Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы 18-02/924 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 қарашада № 12268 болып тіркелді
Редакция 05.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр А. Мамытбеков
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 қазандағы № 18-02/924 бұйрығымен бекітілген
Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеру жүргізу қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 8 шілдедегі Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 26-бабының 6-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және мемлекеттік орман иеленушілердің орманды шолып, тексеруді жүргізудің тәртібін анықтайды.
2. Орманды шолып, тексеру жүргізу мерзімдері мен мақсаттарына қарай жоспарлы, жоспардан тыс және бақылама тексеру болып бөлінеді.
2. Орманды шолып тексеру жүргізу тәртібі
3. Орманды шолып, тексеруді мемлекеттік орман иеленушілер ұйымдастырады және жүргізеді. Оны жүргізу үшін мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен құрамында үш және одан көп адам болатын комиссия құрылады және осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орманды шолып, тексеру жүргізу кестесі бекітіледі.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Экология және табиғи ресурстар министрінің 18.04.2023 жылғы № 127 Бұйрығына сәйкес (30.01.2017 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.05.2023 жылдан бастап)
4. Жоспарлы және жоспардан тыс орманды шолып тексерулер жүргізу кезінде комиссия құрамына: орман шаруашылығының барлық санаттағы инженерлері, орманшылар, орманшылардың көмекшілері, орман шеберлері, ормандарды күзету, қорғау, молықтыру және орман пайдалану мәселелерімен айналысатын мемлекеттік орман иеленушілердің мемлекеттік инспекторлары мен басқа да қызметкерлері енгізіледі.
5. Орманды шолып, тексеру жүргізу мемлекеттік орман иеленуші ұйымның бірінші басшысының бұйрығымен орманды шолу бекітіп берілген орман күтушінің қатысуымен өткізіледі.
Полная версия