Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Регламенттің атауы жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Осы Регламент күшін жойды 2018 жылғы 3 тамыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 15.06.2018 жылғы № 451 Бұйрығына сәйкес
1. Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) «Қазақстандық индустрия дамыту институты» акционерлік қоғамы (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) және кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – КҚКО) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Мемлекеттік кызметті көрсету үшін өтініштерді қабылдау көрсетілетін қызметті беруші немесе КҚКО арқылы жүзеге асырылады, ал нәтижелерді беру көрсетілетін қызметті беруші арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – шығындардың орнын толтыру жөніндегі келісім.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылдар тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме «Отандық өнделген тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің экспортын дамыту мен жылжытуға және еңбек өнімділігін арттыруды қолдауға бағытталған мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 31 шілдедегі № 839 бұйрығымен (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 12060 болып тіркелген) бекітілген Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағына сәйкес өтінімді ұсыну болып табылады.
4-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінің немесе КҚКО маманының өтінімді бір жұмыс күні ішінде қабылдауы және тіркеуі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
3. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібінің сипаттамасы
5) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманы.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
1) көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің немесе КҚКО маманының он бес минуттың ішінде өтінімді қабылдауы және тіркеуі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы бұрыштама жасайды және оларды он бес минуттың ішінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлемшесінің басшысына қарастыруға жібереді;
4) жауапты орындаушы көрсетілетін қызметті алушының өтінімін ұсынылған құжаттар топтамасының толық екендігіне тексереді және ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, үш жұмыс күні ішінде ескертпелер жазылған хат дайындайды;
5) жауапты орындаушы ұсынылған құжаттар топтамасының толық болған жағдайында, жеті жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушы өтінімінің қойылатын талаптарға сәйкестігін тексереді және шығындарды өтеу мүмкіндігі туралы шешім қабылдайды;
6) жауапты орындаушы ұсынылған талаптарға сәйкес болмаған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға екі жұмыс күні ішінде тиісті дәлелдеумен хабарлама жібереді;
7) жауапты орындаушы ұсынылған талаптарға сәйкес болған жағдайда, екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға көрсетілетін қызметті берушінің тарапынан қол қойылған Шығындардың бір бөлігін төлеу мүмкіндігі жөніндегі келісімді қоса бере отырып, Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімді екі данада жібереді
8) жауапты орындаушы қаржылық есепке алу және бақылау жөніндегі секторға Шығындардың бір бөлігін өтеу туралы келісімге қол қойылған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызмет көрсету үшін қызметтік хат дайындайды;
9) қаржылық есепке алу және бақылау секторының маманы мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін көрсетілетін қызметті алушының есепшотына үш жұмыс күні ішінде жібереді.
9. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) рәсімдерінің (іс-қимылдардың) бірізділігінің, өзара іс-қимылдарының толық сипаттауы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілермен және (немесе) кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталықтарымен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызметті көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламентке қосымшаға сәйкес «Индустриялық-инновациялық жобаның кешенді жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін шығындардың орның толтыру» Мемлекеттік қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Индустриялық–инновациялық жобаның кешенді
жоспарының әзірлемесіне және/немесе сараптамасына кететін
шығындардың орнын толтыру» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне қосымша
Қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 28.04.2016 жылғы № 410 Бұйрығына сәйкес (07.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.06.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
«Өнімділік 2020» бағдарламасы шеңберінде инвестициялық жобаның кешенді жоспарын әзірлеу немесе сараптама жасау үшін шығындардың бір бөлігін төлеу» мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы