Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2022
Сақтау және өңдеу шарттарының үлгілік нысандарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 қарашадағы № 4-5/969 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 14 желтоқсанда № 12407 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2022 жылғы 1 қантардан бастап ҚР Ауыл шаруашылығы министріні 16.02.2021 жылғы № 44 Бұйрығына сәйкес 
«Мақта саласын дамыту туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 17) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшағa сәйкес шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес шитті мақтаны мақта талшығы етіп бастапқы өңдеу шартының үлгі нысаны бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялануға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі А. Мамытбеков
«КЕЛІСІЛГЕН» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 16 қараша
Қазақстан Республикасы
 Ауыл шаруашылығы министрінің
 2015 жылғы 3 қарашадағы
 № 4-5/969 бұйрығына
 1-қосымша
Шитті мақтаны сақтау шартының үлгі нысаны
Бұдан әрі «Иегер» деп аталатын,____________________негізінде әрекет
 ететін,______________________атынан__________________________________
Полная версия
ИС BestProfi