Осы Заң ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен еркін алу және тарату жөніндегі әркімнің конституциялық құқығын іске асыру нәтижесінде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
Ақпаратқа қол жеткізу туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V Заңы
«Ақпаратқа қол жеткізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы" ҚР Премьер-Министрінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 142-ө Өкімін қараңыз
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) ақпарат – кез келген нысанда тіркелген тұлғалар, заттар, фактілер, оқиғалар, құбылыстар және процестер туралы мәліметтер;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) ақпаратқа қол жеткізу – мемлекет кепілдік берген, Қазақстан Республикасының Конституциясында және заңдарында бекітілген, ақпаратты заңмен тыйым салынбаған кез келген тәсілмен әркімнің еркін алу және тарату құқығы;
2-1) ақпаратқа қол жеткізу саласындағы уәкілетті орган – ақпаратқа қол жеткізу саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) ақпарат пайдаланушы – ақпаратты сұрататын және (немесе) пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
4) ашық бюджеттердің интернет-порталы – бюджеттік есептілікті, шоғырландырылған қаржылық есептілікті, азаматтық бюджетті мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау нәтижелерін орналастыруды, сондай-ақ бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік бағдарламаларды іске асыру туралы есептерді жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
4-тармақша өзгертілді ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңымен (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 4-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ашық деректер – машинада оқылатын түрде ұсынылған және одан әрі пайдалануға, өзгертілмеген түрде қайта жариялауға арналған деректер;
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) ашық деректердің интернет-порталы – ашық деректер бойынша сипаттаушы және сілтемелік ақпараттың орталықтандырылған сақталуын қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
6-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) ашық диалогтың интернет-порталы – мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы арқылы ақпарат пайдаланушылардың сұрау салуды жіберу, сондай-ақ ақпарат пайдаланушылардың интернет-конференцияларға және сауалнамаларға қатысу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-1-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 6-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
7) ашық нормативтік құқықтық актілердің интернет-порталы – жария талқылау рәсімін жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілердің жобаларын және осы Заңға сәйкес өзге де ақпаратты орналастыруды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.03.2021 жылғы № 15-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) қол жеткізу шектелген ақпарат – мемлекеттік құпияларға, жеке басының құпиясына, отбасылық, банктік, коммерциялық құпияға, медицина қызметкерінің құпиясына және (немесе) заңмен қорғалатын өзге де құпияларға жатқызылған ақпарат, қолжетімділігі шектеулі дербес деректер, сондай-ақ «Қызмет бабында пайдалану үшін» деген белгісі бар қызметтік ақпарат;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2021 жылғы № 96-VII Заңына сәйкес (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.03.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8-1) мемлекет жүз пайыз қатысатын тұлғаларды қоспағанда, квазимемлекеттік сектор субъектілері бірінші басшыларының блог-платформасы – азаматтардың сұрау салуды жіберу және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің бірінші басшыларынан оларға жауап алу мүмкіндігін қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
9) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарының бірыңғай платформасы – мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарын орналастыруға арналған технологиялық платформа;
11) мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін бағалау интернет-порталы – мемлекеттік органдардың қызметін бағалау туралы ақпаратты, стратегиялық жоспарлардың және аумақтарды дамыту бағдарламаларының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есептерді орналастыруды, сондай-ақ мемлекеттік органдар қызметін жария талқылауды қамтамасыз ететін ақпараттандыру объектісі;
11-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 11-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-1-тармақша өзгертілді ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 11-1-тармақша алынып тасталды ҚР 30.12.2022 № 177-VII ҚРЗ Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 12.01.2023 жылдан бастап)
Полная версия