2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман Кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 6 қарашада № 12249 болып тіркелді
1. Қоса беріліп отырған Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 7 қазандағы № 18-02/897 бұйрығымен бекітілген
Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары
1. Негізгі ережелер
1. Осы Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 79-бабының 2-тармағына сәйкес әзірленді және ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдар мен отырғызу материалын пайдалану, олардың орнын ауыстыру тәртібін айқындайды.
2. Пайдалану және орнын ауыстыру:
1) тұқымдар мен отырғызу материалын – ормандарды молықтыру мен орман өсіру кезінде тұқымдар мен отырғызу материалын пайдаланудың географиялық және экологиялық таралу аймағы (ауыстыру шекарасы) регламенттелетін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2012 жылғы 19 наурыздағы № 25-02-02/110 «Орман тұқымдарын аудандастыруын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7581 тіркелген) қатаң сәйкестікте жүзеге асырылады;
2) отандық тұқымдар мен отырғызу материалын – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 8-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12032 тіркелген) сәйкес нысан бойынша карантиндік сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады;
3) импорттық тұқымдар мен отырғызу материалын – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің «Қазақстан Республикасының аумағын карантиндiк объектiлерден және бөтен тектi түрлерден қорғау жөнiндегi қағидаларды бекіту туралы» 2015 жылғы 29 маусымдағы № 15-08/590 бұйрығына 3-қосымшаға (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тізілімінде № 12032 тіркелген) сәйкес нысан бойынша фитосанитариялық сертификаттары болған жағдайда жүзеге асырылады.
3. Импорттық тұқымдар мен отырғызу материалы интродукциялық-карантиндік тұқымбақтарда карантиндік объектілермен және басқа да аса қауіпті зиянды организмдермен жасырын залалданудың бар-жоғына тексерілуге жатады.
2. Ормандарды молықтыру мен орман өсіру үшін тұқымдарды пайдалану мен олардың орнын ауыстыру тәртібі
Полная версия