Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 660 бұйрығына
 1-қосымша
«Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес
Редакция 16.02.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі немесе www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы (бұдан әрі - Портал) жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрде және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған).
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәлікті (бұдан әрі - куәлік) беру;
Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асырушы шетел тасымалдаушыларын тіркеу туралы куәліктің телнұсқасын (бұдан әрі - куәліктің телнұсқасы) беру;
«Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап (бұдан әрі – бас тарту) болып табылады.
Мемлекеттiк қызметті көрсету нәтижесiн ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
2 Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме «Шетел тасымалдаушыларының және әуе кеңістігін пайдалану қызметтері саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11305 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасының аумағында өз қызметін жүзеге асыратын шетелдік тасымалдаушыларды тіркеу туралы куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының өтінімінің немесе электрондық сұрауының болуы болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің отыз минут ішінде тіркеу нөмірі мен күнін бере отырып көрсетілетін қызметті алушының өтінімін қабылдауы;
2) көрсетілетін қызмет берушінің кеңсе қызметкерінің отыз минут ішінде өтінімді өңдеуі және оны портал арқылы көрсетілетін қызметті берушінің басшысының немесе оның орынбасарының қарастыруына жөнелтуі;
3) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бір сағат ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы;
4) құрылымдық бөлімше басшысының бір сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтауы;
Полная версия
ИС BestProfi