Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы № 2155 Заңы
Құжат мәтініндегі «I - XIII» цифрлар  «1 - 13» цифрлармен ауыстырылды ҚР 20.12.2004 жылғы № 13 Заңы бойынша (07.07.2004 ж. редакцияны қараңыз) (2005 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді) 
Құжат мәтініндегі «(мүдденiң)", "(мүдде)", "(мүдденi)» сөздер алынып тасталды ҚР 08.07.2005 жылғы № 69 Заңы бойынша (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 20.08.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Қазақстан Республикасының банк жүйесi
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2003 жылғы № 483-II Заңына сәйкес (01.01.2004 бастап қолданысқа енгiзiледi)
Қазақстан Республикасының банк жүйесi екi деңгейден тұрады.
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi (Қазақстан Ұлттық Банкi) Қазақстан Республикасының орталық банкi болып табылады және Қазақстан Республикасы банк жүйесiнiң жоғары (бiрiншi) деңгейiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi басқа елдердiң орталық банктерiмен және басқа банктермен қарым-қатынаста, халықаралық банктер мен басқа да қаржы-кредит ұйымдарында өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының мүддесiн бiлдiредi.
Қазақстан Ұлттық Банкi өз мiндеттерiн орындау кезiнде пайда табу мақсатын басшылыққа алмауға тиiс.
Екiншi деңгейдегi банктердiң түрлерi, құқықтық мәртебесi, оларды құрудың, қызметiнiң және таратудың тәртiбi Қазақстан Республикасының банк заңдарымен белгiленедi.
2-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнің мәртебесі және қызметiнiң құқықтық негiзi
2-бап өзгертілді ҚР 28.12.2011 жылғы № 524-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 422-V Заңымен (18.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
Қазақстанның Ұлттық Банкі мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеуді және жүргізуді, төлем жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін, валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыратын, қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесетін және мемлекеттік статистиканы жүргізетін, сондай-ақ өз құзыреті шегінде қаржы нарығын, қаржы ұйымдары мен өзге де тұлғаларды және Қазақстан Республикасының қаржы заңнамасы саласында мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.
2-баптың бірінші бөлігі өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (21.01.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстанның Ұлттық Банкі өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, осы Заңды, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарын, Қазақстан Республикасы Президентінің актілерін және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын басшылыққа алады.
3-бап. Қазақстан Ұлттық Банкiнiң есептiлiгi
3-бап толықтырылды ҚР 08.07.2005 жылғы № 69 Заңына сәйкес
3-бап өзгертілді ҚР 29.04.2009 жылғы № 154-IV Заңымен ( 28.02.2007  ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының Президентiне есеп бередi.
Қазақстан Республикасының Президентiне есептiлiк мынаны бiлдiредi:
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының келiсiмiмен Қазақстан Ұлттық Банкiнiң Төрағасын тағайындауы; оны қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасарларын қызметке тағайындауы және қызметтен босатуы;
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкінің құрылымын және жалпы штат санын бекітуі;
3-баптың екінші бөлігінің төртінші абзацы жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (06.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасының Президентiмен келісу бойынша Қазақстан Ұлттық Банкі қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу жүйесiн Қазақстан Ұлттық Банкі Басқармасының бекiтуі;
3-баптың екінші бөлігі бесінші абзацпен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.07.2017 жылы № 133 (28512) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан Ұлттық Банкі туралы ережені бекітуі;
Полная версия
ИС BestProfi