Близость слов: Окончание:





Мемлекеттiк сатып алу туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы № 434-V Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 03.01.2022 жылғы № 101-VIІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 21.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң тапсырыс берушінің жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, сондай-ақ мемлекеттік функцияларды не жарғылық қызметін орындауына қажетті тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға байланысты қатынастарға қолданылады, оған мыналар:
1) жеке тұлғалардан еңбек шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;
2) кәсіпкерлік қызмет субъектілері болып табылмайтын жеке тұлғалардан өтеулі қызметтер көрсету шарттары бойынша сатып алынатын көрсетілетін қызметтер;
3) іссапар шығыстарын жүзеге асыруға байланысты көрсетiлетiн қызметтер;
4) Қазақстан Республикасының бюджет заңнамасына сәйкес мемлекеттік тапсырма және оны орындау шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;  
5) жарналар (салымдар) енгізу, оның ішінде заңды тұлғалардың жарғылық капиталына енгізу;
6) ұлттық басқарушы холдингтер, ұлттық холдингтер, ұлттық басқарушы компаниялар, ұлттық компаниялар және олармен үлестес заңды тұлғалар, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі, оның ведомстволары, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің құрылымына кіретін ұйымдар және дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне тиесілі немесе оның сенімгерлік басқаруындағы заңды тұлғалар, сондай-ақ қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын реттеу, бақылау және қадағалау жөніндегі уәкілетті орган сатып алатын тауарлар, жұмыстар, көрсетiлетiн қызметтер;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.06.2024 жылғы № 97-VIII Заңына сәйкес (19.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.07.2024 жылдан бастап)
7) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кіретін әскери мақсаттағы тауарлар (өнімдер), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлар (өнімдер), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтер;
7-тармақша өзгертілді ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (26.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-1-бабының 2-тармағында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру үшін екінші деңгейдегі банктердің кредиттік портфельдерінің сапасын жақсартуға маманданатын ұйым сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер;
1-бап 8-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.02.2017 жылғы № 49-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 01.03.2017 жылы № 42 (29023) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) Қазақстан Республикасы мүшесі болып табылатын халықаралық ұйымдар қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде сатып алынатын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер қосылмайды. Жиынтығында мынадай шарттар сақталған кезде:
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 26.12.2018 жылғы № 202-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
шетелдік банктің шетел валютасында Standard & Poor's агенттігінің «А»-дан төмен емес ұзақ мерзімді кредиттік рейтингі немесе басқа рейтингтік агенттіктердің біреуінің ұқсас деңгейдегі рейтингі болса;
қаржыландырудың елу пайыздан астамын шетелдік банктер жүзеге асырса;
инвестициялық жобаны іске асыруды мемлекеттік кәсіпорындар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан да көп пайызы мемлекетке тиесілі заңды тұлғалар және олармен үлестес заңды тұлғалар жүзеге асырса;
инвестициялық жобаны іске асыру мемлекеттік кепілдікті талап етпесе және қарыз алушының мүлкіне ауыртпалық салуға әкеп соқпаса, басқа шетелдік банктер толықтай немесе ішінара қаржыландыратын инвестициялық жобаларды іске асыру шеңберінде тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алу осы банктердің қағидалары бойынша жүзеге асырылады.
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Полная версия
ИС BestProfi