Осы Конституциялық заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
«Астана» халықаралық қаржы орталығы туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 438-V Конституциялық Заңы
Редакция 12.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Конституциялық заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1) "Астана" халықаралық қаржы орталығы (бұдан әрі – Орталық) – Қазақстан Республикасының Президенті айқындайтын дәл белгіленген шекарасы бар, қаржы саласындағы ерекше құқықтық режим қолданылатын Астана қаласының шегіндегі аумақ;
1-тармақша өзгертілді ҚР 22.12.2017 жылғы № 119-VІ Заңымен (13.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2019 жылғы № 296-VІ Конституциялық Заңына сәйкес (22.12.2017 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақша өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 156-VII ҚРЗ Заңымен (30.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) қор биржасы – Орталықта қаржы құралдарымен сауда-саттықты ұйымдастырушылық және техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 жылғы № 176-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 12.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) лицензиялау – лицензияның болуын талап ететін қызметті Орталықтың аумағында жүзеге асыруға рұқсат берумен байланысты іс-шаралар кешені;
4) Орталықтың актісі – Орталықтың органы қабылдаған, Орталық қатысушыларының және (немесе) Орталық органдарының, және (немесе) олардың жұмыскерлерінің арасында туындайтын қатынастарды реттейтін жазбаша ресми құжат;
5) Орталық қатысушылары – Орталықтың қолданыстағы құқығына сәйкес тіркелген заңды тұлғалар, сондай-ақ Орталық аккредиттеген өзге де заңды тұлғалар;
6) Орталық қатысушысының немесе органының жұмыскері – Орталық қатысушысымен немесе органымен еңбек қатынастарында тұратын, міндеттеріне Орталық қатысушысының немесе органының негізгі міндеттерін және мақсаттарын іске асыру кіретін жеке тұлға;
7) Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің отбасы мүшелері – Орталық қатысушысы немесе органы жұмыскерінің жұбайы (зайыбы) және олардың он сегіз жасқа толмаған балалары.
8) Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімі – Орталықтың құрылған және қызметін тоқтатқан органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары туралы мәліметтерді есепке алуға және сақтауға, берілген сәйкестендіру нөмірлері туралы мәліметтерді қалыптастыруға және сақтауға арналған ақпараттық жүйе;
1-бап 8-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.03.2017 жылғы № 52-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2017 жылы №52 (29033) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) сәйкестендіру нөмірі – Орталықтың органдары, олардың ұйымдары және Орталықтың қатысушылары үшін бизнес-сәйкестендіру нөмірі нысанында қалыптастырылатын, Сәйкестендіру нөмірлері орталығының тізілімінде оларға қатысты мәліметтер туралы жазбалар жасауға мүмкіндік беретін бірегей нөмір.
1-бап 9-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.03.2017 жылғы № 52-VI Конституциялық Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.03.2017 жылы №52 (29033) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.12.2017 жылғы № 119-VІ Заңына сәйкес (13.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-бап. Орталық қызметінің мақсаты, міндеттері мен қағидаттары және оны реттеу
1. Орталықтың мақсаты жетекші халықаралық қаржылық қызметтер көрсету орталығын қалыптастыру болып табылады.
2. Орталықтың міндеттері:
1) қаржылық қызметтер көрсету саласына инвестициялау үшін тартымды орта жасау арқылы Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялар тартуға жәрдемдесу;
2) Қазақстан Республикасының бағалы қағаздар нарығын дамыту, оның халықаралық капитал нарықтарымен интеграциялануын қамтамасыз ету;
3) Қазақстан Республикасында сақтандыру, банктік қызметтер көрсету, исламдық қаржыландыру, қаржылық технологиялар, цифрлық активтер, электрондық коммерция және инновациялық жобалар нарығын дамыту;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.12.2017 жылғы № 119-VІ Заңына сәйкес (13.03.2017 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды 3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2022 жылғы № 176-VII Конституциялық Заңына сәйкес (05.11.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 03.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) озық халықаралық практикалар негізінде қаржылық және кәсіби қызметтер көрсетуді дамыту;
Полная версия