«Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 23-19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 29 желтоқсанда № 12620 болып тіркелді
Редакция 26.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі қағидалар және рұқсат беру талаптары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен кейiн күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі Е. Досаев
«Келісілген» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі ________________ Ә. Исекешев 2015 жылғы 10 желтоқсан
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 қарашадағы № 734 бұйрығымен бекітілген
Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 30.07.2019 жылғы № 583 Бұйрығына сәйкес (17.06.2016 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 28.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженерлік-техникалық жұмыскерлерді аттестаттау қағидалары мен рұқсат беру талаптары (бұдан әрі – Қағидалар мен рұқсат беру талаптары) «Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» 2001 жылғы 16 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және сәулет, қала құрылысы мен құрылыс қызметі саласындағы қызметті жүзеге асыратын инженерлік-техникалық жұмыскерлерге аттестаттау жүргізу тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда және рұқсат беру талаптарында мынадай ұғымдар қолданылады:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 19.05.2023 жылғы № 372 Бұйрығына сәйкес (19.05.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) аттестаттау – аттестаттау орталығының жобалау және құрылыс салу процесіне қатысатын инженер-техник жұмыскерлердің өкілеттіктерін ресми тану рәсімі;
2) аттестаттау орталығы – уәкілетті органда белгіленген тәртіппен аккредиттеу рәсімінен өткен заңды тұлға;
3) біліктілік аттестаты – осы Қағидаларға және рұқсат беру талаптарына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша инженер-техник жұмыскерлердің мәртебесін куәландыратын аттестат;
Полная версия