Близость слов: Окончание:





«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 151 Жарлығы
Осы Жарлықтың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 12.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы Жарлық 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын осы арнайы біліктілік талаптары (бұдан әрі – Арнайы біліктілік талаптары) «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 17-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді және «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасуға үміткер азаматтарға қойылады.
2. Арнаулы біліктілік талаптары:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптарды;
4) құзыреттер бойынша талаптарды қамтиды.
3. Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 150 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізіліміне сәйкес «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары мынадай санаттарға бөлінеді:
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1) Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы, Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы, Қазақстан Республикасының Жоғары аудиторлық палатасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі аппараттарының басшылары, орталық атқарушы органдар аппараттарының басшылары, Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықтың басшысы;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 22.07.2019 жылғы № 74 Жарлығына сәйкес (11.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2020 жылғы № 427 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2020 жылғы № 428 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығына сәйкес (18.01.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 02.01.2023 жылғы № 78 Жарлығына сәйкес (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 19.01.2023 жылғы № 106 Жарлығына сәйкес (02.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығына сәйкес (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) орталық атқарушы органдар комитеттерінің төрағалары, Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесі аппараты басшысының, Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы басшысының орынбасарлары.»
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.10.2020 жылғы № 427 Жарлығына сәйкес (14.01.2020 ж. редакцияны қараңыз)
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 13.06.2024 жылғы № 570 Жарлығына сәйкес (05.06.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
5. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
6. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
6-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
7. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
8. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
9. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
9-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
10. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
10-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-тарау. Білімі бойынша талаптар
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
11. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттардың жоғары білімінің болуы талап етіледі.
11-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
11-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
12. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
12-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
3-тарау. Жұмыс өтілі бойынша талаптар
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
13. Жұмыс өтілі Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы заңнамасына сәйкес мемлекеттік қызмет өтілін және (немесе) мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардағы жұмыс өтілін қамтиды.
14. Бірінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
14-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-1, В-1, С-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан, орталық мемлекеттік органдардың департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде үш жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
2) не кемінде алты жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 14-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде екі жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде жеті жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық холдингтердің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының атқарушы органдарының басшылары лауазымдарында кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
14-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес
15. Екінші санаттың лауазымдарына орналасу үшін:
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
15-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
15-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде Мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен айқындалған мемлекеттік саяси лауазымдарда не «А» корпусының лауазымдарында, не Қазақстан Республикасы Парламенті депутатының мәртебесінде, не А-2, В-2, С-2, С-0-1, D-2, D-0-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдар комитеттері төрағаларының орынбасарларынан және департамент басшыларының орынбасарларынан төмен емес лауазымдарда, не орталық мемлекеттік органдардың және олардың ведомстволарының облыстардағы, республикалық маңызы бар қалалардағы, астанадағы аумақтық органдары мен бөлімшелерінің басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде екі жыл мемлекеттік қызмет өтілі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) не кемінде төрт жыл жұмыс өтілі, оның ішінде мемлекеттік тапсырыс негізінде мемлекеттік қызметшілерді даярлаудың және қайта даярлаудың мемлекеттік бағдарламалары бойынша немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған жағдайда осы Арнайы біліктілік талаптарының 15-тармағының 1) тармақшасында санамаланған лауазымдарда кемінде бір жарым жыл қызмет өтілі;
3) не кемінде бес жыл жұмыс өтілі, оның ішінде ұлттық басқарушы холдингтерде, ұлттық холдингтерде, ұлттық компанияларда, ұлттық даму институттарында департамент басшыларынан және еншілес ұйымдардың басшыларынан төмен емес лауазымдарда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінде, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінде департамент басшыларынан төмен емес лауазымдарда, не жылдық орташа штат саны кемінде елу адам болатын республикалық ұйымдардың немесе ірі кәсіпкерлік субъектілері болып табылатын заңды тұлғалардың** басшыларынан төмен емес лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 11.11.2019 жылғы № 203 Жарлығына сәйкес (16.08.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін кемінде бес жыл жұмыс өтілі талап етіледі.
15-тармақ 4-тармақшамен толықтырылды ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес
15-1. Тармақ алып тасталды (ескертуді қараңыз)
Талаптар 15-1-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
15-1-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (12.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
15-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-1-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 05.06.2023 жылғы № 239 Жарлығына сәйкес (19.01.2023 ж. редакцияны қараңыз)
15-2. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Талаптар 15-2-тармақпен толықтырылды ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығына сәйкес (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
15-2-тармақ өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
15-2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығына сәйкес (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15-2-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 11.07.2019 жылғы № 58 Жарлығына сәйкес (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
16. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
16-тармақ алынып тасталды ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығына сәйкес (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
4-тарау. Кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін кандидаттарға кәсіптік білімі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуі бойынша талаптар қойылады.
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
17-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
18. Кәсіптік білімінің болуын, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды білуін Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссия кандидаттармен әңгімелесу өткізу кезінде айқындайды.
19. Тармақ алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
19-тармақ алынып тасталды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (13.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тарау. Құзыреттер бойынша талаптар
Талаптар 5-тараумен толықтырылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 31.07.2024 жылғы № 612 Жарлығына сәйкес (өзгерту 12.08.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
20. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін құзыреттердің болуы талап етіледі.
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін құзыреттердің тізбесін және оларды бағалау тәртібін мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган бекітеді.
Ескертпе. **«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына орналасу үшін ірі кәсіпкерлік субъектілері туралы мәліметтерді кандидаттар тиісті салық органдарынан құжаттар ұсыну арқылы растайды.
Ескертпе жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығына сәйкес (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 13.07.2016 жылғы № 298 Жарлығымен (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 01.06.2017 жылғы № 487 Жарлығымен (05.04.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.06.2017 жылы № 105 (28484) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 26.02.2018 жылғы № 643 Жарлығымен (01.06.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 04.08.2018 жылғы № 723 Жарлығымен (26.02.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 11.07.2019 жылғы № 58 Жарлығымен (24.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 16.08.2019 жылғы № 119 Жарлығымен (22.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 21.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 14.01.2020 жылғы № 239 Жарлығымен (11.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)
Қағидалар алынып тасталды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервін қалыптастыру қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 24.01.2019 жылғы № 828 Жарлығымен (04.08.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 25.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қағидалар алынып тасталды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы 
№ 151 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
«А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу ҚАҒИДАЛАРЫ
Қағидалар өзгертілді ҚР Президентінің 05.04.2017 жылғы № 456 Жарлығымен (31.10.2016 ж. редакцияны қараңыз) (қол қойылған күнінен бастап бір ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Қағидалар алынып тасталды ҚР Президентінің 18.01.2021 жылғы № 495 Жарлығымен (05.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасы Президентінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 151 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Президентінің күші жойылған кейбір жарлықтарының тізбесі
1. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 47, 524-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 7 мамырдағы № 1362 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 21, 265-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 3 тамыздағы № 1415 Жарлығының 1-тармағының 3) тармақшасы.
4. «Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2006 жылғы 5 қаңтардағы № 1695 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 1, 1-құжат).
5. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 27 қарашадағы № 446 Жарлығының 1-тармағының 6) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 43, 499-құжат).
6. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 24 сәуірдегі № 576 Жарлығының 1-тармағының 13) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 20, 182-құжат).
7. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2008 жылғы 12 қарашадағы № 689 Жарлығының 1-тармағының 8) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 42, 465-құжат).
8. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік қызметінің кадр резервіне іріктеу және «А» корпусының бос және уақытша бос мемлекеттік әкішілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 524 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 321-құжат).
9. «Мемлекеттiк қызметтiң кадр резервi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 22 наурыздағы № 525 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 19, 322-құжат).
10. «Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 21 қарашадағы № 697 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 68, 905-құжат).
11. «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына қойылатын арнайы біліктілік талаптарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 10 желтоқсандағы № 708 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 72, 944-құжат).
12. «Қазақстан Республикасы Президентінің «Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы» 2003 жылғы 4 желтоқсандағы № 1243 және «Мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының тізілімін бекіту туралы» 2013 жылғы 7 наурыздағы № 523 жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 28 шілдедегі № 869 Жарлығының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 46-47, 460-құжат).
13. «Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кейбір мәселелері және Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 29 тамыздағы № 900 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 22-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 54, 532-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi