«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 43-1-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының "Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы" 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 және "Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2012 жылғы 28 маусымдағы № 308 бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 7 желтоқсандағы № 683 бұйрығы
1. Мыналардың:
1) «Талапкерлердің кешенді тестілеуді ұйымдастыру мен өткізудің және білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстары ұйымдастыру нұсқаулықтарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7079 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 9 маусымдағы № 308-312 (27386) санында жарияланған);
2) «Талапкерлердің кешенді тестілеуі мен білім беру гранттарын тағайындау бойынша жұмыстарды ұйымдастыру нұсқаулығын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 11 шілдедегі № 303 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 28 маусымдағы № 308 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7804 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінің 2012 жылғы 8 тамыздағы № 477-482 (27555) санында жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім, халықаралық ынтымақтастық департаменті (С.М. Өмірбаев) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне жолдасын;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі А. Сәрінжіпов
Полная версия