Близость слов: Окончание:





Мемлекеттік саяси және әкімшілік  қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығы 
Редакция 01.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 7-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығына сәйкес (10.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімі бекітілсін.
2. Мемлекеттік органдарға Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімінде көрсетілген лауазымдар атауларына олардың қызметінің ерекшелігін сипаттайтын арнайы қосымша атауларды қолдану құқығы берілсін.
3. Қазақстан Республикасының Үкіметі, мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
4. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
5. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 150 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының
ТІЗІЛІМІ
1-тарау. Мемлекеттік саяси лауазымдар
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2016 жылғы № 272 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 05.10.2016 жылғы № 349 Жарлығымен (01.06.2016 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 04.11.2016 жылғы № 369 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізу тәртібін 6-тармақтан қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 471 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 19.03.2019 жылғы № 884 Жарлығымен (18.02.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 20.03.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығымен (11.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (09.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 14.06.2022 жылғы № 927 Жарлығымен (09.02.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (30.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 02.01.2023 жылғы № 78 Жарлығымен (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығымен (02.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 03.01.2024 жылғы № 429 Жарлығымен (10.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау өзгертілді ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығымен (03.01.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның бірінші орынбасары мен орынбасарлары
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кеңсесі Басшысының орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының Төрағасы, төрағаның орынбасары, хатшысы мен мүшелері
Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы, оның орынбасарлары
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің Төрағасы
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы мен мүшелері
Полная версия
ИС BestProfi