Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 22.11.2020
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және
даму министрінің
2015 жылғы 28 мамырдағы
№ 620 бұйрығына
4-қосымша
4-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 18.09.2019 жылғы № 725 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.10.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 22 қарашадан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 30.10.2020 жылғы № 567 Бұйрығына сәйкес  
= red>Редакция 04.10.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру:
2) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі - жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу туралы хат (бұдан әрі - хат) не «Көмірсутек шикізаты мен уранды қоспағанда, жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі № 521 бұйрығымен бекітілген Жерасты суларын, емдік балшықты және пайдалы қатты қазбаларды барлауды жүргізу үшін ұсынған жер қойнауы учаскесіне сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік қызмет стандартының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11606 тіркелген) (бұдан әрі - стандарт) 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
2-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлердің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс – қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды (бұдан әрі-құжаттар) беру болып табылады.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) құжаттарды көрсетілетін қызметті алушы көрсетілетін қызметті берушіге берген немесе Мемлекеттік корпорациядан түскен құжаттарды Стандарттың 9 – тармағында көзделген тізбеге сәйкес толықтығын тексеру - 10 (он) минут ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын және (немесе) қолданылу мерзімі өткен құжаттарды ұсынбаған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады;
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға өтінішті тіркеу – 5 (бес) минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының өтінімді қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені және орындаушыны 1 (бір) жұмыс күні ішінде анықтауы;
3) жауапты орындаушы өтінішті мәліметтердің анықтығына он үш (13) жұмыс күні ішінде қарайды;
Ұсынылған құжаттардың сәйкестігі немесе сәйкессіздігі расталған жағдайда жауапты орындаушы 3 (үш) жұмыс күні мерзімінде рұқсатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды;
4) басшылықпен келісу және ілеспе хатқа қол қоюды 1 (бір) жұмыс күні ішінде дайындау;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне 1 (бір) жұмыс күні ішінде қол қоюы;
6) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің көрсетілетін қызметті алушының мекенжайына ілеспе хатты 1 (бір) сағат ішінде жіберуі.
6. Мынадай рәсімдерді (әрекеттерді) орындауды бастауға негіз болатын мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімдер (әрекеттер) нәтижесі:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкерімен көрсетілетін қызметті алушыдан құжаттарды қабылдау, көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің тіркеуі;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының қарары;
4) мәліметтердің дұрыстығына өтінішті қарау және рұқсатты немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы жауапты дайындау;
5) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
3-тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимыл тәртібін сипаттау
7. Мемлекеттік қызмет көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) тізбесі:
1) қызметті алушыдан құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орындаушы;
2) көрсетілетін қызметті беруші кеңсе қызметкері;
3) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары;
4) өтініштің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы;
5) өтініштің қаралуына жауапты құрылымдық бөлімшенің басқарма басшысының орынбасары;
6) өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімше басқармасының басшысы;
8. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) көрсетілетін қызметті беруші ұсынған құжаттардың толықтығын тексеру - 10 (он) минут ішінде;
өтінішті көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері тіркейді, содан кейін көрсетілетін қызметті берушінің басшысына 5 (бес) минут ішінде береді;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы немесе оның орынбасары өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімшені 1 (бір) жұмыс күні ішінде айқындайды;
өтінімді қарауға жауапты құрылымдық бөлімшенің басшысы 3 (үш) сағат ішінде оны өзінің орынбасарына береді;
өтінішті қарауға жауапты құрылымдық бөлімше басшысының орынбасары 3 (үш) сағат ішінде құжаттарды қарайтын бөлім белгілейді;
басқарма басшысы 2 (екі) сағат ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) жауапты орындаушы хат немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты, оның ішінде:
өтінішті қарайды және өтініште көрсетілген материалдардың сәйкестігін 13 (он үш) жұмыс күні ішінде тексереді;
рұқсат жобасын немесе мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапты 3 (үш) жұмыс күні ішінде дайындайды;
оларды басшылықпен 1 (бір) жұмыс күні ішінде келіседі;
4) көрсетілетін қызметті беруші басшылығының мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесіне қол қоюы және ілеспе хатты көрсетілетін қызметті алушының атына 1 (бір) жұмыс күні ішінде жолдау;
5) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері 1 (бір) сағат ішінде шешімді көрсетілетін қызметті алушыға жіберуді қамтамасыз етеді.
9. Рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігінің, мемлекеттік қызмет көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің осы Регламентке қосымшаға сәйкес «Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауды, өндiрудi жүргiзу үшiн берiлген жер қойнауы учаскесінде сервитуттарды тiркеу» мемлекеттік қызмет көрсету процесінде құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара қимылын толық сипаттау.
4-бөлім. Мемлекеттік корпорациямен және (немесе) өзге де көрсетілетін қызметті берушілермен өзара іс-қимыл тәртібін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді пайдалану тәртібін сипаттау
10. Мемлекеттік корпорацияда құжаттарды қабылдау мемлекеттік корпорация қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) және лауазымы көрсетіле отырып, "кедергісіз қызмет көрсету" арқылы операциялық залда жүзеге асырылады.
Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті беруші стандарттың 9-тармағында көрсетілген құжаттарды ұсынады.
Мемлекеттік қызмет көрсету үшін құжаттарды қабылдау кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерінің және көрсетілетін қызметті алушының жүгіну тәртібі мен рәсімдердің (іс-қимылдардың) реттілігін сипаттау:
1) Мемлекеттік корпорация қызметкерінің құжаттардың онда көрсетілген мәліметтердің дұрыстығын, сондай-ақ стандарттың 9-тармағында көрсетілген тізбеге сәйкестігін 20 минут ішінде тексеруі;
Көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9-тармағында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация қызметкері өтінішті қабылдаудан бас тартады және көрсетілетін қызметті алушыға стандарттың 2-қосымшасына сәйкес құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы 20 минут ішінде қолхат береді;
2) Мемлекеттік корпорация қызметкері, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызмет көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылған, заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін 5 минут ішінде алады;
4) Мемлекеттік корпорация қызметкері 5 минут ішінде өтінімді ресімдейді;
5) көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйесінің операторы келіп түскен өтінімдерді әдептілікке өңдейді және өтінім дұрыс болған жағдайда жер асты суларын, емдік балшықтарды және пайдалы қатты қазбаларды барлауды, өндіруді жүргізу үшін ұсынылған жер қойнауы учаскелеріне сервитуттарды тіркеу рәсімін жүзеге асырады. Өтінім өтініш берушінің анықтамалық деректеріне сәйкес келмеген жағдайда оператор 4 сағат ішінде қате туралы тиісті хабарлама қалыптастырады;
6) көрсетілетін қызметті беруші өтінімді мәліметтердің дұрыстығын қарайды, осы Регламенттің 8-тармағының 6) тармақшасына сәйкес хат немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды.
«Жерасты суларын, емдік балшықты 
және пайдалы қатты қазбаларды 
барлауды жүргізу үшін ұсынған 
жер қойнауы учаскесіне 
сервитуттарды тіркеу» мемлекеттік 
​көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша
«Жер асты суларын, емдік балшықты және қатты пайдалы қазбаларды барлауға, өндіруге, бірлесіп барлау мен өндіруге жер қойнауын пайдалану құқығының кепіл шартын тіркеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процестерінің анықтамасы
Полная версия
ИС BestProfi