Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы
  Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2023 жылғы № 188-VІІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2027 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды ҚР 01.07.2024 жылғы № 107-VIII Заңына сәйкес (05.07.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) «А» корпусы – Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметіне кірудің, оны өткеру мен тоқтатудың ерекше тәртібі, сондай-ақ арнайы біліктілік талаптары көзделген басқарушылық деңгейдегі мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2020 жылғы № 357-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 03.07.2020 жылғы № 357-VI Заңына сәйкес (27.12.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 17.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) «Б» корпусы – «А» корпусына енгізілмеген мемлекеттік әкімшілік лауазымдар;
4) бонус – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мемлекеттік қызметшілерге қызметінің тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша белгіленетін ақшалай төлем;
5) бiлiктiлiк талаптары – мемлекеттiк лауазымға орналасуға үмiткер азаматтарға білімі, жұмыс тәжірибесі және құзыреттері бойынша қойылатын талаптар;
5-1) келісімшарттық қызметшінің келісімшарты – мемлекеттік орган мен Қазақстан Республикасының азаматы арасындағы оның құқықтары мен функционалдық міндеттерін, еңбек жағдайларын, сондай-ақ еңбек нәтижелерімен (сандық және (немесе) сапалық көрсеткіштер) өзара байланысты еңбекке ақы төлеу жағдайларын, еңбек нәтижелеріне қол жеткізбегені үшін жауапкершілігін және басқа да жеке жағдайларды белгілейтін еңбек шарты;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 20.03.2023 жылғы № 214-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасының мемлекеттiк қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) – мемлекеттiк қызметшiлердiң мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк билiктiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыруға бағытталған лауазымдық өкiлеттiктерді атқару жөнiндегi қызметi;
7) құзыреттер – нақты мемлекеттік лауазымда кәсіби қызметті тиімді түрде атқару үшін қажетті білімнің, икемнің және дағдылардың жиынтығы;
8) лауазымды адам – билiк өкiлiнiң функцияларын тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдік немесе әкiмшiлiк-шаруашылық функцияларды атқаратын адам;
9) лауазымдық өкiлеттiктер – нақты мемлекеттiк лауазыммен көзделген, мемлекеттiк қызметшiлер өз қызметiн жүзеге асыратын мемлекеттiк органдардың алдында тұрған мақсаттар мен мiндеттерге сай келетін құқықтар мен мiндеттер;
9-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 9-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.04.2016 жылғы № 484-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 08.04.2016 жылы № 66 (28794) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9-1-тармақша алынып тасталды ҚР 26.11.2019 жылғы № 273-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) мемлекеттiк әкiмшiлiк қызметшi – Қазақстан Республикасының заңдарында және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерінде көзделген жағдайларды қоспағанда, өз қызметін тұрақты немесе сайланған кәсіби негізде жүзеге асыратын мемлекеттiк қызметшi;
10-тармақша өзгертілді ҚР 24.05.2021 жылғы № 42-VII Заңымен (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.06.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11) мемлекеттік әкімшілік лауазымның санаты – мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың жиынтығы;
11-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.03.2023 жылғы № 214-VII Заңына сәйкес (03.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12) мемлекеттiк қызметшi – мемлекеттiк органда Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен республикалық немесе жергiлiктi бюджеттерден не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң және (немесе) Қазақстан Республикасының заңсыз иемденілген активтерді мемлекетке қайтару туралы заңнамасында айқындалған Арнаулы мемлекеттік қордың қаражатынан ақы төленетiн мемлекеттiк лауазымды атқаратын және мемлекеттiң мiндеттерi мен функцияларын iске асыру мақсатында лауазымдық өкiлеттiктерді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы;
12-тармақша өзгертілді ҚР 12.07.2023 жылғы № 23-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 24.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13) мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдебі (бұдан әрі – қызметтік әдеп) – Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексіне сәйкес қызметтік әдеп стандарттарында белгіленген мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық қағидалары;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 20.03.2023 жылғы № 214-VII Заңына сәйкес (03.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi