1. Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Внимание! Документ утратил силу с 13.05.2025
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылы 4 желтоқсандағы № 615 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 10 желтоқсанда № 12378 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 мамырдан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 18.04.2025 жылғы № 180 Бұйрығына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1) «Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2014 жылғы 18 қыркүйектегі № 403 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9756 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2014 жылғы 17 қазанда жарияланған) бұйрығына:
бюджет түсімдерінің сыныптамасында:
4 «Трансферттердің түсімдері» санатында 01 «Төмен тұрған мемлекеттiк басқару органдарынан трансферттер» сыныбында:
1 «Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерінен трансферттер» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 14-ерекшелікпен толықтырылсын:
«14 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару»;
2 «Мемлекеттiк басқарудың жоғары тұрған органдарынан түсетiн трансферттер» ішкі сыныбында:
мынадай мазмұндағы 14 және 15 ерекшеліктермен толықтырсын:
«14 Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару 15 Жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша толық пайдалануға рұқсат етілген, өткен қаржы жылында бөлінген, пайдаланылмаған (түгел пайдаланылмаған) нысаналы даму трансферттерінің сомасын қайтару»;
бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
01 «Жалпы сипаттағы мемлекеттiк қызметтер» функционалдық тобында:
3 «Сыртқы саяси қызмет» функционалдық кіші тобында:
243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» бюджеттік бағдарламалар әкімшісі бойынша:
073 «Әріптестік туралы негіздемелік келісімдер шеңберінде халықаралық қаржы ұйымдарымен бірлесіп жүзеге асырылатын Қазақстан Республикасының орнықты дамуына және өсуіне жәрдемдесу жөніндегі жобалардың іске асырылуын қамтамасыз ету» бюджеттік бағдарлама бойынша:
мынадай мазмұндағы 006 бюджеттік кіші бағдарламасымен толықтырылсын:
«006 Республикалық бюджеттен грантты бірлесіп қаржыландыру есебінен»;
Полная версия

