Близость слов: Окончание:





"Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысының күші жойылды деп тану туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 қарашадағы № 935 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. «Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының мемлекеттік көрсетілетін қызметтерінің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 17 мамырдағы № 505 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 34, 323-құжат) күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов  
Полная версия
ИС BestProfi