Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.07.2018
Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 992 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 17 қарашада № 12298 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 29 шілдеден бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 11.05.2018 жылғы № 325 Бұйрығына сәйкес
«Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» 2010 жылғы 24 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 27-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағын 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушы А. Рау
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 Министрінің міндетін атқарушының
 2015 жылғы 16 қазандағы
 № 992 бұйрығымен бекітілген
Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже
1. Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі - Комиссия) «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабы 27-3) тармақшасына сәйкес дайындалған және Қазақстан Республикасындағы жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) объектіні, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауы учаскелерінде, кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттің сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы мәселелерді қарау және ұсынымдарды әзірлеу мақсатында құзыретті органмен құрылатын консультативтік-кеңесші орган болып табылады.
2. Комиссия өзінің қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерін, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Уранды және көмірді қоспағанда, стратегиялық маңызы бар жерасты суларына, емдік балшыққа және қатты пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені (бұдан әрі - Ереже) басшылыққа алады.
2. Комиссияның негізгі міндеттері, функциялары мен құқықтары
1) Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні иеліктен шығару туралы өтініштерді қарау;
2) мемлекеттің басым құқығын іске асыру мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу болып табылады.
1) жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) иеліктен шығару туралы жер қойнауын пайдаланушылардың өтініштерін қарау;
2) тұлғалардың жер қойнауын пайдалану құқығына ие заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
3) егер осы заңды тұлғалардың негізгі қызметі Қазақстан Республикасында жер қойнауын пайдаланумен байланысты болса, тұлғалардың шешімдерді тікелей және (немесе) жанама түрде айқындау және (немесе) жер қойнауын пайдаланушы қабылдайтын шешімдерге ықпал ету мүмкіндігі бар заңды тұлғалардағы өздеріне тиесілі қатысу үлестерін (акциялар пакеттерін) иеліктен шығару туралы өтініштерін қарау;
4) иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді мемлекеттің сатып алуы туралы не сатып алудан бас тартуы туралы ұсыныстарды әзірлеу, негіздеу және тиісті құзыретті органға енгізу кіреді.
1) орталық атқарушы және басқа да мемлекеттік органдармен және ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды;
2) оның құзыретіне кіретін мәселелер бойынша отырыстарға мемлекеттік органдардың, ұйымдардың өкілдерін, лауазымды адамдарды және азаматтарды шақырады және тыңдайды;
3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды адамдардан және азаматтардан оның функцияларын жүзеге асыру үшін қажетті материалдарды сұрайды және алады.
3. Комиссияның қызметін ұйымдастыру және тәртібі
6. Комиссияның төрағасы оның қызметіне басшылық жасайды, отырыстарына төрағалық етеді, оның жұмысын жоспарлайды, оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады. Төраға болмаған кезде оның функциясын орынбасары атқарады.
7. Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдастырушылық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні бұрын хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс Комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды.
Комиссия жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Жер қойнауын пайдалану департаменті жүзеге асырады.
8. Құзыретті орган өтініш келіп түскен күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның қарауына иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектілерді сатып алу (сатып алудан бас тарту) туралы ұсыныс әзірлеуге қажетті материалдарды енгізеді.
9. Комиссияның отырыстары Комиссия материалдарын қарау мерзімдерін ескере отырып, қажеттілігіне қарай өткізіледі.
10. Комиссия мүшелері қызметтеріне алмастыру құқығынсыз қатысады.
11. Комиссияның отырысы Комиссия мүшелері жалпы санынан кемінде үштен екісі қатысқан кезде, заңды болып есептеледі.
12. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия тиісті материалдар алынған күннен бастап отыз жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік туралы заңнамасының талаптарын ескере отырып, өтінішті және өзге де материалдарды қарайды және мемлекеттің иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы ұсынымдар әзірлейді.
13. Қарау қорытындылары бойынша Комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) объектіні, жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты жер қойнауы учаскелерінде, кен орындарында жер қойнауын пайдалану құқығын мемлекеттің сатып алуы (сатып алудан бас тартуы) туралы тиісті ұсынымдарды әзірлейді.
14. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығына байланысты объектіні сатып алуды жүзеге асыру ниеті туралы мәлімдеген, ұлттық басқарушы холдингтің немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияның осындай сатып алуы туралы ұсынымдарды тұжырымдаған жағдайда, Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия құзыретті органға ұлттық басқарушы холдингті немесе Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен қызметтің аражігін ажыратуға сәйкес ұлттық компанияны мемлекет атынан осындай сатып алушы ретінде айқындау ұсынымын жасайды.
15. Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия ұлттық басқарушы холдингтің немесе ұлттық компанияның тарапынан сатып алу туралы ниет болмаған жағдайларда иеліктен шығарылатын жер қойнауын пайдалану құқығын (оның бір бөлігін) және (немесе) жер қойнауын пайдалану құқығымен байланысты объектіні сатып алу туралы ұсынымдар әзірлеген жағдайда мәселе сатып алуға уәкілетті мемлекеттік органды айқындау үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің қарауына енгізіледі.
16. Комиссия шешімдері ашық дауыс беру арқылы қабылданады және, егер оларға Комиссия мүшелерінің жалпы санынан көпшілігі дауыс берсе, қабылданды деп есептеледі. Дауыс беру Комиссия отырысында осы Ережеге қосымшаға сәйкес нысан бойынша дауыс беру парағын толтыру жолымен өткізіледі.
Комиссия мүшелерiнiң ерекше пiкiр білдіруге құқығы бар, оны бiлдiрген жағдайда, ол жазбаша түрде жазылуы және Комиссия хаттамасына қоса берілуі тиiс.
17. Комиссия отырыстарын өткізу нәтижелері бойынша және дауыс беру парақтары негізінде үш жұмыс күні ішінде Комиссия хатшасымен хаттама жасалады, оған төраға мен хатшы қол қояды. Хатшы Комиссия мүшесі болып табылмайды.
Дауыс беру қорытындысы бойынша хаттама жобасының мазмұны өзгерген кезде Комиссия хатшысы қабылданған шешімнің нақтыланған редакциясы бар дауыс беру парағын Комиссия мүшелеріне келісу үшін жібереді. Комиссия мүшелері дауыс беру парағын алғаннан кейін бір жұмыс күні ішінде келісу не себептерін негіздей отырып, келіспеу туралы жауап жібереді.
18. Дауыс беру парақтарын қоса бере отырып, Комиссия материалдары мен хаттамалық шешімдерін есепке алуды және сақтауды Жұмыс органы жүзеге асырады.
Уранды және көмірді қоспағанда,
 стратегиялық маңызы бар жерасты
 суларына, емдік балшыққа және қатты
 пайдалы қазбаларға қатысты мемлекеттің
 басым құқығын жүзеге асыру мәселелері
 жөніндегі ведомствоаралық комиссия
 туралы ережесіне
 Қосымша
ДАУС БЕРУ ПАРАҒЫ
 ___________________________________________
 Тегі Аты Әкесінің аты (бар болса), лауазымы
Мәселе № Мәселенің мазмұны Шешім жобасы Комиссия/жұмыс тобы мүшесінің шешімі
қолдаймын қолдамаймын пысықталсын күн тәртібінен алып тасталсын ескертпе
1.              
Полная версия
ИС BestProfi