Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 620 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес  
= red>Редакция 04.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру: www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: электронды түрінде
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалануға құқығының кепіл шартын тіркеу туралы куәлік не «Көмiрсутекті шикiзатпен, уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген «Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауға, өндіруге немесе бірлескен барлау мен өндіруге арналған жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-1 - тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11606 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт).
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электронды түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттерінің тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9 – тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, цифрлық қолтаңбамен (бұдан әрі-ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы көрсетілетін қызметті алушының электрондық сұрау салуы (бұдан әрі-өтінім) болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысының өтінімді өңдеуі және порталға жіберуі 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінімді порталда қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені және орындаушыны 3 (үш) сағат ішінде анықтауы;
3) жауапты орындаушы өтінімді мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын 5 (бес) сағат ішінде қарайды;
4) рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 4 (төрт) сағат ішінде дайындау;
5) басшылықпен келісу және тіркеу туралы куәлікке қол қою немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) сағат ішінде дайындау;
6) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы және оны порталға 2 (екі) сағат ішінде жолдауы.
6. Келесі рәсімді (әрекеттер) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімнің (әрекеттер) нәтижесі:
1) өңделген өтінімді порталда орналастыру;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының порталда қарары;
4) қарауға қабылдау немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы;
6) жауапты орындаушының порталда мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін ресімдеуі.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
3) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
4) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы орынбасары;
5) өтінімнің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басқарма басшысы;
8. Құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (әрекеттердің) реттілігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысының өтінімді өңдеуі және порталға жіберуі 15 (он бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінімді порталда қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені және орындаушыны 3 (үш) сағат ішінде анықтауы;
3) жауапты орындаушы өтінімді мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығын 5 (бес) сағат ішінде қарайды;
рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 4 (төрт) сағат ішінде дайындау;
басшылықпен келісу және тіркеу туралы куәлікке қол қою немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 2 (екі) сағат ішінде дайындау;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы немесе бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы және оны порталға 2 (екі) сағат ішінде жолдауы.
4-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде өзге де көрсетілетін қызметті берушімен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
8. Портал арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде жүгіну тәртібі және көрсетілетін қызметті беруші мен көрсетілетін қызметті алушының рәсімдерінің (іс-қимылдарының) реттілігі осы регламенттің 1-қосымшасына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетуге тартылған ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылының 1, 2-диаграммаларында көрсетілген.
Көрсетілетін қызметті алушы арқылы қадамдық іс-әрекеттер:
1) көрсетілетін қызметті алушы порталда тіркеуді көрсетілетін қызметті алушы компьютерінің интернет-браузерінде сақталатын өзінің электрондық – цифрлық қолтаңбаның (бұдан әрі-ЭЦҚ) тіркеу куәлігінің көмегімен жүзеге асырады (порталда тіркелмеген көрсетілетін қызметті алушылар үшін жүзеге асырылады);
2) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының компьютерінің интернет-браузеріне ЭЦҚ тіркеу куәлігін бекіту, мемлекеттік қызметті алу үшін пайдаланушының парольді порталға енгізу үдерісі (авторизациялау үдерісі);
3) 1 – шарт - порталда тіркелген пайдаланушы туралы деректердің түпнұсқалығын логин (бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі-БСН) және пароль арқылы тексеру;
4) 2-рәсім-пайдаланушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда порталмен авторизациялаудан бас тарту туралы хабарлама қалыптастыру;
5) 3 – рәсім-пайдаланушының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығару және тұтынушының нысанды оның құрылымы мен форматтық талаптарын ескере отырып толтыруы (деректерді енгізу), сұрау салу нысанына қажетті құжаттарды электрондық түрде бекіту;
6) 4-рәсім - сұранысты куәландыру (қол қою) үшін пайдаланушының ЭЦҚ тіркеу куәлігін таңдауы;
7) 2 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
8) 5-рәсім-пайдаланушының ЭЦҚ түпнұсқалылығы расталмаған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
9) 6-рәсім-қызмет көрсетуге сұрау салудың толтырылған нысанын (енгізілген деректерді) қызмет алушының ЭЦҚ арқылы куәландыру (қол қою);
10) 7 – рәсім - электрондық құжатты (көрсетілетін қызметті алушының сұрауын) "Е-лицензиялау" мемлекеттік деректер қоры ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі-МДБ АЖ) тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды өңдеу»;
11) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
12) 8-рәсім-"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру»;
13) 9-рәсім-көрсетілетін қызметті алушының порталмен қалыптастырылған қызмет нәтижесін (тіркеу туралы электрондық куәлікті) алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
9. Қызмет беруші арқылы қадамдық іс-әрекеттер былайша жүзеге асырылады:
1) 1-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы мемлекеттік қызметті көрсету үшін "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-ға логин мен парольді енгізуі (авторизациялау үдерісі) ;
2) 1 – шарт-"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті берушінің тіркелген жауапты орындаушысы туралы деректердің түпнұсқалығын логин және пароль арқылы тексеру;
3) 2-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда "Е-лицензиялау" МДБ АЖ авторизациялаудан бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру;
4) 3-рәсім-көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының осы регламентте көрсетілген қызметті таңдауы, қызметті көрсету үшін сұрау салу нысанын экранға шығаруы және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысының көрсетілетін қызметті алушының деректерін енгізуі;
5) 4-рәсім – электрондық үкімет шлюзі (бұдан әрі - ЭҮШ) арқылы "Заңды тұлғалар" мемлекеттік деректер қорының ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі-ЗТ МДБ) көрсетілетін қызметті алушының деректері туралы сұрау салуды жолдау;
6) 2 – шарт-көрсетілетін қызметті алушы деректерінің ЗТ МДҚ-да болуын тексеру
7) 5-рәсім-ЗТ МДҚ-да көрсетілетін қызметті алушының деректері болмаған жағдайда деректерді алу мүмкін еместігі туралы хабарламаны қалыптастыру;
8) 6-рәсім-құжаттардың қағаз нысанында болуы туралы белгі қою бөлігінде сұрау салу нысанын толтыру және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысымен көрсетілетін қызметті алушы ұсынған қажетті құжаттарды сканерлеуі және оларды сұрау салу нысанына тіркеуі;
9) 7-рәсім-"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да сұрау салуды тіркеу және "Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да қызметті өңдеу»;
10) 3 – шарт-порталда ЭЦҚ тіркеу куәлігінің қолданылу мерзімін және қайтарып алынған (күші жойылған) тіркеу куәліктерінің тізімінде болмауын, сондай-ақ сұрау салуда көрсетілген БСН мен ЭЦҚ тіркеу куәлігінде көрсетілген БСН арасындағы сәйкестендіру деректерінің сәйкестігін тексеру);
11) 8-рәсім-"Е-лицензиялау" МДБ АЖ-да көрсетілетін қызметті алушының деректерінде бұзушылықтар болған жағдайда сұратылған қызметтен бас тарту туралы хабарламаны қалыптастыру»;
12) 9 – рәсім-көрсетілетін қызметті алушының "Е-лицензиялау"МДБ АЖ-да қалыптастырылған қызмет нәтижесін алуы. Электрондық құжат қызмет берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ пайдаланумен қалыптастырылады.
10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің толық сипаттамасы құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы осы Регламенттің 2-қосымшасына сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетілген.
«Жер асты суларын, емдік балшықты және 
қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге 
жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл
 шартын тіркеу» мемлекеттік
​ көрсетілетін қызмет регламентіне
1-қосымша
Көрсетілетін қызметті беруші арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
Көрсетілетін қызмет алушы арқылы мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелердің функционалдық өзара іс-қимылы
«Жер асты суларын, емдік балшықты және
 қатты пайдалы қазбаларды барлауға,
 өндіруге, бірлесіп барлау
 мен өндіруге жер қойнауын 
пайдалану құқығының кепіл шартын 
тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін
​ қызмет регламентіне
2-қосымша
«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу»мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестердің анықтамасы
Полная версия
ИС BestProfi