мульды вкрест простирания; у — расстояние по направлению вкрест простирания от рассматриваемой точки до главного сечения мульды по простиранию пласта). Различают скручивание в направлении простирания (вкрест простирания) и в заданном направлении. | Жылжу мульдасының нүктелерінде бұрау - шаршы алаңның деформацияға дейін параллель болған шектері еңісінің айырмасының оның жағына қатынасы. Жайылу бағытында (жайылуға қайшы) бұрауды есептегенде ол x және y жылжулары бойынша отыру функциясының екінші дәрежелі туындысы ретінде анықталады (мұнда х - жайылу бағыты бойынша қарастырылатын нүктеден жайылуға қайшы мульданың бас қимасына дейінгі ара қашықтық; y - жайылуға қайшы бағытта қарастырылатын нүктеден қабаттың жайылу бағыты бойынша мульданың бас қимасына дейінгі ара қашықтық). Жайылу бағытындағы (жайылуға қайшы) және берілген бағыттағы бұрауды ажыратады. | |
Скрытые работы - работы, скрываемые последующими работами и конструкциями, качество и точность которых невозможно определить после выполнения этих последующих работ. | Жасырын жұмыстар - кейінгі жұмыстар мен құралымдар жасырып тұратын, кейінгі жұмыстар орындалғаннан кейін сапасы мен дәлдігін анықтау мүмкін болмайтын жұмыстар. | |
Сложное сопротивление в сопротивлении материалов - деформация бруса, стержня или другого упругого тела, возникающая как результат нескольких простейших деформаций, происходящих одновременно. | Материалдар кедергісіндегі күрделі қарсыласу - бір уақытта болатын қарапайым деформациялар нәтижесінде болатын келтектің, шыбықтың немесе басқа да серпімді дененің деформациясы. | |
Слоистая панель - панель, имеющая несколько основных слоев, выполняемых из бетона или из бетона и небетонных теплоизоляционных материалов и изделий, в том числе панель с экраном. | Қабатты панель - бетоннан немесе бетон мен бетон емес жылу оқшаулаушы материалдар мен бұйымдардан жасалған бірнеше қабаттардан тұратын панель, соның ішінде экраны бар панель. | |
Слоистые пластики - полимерные материалы, в которых упрочняющий (армирующий) наполнитель расположен параллельными слоями | Қабатты пластиктер - қатайтатын толтырғышы параллель қабаттарға орналастырылған полимер материалдар. | |
Слой грунта водоупорный - слой, принимаемый за практически водонепроницаемый для фильтрации подземных и поверхностных вод. | Топырақтың су өткізбейтін қабаты - жерасты және жер бетіндегі суларды сүзу үшін су өтпейтін деп қабылданатын қабат. | |
Смесь бетонная - смесь вяжущих, заполнителей, затворителей и при необходимости, добавок до ее укладки. | Бетон қоспасы - тұтқыштардың, толтырғыштардың, бекіткіштердің, кажет болған жағдайда қоспалардың салғанға дейінгі қоспасы. | |
Смесь сухая бетонная - бетонная смесь без затворителя. | Құрғақ бетон қоспасы - бекіткіші жоқ бетон қоспасы. | |
Смета - документ, определяющий на основе проектных данных стоимость строительства объекта, в том числе необходимые затраты на выполнение отдельных видов строительно-монтажных работ и приобретение оборудования, а также другие затраты, связанные с осуществлением строительства. | Смета - жобалық мәліметтер негізінде нысан құрылысының құнын, соның ішінде құрылыс-жинақтау жұмыстарының кейбір түрлерін орындауға және жабдықтарды сатып алуға қажетті шығындарды, сондай-ақ құрылысты жүргізуге байланысты басқа да шығындарды анықтайтын құжат. | |
Смета локальная - первичный сметный документ, на основании которого определяется стоимость отдельных видов работ и затрат, входящих в объектную смету. | Жергілікті смета - нысан сметасына кіретін жұмыстардың жеке түрлерінің құны мен шығындарды анықтауға негіз болатын алғашқы сметалық құжат. | |
Смета объектная - сметный документ, определяющий на основе локальных смет стоимость строительства отдельных зданий и сооружении и видов работ, входящих в сводную смету на строительство, служащий основанием для расчетов за выполненные строительно-монтажные работы. | Нысандық смета - құрылыстың құрама сметасына кіретін және орындалған құрылыс-жинақтау жұмыстарының есебіне негіз болатын, жергілікті сметалардың негізінде жеке ғимараттар мен имараттардың және жұмыс түрлерінің құнын анықтайтын сметалық құжат. | |
Смета сводная - сметный документ, определяющий общую сметную стоимость строительства (расширения или реконструкции) предприятия, здания или сооружения различного назначения, который составляется в соответствии с установленным порядком и служит основанием для планирования и финансирования капитального строительства. | Жинақ сметасы - белгіленген тәртіпке сәйкес құрастырылатын және күрделі құрылысты жоспарлау мен қаржыландыруға негіз болатын, түрлі мақсаттағы кәсіпорындар, ғимараттар немесе имараттарды салудың (кеңейтудің немесе қайта құрудың) жалпы сметалық құнын анықтайтын сметалық құжат. | |
Сметные нормативные документы (сметные нормативы) - комплекс сметных норм-расценок и цен, объединяемых в отдельные сборники. Вместе с правилами и положениями, содержащими в себе необходимые требования, они служат для определения сметной стоимости строительства и реконструкции зданий и сооружений, расширения и технического перевооружения предприятий всех отраслей народного хозяйства. | Сметалық нормативтік құжаттар (сметалық нормативтер) - жеке жинақтарға біріктірілетін сметалық норма-бағалар және бағалар. Қажетті талаптар көрсетілген ережелер және жағдайлармен бірге, олар ғимараттар мен құрылыстарды салу мен қайта құрудың, халық шаруашылығының барлық салаларындағы кәсіпорындарды кеңейту мен техникалық қайта жарақтандырудың сметалық құнын анықтауға арналған. | |
Смещение декора - расхождение узоров на стыке уложенных плиток, образующих общий рисунок. | Әшекейдің ығысуы - бір сурет жасап қаланған тақташалардың түйіскен жерлерінде өрнектердің ығысуы. | |
Смолы природные, натуральные смолы - продукты жизнедеятельности некоторых растений, выделяемые ими на поверхность коры самопроизвольно или при ранении. | Табиғи шайырлар, натуралды шайырлар - қабық бетіне өздігінен немесе жараланған кезде шығатын кейбір өсімдіктердің тіршілік ету өнімдері. | |
Смолы синтетические - синтетические полимеры небольшой молекулярной массы (олигомеры), которые в результате отвердения превращаются в неплавкие и нерастворимые продукты; получаются ,главным образом, поликонденсацией. | Синтетикалық шайырлар - қатқаннан кейін балқымайтын және ерімейтін өнімдерге айналатын молекулярлық массасы кішкене синтетикалық полимерлер (олигомерлер); негізінен, поликонденсациямен алынады. | |
Смывной кран - водоразборное устройство, обеспечивающее подачу воды из системы хозяйственно-питьевого водопровода для промывания унитазов, напольных чаш и писсуаров. | Жуып-шайғыш кран - шаруашылықтағы ішетін су құбырлары жүйесінен унитаздарды, жердегі тегенелерді және писсуарларды жуып-шаю үшін су беруді қамтамасыз ететін құрылғы. | |
Снашивание в точках мульды сдвижения — величина изменения прямого (до деформации) угла квадрата, стороны которого параллельны и перпендикулярны линии простирания пласта. Различают снашивание в направлении простирания (вкрест простирания) пласта и в заданном направлении. | Жылжу мульдасы нүктелеріндегі тозу - шаршының деформацияға дейін тік болған, жақтары қабаттың жайылу сызығына параллель және перпендикуляр бұрышының өзгеруінің мөлшері. Жайылу бағытындағы (жайылуға қайшы) және берілген бағыттағы тозуды ажыратады. | |
Собираемость конструкций - свойство независимо изготовленных элементов обеспечивать возможность сборки из них конструкций зданий и сооружений с точностью их геометрических параметров, соответствующей предъявляемым к конструкциям эксплуатационным требованиям. Количественной характеристикой собираемости является уровень собираемости, который оценивают долей сборочных работ, выполняемых без дополнительных операций по подбору, пригонке или регулированию параметров элементов. | Құралымның жинамалылығы - геометриялық параметрлерінің дәлдігі құралымдарға қойылатын пайдалану талаптарына сай ғимараттар мен имараттардың құралымдарын құрастыруға мүмкіндік беретін бірінен бірі бөлек жасалған бөлшектердің қасиеті. Жинамалықтың сандық сипаттамасы жиналу дәрежесі болып табылады, оны қосымша бөлшектерді таңдау, дәлдеу немесе параметрлерін реттеу операцияларынсыз жүргізілетін жинау жұмыстарының үлесі бойынша анықтайды. | |
Собственная ходовая часть мобильного (инвентарного) здания или сооружения - транспортное устройство, предназначенное для передислокации мобильного (инвентарного) здания или сооружения контейнерного типа. Примечание: собственная ходовая часть может быть съемной или несъемной. | Жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттың немесе имараттың өзіндік жүріс бөлігі - контейнер типті жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттарды немесе имараттарды басқа жерге апаруға арналған көлік құрылғысы. Ескерту: өзіндік жүріс бөлігі шешіліп алынатын немесе алынбайтын болуы мүмкін. | |
Собственные колебания, свободные колебания - колебания, которые могут возбуждаться в колебательной системе, не подвергающейся переменным внешним воздействиям, вследствие какого-либо начального отклонения этой системы от состояния устойчивого равновесия (начального толчка). | Өзіндік тербелістер, еркін тербелістер - айнымалы сыртқы әсерлер әсер етпейтін тербеліс жүйесінде осы жүйенің тұрақты тепе-теңдік жағдайынан қандай да бір бастапқы ауытқуы (бастапқы итеріліс) нәтижесінде пайда болатын тербелістер. | |
Совмещенное освещение — освещение, при котором недостаточное по нормам естественное освещение дополняется искусственным. | Біріктірілген жарық - нормалар бойынша жеткіліксіз табиғи жарық жасанды жарықпен толықтырылатын жарық. | |
Совмещенный мост - мост для одновременного движения транспорта различных видов. | Біріктірілген көпір - бірмезгілде түрлі көліктер өтуге арналған көпір. | |
Содержание здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) - комплекс услуг по техническому обслуживанию, уборке, диагностике, испытаниям и обследованиям здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) и техническому надзору за его состоянием. | Ғимаратты (имаратты, жабдықты, қатынастарды, тұрғын үй-коммуналдық нысандарды) ұстау - ғимаратқа (имаратқа, жабдықтарға, қатынастарға, тұрғын үй-коммуналдық нысандарға) техникалық қызмет көрсету, оны жинау, тексеру, сынау және оның жағдайын техникалық бақылау. | |
Соединения в строительных конструкциях - служат для образования необходимых связей между конструктивными элементами с целью создания узлов, увеличения размеров конструкции и обеспечения ее работы как единого целого в соответствии с требованиями монтажа и эксплуатации. | Құрылыс құралымдарындағы қосылыстар - түйіндер жасау, құралымдардың мөлшерлерін үлкейту және жинақтау мен пайдалану талаптарына сай біртұтас құралым ретінде жұмыс істеуін қамтамасыз ету мақсатында құралымдық бөлшектер арасында қажетті байланыстарды жасауға қызмет етеді. | |
Солифлюкция - вязкопластичное течение сезоннооттаивающих влажных тонкодисперсных грунтов на пологих склонах. | Солифлюкция - жатық еңістердегі мерзімді еритін ылғал жұқа дисперсті топырақтардың тұтқырлы илемдік ағыны. | |
Солнцезащитные средства, солнцезащита - совокупность архитектурно-планировочных и конструктивных средств, предназначенных для защиты от неблагоприятного действия инсоляции и создания комфортной световой обстановки и микроклимата в зданиях (сооружениях) и на открытых территориях населенных мест. | Күннен қорғау құралдары, күннен қорғау - күннің жағымсыз әсерінен қорғауға және ғимараттар (имараттар) мен елді мекендердің ашық алаңдарында жайлы жарықтық жағдай және микроклимат жасауға арналған сәулеттік-жайғастыру және құралымдық құралдардың жиынтығы. | |
Сообщение (Statement) - положение, содержащее информацию по конкретному вопросу. | Хабар (Statement) - мазмұнында нақтылы мәселе жөнiнде ақпарат бар ереже. | |
Сооружение - искусственно созданный объемный, плоскостной или линейный объект (наземный, надворный и (или) подземный, подводный), имеющий естественные или искусственные пространственные границы, и предназначенный для выполнения производственных процессов, размещения и хранения материальных ценностей или временного пребывания (перемещения) людей, грузов, а также размещения (прокладки, проводки) оборудования или коммуникаций. Сооружение также может иметь художественно-эстетическое, декоративно-прикладное либо мемориальное назначение. | Имарат - табиғи немесе жасанды кеңiстiктік шекаралары бар және өндiрiстiк процестердi орындауға, материалдық құндылықтарды орналастыру және сақтау немесе адамдарды, жүктердi уақытша орналастыруға (жылжытуға), сондай-ақ жабдықтарды немесе қатынастарды орналастыруға (төсеуге, жүргiзуге) арналған жасанды көлемдік, жазықтықты немесе сызықтық (жер үстi, су бетi және (немесе) жерасты, суасты) нысаны. Имарат сондай-ақ көркемдiк-эстетикалық, әшекейлік,Qwerty қолданбалы немесе мемориалдық болуы мүмкiн. | |
Сооружение двойного назначения - инженерное сооружение производственного, общественного, коммунально-бытового или транспортного назначения, приспособленное (запроектированное) для укрытия людей, техники и имущества от опасностей, возникающих в результате последствий аварий на потенциально опасных объектах, а также от воздействия современных средств поражения. | Екі мақсатта пайдаланылатын имарат - қауіпті нысандарда болған апат нәтижесінде, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарының әсерінен пайда болатын қауіптерден адамдарды, техниканы және мүлікті жасыруға бейімделген (жобаланған) өндірістік, қоғамдық, коммуналдық-тұрмыстық немесе көліктік мақсаттағы инженерлік имарат. | |
Сооружение каптажное - сооружение для перехвата и сбора подземных вод в местах их выхода на поверхность. | Каптажды имарат - жерасты суларын жер бетіне шығу жерлерінде ұстап және жинап алуға арналған имарат. | |
Соответствие - соответствие продукции, процесса или услуги установленным требованиям. | Сәйкестік - өнімнің, процестің немесе қызметтің белгіленген талаптарға сәйкестігі. | |
Сопоставимые стандарты - стандарты на один и тот же объект, утвержденные различными органами по стандартизации и основанные на одних и тех же методах, которые позволяют однозначно сопоставить различия в требованиях. Примечание: сопоставимые стандарты не являются гармонизированными стандартами. | Салстырмалы стандарттар - талаптардағы өзгешелiктердi біржақты салстыруға мүмкiндiк беретiн стандарттау жөніндегі әр түрлi органдар бекiткен және бір әдiстерге негiзделген бір нысанға арналған стандарттар. Ескерту: салстырылмалы стандарттар үйлестiрiлген стандарттар болып табылмайды. | |
Сопротивление материалов - наука о прочности и деформируемости элементов сооружений и деталей машин. | Материалдар кедергісі - имараттардың элементтері мен машиналар бөлшектерінің беріктігі мен деформациялануы туралы ғылым. | |
Сопротивление теплопередаче однородной ограждающей конструкции - отношение разности температур окружающей среды по обе стороны однородной ограждающей конструкции к плотности теплового потока через конструкцию в условиях стационарной теплопередачи. | Біртекті қоршау құралымдарының жылу беру кедергісі - тұрақты жылу беру жағдайында біртекті қоршау құралымының екі жағындағы қоршаған орта температуралары айырмасының құралымнан өтетін жылу ағынының тығыздығына қатынасы. | |
Состав зерновой (состав гранулометрический) - содержание в заполнителях бетона, грунте или искусственном продукте зерен (частиц) различной крупности, выраженное в процентах массы (веса) или общего количества зерен исследованного образца. | Түйіршіктік құрам (гранулометриялық құрам) - бетон толтырғыштарында, топырақта немесе жасанды өнім құрамындағы ірілігі әр түрлі масса (салмақ) пайызымен немесе зерттелетін үлгідегі түйіршіктердің жалпы санымен көрінетін түйіршіктер (бөлшектер)мағынасы. | |
Составная панель - 1) панель, состоящая из нескольких отдельно изготовленных армированных бетонных элементов или из армированных бетонных и других основных элементов (не считая оконные и дверные блоки), цельность конструкции которой создается последующим соединением этих элементов с помощью соединительных изделий или другим способом; 2) панель, состоящая из нескольких бетонных и (или) железобетонных элементов, соединенных с помощью металлических соединительных изделий или другим способом. | Құрама панель - 1) бірнеше бөлек дайындалған арматураланған бетон элементтерден немесе арматураланған бетон және басқа да негізгі элементтерден (терезе және есік блоктарын санамағанда) тұратын панель, оның құралымының тұтастығы осы элементтерді қосқыш бұйымдардың көмегімен немесе басқа жолмен тізбектеп қосу арқылы жасалады; 2) металл қосқыш бүйымдардың көмегімен немесе басқа да тәсілмен қосылған бірнеше бетон және (немесе) темірбетон элементтерден тұратын панель. | |
Составная пожарная лестница - ручная пожарная лестница, длина которой изменяется стыковкой или расстыковкой отдельных колен. | Құрама өрт сөндіру сатысы - ұзындығы жеке тізелерін түйістіру немесе ажыратуы арқылы өзгертілетін қол өрт сөндіру сатысы. | |
Составная стена - стена, состоящая по толщине из двух стенок: наружной и внутренней. | Құрама қабырға - қалыңдығы бойынша екі қабырға: сыртқы және ішкі қабырғадан тұратын қабырға. | |
Составной стержень - элемент стержневой строительной конструкции, состоящий из отдельных простых металлических профилей, соединенных в одно целое при помощи планок или решетки. | Құрама өзек - бір-бірімен тақтайшалар немесе торлардың көмегімен тұтастандырып біріктірілген жеке қарапайым металл кескіндерден тұратын шыбықтық құрылыс құралымының элементі. | |
Состояние предельное - состояние, при котором конструкции, основания, здания или сооружения перестают удовлетворять заданным эксплуатационным требованиям или требованиям при производстве работ. | Шектік күй - құралымдардың, іргетастардың, ғимараттар немесе имараттардың берілген пайдалану талаптарын немесе жұмыс өндіру кезіндегі талаптарын қанағаттандырмайтын жағдай. | |
Состояние территории - совокупность свойств составляющих ее компонентов: природных ландшафтов, застройки, транспортной и инженерной инфраструктур, других видов обустройства. | Аймақтың жағдайы - оны құрайтын құрастырушылардың: табиғи ландшафтар, құрылыстар, көлік және инженерлік инфрақұрылымдар, басқа да жайластыру түрлері қасиеттерінің жиынтығы. | |
Сочетание нагрузок - совместное (одновременное) действие двух или нескольких нагрузок с учетом наиболее неблагоприятного их сочетания. В зависимости от состава учитываемых нагрузок различают: основные сочетания нагрузок, состоящие из постоянных, длительных и кратковременных, и одной из особых нагрузок. | Жүктемелердің бірігуі - екі немесе бірнеше жүктемелердің неғұрлым қолайсыз қосылғандарын есептегендегі (бір уақытта) әсер етуі. Жүктемелер құрамына қарай тұрақты, ұзақ және қысқа мерзімді және бір ерекше жүктемеден тұратын жүктемелер болып ажыратылады. | |
Спасание людей при пожаре - действия по эвакуации людей, которые не могут самостоятельно покинуть зону, где имеется возможность воздействия на них опасных факторов пожара. | Адамдарды өрттен құтқару - өрттің қауіпті факторлары әсерін тигізуі мүмкін жерлерден өздері шыға алмайтын адамдарды эвакуациялау жөніндегі іс-қимылдар. | |
Специальная добавка к цементу - добавка к цементу, вводимая для придания ему специальных свойств или регулирования отдельных показателей качества. | Цементке арнайы қоспа - цементке арнайы қасиеттер беру үшін немесе кейбір сапа көрсеткіштерін реттеу үшін қосылатын қоспа. | |
Специальные конструкции струеотклоняющие щиты, швартовочные и заземляющие устройства, заглубленные каналы, колодцы, светосигнальное оборудование и др. воспринимающие усилия от ветровых, колесных нагрузок, газовоздушных струй авиадвигателей и др., предназначены для обеспечения нормальной безопасной эксплуатации воздушных судов на различных участках аэродрома. | Арнайы құралымдар - аэродромның түрлі телімдерінде әуе кемелерін қалыпты қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз етуге арналған желдің, дөңгелек жүктемелерінің, авиақозғалтқыштардың газ-ауа ағындарының және т.б. күштерін қабылдайтын ағынды бұратын қалқандар, қондыратын және жерлендіруші құрылғылар, тереңдетілген каналдар, құдықтар, жарықпен дыбыс беру жабдықтары және т.б. | |
Специальный цемент - цемент, к которому наряду с формированием прочности предъявляют специальные требования. | Арнайы цемент - беріктікті қалыптастырумен қатар арнайы талаптар қойылатын цемент. | |
Спецификация - один из основных документов технической конструкторской документации, определяющий состав сборочной единицы, комплекта, комплекса и т.п. | Спецификация - құрастыру бірлігінің, жиынының, кешенінің және т.с.с. құрамын анықтайтын негізгі техникалық конструкторлық құжаттардың бірі. | |
Спецификация оборудования, изделий и материалов - текстовый проектный документ, определяющий состав оборудования, изделий и материалов, предназначенный для комплектования, подготовки и осуществления строительства. | Жабдықтардың, бұйымдардың және материалдардың спецификациясы - жабдықтардың, бұйымдардың және материалдардың құрамын анықтайтын, құрылысты жинақтауға, дайындауға және жүзеге асыруға арналған мәтіндік жобалық құжат. | |
Список титульный - перечень строящихся (реконструируемых, расширяемых) предприятий, зданий и сооружений или их частей, включаемых в планы капитальных вложений. | Титулдық тізім - күрделі қаржы салымдары жоспарларына енгізілетін салынып жатқан (қайта құрылып, кеңейтіліп жатқан) кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттардың немесе олардың бөліктерінің тізімі. | |
Сплошная нагрузка в строительной механике - нагрузка, распределенная непрерывно по данной площади или по данной линии. | Құрылыс механикасындағы тұтас жүктеме - берілген аудан немесе сызық бойынша үзілмей таратылған жүктеме. | |
Сплошная панель - панель без воздушных прослоек и пустот. | Тұтас панель - ауа қабаттары мен қуыстары жоқ панель. | |
Сплошной контроль - контроль, при котором проверяется все количество контролируемой продукции (все стыки, все сваи, все конструкции, вся поверхность основания и т.п.). | Тұтас бақылау - бақыланатын өнімнің барлығы (барлық түйісулер, барлық қадалар, барлық құралымдар, іргетастың толық беті және т.с.с.) бақыланатын бақылау. | |
Справочное положение (Statement ) - положение, содержащее информацию (сообщение). | Анықтамалық ереже (Statement) - мазмұнында ақпарат (хабар) бар ереже. | |
Спринклерная установка пожаротушения - автоматическая установка водяного пожаротушения, оборудованная нормально закрытыми спринклерными оросителями, вскрывающимися при достижении определенной температуры. Примечание: спринклерные установки, находящиеся в режиме ожидания, в зависимости от заполняемости сетей их трубопроводов жидким огнетушащим веществом или воздухом под давлением, называются соответственно «мокрыми» водозаполненными или «сухими» сухотрубными. | Спринклерлік өрт сөндіргіш қондырғы - қалыпты жағдайда жабылып тұратын, белгілі бір температураға жеткенде ашылатын спринклерлік шашыратушылармен жабдықталған автоматтандырылған сумен өрт сөндіру қондырғысы. Ескерту: күту жағдайындағы спринклерлік қондырғылар олардың құбырларының сұйық өрт сөндіруші затпен немесе қысылған ауамен толтырылуына байланысты сумен толтырылғаны «сулы» немесе құрғақ құбырлысы «құрғақ» деп аталады. | |
Среднесуточная температура наружного воздуха - средняя величина температуры наружного воздуха, измеренная в определенные часы суток через одинаковые интервалы времени. Она принимается по данным метеорологической службы. | Сыртқы ауаның орташа тәуліктік температурасы - тәуліктің белгілі бір мерзімінде бірдей уақыт аралығында өлшенген сыртқы ауа температурасының орташа мөлшері. Ол метеорологиялық қызметтің мәліметтері бойынша қабылданады. | |
Средний уровень плотности бетона - среднее значение плотности бетона, устанавливаемое лабораториями предприятий и строек на определенный контролируемый период в соответствии с достигнутой однородностью по плотности, на которое подбирается его состав и которое поддерживается в производстве. | Бетонның тығыздығының орташа деңгейі - тығыздығы бойынша жеткен біркелкілігіне сәйкес өндірісте қолданылатын және бетонның құрамы тағайындалатын белгілі бір бақыланатын мерзімде кәсіпорындар мен құрылыстардың лабораториялары белгілейтін бетон тығыздығының орташа мәні. | |
Средний уровень прочности бетона - среднее значение прочности бетона, устанавливаемое лабораториями предприятий и строек на определенный контролируемый период в соответствии с достигнутой однородностью бетона по прочности, на которое подбирают его состав и которое поддерживают в производстве. | Бетонның беріктігінің орташа деңгейі - беріктігі бойынша жеткен біртектігіне сәйкес өндірісте қолданылатын және бетонның құрамы тағайындалатын белгілі бір бақыланатын мерзімде кәсіпорындар мен құрылыстардың лабораториялары белгілейтін бетон беріктігінің орташа мәні. | |
Средняя освещенность образца - отношение светового потока, падающего на образец, к площади этого образца. | Үлгінің орташа жарықтануы - үлгіге түсетін жарық ағынының осы үлгінің ауданына қатынасы. | |
Средняя освещенность улиц, дорог и площадей — освещенность, средневзвешенная по площади. | Көшелер, жолдар және алаңдардың орташа жарықтануы - ауданы бойынша орташа өлшенген жарықталу. | |
Средняя яркость дорожной поверхности — средневзвешенная по площади яркость сухих дорожных покрытий в направлении глаз наблюдателя, находящегося на оси движения транспорта. | Жол бетінің орташа жарықтылығы - көліктің жылжу осьінде орналасқан бақылаушының көзі бағытындағы құрғақ жол жабынының ауданы бойынша орташа өлшенген жарықтылығы. | |
Средства подмащивания - устройства, предназначенные для организации рабочих мест при производстве строительно-монтажных работ на высоте или глубине более 1,3 м от уровня земли или перекрытия. | Төсеу құралдары - жер немесе аражабын деңгейінен 1,3 м биіктікте немесе тереңдікте құрылыс-жинақтау жұмыстарын жүргізген кезде жұмыс орындарын ұйымдастыруға арналған құрылғылар. | |
Средство грузозахватное - устройство, предназначенное для обеспечения надежного и эффективного соединения груза с рабочим органом грузоподъемной машины. | Жүк ұстаушы құрал - жүктің жүк көтеруші машинаның жұмыс органымен сенімді және дұрыс қосылуын қамтамасыз етуге арналған құрылғы. | |
Средство защиты работающего - средство, предназначенное для предотвращения или уменьшения воздействия на работающего опасных и (или) вредных производственных факторов. | Жұмыс істеушіні қорғау құралы - қауіпті және (немесе) зиянды өндірістік факторлардың жұмыс істеушіге әсерінің алдын алуға немесе оларды азайтуға арналған құрал. | |
Средство индивидуальной защиты населения (СИЗ) - предмет или группа предметов, предназначенных для защиты человека или животного от радиоактивных, опасных химических и биологических веществ и светового излучения ядерного взрыва. | Халыққа арналған жеке қорғаныш құралдары (ЖҚҚ) - адамды немесе жануарды радиоактивті, қауіпті химиялық және биологиялық заттардан және ядролық жарылыстың жарықтық сәулеленуінен қорғауға арналған зат немесе заттардың тобы. | |
Средство индивидуальной защиты работающего - средство защиты, надеваемое на тело человека или его части или используемое им. | Жұмыс істеушінің жеке қорғаныш құралы - адам денесіне немесе денесінің бір бөлігіне киетін немесе қолданылатын қорғау құралы. | |
Средство коллективной защиты населения - защитное сооружение, предназначенное для укрытия группы людей с целью защиты их жизни и здоровья от последствий аварий или катастроф на потенциально опасных объектах, либо стихийных бедствий в районах размещения этих объектов, а также от воздействия современных средств поражения. | Халықты ұжымдық қорғау құралы - қауіпті нысандардағы апаттардың салдарынан немесе сол нысандар орналасқан аудандардағы табиғи апаттардан, сондай-ақ қазіргі заманғы зақымдау құралдарынан адамдар тобының өмірлері мен денсаулықтарын қорғау мақсатында жасыруға арналған қорғаныш имараты. | |
Средство коллективной защиты работающего - средство защиты, конструктивно и (или) функционально связанное с производственным оборудованием, производственным процессом, производственным помещением (зданием) или производственной площадкой. | Жұмыс істеушіні ұжымдық қорғау құралы - өндірістік жабдықпен, өндірістік процеспен, өндірістік бөлмемен (ғимаратпен) немесе өндірістік алаңмен құралымдық және (немесе) қызмет жағынан байланысқан қорғаныш құралы. | |
Срез в сопротивлении материалов - разрушение изделия из пластического материала под действием касательных напряжений (срезающих сил), при котором одна его часть смещается относительно другой по какой-либо плоскости (поверхности). | Материалдар кедергісіндегі қиылу - жанама кернеулердің (қиюшы күштердің) әсерінен пластикалық материалдан жасалған бұйымның бір бөлігі басқа бөлігіне қарағанда қандай да бір жазықтық (бет) бойынша ығысып бұзылуы. | |
Срок годности растворной смеси - способность растворной смеси сохранять все необходимые свойства в течение определенного времени с момента изготовления до ее применения. | Ерітінді қоспаның пайдаланылу мерзімі - ерітінді қоспаның дайындалу мерзімінен пайдаланылуға дейін белгілі бір уақыт аралығында барлық қажетті қасиеттерін сақтап қалу қабілеті. | |
Срок окупаемости инвестиционного проекта - 1) срок со дня начала финансирования инвестиционного проекта с использованием прямой иностранной инвестиции до дня, когда разность между накопленной суммой чистой прибыли с амортизационными отчислениями и объемом инвестиционных затрат коммерческой организации с иностранными инвестициями, или филиала иностранного юридического лица, или арендодателя по договору финансовой аренды (лизинга) приобретет положительное значение; 2) срок со дня начала финансирования инвестиционного проекта до дня, когда разность между накопленной суммой чистой прибыли с амортизационными отчислениями и объемом инвестиционных затрат приобретает положительное значение. | Инвестициялық жобаның қайтымдылық мерзімі - 1) инвестициялық жобаны тікелей шетел инвестициясын пайдалана отырып, қаржыландыруды бастаған күннен таза пайданың амортизациялық аударымдарды қоса отырып, жинақталған сомасы мен шетелдік инвестициялары бар коммерциялық ұйымның, немесе шетелдік заңды тұлға филиалының, немесе қаржылық жал (лизинг) шарты бойынша жалға берушінің инвестициялық шығындары көлемінің айырмасы оң мәнге ие болған күнге дейінгі мерзім; 2) инвестициялық жобаны қаржыландыруды бастаған күннен таза пайданың амортизациялық аударымдарды қоса отырып, жинақталған сомасы мен инвестициялық шығындары көлемінің айырмасы оң мәнге ие болған күнге дейінгі мерзім. | |
Срок службы - период времени от начала эксплуатации изделия до момента возникновения предельного состояния, обозначенного в нормативно-технической документации, или до выбраковки. | Қызмет ету мерзімі - бұйымды пайдалану басталған күннен нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген шектік жағдайдың пайда болу кезііне дейінгі немесе жарамсыз деп аталуына дейінгі уақыт аралығы. | |
Сроки схватывания цемента - время начала и конца схватывания цементного теста, определяемое в нормированных условиях. | Цементтің ұсталыну мерзімі - нормаланған жағдайларда анықталатын цементтік қамырдың ұсталынуының басталу және аяқталу уақыты. | |
Сруб - то же, что клеть. | Кесінді - клет деген мағынаны білдіреді. | |
Стабилизация грунтов - изменение свойств грунтов с целью уменьшения их деформируемости и увеличения прочности. | Топырақтарды тұрақтандыру - деформациялануын азайту және беріктігін өсіру мақсатында топырақтың қасиеттерін өзгерту. | |
Стабилизация грунтов - 1) состояние грунтов оснований и в сооружениях из грунтовых материалов после завершения процесса консолидации грунтов (т.е. достижения максимальной осадки при данном напряженном состоянии); 2) метод улучшения свойств грунтов с целью уменьшения их деформируемости и повышения прочности. | Топырақтың тұрақтануы - 1) топырақтардың консолидациясы процесі аяқталған кездегі (яғни берілген кернеуленген жағдайда топырақтың максималды шөгуіне жеткендегі) топырақ материалдардан жасалған имараттардағы және негіз топырағының жағдайы; 2) деформациялануын азайту және беріктігін жоғарылату мақсатында топырақтың қасиеттерін жетілдіру әдісі. | |
Стабилизирующие добавки - вещества, способствующие снижению расслаиваемости бетонной смеси. | Тұрақтандырушы қоспалар - бетон қоспасының қабаттарға бөлінуін азайтатын заттар. | |
Сталежелезобетон - строительный материал, изготовленный из железобетонной плиты, покрытой листовой сталью (мембраной), укрепленной с помощью анкеров. | Болаттемірбетон - анкерлердің көмегімен бекітілген табақ болатпен (мембранамен) жабылған темірбетон тақтадан жасалған құрылыс материалы. | |
Сталь - сплав железа (основа) с углеродом (до 2%) и др. элементами. | Болат - темірдің (негіз) көміртегімен (2% дейін) және басқа да элементтермен қорытпасы. | |
Стальбетон - износостойкий бетон, изготовляемый из смеси портландцемента, воды, кварцевого песка, стальных стружек и опилок. | Болатбетон - портландцемент, су, кварцтік құм және болат жоңқалар мен үгінділердің қоспасынан жасалатын тозуға төзімді бетон. | |
Стальные конструкции - конструкции, элементы которых изготовлены из сталей различных марок, отличающиеся относительной легкостью, разнообразием конструктивных форм, высокой прочностью, допускающие индустриальное изготовление и монтаж, возможность использования в сочетании с другими материалами. | Болат құралымдар - бөлшектері салыстырмалы жеңілдікпен, құралымдық пішіндерінің түрлілігімен, жоғары беріктігімен сипатталатын, индустриалды дайындау мен жинақтау, басқа материалдармен қосып пайдалану мүмкін болатын болаттың түрлі маркаларынан жасалған құралымдар. | |
Стамеска - ручной столярно-плотничный инструмент для выборки неглубоких гнезд и пазов в древесине, прорезания отверстий, снятия материала небольшой толщины (строгания), срезки фасок и т.п. работ. | Қашау - ағашта кішкене ұяшықтар және ойықтар, тесіктер жасауға, материалдың жұқа қабығын алуға (сүргілеуге), фаскалар жасауға және т.с.с. ағаш ұсталық жұмыстарды орындауға арналған қол аспап. | |
Стандарт -1) в широком смысле слова: образец, эталон, модель, принимаемые за исходные для сопоставления с ними других подобных объектов. В технике под стандартом обычно понимают нормативно-технический документ, содержащий ряд условий, подлежащих выполнению как для конкретной продукции, так и для технических условий и требований, обеспечивающих ее разработку, производство и применение; | Стандарт -1) кең мағынада: басқа ұқсас нысандарды салыстыру үшін қабылданатын алғашқы үлгі, эталон, модель. Техникада әдетте стандарт деп бір өнім және оны жобалауды, өндіруді және пайдалануды қамтамасыз ететін техникалық шарттар мен талаптар орындалу үшін тиісті шарттар көрсетілген нормативтік-техникалық құжат аталады; | |
2) государственный стандарт, санитарные нормы и правила, строительные нормы и правила и другие документы, которые в соответствии с законом устанавливают обязательные требования к качеству товаров (работ, услуги);3) нормативный документ по стандартизации, разработанный, как правило, на основе согласия, характеризующегося отсутствием возражений по существенным вопросам у большинства заинтересованных сторон, принятый (утвержденный) признанным органом (предприятием). Примечание: стандарты основываются на обобщенных результатах науки, техники и практического опыта и направлены на достижение оптимальной пользы для общества. | 2 ) мемлекеттік стандарт, санитарлық нормалар мен ережелер, құрылыстық нормалар мен ережелер және заңдарға сәйкес тауарлардың (жұмыстардың, қызметтердің) сапасына міндетті талаптар қоятын басқа да құжаттар; 3) әдетте мүдделі жақтың көпшілігінің негізгі мәселелер бойынша қарсылықтарының жоқтығымен сипатталатын келісім негізінде жасалған, өкілетті органмен (кәсіпорынмен) қабылданған (бекітілген) стандарттау бойынша нормативтік құжат. Ескерту: стандарттар ғылымның, техниканың және практикалық тәжірибенің жалпы нәтижелеріне негізделеді және қоғамға едәуір тиімдіQwerty пайда келтіруге бағытталады. | |
Стандарт отрасли - стандарт, принятый государственным органом управления в пределах его компетенции. Примечание: под отраслью в настоящем стандарте понимается совокупность субъектов хозяйственной деятельности независимо от их ведомственной принадлежности и форм собственности, разрабатывающих и (или) производящих продукцию (выполняющих работы и оказывающих услуги) определенных видов, которые имеют однородное потребительское или функциональное назначение. | Салалық стандарт - мемлекеттік басқару органы өзінің өкілдігі шегінде қабылдаған стандарт. Ескерту: бұл стандартта салалық деп ведомстволық иеліктер мен иелік формаларына тәуелсіз біркелкі тұтынушылық және қызметтік қасиеттері бар белгілі бір өнімді жобалайтын және өндіретін (жұмыстарды орындайтын және қызметтерді көрсететін) шаруашылық қызмет субъектілерінің жиынтығы түсініледі. | |
Стандартизация - установление и применение стандартов в сферах науки, техники и экономики. | Стандарттау - ғылым, техника және экономика салаларында стандарттарды бекіту және қолдану. | |
Стандартный песок - кварцевый природный песок с нормированным зерновым и химическим составом, предназначенный для испытаний цемента. | Стандартты құм - түйіршіктік және химиялық құрамы нормаланған цементті сынауға арналған кварцті табиғи құм. | |
Стандартный песок монофракционный - кварцевый природный песок с нормированным зерновым и химическим составом, предназначенный для испытаний цемента. | Монофракциялы стандартты құм - түйіршіктік және химиялық құрамы нормаланған цементті сынауға арналған кварцті табиғи құм. | |
Стандартный песок полифракционный - смесь фракций кварцевого природного песка, содержащего, прежде всего, округленные зерна, с нормированным зерновым и химическим составом; предназначен для испытаний цемента. | Полифракциялы стандартты құм - түйіршіктік және химиялық құрамы нормаланған цементті сынауға арналған кварцті табиғи құмның, ең алдымен домалақ түйіршіктері бар фракцияларының қоспасы. | |
Стандартный раствор - раствор с точно известной концентрацией элемента. | Стандартты ерітінді - элементтің дәл белгілі концентрациясы бар ерітінді. | |
Стандартный цементный раствор - однородная смесь цемента, стандартного песка и воды в нормированном соотношении. | Стандартты цемент ерітіндісі - цемент, стандартты құм және судың нормаланған қатынастағы біртекті қоспасы. | |
Станция водоподготовки - комплекс зданий, сооружений и устройств для водоподготовки. | Су дайындау станциясы - суды дайындауға арналған ғимараттар, имараттар және құрылғылар кешені. | |
Станция очистки воды - комплекс зданий, сооружений и устройств для очистки воды. | Су тазартқыш станция - суды тазартуға арналған ғимараттар, имараттар және құрылғылар кешені. | |
Станция очистки сточных вод - комплекс зданий, сооружений и устройств для очистки сточных вод и обработки осадка. | Ақаба суларды тазарту станциясы - ақаба суларды тазартуға және тұнбаны өңдеуге арналған ғимараттар, имараттар және құрылғылар кешені. | |
Старение - 1) старение металлов - изменение механических, физических, химических свойств металлов и сплавов, протекающее либо самопроизвольно в процессе длительной выдержки при комнатной температуре (естественное старение), либо при нагреве (искусственное старение); 2) старение полимеров - необратимое изменение, в т.ч. потеря ценных технических свойств полимеров вследствие химических превращений под действием кислорода. | Ескіру - 1) металдардың ескіруі - бөлмелік температурада ұзақ мерзім ұстаған кезде өздігінен болатын (табиғи ескіру) немесе қыздыру кезінде болатын (жасанды ескіру) металдар мен қорытпалардың механикалық, физикалық, химиялық қасиеттерінің өзгеруі; 2) полимерлердің ескіруі - қайтарылмайтын өзгерістер, соның ішінде оттегі әсерінен болған химиялық өзгерістер нәтижесінде полимерлердің бағалы химиялық қасиеттерін жоғалтуы. | |
Старение металлов - изменение свойств металлов, протекающее либо самопроизвольно при нормальных условиях (естественное старение), либо при нагреве (искусственное старение) и приводящее к увеличению их прочности и твердости с одновременным уменьшением пластичности и ударной вязкости. | Металдардың ескіруі - қалыпты жағдайда өздігінен болатын (табиғи ескіру), немесе қыздырғанда болатын (жасанды ескіру) және металдардың беріктігі мен қаттылығының өсуіне, бірмезгілде олардың илемділігі мен соққылы тұтқырлығының төмендеуіне әкелетін металдардың қасиеттерінің өзгеруі. | |
Статика - раздел механики, в котором изучаются условия равновесия тел под действием сил. | Статика - күш әсеріндегі денелердің тепе-теңдік шарттары зерттелетін механика бөлімі. | |
Статика сооружений - устаревшее название строительной механики; современная строительная механика, кроме проблем статики, включает также и вопросы динамики сооружений. | Құрылыстардың статикасы - құрылыстық механиканың ескі атауы; қазіргі заманғы құрылыстық механика статика мәселелерінен басқа құрылыстардың динамикаларының мәселелерін де қарастырады. | |
Статическая нагрузка - нагрузка, значение, направление и место приложения которой изменяются столь незначительно, что при расчете сооружения их принимают не зависящими от времени и поэтому пренебрегают влиянием сил инерции, обусловленным такой нагрузкой. | Статикалық жүктеме - мәні, бағыты және салу орны айтарлықсыз өзгеретін жүктеме, сондықтан құрылысты есептегенде оларды уақытқа тәуелсіз деп қабылдайды да, мұндай жүктемелерден болатын инерция күштерін ескермейді. | |
Статическая устойчивость электроэнергетической системы - способность электроэнергетической системы восстанавливать исходное состояние (режим) после малых его возмущений. | Электроэнергетикалық жүйенің статикалық орнықтылығы - электроэнергетикалық жүйенің аз ұйытқулардан кейін алғашқы жағдайын (режімін) қалпына келтіру қабілеті. | |
Статически неопределимая система в строительной механике - геометрически неизменяемая система, в которой для определения реакций связей, помимо уравнений статики, необходимы дополнительные уравнения, характеризующие деформации этой системы. | Құрылыс механикасындағы статикалық анықталмайтын жүйе - байланыстардың реакцияларын анықтау үшін статика теңдіктерінен басқа осы жүйенің деформацияларын сипаттайтын қосымша теңдіктер қажет геометриялық өзгермейтін жүйе. | |
Статически определимая система в строительной механике - геометрически неизменяемая система, в которой для определения всех реакций связей достаточно уравнений статики. | Құрылыс механикасындағы статикалық анықталатын жүйе - барлық рекцияларды анықтау үшін статика теңдіктері жеткілікті геометриялық өзгермейтін жүйе. | |
Статический момент сечения плоской фигуры - одна из геометрических характеристик сечения, выраженная определенным интегралом вида J y =∫x dA по площади A фигуры, отнесенная к некоторой геометрической оси, где dA - элемент площади сечения; х - расстояние элемента от оси у. | Жазық дененің қимасының статикалық моменті - фигураның А ауданы бойынша J y =∫x dA анықталған интегралымен көрсетілген кейбір геометриялық оське жатқызылған қиманың геометриялық сипаттамаларының бірі, мұнда dA - қима ауданының элементі; х -элементтің у осьінен ара қашықтығы. | |
Стационарная машина - машина, не обладающая возможностью для перемещения собственным ходом и требующая для установки на рабочее место выполнения монтажных работ. | Стационарлы машина - өздігінен қозғалуға мүмкіндігі жоқ және жұмыс орнына орнату үшін жинақтау жұмыстарын қажет ететін машина. | |
Стекло защитное многослойное - склеенные между собой полимерными материалами в различном сочетании пластины силикатного стекла, силикатного с органическим стеклом, поликарбонатом или упрочняющими пленками. Представляет собой многослойный блок, обладающий защитными свойствами. | Көп қабатты қорғаушы әйнек - өзара түрлі қатынаста полимерлі материалдармен силикат әйнек табақтарының, силикаттының органикалық әйнекпен, поликарбонатпен немесе беріктендіретін үлдірлермен желімделуі. Қорғаушы қасиеттері бар көп қабатты блок болып табылады. | |
Стекло листовое - стекло, изготовляемое в виде плоских листов, толщина которых мала по отношению к длине и ширине. | Табақ әйнек - қалыңдығы ұзындығы мен еніне қарағанда аз жалпақ табақтар түрінде жасалатын әйнек. | |
Стекло листовое армированное - листовое стекло прокатное неокрашенное или цветное с закатанной внутрь стекла металлической сеткой, имеющее поверхности гладкие или с узором. | Арматураланған табақ әйнек - боялмаған немесе түрлі-түсті ішіне металл тор салынған, беті тегіс немесе өрнектеліпQwerty тартылған табақ әйнек. | |
Стекло листовое матированное - листовое стекло, одна поверхность которого шероховатая. Оно просвечивающее, но непрозрачное. | Мөлдір емес табақ әйнек - бір жақ беті кедір-бұдыр табақ әйнек. Мұндай әйнек жарық өткізеді, бірақ мөлдір емес. | |
Стекло листовое полированное - листовое стекло, обработанное способом механической шлифовки и полировки. Оно имеет плоскопараллельные поверхности и не дает оптических искажений в отраженном свете. | Жалтыратылған табақ әйнек - механикалық қырнау мен жалтырату жолымен өңделген табақ әйнек. Оның беттері жазық параллель және шағылыстырған жарықты оптикалық бұзбайды. | |
Стекло листовое солнцезащитное - л истовое стекло, уменьшающее пропускание солнечной радиации в целом или в отдельной области спектра. Различаются: теплопоглощающее; элетрохимически окрашенное; теплоотражающее. | Күннен қорғаушы табақ әйнек - күн радиациясын толығымен немесе спектрдің бір бөлігінің өтуін азайтатын табақ әйнек. Жылу сіңіргіш, электрохимиялық жолмен боялған, жылу шағылыстырғыш болып бөлінеді. | |
Стекло листовое теплоотражающее - листовое солнцезащитное стекло с тонким светопрозрачным покрытием, придающим ему повышенную отражающую способность в инфракрасной области спектра. | Жылу шағылыстыратын табақ әйнек - спектрдің инфрақызыл тұстарында жоғарылатылған шағылыстырушы қабілет беретін жұқа жарық өткізгіш қабаты бар күннен қорғаушы табақ әйнек. | |
Стекло листовое теплопоглощающее - листовое солнцезащитное стекло из окрашенной стекломассы, уменьшающее пропускание в инфракрасной области спектра. | Жылу сіңіргіш табақ әйнек - спектрдің инфрақызыл тұстарында өткізуді азайтатын боялған әйнек массасынан жасалған күннен қорғаушы табақ әйнек. | |
Стекло листовое тушеное прокатное - листовое стекло прокатное непрозрачное, молочное или цветное, имеющее одну лицевую поверхность гладкую, другую - мелкорифленую. | Боялған илемделген табақ әйнек - бір жақ беті тегіс, екінші жағы ұсақ кедір-бұдырланған мөлдір емес, ақ немесе түрлі-түсті илемделген табақ әйнек. | |
Стекло листовое узорчатое - листовое стекло прокатное неокрашенное или цветное, имеющее на поверхности рельефный узор от гравированных валков. | Өрнектелген табақ әйнек - бетінде ойықталған біліктермен жасалған бедерлі өрнегі бар боялмаған немесе түрлі-түсті тартылған табақ әйнек. | |
Стекло листовое эмалированное закаленное - листовое стекло, покрытое с одной стороны эмалевой краской и подвергнутое термообработке для упрочнения стекла и закрепления краски на его поверхности. | Эмальданған шынықтырылған табақ әйнек - бір жақ бетіне эмальмен боялып, беріктендіру және бетіндегі бояуды бекіту үшін қыздырылып өңделген табақ әйнек. | |
Стекло многослойное - листовое стекло, состоящее из двух или нескольких листов стекла, склеенных друг с другом по всей плоскости полимерной пленкой. | Көп қабатты әйнек - бір-бірімен бүкіл жазықтығы бойынша полимерлік үлдірмен жапсырылған екі немесе одан көп әйнек табақтарынан тұратын табақ әйнек. | |
Стекло неорганическое - твердый, аморфный, прозрачный в той или иной области оптического диапазона (бесцветный или окрашенный) хрупкий материал, получаемый при остывании расплава, содержащего стеклообразующие компоненты и оксиды металлов. | Бейорганикалық әйнек - құрамында әйнек түзетін құраушылары мен метал оксидтері бар қорытпа суығанда алынатын қатты, аморфты, оптикалық диапазонның кейбір тұстарында мөлдір (бояусыз немесе боялған) морт материал. | |
Стекло органическое - оптически прозрачный твердый материал на основе органических полимеров. | Органикалық әйнек - органикалық полимерлердің негізінде жасалған оптикалық мөлдір қатты материал. | |
Стекло профильное - изделия из стекла, изготовленные методом непрерывного проката, неокрашенные или цветные, замкнутого прямоугольного или швеллерного сечений, неармированные или армированные металлической проволокой, предназначенные для устройства светолрозрачных ограждающих конструкций зданий. | Кескінді әйнек - ғимараттардың жарық өткізуші қорғау құралымдарын жасауға арналған боялмаған немесе түрлі-түсті, қимасы тұйық тік бұрышты немесе швеллер түріндегі, қатайтылмаған немесе металл сыммен қатайтылған тоқтаусыз тарту әдісімен әйнектен жасалған бұйымдар. | |
Стеклобетонные конструкции - строительные конструкции, в виде бетонной обоймы, внутри которой на растворе уложены стеклянные блоки; предназначены для устройства светопрозрачных ограждений в жилых, общественных и промышленных зданиях. | Әйнекбетон құралымдар - арасына ерітінділермен әйнек блоктары орнатылған бетон таспа түріндегі құрылыс құралымдары; тұрғын, қоғамдық және өнеркәсіптік ғимараттардың жарық өткізгіш қоршауларын жасауға арналған. | |
Стеклоблок - стеклянное изделие, получаемое сваркой двух прессованных полублоков, образующих герметичную плотность. | Әйнек блогі - герметикалық тығыздық жасап, екі сығымдалған жартылай блоктарды пісіру арқылы алынатын әйнек бұйым. | |
Стеклопакет - изделие для остекления световых проемов зданий, состоящее из двух или нескольких листов стекла, соединенных друг с другом по кромкам так, что между ними образуются герметические полости, заполненные осушенным газом. | Әйнек пакеті - арасында құрғатылған газбен толтырылған герметикалық қуыстар жасап, жиектері бойымен бір-бірімен қосылған екі немесе бірнеше әйнек табақтардан тұратын ғимараттардың жарық қуыстарын әйнектеуге арналған бұйым. | |
Стеклопластики - пластмассы, содержащие в качестве упрочняющего наполнителя стеклянные волокнистые материалы - в виде тканей (стеклотекстолит), рубленых волокон (стекловолокнит), нитей, жгутов, матов и т.д. | Әйнекпластиктер - құрамында беріктендіруші толтырғыш ретінде мата (стеклотекстолит), шабылған талшықтар (стекловолокнит), жіптер, арқандар, маттар және т.б. түріндегі әйнек талшықты материалдар бар пластмассалар. | |
Стеклопрофилит - крупногабаритные строительные изделия, изготовленные в основном методом непрерывного проката из армированного и неармированного бесцветного и окрашенного стекла различного профиля. | Әйнекпрофилит - түрлі кескінді қатайтылған және қатайтылмаған түссіз және боялған әйнектен, негізінен тоқтаусыз тарту әдісімен жасалған ірі габаритті құрылыс бұйымдары. | |
Стеклорубероид - рулонный гидроизоляционный материал в виде стеклянной ткани, пропитанной с обеих сторон битумом. | Әйнекрубероид - екі жағынан да битум сіңіртілген әйнек мата түріндегі орамадағы гидрооқшаулаушы материал. | |
Стеклоткань - материал, образованный переплетением взаимно перпендикулярных нитей стеклянного волокна (круглого или профильного сечения). | Әйнекмата - өзара перпендикуляр әйнек талшығының (қимасы дөңгелек немесе кескінді) жіптерін өру арқылы алынатын материал. | |
Стеклянная плитка мозаичная - мелкая (обычно квадратная) облицовочная плитка, изготовляемая из непрозрачного цветного стекла способом непрерывного проката. | Мозаикалы әйнек тақташа - мөлдір емес түрлі-түсті әйнектен тоқтаусыз тарту жолымен алынатын ұсақ (әдетте шаршы түріндегі) қаптаушы тақташа. | |
Стеклянное волокно, стекловолокно - волокно круглого или профильного сечения, получаемое из расплавленного стекла. | Әйнек талшық - балқытылған әйнектен алынатын қимасы дөңгелек немесе кескінді талшық. | |
Стекольные работы - вставка стекол и стеклоизделий в световые проемы и ограждающие конструкции зданий и сооружений. | Әйнектеу жұмыстары - ғимараттар мен имараттардың қоршау құралымдары мен жарық қуыстарға әйнек пен әйнек бұйымдарын салу. | |
Стеллаж - устройство для хранения предметов и штучных материалов, состоящее из полок (настилов), укрепленных в несколько ярусов на вертикальных стойках. | Стеллаж - вертикаль тіреулерге бірнеше қаттама етіп бекітілген сөрелерден (төсеулерден) тұратын заттар мен бөлек материалдарды сақтауға арналған құрылғы. | |
Стена в грунте - способ возведения вертикальных стен подземных и заглубленных сооружений, а также противофильтрационных завес, устраиваемых в траншеях под защитой раствора (суспензии) из бентонитовых глин, удерживающего грунт в траншеях от обрушения. | Жердегі қабырға - жерасты және тереңдетілген имараттардың тік қабырғаларын, сондай-ақ ордың ішіне топырақтардың құлауын тежейтін бентонит топырағынан жасалған ерітіндімен (жүзгінмен) қорғау арқылы орларда салынатын сүзілген суға қарсы бүркеулер салу тәсілі. | |
Стена здания - основная ограждающая конструкция здания, защищающая его от внешних атмосферных воздействий, одновременно выполняющая и несущие функции: воспринимает горизонтальные и вертикальные нагрузки, разделяет внутренний объем здания на отдельные помещения. | Ғимараттың қабырғасы - ғимаратты сыртқы атмосфералық әсерлерден қорғайтын және бірмезгілде көтеруші қызмет атқаратын (горизонталь және вертикаль жүктемелерді қабылдайды, ғимараттың ішкі көлемін жеке бөлмелерге бөледі) негізгі қоршау құралымдар. | |
Стенка забральная - вертикальная стена, расположенная перед водозаборным отверстием и погруженная нижней гранью под минимальный уровень воды гидротехнического сооружения для защиты последнего от попадания шуги (донного льда), плавника и т.п. | Қалқандық қабырға - гидротехникалық имаратты қалқып жүрген түрлі заттардан, қабыршақ мұздардан, (бауырлап қатқан мұздардан) қорғау үшін астыңғы қыры судың ең төменгі деңгейінен төмен түсірілген суалғыш тесіктің алдына орналасқан тік қабырға. | |
Стенка подпорная - конструкция, удерживающая от обрушения находящийся за ней массив грунта и воспринимающая расположенные на его поверхности нагрузки. | Сүйеуіш қабырға - тыс (сырт) жағындағы топырақ массивін құлаудан ұстап тұратын және бетіне түскен жүктемелерді қабылдайтын құралым. | |
Стенка раздельная - вертикальная стена между смежными гидротехническими сооружениями, обеспечивающая независимый гидравлический режим потоков воды. | Бөлгіш қабырға - іргелес гидротехникалық имараттарда су ағыстарының тәуелсіз гидравликалық режимін қамтамасыз етіп тұратын вертикаль қабырға. | |
Стенка шпунтовая - сплошная стенка, образованная забитыми в грунт шпунтовыми сваями (древесными, железобетонными, стальными), служащая водонепроницаемой преградой и удерживающая от обрушения грунт при возведении гидротехнических сооружений (набережных, камер, шлюзов, перемычек), для ограждения стен котлованов, траншей и т.п. | Жіксіз қабырға - гидротехникалық имараттар (жағалаулар, камералар, шлюздер, мойнақтар) салғанда су өткізбейтін қалқан қызметін атқаратын және топырақтың опырылып құлауынан сақтауға арналған, қазаншұңқырлардың, траншеялардың және т.с.с. қабырғаларын қоршауға арналған жерге қадалған жікті қадалардан (ағаш, темірбетон, болат) жасалған тұтас қабырға. | |
Степень агрессивности - техническая характеристика интенсивности воздействия агрессивной среды. | Жеміргіштік Qwerty дәрежесі - жеміргіш ортаның әсері қарқынының техникалық сипаттамасы. | |
Степень коррозии строительного материала - техническая характеристика изменения свойств строительного материла вследствие коррозии. | Құрылыс материалы тоттануының дәрежесі - тоттану нәтижесінде құрылыс материалының қасиеттері өзгеруінің техникалық сипаттамасы. | |
Степень огнестойкости - нормируемая характеристика огнестойкости зданий и сооружений, определяемая пределом огнестойкости основных строительных конструкций. | Отқа төзімділік дәрежесі - негізгі құрылыс құралымдарының отқа төзімділігі шегімен анықталатын ғимараттар мен имараттардың отқа төзімділігінің нормаланған сипаттамасы. | |
Степень сборности - показатель технико-экономической оценки проектов зданий (сооружений) и технического уровня строительства, характеризуемый отношением (в процентах) сметной стоимости (франко-строительная площадка) сборных конструкций и деталей, а также предварительно заготовленных узлов для санитарно-технических, электрических и технологических систем, включаемых в объем строительно-монтажных работ, к сметной стоимости всех строительных материалов, конструкций и деталей. | Құрамдылық дәрежесі - құрылыс-жинақтау жұмыстарының көлеміне енгізілетін құрама құралымдар мен бөлшектердің, сондай-ақ санитарлық-техникалық, электр және технологиялық жүйелердің алдын ала дайындалған түйіндерінің сметалық құнының (франко-құрылыс алаңы) барлық құрылыс материалдарының, құралымдары мен бөлшектерінің сметалық құнына пайыздық қатынасымен сипатталатын ғимараттар (имараттар) жобалары мен құрылыстың техникалық деңгейін техникалық-экономикалық бағалаудың көрсеткіші. | |
Стержень замка - деталь замка, служащая для передачи крутящего момента от ручки замка к засову-защелке. | Құлыптың шыбығы - бұрау моментін құлыптың тұтқасынан ысырма-ілгегін беруге арналған құлыптың бөлшегі. | |
Стержневая система в строительной механике - несущая конструкция, состоящая из стержней, жестко или шарнирно соединенных между собой в узлах. | Құрылыс механикасындағы шыбықтық жүйе - түйіндерде өзара қатаң немесе топсалармен қосылған шыбықтарынан тұратын көтергіш құралым. | |
Стилобат - возвышенная платформа, замощенная каменными плитами, на которой возводится сооружение, устанавливается памятник. | Стилобат - үстіне құрылыс салынатын, ескерткіш қойылатын беті тас тақталармен жабылған биіктетілген платформа. | |
Стоимость оборудования сметная - стоимость оборудования, предусматриваемого в сметах на строительство, включающая оптовую (лимитную) цену, стоимость установленного комплекта запасных частей, затраты на тару, упаковку и реквизит, транспортные расходы по доставке оборудования до приобъектного склада стройки, заготовительно-складские расходы и затраты на комплектацию. | Жабдықтардың сметалық құны - құрамына жабдықтардың көтерме (шектелген) бағасы, қосалқы бөлшектердің белгіленген жиынтығының құны, ыдыстарға, орамаларға және реквизиттерге кеткен шығындар, жабдықтарды құрылыстың нысаны жанындағы қоймаларына жеткізу үшін тасымалдауға кеткен шығындар, дайындау-қоймалық шығындар мен жинақтауға кеткен шығындар енетін құрылыс сметасында ескерілген жабдықтардың құны. | |
Стоимость строительства сметная - денежное выражение затрат, необходимых для полного осуществления строительства и ввода в действие основных фондов согласно проекту. Сметная стоимость слагается из стоимости строительно-монтажных работ, оборудования, инструмента, инвентаря и других затрат, входящих в сметы строек. | Құрылыстың сметалық құны - құрылысты толық жүзеге асырып, негізгі қорларды жобаға сәйкес іске қосу үшін қажетті шығындардың ақшалай көрсетілген түрі. Сметалық құн құрылыс-жинақтау жұмыстарының, жабдықтардың, құрал-саймандардың, мүліктердің құны мен құрылыс сметасына енетін басқа да шығындардан тұрады. | |
Стоимость тары, упаковки и реквизита сметная - средства, предусматриваемые в сметах на возмещение заводам-поставщикам затрат по обеспечению сохранности оборудования, материалов, изделий и конструкций в период их транспортировки и хранения на приобъектном складе стройки. | Ыдыстың, ораманың және реквизиттің сметалық құны - жабдықтарды, материалдарды, бұйымдар мен құралымдарды тасымалдау кезінде және нысан жанындағы қоймаларда сақталуын қамтамасыз етуге кеткен жіберуші зауыттардың шығынын өтеу үшін сметада ескерілетін қаржылар. | |
Столярные изделия - деревянные изделия с тщательно обработанной поверхностью и точной пригонкой соединений элементов. | Ағаш ұсталық бұйымдар - беті жете өңделген және бөлшектердің қосылысы дәл келтірілетін ағаш бұйымдар. | |
Столярные работы - изготовление с повышенной точностью деревянных изделий с обработкой их поверхности и пригонкой соединений элементов. | Ағаш шеберлік жұмыстар - беттерін өңдеп және бөлшектердің қосылысын дәлдеп ағаш бұйымдарды жоғары дәлдікпен жасау. | |
Стороны контракта - заказчик и подрядчик, подписавшие данный контракт. | Келісуші тараптар(жақтар) - келісімшартқа қол қойған тапсырыс беруші мен мердігер. | |
Сточные воды - воды, использованные на бытовые или производственные нужды и получившие при этом дополнительные примеси (загрязнения), заменившие их первоначальный химический состав или физические свойства, а также воды, стекающие с территории населенных мест и промышленных предприятий в результате выпадения атмосферных осадков или поливки улиц. | Ақаба сулар - тұрмыстық немесе өндірістік қажеттерде пайдаланылған және сонымен бірге оның алғашқы химиялық құрамын немесе физикалық қасиеттерін ауыстырған қосымша қоспалар (кірлер) қосылған су, сондай-ақ атмосфералық жауындар немесе көшелерді суғару нәтижесінде елді мекендер мен өнеркәсіптік кәсіпорындардың аймақтарынан ағып шығатын су. | |
Стояк - вертикальный трубопровод внутри жилого, общественного или производственного здания, проходящий через все этажи, для подачи воды (или газа) через ответвления (подводки) к водоразборным (газовым) приборам и пожарным кранам или для отвода сточных вод, поступающих через отводные трубы от санитарных приборов и различных приемников. | Тік құбыр - тармақтар (жеткізгіштер) арқылы су бөлетін (газ бөлетін) аспаптарға су (немесе газ) беруге және санитарлық аспаптар мен түрлі қабылдағыштардан бұру құбырлары арқылы келетін ақаба суларды (немесе газдарды) әкетуге арналған барлық қабаттар арқылы өтетін тұрғын, қоғамдық немесе өндірістік ғимараттың ішіндегі тік құбыр. | |
Стоянка для автомобилей (далее — автостоянка) — здание, сооружение (часть здания, сооружения) или специальная открытая площадка, предназначенные только для хранения (стоянки) автомобилей. | Автомобильдерге арналған тұрақ (бұдан әрі - автотұрақ) - тек автомобильдерді сақтауға (қоюға) арналған ғимарат, құрылыс (ғимараттың, имараттың бөлігі) немесе арнайы ашық алаң. | |
Стрела подъема - вертикальное расстояние от линии, соединяющей точки опор распорных конструкций, до наивысшей точки осевой линий этой конструкции (арки, свода и т.п.) | Көтергіш жебе - тартып тұратын құралымдардың тірек нүктелерін қосатын сызықтан осы құралымның (арканың, тоғыспаның және т.с.с) осьтік сызығының ең жоғарғы нүктесіне дейінгі вертикаль ара қашықтық. | |
Стрела прогиба - максимальное смещение оси изгибаемого конструктивного элемента под действием внешних сил в направлении, перпендикулярном оси. | Майысым жебесі - иілетін құралымдық бөлшектің осьінің сыртқы күштердің әсерінен оське перпендикуляр бағытта максималды ығысуы. | |
Стробоскопический эффект — явление искажения зрительного восприятия вращающихся, движущихся или сменяющихся объектов в мелькающем свете, возникающее при совпадении кратности частотных характеристик движения объектов и изменения светового потока во времени в осветительных установках. выполненных газоразрядными источниками света, питаемыми переменным током. | Стробоскопиялық эффект - айнымалы тоққа қосылған газ разрядты жарық көздерінен жасалған жарықтандырушы қондырғылардағы нысандардың қозғалысының жиілік сипаттамаларының еселіктері кездескенде пайда болатын жылтылдап тұрған жарықта айналып тұрған, қозғалып келе жатқан немесе ауысып отыратын нысандарды көзге бұрмалап көрсету құбылысы. | |
Строгание - обработка резанием со снятием стружки плоскостей и фасонных поверхностей (пазов, канавок, углублений) при относительном возвратно-поступательном перемещении инструмента или изделия (заготовки). | Сүргілеу - аспапты немесе бұйымды (дайындаманы)салыстырмалы қайтармалы-ілгерілемелі қозғалтып жазықтықтар мен пішінді беттерді (ойықтарды,жырашықтарды, тереңдіктерді) жоңқалап кесіп өңдеу. | |
Строение пути верхнее - часть железнодорожного или трамвайного пути, состоящая из рельсов, рельсовых скреплений, стрелочных переводов, шпал, переводных и мостовых брусьев и других рельсовых опор, а также балластного слоя и противоугонов, и предназначенная для направления движения колес подвижного состава, восприятия нагрузки от транспортных средств и передачи ее на земляное полотно и грунтовое основание. | Жолдардың жоғарғы құрылысы - рельстерден, рельстік бекітулерден, жебелік ауыстырулардан, шпалдардан, ауыстырмалы және көпірлік бөренелерден және басқа да рельстік тіреулерден, сондай-ақ балластық қабаттан және ұрлануға қарсы қорғаушылардан тұратын және жылжымалы құрам дөңгелектерінің қозғалысын бағыттауға, көліктен түсетін жүктемелерді қабылдауға және жер беті мен топырақ қабатына беруге арналған теміржол және трамвай жолдарының бөлігі. | |
Строительная акустика - научная дисциплина, в которой изучаются вопросы звукоизоляции и зашиты от шума помещений, зданий и территорий населенных мест с использованием архитектурно-планировочных и строительно-акустических (конструктивных) способов и средств. | Құрылыстық акустика - сәулеттік жобалау және құрылыстық акустикалық (құралымдық) әдістер мен құралдарды пайдалана отырып, бөлмелерді, ғимараттарды және елді мекен аумақтарын шудан оқшаулау және шудан қорғау мәселелерін зерттейтін ғылыми пән. | |
Строительная геодезическая сетка - геодезическая сеть в виде системы квадратов или прямоугольников, ориентированных параллельно большинству разбивочных осей сооружений. | Құрылыстық геодезиялық тор - құрылыстардың бөлгіш осьтерінің көбіне параллель орналастырылған шаршылар мен тік төртбұрыштардың жүйесі түріндегі геодезиялық желі. | |
Строительная индустрия - изготовление в промышленных условиях изделий для применения в качестве элемента строительных конструкций зданий и сооружений. | Құрылыс индустриясы - ғимараттар мен имараттардың құрылыс құралымдарының бөлшегі ретінде пайдалануға арналған бұйымдарды өнеркәсіптік жағдайларда жасау. | |
Строительная керамика - материалы и изделия из керамики, применяемые в строительстве. | Құрылыс керамикасы - керамикадан жасалған құрылыста пайдаланылатын материалдар мен бұйымдар. | |
Строительная конструкция - 1) часть здания или другого строительного сооружения, выполняющая определенные несущие, ограждающие и (или) эстетические функции; 2) часть здания, сооружения определенного функционального назначения (каркас здания, покрытие, перекрытие и др.), состоящая из элементов, взаимно связанных в процессе выполнения строительных работ. | Құрылыстық құралым - 1) ғимараттың немесе өзге құрылыс имараттарының белгiлi бір көтерушi, қоршаушы және (немесе) эстетикалық қызметтердi атқарушы бөлiгі; 2) құрылыс жұмыстарын орындау процесінде бір-бірімен байланыстырылған бөлшектерден тұратын ғимараттың, имараттың белгілі бір қызмет атқаратын бөлігі (ғимараттың қаңқасы, жабыны, аражабыны және т.б.). | |
Строительная площадка - производственная территория, выделяемая в установленном порядке для размещения строительных сооружений, а также машин, материалов, конструкций, производственных и санитарно-бытовых помещений и коммуникаций, используемых в процессе возведения строительных зданий и сооружений. | Құрылыс алаңы - құрылысты жүргізуге, сондай-ақ ғимаратар мен имараттарды тұрғызу процесінде пайдаланылатын машиналарды, материалдарды, құралымдарды, өндірістік және санитарлық-тұрмыстық үй-жайлар мен қатынастарды орналастыруға белгіленген тәртіпте бөлінетін аумақ. | |
Строительная продукция - законченные строительством здания и другие строительные сооружения, а также их комплексы. Примечания: 1) применяемое на практике словосочетание «здания и сооружения» в Системе нормативных документов понимается как «здания и другие строительные сооружения»; 2) предметом рассмотрения в Системе нормативных документов в строительстве является строительная часть зданий и сооружений, а также инженерное оборудование, функцией которых является обеспечение нормальных условий для ведения соответствующих технологических процессов. | Құрылыс өнімі - құрылысы біткен ғимараттар мен басқа да құрылыстар, сондай-ақ олардың кешендері. Ескертулер: 1) тәжірибе жүзінде қолданылып жүрген “ғимараттар мен имараттар” сөз тіркесі нормативтік құжаттар жүйесінде “ғимараттар мен басқа да құрылыстық имараттар” деп түсініледі; 2) құрылыстағы нормативтік құжаттар ғимараттар мен имараттардың құрылыстық бөлімі, сондай-ақ технологиялық процестерді жүргізудің жағдайларын жасауға арналған инженерлік жабдықтарды қарастырады. | |
Строительная сталь - низкоуглеродистая сталь (содержит до 0,25%С с включением примесей до 0,055-0,06% S, до 0,07% Р), обладающая хорошей свариваемостью и удовлетворительными механическими свойствами без дополнительной термической обработки. | Құрылыстық болат - жақсы пісірілетін және қосымша термиялық өңдеусіз қанағаттанарлық механикалық қасиеттері бар көміртегі төмен болат (0,055-0,06% дейін S, 0,07% дейін Р қосындылары бар 0,25% дейін С тұрады). | |
Строительная теплотехника - раздел строительной физики, изучающий процессы передачи теплоты и влаги и их влияние на другие физические процессы в зданиях, сооружениях и их конструкциях. | Құрылыстық жылу техникасы - ғимараттардағы, имараттардағы және олардың құралымдарындағы жылу және ылғал өткізу процестері мен олардың басқа процестерге әсерін зерттейтін құрылыстық физиканың бөлімі. | |
Строительная физика - комплекс научных дисциплин (разделов прикладной физики), изучающих физические процессы в ограждающих и других конструкциях, зданиях, сооружениях в зависимости от климатических условий и режима эксплуатации. | Құрылыстық физика - қоршаушы және басқа да құралымдардағы, ғимараттардағы, имараттардағы климат жағдайлары мен пайдалану режиміне байланысты физикалық процестерді зерттейтін ғылым салаларының (қолданбалы физика бөлімдерінің) кешені. | |
Строительное изделие - 1) изделие, предназначенное для применения в качестве элемента строительных конструкций зданий и сооружений; 2) элемент строительной конструкции (колонна, ферма, ригель, плита перекрытия, панель стены, арматурный каркас и др.), изготовляемый вне места его установки. | Құрылыстық бұйым - 1) ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құралымдарының бөлшектері ретінде пайдалануға арналған бұйым; 2) құрылыс құралымының орнатылатын жерден тыс жасалатын бөлігі (ұстын, беларқа, жабу тақтасы, қабырға панелі, арматуралық қаңқа және т.б.). | |
Строительное производство - в ыполнение комплекса подготовительных и основных строительно-монтажных и специальных строительных работ при возведении и реконструкции, техническом перевооружении, капитальном ремонте всех типов зданий и сооружений в любых климатических зонах. | Құрылыстық өндіріс - кез-келген климаттық аймақтарда ғимараттар мен имараттардың барлық түрлерін тұрғызу және қайта құру, техникалық қайта жарақтандыру кезінде дайындық және негізгі құрылыс-жинақтау жұмыстарын ың және арнайы құрылыс жұмыстарының кешенін жүргізу. | |
Строительное сооружение - единичный результат строительной деятельности, предназначенный для осуществления определенных потребительских функций. | Құрылыстық имарат - белгілі бір тұтынушылық қызметке арналған құрылыс жұмыстарының бірлік нәтижесі. | |
Строительно-технические свойства цемента - совокупность свойств цемента, характеризующих его способность образовывать в результате твердения прочный и долговечный цементный камень. | Цементтің құрылыстық-техникалық қасиеттері - цементтің қату нәтижесінде берік және ұзақ мерзімге жарамды цемент тасына айналу қабілетін сипаттайтын қасиеттерінің жиынтығы. | |
Строительные материалы и изделия - природные и искусственные материалы и изделия, применяемые при возведении и ремонте зданий и сооружений. | Құрылыс материалдары мен бұйымдары - ғимараттар мен имараттарды тұрғызғанда пайдаланатын табиғи және жасанды материалдар мен бұйымдар. | |
Строительные машины - машины, предназначенные для выполнения подготовительных, планировочных, землеройно-транспортных и других работ при возведении зданий, мостов, прокладке дорог и т.п. | Құрылыс машиналары - ғимараттарды, көпірлерді тұрғызғанда, жолдар салғанда және т.с.с. дайындық, жобалық, жер қазу, тасымалдау және басқа да жұмыстарды жүргізуге арналған машиналар. | |
Строительные нормы и правила - нормативный документ в области строительства, принятый органом исполнительной власти и содержащий обязательные требования. Примечания: 1) строительные нормы и правила являются частным случаем технического регламента (technical regulation); 2) в Системе нормативных документов в строительстве к области строительства относятся объекты нормирования и стандартизации. | Құрылыс нормалары мен ережелері - атқарушы билік огандары қабылдаған, міндетті талаптар қоятын құрылыс саласындағы нормативтік құжат. Ескертулер: 1) құрылыс нормалары мен ережелері техникалық регламенттің (technical regulation) жеке жағдайы болып табылады; 2) құрылыстағы нормативтік құжаттардың жүйесінде құрылыс саласына нормалау және стандарттау нысандары жатады. | |
Строительные нормы и правила (Building regulations) - государственный норматив в области архитектуры, градостроительства и строительства, принятый уполномоченным органом по делам архитектуры, градостроительства и строительства и содержащий требования, обязательные для выполнения пользователями. Примечания: 1) строительные нормы и правила являются частным случаем технического регламента (technical regulation); 2) к государственным нормативам в области архитектуры, градостроительства и строительства относятся объекты стандартизации и технического нормирования. | Құрылыс нормалары мен ережелері (Building regulations) - сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы өкілетті орган қабылдаған және пайдаланушылар орындауға міндетті талаптардан тұратын мемлекеттік норматив. Ескертулер: 1) құрылыс нормалары мен ережелері техникалық регламенттің (technical regulation) жеке жағдайы болып табылады; 2) сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерге стандарттау және техникалық нормалау нысандары жатады. | |
Строительный генеральный план - часть проекта организации строительства (ПОС), регламентирующая организацию строительной площадки. | Құрылыстың бас жоспары - құрылыс алаңын ұйымдастырудың тәртібін белгілейтін құрылысты ұйымдастыру жобасының (ҚҰЖ) бөлігі. | |
Строительный материал - материал (в т.ч. штучный), предназначенный для создания строительных конструкций зданий и сооружений, а также изготовления строительных изделий. | Құрылыс материалы - ғимараттар мен имараттардың құрылыстық құралымдарын құруға және құрылыс бұйымдарын жасауға арналған материал (соның iшiнде даналық). | |
Строительный подъем - небольшой выгиб выпуклостью наружу (обратный прогиб), придаваемый некоторым строительным конструкциям с целью повышения эксплуатационных и архитектурных качеств сооружений. | Құрылыстық көтерілім - имараттың пайдалану және сәулет сапасын жоғарылату мақсатында кейбір құрылыс құралымдарын дөңес жағын сыртқа қаратып (қарсы майысым)азғантай майыстыру. | |
Строительство - 1) отрасль материального производства, в которой создаются основные фонды производственного и непроизводственного назначения; 2) комплекс производственных процессов, включающий строительные, монтажные, вспомогательные, транспортные работы, а также работы, связанные с восстановлением, реконструкцией и ремонтом зданий и сооружений, их разборкой и передвижкой. | Құрылыс - 1) өндірістік және өндірістік емес мақсаттағы негізгі қорлар құрылатын материалдық өндіріс саласы; 2) құрылыс жұмыстары, жабдықтарды орнату, қосалқы, тасымалдау жұмыстары, сондай-ақ ғимараттар мен имараттарды қайта тұрғызу, қайта құру және жөндеу, бұзу және қозғалтуға байланысты жұмыстардан тұратын оларды тұрғызу процесі. | |
Строительство капитальное - строительство и оснащение оборудованием новых или реконструкция (расширение, переоборудование) действующих предприятий, зданий и сооружений производственного и непроизводственного назначения, во всех отраслях народного хозяйства, производимое за счет централизованных государственных капитальных вложений, банковских кредитов, фондов расширения производства и части амортизационных отчислений, в результате которого осуществляется воспроизводство основных фондов. | Күрделі құрылыс - нәтижесінде негізгі қорлар ұдайы өндірілетін орталықтандырылған мемлекеттік күрделі қаржыландырулар, банк несиелері, өндірісті кеңейту қорлары мен амортизациялық аударымдардың бөлігі есебінен халық шаруашылығының барлық саласындағы өндірістік және өндірістік емес жаңа кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттарды салып, жабдықтау немесе істеп тұрған кәсіпорындар, ғимараттар мен имараттарды қайта құру (кеңейту, қайта жабдықтау). | |
Строительство полносборное - возведение зданий и сооружений из крупных элементов высокой степени заводской готовности. | Толық жинақталған құрылыс - зауыттық дайындығы жоғарғы дәрежелі ірі бөлшектерден ғимараттар мен имараттарды тұрғызу. | |
Стройка - совокупность зданий и сооружений (объектов), строительство, расширение и реконструкция которых осуществляется, как правило, по единой проектно-сметной документации, на которую в установленном порядке утверждается отдельный титул стройки (или заменяющий его документ). | Құрылыс - белгіленген тәртіпте бөлек құрылыс титулы (немесе оның орнына басқа құжат) бекітілетін салу, кеңейту және қайта салу жұмыстары, әдетте бір жобалық сметалық құжаттар бойынша жүргізілетін ғимараттар мен имараттардың (нысандардың) жиынтығы. | |
Струг - 1) землеройная машина непрерывного действия с рабочим органом в виде двух вертикальных щитов, образующих двугранный угол, расположенный в торцовых частях машины; 2) рабочее оборудование экскаваторов, служащее для выемки (срезки) тонких пластов полезных ископаемых в карьере; 3) рабочий орган струговой установки для подземной добычи полезных ископаемых. | Струг - 1) екі вертикль қалқан түріндегі жұмыс органы машинаның ұшында орналасқан үзіліссіз жұмыс істейтін машина; 2) карьерден пайдалы қазбалардың жұқа қабаттарын алуға (кесіп алуға) арналған экскаватордың жұмыс органы; 3) пайдалы қазбаларды жер астынан шығарып алуға арналған стругтік қондырғының жұмыс органы. | |
Ступень эскалатора - часть лестничного полотна, предназначенная для размещения пассажиров. | Эскалатор басқышы - жолаушыларды орналастыруға арналған баспалдақ тақтасының бөлігі. | |
Стык - место соединения двух сопрягаемых деталей, продолжающих одна другую. | Түйісу орны - бірін-бірі жалғастыратын екі қосылатын бөлшектің қосылған жері. | |
Стык зон (модулей) геометрический - плоскость, определяющая место стыковки двух смежных зон (модулей) эскалатора. | Аймақтардың (модульдердің) геометриялық жігі - эскалатордың екі іргелес аймағының (модулінің) түйісу орнын анықтайтын жазықтық. | |
Стяжка (основание под покрытие) — 1) слой пола, служащий для выравнивания поверхности нижележащего слоя пола или перекрытия, придания покрытию пола на перекрытии заданного уклона, укрытия различных трубопроводов, распределения нагрузок по нежестким нижележащим слоям пола на перекрытии; 2) изделие, служащее для обеспечения плотного соединения створок спаренных дверей или окон; 3) тонкий и относительно прочный слой в многослойных конструкциях перекрытий и покрытий зданий, предназначенный для восприятия и передачи нагрузок на нижележащий слой тепло- и звукоизоляции. | Тартпа (жабынның астындағы негіз) - 1) еден астындағы немесе аражабын қабатын тегістеуге, аражабынның үстіндегі еденге берілген еңіс жасауға, түрлі құбырларды жасыруға, аражабынның үстіндегі еденнің қатты емес қабаттарына жүктемелерді таратуға арналған еден қабаты; 2) жұпталған есіктер мен терезелердің жақтауларын нығыздап жабылуын қамтамасыз ететін бұйым; 3) жүктемелерді қабылдауға және астыңғы жылу және дыбыс оқшаулаушы қабатқа беруге арналған ғимараттардың аражабындары мен жабындарының қөп қабатты құралымдарының жұқа және салыстырмалы берік қабаты. | |
Субподрядчик - специализированная подрядная организация, привлекаемая генеральным подрядчиком на договорных условиях для выполнения на строящемся объекте отдельных видов строительных, специальных строительных, ремонтных, монтажных работ. | Қосалқы мердігер - бас мердігердің шарт негізінде салынып жатқан нысанда құрылыс, арнайы құрылыс, жөндеу, жинақтау жұмыстарының жеке түрлерін орындауға шақыратын мамандандырылған мердігерлік ұйым. | |
Суглинок - поверхностные рыхлые континентальные отложения (грунты, почвы) бурого или желто-красного цвета, содержащие до 40% песка, до 30% глинистых частиц; пластичны. | Саздақ - 40% дейін құмнан, 30% дейін саз түйіршіктерінен тұратын қоңыр немесе сарғыш қызыл түсті,илемді жоғарғы қабаттық континеналды шөгінді (топырақ, жер қыртысы). | |
Сульфатная коррозия бетона - коррозия бетона в результате взаимодействия цементного камня с сульфатами. | Бетонның сульфаттық тоттануы - цемент тасының сульфаттармен өзара әсерлесуі нәтижесіндегі бетонның тоттануы. | |
Сульфатостойкость цемента - способность цементного камня противостоять разрушающему действию водных сред, содержащих сульфатионы. | Цементтің сульфатқа төімділігі - цемент тасының құрамында сульфатиондар бар су орталарының бұзушы әсеріне қарсы тұру қасиеті. | |
Суммы возвратные - суммы, учитываемые за итогом сводной сметы и включающие: амортизируемую в течение строительства часть стоимости временных зданий и сооружений за вычетом затрат на их капитальный ремонт в период строительства: ликвидную часть стоимости временных зданий и сооружений; стоимость материалов, получаемых от разборки сносимых и переносимых зданий и сооружений. | Қайтарымды сомалар - құрылыс мерзімі кезінде уақытша ғимараттар мен имараттар бағасының, оларды күрделі жөндеуге кеткен шығындарды шегергендегі амортизацияланған бөлігін; уақытша имараттар мен ғимараттар бағасының өтімді бөлігін; бұзылған және көшірілген ғимараттарар мен имараттарды бөлшектеуден алынған материалдар бағасының және жинақ сметасының қосындыларында ескерілетін сомалар. | |
Супесь - поверхностная рыхлая песчано-глинистая осадочная порода (грунт). | Құмайт - жоғарғы қабаттық борпылдақ құмды-сазды шөгінді жыныс (топырақ). | |
Суффозия - вынос мелких минеральных частиц и растворенных веществ из почвы и грунта фильтрующейся с поверхности водой в толщу горных пород. | Суффозия - ұсақ минералды бөлшектер мен еріген заттарды топырақ бетінен сүзілетін сумен тау жыныстарының қабатына ағызып жіберу. | |
Сухая штукатурка - листовой отделочный материал, изготовленный на основе гипсобетона, облицован картоном. | Құрғақ сылау - гипсті бетон негізінде жасалған, беті қатты қағазбен қапталған табақ түріндегі өңдеуші материал. | |
Сухость глазури (просвет глазури) - утонченный слой глазури, не обнажающий черепок. | Зертастың құрғақтығы (зертастың саңылауы) - негізді жауып тұратын жұқа зертас қабаты. | |
Сфера - поверхность шара, замкнутая поверхность, все точки которой одинаково удалены от одной точки (центра сферы). | Сфера - шардың беті, барлық нүктелері бір нүктеден (сфераның центрінен) бірдей қашықтықта орналасқан тұйық бет. | |
Схватывание цемента - необратимая потеря подвижности цементным тестом в результате гидратации. | Цементтің ұсталынуы - гидратация нәтижесінде цемент қамырының қозғалмалылығын қайтарымсыз жоғалтуы. | |
Схема - 1) изображение, описание, изложение чего-либо в общих, главных чертах; 2) чертеж, являющийся частью конструкторской документации, разъясняющий основные идеи, принципы и последовательность процессов при работе узла, прибора, устройства, установки, сооружения и т.д.; 3) термин, часто употребляемый в качестве синонима электронного или радиоэлектронного устройства. | Сұлба - 1) бір нәрсені жалпы, басты түрде бейнелеу, сипаттау, мазмұндау; 2) түйіннің, аспаптың, құрылғының, қондырғының, имараттың және т.б. жұмысының негізгі идеяларын, принциптері мен процестердің кезегін түсіндіретін конструкторлық құжаттардың бөлігі болып табылатын сызба; 3) электронды немесе радиоэлектронды құрылғының синонимі ретінде жиі пайдаланылатын термин. | |
Схема расчетная - упрощенное изображение конструкций здания или сооружения, принимаемое для выполнения их расчета. | Есептік сұлба - ғимараттардың немесе имараттардың есебін орындау үшін қабылданған олардың ықшамдалған бейнесі. | |
Схемы инженерной защиты (генеральные, детальные, специальные) - проектный материал, разработанный с целью определения и обоснования оптимального комплекса инженерной защиты, его укрупненной ориентировочной стоимости и очередности осуществления. | Инженерлік қорғаныш сұлбалары (негізгі, бөлшектелген, арнайы) - инженерлік қорғаныштың оңтайлы кешенін, оның ірілендірілген бағдарлау бағасын және жүзеге асыру кезегін анықтау мен негіздеу мақсатында әзірленетін жобалық материал. | |
Сырой осадок сточных вод - осадок из первичных отстойников. | Ақаба сулардың шикі тұнбасы - алғашқы тұндырғыштардағы тұнба. | |
Съемка (топографическая съемка) - комплекс работ, выполняемых с целью получения съемочного оригинала топографической карты или плана, а также получение топографической информации в другой форме. | Түсіру (топографиялық түсіру) - топографиялық картаның немесе жоспардың түсіру түпнұсқасын алу үшін, сондай-ақ басқа да түрде топографиялық мәліметтер алу үшін жүргізілетін жұмыстар кешені. | |
Съемочная точка - точка, с которой выполняют съемку данного участка местности. | Түсіру нүктесі - берілген жер телімінің түсіруін жүргізетін нүкте. | |
СЭС - санитарно-эпидемиологическая служба. | СЭҚ - санитарлық-эпидемиологиялық қызмет. | |
Таль - подвесное грузоподъемное устройство, укрепленное стационарно на неподвижной конструкции либо закрепленное на приводной тележке, перемещающейся по подвесному монорельсовому пути (ездовой балке). | Таль - қозғалмайтын құрылымға орнықты бекітілген, не аспалы жалғыз рельсті жолмен (жүріс арқалықтарымен) жылжитын жетек арбаға бекітілген аспалы жүк көтеретін құрылғы. | |
Тамбур - проходное помещение между дверями, служащее для защиты от проникания холодного воздуха, дыма и запахов при входе в здание, лестничную клетку или другие помещения. | Тамбур - ғимаратқа, баспалдақ алаңшасына немесе басқа бөлмелерге кіруде суық ауаның, түтіннің және иістің енуінен қорғайтын есіктер арасындағы өтпелі бөлме. | |
Тамбур-шлюз - тамбур, оборудованный специальными устройствами, устраняющими возможность проникания огня, дыма, газов, паров, пыли и других вредных веществ из одного помещения в другое, а также для поддержания заданных параметров воздушной среды в помещениях. | Тамбур-шлюз - оттың, түтіннің, газдың, будың, шаңның және басқа да зиянды заттардың бір бөлмеден екінші бөлмеге өтуін болдырмайтын, арнайы құрылғылармен жабдықталған, сондай-ақ бөлмелерде берілген ауа параметрлерін сақтауға арналған тамбур. | |
Тампонаж - процесс нагнетания твердеющих растворов в трещинах горных пород. | Тығындау - тау жыныстарының сызаттарында қатайатын ерітінділерді айдау процесі. | |
Тампонажный цемент - разновидность портландцемента, изготовляемая совместно тонким измельчением клинкера и гипса, иногда с включением специальных добавок. | Тығындаушы цемент - клинкерді және гипсті бірге жұқалап майдалау, кейде арнайы қоспаларды қосу арқылы дайындалатын портландцементтің түрі. | |
Тарификация работы - отнесение видов труда к тарифным разрядам или квалификационным категориям в зависимости от сложности труда. | Жұмысты тарифтеу - еңбек күрделілігіне байланысты еңбек түрлерін тарифтік разрядтарға немесе біліктілік санаттарына жатқызу. | |
Тарифная сетка - шкала тарифных коэффициентов, отнесенных к 1-му разряду рабочего. | Тариф торы - жұмысшының 1-і разрядына жатқызылған тарифтік еселеуіштер шкаласы. | |
Тахеометр - геодезический прибор для измерения горизонтальных и вертикальных углов, длин, превышений измеряемых точек, горизонтальных положений, приращений координат при топографических съемках, а также в инженерной геодезии. | Тахеометр - топографиялық түсірулер кезінде горизонталь және вертикаль бұрыштарды, ұзындықтарды, өлшенетін нүктелердің биіктік айырымдарын, горизонталь орналасуын, координаталар өсімшесін өлшеуге арналған, сондай-ақ инженерлік геодезиядағы геодезиялық аспап. | |
Тахеометрическая съемка - способ определения положения точки на местности в плане и по высоте одним визированием трубой тахеометра на геодезическую рейку, установленную в определяемой точке (пикете). Тахеометрическая съемка, как один из видов топографической съемки, называется тахеометрией. | Тахеометриялық түсірім - анықталатын нүктеде (пикетте) орнатылған геодезиялық рейкаға тахеометр түтігімен бір рет сызу арқылы биіктігі бойынша және планда жер бетіндегі нүктенің орнын анықтау тәсілі. Тахеометриялық түсірім топографиялық түсірудің бір түрі ретінде тахеометрия деп аталады. | |
Твердая агрессивная среда - среда, агрессивное воздействие которой определяется составом и свойствами ее твердой фазы. | Қатты жеміргіш орта - жеміргіш әсері оның қатты фазасының құрамымен және қасиетімен анықталатын орта. | |
Твердение полимеров - процесс, при котором реакционноспособные олигомеры необратимо превращаются в твердые нерастворимые и неплавкие трехмерные полимеры. | Полимерлердің қатаюы - реакцияға түсуге қабілетті олигомерлер қатты ерімейтін және балқымайтын үш өлшемді полимерлерге айналатын қайтымсыз процесс. | |
Твердение цементного теста - процесс формирования прочной структуры цементного камня. | Цемент қамырының қатуы - цемент тасының берік құрылымының қалыптасу процесі. | |
Твердое покрытие - дорожное покрытие в составе дорожных одежд капитального, облегченного и переходного типов. | Қатты жабын - күрделі, жеңілдетілген және өтпелі типті жол төсеніштері құрамындағы жол жабыны. | |
Твердое тело - агрегатное состояние вещества, отличающееся стабильностью формы и характером теплового движения атомов, которые совершают малые колебания вокруг фиксированных положений равновесия. | Қатты дене - тепе-теңдіктің орнықты қалпы маңайында шағын тербелістер жасайтын атомдардың пішіні мен жылулық қозғалысы сипатының тұрақтылығымен ерекшеленетін заттың агрегаттық күйі. | |
Твердость - свойство материалов сопротивляться пластической деформации или хрупкому разрушению в поверхностном слое при местных контактных силовых воздействиях. | Қаттылық - материалдардың пластикалық деформацияға немесе жергілікті түйіскен күштер әсері кезіндегі морт бұзылуларға қарсы тұру қасиеті. | |
Твердые растворы - однородные кристаллические и аморфные вещества, состоящие из нескольких компонентов и сохраняющие однородность при изменении соотношений между компонентами в определенном интервале концентраций. | Қатты ерітінділер - бірнеше компоненттерден тұратын және концентрацияның белгілі бір аралығында компоненттер қатынасын өзгерту кезінде біртектілікті сақтайтын кристалл және аморфты біртекті заттар. | |
Твердые сплавы - износостойкие материалы с высокими твердостью, прочностью, режущими и другими свойствами, сохраняющимися при нагреве до высоких температур. | Қатты қорытпалар - жоғары температураға дейін қыздыру кезінде кесетін және басқа қасиеттері сақталатын, қаттылығы, беріктігі жоғары, тозуға төзімді материалдар. | |
Текстолит - слоистый пластик на основе ткани, пропитанной полимерным связующим, например, феноло- или крезоло-формальдегидной смолой. | Текстолит - полимерлі байланыстырғышпен, мысалы, фенол- немесе крезолоформальдегидті шайыр сіңірілген мата негізіндегі қатпарлы пластик. | |
Текстура - преимущественно ориентация кристаллических зерен (кристаллов) в поликристаллах или молекул в твердых аморфных телах (жидких кристаллах, полимерах), приводящая к анизотропии свойств материалов. | Текстура - материалдар қасиетінің анизотропиясына әкеп соқтыратын қатты аморфты денелердегі (сұйық кристалдарда, полимерлерде) молекулалардың немесе поликристалдардағы кристалл түйіршіктердің (кристалдардың) басты бағдары. | |
Текстура древесины - естественный рисунок древесины; зависит от направления разреза и породы дерева. | Ағаш текстурасы - ағаштың табиғи суреті; ол ағаш түріне және қима бағытына байланысты. | |
Тектонические дизъюнктивные нарушения — нарушения сплошности массива горных пород, выражающиеся в перемещении блоков пород относительно друг друга по плоскости разрыва сместителя. | Тектоникалық дизъюнктивтік бұзылулар - ығыстырғыштың үзілу беті бойынша жыныстар блогының бір-біріне қатысты орын ауыстыруы негізінде тау жыныстары массиві тұтастығының бұзылуы. | |
Текучесть - свойство сред пластически или вязко деформироваться под действием механических напряжений. Текучесть - величина, обратная вязкости. | Аққыштық - ортаның механикалық кернеу ықпалынан пластикалық немесе тұтқыр деформациялану қасиеті. Аққыштық - тұтқырлыққа кері шама. | |
Текущий ремонт здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) - ремонт, выполняемый для восстановления исправности или работоспособности здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения), частичного восстановления его ресурса с заменой или восстановлением составных частей ограниченной номенклатуры в объеме, установленном нормативной и технической документацией. | Ғимаратты (имаратты, жабдықты, коммуникацияларды, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы нысандарды) ағымдық жөндеу - ғимараттың (имараттың, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы нысандардың) жарамдылығын немесе жұмыс қабілетін қалпына келтіру, құраушы бөлшектердің шектеулі атаужүйесін нормативтік және техникалық құжаттамада белгіленген көлемде ауыстыру немесе қалпына келтіру арқылы оның ресурсын ішінара қалпына келтіру үшін орындалатын жөндеу. | |
Телевизионная башня - опора (обычно металлическая, железобетонная или комбинированная), на вершине которой устанавливаются антенны передающей телевизионной станции, а также антенны радиовещания, радиотелефонов и радиорелейной связи, иногда приборы для метеорологических наблюдений. | Теледидар мұнарасы - төбесінде хабар беретін теледидар станцияның антеннасы. сондай-ақ радиохабар, радиотелефондар және радиорелелік байланыс антенналары, кейде метеорологиялық бақылауға арналған аспаптар орнатылатын тірек (әдетте металл, темірбетон немесе құрама). | |
Телевизионный центр , телецентр - комплекс сооружений с техническим оборудованием для подготовки и передачи программ телевизионного вещания. | Теледидар орталығы, телеорталық - теледидар хабарлары бағдарламаларын дайындауға және беруге арналған техникалық жабдықтары бар имараттар кешені. | |
Телефонная сеть - комплекс технических сооружений и оборудования для осуществления телефонной связи, состоящий из телефонных узлов связей (телеф. станций, подстанций, концентраторов и др.), линий связи и телефонных аппаратов (абонентских установок). | Телефон желісі - байланыстың телефон тораптарынан (телефон станцияларынан, қосалқы телефон станцияларынан, шоғырландырғыштардан және т.б.), байланыс жолынан және телефон аппараттарынан (абоненттік қондырғылардан) тұратын телефон байланысын жүзеге асыруға арналған техникалық имараттар мен жабдықтар кешені. | |
Температура возгорания - самая низкая температура, при которой материалы могут возгораться от источника зажигания. | Жану температурасы - материалдың тұтандыру көзінен жанатын ең төменгі температурасы. | |
Температура самовозгорания - самая низкая температура, при которой материалы могут возгораться без источника зажигания. | Өзі жану температурасы - материалдың тұтандыру көзінсіз жануы мүмкін ең төменгі температура. | |
Температурные напряжения , термические напряжения - напряжения механические, возникающие в твердом теле, вследствие неравномерного распределения температуры в различных его частях или из-за ограничения возможности теплового расширения (или сжатия) со стороны окружающих частей тела или со стороны других тел, окружающих данное тело (напр., растягивающие напряжения в натянутом между неподвижными опорами проводе при его охлаждении). | Температуралық кернеулер, термиялық кернеулер - қатты дене бөліктерінде температураның біркелкі таралмауы немесе дененің қоршаушы бөліктері тарапынан немесе осы дене айналасындағы басқа денелер тарапынан (мысалы, тұрақты тіреулер арасында керілген сымның салқындауы кезінде созылу кернеуі) жылулық кеңею (немесе сығылу) мүмкіндігінің шектелуі салдарынан туындайтын механикалық кернеу. | |
Темплет - изделие, являющееся двухразмерным изображением предмета в виде упрощенной ортогональной проекции в установленном масштабе. В зависимости от материала различают: прозрачный темплет; непрозрачный темплет. | Темплет - белгіленген масштабтағы оңайлатылған ортогональдық проекция түріндегі заттың екі өлшемді кескіні болып табылатын бұйым. Материалға байланысты мөлдір темплет; мөлдір емес темплет болып бөлінеді. | |
Тендерная документация - комплект документов, содержащих исходную информацию о технических, коммерческих, организационных и иных характеристиках объектов строительства и предметов торгов, а также об условиях и процедуре торгов. | Тендерлік құжаттама - құрылыс нысандарының және саудаласу затының техникалық, коммерциялық, ұйымдастыру және өзге сипаттамалары туралы, сондай-ақ саудаласу шарттары мен рәсімдері туралы бастапқы ақпараттан тұратын құжаттар жиыны. | |
Тензодатчик - датчик, воспринимающий деформацию твердого тела, преобразующий ее в электрический сигнал и передающий для регистрации. | Тензодатчик - қатты дененің деформациясын қабылдайтын, оны электр сигналына айналдыратын және тіркеу үшін беретін датчик. | |
Тензометр - прибор, применяемый для исследования распределения деформаций в деталях машин, конструкций и сооружений, а также при механических испытаниях материалов. | Тензометр - машина бөлшектерінде, құралымдарда және имараттарда, сондай-ақ материалдарды механикалық сынау кезінде деформацияның таралуын зерттеу үшін қолданылатын аспап. | |
Теодолит - геодезический прибор для измерения на местности горизонтальных и вертикальных углов. | Теодолит - жер бетінде горизонталь және вертикаль бұрыштарды өлшеуге арналған геодезиялық аспап. | |
Теодолитная съемка - горизонтальная геодезическая съемка местности, выполняемая при помощи теодолита и мерной ленты (или дальномера). | Теодолиттік түсірім - теодолиттің және өлшеуіш таспаның (қашықтық өлшеуіштің) көмегімен орындалатын жер бетінің горизонталь геодезиялық түсірімі. | |
Тепловая изоляция - защита зданий, тепловых промышленных установок (или их отдельных частей), холодильных камер, трубопроводов и т.п. от нежелательного теплового обмена с окружающей средой. | Жылу оқшаулау - ғимараттарды, жылулық өнеркәсіптік қондырғыларды (немесе олардың жекелеген бөліктері), тоңазыту камераларын, құбырларды және т.с.с. қоршаған ортамен қажетсіз жылу алмасудан қорғау. | |
Тепловая сеть - система теплоизолированных трубопроводов (теплопроводов) централизованного теплоснабжения, по которым теплота переносится теплоносителем (горячей водой или паром) от источника к потребителям. | Жылу желісі - жылу жылу көзінен тұтынушыларға жылу тасымалдағыштармен (ыстық су немесе бу) тасымалданатын орталықтандырылған жылумен жабдықтаудың жылу оқшауланған құбырлар (жылу құбырлары) жүйесі. | |
Тепловая электростанция (ТЭС) - электростанция, вырабатывающая электрическую энергию в результате преобразования тепловой энергии, выделяющейся при сжигании органического топлива. | Жылу электростанциясы (ЖЭС) - органикалық отынды жағу кезінде бөлінетін жылу энергиясын түрлендіру нәтижесінде электр энергиясын өндіретін электр станциясы. | |
Тепловое движение - беспорядочное (хаотическое) движение микрочастиц (молекул, атомов, электронов и др.), из которых состоят все тела. | Жылулық қозғалыс - денелерді құрайтын микробөлшектердің (молекулалардың, атомдардың, электрондардың және т.б.) ретсіз (хаостық) қозғалысы. | |
Тепловое излучение - электромагнитное излучение, испускаемое веществом (телом) за счет его внутренней энергии; определяется термодинамической температурой и оптическими свойствами вещества. | Жылулық сәулелену - заттың (дененің) ішкі энергиясы есебінен шығарылатын электромагниттік сәулелену, ол заттың термодинамикалық температурасымен және оптикалық қасиеттерімен анықталады. | |
Тепловое напряжение поверхности нагрева - отношение теплового потока, проходящего сквозь тепловоспринимающую поверхность, к площади этой поверхности. | Қыздыру беттерінің жылулық кернеуі - жылу қабылдайтын бет арқылы өтетін жылу ағынының осы беттің ауданына қатынасы. | |
Тепловое равновесие , термическое равновесие - состояние термодинамической системы, при котором все ее части имеют одну и ту же температуру. Иногда под тепловое равновесие понимают равновесие термодинамическое. | Жылулық тепе-теңдік, термиялық тепе-теңдік - термодинамикалық жүйенің барлық бөліктерінде бірдей температура болатын күйі. Кейде жылулық тепе-теңдік термодинамикалық тепе-теңдік дегенді білдіреді. | |
Тепловое расширение - изменение размеров и формы тела при изменении его температуры (обычно при постоянном давлении). | Жылулық ұлғаю - дене температурасының өзгеруі кезінде (әдетте, тұрақты қысым кезінде) оның өлшемі мен пішінің өзгеруі. | |
Тепловой баланс - сопоставление прихода и расхода тепловой энергии при анализе тепловых процессов в различных тепловых устройствах (котлах, паровых и газовых турбинах, печах и пр.). | Жылу балансы - түрлі жылу құрылғыларында (қазандықтарда, бу және газ турбиналарында, пештерде және т.б.) жылу процестерін талдау кезінде жылу энергиясының кірісі мен шығысын салыстыру. | |
Тепловой пожарный извещатель - автоматический пожарный извещатель, реагирующий на определенное значение температуры и (или) скорости ее нарастания. | Жылулық өрт хабарлағыш - температураның және (немесе) оның жоғарылау жылдамдығының белгілі бір мәніне қатысты автоматты өрт хабарлағыш. | |
Тепловой поток - поток энергии, переносимый в процессе теплообмена. | Жылу ағыны - жылу алмасу процесінде тасымалданатын энергия ағыны. | |
Тепловыделение цемента - количество теплоты, выделяемое при гидратации цемента. | Цементтің жылу бөлуі - цементті гидратациялау кезінде бөлінетін жылу мөлшері. | |
Теплоемкость - величина, равная отношению количества теплоты δ Q, сообщаемого телу (системе) при бесконечно малом изменении его состояния в каком-либо процессе, к вызванному им приращению температуры Т тела: С = δ Q /d Т. | Жылу сыйымдылығы - қандай да бір процесте дене күйінің шексіз аз өзгеруі кезінде денеге (жүйеге) берілетін жылу мөлшерінің δ Q оның әсерінен туындайтын дене температурасы Т өсімшесіне қатынасына тең болатын шама: С = δ Q /d Т. | |
Теплозащитный пожарный костюм - пожарный защитный костюм от тепловых воздействий при подходе и кратковременном пребывании в очаге пожара. | Жылудан қорғайтын өртке арналған костюм - өрт ошағына жақындау және онда қысқа уақыт болу кезінде жылулық ықпалдан қорғайтын өртке арналған костюм. | |
Теплоизоляционные материалы - материалы, имеющие низкую теплопроводность. | Жылу оқшаулағыш материалдар - жылу өткізгіштігі төмен материалдар. | |
Теплоноситель - движущаяся жидкость или газообразная среда, применяемая для передачи теплоты от более нагретого тела к менее нагретому. | Жылу тасымалдағыш - барынша қызған денеден қалыпты қызған денеге жылудың берілуі үшін қолданылатын қозғалмалы сұйықтық немесе газтәріздес орта. | |
Теплообмен - самопроизвольный необратимый процесс переноса энергии (в форме теплоты) в пространстве от наиболее нагретых тел (или участков тела) к менее нагретым. | Жылу алмасу - кеңістікте барынша қызған денелерден (немесе дене бөліктерінен) қалыпты қызған денелерге энергия тасымалдануының (жылу түріндегі) өзінен-өзі пайда болатын қайтымсыз процесі. | |
Теплообменник - аппарат для передачи теплоты посредством теплоносителя от среды с более высокой температурой к среде с более низкой температурой (нагреваемое тело). | Жылу алмастырғыш - жоғары температуралы ортадан төмен температуралы ортаға (қыздырылатын денеге) жылу тасымалдағыш арқылы жылу беруге арналған аппарат. | |
Теплоотдача - конвективный теплообмен между движущейся средой и поверхностью ее раздела с другой средой (твердым телом, жидкостью или газом). | Жылу беру - қозғалмалы орта және оны басқа ортадан (қатты денеден, сұйықтықтан немесе газдан) бөлетін беті арасындағы конвективті жылу алмасу. | |
Теплопередача - теплообмен между двумя теплоносителями или иными средами через разделяющую их твердую стенку или через поверхность раздела между ними. | Жылу беріліс - екі жылу тасымалдағыш немесе өзге орталар арасында оларды бөлетін қатты қабырға немесе олардың арасындағы бөлетін бет арқылы жылу алмасу. | |
Теплопоглощающее стекло - стекло, содержащее оксид железа, благодаря чему обладает способностью поглощать тепловые (ИК) лучи. | Жылу сіңіретін шыны - құрамында темір тотығы бар шыны, соның нәтижесінде жылу (ИК) сәулелерін сіңіреді. | |
Теплопроводность - 1) перенос энергии в форме теплоты в неравномерно нагретой среде в результате теплового движения и взаимодействия составляющих ее частиц (см. Теплообмен); 2) величина, характеризующаяся теплопроводящие свойства материала и входящая в виде коэффициента пропорциональности в Законе Фурье (обозначается λ ). | Жылу өткізгіштік - 1) біркелкі қыздырылмаған ортада жылулық қозғалыс және оны құрайтын бөлшектердің өзара әсері нәтижесінде жылу түрінде энергия тасымалдануы (Жылу алмасуды қараңыз.); 2) материалдың жылу өткізу қасиетін сипаттайтын және Фурье Заңына пропорционалдық еселеуіші түрінде кіретін шама (λ белгіленеді). | |
Теплоснабжение - снабжение теплом с помощью теплоносителя (горячей воды или пара) систем отопления, вентиляции, горячего водоснабжения жилых, общественных и промышленных зданий и технологических потребителей. | Жылумен жабдықтау - тұрғын үй, қоғамдық, өнеркәсіптік ғимараттарды және технологиялық тұтынушыларды жылыту, желдету, ыстық сумен жабдықтау жүйелерін жылу тасымалдағышының (ыстық су немесе бу) көмегі арқылы жылумен қамтамасыз ету. | |
Теплота , количество теплоты - энергетическая характеристика процесса теплообмена, измеряемая количеством энергии, которое получает (отдает) рассматриваемое тело (физическая система) в процессе теплообмена. | Жылу, жылу мөлшері - жылу алмасу процесінде қарастырылатын дене (физикалық жүйе) алатын (беретін) энергия мөлшерімен өлшенетін жылу алмасу процесінің энергетикалық сипаттамасы. | |
Теплота фазового перехода - количество теплоты, которое необходимо сообщить (или отвести) в равновесном процессе веществу для его перехода из одной фазы в другую. | Фазалық өту жылуы - тепе-теңдік процесте заттың бір фазадан басқа фазаға өтуі үшін берілетін (немесе шығарылатын) жылу мөлшері. | |
Теплотехника - отрасль науки и техники, занимающаяся методами получения и непосредственного использования тепловой энергии в промышленности, сельском хозяйстве, на транспорте, в быту. | Жылу техникасы - жылу энергиясын алумен және оны өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында, көлікте, тұрмыста тікелей пайдалану әдістерімен айналысатын ғылым мен техника саласы. | |
Теплоустойчивость здания - способность здания сохранять в допустимых пределах постоянство температуры воздуха в помещениях при периодических колебаниях температуры наружного воздуха и теплового потока, проходящего через ограждающие конструкции. | Ғимараттың жылу тұрақтылығы - қоршау құралымдары арқылы өтетін жылу ағыны мен сыртқы ауа температураның өзгерістері кезінде ғимараттың бөлмелердегі ауа температурасының тұрақтылығын белгіленген шектеуде сақтау қабілеті. | |
Теплофильтр, теплозащитный фильтр - отдельное приспособление или составная часть оптической системы, предназначенное для поглощения или отвода (напр., с помощью зеркал с интерференционным покрытием) ИК (тепловых) лучей из светового потока, проходящего через эту систему. | Жылусүзгі, жылу сақтайтын сүзгі -оптикалық жүйенің осы жүйе арқылы өтетін жарық ағынынан ИК (жылу) сәулелерді сіңіруге немесе шағылыстыруға (мысалы, интерференциялық жабыны бар айналар көмегімен) арналған құрама бөлігі немесе жеке құрал. | |
Теплоэнергетика - отрасль теплотехники, занимающаяся преобразованием теплоты в другие виды энергии (механический, электрический). | Жылу энергетикасы - жылуды энергияның басқа түрлеріне (механикалық, электрлік) түрлендірумен айналысатын жылу техникасының саласы. | |
Теплый период года - период года, характеризующийся среднесуточной температурой наружного воздуха выше 8 о С. | Жылдың жылы кезеңі - орташа тәулік ауа температурасы 8 о С жоғары болатын жыл мезгілі. | |
Терминал - 1) площадка на территории порта, грузовой ж/д станции, предназначенная для обработки контейнеров и пакетированных грузов; 2) помещение в крупных аэропортах, где размещаются пассажиры во время досмотра, во время ожидания груза, дозаправки самолета и т.п. | Терминал - 1) порт, жүктерге арналған теміржол станциялары аумағындағы контейнерлерді және пакеттелген жүктерді өңдеуге арналған алаң; 2) ірі әуежайлардағы тексеру кезінде, жүктерін тосу, ұшаққа май құю кезінде және т.б. жағдайларда жолаушылар орналастырылатын бөлме. | |
Термограф - метеорологический прибор для автоматической записи изменений температуры. Чувствительным элементом термографа является биметаллическая пластина или сплющенная металлическая трубка, заполненная толуолом, способные деформироваться при изменении температуры воздуха. | Термограф - температура өзгерістерін автоматты түрде жазып алуға арналған метеорологиялық аспап. Ауа температурасы өзгергенде деформацияға ұшырайтын биметалл табақша немесе толуол толтырылған, майыстырылған металл түтікше термографтың сезімтал элементі болып табылады. | |
Термопласты, термопластичные пластмассы - пластические массы, способные размягчаться при нагревании и затвердевать при охлаждении. | Термопластар, термопластық пластмассалар - қыздыру кезінде жұмсаратын және салқындату кезінде қатаятын пластикалық масса. | |
Термостойкие волокна - синтетические волокна, пригодные для эксплуатации в воздушной среде при температурах, превышающих пределы термической стабильности обычных текстильных волокон. | Қызуға төзімді талшықтар - кәдімгі тоқыма талшықтардың термиялық тұрақтылық шектерінен жоғары температура кезінде ауа ортасында пайдалануға жарамды синтетикалық талшықтар. | |
Термостойкость , термическая стойкость - способность хрупких материалов (главным образом, огнеупорных) противостоять, не разрушаясь, термическим напряжениям. Обычно оценивается числом теплосмен (циклов нагрева и охлаждения), выдерживаемых образцом (изделием) до появления трещин или разрушения, либо (реже) температурным градиентом, при котором возникают трещины. | Қызуға төзімділік, термиялық төзімділік - морт сынғыш материалдардың (негізінен, отқа төзімді) бүлінбей термиялық ықпалға төзу қабілеті. Әдетте сызаттар пайда болғанға және бүлінгенге дейін үлгілер (бұйым) шыдайтын жылу ауысым санымен (қызу және салқындау циклдері), болмаса ( сирек жағдайда) сызаттар пайда болатын температуралық градиентпен бағаланады. | |
Термостойкость керамической плитки - способность плитки противостоять резким изменениям температуры при определенных условиях без появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка. | Қыш тақташалардың қызуға төзімділігі - тақташаның белгілі бір жағдайларда температураның кенеттен өзгеруіне зертасталған бетте ақау түспей және (немесе) қыштың бүлінбей төзу қабілеті. | |
Терраса - огражденная открытая пристройка (площадка) к зданию или эксплуатируемая кровля нижележащих помещений в виде площадки для отдыха, которая может иметь крышу (навес) или перголу. | Терраса - ғимаратқа жапсарластырып салынатын қоршалған ашық жапсаржай (алаң) немесе төмен орналасқан бөлмелердің демалуға арналған алаңша түріндегі, төбесі (қалқасы) немесе перголы бар пайдаланылатын жабыны. | |
Территориальная укрупненная норма расхода цемента - чистый расход и типовые трудноустранимые потери цемента, необходимые для выполнения укрупненных видов работ, технологических этапов и пусковых комплексов возведения зданий, сооружений или их частей, рассчитанные на единицу стоимости, единицу мощности, прироста мощности, на 1000 м2 приведенной площади зданий и другие показатели, рассчитанные по территориальным усредненным нормам расхода цемента и выраженные в натуральных или приведенных показателях, с учетом видов строительства, природно-климатических, экологических и других особенностей конкретного региона. | Цементтің аумақтық іріленген шығыс нормасы - жұмыстың іріленген түрлерін, технологиялық кезеңдерді және ғимараттарды, имараттарды немесе олардың бөліктерін салудың іске қосу кешендерін орындауға қажетті, келтірілген ғимараттың 1000 м2 алаңдарына және басқа көрсеткіштерінің құны бірлігіне, қуаты бірлігіне, қуатының өсуіне есептелген нақты аумақтағы құрылыс түрлерін, табиғаттық-климаттық, экологиялық және басқа да ерекшеліктерді ескере отырып, цемент шығысының нақты түрде немесе келтірілген көрсеткіштерде көрінетін аумақтық орташаландырылған нормасына есептелген цементтің типтік қиын жойылатын шығыны және таза шығысы. | |
Территориальная усредненная норма расхода цемента - чистый расход и типовые трудноустранимые потери цемента, необходимые для изготовления 1 м3 бетона конкретных бетонных (железобетонных) конструкций заданного качества, при усреднении технологий и показателей качества материалов по конкретному региону. | Цементтің аумақтық орташаландырылған шығыс нормасы - нақты аумақ бойынша материалдар көрсеткіштері мен технологияны орташаландыру кезінде берілген сападағы нақты бетон (темірбетон) құралымын 1 м3 дайындау үшін қажетті цементтің типтік қиын жойылатын шығыны және таза шығысы. | |
Территориальные строительные нормы - нормативный документ в области строительства, принятый на уровне одной территориальной единицы страны. | Аумақтық құрылыс нормалары - елдің бір аумақтық бірлігі деңгейінде қабылданған құрылыс саласындағы нормативтік құжат. | |
Территория малоэтажного жилищного строительства - часть селитебной территории поселения или поселение в целом. Предназначена для размещения малоэтажной жилой застройки, объектов социальной инфраструктуры, инженерных и транспортных коммуникаций. | Аз қабатты тұрғын үй құрылысының аумағы - елді мекеннің қоныстану аумағының бір бөлігі немесе тұтасымен елді мекен. Аз қабатты тұрғын үйлерді, әлеуметтік инфрақұрылым, инженерлік және көлік коммуникация нысандарын орналастыруға арналған. | |
Территория подрабатываемая - территория, на которой в результате проведения подземных горных работ могут возникать неравномерные оседания или смещения грунта в основании здания или сооружения. | Қазбалы аумақ - жерасты тау-кен жұмыстарын жүргізу нәтижесінде ғимараттың немесе имараттың негізінде топырақтың әркелкі шөгуі немесе ығысуы туындайтын аумақ. | |
Территория селитебная - часть территории города, предназначенная для строительства жилых домов, общественных зданий, размещения садов, парков, бульваров и др. | Қоныстану аумағы - қала аумағының тұрғын үйлер, қоғамдық ғимараттар салуға, бақтар, саябақтар, желекжолдар және т.б.орналастыруға арналған бөлігі. | |
Тесло - плотничный инструмент. В отличие от топора лезвие перпендикулярно к топорищу. Применяется для выдалбливания корыт, лотков и т.д. | Шот балта - ұсталық аспап. Балтаға қарағанда жүзі сабына перпендикуляр орналасады. Астау, науа жасауда қолданылады. | |
Техника - совокупность средств человеческой деятельности, создаваемая для осуществления процессов производства и обслуживания непроизводственных потребностей общества. | Техника - өндіріс процестерін жүзеге асыру және қоғамның өндірістік емес қажеттіліктерін қамтамасыз ету үшін жасалатын адам қызметі құралдарының жиынтығы. | |
Техника безопасности - с истема организационных мероприятий, технических средств и методов, предотвращающая воздействие на работающих опасных производственных факторов. | Қауіпсіздік техникасы - жұмыс істеушілерге қауіпті өндірістік факторлардың ықпалын болдырмайтын ұйымдастыру шаралары, техникалық құралдар мен әдістер жүйесі. | |
Техническая документация - комплект документов, включающий систему графических, расчетных и текстовых материалов, используемый при строительстве, реконструкции, техническом перевооружении и капитальном ремонте, а также в процессе эксплуатации зданий и сооружений. | Техникалық құжаттама - ғимараттар мен имараттарды салу, қайта жаңарту, техникалық қайта жарақтандыру және күрделі жөндеу кезінде, сондай-ақ оларды пайдалану процесінде пайдаланылатын кескіндемелік, есептік және мәтіндік материалдар жүйесінен тұратын құжаттар жиыны. | |
Техническая эстетика - научная дисциплина, изучающая социально-культурные, технические и эстетические проблемы формирования гармоничной предметной среды, создаваемой средствами промышленного производства для жизни и деятельности человека. | Техникалық эстетика - адамның өмірі мен қызметі үшін өнеркәсіптік өндіріс құралдарымен жасалатын үйлесімді заттық ортаны қалыптастырудың әлеуметтік-мәдени, техникалық және эстетикалық проблемаларын зерттейтін ғылыми пән. | |
Технические условия (Technical specification) - нормативный документ на конкретную продукцию (услугу), утвержденный предприятием-разработчиком, как правило, по согласованию с предприятием-заказчиком (потребителем) и устанавливающий требования к конкретной продукции, процессам, услугам или к нескольким видам продукции. Примечания: 1) в технических условиях должны быть указаны процедуры, с помощью которых можно установить, соблюдены ли данные требования; 2) технические условия могут быть стандартом (стандарт вида технических условий) или самостоятельным документом на конкретную продукцию. | Техникалық талаптар (Technical specification) - әзірлеуші-кәсіпорын тапсырыс беруші-кәсіпорынның (тұтынушының) келісімімен бекіткен нақты өнімге (қызмет түріне) арналған нормативтік құжат және ол нақты өнімге, процестерге, қызмет түрлеріне немесе өнімнің бірнеше түрлеріне қойылатын талаптарды белгілейді. Ескерту: 1) техникалық шарттарда осы талаптардың орындалғанын анықтауға болатын рәсімдер көрсетілуі тиіс; 2) техникалық шарттар нақты өнімге арналған стандарт (техникалық шарт түріндегі стандарт) немесе дербес құжат болуы мүмкін. | |
Технический надзор - контроль качества выполняемых подрядчиком строительных, ремонтных, монтажных и пусконаладочных работ на конкретном объекте и соответствия их проектным решениям. | Техникалық қадағалау - нақты нысанда мердігер орындайтын құрылыс, жөндеу, жинақтау және іске қосу жұмыстарының сапасына және олардың жобалық шешімдерге сәйкестігіне бақылау жасау. | |
Технический проект - совокупность конструкторских документов, которые должны содержать окончательные технические решения, дающие полное представление об устройстве разрабатываемого изделия, и исходные данные для разработки рабочей документации. Технический проект после согласования и утверждения в установленном порядке служит основанием для разработки рабочей конструкторской документации. | Техникалық жоба - жасалатын бұйымның құрылысы туралы толық мағлұмат беретін түпкілікті техникалық шешімдерден және жұмыс құжаттамасын әзірлеуге қажетті бастапқы деректерден тұратын конструкторлық құжаттар жиынтығы. Техникалық жоба белгіленген тәртіппен келісілгеннен және бекітілгеннен кейін конструкторлық жұмыс құжаттамасын әзірлеуге негіз болып табылады. | |
Технический регламент - регламент, который устанавливает характеристики продукции (услуги) или связанные с ней процессы и методы производства. Он может также включать требования к терминологии, символам, упаковыванию, маркированию и этикетированию, либо быть целиком посвящен этим вопросам. | Техникалық регламент - өнімнің (қызметтің) сипаттамаларын немесе онымен байланысты процестер мен өндіру әдістерін белгілейтін регламент. Ол терминологияға, символдарға, орамаға, таңбалауға және жапсырма белгілеуге қойылатын талаптардан тұруы, болмаса осы мәселелерді толықтай қамтуы мүмкін. | |
Техническое обслуживание здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилишно-коммунального назначения) - 1) комплекс операций или операция по поддержанию работоспособности или исправности объекта (здания, сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) при использовании по назначению, ожидании, хранении и транспортировании; 2) комплекс работ по поддержанию исправного состояния элементов здания и заданных параметров, а также режимов работы его технических устройств. | Ғимаратқа (имаратқа, жабдыққа, коммуникацияларға, тұрғын үй-коммуналдық мақсаттағы нысандарға) техникалық қызмет көрсету - 1) нысанды (ғимаратты, имаратты, жабдықты, коммуникацияны, тұрғын үй-коммунальдық мақсаттағы нысандарды) мақсатына қарай қолдану, күту, сақтау және тасымалдау кезінде олардың жарамдылығын және жұмыс қабілетін сақтау жөніндегі операциялар немесе операциялар кешені; 2) ғимарат элементтерінің жарамдылық жағдайын және берілген параметрлерін, сондай-ақ оның техникалық құрылғыларының жұмыс режимдерін сақтау бойынша жұмыстар кешені. | |
Техническое предложение - совокупность конструкторских документов, которые должны содержать технические и технико-экономические обоснования целесообразности разработки документации изделия на основании анализа технического задания заказчика и различных вариантов возможных решений изделий, сравнительной оценки решений с учетом конструктивных и эксплуатационных особенностей разрабатываемого и существующих изделий и патентные исследования. | Техникалық ұсыныс - тапсырыс берушінің техникалық тапсырмасын және бұйымның ықтимал шешімдерінің түрлі нұсқаларын талдау, әзірленетін және қолданыстағы бұйымның құралымдық және пайдалану ерекшеліктерін есепке алу арқылы шешімдерді және патенттік зерттеулерді салыстырмалы бағалау негізінде бұйым құжаттамасын әзірлеу тиімділігінің техникалық және техника-экономикалық негіздемелерінен тұратын құралымдық құжаттар жиынтығы. | |
Техногенная опасность - состояние, внутренне присущее технической системе, промышленному или транспортному объекту, реализуемое в виде поражающих воздействий источника техногенной чрезвычайной ситуации на человека и окружающую среду при его возникновении, либо в виде прямого или косвенного ущерба для человека и окружающей среды в процессе нормальной эксплуатации этих объектов. | Техногендік қауіптілік - техникалық жүйенің, өнеркәсіптік немесе көлік нысанының ішкі жағдайы, ол техногендік төтенше жағдай туындағанда адамға және қоршаған ортаға зиян келтіреді, немесе осы нысандарды қалыпты жағдайда пайдалану барысында адам өміріне және қоршаған ортаға тікелей немесе жанама зиян келтіреді. | |
Техногенная чрезвычайная ситуация (техногенная ЧС) - состояние, при котором в результате возникновения источника техногенной чрезвычайной ситуации на объекте, определенной территории или акватории нарушаются нормальные условия жизни и деятельности людей, возникает угроза их жизни и здоровью, наносится ущерб имуществу населения, народному хозяйству и окружающей природной среде. Примечание: различают техногенные чрезвычайные ситуации по месту их возникновения и по характеру основных поражающих факторов источника чрезвычайной ситуации. | Техногендік төтенше жағдай (техногендік ТЖ) - техногендік төтенше жағдай көзінің пайда болуы салдарынан нысанда, белгілі бір аумақта немесе су аймағында адамдардың өмірі мен қызметінің қалыпты жағдайлары бұзылады, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, халықтың мүлкіне, халық шаруашылығына және қоршаған табиғи ортаға зиян келтіріледі. Ескерту: техногендік төтенше жағдайлар пайда болуына қарай және төтенше жағдай көздерінің негізгі зақымдаушы факторларының сипаты бойынша ажыратылады. | |
Техногенный фон излучения - естественный фон излучения, измененный в результате деятельности людей. | Сәулеленудің техногендік аясы - адам қызметі нәтижесінде өзгерген табиғи сәулелену аясы. | |
Технологические трубопроводы - 1) трубопроводы, предназначенные для транспортирования различных веществ, необходимых для ведения технологического процесса или эксплуатации оборудования; 2) трубопроводы, предназначенные для транспортировки в пределах промышленного предприятия или группы этих предприятий сырья, полуфабрикатов, готового продукта, вспомогательных материалов, обеспечивающих ведение технологического процесса и эксплуатацию оборудования (пар, вода, воздух, газы, хладагенты, мазут, смазки, эмульсии и т.п.), отходов производства при агрессивных стоках, а также трубопроводы оборотного водоснабжения. | Технологиялық құбырлар - 1) технологиялық процесті жүргізуге немесе жабдықты пайдалануға қажетті түрлі заттарды тасымалдауға арналған құбырлар; 2) өнеркәсіптік кәсіпорын немесе осындай кәсіпорындар тобы шегінде шикізатты, жартылай фабрикатты, дайын өнімді, технологиялық процесті жүргізуді және жабдықты (буды, суды, ауаны, газды, хладагентті, мазутты, жақпаны, эмульсияны және т.с.с.) пайдалануды қамтамасыз ететін қосалқы материалдарды, агрессивті ағындар кезіндегі өндіріс қалдықтарын тасымалдауға арналған құбырлар, сондай-ақ айналмалы сумен жабдықтау құбырлары. | |
Технологический процесс - часть производственного процесса, совокупность операций, направленная на изменение формы и размеров деталей, их свойств, внешнего вида, а также соединение (сборка) отдельных деталей и узлов в готовое изделие, соответствующее чертежу и техническим условиям. | Технологиялық процесс - өндірістік процестің бір бөлігі, бөлшектердің пішіні мен өлшемдерін, олардың қасиеттерін, сыртқы түрін өзгертуге, сондай-ақ жекелеген бөлшектер мен тораптарды сызбаға және техникалық шарттарға сәйкес келетін дайын өнім түрінде біріктіруге (жинауға) бағытталған операциялар жиынтығы. | |
Технологический способ световой маскировки заключается в проведении мероприятий, в результате которых световое излучение не возникает или снижается до уровней, позволяющих световую маскировку осуществлять механическим способом. | Жарық жасырудың технологиялық тәсілі - жарық сәулелерін болдырмауға немесе жарық жасыруды механикалық тәсілмен жүзеге асыруға мүмкіндік беретін деңгейге дейін төмендетуге бағытталған іс-шаралар. | |
Технология - 1) совокупность приемов и способов переработки сырья, изготовления продукции, переработки материалов, полуфабрикатов и т.п., осуществляемых в различных отраслях производства; 2) наука о способах воздействия на сырье, материалы и полуфабрикаты соответствующими орудиями производства, разрабатывающая приемы и способы на основе достижений науки и техники. | Технология - 1) өндірістің әр түрлі салаларында жүзеге асырылатын шикізатты өңдеу, өнім өндіру, материалдарды, жартылай дайын өнімдерді және т.с.с. өңдеу әдістері мен амалдарының жиынтығы; 2) ғылым мен техника жетістіктерінің нәтижесінде шикізатқа, материалдар мен жартылай дайын өнімдерге тиісті өндіріс құралдарымен әсер ету тәсілдері мен амалдары жөніндегі ғылым. | |
Технология строительного производства - совокупность процессов по изготовлению изделий и конструкций и превращению их в готовую строительную продукцию (здания и сооружения) на основе развития и повышения уровня индустриализации строительства. | Құрылыс өндірісінің технологиясы - бұйымдар мен құралымдарды жасау және оларды құрылысты индустриализациялау деңгейін жоғарылату және дамыту негізінде дайын құрылыс өніміне (ғимаратқа және имаратқа) айналдыру жөніндегі процестер жиынтығы. | |
Тиксотропия - обратимое изменение вязкости, предела прочности (текучести), деформационных характеристик полимерных и дисперсных систем при механическом воздействии на них в изотермических условиях. | Тиксотропия - изотермиялық жағдайларда полимерлік және дисперстік жүйелерге механикалық ықпал ету кезінде олардың тұтқырлығының, беріктік (аққыштық) шегінің, деформациялық сипаттамаларының қайтымды өзгерісі. | |
Тип мобильности мобильного (инвентарного) здания или сооружения - классификационная категория мобильных (инвентарных) зданий или сооружений по признаку конструктивного решения, характеризуемого продолжительностью перехода их от передислокации к эксплуатации. | Жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттың немесе имараттың жеделәрекеттілік типі - жеделәрекетті (жабдықтық) ғимараттардың немесе имараттардың қайта көшіруден пайдалануға ұзақ уақыт өтуімен сипатталатын құралымдық шешім белгісі бойынша жіктемелік санаты. | |
Типизация - 1) метод унификации, состоящий в разработке типовых чертежей, проектов (решений) на основе общих для ряда изделий, конструкций, сооружений, процессов или работ технических характеристик; | Типтеу- 1)бұйымдардың, құралымдардың, имараттардың немесе жұмыстардың бірқатарын ортақ техникалық сипаттамалар негізінде типтік сызбалар, жобалар (шешімдер) жасаудан тұратын бірыңғайлауQwerty әдісі; | |
2)техническое направление в проектировании и строительстве, позволяющее многократно осуществлять строительство предприятий, зданий и сооружений, изготовление конструкций на основе специально разработанных проектов с применением унифицированных объемно-планировочных и конструктивных решений и с учетом прогрессивных технических и экономических показателей. | 2) кәсіпорындарды, ғимараттар мен имараттарды бірнеше қайтара салуға, бірыңғайландыратын көлемдік-жайғастыру және құралымдық шешімдерді қолдану арқылы арнайы әзірленген жобалар негізінде және прогрессивті техникалық және экономикалық көрсеткіштерді ескере отырып, құрылымдарды бірнеше қайтара жасауға мүмкіндік беретін жобалау мен құрылыс саласындағы техникалық бағыт. | |
Типовые строительные конструкции, изделия, узлы - соответственно строительные конструкции, изделия, узлы, отобранные из числа им подобных или специально разработанные для многократного повторения в строительстве, имеющие, как правило, лучшие по сравнению с аналогами технико-экономические показатели и качественные характеристики. Обязательным условием отнесения строительных конструкций, изделий, узлов к типовым является наличие утвержденной в установленном порядке типовой проектной документации, обеспечивающей изготовление и применение в строительстве данных конструкций, изделий, узлов. | Типтік құрылыс құралымдары, бұйымдары, тораптары - өздеріне ұқсас заттар арасынан таңдап алынған немесе құрылыста бірнеше есе қайталау үшін арнайы әзірленген, әдетте аналогтарымен салыстырғанда техника-экономикалық көрсеткіштері және сапалық сипаттамалары жоғары болатын тиісті құрылыс құралымдары, бұйымдары, тораптары. Осы құралымдардың, бұйымдардың, тораптардың жасалуын және құрылыста қолданылуын қамтамасыз ететін белгіленген тәртіппен бекітілген типтік жобалық құжаттаманың болуы типтік құрылыс құралымдарына, бұйымдарына, тораптарына жатқызудың міндеті шарты болып табылады. | |
Типоразмерный ряд изделий (серия изделий) - 1) ряд ограждающих конструкций, характеризующихся единым конструктивным решением и отличающихся размерами, архитектурным рисунком, а также относительной площадью и вариантами остекления; 2) ряд изделий с единым конструктивным решением, отличающихся между собой размерами элементов, архитектурным рисунком, а также относительной площадью и вариантами остекления. | Бұйымдардың типті-өлшемдік қатары (бұйымдар сериясы) - 1) бірдей құралымдық шешіммен сипатталатын және өлшемдермен, сәулет суреттерімен, сондай-ақ салыстырмалы ауданымен және шынылану нұсқаларымен ерекшеленетін қоршаушы құралымдар қатары; 2) өзара элементтер өлшемдерімен, сәулет суреттерімен, сондай-ақ салыстырмалы ауданымен және шынылану нұсқаларымен ерешеленетін, бірыңғай құралымдық шешімге негізделген бұйымдар қатары. | |
Тление - горение без свечения, обычно опознаваемое по появлению дыма. | Бықсу - әдетте түтіннің пайда болуымен анықталатын жарқырамай бықсып жану. | |
Ток замыкания на землю - ток, проходящий через место замыкания на землю. | Жердегі тұйықтау тогы - тұйықталған жері арқылы жерге өтетін ток. | |
Толщина линии шрифта - толщина, определяемая в зависимости от типа и высоты шрифта. | Қаріп сызығының қалыңдығы - қаріптің типіне және биіктігіне байланысты анықталатын қалыңдығы | |
Толщина непрозрачной части оконного блока - средняя толщина комбинации (системы) брусков створок и коробок по сечению оконного блока. | Терезе блогының мөлдір емес бөлігінің қалыңдығы - терезе блогының қимасы бойынша жиектер және қаптама ағаштары комбинацияларының (жүйелерінің) орташа қалыңдығы. | |
Толь - рулонный материал, получаемый обработкой кровельного картона дегтевыми продуктами. | Толь - жабындық қатты қағазды қарамай өнімдермен өңдеу нәтижесінде алынатын орамадағы материал. | |
Тонкостенные конструкции - строительные конструкции, у которых один размер (толщина) значительно меньше двух других. | Жұқа қабырғалы құралымдар - бір өлшемі (қалыңдығы) басқа екі өлшемінен едәуір кіші құрылыс құралымдары. | |
Тонкостенные стержни в сопротивлении материалов и теории упругости - элементы конструкций и сооружений цилиндрической и призматической формы, у которых все три измерения (толщина, наибольший размер поперечного сечения и длина) выражаются значениями величин различных порядков. | Жұқа қабырғалы шыбықтар (материалдар кедергісі мен серпімділік теориясында) - үш өлшемінің барлығы (қалыңдығы, көлденең қимасының ең үлкен өлшемі және ұзындығы) әр түрлі дәрежелі өлшемдермен көрінетін құралымдар мен құрылыстардың цилиндр және призма тәрізді бөлшектері. | |
Тонкость помола цемента - характеристика дисперности цемента, которая может быть выражена массовой долей остатка (проходка) на одном или нескольких контрольных ситах или величиной удельной поверхности. | Цементті ұсақтау жұқалығы - бір немесе бірнеше бақылау сүзгілерінде қалған (өткен) бөліктің массалық үлесімен немесе меншікті бет шамасымен көрсетілетін цементтің майдаланғыштық сипаттамасы. | |
Тоннель - сквозной коридор под землей для прокладки железнодорожных, автомобильных или пешеходных путей, коммуникаций. | Тоннель - теміржол, автокөлік немесе жаяу жолдар, қатынастар салуға арналған жерасты өтпелі дәлізі. | |
Тоннельный эскалатор - эскалатор, предназначенный для установки в тоннелях (галереях). | Тоннельдік эскалатор - тоннельдерде (галереяларда) орнатуға арналған эскалатор. | |
Топка - устройство для сжигания органического топлива с целью получения высоконагретых дымовых газов, теплота которых либо преобразуется в каких-либо установках в электрическую или механическую энергию, либо используется для технологических и других целей; составная часть котла или печи. | Оттық - қатты қыздырылған түтінді газдарды алу мақсатында органикалық отынды жағуға арналған құрылғы, олардың жылуы қандай да бір қондырғыларда электр немесе механикалық энергияға түрлендіріледі, болмаса технологиялық немесе басқа мақсаттар үшін қолданылады. | |
Топливно-энергетический комплекс (ТЭК), общеэнергетическая система - совокупность энергетических ресурсов всех видов, предприятий по их добыче и производству, транспортированию, преобразованию, распределению и использованию, обеспечивающих снабжение потребителей различными видами энергии (электрической, тепловой, механической). | Отын-энергетикалық кешен (ОЭК), жалпы энергетикалық жүйе - энергетикалық ресурстардың барлық түрлерінің, оларды өндіру және шығару, тасымалдау, түрлендіру, тарату және пайдалану жөніндегі, тұтынушыларды энергия түрлерімен (электр, жылу, механикалық) қамтамасыз ететін кәсіпорындардың жиынтығы. | |
Топливо - горючие вещества, выделяющие при сжигании значительное количество теплоты, которая используется непосредственно в технологических процессах и для обогрева или преобразуется в другие виды энергии. | Отын - жану кезінде біршама мөлшерде жылу бөлетін жанғыш заттар, бөлінген жылу тікелей технологиялық процестерде және жылыту үшін немесе энергияның басқа түріне айналдыру үшін пайдаланылады. | |
Топографическая съемка - комплекс работ, выполняемых с целью получения съемочного оригинала топографической карты или плана, а также получение топографической информации в другой форме. | Топографиялық түсірілім - топографиялық картаның немесе жоспардың түсірілімдік түпнұсқасын алу мақсатында орындалатын жұмыстар кешені, сондай-ақ басқа нысандағы топографиялық ақпарат алу. | |
Топочный агрегат - установка для сжигания топлива (керосина или смеси с моторным топливом), для нагрева воздуха и подачи его в сушилки для сушки зерна, льновороха сена и других сельскохозяйственных материалов, для отопления и вентиляции парников, животноводческих и других производственных помещений. | Оттық агрегат - отынды (керосинді немесе мотор отыны бар қоспаны) жағуға арналған, ауаны қыздыруға және астықты, шөптің зығыр үйіндісін және басқа ауылшаруашылық материалдарын кептіру үшін оны кептіргішке беруге, парниктерді, мал шаруашылығы және басқа өндірістік бөлмелерді жылытуға және желдетуге арналған қондырғы. | |
Торкретбетон - бетон, получаемый набрызгиванием (торкретированием) бетонной смеси на поверхность конструкции или в форму при помощи сжатого воздуха. | Торкретбетон - бетон қоспасын құрылманың бетіне немесе қалыпқа сығылған ауаның көмегі арқылы шашу (торкеттеу) жолымен алынатын бетон. | |
Торкретирование - вид бетонных работ, заключающийся в нанесении на поверхность или в форму бетонной смеси, подаваемой сжатым воздухом через сопло, к которому подводят раздельно вяжущее вещество, заполнитель и воду. | Торкеттеу - тұтқыш зат, толтырғыш және су бөлек әкелініп, сығылған ауаның көмегімен сопло арқылы берілетін бетон қоспасын бетке немесе қалыпқа шашудан тұратын бетон жұмыстарының түрі. | |
Торф - горючее полезное ископаемое группы каустобиолитов, образующееся в процессе неполного разложения болотных растений в условиях избыточного увлажнения и недостаточного доступа воздуха. | Шымтезек - шекті ылғалдылық және ауа жеткіліксіз болған жағдайларда батпақты өсімдіктердің жартылай ыдырауы процесінде түзілетін каустобиолиттер тобындағы жанғыш пайдалы қазба. | |
Точение, токарная обработка - процесс обработки резанием при помощи резцов наружных (обтачивание), внутренних (растачивание) и торцовых (торцевание) поверхностей тел вращения (цилиндрических, конических и фасонных), а также образование (или обработка) спиральных и винтовых поверхностей. | Қайрау, токарьлық өңдеу - айналу денелерінің (цилиндр, конус тәрізді және фасондық) сыртқы (тегістеу), ішкі (жұқарту) және шеткі беттерін (қырлау) кескіштер көмегімен кесу арқылы өңдеу процесі, сондай-ақ спираль және бұрандалы беттерді жасау (немесе өңдеу). | |
Точка нулевых работ - точка, в которой проектная и фактическая отметки равны. | Нөлдік жұмыстар нүктесі - жобалық және нақты белгілер тең болатын нүкте. | |
Точность - степень приближения истинного значения рассматриваемого параметра процесса (вещества, предмета и т.д.) к его теоретическому номинальному значению. Различают точность обработки, точность механизма, системы, точность измерения или измерительных средств, точность графических построений и т.д.; 1) точность обработки - степень приближения формы, размеров и положения обработанной поверхности детали к требованиям чертежа и технических условий. Определяется квалитетом, назначаемым на основании графиков и таблиц, составленных для определенных групп обрабатываемых станков; 2) точность измерений - характеристика качества измерений, отражающая близость к нулю погрешностей их результатов; 3) точность меры и измерительного прибора - степень близости значений меры или показания прибора к истинному значению величины, воспроизводимой мерой или измеряемой прибором в соответствии с установленным для данного средства измерения классом точности; 4) точность механизмов - степень приближения зависимостей, существующих между движениями звеньев механизма, к проектным (расчетным). | Дәлдік - процестің (заттың, нәрсенің және т.б.) қарастырылып отырған параметрінің нақты мәнінің оның теориялық номиналдық мәніне жуықтау дәрежесі. Өңдеу дәлдігі, тетік, жүйе дәлдігі, өлшеу немесе өлшеу құралдары дәлдігі, кескіндемелік құрылымының және т.б. дәлдігі болып ажыратылады; 1) өңдеу дәлдігі - бөлшектің өңдел- ген беті пішінінің, өлшемдерінің және орналасу қалпының сызба және техникалық шарттар талаптарына жуықтау дәрежесі. Өңдеуші станоктардың белгілі бір топтары үшін құрастырылған кескіндемелер мен кестелер негізінде белгіленетін квалитетпен анықталады; 2) өлшеу дәлдігі - өлшеу нәтижелері қателіктерінің нөлге жақындығын көрсететін өлшеу сапасының сипаттамасы; 3) өлшем және өлшеу аспабының дәлдігі - өлшем немесе аспап көрсетілімі мәндерінің өлшеу арқылы немесе осы өлшеу құралы үшін белгіленген дәлдік класына сәйкес аспаппен өлшенген шаманың нақты мәніне жақындау дәрежесі; 4) тетіктер дәлдігі - тетік тізбектері қозғалысы арасындағы тәуелділіктердің жобалық (есептік) көрсеткіштерге жуықтау дәрежесі. | |
Траверс в гидротехнике - поперечная дамба, соединяющая продольную направляющую дамбу с берегом. | Гидротехникадағы траверс - бойлық бағыттаушы бөгетшені жағалаумен қосатын көлденең бөгетше. | |
Траверса - 1) элемент конструкций, располагаемый в поперечном направлении по отношению к основной конструкции и опирающийся на вертикальные элементы; 2) грузозахватное устройство в виде балок или треугольных ферм с подвешенными стропами. | Траверса - 1) негізгі құралымға қатысты көлденең бағытта орналастырылатын және вертикаль элементтерге тірелетін құралым элементі; 2) арқалық немесе аспалы арқаны бар үшбұрышты фермалар түріндегі жүкті көтеруге арналған құрылғы. | |
Траверса колонны - конструктивный элемент в опорной части стальной колонны в виде вертикальных стальных листов, предназначенных для равномерной передачи нагрузки на опорную плиту. | Баған траверсасы - болат бағанның тірек бөлігіндегі тіреуіш тақташаға жүктеменің біркелкі берілуіне арналған вертикаль болат табақшалар түріндегі құралымдық элемент. | |
Трамбующая машина - строительная машина для уплотнения грунтов при возведении земляных насыпей, строительстве дамб, дорог, аэродромов и т.п. | Нығыздаушы машина - жер үйінділерін жасаған кезде, бөгеттер, жолдар, аэродромдар салу кезінде топырақты нығыздау үшін қолданылатын машина. | |
Транспорт - в общем смысле перемещение людей и грузов; одна из важнейших отраслей материального производства. | Көлік - жалпы мағынада адамдар мен жүктерді тасымалдау; материалдық өндірістің маңызды салаларының бірі. | |
Транспортная развязка - комплекс сооружений в месте пересечения дорог двух или нескольких направлений для поворота транспорта с одного направления на другое. | Көлік торабы - екі немесе бірнеше бағыттағы жолдардың қиылысқан жерінде көліктің бір бағыттан басқа бір бағытқа бұрылуына арналған имараттардың кешені. | |
Транспорт промышленный - совокупность транспортных средств (сооружений, устройств, подвижного состава, механизмов, оборудования), предназначенных для перемещения грузов внутри промышленных предприятий и промышленных узлов, а также осуществляющих транспортную связь до стыка с транспортом общего пользования. | Өнеркәсіптік көлік - өнеркәсіптік кәсіпорындар және өнеркәсіп тораптары ішінде жүк тасымалдауға арналған, сондай-ақ жалпы пайдаланылатын көлікпен жікке дейін көлік байланысын жүзеге асыратын көлік құралдарының (имараттар, құрылғылар, жылжымалы құрам, тетіктер, жабдықтар) жиынтығы. | |
Транспортная авария - авария на транспорте, повлекшая за собой гибель людей, причинение пострадавшим тяжелых телесных повреждений, уничтожение и повреждение транспортных сооружений и средств или ущерб окружающей природной среде. Примечание: транспортные аварии разделяют по видам транспорта, на котором они произошли и (или) по поражающим факторам опасных грузов. | Көлік апаты - адамдардың өліміне, олардың ауыр дене жарақаттарын алуына, көлік имараттарының және құралдарының бүлінуіне және істен шығуына әкеп соқтыратын немесе қоршаған табиғи ортаға зиян келтіретін көлік апаты. Ескерту: көлік апаттары апат болған көлік түрлері бойынша және (немесе) қауіпті жүктердің зақымдаушы факторлары бойынша жіктеледі. | |
Траншейный экскаватор - машина для рытья траншей под кабели связи, газо-, нефтепроводы, трубопроводы канализации и т.п. | Орқазғыш экскаватор - байланыс кабельдеріне, газ, мұнай, канализация құбырларына арналған орларды қазуға арналған машина. | |
Траншея - 1) узкая канава для укладки кабелей, трубопроводов, отвода воды и т.п.; 2) открытая горная выработка трапециевидного сечения. | Ор - 1) кабельдерді, құбырларды төсеуге, суды бұрып әкетуге және т.с.с. арналған жіңішке арық; 2) қимасы трапеция тәрізді ашық тау қазбасы. | |
Трасса - положение оси линейного сооружения (дороги, трубопровода, ЛЭП и т.п.), отвечающее ее проектному положению на местности и определяемое двумя проекциями: горизонтальной (планом) и вертикальной (продольным профилем). | Трасса - сызықтық ғимарат (жол, құбыр, ЛЭП және т.с.с) осьінің жер бетіндегі жобалық орнына сәйкес орналасу жағдайы, ол горизонталь (план) және вертикаль (көлденең кескін) проекциялармен анықталады. | |
Трасса лестничного полотна (поручня) эскалатора - совокупность направляющих, контрнаправляющих основных и вспомогательных бегунков лестничного полотна(поручня), обеспечивающая перемещение лестничного полотна (поручня) по заданной траектории. | Эскалатордың баспалдақ тақтасының (тұтқасының) трассасы - баспалдақ тақтасына (тұтқасына) берілген траектория бойынша қозғалуын қамтамасыз ететін, баспалдақ тақтасының (тұтқасының) негізі және көмекші жүгіртпелерінің бағыттағыштары мен қайта бағыттағыштарының жиынтығы. | |
Трассирование (геодезическое трассирование) - комплекс геодезических работ по проложению трассы. | Трассалау (геодезиялық трассалау) - трасса салу жөніндегі геодезиялық жұмыстар кешені. | |
Трассирование линейных сооружений - комплекс проектно-изыскательских работ, выполняемых для выбора оптимального положения линейного сооружения на местности. | Сызықтық имараттарды трассалау - жер бетінде сызықтық имараттың қолайлы орнын таңдап алу үшін орындалатын жобалау-іздестіру жұмыстарының кешені. | |
Требование пожарной безопасности - специальное условие или правило организационного и (или) технического характера, установленное в целях обеспечения пожарной безопасности специально уполномоченным государственным органом РК в действующем законодательстве или нормативно-технических документах. | Өрт қауіпсіздігі талабы - қолданыстағы заңнамада немесе нормативтік-техникалық құжаттарда ҚР өкілетті мемлекеттік органы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында арнайы белгіленген ұйымдастырушылық және (немесе) техникалық сипаттағы ереже немесе арнайы шарт. | |
Требования безопасности - обязательные требования, установленные в законодательных актах или в стандартах, которые направлены на обеспечение жизни, здоровья потребителей, охраны окружающей среды, предотвращение причинения вреда имуществу потребителей. | Қауіпсіздік талаптары - заң актілерінде немесе стандарттарда белгіленген міндетті талаптар, олар тұтынушылардың өмірін, денсаулығын қамтамасыз етуге, қоршаған ортаны қорғауға, тұтынушылардың мүлкіне зиян келтірмеуге бағытталған. | |
Требования безопасности труда - требования, установленные законодательными актами, нормативно-техническими и проектными документами, правилами и инструкциями охраны труда, выполнение которых обеспечивает безопасные условия труда и регламентирует поведение работающих. | Еңбек қауіпсіздігі талаптары - еңбекті қорғау жөніндегі заң актілерінде, нормативтік-техникалық және жобалық құжаттарда, ережелермен нұсқаулықтарда белгіленген тәртіптер, оларды орындау еңбектің қауіпсіз жағдайларын қамтамасыз етеді және жұмысшылардың тәртібін реттейді. | |
Требования пожарной безопасности - специальные условия социального и (или) технического характера, установленные в целях обеспечения пожарной безопасности законодательством РК, нормативными документами или уполномоченным государственным органом. | Өрт қауіпсіздігі талаптары - өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында ҚР заңдарымен, нормативтік құжаттарымен немесе өкілетті мемлекеттік орган белгілеген әлеуметтік және (немесе) техникалық сипаттағы арнайы талаптар. | |
Требования экологические - комплекс ограничений по природопользованию и условий по сохранению окружающей среды в процессе хозяйственной и иной деятельности. | Экологиялық талаптар - шаруашылық және өзге қызмет процесінде қоршаған ортаны қорғау жөніндегі шарттар және табиғатты пайдалану бойынша шектеулер кешені. | |
Требуемая плотность бетона - максимально допустимое значение фактической плотности бетона в партии, устанавливаемое лабораториями предприятий и строек в соответствии с достигнутой ее однородностью. | Бетонның қажетті тығыздығы - топтағы бетонның нақты тығыздығының ең үлкен рұқсат етілген мәні, оны кәсіпорындар және құрылыс лабораториялары оның қол жеткізілген біртектілігіне сәйкес белгілейді. | |
Требуемая прочность бетона - минимально допустимое значение фактической прочности бетона в партии, устанавливаемое лабораториями предприятий и строек в соответствии с достигнутой ее однородностью. | Бетонның қажетті беріктігі - топтағы бетонның нақты беріктігінің ең кіші рұқсат етілген мәні, оны кәсіпорындар және құрылыс лабораториялары оның қол жеткізілген біртектілігіне сәйкес белгілейді. | |
Трелевка - транспортировка срубленных деревьев, хлыстов и сортиментов от места валки до лесопогрузочного пункта или лесовозной дороги. В зависимости от применяемого на тракторе сменного рабочего оборудования и способа сбора и размещения груза различают трелевку бесчокерную и чокерную (с применением специальных тросов с крюком на одном конце и кольцом на другом, называемых чокерами). | Трелевка - кесілген ағаштарды, бұтақтарды және сортименттерді дайындау орнынан ағаш тиеу пунктіне немесе ағаш тасымалдау жолына дейін тасымалдау. Тракторда қолданылатын ауыстырмалы жұмыс жабдығына және жүкті жинау және орналастыру тәсіліне байланысты чокерсіз және чокерлі трелевка (бір ұшында ілгіші және екінші ұшында сақинасы бар чокер деп аталатын арнайы арқанды қолдану арқылы тасымалдау) трелевка деп бөлінеді. | |
Трелевочный трактор - трактор высокой проходимости, используемый на лесозаготовках для подтаскивания срубленных деревьев и хлыстов, их погрузки, транспортировки и отгрузки. | Трелевтік трактор - ағаш дайындау кезінде кесілген ағаштарды және бұтақтарды тасу, оларды тиеу, тасымалдау және түсіру үшін пайдаланылатын өтімділігі жоғары трактор. | |
Тренажер - учебно-тренировочное устройство для выработки навыков и совершенствования техники управления машиной (механизмом). | Тренажер - машинаны (тетікті) басқару дағдыларын қалыптастыру және техникасын жетілдіруге арналған оқу-жаттықтыру құрылғысы. | |
Трение - диссипативный процесс, сопровождающийся выделением тепла, электризацией тел, их разрушением и т.д. | Үйкеліс - жылудың бөлінуі, денелердің электрленуі, олардың бүлінуі және т.с.с. арқылы жүретін диссипативті процесс. | |
Трепел - легкая пористая осадочная горная порода, землистая или кусковая. По физико-химическим свойствам аналогична диатомиту. | Трепел - жеңіл кеуекті шөгінді тау жынысы, топырақты немесе кесекті. Физика-химиялық қасиеттері бойынша диатомитке ұқсайды. | |
Трещина - 1) полость, образованная без удаления материала двумя соединенными внутри тела поверхностями, которые при отсутствии в нем напряжений удалены друг от друга на расстояния, во много раз меньше протяженности самой полости; 2) щель, узкое углубление, расположенное на поверхности изделия, шириной более 1 мм. | Жарықшақ - 1) денеде кернеу болмағанда бір-бірінен түзілетін қуыстың ұзындығынан бірнеше есе кем аралыққа қашықтайтын, дене ішінде қосылған екі беттің материалдары алынбай түзілген қуыс; 2) бұйымның бетінде орналасатын ені 1 мм кем болмайтын қуыс, жіңішке саңылау. | |
Трещина в древесине - разрыв древесины вдоль волокон. | Ағаштағы жарықшақ - ағаштың талшықтар бойымен жарылуы. | |
Трещина закрытая - трещина, покрытая глазурью. | Жабық жарықшақ - зертаспен жабылған жарықшақ. | |
Трещина открытая - трещина, не покрытая глазурью. | Ашық жарықшақ - зертаспен жабылмаған жарықшақ. | |
Трещиностойкость - способность железобетонных конструкций сопротивляться образованию трещин под действием нагрузок и воздействий. | Жарықшақтануға төзімділік - темірбетон құралымдардың салмақтың және күштердің әсерінен жарықшақ түзбеу қабілеті. | |
Трещиностойкость (вязкость разрушения) бетона - способность бетона сопротивляться началу движения и развитию трещин при механических и других воздействиях. | Бетонның жарықшақтануға төзімділігі (бүліну тұтқырлығы) - бетонның механикалық және басқа ықпалдар кезінде жарықшақтың түзілуіне және ұлғаюына қарсы тұру қабілеті. | |
Трещиностойкость защитного покрытия - способность защитного покрытия сохранять сплошность при деформации защищаемого изделия или конструкции. | Қорғаныш жабынның жарықшақтануға төзімділігі - қорғалатын бұйымның немесе құралымның деформациясы кезінде қорғаныш жабынның тұтастығын сақтап қалу қабілеті. | |
Трещиностойкость железобетонных конструкций - способность железобетонных конструкций воспринимать действующие на них нагрузки без образования трещин. | Темірбетон құралымдардың жарылуға беріктігі - темірбетон құралымдардың әсер етуші күштерді жарылып кетпей қабылдау қабілеті. | |
Трехслойная панель - слоистая панель, имеющая три основных слоя. Трехслойная панель сплошного сечения имеет наружный и внутренний армированные бетонные слои и теплоизоляционный слой, расположенный между ними. Трехслойная панель с экраном имеет внутренний армированный бетонный слой, теплоизоляционный слой и наружный экран. | Үш қабатты панель - негізгі үш қабаты бар қатпарлы панель. Тұтас қималы үш қабатты панельдің сыртқы және ішкі арқауланған бетон қабаттары және олардың арасында орналасқан жылу оқшаулағыш қабаты болады. Экранды үш қабатты панельдің ішкі арқауланған бетон қабаты, жылу оқшаулағыш қабаты және сыртқы экраны болады. | |
Триангуляция - метод построения геодезической сети в виде треугольников, в которых измерены их углы и некоторые из сторон. | Триангуляция - үшбұрыштар түрінде геодезиялық торап салу әдісі, онда олардың бұрыштары және қабырғаларының кейбіреулері өлшенген болады. | |
Трибуна - сооружение с повышающимися рядами мест для зрителей. | Мінбе - көрермендерге арналған биіктетілген қатарлы орындары бар имарат. | |
Тригонометрический пункт, триангуляционный пункт - геодезический пункт, положение которого на земной поверхности определено методом триангуляции. | Тригонометриялық пункт, триангуляциялық пункт - жер бетіндегі орны триангуляция әдісімен анықталған геодезиялық пункт. | |
Тригонометрическое нивелирование - нивелирование при помощи геодезического прибора с наклонной визирной осью. | Тригонометриялық нивелирлеу - көлденең көздеуші осьі бар геодезиялық аспап көмегімен нивелирлеу. | |
Триплекс - 1) разновидность безосколочного стекла; состоит из двух пластин силикатного или органического стекла и склеивающего соединительного слоя; 2) какое-либо устройство или процесс, состоящий их трех самостоятельных частей, элементов. | Триплекс - 1) сынықтары шашылмайтын әйнектің түрі; силикат немесе органикалық әйнектің екі қабаты мен жабыстырушы қосушы қабаттан тұрады; 2) үш дербес бөлшектен тұратын қандай да бір құрылғы немесе процесс. | |
Триумфальная арка, триумфальные ворота - временные или постоянные монументальные арочные ворота, воздвигаемые в честь знаменательных событий. | Салтанат дарбазасы, триумф қақпасы - айрықша мәнді оқиғалар құрметіне тұрғызылатын уақытша немесе тұрақты монументалдық дарбазалық қақпалар. | |
Трубные заготовки - условные наименования при изготовлении узлов и других элементов трубопроводов на предприятиях-изготовителях, производственных базах и трубозаготовительных мастерских. | Құбыр-дайындама - шығарушы-кәсіпорындарда, өндірістік базаларда және құбыр дайындайтын шеберханаларда құбыр тораптарын және басқа элементтерін дайындау кезіндегі шартты атаулар. | |
Трубный блок - определенное число труб необходимой длины и конфигурации, уложенных и закрепленных в определенном положении и полностью подготовленных к соединению со смежными узлами трубной проводки. | Құбыр блогы - белгілі бір қалыпта салынған және бекітілген және құбыр желісінің аралық тораптарымен жалғау үшін толықтай дайындалған, ұзындығы және конфигурациясы бойынша іріктелген құбырлардың белгілі бір саны. | |
Турбобур - забойный гидравлический двигатель, вал которого вращает гидравлическая многоступенчатая турбина, связанная с бурильным долотом и получающая энергию от потока глинистого раствора, нагнетаемого в скважину по трубам. | Турбобұрғы - білігі бұрғылық қашаумен байланысқан және ұңғымаға құбырлар арқылы қысып тығылатын саз ерітіндісінің ағынынан энергия алатын гидравликалық көп сатылы турбина айналдыратын кенжарлық гидравликалық қозғалтқыш. | |
Трубовоз - специализированный полуприцеп или роспуск для перевозки труб длиной 12-48 м, размещаемых на кониках и закрепляемых тросами или цепями. | Құбыртасымалдағыш - коникаларда орналастырылған және арқанмен немесе шынжырмен бекітілген, ұзындығы 12-48 м құбырларды тасымалдауға арналған арнайы жартылай тіркеме немесе ұзартылма. | |
Трубогиб - ручное или механизированное переносное (настольное) или стационарное приспособление для гибки труб и арматуры по заданному радиусу. | Құбыр игіш - құбырларды немесе арматураны берілген радиуста иіуге арналған қол немесе механикаландырылған тасымал (үстелүстілік) немесе орнықты құрылғы. | |
Трубопровод - протяженное сооружение из труб, плотно соединенных между собой с помощью сварки или разъемных фланцев. | Құбыр - бір-бірімен пісіру немесе ажыратылмалы фланецтердің көмегімен тығыз қосылған құбырлардан тұратын ұзын құрылым. | |
Трубопроводный транспорт - вид транспорта, осуществляющий перемещение газообразных, жидких или твердых продуктов по трубопроводам. | Құбырлық көлік - газтәріздес сұйық немесе қатты заттарды құбырлар арқылы тасымалдайтын көлік түрі. | |
Трудносгораемый материал - материал, который под воздействием огня или высокой температуры воспламеняется или тлеет, или обугливается и продолжает гореть, тлеть, обугливаться при наличии источника зажигания, а после его удаления горение или тление прекращается. | Қиын жанатын материал - оттың немесе жоғары температураның ықпалынан жалындайтын немесе бықситын, не көмірленетін және тұтату көзі болғанда жана беретін, бықси және көмірлене беретін, ал тұтатпаса жанбайтын және бықсымайтын материал. | |
Трудоемкость изготовления продукции - количественная характеристика трудозатрат на изготовление продукции. | Өнімді дайындауға кететін еңбек шығыны - өнімді дайындауға кететін еңбек шығынының сандық сипаттамасы. | |
Трудоемкость монтажа - затраты труда на монтаж и подготовку к эксплуатации изделия, полученного потребителем с предприятия-изготовителя. | Жинақтауға кететін еңбек шығыны - тұтынушы шығарушы-кәсіпорыннан алған бұйымды жинақтауға және оны пайдалануға дайындауға кететін еңбек шығыны. | |
Турбина - двигатель с вращательным движением рабочего органа - ротора и непрерывным рабочим процессом, преобразующий в механическую работу энергию подводимого рабочего тела - пара, газа или жидкости; лопаточная машина. | Турбина - жеткізілетін жұмыс дене - будың, газдың немесе сұйықтықтың энергиясын механикалық жұмысқа түрлендіретін үздіксіз жұмыс процесі және айналмалы жұмыс органы - роторы бар қозғалтқыш; қалақты машина. | |
Турбулентное течение - течение жидкости (или газа), при котором частицы жидкости совершают неустановившиеся беспорядочные движения по сложным траекториям. | Турбуленттік ағыс - сұйықтық (немесе газ) ағысы, бұл кезде сұйықтық бөлшектері күрделі траекториялар бойынша ретсіз қозғалады. | |
Турникет - 1) устройство в виде вращающейся крестовины, устанавливаемое при входе на стадионы, станции метро и т.п. для пропуска посетителей по одному человеку; 2) двери, имеющие четыре створки, соединенные крестом (в плане) и вращающиеся вокруг вертикальной оси, проходящей через центр креста; устанавливаются в тамбурах общественных зданий. | Турникет - 1) келушілерді бір-бірлеп өткізуге арналған стадиондарға, метро станцияларына және т.с.с. кіре берісте орналастырылатын айналмалы крест түріндегі құрылғы; 2) крест жасап қосылған (жоспарда) төрт жақтаудан тұратын және кресттің орталығы арқылы өтетін вертикль осьті айналатын есік; қоғамдық ғимараттардың тамбурларында орнатылады. | |
Туф - группа горных пород различного происхождения. Различают туф известковый (травертин), кремнистый (отложение горячих источников), туф вулканический. | Туф - шығу тегі әр түрлі тау жыныстарының тобы. Ізбестасты (травертин), кремнийлі (ыстық су көздері), вулкандық туф болып бөлінеді. | |
Туф вулканический - пористая горная порода, сложенная из уплотненных твердых вулканических выбросов (пепла, песка, вулканического стекла и др.). | Вулкандық туф - вулкан кезінде сыртқа шығарылған қатты қалдықтардан (күл, құм, вулкандық шыны және т.б.) нығыздалуы арқылы түзілген кеуекті тау жынысы. | |
Туфобетон - легкий бетон с заполнителями из туфов. | Туфобетон - туфтармен толтырылатын жеңіл бетон. | |
Тушение пожара - процесс воздействия сил и средств, а также использование методов и приемов для ликвидации пожара. | Өрт сөндіру - күштер мен құралдардың ықпал ету процесі, сондай-ақ өртті тоқтатуға арналған әдістер мен тәсілдерді пайдалану. | |
Тяга - 1) сила, передаваемая движителю транспортной машины; 2) тяга в машинах и механизмах - деталь, передающая движение, связывающая отдельные детали или звенья механизма; 3) тяга в топочных и вентиляционных устройствах - разрежение в данном участке трубопровода или канала, вследствие чего возникает (усиливается) движение воздуха или газа; 4) тяга в архитектуре - горизонтальный профилированный выступ (поясок), членящий стены или обрамляющий потолки. | Тартым - 1) тасымалдаушы көліктің қозғалтқышына берілетін күш; 2) машиналар мен механизмдердегі тартым - қозғалысты беретін, механизмнің жеке бөлшектерін немесе буындарын байланыстыратын бөлшек; 3) оттық және желдету құрылғыларындағы тартым - нәтижесінде ауаның немесе газдың қозғалысы пайда болатын (күшейетін) құбырдың немесе каналдың берілген теліміндегі сирету; 4) сәулет өнеріндегі тартым - қабырғаларды бөлшектейтін немесе төбелерді жиектейтін пішінделген горизонталь кертеш (белбеуше). | |
Тяжелый бетон - наиболее распространенные бетоны со средней (по объему) плотностью 1800-2500 кг/м3 и более, в которых заполнителями служат плотные горные породы и пески. | Ауыр бетон - толтырғыш ретінде тығыз тау жыныстары мен құм пайдаланылатын орташа (көлемі бойынша) тығыздығы 1800-2500 кг/м3 және одан жоғары ең көп тараған бетон түрі. | |
Тяговый канат - канат для перемещения подвижного состава по рельсовому пути. | Тартқыш арқан - рельс жолдарымен жылжымалы құрамды тасымалдауға арналған арқан. | |
Уайт-спирит - прозрачная бесцветная жидкость; представляет собой фракцию бензина, получаемого прямой перегонкой нефти. Является растворителем лаков и красок, в связи с чем уайт-спирит часто называют бензином-растворителем. | Уайт-спирит - мөлдір түссіз сұйықтық; мұнайды тура айдау арқылы алынатын бензиннің фракциясы ретінде көрінеді. Лактар мен сырларды ерітуші болып табылады, сондықтан уайт-спиритті бензин-еріткіш деп те жиі атайды. | |
Убежище - защитное сооружение, в котором в течение определенного времени обеспечиваются условия для укрытия людей с целью защиты от современных средств поражения, воздействий опасных химических и радиоактивных веществ. | Баспана - қазіргі заманғы зақымдаушы құралдардан, химиялық және радиоактивті заттардың әсерінен қорғауға арналған белгілі бір уақыт аралығында адамдарды жасыру үшін жағдаймен қамтамасыз етілетін қорғау имараты. | |
Увиолевое стекло - стекло с повышенной прозрачностью, пропускающее ультрафиолетовое излучение с λ<400 нм. | Увиолді әйнек - λ<400 нм ультрафиолет сәулесін өткізетін мөлдірлігі жоғары әйнек. | |
Углекислая коррозия бетона - коррозия бетона в результате взаимодействия с агрессивной углекислотой, содержащейся в воде. | Бетонның көмірқышқыл тоттануы - судың құрамындағы жеміргіш көмір қышқылымен әсерлесудің нәтижесінде болатын бетонның тоттануы. | |
Углепластики, углеродопласты - пластмассы, содержащие в качестве упрочняющего наполнителя углеродные волокна. | Көміртегі пластиктер - құрамында беріктендіруші толтырғыш ретінде көміртегі талшықтары бар пластмассалар. | |
Угломер - маркшейдерский инструмент для измерения вертикальных и горизонтальных углов и расстояний в маркшейдерских съемках, не требующих высокой точности (напр., при съемке очистного пространства, лав и вспомогательных горных выработок). | Бұрышөлшегіш - жоғары дәлдікті талап етпейтін маркшейдерлік түсірулерде (мысалы, тазалау кеңістігін, лаваларды және қосымша тау қазбаларын түсіруде) вертикаль және горизонталь бұрыштарды және ара қашықтықтарды өлшеуге арналған маркшейдерлік аспап. | |
Угол наклона эскалатора - угол между наклонной и горизонтальной базами эскалатора. | Эскалатордың еңістік бұрышы - эскалатордың еңіс және көлденең базаларының арасындағы бұрыш. | |
Угольник - 1) инструмент в виде двух скрепленных под углом 90° планок (металлических, деревянных, пластмассовых); 2) чертежный инструмент, обычно в форме прямоугольного треугольника с двумя другими углами по 45° либо 30° и 60° ; 3) короткое фасонное звено, служащее для соединения трубопровода под углом на повороте; называют также тройником. | Бұрыштық - 1) 90° бұрыш жасап біріктірілген екі тақтайша (металл, ағаш, пластмасса) түріндегі аспап; 2) әдетте тік бұрышты, қалған екі бұрышы 45° немесе 30° және 60° үшбұрыш түріндегі сызу аспабы; 3) құбырды бұрылыста бұрыш жасап жалғауға арналған қысқа үлгілік буын, оны үштармақ деп те атайды. | |
Угроза пожара (загорания) - ситуация, сложившаяся на объекте, которая характеризуется вероятностью возникновения пожара, превышающей нормативную. | Өрт (жану) қаупі - нысандағы өрттің пайда болуы нормативті ықтималдылығынан асатын ықтималдылықпен сипатталатын қалыптасқан жағдай. | |
Удар - совокупность явлений, возникающих при столкновении двух твердых тел, а также при некоторых видах взаимодействия твердого тела с жидкостью или газом. | Соққы - екі қатты дене соғылысқанда, сондай-ақ қатты дененің сұйықтық немесе газбен өзара әсерлесуінің кейбір түрлерінде пайда болатын құбылыстардың жиынтығы. | |
Ударная волна - распространяющаяся со сверхзвуковой скоростью переходная область в газе, жидкости или твердом теле, в которой происходит скачкообразное увеличение давления, плотности, температуры и скорости движения вещества. | Соққы толқыны - қысымы, тығыздығы, температурасы және зат қозғалысының жылдамдығы күрт өсетін дыбыс жылдамдығынан жоғары жылдамдықпен тарайтын газдағы, сұйықтықтағы немесе қатты заттағы ауыспалы алап. | |
Ударная вязкость - способность материала поглощать механическую энергию в процессе деформации и разрушения под действием ударной нагрузки. | Соққылы тұтқырлық - материалдың деформация және соққылы жүктеме әсерінен қирау кезінде механикалық энергияны сіңіру қабілеті. | |
Ударная прочность пластика - способность пластика сопротивляться удару падающего шарика. | Пластиктің соққыға беріктігі - пластиктің құлап келе жатқан кішкене шардың соққысына қарсыласу қабілеті. | |
Ударно-канатное бурение - способ проходки вертикальных скважин посредством разрушения породы периодическими ударами по забою скважины буровым снарядом массой 0,5 - 3 т. | Соққылы-арқандық бұрғылау - массасы 0,5 - 3 т. бұрғылау снарядымен ұңғыма кенжарын ауық-ауық соққылармен жынысты бұзу арқылы вертикаль ұңғымаларды бұрғылау жолы. | |
Ударостойкое стекло - защитное стекло, выдерживающее многократный удар свободно падающего тела с нормируемыми показателями. | Соққыға төзімді әйнек - нормаланған көрсеткішті еркін құлайтын дененің көп еселі соққысына шыдайтын қорғаушы әйнек. | |
Удельная мощность - отношение мощности двигателя к его массе, объему или другому параметру. | Меншікті қуат - қозғалтқыштың қуатының оның массасына, көлеміне немесе басқа параметріне қатынасы. | |
Удельная себестоимость изделия - отношение общей себестоимости к 1 кв.м изделия. | Бұйымның меншікті өзіндік құны - жалпы өзіндік құнның бұйымның 1 шаршы метріне қатынасы. | |
Удельная электрическая проводимость - величина δ , равная отношению плотности тока проводимости в какой-либо точке изотропного проводника к напряженности электрического поля в этой же точке. Удельная электрическая проводимость равна электрической проводимости прямого цилиндрического однородного проводника длиной 1м и площадью поперечного сечения 1м². | Меншікті электр өткізгіштік - изотропты өткізгіштің қайсібір нүктесіндегі өткізгіш токтың тығыздығының осы нүктедегі электр өрісінің кернеулігінің қатынасына тең δ шамасы. Меншікті электр өткізгіштігі ұзындығы 1м және көлденең қимасының ауданы 1м² түзу цилиндр тәрізді біртекті өткізгіштің электр өткізгіштігіне тең. | |
Удельное водопотребление - объем воды, подаваемый потребителю в интервал времени или на единицу продукции. | Меншікті су тұтыну - уақыт аралығында немесе өнімнің бірлігіне шаққанда тұтынушыға берілетін судың көлемі. | |
Удельное электрическое сопротивление - величина ρ , численно равная 1/õ, где õ - удельная электрическая проводимость. | Меншікті электрлік кедергі - ρ шамасы, сандық мөлшері 1/õ тең, мұнда õ - меншікті электрлік өткізгіштік. | |
Удельные энергозатраты - величина, характеризующая удельные (относительно эффективной рабочей площади поперечного сечения образца) энергозатраты на различные этапы деформирования и разрушения. | Меншікті энергия шығындары - деформациялау мен қиратудың түрлі кезеңдеріне кететін меншікті (үлгінің көлденең қимасының тиімді жұмыс ауданына қатынасты) энергия шығындарын сипаттайтын шама. | |
Удельный вес - величина γ, равная отношению сил тяжести dP малого элемента тела объемом dV к этому объему; γ= dP/ dV=ρg, где ρ - плотность тела, g - ускорение свободного падения. | Меншікті салмақ - дененің көлемі dV кішкене бөлшегінің dP ауырлық күшінің осы көлемге қатынасына тең γ шамасы; γ= dP/ dV=ρg, мұнда ρ - дененің тығыздығы, g - еркін құлаудың үдеуі. | |
Удельный объем - величина v , равная отношению объема, занимаемого веществом, к его массе: v=dV /dm =1/ρ, где dm - масса вещества, заключенного в малом объеме dV , ρ - плотность вещества. | Меншікті көлем - заттың алатын көлемінің оның массасына қатынасына тең v шамасы: v=dV /dm =1/ρ, мұнда dm - dV кішкене көлемді заттың массасы, ρ - тығыздығы. | |
Удельный расход вяжущего на единицу проектной прочности - характеристика раствора, определяемая отношением расхода вяжущего (кг/куб.м) к единице нормируемой прочности (МПа). | Тұтқыштың жобалық беріктіктің бірлігіне меншікті шығыны - тұтқыш шығынының (кг/т.м) нормаланатын беріктіктің бірлігіне (МПа) қатынасымен анықталатын ерітіндінің сипаттамасы. | |
Удельный расход материалов - количество материала, необходимое для изготовления 1 кв.м паркетного изделия. | Материалдардың меншікті шығыны - паркет бұйымының 1 шаршы метрін жасауға қажетті материалдың мөлшері. | |
Удлинение - характеризует пластичность материала, его деформативность. | Ұзару - материалдың илемділігін, оның деформациялануын сипаттайды. | |
Удлиненный эскалатор - эскалатор, имеющий в своем составе дополнительную зону. | Ұзартылған эскалатор - өзінің құрамында қосымша аймағы бар эскалатор. | |
Узел промышленный - группа предприятий, размещенных на одной территории, с общими коммуникациями, инженерными сооружениями, вспомогательными производствами и хозяйствами, а при соответствующих условиях с кооперированием основных производств. | Өндірістік торап - бір аймақта орналасқан, қатынастары, инженерлік имараттары, қосалқы өндірістері мен шаруашылықтары ортақ және тиісті жағдай жасалғанда негізгі өндірістері кооперацияланатын кәсіпорындар тобы. | |
Узел строительный - сопряжение, соединение между собой строительных конструкций, элементов строительных конструкций и их составных частей. | Құрылыс торабы - құрылыс құралымдарын, құрылыс құралымдарының бөлшектерін және олардың құрама бөліктерін түйіндестіру, бір-бірімен қосу. | |
Узел трубопровода - ограниченная транспортными габаритами часть линии трубопровода, состоящая из нескольких элементов и арматуры, собранных на разъемных или неразъемных соединениях, которая по размерам и конфигурации может быть установлена в проектное положение. | Құбырлардың торабы - ажыратылатын немесе ажыратылмайтын қосылыстармен жиналған бірнеше бөлшектер мен арматурадан тұратын және өлшемдері мен конфигурациясы бойынша жобалық орнына орнатылынатын тасымалдау өлшемдерімен шектелген құбырлар желісінің бөлігі. | |
Узкая створка - оконная створка шириной, как правило, до 450 мм, используемая для проветривания помещения. | Жіңішке жақтау - әдетте ені 450 мм аспайтын бөлмені желдетуге арналған терезенің жақтауы. | |
Узловой метод строительства - организация строительно-монтажных работ с разделением пускового комплекса на взаимоувязанные между собой технологические узлы - конструктивно и технологически обособленные части объекта строительства, техническая готовность которых после завершения строительно-монтажных работ позволяет автономно, независимо от готовности объекта в целом, производить пусконаладочные работы, индивидуальные испытания и комплексное опробование агрегатов, механизмов и устройств. | Құрылыстың тораптық әдісі - құрылыс-жинақтау жұмыстарын өзара бір-бірімен байланысты технологиялық тораптарын - құрылыс нысанының құралымдық және техникалық жағынан байланысты бөліктерінің іске қосу кешенін бөлу жолымен ұйымдастыру, құрылыс-жинақтау жұмыстары аяқталғаннан кейін нысанның толық дайындығынан тәуелсіз, автономды түрде іске қосып баптау жұмыстарын, жекеше сынақтарды және агрегаттардың, механизмдер мен құрылғыларды бірге байқап көруге мүмкіндік беретін техникалық дайындығы. | |
Узлы морские - временное соединение двух гибких тросов или троса с каким-либо предметом. Свойства узлов - повышение надежности с усилием натяжения троса и устранение зажима петель при снятии нагрузки (это позволяет легко развязать узел). | Теңіз тораптары - екі иілмелі арқанды немесе арқан мен басқа бір затты уақытша біріктіру. Түйіннің қасиеті - арқанды күштеп тартқанда сенімділіктің артуы және жүктемені алғанда ілмектің қысымының жойылуы (бұл түйінді оңай шешуге мүмкіндік береді). | |
Уклон местности - тангенс угла наклона линии местности к горизонтальной плоскости в данной точке. | Жердің еңісі - жердің еңісінің берілген нүктедегі горизонталь жазықтықпен бұрышының тангенсі. | |
Укрепление (закрепление) грунта - придание грунту, находящемуся в природном состоянии новых физико-механических свойств (повышение прочности, связности, водонепроницаемости) путем специальной обработки с целью повышения несущей способности основания, закрепления стенок котлована и горных выработок, создания противофильтрационных завес и т.д. | Топырақты нығайту (бекіту) -негіздің көтергіш қабілеттілігін арттыру, қазаншұңқырлардың және тау қазбаларының қабырғаларын бекіту , сүзілуге қарсы құрылым жасау және т.б. мақсаттарда арнайы өңдеулер арқылы табиғи күйдегі топыраққа жаңа физика-механикалық (беріктік, байланыстылық, су өткізбейтін қасиеттерін арттыру) қасиеттер беру. | |
Укрепленный грунт - 1) искусственный материал, получаемый преимущественно смешением непосредственно на дороге (с использованием фрез) грунта с цементом или другим неорганическим вяжущим и водой и отвечающий в проектные и промежуточные сроки нормируемым показателям качества по прочности и морозостойкости; 2) искусственная смесь, получаемая смешением на дороге или в смесительных установках грунтов с органическими вяжущими (жидкими битумами и битумными эмульсиями) и активными добавками и без них или с органическими вяжущими совместно с минеральными. | Нығайтылған топырақ - 1) негізінен тікелей жол үстінде (фрезаларды қолдана отырып) топырақты цементпен немесе басқа бейорганикалық тұтқышпен және сумен араластыру арқылы алынатын, беріктігі және аязға төзімділігі бойынша сапасының нормаланған көрсеткіштеріне жобалық және аралық мерзімдерде сай келетін жасанды материал; 2) жол үстінде немесе араластырушы қондырғыларда топырақты органикалық тұтқыштармен (сұйық битумдармен және битумдық эмульсиялармен), белсенді қоспаларды қосып не қоспай немесе органикалық тұтқыштарды минералды тұтқыштармен бірге араластыру арқылы алынатын жасанды қоспа. | |
Укрупненные показатели стоимости строительства (УПСС) - сметные нормативные документы, как правило, отраслевого назначения, предназначенные для определения стоимости строительства на стадии технико-экономических обоснований (ТЭО), разрабатываемые на здания и сооружения в целом или виды работ на основании смет к рабочим чертежам типовых и индивидуальных экономичных проектов. | Құрылыс құнының ірілендірілген көрсеткіштері (ҚҚІК) - типтік экономикалық жобалардың жұмыс сызбаларының негізінде ғимараттар мен имараттарға толығымен немесе жұмыс түрлеріне жасалатын техника-экономикалық негіздеу (ТЭН) кезеңінде құрылыстың құнын анықтауға арналған ереже бойынша, салалық мақсаттағы сметалық нормативтік құжаттар. | |
Укрупненные сметные нормы (УСН) - сметные нормативные документы межотраслевого или отраслевого назначения, предназначенные для определения сметной стоимости монтажных работ как по зданиям и сооружениям в целом, так и по отдельным конструктивным частям зданий и видам работ, а также на узлы технологических установок. | Ірілендірілген сметалық нормалар (ІСН) - жинақтау жұмыстарының ғимараттар және имараттар бойынша толығымен, сонымен қатар ғимараттардың бөлек құралымдық бөліктері мен жұмыстардың түрлері бойынша сондай-ақ, технологиялық қондырғылардың түйіндерінің сметалық құнын анықтауға арналған салааралық немесе салалық мақсаттағы сметалық нормативтік құжаттар. | |
Укрытие вентиляционное - устройство, отделяющее место образования вредных выделений от общего объема помещений. | Желдеткішті жабын - бөлмелердің жалпы көлемін зиянды заттар бөлініп шығатын жеке орындардан бөлектеп тұратын құрылғы. | |
Укрытие населения в средствах коллективной защиты - сбор, размещение и жизнеобеспечение населения в средствах коллективной защиты с целью сохранения жизни и здоровья людей при возникновении чрезвычайных ситуаций. | Халықты ұжымдық қорғау құралдарында жасыру - төтенше жағдайлар пайда болған жағдайда адамдардың өмірі мен денсаулықтарын сақтап қалу мақсатында халықты ұжымдық қорғау құралдарында жинау, орналастыру және тіршілігін қамтамасыз ету. | |
Улица — территория, предназначенная для движения транспорта и пешеходов, включающая двуполосную проезжую часть, обочины, кюветы и укрепляющие бермы. | Көше - көлік пен жаяу адамдардың жүруіне арналған аумақ, ол екі қатарлы жол, жолдың жиегі, кюветтер және нығайтушы бермалардан тұрады. | |
Универсальное замочно-скобяное изделие - изделие, применяемое для левой и правой двери или окна. | Әмбебап құлыптық-қапсырмалық бұйым - сол және оң есік немесе терезеге қолданылатын бұйым. | |
Универсальный инструмент в астрономии и геодезии - переносной инструмент, в котором зрительная труба может вращаться вокруг вертикальной и горизонтальной осей. | Астрономия мен геодезиядағы әмбебап аспап - көру түтігіQwerty вертикаль және горизонталь ось арқылы айнала алатын тасымалданатын аспап. | |
Унификация - 1) относительное сокращение разнообразия элементов по сравнению с разнообразием систем, в которых они применяются. Унификация конструктивная - приведение конструктивных решений машин, приборов, бытовых изделий, а также их частей, узлов и деталей к минимальному технически обоснованному числу типов. Унификация размеров - приведение размеров деталей, узлов и изделий к некоторому минимуму типоразмеров; 2) выбор оптимального числа разновидностей продукции, процессов и услуг, значений их параметров и размеров; 3) установление целесообразности однотипности объемно-планировочных и конструктивных решений зданий и сооружений, конструкций, деталей оборудования с целью сокращения типоразмеров и обеспечения взаимозаменяемости изделий. | Бірыңғайлау - 1) қолданатын жүйелердің түрлерімен салыстырғанда бөлшектердің түрлерін салыстырмалы түрде азайту. Құралымдық бірыңғайлау - машиналардың, аспаптардың, тұрмыстық бұйымдардың және олардың бөліктерінің, түйіндерінің және бөлшектерінің құралымдық шешімдерін минималды техникалық жағынан негізделген типтер санына келтіру. Өлшемдерді бірыңғайлау - бөлшектердің, түйіндердің және бұйымдардың өлшемдерін бір типтік өлшемдердің ең аз санына келтіру; 2) өнімдердің, процестердің және қызмет түрлерінің, олардың параметрлері мен өлшемдері мәндерінің оңтайлы санын таңдау; 3) типтік өлшемдер санын азайту және бұйымдардың өзара алмасуын қамтамасыз ету мақсатында ғимараттар мен имараттардың, құралымдардың, жабдықтар бөлшектерінің көлемдік-жайғасымдық және құралымдық шешімдерінің бір типтілігінің мақсаттылығын анықтау. | |
Уплотнение - деталь, устройство, предотвращающие или уменьшающие утечку жидкостей, паров или газов через зазоры между деталями машин и сооружений, а также защищающие детали, узлы машин или помещения от проникновения пыли, грязи, влаги. | Нығыздау - машиналар мен құрылыс бөлшектерінің арасындағы саңылаулар арқылы сұйықтықтардың, булардың немесе газдардың ағып кетуінің алдын алатын немесе оны азайтатын, сондай-ақ машиналардың бөлшектерін, түйіндерін немесе бөлмелерді шаң, кір, ылғал кіруден қорғайтын бөлшек, құрылғы. | |
Уплотнение грунтов - эффективный способ повышения прочности и понижения водонепроницаемости нескальных грунтов. | Топырақтарды нығыздау - жартасты емес топырақтардың беріктігін жоғарылату мен су өткізгіштігін төмендетудің тиімді тәсілі. | |
Уполномоченный государственный орган по делам архитектуры, градостроительства и строительства - республиканский государственный орган, осуществляющий руководство в сфере государственного управления архитектурной, градостроительной и строительной деятельностью, а также предусмотренные законодательством межотраслевую координацию и иные специальные исполнительные функции. | Сәулет, қала құрылысы және құрылыс iстерi жөніндегі өкiлеттi мемлекеттік орган - мемлекеттiк басқару саласында сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметiн басқаратын, сондай-ақ заңдарда көзделген салааралық үйлестiрудi және өзге де арнаулы атқарушы қызметтерді жүзеге асыратын республикалық мемлекеттік орган. | |
Упор - монтажное приспособление, ограничивающее положение элемента конструкций в одном или в двух направлениях (продольном и поперечном) по одному из пределов поля допуска. | Таяныш - дәлдік шегінің біреуі бойынша бір немесе екі бағытта (бойлық және көлденең) құралым бөлшегінің орнын шектейтін жинақтау құралы. | |
Управление в технике - целенаправленное изменение (или поддержание) состояния или параметров технического объекта в соответствии с имеющимся алгоритмом функционирования. | Техникадағы басқару - техникалық нысанның жағдайын немесе параметрлерін бар қызмет алгоритміне сәйкес мақсатты өзгерту (немесе ұстап тұру). | |
Упрочнение - повышение сопротивляемости материала или заготовки разрушению или остаточной деформации. | Беріктендіру - материал немесе дайындаманың қирау мен қалдық деформацияға кедергісін жоғарылату. | |
Упругая линия в сопротивлении материалов - условное название кривой, форму которой принимает ось стержня (балки) при изгибе. | Материалдар кедергісіндегі серпімді сызық - шыбықтың (арқалықтың) осьі иілген кезде пішінін қабылдайтын қисықтың шартты атауы. | |
Упругие волны - упругие возмущения (деформации), распространяющиеся в твердой, жидкой и газообразной средах. | Серпімді толқындар - қатты, сұйық және газ тәрізді орталарда тарайтын серпімді ұйытқулар (деформациялар). | |
Упругости теория - раздел механики сплошных сред, рассматривающий деформацию упругих тел под действием внешних сил, изменения температуры и других причин; научная основа для расчетов на прочность частей машин и сооружений. | Серпімділік теориясы - сыртқы күштердің әсерінен, температураның өзгеруінен және басқа да себептерден болатын серпімді денелердің деформациясын қарастыратын тұтас орталар механикасының бөлімі; машиналар мен имараттардың бөліктерін беріктікке есептеудің ғылыми негізі. | |
Упругость - свойство тела деформироваться под влиянием нагрузок и воздействий, связанных с возникновением внутренних сил, и полностью восстанавливать свою первоначальную форму и объем (твердые тела) либо только объем (жидкие и газообразные тела) после прекращения действия нагрузок и воздействий, вызывающих деформацию тела. | Серпімділік - ішкі күштің пайда болуына байланысты жүктеме мен әсердің ықпалынан деформацияланатын дене қасиеті және дене деформациясын тудыратын жүктеме мен әсердің ықпалы тоқтатылғаннан кейін өзінің алғашқы формасы мен көлемін (қатты дене) не тек көлемін (сұйық және газ тәрізді денелер) толық қалпына келтіруі. | |
Уровень - прибор для проверки горизонтальности плоскостей или для измерения малых углов наклона. | Деңгей - жазықтықтардың горизонтальдығын тексеруге немесе кіші еңістерді өлшеуге арналған аспап. | |
Уровень обеспечения пожарной безопасности - количественная оценка предотвращенного ущерба при возможном пожаре. | Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету деңгейі - өрт болған жағдайда шығын болдырмаудың сандық өлшемі. | |
Уровень пожарной опасности - количественная оценка возможного ущерба от пожара. | Өрт қаупінің деңгейі - өрт болған жағдайда ықтимал шығынның сандық өлшемі. | |
Уровень токсичности материалов - предельно допустимое количество вредных химических веществ, выделяемое материалами в окружающую среду. | Материалдардың улылығының деңгейі - материалдар арқылы қоршаған ортаға шығарылатын зиянды химиялық заттардың шекті рұқсат етілетін мөлшері. | |
Уровень ударного шума - средний уровень звукового давления в рассматриваемой полосе частот в помещении низкого уровня под перекрытием, подвергающимся воздействию стандартной ударной машины. | Соққылы шудың деңгейі - стандартты соққылы машинаның әсерін қабылдайтын аражабынның астындағы төмен деңгейлі бөлмедегі қарастырылатын жиіліктер белдігіндегі дыбыс қысымының орташа деңгейі. | |
Уровнемер - прибор для измерения или контроля уровня жидкости в баках, резервуарах, водоемах, в также сыпучих веществ в бункерах, хранилищах и т.п. | Деңгей өлшеуіш - бактардағы, резервуарлардағы, су қоймаларындағы сұйықтықтың, сондай-ақ бункерлердегі, қоймаларағы және т.с.с. үгітілмелі заттардың деңгейін өлшеуге және бақылауға арналған аспап. | |
Усадебный жилой дом - одноквартирный дом с приквартирным участком, постройками для подсобного хозяйства. | Аулалы тұрғын үй - қасында жер телімі, қосалқы шаруашылыққа арналған құрылыстары бар бір пәтерлі үй. | |
Усадебный участок - земельный участок, отведенный для размещения (строительства) индивидуального жилого дома, а также хозяйственно-бытовых строений, объектов малого предпринимательства и озеленения. | Үй-жайлық телім - жеке тұрғын үйді, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық құрылыстарды, шағын кәсіпкерлік нысандарын орналастыруға (құрылысын салуға) және көгалдандыруға арналған жер телімі. | |
Усадка - уменьшение линейных размеров и объема материалов вследствие потери ими влаги, уплотнения, затвердевания и других процессов. | Шөгу - ылғалдығының азаюы, тығыздануы, қатаюы және басқа да процестердің салдарынан материалдардың сызықтық өлшемдері мен көлемінің кемуі. | |
Усадка раствора - уменьшение линейных размеров и объема затвердевшего строительного раствора вследствие потери им влаги, уплотнения, затвердевания и др. процессов. | Ерітіндінің шөгуі - ылғалдығының азаюы, тығыздануы, қатаюы және басқа да процестердің салдарынан қатып қалған құрылыстық ерітіндінің сызықтық өлшемдері мен көлемінің кемуі. | |
Усадка цемента - уменьшение линейных размеров цементного камня при твердении. | Цементтің шөгуі - цемент қатқан кезде оның сызықтық өлшемдерінің кемуі. | |
Усиление конструкций зданий и сооружений - повышение несущей способности конструкций существующих зданий и сооружений или их отдельных частей. | Ғимараттар мен имараттардың құралымдарын күшейту - бар ғимараттар мен имараттардың немесе олардың жеке бөліктері құралымдарының көтергіш қабілетін жоғарылату. | |
Усиленная изоляция - улучшенная рабочая изоляция, обеспечивающая такую же степень защиты от поражения электрическим током, как и двойная изоляция. | Күшейтілген оқшаулама - электр тогымен зақымданудан қос оқшаулау сияқты қорғау дәрежесін қамтамасыз ететін жақсартылған жұмыс оқшауламасы. | |
Усилия - внутренние силы, возникающие в поперечном сечении элемента конструкций от внешних нагрузок и воздействий (продольная и поперечная силы, изгибающий и крутящий моменты). | Күштер - құралым бөлшегінің көлденең қимасында сыртқы жүктемелер мен әсерлердің (бойлық және көлденең күштердің, июші және бұраушы моменттердің) салдарынан пайда болатын ішкі күштер. | |
Ускорение - векторная величина a, характеризующая быстроту изменения с течением времени вектора v скорости точки по его численному значению и направлению: a - dv/ dt. | Үдеу - нүктенің v жылдамдық векторының уақыт аралығында сандық мәні мен бағытының өзгеруін сипаттайтын a векторлық өлшемі: a - dv/dt. | |
Ускорение свободного падения - ускорение, сообщаемое свободной материальной точке силой тяжести. | Еркін құлау үдеуі - еркін материалдық нүктеге ауырлық күші беретін үдеу. | |
Ускоренные коррозионные испытания - лабораторные коррозионные испытания, проводимые по специальной методике с целью быстрого получения необходимых и достаточных результатов. | Үдетілген тоттану сынақтары - қажетті және жеткілікті нәтижелер алу мақсатында арнайы әдістеме бойынша жүргізілетін зертханалық тоттану сынақтары. | |
Условия труда - совокупность факторов производственной среды и трудового процесса, оказывающих влияние на работоспособность и здоровье человека. | Еңбек жағдайлары - адамның жұмысқа қабілеттілігі мен денсаулығына әсерін тигізетін өндірістік орта мен еңбек процесі факторларының жиынтығы. | |
Условная рабочая поверхность — условно принятая горизонтальная поверхность, расположенная на высоте 0,8 м от пола. | Шартты жұмыс беті - еденнен 0,8 м биіктікте орналасқан шартты қабылданған горизонталь бет. | |
Условное наименование изделия - дополнение к наименованию изделия в виде условного обозначения для характеристики отличия исполнения или группы исполнений изделия от других изделий аналогичного назначения. | Бұйымның шартты атауы - бұйымның орындалуының немесе орындалу топтарының сол мақсатқа арналған басқа бұйымдардан өзгешелігін сипаттауға арналған шартты белгі түріндегі бұйымның атауына толықтыру. | |
Услуги по монтажу (ремонту, техническому обслуживанию) средств обеспечения пожарной безопасности зданий (сооружений) - услуги исполнителя по монтажу (ремонту, техническому обслуживанию) оборудования, приборов и коммуникаций, систем противопожарной защиты зданий (сооружений). | Ғимараттардың (имараттардың) өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету құралдарын орнату (жөндеу, техникалық қызмет көрсету) қызметтері - ғимараттардың (имараттардың) өрттен қорғау аспаптары мен қатынастарын, жүйелерін орнату (жөндеу, техникалық қызмет көрсету) бойынша атқарушының қызметі. | |
Усталость материалов - изменение механических и физических свойств материала в результате действия многократных знакопеременных (цикличных) или однозначных, нередко вибрирующих нагрузок, приводящее к его прогрессирующему разрушению. | Материалдардың қажуы - материалдың үдемелі қирауына әкелетін көп еселі таңбасы өзгергіш (циклді) немесе бір таңбалы, әдетте дірілдеуші жүктемелер әсері нәтижесінде материалдың механикалық және физикалық қасиеттерінің өзгеруі. | |
Установившийся режим, установившееся движение - состояние динамической системы после окончания переходного процесса. | Орныққан режим, орныққан қозғалыс - ауыспалы процесс аяқталғаннан кейінгі динамикалық жүйенің жағдайы. | |
Установка дренчерная - установка автоматического пожаротушения, состоящая из сети труб со специальными насадками-разбрызгивателями (дренчерами), и предназначенная для одновременного пожаротушения по всей расчетной площади помещения, а также для создания водяных завес. | Дренчерлік қондырғы - арнайы саптау-шашыратқышы (дренчер) бар құбыр жүйесінен тұратын автоматтық өрт сөндіру қондырғысы, және бөлменің барлық есептік ауданын бір уақытта өрт сөндіруге, сондай-ақ су перделерін жасауға арналған. | |
Установка объемного пожаротушения - установка пожаротушения для создания среды, не поддерживающей горение в защищаемом объеме. | Көлемді өрт сөндіру қондырғысы - қорғалатын көлемде жануды қолдамайтын орта жасауға арналған өрт сөндіру қондырғысы. | |
Установка парового пожаротушения - установка пожаротушения, в которой в качестве огнетушащего вещества используют водяной пар. | Бумен өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіргіш зат ретінде судың буы пайдаланылатын өрт сөндіруші қондырғы. | |
Установка поверхностного пожаротушения - установка пожаротушения, воздействующая на горящую поверхность в защищаемой зоне. | Беттік өрт сөндіруші қондырғы - қорғалатын аумақта жанып жатқан бетке әсер ететін өрт сөндіруші қондырғы. | |
Установка пожарной сигнализации - совокупность технических средств, установленных па защищаемом объекте для обнаружения пожара, обработки, представления в заданном виде извещения о пожаре на этом объекте, и (или) выдачи команд на включение автоматических установок пожаротушения. | Өрт дабылы қондырғысы - өрттің пайда болуын анықтауға, нысандағы өрт туралы хабарды өңдеуге, белгіленген түрде ұсынуға және (немесе) автоматтандырылған өрт сөндіру қондырғыларын қосуға команда беруге арналған қорғалатын нысанда орнатылған техникалық құралдардың жиынтығы. | |
Установка пожаротушения - совокупность стационарных технических средств для тушения пожара за счет выпуска огнетушащего вещества. | Өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіруші затты шығару есебінен өртті сөндіруге арналған тұрақты техникалық құралдардың жиынтығы. | |
Установка СО 2 пожаротушения - установка пожаротушения, в которой в качестве огнетушащего вещества используется двуокись углерода. | СО 2 өрт сөндіруші қондырғысы - өрт сөндіруші зат ретінде оттегінің қос тотығы пайдаланылатын өрт сөндіруші қондырғы. | |
Установка спринклерная - установка автоматического пожаротушения, состоящая из сети постоянно наполненных водой труб со специальными водоразбрызгивающими насадками (спринклерами) и предназначенная для местного тушения и локализации очага пожара в помещении. | Су шашатын түтікті қондырғы - арнайы су шашыратқышты саптаулары бар (спринклерлері) үнемі су болатын құбыр жүйесінен тұратын және бөлмедегі өрт ошағын сөндіру және оқшаулауға арналған автоматтық өрт сөндіру кондырғысы. | |
Установка флотационная - установка для выделения из сточных вод тонкодисперсионных твердых или эмульгированных жидких механических примесей путем прилипания их к поверхности воздушных пузырьков. | Флотациялық қондырғы - ақаба сулардан жұқа дисперсиялық қатты немесе эмульсия түріндегі сұйық механикалық қоспаларды ауа көбіктерінің бетіне жапсырып алу жолымен бөліп алуға арналған қондырғы. | |
Установка хладонового пожаротушения - установка пожаротушения, в которой в качестве огнетушащего вещества используют составы на основе галоидированных углеводородов. | Хладондық өрт сөндіру қондырғысы - өрт сөндіруші зат ретінде галоидтендірілген көмір сутегі негізіндегі заттар пайдаланылатын өрт сөндіру қондырғысы. | |
Устой - 1) конструкция, сопрягающая бетонную или железобетонную плотину с берегом (устой береговой), либо плотиной из грунтовых материалов (устой сопрягающий); 2) крайняя опора мостового сооружения, сопрягающая его с земляным полотном дороги. | Тіреу - 1) бетон немесе темірбетон бөгетті жағалаумен (жағалық тіреу) немесе топырақтан жасалған бөгетпен (түйіндестіруші тіреу) түйіндестіріп тұратын құралым; 2) көпірді жолдың топырақ төсемімен түйіндестіріп тұратын шеткі тірегі. | |
Устойчивое пламенное горение - 1) горение, продолжающееся до очередного воздействия на образец пламени от источника зажигания; 2) непрерывное пламенное горение материала не менее 5 с. | Тұрақты жалындап жану - 1) тұтану көзінен шыққан жалынның үлгіге кезекті рет әсер етуіне дейін жалғасатын жану; 2) материалдың 5 с. кем емес уақыт тоқтаусыз жалындап жануы. | |
Устойчивость зданий (сооружения) - способность здания (сооружения) противостоять усилиям, стремящимся вывести его из исходного состояния статического или динамического равновесия. | Ғимараттардың (имараттардың) орнықтылығы - ғимараттың (имараттың) оны алғашқы статикалық немесе динамикалық тепе-теңдік жағдайынан шығаруға ұмтылатын күштерге қарсы тұру қабілеті. | |
Устойчивость крана - способность крана противодействовать опрокидывающим моментам. | Кранның орнықтылығы - кранның төңкеруші моменттерге қарсы тұру қабілеті. | |
Устойчивость объекта при пожаре - свойство объекта предотвращать воздействие на людей и материальные ценности опасных факторов пожара и их вторичных проявлений. | Нысанның өрт кезіндегі орнықтылығы - нысанның өрт пен олардың екіншілік қауіпті факторларының адамдар мен материалдық құндылықтарға әсерінің алдын алу қабілеті. | |
Устойчивость основания - способность основания сооружения противостоять выпиранию грунта из-под подошвы фундамента под действием нагрузок, передаваемых сооружением на основание. | Негіздің орнықтылығы - имарат арқылы негізге берілетін жүктемелер әсерінен топырақтың іргетас табанынан шығып кетуіне имарат негізінің қарсы тұру қабілеті. | |
Устойчивость природных систем к воздействию - способность природных систем сохранять свою структуру и функциональные свойства при естественно-природном и антропогенном воздействии. | Табиғи жүйелердің әсерлерге орнықтылығы - табиғи жүйелердің табиғи және антропогенді әсерлер кезінде өзінің құрылымы мен қызметтік қасиеттерін сақтау қабілеті. | |
Устройство - совокупность элементов, представляющих единую конструкцию (многоконтактное реле, набор транзисторов, плата, блок, шкаф, механизм, разделительная панель и т.п.). Устройство может не иметь в изделии определенного функционального назначения. | Құрылғы - біртұтас құралым құрайтын бөлшектердің жиынтығы (көп түйіспелі реле, транзисторлар жиынтығы, плата, блок, шкаф, механизм, бөлуші панель және т.с.с.). Құрылғы бұйымдарда белгілі бір қызметті атқармауы да мүмкін. | |
Уступы - сосредоточенные деформации земной поверхности, проявляющиеся в образовании трещин со сдвигом пород. Уступы возникают как следствие относительных разрывных перемещений смежных участков по напластованию, поверхностям разрывных нарушений, осевым поверхностям складок и т.п. Различают прямые и обратные уступы. У прямого уступа участок у края трещины, расположенной ближе к точке максимального оседания, оседает больше, чем расположенный дальше от этой точки; у обратного уступа - наоборот. | Ойықтар - жыныстар ығысып жарықтар пайда болуымен сипатталатын жер қыртысының топталған деформациялары. Ойықтар іргелес телімдердің қабаттасу, жарылыс бұзылыстарының беті, қатпарлардың осьтік беттері және т.с.с. бойынша салыстырмалы жарылу жылжулары салдарынан пайда болады. Ойықтар тура және теріс болады. Тура ойықтың максималды шөгу нүктесіне жақын орналасқан жарықтың шетіндегі телім осы нүктеден алысырақ орналасқан телімнен гөрі көбірек шөгеді, ал теріс ойықта - керісінше. | |
Устье поручня - устройство, расположенное в месте перехода поручня с рабочей на нерабочую ветвь. | Тұтқаның қосылысы - тұтқаның жұмыс тармағынан жұмыс емес тармағына өту орнында орналасқан құрылғы. | |
Участок трубопровода - часть технологического трубопровода из одного материала, по которому транспортируют вещество с одним давлением и температурой. При определении участка трубопровода в его границах для одного условного прохода должна быть обеспечена идентичность марок арматуры, фланцев, отводов, тройников и переходов. | Құбыр бөлігі - қысымы мен температурасы бір зат тасымалданатын, бір материалдан жасалған технологиялық құбырлардың бөлігі. Құбырлардың телімін анықтаған кезде оның шекараларында бір шартты өтуге арматуралардың, фланецтердің, бұрғыштардың, үштармақтардың және өтпелердің маркаларының ұқсастығы қамтамасыз етілуі қажет. | |
Ущерб от пожара - жертвы пожара и материальные потери, непосредственно связанные с пожаром. | Өрттен болған шығын - өртпен тікелей байланысты өрттің құрбандары және материалдық шығындар. | |
Фактическая изоляция воздушного шума - десятикратный десятичный логарифм отношения звуковой мощности, падающей на испытываемый образец, к полной звуковой мощности, переданной в помещении низкого уровня, в том числе и по обходным путям. | Ауа шуының нақты оқшаулануы - сыналатын үлгінің үстіне құлайтын дыбыстық қуаттың төмен деңгейлі бөлмеде берілген толық дыбыс қуатына (соның ішінде айналмалы жолдар бойынша) қатынасының он еселік ондық логарифмі. | |
Фактическая отметка - существующая высота точки относительно исходного уровня. | Нақты белгі - нүктенің алғашқы деңгейге қатынасты биіктігі. | |
Фактическая плотность бетона в партии - среднее значение плотности бетона в партии, определяемое по результатам испытаний контрольных образцов или радиоизотопным методом непосредственно в конструкции. | Партиядағы бетонның нақты тығыздығы - бақылау үлгілерін сынау немесе радиоизотопты әдіспен құралымның өзін сынау нәтижелері бойынша анықталатын партиядағы бетон тығыздығының орташа мәні. | |
Фактическая прочность бетона в партии - среднее значение прочности бетона в партии, определенное по результатам испытаний контрольных образцов или неразрушающими методами непосредственно в конструкции. | Партиядағы бетонның нақты беріктігі - бақылау үлгілерін сынау немесе қиратпайтын әдістермен құралымның өзін сынау нәтижелері бойынша анықталған партиядағы бетон беріктігінің орташа мәні. | |
Фактическая прочность раствора - прочность затвердевшего строительного раствора, определяемая по результатам испытания контрольных образцов или образцов, взятых непосредственно из конструкций. | Ерітіндінің нақты беріктігі - бақылау үлгілерін сынау немесе тікелей құралымның өзінен алынған үлгілерді сынау нәтижелері бойынша анықталатын қатып қалған құрылыс ерітіндісінің беріктігі. | |
Фактический приведенный уровень ударного шума - приведенный уровень звукового давления под перекрытием, определяемый с учетом косвенной передачи звука. | Соққылы шудың нақты келтірілген деңгейі - дыбыстың жанама берілуі есепке алынып анықталатын аражабынның астындағы дыбыс қысымының келтірілген деңгейі. | |
Факторы опасности - показатели и параметры, характеризующие возможность возникновения опасных природных воздействий и интенсивность их проявления. | Қауіптілік факторлары - қауіпті табиғаттық әсерлердің туындау мүмкіндігін және олардың қарқынының көріністерін сипаттайтын көрсеткіштер мен белгілер. | |
Фанера - листовой древесный материал, получаемый склеиванием трех или более листов лущеного шпона (с взаимно перпендикулярным расположением волокон древесины в смежных листах). | Жұқа тақтай - сыдыра жыртылған шпонның үш немесе одан көп табақтарын жабыстыру арқылы (көршілес табақтар ағаштарының талшықтарын өзара перпендикуляр орналастырып) алынатын ағаш табақ материал. | |
Фаолит - пластмасса на основе феноло-формальдегидной смолы и кислостойкого наполнителя - асбеста, графита, талька. | Фаолит - фенол-формальдегидті шайыр және қышқылға төзімді толтырушы - асбест, графит, опа негізіндегі пластмасса. | |
Фартук балюстрады - нижняя вертикальная часть балюстрады, расположенная вдоль трассы лестничного полотна на уровне ступеней, предназначенная для регулирования зазора между ступенью и балюстрадой. | Тізбек қоршау алжапқышы - басқыш пен тізбек қоршау арасындағы саңылауды реттеуге арналған, басқыштар деңгейінде баспалдақ тақтасы трассасының бойымен орналасқан тізбек қоршаудың төменгі вертикаль бөлігі. | |
Фарфор - плотный керамический материал, а также изделия из него. | Фарфор - тығыз керамикалық материал, сондай-ақ одан жасалған бұйымдар. | |
Фарфоровый камень - тонкозернистая горная порода. | Фарфор тас - ұсақ түйіршікті тау жынысы. | |
Фасад - внешняя (лицевая) сторона сооружения (здания). | Қасбет - имараттың (ғимараттың) сыртқы (алдыңғы) жағы. | |
Фасадная керамика - керамические изделия, получаемые из глин. | Қасбеттік қыш - саздан жасалатын қыш бұйымдар. | |
Фахверк - каркас (остов) ограждающей конструкции здания, состоящий обычно из стоек и ригелей, в некоторых случаях и раскосов, промежутки между которыми заполнены камнем или кирпичом. | Кереге тірек (фахверк) - беларқалардан және тіректерден, кейбір кездерде аралары таспен және кірпішпен толтырылған қиғыш тіректерден тұратын, ғимараттың құрылымын қоршайтын каркас (қаңқа). | |
Фашина - туго стянутая связка хвороста в форме цилиндра диаметром 20-25 см. | Фашина - диаметрі(баскермесі) 20-25 см. цилиндр пішініндегі қатты тартылған таяқша байлам. | |
Фаянс - плотный керамический материал, а также изделия из него. | Фаянс - тығыз қыш зат және одан жасалған бұйымдар. | |
Феноло-формальдегидные смолы , фенольные смолы - синтетические смолы, продукты поликонденсации фенола с формальдегидом; вязкие жидкости и твердые вещества. | Фенол -формальдегидті шайырлар, фенолды шайырлар - синтездік шайырлар, фенолмен формальдегидті поликонденсациялағаннан шыққан өнім; тұтқырлық сұйықтықтар және қатты заттар. | |
Фенопласты - пластмассы на основе феноло-формальдегидных смол. | Фенопласттар - фенол-формальдегидті шайырлар негізіндегі пластмассалар. | |
Ферма - стержневая несущая конструкция покрытия здания, пролетного строения моста, гидротехнических и других сооружений. | Ферма - ғимарат төбежабынының шыбықты көтергіш құралымы, көпірдің аралық құрылымы, гидротехникалық және басқа да имараттар. | |
Фермовоз - специализированный полуприцеп для перевозки железобетонных ферм длиной 18 - 30м, устанавливаемых в специальной кассете в вертикальном или наклонном положении. | Ферматартқыш - арнайы кассетте тік немесе қиғаш түрде орнатылған ұзындығы 18-30 м. темірбетон фермаларды жылжытуға арналған мамандандырылған жарты тіркеме. | |
Фиал - в готической архитектуре декоративное венчание пинаклей, щипцов, контрфорсов в виде пирамиды, фигурного шпиля. | Фиал - готикалық сәулеттегі өрнекті тәждейтін пирамида, мәнерлі сүмбі түріндегі пинаклдер, қысқыштар, контрфорстар. | |
Фибра - листовой материал, изготовляемый пропиткой непроклееной тряпичной бумаги (несколько слоев) концентрированным раствором хлорида цинка. | Фибра - цинк хлоридтің концентрацияланған ерітіндісімен сіндірілген желімденбеген маталық қағаздан (бірнеше қабат) жасалатын табақты материалдар. | |
Фибрилляционный ток - электрический ток, вызывающий при прохождении через организм фибрилляцию сердца. | Фибрилляциялық ток - организмнен өткен кезде жүректің фибрилляциясын шақыратын электр тогы. | |
Физический износ здания (элемента) - величина, характеризующая степень ухудшения технических и связанных с ними других эксплуатационных показателей здания (элемента) на определенный момент времени. | Ғимараттың (элементiнiң) физикалық тозуы - белгiлi уақыт аралығында ғимараттың (элементiнiң) техникалық және оған байланысты басқа да пайдалану көрсеткiштерiнiң нашарлау дәрежесін сипаттайтын шама. | |
Физический износ здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения, элемента) - 1) показатель, характеризующий изменение технического состояния здания (сооружения, оборудования, коммуникаций, объектов жилищно-коммунального назначения) по сравнению с первоначальным состоянием; 2) величина, характеризующая степень ухудшения технических и связанных с ними других эксплуатационных показателей здания (элемента) на определенный момент времени. | Ғимараттың (имараттың, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрмыстық-коммуналдық мақсаттарға арналған нысандардың, элементтің) физикалық тозуы - 1) бірінші (жаңа кезіндегі күйімен)күйімен салыстырғанда ғимараттың (имараттың, жабдықтың, коммуникациялардың, тұрмыстық-коммуналдық мақсаттарға арналған нысандардың) техникалық күйінің өзгеруін сипаттайтын көрсеткіш; 2) белгілі уақыт аралығында ғимараттың (элементтің) техникалық және оған байланысты басқа да пайдалану көрсеткіштерінің нашарлау деңгейін сипаттайтын шама. | |
Фильтр - устройство или сооружение для фильтрования неоднородных систем (смесей), в результате чего происходит их разделение (очищение), осветление, сгущение. | Сүзгі - біртекті емес жүйелерді (қоспаларды) сүзетін құрылғы немесе имарат, соның нәтижесінде олар бөлінеді (тазартылады), ағартылады, қоюланады. | |
Фильтр для очистки воды - сооружение, предназначенное для удаления из воды взвешенных веществ фильтрованием. | Суды тазартуға арналған сүзгі - жүзгін заттарды судан сүзіп алуға арналған имарат. | |
Фильтр для очистки сточных вод - сооружение, предназначенное для удаления из сточных вод взвешенных загрязняющих веществ, пропускаемых через фильтрующий материал. | Ақаба суларды тазартуға арналған сүзгі - сүзгіш материалдан өтетін кірлендіретін жүзгін заттарды ақаба сулардан алуға арналған имарат. | |
Фильтр обратный - составная часть дренажей, устраиваемых в гидротехнических сооружениях. | Кері сүзгі - гидротехникалық имараттарда жасалатын құрғатқыштардың құрама бөлігі. | |
Фильтр обратный - совокупность двух или более слоев несвязанных грунтов, уложенных в порядке возрастания крупности частиц по отношению к направлению фильтрационного потока воды с целью предотвращения выноса частиц грунта сооружения или его основания. | Кері сүзгі - екі немесе одан да көп топырақтың байланыссыз бөлшектері ірілігінің өсу тәртібіне судың ағын бағытына қатысты орналасқан, ғимараттағы немесе оның негізіндегі топырақ бөлшектерінің шығып кетпеуін негіздеу мақсатымен төселген қабаттар. | |
Фильтр-пресс - установка для механического обезвоживания тонкодисперсионных осадков минерального происхождения бытовых и производственных сточных вод. | Сығымдау-сүзгі - тұрмыстық және өндірістік ақаба судан шыққан минералдық жұқа дисперсиялық тұнбаны механикалық сусыздан- дыруға арналған қондырғы. | |
Фильтрация - движение жидкостей или газов через пористую среду. | Сүзілу - кеуекті ортадан өтетін сұйықтықтардың немесе газдардың қозғалысы. | |
Фильтрование - разделение суспензий или аэрозолей при помощи пористых перегородок (металлических, стеклянных и др.), пропускающих жидкость или газ, но задерживающих твердые частицы. | Сүзу - сұйықты немесе газды жіберетін, бірақ қатты бөлшектерді ұстап қалатын (темір, шыны және т.б.) кеуекті арақабырғалар арқылы жүзгіндерді немесе аэрокірнелерді бөлу. | |
Фитинг - соединительная деталь трубопровода, помещаемая на поворотах, переходах, разветвлениях или в местах соединения прямолинейных основных звеньев труб одинакового или разных диаметров (муфты, тройники, крестовина, отводы и др.). Ф. называются также некоторые вспомогательные детали: пробки-заглушки, футорки и т.д. | Фитинг - бұрылыстарда, өткелдерде, тармақтарда немесе біркелкі құбырлардың түзу сызықты негізгі бөліктерінің қосылу жерлерінде немесе әр түрлі диаметрлерінде (жалғастырғыштар, үштармақтар, крестовина, бұрулар және т.б.) орналасқан құбырдың жалғау бөлшегі. Кейбір көмекші бөлшектер: тығындар, футоркалар және т.б. фитинг деп аталады. | |
Флоккула - рыхлый хлопьевидный агрегат, образовывающийся в дисперсных системах (суспензиях, эмульсиях, золях) из нескольких частиц вследствие взаимодействия адсорбированных на них поверхностно-активных веществ - флоккулянтов или собирателей, иногда совместно с пузырьками воздуха (аэрофлоккула). Процесс образования флоккулы, получивший название «флокуляция», применяется, например, при водоподготовке и очистке сточных вод. | Флоккула - флоккулянттар немесе жинағыштар, кейде ауаның көпіршіктерімен бірге (аэрофлоккула) - олардың адсорбцияланған белсенді-бет заттардің өзара қатынасуы арқылы (жүзгіндерде, эмульсияларда, кірнелерде) дисперсиялық жүйелерде пайда болатын бірнеше бөлшектерден тұратын борпылдақ үлпектүріндегі агрегат. Флоккулланың жасалу процестерінде пайда болған “флокуляция” деген атау мысалы, су әзірлеуде және ақаба суларды тазартуларда пайдаланады. | |
Флокулянты - природные или синтетические органические вещества, адсорбирующиеся на поверхности частиц в жидких дисперсных системах (суспензиях, эмульсиях) и вызывающие образование флоккул. | Флокулянттар - сүйық майдалы жүйелерде (жүзгіндерде, эмульсияларда) бөлшектердің бетінде адсорбцияланған және флокуллалардың пайда болуына әсер ететін табиғи немесе синтездік органикалық заттар. | |
Флюгер - метеорологический прибор для определения направления и скорости ветра. | Флюгер - желдің жылдамдығын және бағытын анықтайтын метереологиялық аспап. | |
Флютбет - совокупность частей плотины или другого напорного гидротехнического сооружения, служащих искусственным ложем для открытого водного потока. | Флютбет - ашық су ағынына жасанды ложа болып табылатын бөгеттің бөліктерінің немесе басқа тегеурін гидротехникалық имарат жиынтығы. | |
Фольгоизол - рулонный материал, представляющий собой рифленую алюминиевую фольгу (толщиной 0,1-0,2 мм) с резино-битумным или полимербитумным покрытием с одной стороны. | Фольгоизол - бір жағынан резеңке-битуммен немесе полимербитуммен қапталған (қалындығы 0,1-0,2 мм) бұдырлы алюминді фольга болып табылатын орамды материал. | |
Фон — поверхность, прилегающая непосредственно к объекту различения, на которой он рассматривается. Фон считается: светлым — при коэффициенте отражения поверхности более 0,4; средним — то же, от 0,2 до 0,4; темным — то же, менее 0,2. | Ая - ажырату нысанына тікелей жататын, сонда қаралатын бет. Беттің шағылу коэффициенті 0,4 артық болса - ақшыл; 0,2 ден 0,4 дейін - орта; 0,2 ден кем болса - қараңғы ая болып саналады. | |
Фонарь - 1) в архитектуре - возвышающаяся часть покрытия общественного или промышленного здания с оконными проемами для естественного воздухообмена и (или) освещения; 2) осветительный или сигнальный прибор. | Фонарь - 1) сәулетте - жарықтандыруға және (немесе) табиғи ауа айналысына арналған терезе ойықтары бар қоғамдық немесе өнеркәсіптік ғимараттардың көтеріңкі төбежабынының бөлігі; 2) жарықтандыру немесе сигнал беруші аспап. | |
Фондовооруженность труда - показатель оснащенности строительно-монтажной организации производственными фондами, характеризуемый отношением стоимости производственных основных фондов к среднесписочной численности работавших или рабочих. | Еңбек жарақтану қоры - құрылыс-жинақтау ұйымдарының өндірістік қорлармен жабдықталғандығының көрсеткіші, ол өндірістік негізгі қорлардың құнының кызметкерлердің немесе жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасымен айқындалады. | |
Форма - технологическое оборудование для получения из формовочных смесей строительных изделий с заданными размерами и конфигурацией. | Қалып - белгіленген мөлшермен және конфигурациямен құрылыс бұйымдарының қалыпты қоспаларын алуға арналған технологиялық жабдықтар. | |
Форма групповая - переналаживаемая форма, предназначенная для изготовления изделий одной группы. | Топтық қалып - бір топтағы бұйымдар жасауға арналған қайта құрастырылған қалып. | |
Форма многоместная - форма, предназначенная для одновременного изготовления нескольких изделий (двух и более). | Көп орынды қалып - бұйымдарды (екі және одан да көп) бір уақытта дайындауға арналған қалып. | |
Форма переналаживаемая - форма с изменяемыми отсеками или отсеком, при этом изменение обеспечивается заменой элементов формы или их положения. | Қайта құрастырылатын қалып - өзгерілетін бөліктері немесе бөлігі бар қалып, бұл өзгерулері қалыптың бөлшектерін ауыстыру немесе олардың орнын өзгертумен қамтамасыз етіледі. | |
Форма с упругоработающим элементом - форма, в одном из элементов которой используется упругая (упругопластическая) работа стали для выполнения технологической операции. | Серпінді жұмыс жасайтын бөлшегі бар қалып - технологиялық операция жасау үшін пайдаланатын болаттың серпінді (серпіндіпластикалық) жұмысы бір бөлшегінде қолданылатын қалып. | |
Форма силовая - форма, воспринимающая усилия от предварительно напряженной арматуры изделия. | Күшке әзірленген қалып - бұйымның арматурасы алдын ала кернеуленгеннен туатын күшті қабылдайтын қалып. | |
Форма универсальная - переналаживаемая форма, предназначенная для изготовления широкой номенклатуры изделий разных видов в границах предельных размеров. | Әмбебап қалып - мөлшердің шегі бойынша бұйымдардың әр түрлі кең атаужүйесін шығаруға арналған қайта құрастырылатын қалып. | |
Форточка - створчатый элемент с размерами, как правило, не превышающими 350x450 мм, соединенный посредством шарнирной связи с брусками створки или коробки и предназначенный для проветривания помещения. | Желдеткіш - бөлменінің ауасын тазарту үшін арналған және, әдетте мөлшері 350х450 мм аспайтын, шарнирлы байланыспен қақпақтың білеушесімен немесе қорабымен жалғастырылған қақпалы бөлік. | |
Фототеодолитная съемка - метод создания топографических карт по фотоснимкам, сделанным с поверхности земли фототеодолитом с последующей обработкой на фотограмметрических приборах. | Фототеодолитпен суретке түсіру - әрі қарай фотограмметрикалық аспаптарда өңделетін, жердің үстінен фототеодолитпен жасалған фотосуреттерден топографиялық картасын әзірлеу әдісі. | |
Фоточертеж - чертеж, содержащий фотографическое изображение макета или модели с указанием данных, необходимых для проектирования или монтажа объекта. | Фотосызба - нұсқаның фотосуреттік бейнесі бар немесе нысанды жинақтау немесе жобалау үшін мәліметтері көрсетілген үлгінің сызбасы. | |
Фрагмент изделия - часть изделия, отражающая его основные конструктивные особенности и характеристики. | Бұйымның үзіндісі - бұйымның негізгі құралымдық ерекшеліктерін және сипаттамасын көрсететін бөлігі. | |
Фрагмент конструкции - часть конструкции, полностью повторяющая структуру элементов. | Құралымның үзіндісі - бөліктердің құрылымын толық қайталайтын құралымның бөлігі. | |
Фрамуга - створчатый элемент, имеющий откидное открывание, ограниченный горизонтальным импостом и брусками коробки и предназначенный для проветривания помещения. | Фрамуга - шалқымалы ашылатын, көлденең доға тіреумен және кәсектің білеушесімен шектелген, бөлменің ауасын тазартуға арналған қақпалы бөлік. | |
Фрамужный механизм - изделие, служащее для открывания и закрывания высокорасположенных или крупногабаритных окон и состоящее из системы рычагов или других механизмов, приводимых в действие вручную. | Фрамуга механизмі - биік орналасқан немесе ірі габаритті терезелерді ашуға және жабуға арналған рычаг жүйелерінен немесе жұмысқа қолмен келтірілетін басқа механизмдерден тұратын бұйым. | |
Фреза дорожная - самоходная машина или прицепное либо навесное оборудование для рыхления, измельчения грунта и перемешивания его с вяжущими материалами при сооружении и ремонте дорожных и аэродромных покрытий и оснований. | Жол фрезасы - жолды, аэродромның жабынын және негіздерін жасау, жөндеу кезінде топырақты қопсытуға, майдалауға оны тұтқырлық материалдармен араластыруға арналған өзі жүретін машина, тіркеуіш немесе ілінбе жабдық. | |
Фронт погрузки (выгрузки) - примыкающий к железнодорожному пути или автомобильной дороге участок местности, используемый для погрузки на средства транспорта или выгрузки с них. | Жүк тиеу (түсіру) алаңы - көлік құралдарына жүкті тиеуге немесе олардан түсіруге пайдаланылатын, теміржолдар немесе автомашина жолдарына жанасатын жер телімі. | |
Фронт работ - часть строящегося объекта, необходимая для размещения определенного числа рабочих с приданными им средствами труда (механизмами, приспособлениями, материалами). | Жұмыс алаңы - анықталған белгілі бір жұмысшылар санын берілген еңбек құралдарымен (механизмдермен, құрал-саймандармен, материалдармен) құрылыс өндірісіне кіргізу үшін қажетті салынып жатқан нысан бөлігі. | |
Фронтон - завершение (обычно треугольное) фасада здания, портика, колоннады, ограниченное двумя скатами крыши по бокам и карнизом у основания. Декоративным фронтоном также украшают двери и окна зданий. | Фронтон - ғимарат қасбетін, портиканы, бағаналар қатарын,шатыр табанының жан-жағы мен ернеуі екі құламамен көмкерілген аяқтау. Көркемдік фронтонмен сондай-ақ, есіктер мен терезелерді де әшекелейді. | |
Фряз - в архитектурных ордерах средняя горизонтальная часть антаблемента между архитравом и карнизом. | Фряз - сәулеттік ордерлерде архитрав пен ернеу арасындағы сәнмаңдайшаның ортаңғы көлденең бөлігі. | |
Фторволокно - синтетическое волокно, получаемое формованием фторсодержащих полимеров. | Фторталшығы - фторқосылыстары бар полимерлерді қалыптаумен алынған синтетикалық талшық. | |
Фторкаучуки - синтетические полимеры, продукты полимеризации фторорганических соединений, главным образом, смесей винилиденфторида с другими фторсодержащими мономерами. | Фторкөксағыздар -фторорганикалық қосылыстарды, ең алдымен винилиденфторидтердің қоспаларын басқа фторқосылыстары бар мономердермен полимеризациялаудың өнімдері, синтетикалық полимерлер. | |
Фторопласты - общее название термопластичных фторсодержащих полимеров. | Фторопласттар - термопластикалық фторқосылыстары бар полимерлердің жалпы аталуы. | |
Фуговальный станок - деревообрабатывающий станок для прямолинейного строгания (фрезерования, фугования) заготовок по пластам или кромкам. | Фуговалды станок - қалыптарды пласт бойынша немесе жиегінен түзу сызықты жасауға арналған (фрезеровалдық, фуговалдық) ағаш өндеу станогі. | |
Фуникулер - рельсовая дорога с канатной тягой для перемещения пассажиров и грузов в вагонах по крутому подъему на короткие расстояния. | Фуникулер - жолаушылар мен жүктерді вагондарда тік асулар арқылы жақын қашықтықка тасымалдайтын арқан тартқышы бар рельсті жол. | |
Функциональная группа помещений - совокупность связанных пространственно и функционально помещений и коммуникационных пространств. | Бөлмелердің қызметтік тобы - бөлмелердің және коммуникациалық кеңістіктердің алқаптық және қызметтік байланысының жиынтығы. | |
Функциональный допуск - допуск геометрического параметра, устанавливающий точность собранной конструкции из условия обеспечения предъявляемых к ней функциональных требований. | Қызметтік рұқсат - қызметтік талап қоюды қамтамасыз ету жағдайынан құрастырылған құралымның дәлдігін белгілейтін геометриялық параметрдің рұқсаты. | |
Фурнитура - вспомогательные (подсобные) материалы и детали, применяемые в каком - либо производстве (например, при пошиве одежды - пуговицы, крючки и т.д., при изготовлении мебели - ручки, петли, замки и др.). | Фурнитура - кейбір өндірісте қолданылатын (мысалы, киім тігу кезінде - түймелер, ілгектер және т.б., жиһаз жасау кезінде - тұтқалар, ілмектер, құлыптар және т.б.) көмекші (қосалқы) материалдар және бөлшектер. | |
Футеровка - защитная внутренняя облицовка тепловых агрегатов, печей, топок, труб, емкостей и т.д. | Футеровка - жылу агрегаттарының, пештердің, оттықтың, құбырлардың, сыйымдылықтардың және т.б. қорғаушы ішкі қаптауы. | |
Футеровочное защитное покрытие - облицовочное защитное покрытие, устраиваемое на внутренней поверхности конструкций и сооружений. | Футеровка қорғау жабыны - имараттардың және құралымдардың ішкі жағына орналастыратын қаптаушы қорғаныш жабыны. | |
Футляр - труба для защиты основного трубопровода от повреждений (или земляного полотна от размыва при аварии трубопровода) на участках, переходах под железными и автомобильными дорогами, прокладки через конструкции зданий и сооружений, а также от проникновения газа и вредных веществ при пересечении с инженерными сетями и сооружениями. | Қаптама - негізгі құбыр темір жол және автомобиль жолдарының астынан, ғимарат және имарат құралымдарынан өткенде бөлімшелері зақымдануларынан (немесе құбыр апаты кезінде жер төсемін шайып кетуінен), сондай-ақ басқа инженерлік желілермен және ғимараттармен қиылысқанда зиянды заттардың және газдың өтуіне кедергі жасауға арналған құбыр. | |
Характеристика в технике - взаимосвязь между зависимыми и независимыми (выходными и входными) величинами, определяющими состояние технической системы, процесса, прибора, машины, объекта. | Техникадағы сипаттама -техникалық жүйенің, процестің, аспаптың, көліктің, нысанның жағдайын анықтайтын тәуелді және тәуелсіз (шығатын және кіретін) шамалардың арасындағы өзара байланыс. | |
Характерный разрез помещения — поперечный разрез посередине помещения, плоскость которого перпендикулярна к плоскости остекления световых проемов (при боковом освещении) или к продольной оси пролетов помещения. В характерный разрез помещения должны попадать участки с наибольшим количеством рабочих мест, а также точки рабочей зоны, наиболее удаленные от световых проемов. | Бөлменің өзіне тән қимасы - бөлме аралықтарының бойлық осьіне немесе жарық ойықтарын әйнектендіру жазықтығына(бір жағынан жарықтандырылғанда) жазықтығы перпендикуляр болып келетін бөлменің ортасынан көлденең кесу. Бөлменің өзіне тән дік қимасына жұмыс орны көп телімдер сондай-ақ, жарық ойықтарынан алыстау жұмыс аймағының нүктелері кіру керек. | |
Химическая авария - авария на химически опасном объекте, сопровождающаяся проливом или выбросом опасных химических веществ, способная привести к гибели или химическому заражению людей, продовольствия, пищевого сырья и кормов, сельскохозяйственных животных и растений, или к химическому заражению окружающей природной среды. | Химиялық апат - қауіпті химиялық заттардің төгілуі немесе шығарылуы арқылы адамдардың өліміне немесе азық-түліктің, тағам шикізатының және ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің химиялық зақымдануына немесе қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануына әкелетін химиялық қауіпті нысандағы апат. | |
Химическая огнезащита - огнезащита, основанная на химическом взаимодействии антипирена с обрабатываемым материалом. | Химиялық от қорғанышы - өңделетін материалмен антипиреннің химиялық өзара әсерлесу негізіндегі от қорғаныш. | |
Химическая очистка сточных вод - технологический процесс очистки сточных вод с применением реагентов. | Ақаба суларды химиялық тазарту - реагенттерді қолдану арқылы ақаба суларды тазартудың технологиялық процесі. | |
Химически опасный объект - объект, где хранят, перерабатывают, используют или транспортируют опасные химические вещества, при аварии или разрушении которого может произойти гибель или химическое заражение людей, сельскохозяйственных животных и растений, а также химическое заражение окружающей природной среды. | Химиялық қауіпті нысан - апат немесе бұзылу жағдайында адамдардың өліміне немесе ауылшаруашылық малдарының, өсімдіктердің химиялық зақымдануына және қоршаған табиғи ортаның химиялық зақымдануына әкелетін қауіпті химиялық заттарды сақтау, өңдеу, пайдалану немесе тасымалдау нысаны. | |
Химически стойкая замазка - материал, состоящий из химически стойкого связующего и пылевидного наполнителя. | Химиялық төзімді жақпа - химиялық төзімді байланыстырушы және шаң түріндегі толтырғыштан тұратын материал. | |
Химически стойкий раствор - материал, состоящий из химически стойкого связующего, пылевидного наполнителя и песка. | Химиялық төзімді ерітінді - химиялық төзімді байланыстырушы, шаң түріндегі толтырғыштан және құмнан тұратын материал. | |
Химический пенный огнетушитель - огнетушитель с зарядом химических веществ, которые в момент приведения огнетушителя в действие вступают в реакцию с образованием пены и избыточного давления. | Химиялық көбікті отсөндіргіш - химиялық заттар зарядтары бар отсөндіргіш, оны қолдану кезінде реакция жүріп көбік және артық қысым пайда болады. | |
Химическое заражение - распространение опасных химических веществ в окружающей природной среде в концентрациях или количествах, создающих угрозу для людей, сельскохозяйственных животных и растений в течение определенного времени. | Химиялық індеттену - қауіпті заттардың белгілі мерзім ішінде адамдарға, ауылшаруашылық малдарына және өсімдіктерге қауіп төндіретіндей мөлшерде шоғырлануы немесе қоршаған табиғи ортаға таралуы. | |
Хладоновый огнетушитель - огнетушитель с зарядом огнетушащего вещества на основе галоидированных углеводородов. | Хладонды отсөндіргіш - галоидировандалған көмірсутектер негізінде отсөндіруші заттармен зарядталған отсөндіргіш. | |
Хлыст - ствол дерева, отделенный от корневой части и очищенный от сучьев. | Хлыст - тамыр жағынан бөлінген және ұсақ бұтақтардан тазартылған ағаштың өзегі. | |
Холл - проходной зал, примыкающий к коммуникационному помещению. | Холл - коммуникациялық бөлмеге жанасқан өту залы. | |
Холодильная камера - теплоизолированное помещение, в котором поддерживается температура ниже температуры окружающей среды. | Тоңазытқыш камера - қоршаған орта температурасынан төмен температура ұсталынатын жылу оқшауландырылған бөлме. | |
Холодильник - сооружение или устройство для хранения пищевых или иных продуктов при температурах ниже температуры окружающей среды. | Тоңазытқыш - қоршаған орта температурасынан төмен температурада азық-түлік сақтайтын имарат немесе құрылғы. | |
Холодная кладовая - кладовая площадью до 2 кв.метров, размещаемая в неотапливаемом объеме квартиры. | Суық қойма - пәтердің жылытылмайтын көлемінде орналасатын ауданы 2 шаршы метрге дейінгі қойма. | |
Холодный период года - период года, характеризуемый среднесуточной температурой наружного воздуха, равной + 10°С и ниже. | Жылдың суық мезгілі - тәуліктің сыртқы ауа орта температурасы +10°С және одан төмен көрсеткішпен сипатталатын жылдың суық мерзімі. | |
Хрупкость - способность твердых тел разрушаться при механических воздействиях без заметной пластической деформации (свойство, противоположное пластичности). | Омырылғыштық - механикалық қозғалыстар негізінде қатты заттардың көрінетіндей пластикалық өзгеріссіз бұзылу қабілеті (созылымдылыққа қарсы қасиет). | |
Хруст аль - высокосортное стекло с большим содержанием оксида свинца или оксида бария. | Хрусталь - қорғасын оксиді немесе барий оксидінің мөлшері көп жоғары сұрыпты шыны. | |
Цвет безопасности - цвет, предназначенный для привлечения внимания человека к отдельным элементам производственного оборудования и (или) строительной конструкции, которые могут являться источниками опасных и (или) вредных производственных факторов, средствам пожаротушения, и знаку безопасности. | Қауіпсіздік түсі - қауіптің көзі және (немесе) өндірістік зиянды факторлар болып табылатын өндірістік жабдықтардың кейбір бөлшектеріне және (немесе) құрылыс құралымдарына, өрт сөндіру құралдарына және қауіпсіздік белгісіне адамның назарын аудартуға арналған түс. | |
Цветопередача — общее понятие, характеризующее влияние спектрального состава источника света на зрительное восприятие цветных объектов, сознательно или бессознательно сравниваемое с восприятием тех же объектов, освещенных стандартным источником света. | Түс беріліс - түрлі-түсті нысандарды көру қабілетінің саналы немесе санасыз түрде стандартты жарық көзімен жарықтандырылған сол нысандарды қабылдауда салыстырылатын жарық көзінің спектралды құрамының әсерін сипаттайтын жалпы ұғым. | |
Целлофан - прозрачная гидратцеллюлозная пленка (толщиной 20 -50 мкм), пластифицированный глицерином и иногда гидрофобизированная (лакированная), например, эфироцеллюлозным лаком. | Целлофан - глицеринмен пластифицияланған және кейде гидрофобизирланған (лакталған), мысалы эфироцеллюлозды лакпен гидратцеллюлозалық (қалындығы 20-50 мкм) мөлдір үлдір. | |
Целлюлоза - клетчатка, [С6 Н7 О2 (ОН)3n]-высокомолекулярный углевод (полисахарид), образованный остатками глюкозы; главная составная часть клеточных стенок высших растений, обуславливающая механическую прочность и эластичность растительных тканей. | Целлюлоза - клетчатка, глюкозаның қалдығынан пайда болған [C6 H7 O2 (OH)3n]-жоғарымолекулярлы көмірсутек (полисахарид); өсімдік маталардың эластикалығын және механикалық беріктігін келтіретін жоғары өсімдіктердің клеткалы қабырғаларының басты құрамды бөлігі. | |
Цельная панель - 1) панель, цельность конструкции которой создается в процессе ее формования (без последующего соединения ее отдельных армированных бетонных или других основных элементов между собой); 2) панель, состоящая из одного бетонного или железобетонного элемента. | Тұтас панель - 1) құралым тұтастығын қалыптастыру процесінде құралатын (кейінгіде оның кейбір арматураланған бетонды немесе басқа негізгі бөлшектерін өзара жалғастырмайтын) панель; 2) бетонды немесе темірбетонды бір бөлшектен тұратын панель. | |
Цемент - собирательное название большой группы искусственных порошкообразных вяжущих материалов, способных при взаимодействии с водой, водными растворами солей и другими жидкостями образовывать пластичную массу, которая со временем затвердевает и превращается в прочное камневидное тело. | Цемент - сумен, тұздың сулы ерітінділерімен және басқа да сұйықтармен әсерлескен кезде пластикалық массаға айналатын, уақыт өткеннен кейін қатаятын және тас түріндегі қатты затқа айналатын жасанды ұнтақты тұтқырғыш материалдардың үлкен тобының жиынтық атауы. | |
Цементация в строительстве - способ закрепления грунтов, каменных и бетонных кладок и т.п. нагнетанием в пустоты, трещины, поры, скважины цемента или цементо-глинистого раствора. | Құрылыстағы цементтеу - қуыстарға, жарықшаларға, кеуектерге, ұңғымаларға цемент немесе цемент-сазды ерітіндісімен толтыру арқылы топырақты, тас және бетондық қалауды және т.б. бекіту тәсілі. | |
Цементнодревесностружечные плиты - строительный материал, изготавливаемый прессованием древесных стружек с портландцементом и химическими добавками. | Цемент ағаш-жаңқалы тақталар -портландцементпен және химиялық қоспаларымен ағаш жаңғақтардан сығымдау арқылы жасалған құрылыс материалы. | |
Цементно-водное отношение (сокращенно Ц/В) - величина, обратная водоцементному отношению. | Цемент-су қатынасы (қысқаша Ц/С) - су-цементті қатынасқа кері шама. | |
Цементное тесто - однородная пластичная смесь цемента с водой. | Цемент қамыры - цементпен су араласқан біртекті пластикалық қоспа. | |
Цементный камень - материал, образующийся в результате гидратации и твердения цемента. | Цементті тас - цементтің гидратациялану және қатаю нәтижесінде пайда болатын материал. | |
Цементный раствор - однородная смесь цемента, кварцевого песка и воды в любых соотношениях. | Цементті ерітінді - цементтің біртекті қоспасы, кварц құмы және судың кез келген қатысы. | |
Цементовоз - специализированный вид транспорта, предназначенный для перевозки бестарного цемента. | Цемент тасымалдаушы - цементті ыдыссыз тасымалдауға арналған мамандандырылған көліктің түрі. | |
Цемент-пушка - установка для нанесения разбрызгиванием бетонной смеси (для получения торкретбетона) на поверхность сооружений и конструкций. | Цемент-пушка - имараттардың және құралымдардың үстіне (торкретбетон жасау үшін) бетондық қоспаны шашу арқылы жағуға арналған қондырғы. | |
Цена - цена изделия без надбавки за качество, установленная прейскурантом или другим соответствующим документом; на этапах проектирования - лимитная цена. | Баға - прейскурантпен немесе басқа тиісті құжатпен белгіленген сапа үшін үстемақысыз бұйымның бағасы; жобалау кезеңдерінде - лимиттік баға. | |
Цена договорная - стоимость работ, поставок ресурсов и оказания услуг, которая устанавливается сторонами при заключении договора. | Келісімді баға - келісім жасау кезінде тараптармен белгіленген жұмыстың бағасы, қормен жабдықтаушы және қызмет көрсетуші. | |
Цена на материалы, изделия и конструкции сметная - нормативный размер затрат на материалы, изделия и конструкции на установленную единицу измерения, учитывающий оптовую цену промышленности и расходы по доставке до приобъектного склада строительной площадки. | Материалдарға, бұйымдарға және құралымдарға сметалық баға - бұйым мен құралымдардың өлшем бірлігіне келетін, өнеркәсіптің барлық бағасын және құрылыс алаңының нысан қоймасына дейін келетін шығындарды есепке алатын материалдар шығындарының нормативінің өлшемі. | |
Цена на монтаж оборудования сметная - цена, предназначенная для определения сметной стоимости монтажа оборудования на установленную единицу измерения, учитывающая все затраты монтажной организации по доставке оборудования от приобъектного склада до проектного места установки, выполнению определенных техническими условиями работ по монтажу и по индивидуальному испытанию оборудования. | Құрал-жабдықтарды жинақтауға сметалық баға - нысан жанындағы қоймадан жобадағы қондыру орнына құрал-жабдықтың жеткізілуі, жинақтау бойынша жұмыстың белгілі бір техникалық талаптарының орындалуы және құрал-жабдықтың жеке сыналуы бойынша жинақтау ұйымының барлық шығындарын есепке алатын өлшем бірлігіндегі жинақтау құрал-жабдығының сметалық құнын анықтауға арналған баға. | |
Цена франко-строительная площадка на местные строительные материалы, изделия и конструкции - вид цены, применяемой для взаиморасчетов между подрядными строительными организациями, сбытовыми (комплектующими) организациями за поставки на строительство местных строительных материалов, изделий и конструкций. | Жергілікті құрылыс материалдары, бұйымдары және құралымдарына франко-құрылыстық алаңдық бағасы - мердігерлік құрылыс ұйымдары мен өткізуші ұйымдардың құрылысқа жергілікті құрылыс материалдарын, бұйымдар мен құралымдарды жеткізетіні үшін өзара есептесуіне арналған қолданылатын бағаның түрі. | |
Центр геодезического пункта - устройство, являющееся носителем координат геодезического пункта. | Геодезиялық пункттің орталығы - геодезиялық пункттің координатын тасушы болып табылатын құрылғы. | |
Центр параллельных сил - точка, через которую проходит линия действия равнодействующей системы параллельных сил при любом повороте всех этих сил около точек их приложения в одну и ту же сторону и на один и тот же угол. | Параллельді күштердің орталығы - параллельді күштердің күш түсу нүктелерінің бір жаққа және бір бұрышқа кез-келген бұрылысында тең әрекетті жүйелерінің әрекетті сызық өтетін нүктесі. | |
Центр тяжести - точка, неизменно связанная с твердым телом, через которую проходит равнодействующая сила тяжести, действующая на частицы этого тела при любом положении тела в пространстве. | Ауырлық орталығы - тең әрекетті ауырлық күші өтетін кез-келген заттың жағдайында оның бөлшектеріне әсер білдіретін әрқашан қатты затпен байланысатын нүкте. | |
Централизованное дистанционное управление — система управления с использованием прокладываемых проводов управления и электромагнитных устройств, позволяющая производить из одного места включение или отключение осветительной сети. | Орталықтандырылған қашықтық басқару - жарықтаушы жүйені бір жерден қосуға немесе өшіруге болатын, басқару тартылған сымдарды және электромагниттік құрылғыларды пайдаланатын басқару жүйесі. | |
Централизованное телемеханическое управление — система управления с применением устройств телемеханики, позволяющая производить из одного места одновременное включение или отключение осветительной сети. | Орталықтандырылған телемеханикалық басқару -жарықтаушы жүйесін бір жерден бір уақытта қосуға немесе өшіруге мүмкіндік туғызатын телемеханика құрылғысын пайдаланған басқару жүйесі. | |
Центральная котельная - котельная, предназначенная для нескольких зданий и сооружений, связанных с котельной наружными тепловыми сетями. | Орталық қазандық - қазандықпен сыртқы жылу жүйелерімен байланысқан бірнеше ғимараттарға және имараттарға тағайындалған қазандық. | |
Центрирование геодезического прибора - совмещение вертикальной оси геодезического прибора с отвесной линией, проходящей через центр геодезического пункта (точки). | Геодезиялық аспапты орталықтау - геодезиялық пункттің (нүктесінің) ортасынан өтетін тіктегіш сызықпен геодезиялық аспаптың тік осьінің бірлесуі. | |
Центробежный насос - лопастный насос, в котором жидкость перемещается от центра к периферии вращающегося рабочего колеса под действием центробежных сил. | Орталықтан тепкіштік сорғы -орталық тепкіштік күштер арқылы айналатын жұмыс доңғалағының ортасынан сүйықтық шетке ауыстырылатын қалақты сорғы. | |
Центростремительная сила - сила, сообщающая материальной точке нормальное ускорение аn : F цс =m an и F цс =mv 2 /r, где m - масса материальной точки, v - ее скорость, r - радиус кривизны траектории. | Орталыққа тартқыш күш - материалды нүктеге қалыпты үдеу an хабарлайтын күш: Fnc =man және Fnc =mv2 /r, қайда m-материалды нүктенің масасы, v-оның жылдамдығы, r-траекторияның қисықтық радиусы. | |
Цены на оборудование лимитные - цены на вновь осваиваемое или нестандартизированное оборудование, определяемые в исходных требованиях к оборудованию организациями, выдающими задание на создание этого оборудования. Лимитные цены предназначены для определения стоимости оборудования в сметах на капитальное строительство и не могут быть превышены при установлении цены на конкретные виды оборудования. | Жабдықтарға лимиттік бағалар -жабдықтарды шығаруға тапсырыс беретін ұйымдардың бастапқы талаптары бойынша анықталатын, стандарт емес немесе жаңадан меңгерілетін жабдықтардың бағасы. Сметаларда күрделі құрылысқа бөлінген жабдықтың бағасын анықтау үшін арналған лимиттік бағалар және жабдықтың көзделген түрлерін бағалауда олар көтерілмеуі тиіс. | |
Цены на оборудование лимитные групповые - цены, установленные на единицу основного оборудования, определяющего технико-экономического параметра для группы оборудования, одинакового по назначению или конструктивной характеристике. Эти цены предназначены для расчета, лимитных цен на конкретную единицу вновь осваиваемого или нестандартизированного оборудования. | Жабдықтарға топтасқан лимиттік бағалар - қызметі немесе құралымдық сипаттамалары бойынша бірдей жабдықтардың топтары үшін техника-экономикалық белгілерді анықтайтын негізгі жабдықтың бірлігіне бекітілген бағалар. Бұл бағалар стандартты емес немесе жаңадан меңгерілетін жабдықтың нақты бірлігіне лимиттік бағаларды есептеу үшін арналған. | |
Цикл испытания - совокупность одного периода замораживания и оттаивания образцов. | Сынақ цикілі - үлгілерді мұздату мен ерітудің бірлескен мерзімінің жиынтығы. | |
Цикл нулевой - комплекс строительно-монтажных работ по возведению частей зданий или сооружений и инженерных коммуникаций, расположенных ниже условной проектной отметки, принимаемой за «нуль». | Нөльдік цикл - «нөл» деп қабылданған шартты жобалық белгіден төмен орналасқан имараттар мен ғимараттар бөліктерін және инженерлік коммуникацияларды салудағы құрылыс-жинақтау жұмыстарының кешені. | |
Цилиндр - 1) геометрическое тело, образованное вращением прямоугольника около одной стороны; 2) полая деталь с цилиндрической внутренней поверхностью, в которой движется поршень. | Цилиндр - 1) тікбұрыш бір жақтың маңайында айналғананнан пайда болған геометриялық зат; 2) поршень айналатын, ішкі жағы цилиндрлік бос бөлшек. | |
Цилиндрическая освещенность Е ц — характеристика насыщенности помещения светом. Определяется как средняя плотность светового потока на поверхности вертикально расположенного в помещении цилиндра, радиус и высота которого стремятся к нулю. Расчет цилиндрической освещенности производится инженерным методом. | Цилиндрлік жарықтандыру Е х - бөлменің жарықпен толуының сипаттамасы. Радиуспен биіктігі нөлге ұмтылған бөлмеде тік орналасқан цилиндрдің бетіндегі жарық ағынның орта тығыздығы болып анықталады. Цилиндрлік жарықтандыру есебі инженерлік әдіспен шешіледі. | |
Цилиндровый механизм - односторонний или двусторонний механизм, применяемый в качестве узла замка, конструкция которого обеспечивает секретность замка. | Цилиндрлік механизм - құлыптың құпиялылығын қамтамасыз ететін құралым, оның түйіні ретінде қолданатын бір немесе екі жақты механизм. | |
Цинкование - покрытие металлических изделий слоем цинка или его сплава погружением в расплавленный цинк, распылением расплавленного цинка, электролитическим способом или диффузное насыщение цинком из паровой или газовой фазы при высоких температурах (375-850 о С) поверхностных слоев изделий. | Мырыштау - темір бүйымдарды мырыш қабатымен жабу немесе оның құймасын балқытылған мырышқа батыру, балқытылған мырышты себу, электролитикалық әдіспен немесе бүйымдардың беттік қабаттарын жоғары температураларда (375-850 0 С) булы немесе газды фазалардан мырышпен диффуздық толықтыру. | |
Циркуль - чертежный или измерительный инструмент для вычерчивания тушью или карандашом окружностей и их дуг, линейных измерений и переноса размеров на чертежи. | Циркуль - дөңгелектерді, олардың доғаларын, сызықтық өлшеуішін және мөлшерін сызбаға тасымалдау үшін тушпен немесе қаламмен сызуға арналған сызба және өлшеу құралы. | |
Цистерна - искусственное закрытое сооружение (емкость) для хранения или транспортировки жидкостей, сжиженных газов, сыпучих продуктов. | Цистерна - сұйықтарды, сұйылтылған газды, сусымалы өнімдерді сақтауға немесе тасымалдауға арналған жасанды жабық имарат (сыйымдылық). | |
Цоколь - нижняя часть наружной стены здания или сооружения, лежащая непосредственно на фундаменте и подвергающаяся частым механическим, температурным и др. воздействиям. | Цоколь - іргетас үстінде жататын және механикалық, температуралық және басқа әрекеттерге ұшырайтын, ғимарат немесе имараттың сыртқы қабырғасының төменгі бөлігі. | |
Цокольный этаж - этаж, у которого пол расположен ниже уровня тротуара или отмостки, но не более чем на половину высоты помещения. | Цоколды қабат - едені көмкерменің немесе тротуардың деңгейінен төмен орналасқан, бірақ төмендігі бөлменің жарты биігінен аспайтын қабат. | |
Части жилого дома общего пользования - части жилого дома, кроме помещений, находящихся в раздельном пользовании, и включающие подъезды, колясочные, мусоросборные камеры, лестницы, лифты, крыши, чердаки, подвалы, общедомовые технические помещения и тому подобное. | Жалпы қолданылатын тұрғын үйдің бөліктері - тұрғын үйдің бөліктері, жеке қолдануда жүрген бөлмелерден басқа осыған кіретін подъездер, коляскаларлық, қоқсық жинайтын камералар, сатылар, лифтер, төбелер, шатырқабаттар, жер қабаттар, жалпыүйлік техникалық бөлмелер және т.б. | |
Частота колебаний - количественная характеристика периодических колебаний, равная отношению числа циклов колебаний ко времени их совершения. | Тербелістердің жиілігі - тербелістер циклдері санының тербелістердің өту уақыты қатынасына тең мерзімді тербелістердің сандық сипаттамасы. | |
Частотная характеристика - выражает зависимость амплитуды, фазы, чувствительности или какого-либо параметра линейной динамической системы от частоты поступающего на ее вход гармонического колебания. | Жиіліктік сипаттама - сызықтық динамикалық жүйенің амплитудасы, фазасы, сезімталдығы немесе тағы бір параметрі оның кіруіне түсетін гармоникалық тербелістеріне тәуелді екенін көрсетеді. | |
Чеканка - 1) отделочный процесс объемной штамповки, заключающийся в обжатии штампованной детали в чистовом штампе для повышения точности размеров и качества поверхности (например, при изготовлении монет, медалей); 2) получение рельефных изображений на тонколистовых заготовках (главным образом, медным) путем ручной выколотки с помощью чекана; 3) обработка поверхности изделий, полученных литьем (главным образом, изделий прикладного искусства), с целью устранения мелких дефектов (снятия заусенцев, прочерчивания рисунка и т.п.); 4) чеканка швов - уплотнение заклепочного шва и по периметру заклепочных головок. | Шекіме - 1) көлемді қалыптауды әрлеу процесі ішінде мөлшерінің дәлдігін және бетінің сапасын арттыруға арналған қалыпталған бөлшекті таза түрдегі қалыпқа сығылғыштау (мысалы, тиін, медальдер әзірлеу кезінде); 2) жіңішке жапырақты дайындауларда (ең алдымен, мыстан жасалғандар) қолмен шекілеу арқылы салынған бедерлі бейнелер; 3) ұсақ ақауларды жою (бұдырларын жою, суретті сызу және т.б.) мақсатында құю арқылы алынған (ең алдымен, қолданбалы өнердің бұйымдары) бұйымдардың беттерін өндеу; 4) тойтарма жіктерді тығыздау және тойтарма бастарының периметрі бойынша - жіктерді шекілеу. | |
Чердак - 1) пространство между поверхностью покрытия (крыши), наружными стенами и перекрытием верхнего этажа; 2) пространство между конструкциями кровли (наружных стен) и перекрытием верхнего этажа; 3) объем, ограниченный покрытием, фризовыми стенами и чердачным перекрытием. | Шатыр - 1) төбежабынның (төбе) беті, сыртқы қабырға және үстіңгі қабаттың аражабыны арасындағы кеңістік; 2) төбежабынның құралымдары (сыртқы қабырға) және үстіңгі қабаттың аражабыны арасындағы кеңістік; 3) жабынмен, әшекей бедерленген қабырғалармен және шатырдың аражабынмен шектелген көлем. | |
Чердак холодный - предусматривает пропуск каналов вытяжной вентиляции через чердак наружу с расчетной теплоизоляцией на чердачном перекрытии и неутепленными наружными ограждениями. | Суық шатыр - шатырлық аражабынында жылуоқшаулауды есептеуі және жылу ұстамайтын сыртқы қоршамалары бар шатыр арқылы сыртқа тартып шығару желдеткіш каналдарын өткізуді қарастырады. | |
Чердак теплый - предусматривает выпуск воздуха вытяжной вентиляции в замкнутый объем чердака с удалением его через сборную шахту, имеет утепленные наружные стены и чердачное покрытие при неутепленном чердачном перекрытии. | Жылы шатыр - шатырдың тұйықталған көлеміне тартып шығару желдеткіш ауасын, оны құрастырмалы шахта арқылы әкетумен шығаруды қарастырады, жылуұстағышы жоқ шатырлық аражабында оның жылуұстағыш сыртқы қабырғалары және жылуұстағыш шатырлық төбежабыны бар. | |
Чердак открытий - предусматривает выпуск воздуха вытяжной вентиляции здания в объем чердака, интенсивно проветриваемого наружным воздухом через приточно-вытяжные отверстия расчетного сечения в стенах. Теплоизоляция устраивается на чердачном перекрытии. | Ашық шатыр - қабырғалардағы есептелген қималы құймалау-тартып шығару ойықтары арқылы сыртқы ауамен қарқынды желдетілетін шатыр көлеміне ғимараттың тартып шығару желдеткішінің ауасын шығаруды қарастырады. Жылуоқшаулау шатырлық аражабында жасалады. | |
Черепица - штучный кровельный материал в виде пластин, изготавливаемый из глины или цементно-песчаных растворов жесткой консистенции путем формовки с последующей сушкой и обжигом. | Жабынқыш - саздан немесе цемент-құмды қатты консистенциялы ерітінділерді қалыптап, соңынан кептіріп және күйдіріп пластина түрінде әзірленген даналық төбежабын материал. | |
Черепица стеклянная - изделие, изготовленное методом прессования, предназначенное для светопрозрачных покрытий зданий. | Шыны жабынқыш - ғимараттардың жарық мөлдір жабындары үшін сығымдау әдісімен әзірленген бұйым. | |
Черепок - основной материал керамической плитки, образовавшийся после обжига. | Қыш - күйдіруден қалған қыш тақтаның негізгі материалы. | |
Черный ящик - система (объект), внутреннее устройство которой, а также процессы, протекающие в ней, неизвестны либо слишком сложны для того, чтобы можно было по свойствам ее составных частей и структуре связей между ними делать выводы о поведении системы. | Қара жәшік - оны құрастыратын бөліктерінен және олардың арасындағы байланыс құрылымынан жүйенің әрекеті туралы тұжырым шығаруға болмайды, ішкі құрылғысы және онда өтетін процестер белгісіз немесе өте күрделі жүйе (нысан). | |
Чертеж - изображение предметов, главным образом, машин, сооружений и технических приспособлений и их деталей, выполненное с соблюдением ряда условных обозначений, правил, определенного масштаба с указанием размеров. | Сызба - ең алдымен, машиналарды, имараттарды, техникалық құрал-жабдықтарды және олардың бөлшектерін белгіленген масштабпен өлшемдері көрсетілген, бірқатар шартты таңбаларды, ережелерді сақтап орындалған заттардың бейнеленуі. | |
Чертежи исполнительные - рабочие чертежи, предъявляемые при приеме в эксплуатацию объекта, с подписями лиц, ответственных за производство работ, в соответствии выполненных в натуре работ по этим чертежам, в т.ч. с учетом внесенных в них изменений. | Орындаушы сызбалар - нысанды пайдалануға қабылдау кезінде ұсынылатын, жұмыстың осы жұмыс сызбаларына сәйкес орындалғанын, соның ішінде енгізілген өзгерістерді ескеретін, жауапты тұлғалардың қолы қойылған жұмыс сызбалары. | |
Чертежи рабочие - чертежи, предназначенные непосредственно для выполнения строительно-монтажных работ или изготовления строительных изделий и конструкций. | Жұмыс сызбалары - құрылыс-жинақтау жұмыстарын орындау немесе құрылыс бұйымдары мен құралымдарын дайындауға арналған сызбалар. | |
Чертежный прибор - устройство, предназначенное для выполнения чертежно-графических работ. | Сызғыш аспаптар - сызба-кескіндемелік жұмыстарды әзірлеуге арналған құрылғы. | |
Четверик - нижняя часть храма, имеющая квадратную форму в плане. | Төртқырлық - жобада төртбұрышты қалпы бар храмның төменгі бөлігі. | |
Четверик в деревянном зодчестве - четырехугольное в плане сооружение (или часть сооружения). | Ағаш сәулеттегі төртқырлық - жобадағы төртбұрышты имарат (немесе имараттың бөлігі). | |
Чистая норма - количество материалов, необходимое для производства единицы продукции (работ) без учета всех видов отходов и потерь. | Таза норма - қалдықтардың және шығындардың барлық түрлерін есептемегенде, өнімнің (жұмыстардың) бірлігін шығару үшін қажетті материалдың саны. | |
Чрезвычайная ситуация (ЧС) - обстановка на определенной территории или акватории, сложившаяся в результате аварии, опасного природного явления, катастрофы, стихийного или иного бедствия, которые могут повлечь или повлекли за собой человеческие жертвы, ущерб здоровью людей или окружающей природной среде, значительные материальные потери и нарушение условий жизнедеятельности людей. Примечание: различают чрезвычайные ситуации по характеру источника (природные, техногенные, биолого-социальные и военные) и по масштабам (локальные, местные, территориальные, региональные и трансграничные). | Төтенше жағдай (ТЖ) - белгілі бір аймақта немесе су аймағында апаттың, табиғи қауіпті жағдайлардың, күйреудің, стихиялық немесе басқа құбылыстың нәтижесінде қалыптасқан адам өміріне қатер төндіретін немесе өмірлерін құрбан еткен оқиғалар, адамдардың денсаулығына немесе қоршаған табиғи ортаға залал, үлкен заттық шығынға ұшырататын және адамдардың өмір сүру шарттары бұзылатын жағдайлар. Ескерту: төтенше жағдайларды шығу көзі сипаты бойынша (табиғи, техногендік, биологиялық-әлеуметтік, әскери) және көлемі бойынша (локалдық, жергілікті, аумақтық, аймақтық және трансшекаралық) ажыратады. | |
Чрезвычайное положение - правовой режим временного государственного управления на определенной территории или в отдельных местностях, вводимый в соответствии с законодательством РК в целях обеспечения безопасности населения при чрезвычайных обстоятельствах, вызванных чрезвычайной ситуацией, массовыми беспорядками или вооруженными столкновениями. | Төтенше ахуал - төтенше жағдай, жаппай тәртіпсіздік немесе қарулы қақтығыс кезінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының заңдылықтарына сәйкес белгілі бір аймақта немесе кейбір жерлерде еңгізілетін мемлекеттік уақытша басқару құқықтық режимі. | |
Чрезвычайный режим деятельности ЧС - режим функционирования ЧС, территориальных, функциональных и отраслевых ее подсистем или звеньев, вводимый при возникновении чрезвычайной ситуации на подведомственной территории и особо важных объектах различного назначения или в связи с возникновением зоны чрезвычайной ситуации крупного масштаба. | Төтенше жағдайдың төтенше қызмет режимі - ведомоствоға қарасты аумақтарда және әр түрлі мақсаттағы аса маңызды нысандарда немесе ірі масштабты аймақтарда төтенше жағдайдың пайда болуына байланысты аумақтық, қызметтік және олардың салалық бағынышты жүйелерінде немесе буындарында төтенше жағдайдың қызмет режиміннің енгізілуі. | |
Чугун - сплав железа (основа) с углеродом (обычно 2-4%), содержащий постоянные примеси (марганец, кремний, фосфор, серу), а иногда и легирующие элементы (хром, никель, ванадий, алюминий и др.). | Шойын - темірдің (негізі) көміртекпен (әдетте 2-4 %) құймасы, тұрақты (марганец, кремний, фосфор, күкірт) қоспалары бар, ал кейбір кезде легирлеуші (хром, никель, ванадий, алюминий, және т.б.) элементтерде болады. | |
Шаблон - приспособление, применяемое при строительных работах для придания заданной формы конструктивному элементу. | Шаблон - құралымдық элементке берілген пішін беру үшін құрылыс жұмыстары кезінде қолданылатын құрал. | |
Шабот - массивное основание (стальная отливка) нижнего бойка механического ковочного молота или нижней части штампа штамповочного молота. | Шабот - механикалық соққылаушы балғаның төменгі тоқпағының немесе қалыптаушы балға штампының төменгі бөлігінің сом негізі (болат құйма). | |
Шаг волны асбестоцементного листа - расстояние между двумя ближайшими образующими лицевой поверхности асбестоцементного волнистого листа, имеющими общую касательную. | Асбестоцементті табақша толқынының қадамы - ортақ жанамасы бар асбестоцементті толқынды табақшаның екі жақын сыртқы беттерінің арақашықтығы. | |
Шаг элементов конструкций - расстояние между геометрическими осями двух смежных однотипных элементов конструкций (например, шаг стропильных балок или ферм покрытия, балок или ригелей перекрытия, колонн и т. п.). | Құралым элементтерінің қадамы - құралымның екі аралық біртекті элементтерінің геометриялық осьтері арасындағы арақашықтық (мысалы, итарқалы арқалықтың немесе жабын фермаларының, арқалықтың немесе аражабын беларқаларының, ұстындардың қадамы және т.б.). | |
Шагающий экскаватор - экскаватор, передвигающийся при помощи опорной плиты и двух боковых лыж. | Адымдаушы экскаватор - тірек тақтаның және екі бүйіріндегі шаңғы көмегімен қозғалатын экскаватор. | |
Шамот - огнеупорная глина или каолин, обожженные до потери пластичности (до спекания). | Шамот - қатайғанша күйдірілген (пісірілген) отқа төзімді саз немесе каолин. | |
Шарнир - подвижное соединение деталей, образующее кинематическую вращательную пару и допускающее вращение только вокруг общей оси. | Топса - бөлшектердің кинематикалық айналмалы жұбын түзетін және ортақ осьі айналасында айналуына мүмкіндік беретін қозғалмалы қосылысы. | |
Шарошечное бурение - способ проходки скважин, при котором разрушение породы на забое производится шарошечным долотом, а буровая мелочь удаляется сжатым воздухом, воздушно-водяной смесью, водой или буровыми растворами. | Шарошечті бұрғылау - ұңғымаларды тарту тәсілі, мұнда забойдағы тау жыныстары шарошечті қашаумен бұзылады, ал бұрғылау қалдықтары сығылған ауамен, ауа- су қоспасымен, сумен немесе бұрғылау ерітіндісімен сыртқа шығарылады. | |
Шатер - архитектурное покрытие в форме высокой 4-х гранной или многогранной пирамиды, (применялось при строительстве церквей и др. зданий). | Шатыр - 4-қырлы биік немесе көп қырлы пирамида пішінді сәулеттік жабын (шіркеулер мен басқа ғимараттар салуда қолданылады). | |
Шахта для проветривания - защищенное вентиляционной решеткой полое вертикальное пространство на всю высоту здания с горизонтальным сечением не менее 1/30 общей площади всех проветриваемых квартир на этаже. | Желдетуге арналған шахта - қабаттағы желдетілетін барлық пәтерлердің жалпы ауданының кемінде 1/30 көлденең қимасы бар ғимараттың биіктігіне негізделген желдету торымен көлденең қорғалған бос кеңістік. | |
Шахтный ствол - вертикальная или наклонная подземная выработка с постоянной горной крепью, предназначенная для транспортной связи подземных разработок с поверхностью либо для соединения нижних горизонтов с верхними без непосредственного выхода на поверхность. | Шахта оқпаны - жерасты жұмыстарын жер бетімен көлікпен байланыстыруға не жер бетіне тікелей шықпайтын жоғарғы горизонтты төменгі горизонттармен жалғастыруға арналған тұрақты тау жынысы бекітпесі бар тік немесе еңіс жерасты кен қазбасы. | |
Швеллер - металлическая балка коробчатого П-образного сечения. | Швеллер - П-тәрізді қорап қималы металл арқалық. | |
Шелушение - разрушение изделия в виде отслоения от его поверхности тонких пластинок. | Қабыршақтану - бұйым бетінің жұқа тіліктер түрінде қабыршақталып бұзылуы. | |
Шероховатость дорожного покрытия - качество поверхности дорожного покрытия, характеризуемое его микрогеометрией и обеспечивающее сцепление шин автомобиля с дорожным покрытием. | Жол жабынының кедір-бұдырлығы - микрогеометриямен және автомобиль шинасының жол жабынымен ілінісуін қамтамасыз ететіндігімен сипатталатын жол жабыны бетінің сапасы. | |
Шеф-монтаж - техническое руководство монтажом оборудования, осуществляемое предприятием-изготовителем этого оборудования или привлекаемой им специализированной организацией по договору с заказчиком. Стоимость этих работ предусматривается в сметах на строительство. | Шеф-жинақтау - жабдықты шығарушы кәсіпорын немесе тапсырыс берушімен жасалған шарт бойынша қатыстырылған мамандандырылған ұйым жүзеге асыратын жабдықты жинауға техникалық басшылық ету. Бұл жұмыстардың құны құрылыстың сметасында көрсетіледі. | |
Шибер - 1) запорное устройство типа задвижки (заслонки), при помощи которого открывается и закрывается канал для движения жидкости или газа; 2) заслонка в дымоходах печей и котельных установках, которая служит для регулирования тяги; 3) щит для разделения водотоков различных частей водозаборных сооружений или отключения их от реки, водоема; 4) рабочий орган шиберного насоса. | Сүқпажапқыш - 1) ысырма (қалқалағыш) типтегі жапқыш құрылғы, оның көмегімен сұйықтықтың немесе газдың өткізілуіне арналған канал ашылады және жабылады; 2) пештердің және жылыту қондырғыларының түтін жүретін бөлігіндегі түтіннің сыртқа сорылуын реттеуге арналған қалқалағыш; 3) су жинайтын имараттардың түрлі бөліктерінің су ағындарын бөлуге арналған қалқа немесе оларды өзеннен, су қоймасынан бөлу; 4) шибер сорғының жұмыс органы. | |
Ширина настила ступени лестничного полотна эскалатора - расстояние по внешним боковым торцам настила ступени. | Эскалатордың баспалдақ тақтасының басқышы төсемінің ені - басқыш төсемінің сыртқы бүйір беттерінің арақашықтығы. | |
Ширина профиля - наибольший размер поперечного сечения профиля между лицевыми поверхностями (наружными поверхностями внешних лицевых стенок). | Кескіннің ені - сыртқы беттер (сыртқы қабырғалардың сыртқы беттері) арасындағы кескіннің көлденең қимасының ең үлкен өлшемі. | |
Ширина прохода штабелирования - минимально допустимое расстояние между соседними штабелями, обеспечивающее выполнение требований безопасности при работе крана-штабелера. | Штабельдеу өткелінің ені - штабелер-кранның жұмысы кезіндегі қауіпсіздік талаптарының орындалуын қамтамасыз ететін көршілес штабельдер арасындағы рұқсат етілген ең кіші арақашықтық. | |
Шифер - кровельный материал, первоначально изготовлявшийся из природных сланцев, а в современных условиях - преимущественно из асбестоцемента. | Шифер - шатырлық материал, алғашқыда - табиғи сланецтен, ал қазіргі кезде көбінесе, асбестоцементтен жасалады. | |
Шкант - вставной шип для соединения деталей столярных изделий; представляет собой деревянный или пластмассовый цилиндрический стержень, который на концах имеет небольшое заострение (фаску), а на боковой поверхности продольные пазы, или рифли. | Шкант - ағаш бұйымдардың бөлшектерін қосуға арналған шеге; ұштарында кішігірім үшкірленген жиегі (фаска), ал бүйір беттерінде көлденең кертпесі немесе бұдырлары бар ағаштан немесе пластмассадан жасалған цилиндрлік шыбық. | |
Шкив канатоведущий - вращающийся канатный шкив с канавками (канавкой), служащий для привода одного или нескольких ветвей каната за счет сил трения между шкивом и канатом. | Арқан тартушы шкив - шкив және арқан арасындағы үйкеліс күші есебінен арқанның бір немесе бірнеше тармақтарын тартуға қызмет ететін канавкалары бар айналмалы арқанды шкив. | |
Шлакобетон - разновидность легкого бетона, содержащего в качестве заполнителя шлаковую пемзу или топливный шлак. | Қожбетон - құрамында толтырғыш ретінде қожды пемза немесе отын қожы болатын жеңіл бетонның түрі. | |
Шлакопортландцемент - цемент, получаемый совместным тонким помолом портландцементного клинкера, доменного гранулированного шлака (20-80% от общей массы) и небольшой добавки (не более 5 %) гипса. | Қожпортландцемент - портландцементті клинкерді, түйіршектелген домна қожын бірге жұқалап ұсақтау (жалпы массасының 20-80%) және азғантай гипс (5 % артық емес) қосу арқылы алынатын цемент. | |
Шлюз в горном деле - аппарат для гравитационного обогащения полезных ископаемых. | Тау-кен ісіндегі шлюз - пайдалы қазбаларды гравитациялық байытуға арналған аппарат. | |
Шлюз судоходный - гидротехническое сооружение для перевода судов в реке или канале с одного уровня на другой. | Кеме шлюзі - өзендегі немесе каналдағы кемелерді бір деңгейден екінші деңгейге өткізуге арналған гидротехникалық имарат. | |
Шлямбур - простейший инструмент в виде короткой стальной трубки с зазубренным рабочим концом. | Шлямбур - кетіктелген жұмыс ұшы бар қысқа болат түтік түріндегі қарапайым құрал. | |
Шнековое бурение - вращательное бурение, при котором разрушенная порода выносится на поверхность с помощью шнека-стальной непрерывной винтовой лопасти на поверхности бурильной трубы. | Иірлік бұрғылау - айналмалы бұрғылау, мұнда бұзылған тау жыныстары бұрғылау құбыры бетіндегі бұрандалы үздіксіз болат қалақ-иірліктің көмегімен жер бетіне шығарылады. | |
Шов - 1) место скрепления деталей машин и сооружений; 2) конструктивный шов - постоянный разрез, отделяющий одну часть сооружения от другой и допускающий некоторое взаимное перемещение этих частей для исключения влияния температурных деформаций, осадки оснований, сейсмических и т.п. воздействий. | Жік - 1) машиналар мен имараттардың бөлшектері түйіскен орын; 2) құралымдық жік - имараттың бір бөлігін екіншісінен бөліп тұратын және температуралық деформацияны, негіздің шөгуін, сейсмикалық және т.б. әсерлерді болдырмау үшін осы бөліктердің өзара кейбір орын ауыстыруына мүмкіндік беретін тұрақты кесік. | |
Шоссе, шоссейная дорога - дорога с твердым покрытием для движения транспорта. | Шоссе, шоссе жолы - көлік жүруге арналған қатты жабыны бар жол. | |
Шпала - 1) опора, укладываемая под оба рельса поперек железнодорожного пути на балластный слой или бетонное основание; 2) пиломатериал в виде обрезных и необрезных брусьев из древесины хвойных пород деревьев. | Шпал - 1) бетон негізіне немесе балласты қабаттағы теміржол жолдарының көлденең екі рельсінің астына салынатын тірек; 2) қылқан жапырақты ағаштан жасалған қиылған және қиылмаған білеу түріндегі кесілмелі материал. | |
Шпатель - ручной строительный инструмент, служащий для нанесения и разравнивания шпатлевки. | Қалақша - шпатлевканы жағуға және тегістеуге арналған қол құрылыс құралы. | |
Шпатлевка, шпаклевка - пастообразный материал, содержащий пленкообразующие вещества, заполнители. | Шпатлевка, шпаклевка - құрамында үлдір түзетін заттар, толтырғыштары бар пастатәріздес материал. | |
Шпиль - вертикальное остроконечное завершение зданий в виде вытянутых вверх конуса или пирамиды. | Шатырұш - ғимараттың сүйірленген конус немесе пирамида түрінде үшкірленіп тік бітуі. | |
Шпон - тонкие листы древесины, получаемые лущением, строганием или пилением. | Қабыршақ - жону, сүргілеу немесе аралау арқылы алынатын жұқа ағаш қабаттары. | |
Шпонка - 1) крепежная деталь, закладываемая одновременно в тело вала и в паз ступицы шкива, зубчатого колеса или другой детали, надетой на вал, в шпоночном соединении; 2) вкладыш в соединениях деревянных конструкций, работающий на сдвиг (срез) и смятие, препятствует сдвигу одного элемента относительно другого; 3) водонепроницаемая преграда (уплотнение, прокладка) из гидроизоляционного материала в конструктивных швах плотин и других гидротехнических сооружений. | Сына - 1) білікке және шкив күпшегінің ойығына, тісті дөңгелекке немесе білікке кигізілген басқа бөлшекке, қабыршақты қосылыстарға бірмезгілде салынатын бекітпелі бөлшек; 2) ағаш құралымдардың қосылыстарындағы жылжуға (қиылуға) қарсыласатын және мыжылуға арналған қосымша қыстырма; бір элементтің екіншісіне қатысты жылжуына жол бермейді; 3) бөгеттердің және басқа гидротехникалық имараттардың құралымдық жіктеріндегі гидрооқшаулағыш материалдан жасалған су өткізбейтін қалқан (тығындағыш, аратөсем). | |
Шпоночное соединение - соединение вала и надетой на него детали с помощью шпонки. | Буатты қосылыс - біліктің және оған буат арқылы кигізілген бөлшектің қосылған жері. | |
Шпренгельная система - стержневая система строительной конструкции, дополненная элементами (шпренгелями), предназначенная для усиления всей системы, уменьшения изгибающих моментов, обусловленных внеузловым расположением внешней нагрузки, и т.п. | Шпренгельдік жүйе - құрылыс құралымының элементтермен (шпренгельдермен) толықтырылған барлық жүйені күшейтуге, сыртқы жүктеменің және т.б. түйіннен тыс орналасуы салдарына байланысты иілуді төмендетуге арналған шыбықты жүйесі. | |
Шпунт - 1) прямоугольный узкий паз на кромке или плоскости доски, бруса, какой-либо детали, в который входит соответствующий ему гребень (шип); 2) получившее распространение в строительной практике обобщенное название деревянных, металлических или железобетонных шпунтовых свай (шпунтин), используемых для образования шпунтовых стенок при строительстве гидротехнических сооружений. | Шпунт - 1) тақта, білеу, тиісінше адыры (тиек) кіретін қандай да бір бөлшектің жиегіндегі немесе бетіндегі тікбұрышты жіңішке ойық; 2) гидротехникалық имараттарды салу кезінде шпунтты қабырғалар түзу үшін қолданылатын ағаш, металл немесе темірбетон қадалардың (шпунтина) құрылыс тәжірибесінде кеңінен тараған жалпы атауы. | |
Шпунтовая стенка - сплошная стенка, образованная забитыми в грунт шпунтовыми сваями, для создания водонепроницаемого ограждения стен котлованов, предохранения от размывания тел плотин, стенок набережных, камер шлюзов, вымывания гидротехнических перемычек и т.п. | Шпунтты қабырға - қазаншұңқырлардың қабырғаларын су өткізбейтін етіп қаптау, бөгетті, жағалық қабырғаларды, шлюз камераларын су шайып кетуден, гидротехникалық маңдайшаларды шайылудан қорғау және т.т. үшін шпунтты қадаларды топыраққа орнату арқылы түзілген тұтас қабырға. | |
Шпур - канал, пробуриваемый в горной породе, бетоне и т.п. для размещения зарядов ВВ при взрывных работах, для установки анкерной крепи, дробления полезного ископаемого, а также для нагнетания воды или цемента в окружающий массив горных пород и для других целей. | Шпур - жару жұмыстары кезінде ЖЗ зарядтарын орналастыру үшін анкерлік бекітпелерді орнату, пайдалы қазбаларды ұсату үшін, сондай-ақ айналадағы тау жыныстарына су немесе цемент жіберу үшін және басқа да мақсаттар үшін тау жыныстарына, бетонға және т.с.с. тесілетін канал. | |
Штабной пожарный автомобиль - пожарный автомобиль для доставки штаба пожаротушения и обеспечения связи между штабом, боевыми подразделениями и центральным пунктом пожарной связи. | Штабтық өрт автомобилі - өрт сөндіруге арналған штабты жеткізуге және штаб, әскери бөлімшелер және өрт байланысының орталық пункті арасында байланысты қамтамасыз ететін өрт автомобилі. | |
Штанга завертки - деталь завертки, служащая для обеспечения плотного закрывания створки окна в двух точках. | Айналма өзегі - терезе жармасының екі жерінен жақсылап жабылуына арналған айналма бөлшегі. | |
Штапик балюстрады - элемент балюстрады, закрывающий зазор между смежными щитами балюстрады. | Тізбек қоршау штапигі - тізбек қоршаудың жапсарлас қалқандары арасындағы саңылауды жабатын тізбек қоршау элементі. | |
Штольня - горизонтальная или наклонная подземная горная выработка с непосредственным выходом на земную поверхность. | Штольня - жер бетіне тікелей шығатын орны бар көлденең немесе еңіс жерасты тау қазбасы. | |
Штрек - горизонтальная подземная горная выработка, не имеющая непосредственного выхода на поверхность, располагаемая по простиранию наклонно залегающего полезного ископаемого или в любом направлении при горизонтальном залегании. | Штрек - қиғаштана орналасқан пайдалы қазба бойымен немесе горизонталь орналасқанда кез келген бағытта орналастырылатын жер бетіне тікелей шығуға болмайтын көлденең жерасты тау қазбасы. | |
Штукатурка - отделочный слой, образованный строительным раствором на поверхностях конструкций зданий и сооружений. | Сылақ - ғимараттар мен имараттар құралымдарының бетіндегі құрылыс ерітіндісі негізіндегі әрленген қабат. | |
Штырь - гладкий цилиндрический стержень с коническим концом, служащий для центровки и направления соединяемых разъемных частей конструкций. | Істік - құралымның қосылатын алынбалы бөліктерін орталықтандыру және бағыттауға арналған ұшы конусты тегіс цилиндр шыбық. | |
Шум - любой звук, который может вызвать потерю слуха или быть вредным для здоровья или опасным в другом отношении. | Шу - есту қабілетін жоғалтуға ықпал ететін немесе денсаулыққа зиянды немесе кез-келген басқа жағдайда қауіпті болатын әр түрлі дыбыс. | |
Шум аэродинамического происхождения - шум, возникающий вследствие стационарных или нестационарных процессов в газах (истечение сжатого воздуха или газа из отверстий; пульсация давления при движении потоков воздуха или газа в трубах или при движении в воздухе тел с большими скоростями, горение жидкого и распыленного топлива в форсунках и др.). | Аэродинамикалық шу - газдардағы тұрақты және тұрақсыз процестер салдарынан пайда болатын шу (тесіктен сығылған ауаның немесе газдың шығуы; құбырлардағы ауа немесе газ ағыны кезіндегі немесе ауада денелердің жоғары жылдамдықпен қозғалуы кезіндегі қысымның соғуы, форсункаларда сұйық немесе шашыратылған отынның жануы). | |
Шум гидродинамического происхождения - шум, возникающий вследствие стационарных и нестационарных процессов в жидкостях (гидравлические удары, турбулентность потока, кавитация и др.). | Гидродинамикалық шу - сұйықтарда тұрақты және тұрақсыз процестер салдарынан пайда болатын шу (гидравликалық соққылар, ағын турбуленттігі, кавитация және т.б.). | |
Шум механического происхождения - шум, возникающий вследствие вибрации поверхностей машин и оборудования, а также одиночных или периодических ударов в сочленениях деталей, сборочных единиц или конструкций в целом. | Механикалық шу - машиналар және жабдықтар беттерінің дірілі, сондай-ақ бөлшектердің, жинамалы бірліктердің немесе тұтастай құралым қосылыстарының бірлі-жарымды немесе жүйелі соғылуы салдарынан пайда болатын шу. | |
Шум электромагнитного происхождения - шум, возникающий вследствие колебаний элементов электромеханических устройств под влиянием переменных магнитных сил (колебания статора и ротора электрических машин, сердечника трансформатора и др.). | Электромагниттік шу - айнымалы магниттік күштердің ықпалы салдарынан пайда болатын шу (электр машиналарының статоры мен роторының, трансформатор өзегінің тербелісі және т.б.). | |
Шунгит - минеральное вещество, состоящее из аморфного углерода и сильно диспергированного графита с примесью неорганических веществ. Применяется в качестве заполнителя легких бетонов после вспучивания при обжиге, (так называемый шунгезит). | Шунгит - органикалық емес заттардың қоспасы бар қатты майдаланған графиттен және аморфты көміртегінен тұратын минералдық зат. Жеңіл бетондардың толтырғышы ретінде күйдіріп ісінгеннен кейін ( шунгезит деп аталады)қолданылады. | |
Шурф - вертикальная или наклонная горная выработка с выходом на поверхность. | Шурф - жер бетіне шығуға болатын тік немесе қиғаш тау қазындысы. | |
Щебень строительный - острореберные обломки твердого прочного камня размером 5-150 мм, включающие щебень природный и полученный специальным дроблением твердых горных пород или искусственных каменных материалов. | Құрылыстық қиыршықтас - табиғи және қатты тау жыныстарын немесе жасанды тас материалдарды арнайы ұсақтау арқылы алынған қиыршық тастан тұратын өлшемдері 5-150 мм қатты берік тастың өткір сынықтары. | |
Щелевое проветривание - ограниченное проветривание помещения через фиксированный зазор в притворе слегка приоткрытого створчатого элемента (площадь открывания не более 0,02 кв.м). Примечание: щелевое проветривание при откидном способе открывания обеспечивает проникновение воздуха через верхнюю половину створки и может быть приравнено к проветриванию при помощи форточки. | Саңылау арқылы желдету - аздап ашылған жиекті элементтің жапсарындағы белгілі бір өлшемді тесік арқылы бөлмені желдету (ашу ауданы 0,02 ш.м аспауы керек). Ескерту: шалқасынан ашу кезінде саңылау арқылы желдету жиектің жоғарғы бөлігі арқылы ауаның енуін қамтамасыз етеді және желдеткіш көмегімен желдетуге теңестіріледі. | |
Щелочестойкость керамической плитки - способность плитки противостоять воздействию заданной щелочи определенной концентрации при определенных условиях без последующего появления дефектов на глазурованной поверхности и (или) разрушения черепка. | Керамикалық тақтаның сілтіге төзімділігі - тақтаның белгілі бір жағдайларда белгілі шоғырлануда берілген сілтінің әсеріне зертасталған бетіне ақау түспей және (немесе) қыштың бүлінбей төзу қабілеті. | |
Щелочная коррозия бетона - коррозия бетона в результате взаимодействия его со щелочами. | Бетонның сілтілік тоттануы - сілтімен өзара әрекеттесу салдарынан болатын бетонның тоттануы. | |
Щербины и зазубрины - мелкие отколы на краях плитки. | Кертештер және кертіктер - тақтаның шеттеріндегі ұсақ омыртпалар. | |
Эвакуационное освещение — освещение для эвакуации людей из помещения при аварийном отключении нормального освещения. | Эвакуациялық жарықтандыру - қалыпты жарықтандырудың апаттық ағытылуы кезінде адамдарды жайлардан шығаруға арналған жарықтандыру. | |
Эвакуационный выход - выход непосредственно наружу или в безопасное место. | Эвакуациялық шығу - тікелей сыртқа немесе қауіпсіз жерге шығу. | |
Эвакуация людей при пожаре - вынужденный процесс движения людей из зоны, где имеется возможность воздействия на них опасных факторов пожара. | Адамдарды өрт кезінде эвакуациялау - адамдарды өрттің қауіпті факторларының ықпал ету мүмкіндігі бар аймақтан шығарудың мәжбүрлі процесі. | |
Эвакуация населения - комплекс мероприятий по организованному выводу и (или) вывозу населения из зон чрезвычайной ситуации или вероятной чрезвычайной ситуации, а также жизнеобеспечение эвакуированных в районе размещения. | Халықты эвакуациялау - халықты төтенше жағдай немесе ықтимал төтенше жағдай аймағынан ұйымдасқан түрде шығару және (немесе) әкету, сондай-ақ орналастыру ауданында эвакуацияланғандардың өмір сүруін қамтамасыз ету жөніндегі іс- шаралар кешені. | |
Эквивалентный размер объекта различения — размер равнояркого круга на равноярком фоне, имеющего такой же пороговый контраст, что и объект различения при данной яркости фона. | Айыру нысанының эквиваленттік мөлшері - берілген ая жарықтығының айыру нысанындағыдай босағалық қарама-қарсылығы бар тең жарықты аядағы тең жарықты шеңбердің мөлшері. | |
Эккер - портативный геодезический инструмент для определения на местности углов, кратных 90 или 45. | Эккер - жергілікті жердегі 90 немесе 45 еселі бұрыштарды анықтауға арналған ықшамды геодезиялық аспап. | |
Экологическая безопасность - 1) состояние защищенности природной среды и жизненно важных интересов человека от возможного негативного воздействия хозяйственной и иной деятельности, чрезвычайных ситуаций природного и техногенного характера, их последствий; 2) состояние природной среды, обеспечивающее экологический баланс в природе и защиту окружающей среды и человека от вредного воздействия неблагоприятных факторов, вызванных естественными процессами и антропогенным воздействием, включая техногенное (промышленность, строительство) и сельскохозяйственное. | Экологиялық қауіпсіздік - 1) табиғи орта мен адамның өмірлік маңызды мүдделерінің шаруашылық және өзге де әрекеттердің, табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың болуы мүмкін жағымсыз ықпалынан, олардың салдарынан қорғалу жағдайы; 2) техногендік (өнеркәсіп, құрылыс) және ауылшаруашылық әсерлерді қоса алғандағы табиғи процестер мен антропогендік ықпалдардан туындайтын қолайсыз факторлардың зиянды әсерінен қоршаған орта мен адамды қорғауды және табиғаттағы экологиялық теңгерімді қамтамасыз ететін табиғи ортаның жағдайы. | |
Экологическая экспертиза - установление соответствия намечаемой хозяйственной и иной деятельности экологическим требованиям и определение допустимости реализации объекта экологической экспертизы в целях предупреждения возможных неблагоприятных воздействий этой деятельности на окружающую природную среду и связанных с ними социальных, экономических и иных последствий реализации объекта экологической экспертизы. | Экологиялық сараптама - белгіленген шаруашылық және өзге де қызметтердің экологиялық талаптарға сәйкестігін белгілеу және бұл қызметтің қоршаған табиғи ортаға келтіретін қолайсыз жағдайларының алдын алу мақсатында экологиялық сараптама нысанын іске асыру және экологиялық сараптама нысанының мүмкіндігін және олармен байланысты әлеуметтік, экономикалық және өзге де себептерді анықтау. | |
Экологический мониторинг (мониторинг окружающей среды) - комплексная система наблюдений за состоянием окружающей среды, оценки и прогноза изменений состояния окружающей среды под воздействием природных и антропогенных факторов. | Экологиялық мониторинг (қоршаған орта мониторингі) - қоршаған ортаның жағдайын бақылау, табиғи және антропогендік факторлардың әсерінен қоршаған орта жағдайының өзгерістерін бағалау және болжаудың кешендік жүйесі. | |
Экология - наука об отношениях растительных и животных организмов и образуемых ими сообществ между собой и с окружающей средой. | Экология - өсімдіктер мен жануарлардың және олармен жасалған қоғамдастықтардың өзара және қоршаған ортаның арасындағы қатынастары туралы ғылым. | |
Экран - устройство с поверхностью, поглощающей, преобразующей или отражающей излучения различных видов энергии, для использования этих излучений или защиты от их действия. | Экран - энергияның әр түрінің сәулеленулерін жұтқыш, түрлендіргіш және шағылдырғыш, бұл сәулеленулерді пайдалануға немесе олардың әрекетінен қорғауға арналған құрылғы. | |
Экран плотины - противофильтрационное устройство из маловодопроницаемых материалов, располагаемое по верхнему откосу земляных, каменно-земляных или каменно-набросных плотин. | Бөгет экраны - топырақ, тасты-топырақты немесе тасты тартып тасталған бөгеттердің жоғарғы еңісінің бойында орнатылған су өткізгіштігі аз материалдардан жасалған сүзілуге қарсы құрылғы. | |
Эксплуатационная скорость эскалатора - номинальная скорость эскалатора при работе от главного привода при максимальной эксплуатационной нагрузке в установившемся режиме. | Эскалатордың пайдалану жылдамдығы - эскалатордың негізгі жетектен максимальды пайдалану жүктемесімен белгіленген режим бойынша жұмыс істеген кезіндегі нақты жылдамдығы. | |
Эксплуатационное положение (Performance provision) - положение, которое содержит характеристики соответствия продукции своему назначению, связанные с поведением этой продукции при ее использовании (эксплуатационные характеристики). | Пайдалану ережесі (Performance provision) - өнiмнiң, оның пайдаланылу кезіндегі тәртiбiне байланысты өз мақсатына бұл өнім сәйкестiгiнің сипаттамаларынан (пайдалану сипаттамалары) тұратын ереже. | |
Эксплуатационные показатели - совокупность технических, объемно-планировочных, санитарно-гигиенических, экономических и эстетических характеристик здания, обуславливающих его эксплуатационные качества. | Пайдалану көрсеткiштерi - ғимараттың пайдалану сапасын білдіретін техникалық, көлемдiк-жайғасымдау, санитарлық-гигиеналық, экономикалық және эстетикалық сипаттамаларының жиынтығы. | |
Эксплуатационные показатели здания - совокупность технических, объемно-планировочных, санитарно-гигиенических, экономических и эстетических характеристик здания, обуславливающих его эксплуатационные качества. | Ғимараттың пайдалану көрсеткiштерi - ғимараттың пайдалану сапасын білдіретін техникалық, көлемдiк-жайғасымдау, санитарлық-гигиеналық, экономикалық және эстетикалық сипаттамаларының жиынтығы. | |
Эксплуатация - стадия жизненного цикла объекта, на которой реализуется, поддерживается и восстанавливается его качество (работоспособное состояние). | Пайдалану - нысанның өмірлік циклының сапасы (жұмысқа қабілеттілік жағдайы) іске асырылатын, қолдау көрсетілетін және қалпына келтірілетін сатысы. | |
Эксплуатация здания или сооружения - использование здания или сооружения по функциональному назначению с проведением необходимых мероприятий по сохранению состояния конструкций, при котором они способны выполнять заданные функции с параметрами, установленными требованиями технической документации. | Ғимаратты немесе имаратты пайдалану - ғимаратты немесе имаратты құрылымдардың техникалық құжаттама талаптарымен белгіленген параметрлер бойынша берілген қызметтерді орындауға қабілеттілігін сақтау жөніндегі қажетті іс-шаралардың қызметтік мақсатта жүргізілуін пайдалану. | |
Экстренная медицинская помощь в чрезвычайной ситуации (экстренная медпомощь в ЧС) - комплекс экстренных лечебно-диагностических, санитарно-эпидемиологических, лечебно-эвакуационных и лечебных мероприятий, осуществляемых в кратчайшие сроки при угрожающих жизни и здоровью пораженных состояниях, травмах и внезапных заболеваниях людей в зоне чрезвычайной ситуации. | Төтенше жағдайлар кезіндегі шұғыл медициналық көмек (ТЖ шұғыл медициналық көмек) - төтенше жағдайлар аймағында адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төнген жағдайда, жарақаттанғанда және кенет сырқаттанғанда қысқа мерзімде көрсетілетін шұғыл емдеу-диагностикалық, санитарлық-эпидемиологиялық, емдеу-эвакуациялық және емдеу іс шараларының кешені. | |
Экстренное реагирование на чрезвычайную ситуацию (экстренное реагирование на ЧС) - осуществление взаимосвязанных действий органов руководства и повседневного управления ЧС по незамедлительному получению информации о факте возникновения чрезвычайной ситуации, своевременному оповещению об этом населения и заинтересованных организаций, а также уточнению и анализу обстановки, принятию решений и организации действий сил и средств ликвидации чрезвычайных ситуаций. | Төтенше жағдайға шұғыл бейімделу (ТЖ шұғыл бейімделу) -ТЖ басшылығы мен күнделікті басқару органдарының төтенше жағдайдың туу фактісі туралы ақпаратты дереу алуы, бұл туралы халық пен мүдделі ұйымдарға деркезінде хабарлау, сондай-ақ жағдайды нақтылау және талдау, шешімдер қабылдау және төтенше жағдайларды жою күштері мен жабдықтарын ұйымдастыру жөніндегі өзара байланысты іс-әрекеттерді жүзеге асыру. | |
Экструзия - способ изготовления профилированных изделий большой длины из пластмасс и резин; заключается в непрерывном выдавливании размягченного материала через отверстие определенного сечения. | Экструзия - пластмасса мен резеңкеден жасалған ұзындығы үлкен кескінделген бұйымдарды дайындау тәсілі; жұмсартылған материалды белгілі қиылысу тесігі арқылы үзіліссіз сығымдалудан тұрады. | |
Эксцентрик замка - деталь замка, служащая для преобразования вращательного движения ручки замка в возвратно-поступательное движение засова-защелки. | Құлып эксцентригі - құлып тұтқасының айналмалы қозғалысын ысырма-тиектің ілгерілі-кейінді қозғалысқа келтіру үшін қызмет ететін құлып бөлшегі. | |
Эластичные материалы и изделия - материалы и изделия, обладающие упругими свойствами, способные восстанавливать первоначальную форму после снятия нагрузки. | Эластикалық материалдар мен бұйымдар - жүктемені алғаннан кейін алғашқы пішінін қалпына келтіруге қабілетті, серпімді қасиеттерге ие материалдар мен бұйымдар. | |
Электрическая станция, электростанция - предприятие (или электроустановка), вырабатывающее электрическую энергию, а в отдельных случаях и тепловую, путем преобразования других видов энергии. | Электр станциясы, электростанция - электр энергиясын, ал кейбір жағдайларда энергияның басқа түрлері арқылы жылу энергиясын шығаратын кәсіпорын (немесе электр қондырғы). | |
Электрический способ световой маскировки - заключается в централизованном отключении электроосвещения всего объекта или его части. | Жарықты бүркемелеудің электрлі тәсілі - барлық нысанды немесе оның бөлігін электрмен жарықтандырудан орталықтандырылған түрде ажыратылудан тұрады. | |
Электрическое замыкание на землю - случайное электрическое соединение токоведущей части непосредственно с землей или нетоковедущими проводящими конструкциями, или предметами, не изолированными от земли. | Жерге электрдің тұйықталуы - ток өткізуші бөліктің тікелей жермен немесе ток өткізуші емес өткізгіш құралымдармен, немесе жерден оқшауланған заттармен кенеттен электрлік қосылысқа ие болуы. | |
Электрическое замыкание на корпус - случайное электрическое соединение токоведущей части с металлическими нетоковедущими частями электроустановки. | Корпустың электрлік тұйықталуы - ток өткізуші бөліктің электр қондырғының ток өткізуші емес металл бөліктерімен кенеттен электрлік қосылысқа ие болуы. | |
Электрическое разделение сети - разделение электрической сети на отдельные электрически не связанные между собой участки с помощью разделяющего трансформатора. | Желінің электрлік бөлінуі - электр желісінің бөлгіш трансформатордың көмегі арқылы өзара байланысы жоқ жеке электрлі учаскелерге бөлінуі. | |
Электробезопасность - система организационных и технических мероприятий и средств, обеспечивающих защиту людей от вредного и опасного воздействия электрического тока, электрической дуги, электромагнитного поля и статического электричества. | Электр қауіпсіздігі - адамдарды электр тогының, электр доғасының, электр магнит өрісінің және статикалық электрдің зиянды және қауіпті әсерінен қорғауды қамтамасыз ететін ұйымдастыру және техникалық іс-шаралар мен жабдықтардың жүйесі. | |
Электрод - конструктивный элемент электронного, ионного или электротехнического прибора или технологической установки, представляющий собой проводник определенной формы, посредством которого участок электрической цепи, приходящийся на рабочую среду, соединяется с остальной частью этой цепи, образуемой проводами. | Электрод - белгіленген пішіндегі өткізгіш түрінде болатын электронды, ионды немесе электротехникалық құралдың немесе технологиялық қондырғының электр тізбегі бөлігінің жұмыс ортасына келетін, ал осы тізбектің қалған бөлігімен жасалған сым арқылы жалғанатын құралымдық элемент. | |
Электрозащитные средства - переносимые и перевозимые изделия, служащие для защиты людей, работающих с электроустановками, от поражения электрическим током, от воздействия электрической дуги и электромагнитного поля. | Электрқорғаныш жабдықтары - электр қондырғыларымен жұмыс істейтін адамдардың электр тогымен жарақаттануынан, электр доғасы мен электрмагнитті өріс әсерінен қорғау үшін қызмет ететін тасымалданатын және тасылатын бұйымдар. | |
Электротравма - травма, вызванная воздействием электрического тока или электрической дуги. | Электр жарақаты - электр тогының немесе электр доғасының әсерінен туындайтын жарақат. | |
Электротравматизм - явление, характеризующееся совокупностью электротравм. | Электрмен жарақаттанушылық - электр жарақаттарының жиынтығымен сипатталатын құбылыс. | |
Элемент - составная часть чего-нибудь, архитектурный, технический или механический компонент участка, здания или помещения, например, рабочее место, место отдыха, душ, телефонная кабина, дверь, управляющее устройство, ручка, поручень и т.п. | Элемент - қандай да бір заттың құрамдас бөлігі, телімнің, ғимараттың немесе бөлменің сәулеттік, техникалық немесе механикалық құраушысы, мысалы, жұмыс орны, демалыс орны, жуыну бөлмесі, телефон кабинасы, есік, басқару құрылғысы, сап, тұтқа және т.б. | |
Элемент конструкции кабины - составная часть конструкции кабины (стены, стеновые панели, потолок, пол, дверь, передаточный узел) и ее соединения, обеспечивающие требования по защите кабины. В качестве элементов конструкции могут быть использованы стены, потолок, пол и перекрытия здания при соответствии этих строительных элементов условиям защищенности. | Кабина құралымының элементі - кабина құралымының құрамдас бөлігі (қабырғалар, қабырғалық панелдер, төбе, еден, есік, берілу желісі) және оның кабинаны қорғау жөніндегі талаптарды қамтамасыз ететін қосылыстары. Құралымның элементтері ретінде құрылыс элементтерінің қорғаныш шарттарына сәйкес келетін қабырғалар, төбе, еден және ғимараттың жабыны пайдаланылуы мүмкін. | |
Элемент здания (сооружения) конструктивный - конструкция, составляющая здание или сооружение (фундамент, стена, покрытие, лестница и т.д.). | Ғимараттың (имараттың) құралымдық элементі - ғимаратты немесе имаратты құрайтын құралым (іргетас, қабырға, төбежабын, баспалдақ және т.б.). | |
Элемент конструкции - составная часть сборной или монолитной конструкции (балка, колонна, связи между колоннами и т.д.). | Құралым элементі - тұтас немесе құрастырмалы құралымның (арқалық, ұстын, ұстындар арасындағы байланыстардың және т.б.) құрамдас бөлігі. | |
Элемент строительной конструкции - составная часть строительной конструкции (ростверк, панель стены, плита перекрытия, марш лестничный, звено воздуховода, кольцо колодца, арматурный каркас монолитной железобетонной конструкции и т.д.). | Құрылыс құралымының элементі - құрылыс құралымының (топтама, қабырға панелдері, аражабын тақтасы, баспалдақ белдеуі, ауа арнасының буыны, құдық, тұтасқұйма темірбетонды құралымның арматуралы қаңқасының сақинасы және т.б.) құрамдас бөлігі. | |
Элемент схемы - составная часть схемы, которая выполняет определенную функцию в изделии и не может быть разделена на части, имеющие самостоятельное назначение и собственные условные графические и буквенно-цифровые обозначения (резистор, контакт реле, труба, насос, муфта и т.п.). | Сұлбаның элементі - бұйымдарда белгілі қызмет атқаратын және бөліктерге бөлінуі мүмкін емес, дербес мақсаты мен жеке шартты кескіндемелік және әріптік-сандық белгілері бар сұлбаның құрамдас бөлігі (резистор,түйісу релесі, құбыр, сорғы, жалғастырғыш және т.б.). | |
Элемент трубный - часть трубного узла, состоящая из двух-трех деталей, соединенных на сварке или резьбе (труба с фланцем, труба с отводом, труба с тройником, отвод с фланцем, тройник с задвижкой, отвод с задвижкой, отвод с переходом, труба с двумя фланцами, труба с фланцем и отводом и др.). | Құбыр элементі - пісіру немесе бұрау арқылы қосылған екі-үш бөлшектен тұратын құбыр желісінің бөлігі (фланцты құбыр, бұру құбыры, үштікті құбыр, фланцты бұру, ысырмалы үштік, ысырмалы бұру, тасымалды бұру, қос фланцты құбыр, фланцты бұру құбыры және т.б.). | |
Элементарная проба - часть точечной пробы заданного размера и формы, используемая для определения отдельного показателя. | Қарапайым сынама - жеке көрсеткішті анықтау үшін берілген мөлшерде және пішінде қолданылатын нүктелік сынаманың бөлігі. | |
Элементарный квадрат мозаичного паркета - набор планок одинаковой длины и ширины, уложенных кромка к кромке и образующих квадрат. | Таскесте паркетінің қарапайым шаршысы - жиегі жиегімен жапсарластырылып шаршы құрайтын ені мен ұзындығы бірдей жұқа тақтайшалар жиынтығы. | |
Элементы здания - конструкции и технические устройства, составляющие здание, предназначенные для выполнения заданных функций. | Ғимарат элементтері - ғимаратты құрау үшін берiлген қызметтерді орындауға арналған құралымдар мен техникалық құрылғылар. | |
Элементы трубопровода - патрубки (трубы), отводы, переходы, тройники, фланцы, компенсаторы, отключающая, регулирующая, предохранительная арматура, опоры, прокладки и крепежные изделия, устройства, устанавливаемые на трубопроводах для контроля и управления, конденсационные и другие детали и устройства. | Құбыр элементтері - құбыршалар (құбырлар), бұрмалар, өткелдер, үштіктер, фланцтер, компенсаторлар, ажыратқыш, реттеуші және сақтандырғыш арматура, тіреулер, аратөсемдер мен бекіту бұйымдары, құбырларда бақылау және басқару үшін орнатылған құрылғылар, конденсациялық және өзге де бөлшектер мен құрылғылар. | |
Эмалевые краски - суспензии высокодисперсных пигментов в лаках. | Эмаль бояулар - лактардағы жоғары дисперсиялы пигменттердің жүзгіндері. | |
Эмаль - 1) прочное стеклообразное покрытие, наносимое на поверхность изделия из чугуна, стали, алюминия, сплавов легких металлов электрохимическим способом; 2) суспензии высокодисперсных пигментов или их смесей с наполнителями в лаках. | Эмаль - 1) шойыннан, болаттан, алюминийден, жеңіл металдар құймасынан жасалған бұйымдардың бетіне электр химиялық тәсілмен жағылған шыны тәрізді берік жабын; 2) лактардағы жоғары диперсиялы пигменттердің немесе олардың қоспаларының жүзгіндері. | |
Эмульсионные краски, воднодисперсные краски, водноэмульсионные краски, латексные краски - суспензии пигментов и наполнителей в синтетических латексах, а также в водных эмульсиях алкидных или эпоксидных смол, битумов и др. | Эмульсиялық бояулар, судисперсиялық бояулар, суэмульсиялық бояулар, латексті бояулар - синтетикалық латекстердегі, сондай-ақ су эмульсияларындағы, алкидті немесе эпоксидті шайырлардағы, битумдардағы пигменттер мен толтырғыштардың жүзгіндері. | |
Энергетика - топливно-энергетический комплекс страны; охватывает энергетические ресурсы, получение, преобразование, передачу и использование различных видов энергии. | Энергетика - елдің жылу-энергетикалық кешені; энергетикалық ресурстарды, түрлі энергиялардың алынуын, жасалуын, берілуін және пайдаланылуын қамтиды. | |
Энерговооруженность труда - показатель уровня механизации, определяемый отношением суммарной мощности установленных двигателей к среднесписочному числу рабочих, занятых на СМР. | Еңбектің энергиямен жарақтануы - орнатылған қозғалтқыштар қуаттары қосындысының ҚЖЖ-нда жұмыс істейтін жұмысшылардың орташа тізімдік санына қатынасымен анықталатын тетік деңгейінің көрсеткіші. | |
Энергоемкость изготовления изделия - затраты электроэнергии на 1 кв.м изделия. | Бұйым жасаудың энергия сыйымдылығы - 1 шаршы метр бұйымға жұмсалатын электр энергиясының шығыны. | |
Энергоемкость удельная - отношение расхода электроэнергии на технологические операции по подготовке изделия к трудоемкости изготовления. | Меншікті энергия сыйымдылығы - электр энергиясы шығынының еңбек сыйымдылығын әзірлеу бұйымдарын дайындау жөніндегі технологиялық операцияларға қатынасы. | |
Энергосбережение - реализация правовых, организационных, научных, производственных, технических и экономических мер, направленных на эффективное использование энергетических ресурсов и на вовлечение в хозяйственный оборот возобновляемых источников энергии. | Энергияны сақтау - энергетикалық ресурстарды тиімді пайдалануға және жаңартылған энергия көздерін шаруашылық айналымға тартуға бағытталған құқықтық, ұйымдастыру, ғылыми, өндірістік, техникалық және экономикалық шараларды іске асыру. | |
Эпюра скоростей течения - график изменения осредненных скоростей по глубине или ширине потока. | Ағыс жылдамдығының эпюрасы - ағынның тереңдігі немесе ені бойынша орташаландырылған жылдамдықтарының өзгеру кестесі. | |
Эркер - выходящая из плоскости фасада часть отапливаемого помещения, частично или полностью остекленная, улучшающая его освещенность и инсоляцию. | Эркер - қасбеттің жазықтығынан сыртқа шығарылған жылытылатын бөлменің, оның жарықтануы мен инсоляциясын жақсартатын, ішінара немесе толық шыныланған бөлігі. | |
Эрлифт - устройство, аналогичное газлифту, но с использованием сжатого воздуха, применяемое для подъема жидкости или гидросмеси из буровых скважин на поверхность. | Эрлифт - газлифтіге ұқсас, бірақ қысылған ауаны пайдалана отырып, бұрғылау ұңғымаларынан сұйықтар мен гидроқоспаларды жер бетіне көтеру үшін қолданылатын құрылғы. | |
Эскалатор - подъемно-транспортное устройство с замкнутым контуром лестничного полотна для транспортирования людей с одного уровня на другой. | Эскалатор - тұйық контурлы баспалдақ тақталы, адамдарды бір деңгейден келесі деңгейге тасымалдауға арналған көтергіш-көліктік құрылғы. | |
Эскалаторный тоннель - сооружение, предназначенное для размещения наклонного участка эскалатора. | Эскалаторлық тоннель - эскалатордың көлбеу бөлігін орналастыруға арналған имарат. | |
Эскиз в технике - предварительное графическое изображение предмета, плана здания, схемы и т.п. | Техникадағы эскиз - заттың, ғимарат жоспарының, сұлбаның және т.б. алдын ала кескінделіп бейнеленуі. | |
Эскизный проект - совокупность конструкторских документов, которые должны содержать принципиальные конструктивные решения, дающие общее представление об устройстве и принципе работы изделия, а также данные, определяющие назначение, основные параметры и габаритные размеры разрабатываемого изделия. Эскизный проект после согласования и утверждения в установленном порядке служит основанием для разработки технического проекта или рабочей конструкторской документации. | Эскиздік жоба - бұйымдардың құрылғысы мен жұмыс істеу принциптері туралы жалпы мәлімет беретін, сондай-ақ әзірленетін бұйымның мақсатын, негізгі белгілері мен нақты өлшемдерін анықтайтын деректерден, принципті құралымдық шешімдерден тұруға тиісті құралымдық құжаттардың жиынтығы. Эскиздік жоба белгіленген тәртіпте келісіліп, бекітілгеннен кейін техникалық жобаны немесе құралымдық жұмыс құжаттамасын әзірлеу үшін негіздеме ретінде қызмет етеді. | |
Эскизный чертеж общего вида нетипового изделия - документ, определяющий исходную конструкцию нетипового изделия, содержащий упрощенное изображение, основные параметры и технические требования к изделию в объеме исходных данных (задания), необходимых для разработки конструкторской документации. | Типтік емес бұйымның жалпы түрінің эскиздік сызбасы - типтік емес бұйымның бастапқы құралымын анықтайтын, бастапқы деректер (тапсырмалар) көлемінде бұйымға қойылатын жеңілдетілген бейнелеулерден, негізгі параметрлерден және құралымдық құжаттаманы әзірлеуге қажетті техникалық талаптардан тұратын құжат. | |
Эстакада - надземное (надводное) открытое протяженное сооружение, состоящее из ряда опор и пролетного строения и предназначенное для пропуска транспортных средств, прокладки различных коммуникаций, для погрузо-разгрузочных работ и т.д. | Эстакада - көліктік құралдарды өткізу, әр түрлі коммуникацияларды төсеу, тиеу-түсіру жұмыстары үшін және т.б. арналған тіреулер қатары мен аралық құрылымнан тұратын ашық созылған жер үсті (су үсті) имараты. | |
Эстакада железнодорожная сливоналивная - сооружение у специальных железнодорожных путей, оборудованное сливоналивными устройствами, обеспечивающее выполнение операций по сливу нефти и нефтепродуктов из железнодорожных цистерн или их наливу. | Теміржол құю-құйып алу эстакадасы - арнайы теміржол қатынастарындағы құю-құйып алу құрылғыларымен жабдықталған, теміржол шанаштарынан мұнай мен мұнай өнімдерін құйып алу немесе құю жөніндегі операциялардың орындалуын қамтамасыз ететін имарат. | |
Этаж - часть здания, ограниченная по высоте полом и перекрытием или полом и покрытием. | Қабат - биіктігі бойынша ғимараттың еден және аражабынмен немесе еден және жабынмен шектелетін бөлігі. | |
Этаж мансардный - этаж с жилыми и/или нежилыми помещениями, размещаемый внутри чердачного пространства, фасад которого полностью или частично образован поверхностью (поверхностями) наклонной или ломанной крыши, при этом линия пересечения плоскости крыши и фасада должна быть на высоте не более 1,5 метра от уровня пола мансардного этажа. | Мансардалы қабат (мансарда) - шатырлы кеңістіктегі, қасбеті көлбеу және тік құлама төбенің бетінде (беттерінде) толық және ішінара салынған қабат, бұл жағдайда шатыр мен қасбет жазықтықтарының қиысу сызығы мансардалық қабат едені деңгейінен 1,5 м-ден аспайтындай жоғары биікте болуға тиіс. | |
Этаж надземный - этаж с отметкой пола помещений не ниже планировочной отметки земли. | Жерүсті қабаты - бөлменің еден белгісі жайғасымдағы жер белгісінен төмен болмайтын қабат. | |
Этаж первый - нижний надземный этаж дома. | Бірінші қабат - үйдің жер үстіндегі төменгі қабаты. | |
Этаж подвальный (подвал) - этаж с отметкой пола ниже планировочной отметки земли более чем на половину высоты расположенных в нем помещений. | Жертөле қабаты (жертөле) - еден белгісі жердің жайғасым белгісінен онда орналасқан жайлардың биіктігінің жартысына қарағанда төмен қабат. | |
Этаж технический - этаж для размещения инженерного оборудования и прокладки коммуникаций и может быть расположен в нижнем (техническое подполье) и/или верхнем (технический чердак) ярусах. В отдельных случаях технический этаж может занимать один из средних надземных этажей. | Техникалық қабат - инженерлік құрал-жабдықтар орналастыруға және коммуникациялар жүргізуге арналған қабат; төменгі (техникалық еденастында) және/немесе жоғарғы (техникалық шатырда) қабаттарда орналасуы мүмкін. Жекелеген жағдайларда орташа жерасты қабаттарының бірін алуы мүмкін. | |
Этаж цокольный — этаж при отметке пола помещений ниже планировочной отметки земли на высоту не более половины высоты помещений. | Шығыңқы іргелік қабат - бөлменің еден белгісі жоспарланған жер белгісінен төмен,жер асты биіктігі бөлме биіктігінің жартысынан аспайтын қабат. | |
Этажерка - многоярусное каркасное сооружение (без стен), свободно стоящее в здании или вне его, предназначенное для размещения на перекрытиях технологического и прочего оборудования и транспортных средств. | Үлдірік - ғимарат ішінде немесе оның сыртында еркін тұратын, технологиялық және басқа да жабдықтарды, көлік құралдарын аражабындарда орналастыруға арналған көп қабатты қаңқалы (қабырғасыз) имарат. | |
Этажность здания - число этажей здания, включая все надземные этажи, технический и цокольный, если верх его перекрытия находится выше средней планировочной отметки земли не менее чем на 2 м. | Ғимараттың қабаттылығы - барлық жер үстіндегі қабаттарды, егер жабынының беті жердің орташа жоспарлау белгісінен 2 м кем болмайтын техникалық және шығыңқы іргелі қабаттарды қоса алғандағы ғимарат қабаттарының саны. | |
Эталонный песок - кварцевый природный песок, содержащий прежде всего округленные зерна, с нормированным зерновым и химическим составом, предназначенный для сравнительных испытании стандартного полифракционного песка. | Эталонды құм - стандартты полифракциялық құмның салыстырмалы сынау үшін тағайындалған нормаланған түйіршікті және химиялық құрамдағы ең алдымен, дөңгелек түйіршіктерден тұратын кварцты табиғи құм. | |
Ядро плотины - противофильтрационный элемент центральной части грунтовой плотины, выполненный в виде стенки из маловодопроницаемого грунта. | Бөгет ядросы - су өткізгіштігі аз топырақтан қабырға түрінде орындалған топырақ бөгеттің орталық бөлігіндегі сүзілуге қарсы элемент. | |
Ярус - часть здания (сооружения), условно ограниченная по высоте и представляющая собой единое целое в объемно-планировочном, техническом или конструктивном отношении. | Қаттама - көлемдік-жайғастыру, техникалық немесе құралымдық қатынастарды біріктіретін, биіктігі бойынша шартты түрде шектелетін ғимараттың (имараттың) бөлігі. | |
Ячеистый бетон - легкий бетон, структура которого характеризуется наличием значительного количества (до 85% объема) пор (ячеек). | Ұяшықты бетон - құрылымы кеуегінің (ұяшықтарының) елеулі санымен (көлемінің 85 %-на дейін) сипатталатын жеңіл бетон. | |
Ячейка (первичный объемно-планировочный элемент) - элементарная (первоначальная, основная) часть объема одноэтажного здания или одного из этажей многоэтажного здания, ограниченная основными координационными плоскостями и характеризующаяся ее основными координационными размерами (геометрическими параметрами) - модульными пролетом, шагом и высотой этажа, а также основными параметрами размещаемого в ней подвесного или опорного подъемно-транспортного оборудования. | Ұяшық (алғашқы көлемдік-жайғастыру элементі) - бір қабатты ғимараттың немесе көп қабатты ғимараттың бір ғимаратының негізгі үйлестіру жазықтықтармен шектелген және оның негізгі үйлестіру мөлшерлерімен (геометриялық параметрлерімен) - модулдық аралығымен, қадамымен және қабат биіктігімен, сондай-ақ онда орналасқан аспалы немесе көтергіш-көліктік жабдықтың негізгі параметрлерімен шектелетін көлемінің элементарлық (алғашқы, негізгі) бөлігі. |
Документ показан в демонстрационном режиме!
Утвержден и введен в действие приказом Председателя Комитета по делам строительства и жилищно-коммунального хозяйства Министерства индустрии и торговли Республики Казахстан от 18 мая 2005 года № 125 с 1 ноября 2005 года
Данная редакция действовала до внесения изменений от 19.10.2007 г.
Список использованной литературы
1. ГОСТ 12.0.002-80* «ССБТ. Термины и определения».
Полная версия