2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 143-бабының 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫЗ:
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 31 желтоқсанда № 12729 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2018 жылғы 17 желтоқсаннан бастап ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 29.11.2018 жылғы № 481 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 29.11.2018 жылғы № 89 Бірлескен бұйрығына сәйкес
Редакция 13.09.2016 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы бекітілсін.
2. « Асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылау бойынша тексеру парақтарының нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 10 тамыздағы № 15-04/730 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 21 тамыздағы № 614 бірлескен бұйрығының (Нормативтiк құқықтық актілердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 12108 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 қарашада жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бірлескен бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бірлескен бұйрықты алынған күнінен бастап он күн ішінде оның көшірмесінің Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін қамтамасыз етсін;
4) осы бірлескен бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
4. Осы бірлескен бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
5. Осы бірлескен бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі ______________А. Мамытбеков Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі______________Е. Досаев
«КЕЛІСІЛГЕН» Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің төрағасы ___________________ С. Айтпаева 20 жылғы «__»____________
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы № 15-05-1136 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 820 бірлескен бұйрығымен бекітілген
Асыл тұқымды мал шаруашылығы және бал ара шаруашылығы саласындағы тексеру парағы
Тексеру парағы жаңа редакцияда жазылды ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 13.09.2016 жылғы № 389 және ҚР Ұлттық экономика министрінің 04.10.2016 жылғы № 438 Бірлескен бұйрығына сәйкес (28.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.11.2016 жылы "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланды
Тексеру тағайындаған мемлекеттік орган ______________________________
_____________________________________________________________________
Тексеру тағайындау туралы акті ______________________________________
(нөмір, күні)
Тексерілетін субъектінің (объектінің) атауы _________________________
_____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Жеке сәйкестендіру нөмірі/тексерілетін субъектінің (объектінің) бизнес-сәйкестендіру нөмірі
Орналасқан жерінің мекенжайы ________________________________________
_____________________________________________________________________
|
№ |
Талаптар тізбесі |
Талап етіледі |
Талап етілмейді |
Талаптарға сәйкес келеді |
Талаптарға сәйкес келмейді |
|||
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|||
|
Асыл тұқымдық орталықтар |
||||||||
|
1 |
Тұқымдық ауыл шаруашылығы жануарларын күтіп-бағуға арналған қора-жайдың болуы |
|
|
|
|
|||
|
2 |
Тұқымдық жануарлардың ұрығын төменгі температурада мұздатуға және сақтауға арналған зертхананың болуы |
|
|
|
|
|||
|
3 |
Ветеринариялық-санитариялық тексеру өткізетін орынның болуы |
|
|
|
|
|||
|
4 |
Карантиндік үй-жайдың болуы |
|
|
|
|
|||
|
5 |
Изолятордың болуы |
|
|
|
|
|||
|
6 |
Зертханалық жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
7 |
Криогендік жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
8 |
Жоғары өнімді асыл тұқымды тұқымдық жануарлардың болуын растайтын асыл тұқымдық куәліктердің болуы |
|
|
|
|
|||
|
9 |
Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау |
|
|
|
|
|||
|
10 |
Тұқымдық асыл тұқымды жануарларға сәйкестендіру жүргізілгендігін растайтын ветеринариялық паспорттардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
11 |
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
12 |
Асыл тұқымды жануарды бонитирлеудің жиынтық ведомосының болуы |
|
|
|
|
|||
|
13 |
Селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстардың ақпараттық базасында тіркелгенін растайтын жергілікті атқарушы орган анықтамасының болуы |
|
|
|
|
|||
|
14 |
Жануарға өз өнімділігі бойынша бағалау жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
15 |
Жануарға ұрпағының сапасы бойынша бағалау жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
16 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну |
|
|
|
|
|||
|
17 |
Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
Дистрибьютерлік орталықтар |
||||||||
|
18 |
Стационарлық биоқоймалары бар өндірістік үй-жайлардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
19 |
Зертханалық жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
20 |
Криогендік жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
21 |
Объектіге ветеринариялық-санитариялық қорытындының болуы мен есептік нөмірді беру туралы растау |
|
|
|
|
|||
|
22 |
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің атқарушы органы бөлімшесінің ветеринарлық дәрігері берген инфекциялық аурулар (туберкулез, бруцеллез, лейкоз, лептоспироз, кампилобактериоз, трихомоноз, койдың эпидидимиті, хламидиоз, жылқының күйеңкі ауруы, эпизоотиялық лимфангит) бойынша, сондай-ақ тиісті Халықаралық Эпизоотиялық Бюро тізіміндегі аурулар тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік аумағындағы эпизоотиялық жағдай бойынша ветеринарлық анықтамалардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
23 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну |
|
|
|
|
|||
|
24 |
Штатта тиісті мамандықтар бойынша мамандардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
Бюджеттік субсидияларды алған жеке және заңды тұлғалар |
||||||||
|
25 |
Жануарларда жеке нөмірлерінің болуы |
|
|
|
|
|||
|
26 |
Жануарлардың селекциялық және асыл тұқымдық жұмыстың ақпараттық қорында уәкілетті орган белгілеген тәртіппен тіркелуі |
|
|
|
|
|||
|
27 |
Асыл тұқымды малдың ресімделген жеке карточкасының немесе асыл тұқымдық куәліктің болуы |
|
|
|
|
|||
|
28 |
Республикалық палатада тіркелген асыл тұқымды малдарға бонитировка жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
29 |
Асыл тұқымды малдардың асыл тұқымды малдардың мемлекеттік тіркелімінде тіркелуі |
|
|
|
|
|||
|
30 |
Есеп пен есептілікті жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
31 |
Асыл тұқымдық куәліктерде көрсетілген деректердің дұрыстығы |
|
|
|
|
|||
|
Жергілікті атқарушы органдар |
||||||||
|
32 |
Асыл тұқымды жануарлардың мемлекеттік тіркелімін жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
33 |
Бекітілген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректерді есепке алуды жүргізу |
|
|
|
|
|||
|
34 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы субъектілер беретін есептіліктің болуы |
|
|
|
|
|||
|
Бонитер (сыныптаушы) |
||||||||
|
35 |
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы |
|
|
|
|
|||
|
36 |
Ауыл шаруашылығы жануарының тиісті түрі бойынша бонитерлер курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы |
|
|
|
|
|||
|
37 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну |
|
|
|
|
|||
|
Техник-ұрықтандырушылар |
||||||||
|
38 |
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология» немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның немесе осы бейін бойынша кемінде үш жыл жұмыс өтілін растайтын құжаттың болуы |
|
|
|
|
|||
|
39 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыру курстарынан өткендігі туралы құжаттың болуы |
|
|
|
|
|||
|
40 |
Зертханалық үй-жайдың болуы (ауыл шаруашылығы жануарын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін) |
|
|
|
|
|||
|
41 |
Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін) |
|
|
|
|
|||
|
42 |
Құрал-саймандарың болуы (ауыл шаруашылығы жануарларын қолдан ұрықтандыратын стационарлық пункт үшін) немесе техник-ұрықтандырушы чемоданының болуы (жылжымалы пункттер үшін) |
|
|
|
|
|||
|
43 |
Криогендік жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
44 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну |
|
|
|
|
|||
|
Эмбриондарды транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі маман |
||||||||
|
45 |
Тиісті «зоотехния» немесе «мал шарушылығы өнімдерін өндіру технологиясы» не «биотехнология», немесе «ветеринария» мамандығы бойынша білімі туралы дипломның болуы |
|
|
|
|
|||
|
46 |
Ауыл шаруашылығы жануарларының эмбриондарын транспланттау (ауыстырып салу) жөніндегі курстардан өткендігі туралы құжаттың болуы |
|
|
|
|
|||
|
47 |
Зертханалық үй-жайдың болуы |
|
|
|
|
|||
|
48 |
Бақылау-өлшеу аспаптарының болуы |
|
|
|
|
|||
|
49 |
Құрал-саймандардың болуы |
|
|
|
|
|||
|
50 |
Криогендік жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
51 |
Технологиялық жабдықтың болуы |
|
|
|
|
|||
|
52 |
Уәкілетті орган бекіткен нысандар бойынша деректерді есепке алуды жүргізу және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың, аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдарына есептілікті ұсыну |
|
|
|
|
|||
Лауазымды адам (адамдар) __________________________ _________________
(лауазымы) (қолы)
_____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
Тексерілетін
субъектінің басшысы _______________________________ _________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), лауазымы) (қолы)

