Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің м.а. 2015 жылғы 16 қазандағы № 994 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 5 қаңтарда № 12812 болып тіркелді
«Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабы 1-тармағының 41 -20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.03.2023 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (01.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға оның көшірмелерін жіберуді;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметті ұсынуды қамтамасыз етсін.
Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары
Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 31.07.2019 жылғы № 600 Бұйрығына сәйкес (16.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.08.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Сертификаттау және үлгі сертификатын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Қазақстан Республикасының әуе кеңістігін пайдалану және авиация қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 14-бабы 1-тармағының 41-20) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленді және сертификаттау және үлгі сертификатын беру және «Азаматтық әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгі сертификатын беру» мемлекеттік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 15.04.2020 жылғы № 206 Бұйрығына сәйкес (31.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 03.05.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.03.2023 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (01.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланатын терминдер мен анықтамалар:
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 17.03.2023 жылғы № 169 Бұйрығына сәйкес (01.04.2022 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 07.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) зауыттық сынақтар – әуе кемесінің, қозғалтқыштың және әуе винтінің үлгісін, оның сипаттамаларын және пайдалану құжаттамасын сертификаттау базисінің талаптарына сәйкестігіне дейін жеткізу;