Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексі 116-бабының 4-тармағына сәйкесБҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 13.06.2025
"Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 20 қарашадағы № 578 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 21 желтоқсанда № 12446 болып тіркелді
Осы Бұйрық 2025 жылғы 13 маусымнан бастап күшін жойды ҚР Қаржы министрінің 28.05.2025 жылғы № 261 Бұйрығына сәйкес
1. «Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы Министрі міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде № 7126 болып тіркелген, 2012 жылғы 5 маусымдағы, № 292-297 (27371) «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрықтың 1 -124-қосымшаларына сәйкес Мемлекеттік мекемелер үшін бухгалтерлік құжаттама нысандарының альбомы бекітілсін.»;
9, 10, 11, 12, 13, 14, 15, 16, 18, 19, 67, 94-қосымшалар осы бұйрыққа 1 -12-қосымшаларға сәйкес редакцияда жазылсын.
2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бухгалтерлік есеп және аудит әдіснамасы департаменті (А.Т.Бектұрова) заңнамада бекітілген тәртіппен:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеудi;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Қаржы министрі Б. Сұлтанов
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің 2015 ж. 20 қарашадағы № 578 бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы Қаржы Министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 2 тамыздағы № 390 бұйрығына 9-қосымша
№ НҚ-6 нысаны
_____________________________________________________________________
Мемлекеттік мекеменің атауы (орталықтандырылған бухгалтерия)
№ _______ мемлекеттік мекемелерде негізгі құралдар мен инвестциялық жылжымайтын мүлікті есепке алу түгендеу карточкасы
____________________________________________________________________
толық атауы және объектіні тағайындау
____________________________________________________________________
Полная версия

