Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 282, 286, 294-баптарына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.01.2021 жылғы №4 Қаулысына сәйкес (24.02.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 16.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 23.02.2023 жылғы №158 Қаулысына сәйкес (23.01.2023 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 27.02.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт (бұдан әрі – модельдік келісімшарт);
3) Мемлекеттік органдардың мамандарын, Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары арасынан консультанттар мен сарапшыларды тарту қағидалары бекітілсін.
3. Осы қаулы, 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін модельдік келісімшарттың 3-тармағы 1) тармақшасының төртінші абзацын қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшарт
Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 27.12.2019 жылғы №987 Қаулысымен (29.12.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 31.12.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Келісімшарт өзгертілді ҚР Үкіметінің 22.10.2022 жылғы № 840 Қаулысымен (25.10.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 25.01.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған келісімшарт бұдан әрі Тараптар деп аталатын, _____________________________________________ негізінде әрекет ететін (ереже немесе бұйрық) __________________________________ (бұдан әрі - уәкілетті орган) атынан (уәкілетті органның атауы) ____________________________________________________________ мен (басшының немесе оның міндетін атқарушы адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ___________________ негізінде әрекет ететін, инвестициялық жобаны іске (жарғы немесе сенімхат) асыратын _______________________________________________________, (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының атауы, мемлекеттік тіркеу нөмірі, күні) атынан _________________________________________________________ (басшының немесе өзге уәкілетті адамның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) (бұдан әрі – инвестор) арасында жасалды.
1) Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделген, бағыттарының бірі экономиканы дамыту үшін қолайлы инвестициялық жағдай жасау және заманауи технологияларды қолданып инвестицияларды жаңа өндірістерді құруға, жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге және жаңартуға салуды ынталандыру, қазақстандық кадрлардың біліктілігін арттыру, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау болып табылатын Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік саласындағы заңнамасын;
3) уәкілетті орган мен инвестор инвестициялық келісімшарттың ___________________________________ (инвестициялық жобаның атауы) іске асыру кезінде олардың өзара құқықтары мен міндеттерін реттейтіні туралы уағдаласқандарын назарға ала отырып, уәкілетті орган мен инвестор мыналар туралы осы инвестициялық келісімшартты жасасты.