Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 11 қаңтардағы № 169 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
«Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 12 қарашадағы Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар (бұдан әрі – өзгерістер мен толықтырулар) бекітілсін.
1) 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін, өзгерістер мен толықтыруларға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылатын Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті туралы ереженің (бұдан әрі – Ереже) 15-тармағының 3) тармақшасын;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Президентінің 04.07.2018 жылғы № 714 Жарлығына сәйкес (05.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)
2) Ереженің 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 15-тармағының 9) тармақшасын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.НАЗАРБАЕВ
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№ 169 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (26.11.2022 ж. редакцияны қараңыз)
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (11.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
4. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (11.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
5. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
5-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2018 жылғы № 681 Жарлығына сәйкес (11.01.2016 ж. редакцияны қараңыз)
6. «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды тапсырудың тәртібі туралы нұсқаулықты, Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары құжаттарының үлгілерін және Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары белгілерінің сипаттамасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 8 қарашадағы №90 өкімінде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 53, 521-құжат):
жоғарыда аталған өкіммен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларымен наградтауға ұсынудың және оларды таныстырудың тәртібі туралы нұсқаулықта:
«6. Қазақстан Республикасы Президентiнiң атына:
меншiк нысандарына қарамастан ұйымдардың, жергiлiктi мемлекеттiк органдардың қызметкерлерiне, өңірлік қоғамдық бiрлестiктердiң өкiлдерiне – Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi;
облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың тексеру комиссияларының төрағаларына – Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің Төрағасы;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретін органдардың, республикалық шығармашылық одақтар мен қоғамдық ұйымдардың қызметкерлерiне – осы ұйымдардың басшылары;
орталық мемлекеттiк органдардың, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн органдардың бiрiншi басшыларына, Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкiмдерi мен мәслихаттарының хатшыларына – Қазақстан Республикасының Парламентi мен Үкiметi ұсынымдар енгізеді.
Наградтауға ұсынылғандардың әрқайсысына ұсыным жеке дайындалады.».
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2016 жылғы 11 қаңтардағы
№169 Жарлығымен
бекітілген өзгерістер мен
толықтыруларға
ҚОСЫМША
Қосымша күшін жойды ҚР Президентінің 26.11.2022 жылғы № 5 Жарлығымен (04.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)
Полная версия
ИС BestProfi