2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 314-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 20.04.2019
Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 желтоқсандағы № 1071 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 20.04.2019 жылғы № 216 Қаулысына сәйкес
Редакция 31.08.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек инвестициялық омбудсмен болып тағайындалсын.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 31.08.2016 жылғы № 499 Қаулысына сәйкес (26.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.09.2016 жылы № 174 (28903) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2. «Инвестициялық омбудсменді тағайындау туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 5 ақпандағы № 32 қаулысының күші қойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2015 ж., № 3, 16-құжат).
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.Мәсімов
Полная версия

