Киберқауіпсіздік туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы
Осы Заңның тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (17.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (17.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бөлімнің тақырыбы алынып тасталды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (17.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (30.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4-тармақша өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
29-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.12.2023 жылғы № 44-VIII Заңына сәйкес (10.07.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.02.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
25-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңымен (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 09.01.2026 жылғы № 256-VIII Заңына сәйкес (17.11.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) ақпаратты қорғау құралы – ақпаратты қорғауды қамтамасыз етуге арналған және пайдаланылатын бағдарламалық қамтылым, техникалық және өзге де құралдар;
2) артықшылықты құқықтары бар пайдаланушы – цифрлық объектіге қол жеткізу құқықтары жоғары, оның жұмыс істеуінің штаттық пайдалану жағдайларын қамтамасыз ететін пайдаланушы;
3) аса маңызды цифрлық объектілер – жұмыс істеуінің бұзылуы немесе тоқтауы қолжетімділігі шектелген дербес деректерді және заңмен қорғалатын құпияны қамтитын өзге де мәліметтерді заңсыз жинауға және өңдеуге, әлеуметтік және (немесе) техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына немесе қорғаныс, қауіпсіздік, халықаралық қатынастар, экономика, шаруашылықтың жекелеген салалары үшін немесе тиісті аумақта тұратын халықтың тыныс-тіршілігі, оның ішінде жылумен жабдықтау, электрмен жабдықтау, газбен жабдықтау, сумен жабдықтау, өнеркәсіп, денсаулық сақтау, байланыс, банк саласы, көлік, гидротехникалық құрылысжайлар, құқық қорғау қызметі, «цифрлық үкімет» инфрақұрылымы үшін елеулі теріс салдарға алып келетін цифрлық объектілер;
5) домендік атау – Интернетті адрестеу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған, белгілі бір желілік мекенжайға сәйкес келетін және Интернет объектісіне атауы бойынша жүгінуге арналған символдық (әріптік-цифрлық) белгіленім;
6) зиянды бағдарлама – цифрлық деректерге санкцияланбаған қол жеткізуді, оларды жоюды, бұғаттауды, модификациялауды не көшіруді жүзеге асыруға, сондай-ақ цифрлық объектілердің жұмыс істеуін бұзуға мүмкіндік беретін жасалған немесе қолданыстағы бағдарлама немесе енгізілген өзгерістері бар бағдарламалық өнім;
7) Интернетке қол жеткізудің бірыңғай шлюзі – Интернетке және (немесе) Интернетке шығатын байланыс желілеріне қол жеткізу кезінде цифрлық объектіні қорғауға арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
10) киберқауіпсіздік зерттеушісі – киберқауіпсіздікті зерттеушілермен өзара іс-қимыл жасау бағдарламасына қатысатын киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы маман;
12) киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі – цифрлық объектінің оқиғаларды тіркеу журналдарын жинау және талдау арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын автоматтандырылған түрде анықтауға арналған бағдарламалық қамтылым немесе аппараттық-бағдарламалық кешен;
13) киберқауіпсіздік оқиғаларының мониторингі – киберқауіпсіздік оқиғаларын басқару жүйесі арқылы киберқауіпсіздік оқиғаларын анықтау және сәйкестендіру мақсатында цифрлық объектіні тұрақты қадағалау;