Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы № 927 бұйрығы.
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 26 желтоқсанда № 12534 болып тіркелді
Қазақстан Республикасы Еңбек кодексінің 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 жылғы № 98 Бұйрығына сәйкес (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Қоса беріліп отырған Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек және әлеуметтік әріптестік департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларымен көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
1. Осы Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 16-бабының 31) тармақшасына сәйкес әзірленген және жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу, бекіту және қайта қарау тәртібін белгілейді.
2. Жұмыс берушінің еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулығы (бұдан әрі – Нұсқаулық) өндірістік үй-жайларда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және осы жұмыстар жүргізілетін не қызметтік міндеттер орындалатын ұйымның басқа жерінде жұмыстарды орындау кезінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы заңнаманың қолданылуын нақтылайтын жұмыс берушінің актісі болып табылады.
3. Нұсқаулықты жұмыс беруші жұмыс берушінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен жұмыскерлер өкілдерінің қатысуымен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі – жауапты тұлға) жасаған тізбеге сәйкес, учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы және жалпы ұйымдағы әрбір кәсіп үшін, сондай-ақ жеке жұмыс түрлері (биіктегі жұмыс, сынақтар) мен жұмыс орындарына да әзірлейді.
3-тармақ өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 30.03.2023 жылғы № 98 Бұйрығымен (30.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.04.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Нұсқаулықты әзірлеуді еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелер мен оқу орталықтарының мамандары жұмыс берушінің (ұйымның) өтінімі бойынша шарттық негізде жүзеге асырады.
4. Тізбе қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітілген Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен Қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын есепке ала отырып бекітілген жұмыс берушінің штат кестесінің негізінде жасалады. Жасалған тізбені жұмыс беруші немесе өзге уәкілетті адам бекітеді және ол барлық құрылымдық бөлімшелерге жіберіледі.
5. Нұсқаулық жабдықты өндіруші зауыттардың пайдалану және жөндеу құжаттамасында, сондай-ақ жұмыс берушінің технологиялық құжаттамасында баяндалған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нормативтердің негізінде әзірленеді.
1) технологиялық процесті зерделеу, оның қалыпты ағымы мен қалыпты режимнен ауытқыған кезінде пайда болатын қауіпті және зиянды өндірістік факторларды анықтау, сондай-ақ аталған факторлардан қорғану шаралары мен құралдарын анықтаудан;
7) жұмыстың қауіпсіз әдіс-тәсілдерін, олардың реттелігін, сондай-ақ Нұсқаулыққа енгізілуге тиіс техникалық және ұйымдастырушылық іс-шараларды айқындаудан;
7. Іске қосылып жатқан жаңа өндірістер, технологиялар немесе жабдық үшін объектіні мемлекеттік қабылдау комиссиясы пайдалануға қабылдағанға дейінгі мерзімге әзірленген нұсқаулықтар қолданылады.
1) тұлғаларға кәсібі бойынша жұмыстарын өздігінен орындауға немесе тиісті жұмысты орындауға рұқсат берудің шарттары (жас, жыныс, денсаулық жағдайы, нұсқама жүргізу);
5) оларда мемлекеттік, салалық стандарттар белгілері мен оларға техникалық шарттарды көрсете отырып, осы кәсіп үшін арнайы киім және басқа да жеке қорғаныш құралдарын берудің нормалары;
2) жабдықтың, құрылғылар мен құрал-саймандардың, қоршау, дабылдағыштың, блокталған және басқа да құрылғылардың, қорғаушы жерге тұйықтаудың, желдетудің және жергілікті жарықтандырудың жарамдылығын тексеру тәртібі;
1) жабдық, құрылғылар, машиналар, механизмдер және аппаратураларды қауіпсіз сөндіру, тоқтату, бөлшектеу, тазалау және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс кезінде – оларды ауысым бойынша беру тәртібі;
17. Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жауапты тұлға және басқа мүдделі құрылымдық бөлімшелер, лауазымды тұлғалар мен жұмыскерлер өкілдері келіскеннен кейін жұмыс беруші бекітеді.
18. Бекітілген Нұсқаулықтарды еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі немесе жұмыс берушінің жауапты адамы Нұсқаулықтарды есепке алу журналында есепке алады.
20. Егер осы Қағидалардың 19-тармағында белгіленген мерзім ішінде жұмыскерлердің еңбек жағдайлары өзгермесе, Нұсқаулықтың қолданылуы келесі мерзімге ұзартылады, бұл туралы Нұсқаулықтың бірінші бетінде жазылады («Қайта қаралды» мөртабаны, Т.А.Ә (бар болса), күні және Нұсқаулықты қайта қарауға жауапты адамның қолы қойылады).