Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 17.03.2018
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің республикалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелерінің тізбесін бекіту туралы" 1999 жылғы 15 маусымдағы № 751 және "Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы" 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 19 желтоқсандағы № 1022 қаулысы
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 17 наурызынан бастап ҚР Үкіметінің 02.03.2018 ж. № 96 Қаулысына сәйкес
Редакция 30.01.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 30.01.2017 жылғы № 28 Қаулысымен (19.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)
2) «Тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 қазандағы № 1293 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 74, 1079- құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген тұрғын жайларды күтіп ұстау және орталықтандырылған жылыту мемлекет есебінен қамтамасыз етілетін жабық және оқшауланған әскери қалашықтардың, шекара заставалары мен комендатуралардың тізбесінде:
«2. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген бөлімдегі:
мына:
«
№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Алматы қаласы, Медеу ауданы | Жабық | 2466 |
»
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
№ 45 әскери қалашық, Алматы облысы, Іле ауданы Қараой кенті. | Жабық | 2466 |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия