Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 988 қаулысы
Редакция 15.09.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
2. Осы қаулы 2014 жылғы 24 қарашадан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 6-тармағын, 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 9-тармағының сегізінші, тоғызыншы, оныншы, он екінші, он үшінші, он бесінші, он алтыншы абзацтарын, осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 2) тармақшасын, 2-бөлімінің 7-тармағын қоспағанда, 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Осы қаулыға 2-қосымшаның 1-бөлімі 3-тармағының 1) тармақшасы  2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданыста болады.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2015 жылғы 10 желтоқсандағы
 № 988 қаулысымен
 бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбiр шешiмдерiне енгізілетін өзгерiстер мен толықтырулар
1. «Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1597 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 66-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға зейнеткерлікке шыққан кезде әлеуметтік қамсыздандыруды, барлық жеңілдіктер мен артықшылықтарды сақтау қағидаларында:
«Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдар Қазақстан Республикасының Президенті бекітетін Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының санаттары бойынша тізілімінде, еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органмен келісім бойынша тиісті қызмет салаларының уәкілетті мемлекеттік органдары бекітетін азаматтық қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көзделген мемлекеттік әкімшілік немесе азаматтық қызметшілерге арналған тиісті санаттардағы лауазымдарға тағайындалады.»;
«5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өздерімен бірге тұратын отбасы мүшелерін қоса алғанда, тиісті мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында медициналық және санаторийлік-курорттық қызмет көрсетілуіне;»;
бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Арнаулы атақтарды және сыныптық шендерді иелену, сондай-ақ нысанды киім киіп жүру құқықтары жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдары үшін зейнетақы төлемдері тағайындалған кезде құқық қорғау органдары, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлері үшін заңнамада көзделген барлық жеңілдіктер мен артықшылықтар сақталады:»;
Полная версия
ИС BestProfi