Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 01.01.2019
Адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу мөлшерін белгілеу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1110 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 13.12.2018 жылғы № 833 Қаулысына сәйкес
2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 112-бабына, «Адвокаттық қызмет туралы» 1997 жылғы 5 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 3-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. «Адвокаттық қызмет туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабында көзделген жағдайларда адвокат көрсететін заң көмегіне ақы төлеудің және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің мынадай мөлшерлері (бұдан әрі — ақы төлеу мөлшері) белгіленсін:
1) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/10 ең төменгі жалақы мөлшері;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы қорғалушымен немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқанмен кездесу;
аса ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғауға немесе аса ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекетіне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;
2) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/15 ең төменгі жалақы мөлшері:
ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғаның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;
ауыр қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы қорғалушымен немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқанмен кездесу;
ауыр қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау немесе ауыр қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;
3) бір сағатқа Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 1/21 ең төменгі жалақы мөлшері:
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктінің, айыпталушының, сотталушының, сотталғанның қорғаушысы ретінде, сондай-ақ қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның өкілі ретінде қылмыстық іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысына қатысу;
әкімшілік жауаптылыққа тартылған адамның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша іс жүргізудің кез келген сатысында қорғау;
заң көмегіне ақы төлеуден және азаматтық іс бойынша іс жүргізуде өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеуден босатылған адамға өкілдік ету және оларды бюджет қаражаты есебіне жатқызу;
қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күдіктіні, айыпталушыны, сотталушыны, сотталғанды қорғау немесе қылмыстық теріс қылық немесе онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс салдарынан жәбірленуші деп танылған адамның мүддесінде анықтаушының, тергеушінің, прокурордың және соттың әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) және шешіміне өтінішхаттар, шағымдар, апелляциялық, кассациялық және өзге де шағымдар жасау;
онша ауыр емес немесе ауырлығы орташа қылмыс жасағаны үшін күзетпен қамаудағы немесе қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеп жатқан адаммен не әкімшілік ұсталған адаммен кездесу;
адвокатқа жүгінген жағдайларда жеке тұлғаларға құқықтық кеңес беру;
4) айып тағылған қылмыстың санатына қарай Қазақстан Республикасының Қылмыстық процестік кодексінің 64-бабының үшінші бөлігінде белгіленген мерзімдер өтетін түнгі уақытта, демалыс және мереке күндері кейінге қалдыруға болмайтын, күдіктіден жауап алуға қатысқан бір сағат үшін осы қаулының 1-тармағының 1) — 3) тармақшаларында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 1,5;
5) адвокаттың тергеу немесе өзге де іс-қимылдың басталуын, сот отырысының басталуын немесе оны кейінге қалдырған жағдайда жалғасын күткен уақыты үшін осы қаулының 1-тармағының 3) тармақшасында белгіленген ақы төлеу мөлшерінен 50 пайыз;
6) нақты іс бойынша қорғау немесе өкілдік ету үшін Қазақстан Республикасының шегінде басқа жерге іссапарға шығуға байланысты шығыстарды мемлекет қаражаты есебінен қамтылатын мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері үшін белгіленген мөлшерде өтеу.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1110 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі
1. «Мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсететін тұлғаларға еңбекақы төлеу, адвокат көрсеткен заң көмегін есепке алу және консультация беруге, қорғауға және өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеу қағидалары, сондай-ақ оның еңбекақы мөлшері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы №1247 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 42, 384-құжат).
2. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 24 желтоқсандағы №1683 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 48, 571-құжат).
3. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылгы 30 қыркүйектегі № 978 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., №36, 503-құжат).
4. «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы №1247 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 1 шілдедегі №681 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., №41, 366-құжат).
5. «Республикалық бюджет қаражаты есебінен адвокаттар көрсететін заң көмегіне ақы төлеу және қорғау мен өкілдік етуге байланысты шығыстарды өтеудің ережелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 тамыздағы №1247 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 желтоқсандағы №1579 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., №88, 1085-құжат).
Полная версия
ИС BestProfi