Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 713 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 24 желтоқсанда № 12487 болып тіркелді
«Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Бюджеттік инвестициялар және мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
Осы Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 20-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленген және мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартын орындау нәтижесінде туындаған мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілері мемлекеттік-жекешелік әріптестік шартында өзгеше көзделмесе оларды құрғаннан кейін мемлекеттік меншікке беріледі.
1) мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) – Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған белгілерге сәйкес келетін, мемлекеттік әріптес пен жекешелік әріптес арасындағы ынтымақтастық нысаны;
2) МЖӘ шарты – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде МЖӘ шарты тараптарының құқықтарын, мiндеттерiн және жауапкершiлiгiн, МЖӘ шартының өзге де талаптарын айқындайтын жазбаша келiсiм;
3) МЖӘ объектілері – МЖӘ жобасын іске асыру шеңберінде құрылатын (оның ішінде салынатын және қажет болған жағдайда жобаланатын) және (немесе) реконструкцияланатын және (немесе) жаңғыртылатын, сондай-ақ пайдаланылатын ғимараттар, құрылысжайлар және (немесе) жабдық, мүліктік кешендер, зияткерлік шығармашылық қызметтің нәтижелері;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган) – өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне бекітіліп берілген мүлікті қоспағанда, республикалық мүлікті басқару, мемлекеттің республикалық мүлікке құқығын іске асыру, экономиканың стратегиялық маңызы бар салаларында меншікті және стратегиялық объектілерді жекешелендіру мен мемлекеттік мониторинг жүргізу саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
5) мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган (бұдан әрі – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы) – мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқаруды жүзеге асыратын және «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының Заңында және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген шарттарда республикалық мүлікке қатысты құқықтарды иеленетін, Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған орталық атқарушы орган немесе орталық атқарушы органның ведомствосы;
6) жекеше әріптес – мемлекеттік заңды тұлғаларды, сондай-ақ жарғылық капиталға қатысу үлестерінің немесе дауыс беретін акцияларының елу және одан көп пайызы тікелей немесе жанама түрде мемлекетке тиесілі жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерді және акционерлік қоғамдарды қоспағанда, МЖӘ шартын жасасқан дара кәсіпкер, жай серіктестік, консорциум немесе заңды тұлға;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-тармақша алынып тасталды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 жылғы № 480 Бұйрығымен (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары – коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты қабылдайды.
5. Егер МЖӘ объектісі бойынша инвестициялық шығындарды өтеу жүзеге асырылған жағдайда МЖӘ объектісі мемлекеттік меншікке берілуге тиіс.
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
6. МЖӘ шартына сәйкес МЖӘ объектісін пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін берілуге жататын МЖӘ объектілері мемлекеттік меншікке МЖӘ шартында көрсетілген мерзімде осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес құжаттарды ұсына отырып беріледі.
7. Егер МЖӘ шартында жекеше әріптестің мемлекетке тиесілі және МЖӘ жобасын іске асыру мақсатында берілген зияткерлік меншік объектілеріне айрықша құқықтарын қайтаруы көзделген жағдайда мұндай құқықтарды жекеше әріптес мемлекет меншігіне МЖӘ шартында белгіленген мерзімде және тәртіпте қайтарады.
8. МЖӘ объектісін мемлекет меншігіне беруге арналған құжаттарды ресімдеуге байланысты барлық шығыстар, оның ішінде МЖӘ объектісіне міндетті бағалау жүргізуге және оның техникалық жағдайын айқындауға байланысты шығыстар МЖӘ шартының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.
2-тарау. Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау тәртібі
2-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9. Жекеше әріптес МЖӘ шартының талаптарына сәйкес МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімі басталған кезден бастап отыз жұмыс күні ішінде республикалық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе коммуналдық меншікке жататын МЖӘ объектілеріне қатысты – облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына объектіні мемлекеттік меншікке беру туралы өтінішпен жүгінеді.
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
9-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Егер МЖӘ шартында өзгеше белгіленбесе, МЖӘ объектісін мемлекеттік меншікке беру мерзімінің басталған кезі «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 73-бабының 4-тармағына сәйкес объектіні пайдалануға қабылдау актісін бекіту күні болып табылады.
Жекеше әріптес МЖӘ объектілерін мемлекеттік меншікке беру үшін тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органына немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдарына өтінішпен бірге осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесіне сәйкес құжаттарды ұсынады.
10. Тиісті саланың уәкілетті мемлекеттік органы жекеше әріптестің жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органға жекеше әріптестің республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы және МЖӘ-нің осы объектісін республикалық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарау туралы жолданымы жөнінде хабарлайды.
10-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жекеше әріптестің коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін МЖӘ шартына сәйкес беруге дайындығы туралы жолданымын алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде МЖӘ-нің осы объектісін коммуналдық меншікке қабылдау мүмкіндігін қарайды.
11. Тиісті саладағы уәкілетті мемлекеттік органның хабарламасында балансына республика меншігіне қабылдауға жататын МЖӘ көрсетілген объектісін беру болжанатын республикалық заңды тұлға көрсетіледі және МЖӘ көрсетілген объектісін қабылдау туралы республикалық заңды тұлғаның жазбаша келісімі қоса беріледі.
12. Мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган хабарлама алғаннан кейін он күндік мерзімде республикалық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін республикалық меншікке қабылдау және оны республикалық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
12-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары жолданым алғаннан кейін он күндік мерзімде коммуналдық меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін коммуналдық меншікке қабылдау және оны коммуналдық заңды тұлғаға беру туралы шешім қабылдайды.
13. Осы Қағидалардың 12-тармағында көзделген шешім қабылданғаннан кейін жекеше әріптес пен мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісі бекітіліп берілетін мемлекеттік заңды тұлға, сондай-ақ мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті орган немесе облыстардың (республикалық маңызы бар қалалардың, астананың) жергілікті атқарушы органдары күнтізбелік он бес күннен аспайтын мерзімде мемлекеттік меншікке қабылдануға жататын МЖӘ объектісін қабылдау-тапсыру актісін ресімдейді.
13-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14. Қабылдау-тапсыру актісі оған қол қоюға қатысатын тараптардың әрқайсысы үшін бір данадан қазақ және орыс тілдерінде үш данада бекітіледі.
14-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
15. Мемлекет меншігіне қабылдауға жататын МЖӘ объектісіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
3-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 17.03.2023 жылғы № 37 Бұйрығына сәйкес (22.11.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
16. МЖӘ объектілерін мемлекет меншігіне беру және қабылдау кезінде туындайтын даулар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қаралады.
Мемлекеттік-жекешелік әріптестік объектілерін мемлекеттік меншікке қабылдау кезінде жекеше әріптес ұсынатын құжаттар тізбесі
Тізбе жаңа редакцияда жазылды ҚР Ұлттық экономика министрінің 22.11.2016 жылғы № 480 Бұйрығына сәйкес (25.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2016 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
Жекеше әріптестің құрылтай құжаттарының, жекеше әріптестің әділет, салық және статистика органдарында мемлекеттік тіркелуін растайтын құжаттардың көшірмелері
4.
Жекеше әріптестің бірінші басшысы және бас бухгалтері қол қойған, мемлекеттік меншікке қабылдауға жататын МЖӘ объектісінің баланстық құнын растайтын құжат