«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиарды айқындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қазандағы № 852 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.11.2016 жылғы № 652 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2016 жылы № 216 (28944) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Редакция 22.02.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдары астық қолхаттарын шығару арқылы қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялауды жүзеге асыратын лицензиар болып айқындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 02.11.2016 жылғы № 652 Қаулысына сәйкес (28.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.11.2016 жылы № 216 (28944) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 05.02.2020 жылғы № 38 Қаулысына сәйкес (02.11.2016 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.02.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 78-құжат);
2) «Астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметі бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1635 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 25 қыркүйектегі № 1005 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж, № 57, 783-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия