«Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 8-бабының 3-тармағына, «Денсаулық сақтау ұйымдарының шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 7 желтоқсандағы № 2030 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2012 жылғы 18 шілдедегі № 484 Бұйрығы
Редакция 15.09.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Бейіндер бойынша жоғары мамандандырылған медициналық көмек технологияларының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 27 желтоқсандағы № 920 бұйрығында:
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада
« |
32 |
37.3400 |
Жүректің өткізгіш жолдарының паталогиялық трансвеналық радиожиілілік абляциясы |
» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
« |
32-1 |
37.34 |
Катетерді пайдалана отырып зақымданған бөлікті немесе жүрек тінін алып тастау |
»; |
« |
59 |
39.795 |
Ұзақ инфузиялы терапия үшін артериялардың эндоваскулярлы іріктемелі катетеризациясы |
» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
« |
59-1 |
35.2201 |
Қолқа қақпақшасын тері арқылы транскатетерлік имплантациялау |
|
|
59-2 |
37.3601 |
Сол жақ жүрекше құлақшасын транскатетерлік жабу |
»; |
« |
152 |
53.71 |
Лапароскопиялық фундопликация |
» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
« |
152-1 |
05.8901 |
Резистенттік артериялық гипертензияны емдеудегі бүйрек денервациясы әдісі. |
»; |
« |
237 |
21.001 |
Аутотрансплантация үшін гемопоэтикалық дің жасушаларын дайындау |
» |
деген жолдан кейін мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
« |
237-1 |
81.516 |
Гемофилия кезіндегі сан-жамбас буынын толық ауыстыру |
|
|
237-2 |
81.526 |
Гемофилия кезіндегі сан-жамбас буынын буынын жартылай ауыстыру |
»; |
«Диагностикалық қызметтер» деген бағанның «FISH әдісімен онкогематологиялық және онкологиялық ауруларды молекулалық-цитогенетикалық диагностикалау» деген 252-жолындағы «08.090» деген код «08.0905» деген кодпен ауыстырылсын;
2) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 08.01.2013 жылғы № 11 Бұйрығымен (18.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.02.2013 жылдан бастап)
3) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 15.09.2015 жылғы № 724 Бұйрығымен (08.01.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
4-тармақша күшін жойды ҚР Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 08.01.2013 жылғы № 12 Бұйрығымен (18.07.2012 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.02.2013 жылдан бастап)
2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі А.Д. Құрманғалиеваға жүктелсін.
3. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушы С.Мусинов