1. Мемлекеттік қызметті екі және одан көп облыстың аумағында орналасқан балық шаруашылығы су айдындарында ғылыми-зерттемелік аулау мақсатында Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 01.12.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 шілдедегі № 18-03/680 бұйрығына 9-қосымша
«Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 1 желтоқсаннан бастап ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 16.11.2020 жылғы № 286 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) немесе қағаз түрінде.
Өтінімді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі;
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz, www.elicense.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат не «Жануарлар дүниесі саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 18-03/390 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11774 болып тіркелген) бекітілген «Жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі – стандарт) 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) іс-қимылдары тәртібінің сипаттамасы
4. Стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішінің болуы мемлекеттік қызмет көрсету жөніндегі рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіз болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындау ұзақтығы:
көрсетілетін қызметті алушылардан портал арқылы не қағаз жеткізгіште мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішін келіп түскен күні көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе жұмыскерінің тіркеуі және оны көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарауына беруі.
Өтініш қағаз жеткізгіште келіп түскен жағдайда, орындаушы ол портал арқылы келіп түскен күні барлық жолдарын толтыра және қағаз жеткізгіште ұсынылған қажетті құжаттардың сканерленген көшірмелерін қоса бере отырып, тіркеу жүргізеді;
көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінде тіркеу және көрсетілетін қызметті беруші басшылығының құжаттың мазмұнымен танысып, қарар қойып, құжатты 1 (бір) жұмыс күні ішінде жауапты қызметкерге (орындаушы) беруі;
орындаушының көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың шынайылығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін қарауы;
бас тарту үшін негіздеме болмаған жағдайда:
тиісті шешім әзірлеу;
көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесіне қол қоюы;
кеңсенің мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесін тіркеуі;
Полная версия