Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.10.2020
Документ показан в демонстрационном режиме!
Қазақстан Республикасы
 Инвестициялар және даму
 министрінің
 2015 жылғы 28 мамырдағы
 № 660 бұйрығына
 2-қосымша
«Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті
Осы Регламент күшін жойды 2020 жылғы 31 қазаннан бастап ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 13.10.2020 жылғы № 527 Бұйрығына сәйкес 
Редакция 23.01.2019 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
1. «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі – қызметті беруші) көрсетеді.
Өтініштерді қабылдау және мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижелерін беру Қазақстан Республикасының аэронавигациялық ақпараттар жинағында жарияланған байланыс арналары арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі:
халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру;
«Рұқсат берулер мен хабарландырулар туралы» Қазақстан Республикасы 2014 жылғы 16 мамырдағы Заңының 25-бабы 1-тармағында көзделген жағдайларда мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы (бұдан әрі – бас тарту) дәлелді жауап болып табылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде және (немесе) электрондық (ішінара автоматтандырылған).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет процесінде көрсетілген қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимыл тәртібін сипаттау
4. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме көрсетілетін қызметті алушының халықаралық тұрақты емес рейстерді орындауға өтінімді және «Шетел тасымалдаушыларының іс-әрекеті және әуе кеңістігін пайдалану салаларында мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 530 (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11305 болып тіркелген) бұйрығымен бекітілген «Халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 9-тармағына сәйкес көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оның орындалу ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Инвестициялар және даму министрінің 20.12.2018 жылғы № 895 Бұйрығына сәйкес (28.05.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 23.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) халықаралық тұрақты емес ұшуларды орындауға өтінімді көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты орындаушысының бес минут ішінде қабылдауы және тіркеуі;
2) көрсетететін қызметті беруші басшысының немесе оның орынбасарының бір сағат ішінде жауапты құрылымдық бөлімшені анықтауы;
3) құрылымдық бөлімше басшысының бір сағат ішінде жауапты орындаушыны анықтауы;
4) көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын жауапты орындаушының он бес минут ішінде қабылдауы;
5) тұрақты емес рейсті орындауға өтінімді Қазақстан Республикасының қонуға жоспарланған әуежайларымен, сондай-ақ «Қазаэронавигация» республикалық мемлекеттік кәсіпорынның Алымдар бөлімімен аэронавигациялық қызметтер үшін төлем мәніне көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшесінің жауапты маманның бір жұмыс күні ішінде келісуі;
Полная версия
ИС BestProfi