Близость слов: Окончание:





Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 28 қарашадағы № 961 қаулысы
Редакция 10.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов 
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
2015 жылғы 28 қарашадағы
 № 961 қаулысымен
 бекітілген
Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары
1. Осы Отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы (бұдан әрі – Конституциялық заң) 35-бабының 2-1-тармағына сәйкес әзірленді және отставкадағы судьяға өмір бойғы ай сайынғы қамтылым төлеу тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысымен (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.05.2019 жылғы № 322 Қаулысымен (21.04.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.06.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 10.09.2019 жылғы № 678 Қаулысымен (27.05.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.09.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 20.03.2024 жылғы № 209 Қаулысына сәйкес (10.09.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызметтерді көрсету үшін, «бір терезе» қағидаты бойынша мемлекеттік қызметтер көрсетуге өтініштерді қабылдау және көрсетілетін қызметті алушыға олардың нәтижелерін беру жөніндегі жұмысты ұйымдастыру, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді электрондық нысанда көрсетуді қамтамасыз ету үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған заңды тұлға;
2) ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды алушы – Конституциялық заңның 35-бабының 1, 1-1 және 2-1-тармақтарына  сәйкес отставкадағы, оның ішінде 2016 жылғы 1 қаңтарға дейін отставкаға шыққан, Қазақстан Республикасының әлеуметтік қорғау туралы заңнамасында белгіленген зейнеткерлік жасқа жеткен және сот әкімшілігі саласындағы уәкілетті мемлекеттік органға, оның облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелеріне (бұдан әрі – уәкілетті орган) өтініш берген судья;
3) өмір бойғы ай сайынғы қамтылым – Конституциялық заңның 35-бабының 2-1-тармағында көзделген тәртіппен отставкадағы судьяға төленетін ақшалай төлемдер;
4) уәкілетті орган – Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының, облыстарда, астанада және республикалық маңызы бар қалаларда аумақтық бөлімшелері бар жергілікті және басқа да соттардың қызметін ұйымдастырушылық-құқықтық, ақпараттық-талдамалық және материалдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
2. Ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау
3. Отставкадағы судья (бұдан әрі — өтініш беруші) соңғы лауазымында істеген жұмыс орны бойынша уәкілетті органға осы Қағидалардың 5-тармағында көрсетілген құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ай сайынғы өмір бойғы қамтылымды тағайындау (қалпына келтіру) туралы өтініш (будан әрі — өтініш) береді.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысына сәйкес (28.11.2015 ж. редакцияны қараңыз)
4. Өтінішті Конституциялық заңда көзделген ай сайынғы өмір бойғы қамтылым алуға құқық туындаған кезде өтініш беруші уәкілетті органға береді.
Өтініш беру қандай да бір мерзіммен шектелмейді.
5. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
5-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.04.2016 жылғы № 239 Қаулысымен
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.07.2024 жылғы № 604 Қаулысына сәйкес (20.03.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 10.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi