Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі 498 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 қазанда 12219 болып тіркелді
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.12.2015 жылғы № 653 Бұйрығына сәйкес (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1313 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Бұйрықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес (29.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1313 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермеді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес
Кіріспенің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтіні өзгермеді ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған, толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.12.2015 жылғы № 653 Бұйрығына сәйкес (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1313 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес (29.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. «Этил спиртін өндірудің технологиялық желілерін спирт өлшейтін аппараттармен, алкоголь өнімін (шарап материалынан және сырадан басқа) өндіруді - уәкілетті органға нақты уақыт режимінде өндіру көлемі туралы деректерді автоматты түрде беруді қамтамасыз ететін есептеуші бақылау аспаптарымен жарақтау жөніндегі талаптарды, сондай-ақ олардың жұмыс істеуін және этил спирті мен алкоголь өнімінің есепке алынуын жүзеге асыруды бақылау тәртібін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 19 қаңтардағы № 36 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10315 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 наурызда жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны ресми жариялауға мерзімдік баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесіне жолдауды;
Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары
Қағиданың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 14.12.2015 жылғы № 653 Бұйрығына сәйкес (29.09.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Қаржы министрінің 15.12.2021 жылғы № 1313 Бұйрығына сәйкес (14.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес (29.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) этил спирті мен алкоголь өнімдерін өндіруді бақылауды қамтамасыз ету мақсатында «Этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірілуін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 4-бабы 2-тармағының 4) тармақшасына сәйкес әзірленді және толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өндiрiсiнен басқа, этил спиртiн және (немесе) алкоголь өнiмiн өндiрудiң технологиялық желiлерiн есепке алудың бақылау аспаптарымен жарақтандыру, олардың жұмыс iстеу және есепке алынуын жүзеге асыру тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес (29.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Толысылған шарап (шарап материалы), сондай-ақ өндiрiстiк қуаты жылына төрт жүз мың декалитрден төмен сыра қайнату өнімі өндiрiсiнен басқа, этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіру технологиялық желілері есепке алудың бақылау аспаптарымен (бұдан әрі – ЕАБА) жарақтандырылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 10.11.2023 жылғы № 1184 Бұйрығына сәйкес (29.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. ЕАБА деректерінің Операторы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне ЕАБА деректерін автоматтандырылған нақты уақыт режимінде беруді қамтамасыз етеді.
5. Этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруші ЕАБА арқылы өнірілетін этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өлшеуді және есептеуді қамтамасыз етеді.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 13.04.2022 жылғы № 404 Бұйрығына сәйкес (15.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6. ЕАБА және олардың құрамдастарын сатып алуды, орнатуды, қызмет көрсетуді, жөндеуді, сондай-ақ олардың қосалқы (жинақтауыш) бөлшектерін сатып алуды, ЕАБА жалпыға ортақ пайдаланылатын телекоммуникация желісімен қамтамасыз етуді этил спирті мен (немесе) алкоголь өнімдерін өндіруші - зауыттар жүзеге асырады.