Близость слов: Окончание:





Ақпараттандыру туралы  
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 24 қарашадағы № 418-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 05.07.2024 жылғы № 115-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 07.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында, ақпараттандыру объектілерін құру, дамыту және пайдалану кезінде, сондай-ақ ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын дамытуды мемлекеттік қолдау кезінде мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын ақпараттандыру саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-БӨЛІМ. АҚПАРАТТАНДЫРУ САЛАСЫНДАҒЫ ҚАТЫНАСТАРДЫ РЕТТЕУ НЕГІЗДЕРІ
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) автоматтандыру – ақпаратты жасауды, іздестіруді, жинауды, жинақтауды, сақтауды, өңдеуді, алуды, пайдалануды, өзгертуді, көрсетуді, таратуды және беруді оңтайландыру үшін ақпараттық-коммуникациялық технологиялар құралдарын пайдалану процесі;
2) ақпараттандыру – ақпараттандыру субъектілерінің қызметін автоматтандыруға бағытталған ұйымдастырушылық, әлеуметтiк-экономикалық және ғылыми-техникалық процесс;
3) ақпараттандырудың сервистік моделі – ақпараттық-коммуникациялық көрсетілетін қызметтерді сатып алу арқылы мемлекеттік функцияларды автоматтандыру және олардан туындайтын мемлекеттік қызметтерді көрсету;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (30.11.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңына сәйкес (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1-тармақша алынып тасталды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 3-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-2-тармақша алынып тасталды ҚР 14.07.2022 жылғы № 141-VII Заңымен (01.07.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) ақпараттандыру объектілері – электрондық ақпараттық ресурстар, бағдарламалық қамтылым, интернет-ресурс және ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым;
4-тармақша өзгертілді ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңымен (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) ақпараттандыру объектілерінің иеленушісі – ақпараттандыру объектілерінің меншік иесі заңда немесе келісімде айқындалған шектерде және тәртіппен ақпараттандыру объектілерін иелену және пайдалану құқықтарын берген субъект;
5-1) ақпараттандыру объектілерінің интеграциясы – деректерді берудің Қазақстан Республикасында пайдаланылатын стандарттық хаттамалары негізінде ақпараттандыру объектілері арасындағы ақпараттық өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
6) ақпараттандыру объектілерінің сыныптауышы (бұдан әрі – сыныптауыш) – ақпараттандыру объектілерін сәйкестендіруге және сипаттауға бағытталған санаттардың жүйеленген тізбесі;
6-1) ақпараттандыру объектісін дамыту – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісінің жұмыс істеуін оңтайландыру және (немесе) функционалын кеңейту мақсатында өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген оның қосымша функционалдық талаптарын іске асыру, сондай-ақ оны жаңғырту жөніндегі іс-шаралар кешені жүзеге асырылады;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) ақпараттандыру объектісін ендіру – автоматтандыру объектісі мен персоналды дайындауды, іске қосуды реттеу жұмыстарын, алдын ала және қабылдап алу сынақтарын жүргізуді қамтитын ақпараттандыру объектісін қолданысқа енгізу жөніндегі іс-шаралар кешенін жүргізуге бағытталған ақпараттандыру объектісін құру немесе дамыту кезеңі;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-3) ақпараттандыру объектісін қолдап отыру – өнеркәсіптік пайдалануға енгізілген ақпараттандыру объектісін оған жаңғырту жүргізбестен және қосымша функционалдық талаптарды іске асырмастан және оның тұтастығы сақталған жағдайда, бағдарламалық қамтылымға түзету, түрлендіру жүргізу және оның ақауларын жою жөніндегі іс-шараларды қамтитын, мақсатына сәйкес пайдалануды қамтамасыз ету;
1-бап 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-4) ақпараттандыру объектісін құру – ақпараттандыру объектісінің өмірлік циклінің кезеңі, осы кезең ішінде ақпараттандыру объектісін әзірлеуге, тәжірибелік пайдалануға, ендіруге, сондай-ақ оның жұмыс істеуі үшін қажетті техникалық құралдар кешенін және бағдарламалық қамтылымды иеленуге және (немесе) мүліктік жалдауға (жалға беруге) бағытталған ұйымдастырушылық және техникалық іс-шаралар кешенін іске асыру жүзеге асырылады;
1-бап 6-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 30.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi