Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 620 бұйрығына
3-қосымша
3-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес  
="red">Редакция 04.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1.«Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттар бойынша тарату қорын пайдалануға рұқсат (бұдан әрі-рұқсат) не «Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген «Таратылған қорды пайдалануға рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 болып тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелерін усыну нысаны: электрондық түрде.
2-тарау. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) әрекеттері тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес өтініш беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (әрекеттің) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі қызметкерінің 10 (он) минут ішінде тіркеу нөмірін және күнін бере отырып өтінімді қабылдауы;
Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері дүйсенбіден жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 17.30-ға дейін жүзеге асырады.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды толық ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
құжаттарды қарау үшін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе оның орынбасарына 5 (бес) минут ішінде беру;
2) құрылымдық бөлімшені көрсетілетін қызметті беруші басшылығының басқарма басшысы мен өтінішті қарауға жауапты орындаушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтайды;
3) жауапты орындаушы өтінімді мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына 13 (он үш) жұмыс күні ішінде қарайды;
Ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі расталған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні ішінде рұқсат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
4) рұқсат жобасын 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындау;
Полная версия
ИС BestProfi