1. «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі «KAZNEX INVEST» экспорт және инвестициялар ұлттық агенттігі» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Внимание! Документ утратил силу с 03.08.2018
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 7 қазандағы № 981 бұйрығына 6-қосымша
«Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2018 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2018 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес
1. Жалпы ережелер
Өтініштерді қабылдауды және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беруді көрсетілетін қызметті беруші жүзеге асырады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі – экспорттаушыларды сервистік қолдауға жасалған шарт болып табылады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Экспорттаушы 2020» және «Өнімділік 2020» бағдарламалары шеңберінде көрсетілетінмемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы»Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министірінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12060 тіркелген) бекітілген «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) бір күн ішінде көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің маманымен тіркеу нөмірі және күн көрсетілген өтінімді қабылдау және тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшесінің өтінімді сегіз жұмыс күні ішінде қарастыруы;
3) көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында мемлекеттік қызмет көрсету туралы шартты он жұмыс күні ішінде дайындау;
4) көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушы арасында экспорттаушыларды қолдау туралы екі жұмыс күні ішінде шарт жасау.
6. Мына рәсімдерді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету рәсімінің іс-қимыл нәтижесі:
1) көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттарын көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу және оларды көрсетілетін қызметті берушінің басшысына беру;
2) өтінім түйіндемесі;
3) шарттың жобасы;
4) шарт жасасу.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
7. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті беруші құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) көрсететін қызметті берушінің басшылығы;
2) құрылымдық бөлімше басшысы;
3) көрсететін қызметті берушінің жауапты орындаушы;
4) көрсететін қызмет беруші кеңсесінің маманы.
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау:
1) он бес минут ішінде кеңсе маманымен тіркеу нөмірі мен күні көрсетілген құжаттар тіркеліп, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына беріледі;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы бұрыштама жасайды да, құжаттарды он бес минут ішінде құрылымдық бөлімше басшысына қарастыруға береді;
3) құрылымдық бөлімше басшысы он бес минут ішінде жауапты орындаушыны анықтайды, құжаттарды қарастыруға береді;
4) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы ұсынылған құжаттар толық болмаған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде қарастырудан бас тартады және қөрсетілетін қызметті алушыға ескертпелер жазылған хат дайындайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы алты жұмыс күн ішінде өтінімде көрсетілетін қызметті алушының «экспорттаушыларды сервистік қолдау» қызметіне қатысушыларға қойылатын талаптарға толық сәйкестігін қарастырады, экспортаушыларды сервистік қолдаудың таңдалған құралының түріне байланысты мемлекеттік қызметті ұсыну шарттары мен мерзімдері туралы көрсетілетін қызметті алушыны хабардар етеді;
6) көрсетілетін қызметті берішінің жауапты орындаушысы он жұмыс күні ішінде:
құрылымдық бөлімше басшысымен өтінім түйіндемесін және ұсынылған құжаттарды келіседі;
көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының арасындағы экспорттаушыларды сервистік қолдау туралы шарт жобасын дайындайды;
7) көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушымен экспорттаушыларды сервистік қолдау туралы шартты екі жұмыс күні ішінде жасайды.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) халыққа қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік қызметін көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
«Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне қосымша
«Экспорттаушыларды сервистік қолдау» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестер анықтамалығы
Полная версия