«Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесін бекіту туралы Қазақстан Ресубликасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 1094 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12713 болып тіркелді
Редакция 24.10.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының бөлімшелеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаменті (А.Ү. Әбдіғалиев) заңнамада бекітілген тәртіпте:
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Заң» деректер базасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы Республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны осы тармақтың 1), 2), 3), 4) тармақшасында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің комитеттерінің төрағалары, департаменттері мен дербес басқармаларының бастықтары, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі департаменттерінің, ІІМ білім беру ұйымдарының бастықтары қоса беріліп отырған Қағидалардың талаптарын зерделеуді және орындауды қамтамасыз етуді ұйымдастырсын.
3-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 14.10.2021 жылғы № 632 Бұйрығына сәйкес (29.12.2015 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.11.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары полиция генерал-лейтенанты М.Ғ. Демеуовке, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Кадр жұмысы департаментіне (А.Ү. Әбдіғалиев) жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1094 бұйрығына қосымша
Ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің қағидалары мен әдістемесі
Осы Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Ішкі істер министрінің 24.10.2024 жылғы № 852 Бұйрығына сәйкес (14.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарының бөліністеріндегі моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізу қағидалары мен әдістемесі (бұдан әрі - Қағидалар) «Құқық қорғау қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-1-бабының 6-тармағына сәйкес әзірленген және ішкі істер органдары бөліністеріндегі (бұдан әрі – ІІО бөліністері) моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйіне жыл сайынғы социологиялық мониторинг жүргізудің тәртібі мен әдістемесін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Полная версия