Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 21 қазандағы № 18-02/937 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қарашада № 12296 болып тіркелді
2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 77-бабы 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 21 қазандағы
 № 18-02/937 бұйрығымен
 бекітілген
Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары 
1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 77-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік орман қоры учаскелерінде селекциялық-тұқым шаруашылығы мақсатындағы объектілерді аттестаттау мен есепке алу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) орман тұқымы плантациялары (бұдан әрі – ОТП) – тұқым қуалаушылық қасиеттері құнды тұқымдар алуға арналған екпелер селекциясының әртүрлі әдістерін қолдану негізінде жасанды жолмен құрылатын плантациялар;
2) тұрақты орман тұқым учаскелері (ТОТУ) – ұзақ уақыт кезеңі бойына қалыпты және жақсартылған тұқымдар алу үшін арнайы қалыптастырылған аналық екпелер. ТОТУ шығу тегі табиғи (жасанды сирек жағдайда) жоғары өнімді, жоғары сапалы екпелерде отырғызылады;
3) артықшылығы бар екпелер – орман өсірудің белгілі бір жағдайларына арналған өнімділігі жоғары және тұрақты екпелер;
4) аналық плантациялар – оларды жаппай көбейту және шабыққа кейіннен ұластыру үшін сап дайындау мақсатында артықшылығы бар ағаштардың вегетативтік тұқымын пайдалана отырып құрылатын плантациялар;
5) клондық ОТП – артықшылығы бар немесе элиталық ағаштардың вегетативтік ұрпағын (клондарын) пайдалана отырып құрылатын ОТП;
6) тұқымдас ОТП – артықшылығы бар ағаштардың тұқымдарынан өсірілген екпелерді немесе көшеттерді отырғыза отырып құрылған ОТП;
Полная версия
ИС BestProfi