Близость слов: Окончание:





Бағалы металдар мен асыл тастар туралы
Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V Заңы
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Осы Заң бағалы металдарды өндіру және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) асыл тастар – табиғи алмастар, зүбәржаттар, лағылдар, жақұттар және александриттер, сондай-ақ шикі (табиғи) және өңделген түрдегі табиғи інжу. Асыл тастарға бірегей кәріптас түзілімдері теңестіріледі;
2) асыл тастардың, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардың сараптамасы (бұдан әрі – сараптама) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің төлнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;
3) асыл тастарды сәйкестендіру – асыл тастардың сыныптамалық және құндық сипаттамаларының нормативтік-техникалық құжаттаманың талаптарына сәйкестігін белгілеу;
4) атаулы таңба – бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарға салынатын және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындаушыны куәландыратын арнайы белгі;
5) аффинаждау – бағалы металдарды қоспалардан және ілеспе құрауыштардан тазалау, бағалы металдарды ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға дейін жеткізу процесі;
6) аффинирленген алтын – аффинаждау нәтижесінде құймалар, тілімдер, түйіршіктер және ұнтақтар түрінде алынған алтын;
6-1) аффинирленген бағалы металдар – бөгде қоспалардан және ілеспе құрамдастардан тазартылған, ұлттық немесе халықаралық стандартқа сәйкес келетін сапаға жеткізілген бағалы металдар;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 06.04.2024 жылғы № 71-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 08.06.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
8) бағалы металдардың аффинаждауға жатпайтын саф түрлері – осы нақты кен орнындағы бағалы металдың басым бөлшектерінен өз мөлшері бойынша бірден ерекшеленетін және массасы 0,3 грамнан асатын, бағалы металдардың минералды шикізатынан бөлініп алынған, ішкі және сыртқы нарықтардағы айналысқа, өндірістік, ғылыми, әлеуметтік-мәдени мақсаттарда пайдалануға арналған бағалы металдардың саф түрлері;
9) бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары – жөнделмейтін ақауды қоса алғанда, бағалы металдарды алу мақсатында кейіннен қайта өңдеу үшін пайдалануға болатын, жарамсыз болып қалған, пайдаланылу құндылығын жоғалтқан немесе жоюға жататын, құрамында бағалы металл бар бұйымдар және (немесе) олардың құрауыш бөліктері, сондай-ақ техникалық және тұрмыстық мақсаттағы өнімді өндіру және пайдалану кезінде түзілген, құрамында бағалы металл бар материалдардың, металлургиялық өндірістің аралық өнімдерінің қалдықтары;
10) бағалы металдарды өндіру – құрамында бағалы металдар бар өндірілген кешенді кендерден, концентраттардан және басқа да жартылай өнімдерден, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтарынан бағалы металдарды алу, сондай-ақ бағалы металдарды аффинаждау;
11) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
12) бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
13) бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымы – бағалы металдар мен асыл тастарды, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын, зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру, әкелу, әкету, олармен азаматтық-құқықтық мәмілелер жасау, мемлекеттің аффинирленген алтынды басым құқық шеңберінде сатып алуы, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастарды инвестициялық және басқа да мұқтаждар үшін қолдану;
13-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2021 жылғы № 62-VII Заңына сәйкес (30.12.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 06.09.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
14) зергерлік және басқа да бұйымдарды өндіру субъектілері – зергерлік және басқа да бұйымдарды дайындауды жүзеге асыратын дара кәсіпкерлер мен заңды тұлғалар;
Полная версия
ИС BestProfi