Азаматтық авиацияда әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 7 қазандағы № 978 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 7 желтоқсанда № 12360 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-41) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберуді;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында жариялануын;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Респубикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.11.2021 жылғы № 623 Бұйрығына сәйкес (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз ету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41-41) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Заң) , сондай-ақ Халықаралық азаматтық авиация ұйымының (бұдан әрі – ИКАО) стандарттары мен ұсынымдарын ескере отырып әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында әуеайлақтық қамтамасыз етудің тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 02.03.2023 жылғы № 132 Бұйрығына сәйкес (30.11.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидалардың қолданысы Қазақстан Республикасының аумағындағы азаматтық әуеайлақтарды пайдалануды жүзеге асыратын немесе қарамағында Қазақстан Республикасының азаматтық әуеайлақтары бар заңды және жеке тұлғаларға таратылады.
3. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі терминдер мен анықтамалар:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.11.2021 жылғы № 623 Бұйрығына сәйкес (25.06.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 20.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әуеайлақтық қамтамасыз ету – бұл әуе кемелерінің ұшуы, қонуы, рөлдеуі және тұрақтауы үшін тұрақты пайдалану даярлығында әуеайлақтың ұшу алаңын (ұшу-қону жолақтары (бұдан әрі – ҰҚЖ), рульдеу жолдары (бұдан әрі – РЖ), перрондар мен әуе кемелерінің тұрақ орындары) ұстау жөніндегі іс-шаралар кешені;