р/с
№
|
Біліктілік талаптары
|
Құжаттар
|
Ескертпе
|
1
|
2
|
3
|
4
|
Көмірсутектер саласындағы қызметті жүзеге асыру үшін қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесі мыналардың болуын қамтиды:
|
1
|
Заңды тұлғалар үшін – өтініш берушінің бірінші басшысының немесе оны алмастыратын адамның қолымен және мөрімен (бар болса), немесе жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің қолымен куәландырылған, негізгі пайдаланылатын қондырғыларды және (немесе) жабдықтарды көрсете отырып, мәлімделген лицензияланатын қызметтің кіші түрлерін (жұмыстарды) орындау технологиясы мен тәртібін сипаттайтын технологиялық регламенттің болуы
|
мәлімделген қызметтің кіші түріне бекітілген технологиялық регламенттің болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*
|
көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау; магистральдық құбырларды пайдалану жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.
Бекітілген технологиялық регламенттің болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
2
|
Меншік құқығындағы немесе өзге де заңды негіздегі:
1) кіші қызмет түрлері үшін лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша өндірістік базаның (өндірістік үй-жайдың/ қойманың/цехтың) болуы:
көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу;
көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту;
теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар;
мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану;
2) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасауға байланысты қызметтің кіші түрі үшін – лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны алуға арналған өтініште көрсетілген мекенжай бойынша ғимарат немесе тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) болуы
|
1) өндірістік базаның /ғимараттың/тұрғын емес үй-жайдың (кеңсенің) техникалық паспортының (жылжымайтын мүлік объектісінің сәйкестендіру сипаттамалары) түгендеу нөмірі;
2) жалға алу/сенімгерлік басқару жағдайында – жалға алу/сенімгерлік басқару шартының нөмірі, күні, мерзімі қамтылған мәліметтер нысаны*
|
меншік құқығында немесе өзге заңды негізде өндірістік база болған жағдайда (бір жылдан астам мерзімге жалдау/сенімгерлік басқару) ақпарат «Жылжымайтын мүлік тіркелімі» мемлекеттік деректер қоры» ақпараттық жүйесінен алынады.
Көрсетілген объектілердің және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
3
|
Мәлімделген кіші қызмет түрлері үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
|
|
|
1) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі кәсіпшілік зерттеулер үшін – ұңғымалық аспаптар мен жабдықтар (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы
|
ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырды) атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;
орналасқан жерін***
қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Ұңғымалық аспаптар мен қондырғының (шығырдың) және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
2) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі сейсмикалық барлау жұмыстары үшін – сейсмикалық станцияның және сейсмикалық барлау жабдықтарының болуы
|
сейсмикалық станция мен сейсмикалық барлау жабдығының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
Сейсмикалық станцияның, сейсмикалық барлау жабдығының және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
3) көмірсутектерді барлау және өндіру кезіндегі геофизикалық жұмыстар үшін – ұңғымалық аспаптардың және жабдықтың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы
|
ұңғымалық аспаптардың (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу, акустикалық, электрлік және радиоактивті каротаж аспаптары) және ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырды) атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі
Ұңғымалық аспаптар мен қондырғының (шығырдың) және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
4) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымалардағы атқылау-жару жұмыстары үшін: рұқсаттың не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың; қойманың немесе жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың; перфорациялық жабдықтың болуы
|
рұқсаттың атауын, нөмірін және берілген күнін не жарылғыш заттарды және олардың негізінде жасалған бұйымдарды үнемі қолдануға рұқсаты бар ұйыммен жасалған шарттың нөмірін және берілген күнін; жарылғыш заттарды сақтауға арналған қойманың не жарылғыш заттарды сақтауға арналған қоймасы бар мамандандырылған ұйыммен шарттың болуы туралы ақпаратты;
қойманың орналасқан жерін***; перфорациялық жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын қамтитын мәліметтер нысаны*
|
қойманың, жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
5) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде құрлықта, теңізде және ішкі су айдындарында ұңғымаларды бұрғылау үшін – бұрғылау қондырғысының, бұрғылау сорғысының, шығарындыға қарсы жабдықтың, бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы
|
бұрғылау қондырғысын, бұрғылау сорғысын, шығарындыға қарсы жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; бұрғылау ерітіндісін дайындау, циркуляциялау және тазалау торабының болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
тиісті қондырғылардың, жабдықтың, сорғының, тораптың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
6) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды жер астында жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою үшін – ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою
жөніндегі көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының және ыдыстың болуы
|
ұңғымаларды жөндеу, сынау, игеру, сынамалау, консервациялау, жою бойынша көтергіш қондырғының; шығарындыға қарсы жабдықтың, сорғы агрегатының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; ыдыстың болуы туралы ақпаратты; орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тиісті қондырғылардың, жабдықтың, агрегаттың, ыдыстың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
7) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде ұңғымаларды цементтеу үшін – мамандандырылған цементтеу агрегаттарының және ыдыстардың болуы
|
цементтеу агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**; ыдыстың болуы туралы ақпаратты;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Тиісті агрегаттардың, ыдыстың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
8) көмірсутектерді барлау және өндіру кезінде мұнай қабаттарының мұнай беруін арттыру және ұңғымалардың өнімділігін ұлғайту үшін – сорғы агрегаттарының болуы
|
сорғы агрегаттарының атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін**;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
дайындаушы зауыттың сериялық нөмірі болмаған жағдайда вин-кодтың нөмірі немесе өзге де сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі.
Сорғы агрегаттарының және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
9) теңіздегі көмірсутектер кен орындарында төгілуді болғызбау және жою жөніндегі жұмыстар
үшін – теңізде мұнай жинау құрылғысы, қалқымалы резервуарлар мен бондық бөгеттердің болуы
|
теңізде мұнай жинау құрылғысының, қалқымалы резервуарлар мен бондық бөгеттердің** атауын, маркасын;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
тқұрылғылардың, резервуарлардың, бөгеттердің және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
10) мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану үшін: негізгі технологиялық қондырғылар мен жабдықтың; мұнай-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген зертхананың немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының болуы
|
негізгі технологиялық қондырғылардың және жабдықтың атауын, маркасын, шығарылған жылын, дайындаушы зауыттың сериялық нөмірін; мұнай-газ-химия өндірісі үшін қажетті қоймалардың болуы туралы ақпаратты; зертханаға берілген аккредиттеу аттестатының нөмірін және күнін немесе өнімнің стандарттарға, нормалар мен техникалық шарттарға сәйкестігін бақылау бойынша аккредиттелген зертханамен қызмет көрсету шартының нөмірін және берілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*
|
негізгі технологиялық қондырғылардың, жабдықтың, қоймалардың, зертханалардың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
11) көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау үшін – көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның болуы (кен шоғырларының құрылымын, стратиграфиясын және қасиеттерін сипаттауды, көмірсутектерді өндіру көлемін әзірлеу және болжау жүйесін жобалау үшін мұнай және газ қабаттарын (кен шоғырларын) гидродинамикалық модельдеуді көздейтін мұнай және газ кен орындарын геологиялық модельдеу бойынша); мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы), кәсіпшілік зерттеулерге арналған ұңғыма аспаптарының (тереңдік сынамаларды іріктеу, қабаттық қысым мен температураны өлшеу) және жобалау үшін пайдаланылатын ұңғымадағы түсіру-көтеру операцияларына арналған қондырғының (шығырдың) болуы
|
лицензиялық бағдарламалық қамтылымдардың атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтылымдарды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін; қолданылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің атауларын, маркалары мен санын;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
лицензиялық бағдарламалық қамтылымдардың, мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
12) көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау үшін – көмірсутектер саласында жобалауға арналған лицензиялық бағдарламалық қамтылымның (ұңғымаларды бұрғылауды жобалауды (ұңғымаларды өткізу, қысым градиенттерін және гидродинамикалық сипаттамаларды есептеу, бұрғылау және шегендеу бағаналарын есептеу, цементтеу процесін есептеу);
мамандандырылған техниканы және (немесе) жабдықтың (компьютерлер, принтер, плоттер (суреттерді, схемаларды, күрделі сызбаларды, карталарды және көлемі A0 немесе калькаға дейінгі қағаздағы басқа да графикалық ақпаратты үлкен дәлдікпен автоматты түрде сызуға арналған құрылғы) болуы
|
лицензиялық бағдарламалық қамтылымның атауын; лицензиялық бағдарламалық қамтылымды пайдаланудың заңды құқығын растайтын құжаттардың нөмірі мен күнін; қолданылатын компьютерлердің, принтердің, плоттердің, атауларын, маркалары мен санын;
орналасқан жерін*** қамтитын мәліметтер нысаны*
|
лицензиялық бағдарламалық қамтылымның, мамандандырылған техниканың және (немесе) жабдықтың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
4
|
Магистральдық құбырларды пайдалану үшін меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде:
1) магистральдық құбырдың;
2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын магистральдық құбырды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтың болуы;
3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін – диагностикалық аспаптардың;
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін – бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдар мен жабдықтардың;
5) заманауи жабдықтар мен технологияларды пайдалана отырып, жұмыс істеп тұрған өндірістік объектілерді реконструкциялау, жаңғырту жөніндегі бекітілген бағдарламалардың; жөндеу жұмыстарын орындау жоспарларының (бағдарламаларының) болуы
|
1) магистральдық құбырлардың желілік бөлігінің ұзындығын көрсете отырып, магистральдық құбырлардың болуын растайтын құжаттардың атауын, нөмірін және күнін;
2) қызметтің кіші түрінің мәлімделген жұмыстарын орындау үшін қажетті техникалық талаптарға байланысты пайдаланылатын, магистральдық құбырларды пайдалануды қамтамасыз ететін аспаптар мен жабдықтардың атауын;
3) магистральдық құбырларды техникалық диагностикалау үшін –диагностикалық аспаптардың атауын;
4) магистральдық құбырларға техникалық қызмет көрсету үшін –бақылау-өлшеу аспаптарының, құралдардың, жабдықтардың атауын;
5) бағдарламалар мен жоспарлардың атауы мен бекітілген күнін қамтитын мәліметтер нысаны*
|
«магистральдық құбырларды пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады.
Магистральдық газ құбырларының, мұнай құбырларының, мұнай өнімдері құбырларының, аспаптардың, құралдардың, жабдықтардың, бағдарламалардың, жоспарлардың және растайтын құжаттардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
5
|
Мыналарды:
1) қондырғыларды, машиналарды, механизмдерді, аспаптарды, жабдықтарды тиісінше пайдалану және оларға техникалық қызмет көрсетуді;
2) еңбек қауіпсіздігі және өнеркәсіптік қауіпсіздікті;
3) қоршаған ортаны қорғауды;
4) метрологиялық бақылауды;
5) технологиялық процесті және берілген сападағы өнімдерді шығаруды сақтауды («мұнай-газ-химия өндірістерін пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады);
6) магистральдық құбырларды пайдаланудың технологиялық процесін сақтауды («магистральдық құбырларды пайдалану» қызметінің кіші түріне ғана қолданылады) қамтамасыз ететін жауапты тұлғалардың болуы
|
жауапты тұлғаларды тағайындау туралы бұйрықтардың болуы туралы ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*
|
көмірсутектер кен орындарына арналған базалық жобалау құжаттарын жасау және көмірсутектер кен орындарын игеруді талдау; көмірсутектер кен орындарына арналған техникалық жобалау құжаттарын жасау жөніндегі қызмет үшін талап етілмейді.
Бұйрықтардың болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|
6
|
Мынадай біліктілік құрамының болуы:
1) жұмыс берушінің бұйрығымен тағайындалған техникалық басшы – көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі бар және көрсетілген салада практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 3 жыл;
2) көмірсутектер саласында жоғары техникалық білімі және көмірсутектер саласында практикалық жұмыс тәжірибесі кемінде 2 жыл болатын 3 маман
|
мынадай ақпаратты қамтитын мәліметтер нысаны*:
1) мәлімделген кіші қызмет түрлерін ұйымдастыруды жүзеге асыратын техникалық басшының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
2) мәлімделген қызметтің кіші түрлерін орындайтын 3 маманның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
|
техникалық басшыға және мамандар үшін көмірсутектер саласындағы практикалық жұмыс тәжірибесі Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 35-бабына сәйкес еңбек қызметін растайтын құжаттарға сәйкес анықталады.
Мамандардың білікті құрамының (тиісті білімін, өтілін, жұмыс тәжірибесі мен лауазымын растайтын құжаттар) болуын лицензиар өтініш берушіге бару арқылы рұқсаттық бақылау жүргізу жолымен анықтайды, оның нәтижелері бойынша «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабының 2-тармағына сәйкес өтініш берушінің біліктілік талаптарына сәйкес келуі немесе сәйкес келмеуі туралы қорытынды жасалады
|