Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 31.03.2020
"Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 27 қарашадағы № 973 бұйрығы
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2016 жылы 12 қаңтарда № 12847 болып тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2020 жылғы 31 наурыздан бастап ҚР Ішкі істер министрінің 16.03.2020 жылғы № 218 Бұйрығына сәйкес      
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабы 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 394 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11308 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 25 маусымда жарияланған) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
1) «Мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтерді ұйымдардағы, елді мекендердегі және объектілердегі өрттердің алдын алу және сөндіру, өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі жұмыстарды жүргізу құқығына аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес;
2) «Төтенше жағдайларды жою кезінде құтқару жұмыстарын жүргізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын субъектілерді аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес;
3) «Авариялық-құтқару қызметтері мен құралымдарын тіркеу (есептік тіркеу)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес;
4) «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес бекітілсін.»;
осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес 4-қосымшамен толықтырылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті (В.В. Петров):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде оны мерзiмдi баспа басылымдарында және «Әдiлет» ақпараттық-құқықтық жүйесiнде ресми жариялауға жолдауды;
3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқық актілерінің Эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлiгiнiң интернет-ресурсына орналастыруды;
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттiк тiркегеннен кейін күнтiзбелiк он күн iшiнде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шараларды орындау бойынша мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары В.К. Божкоға жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі полиция генерал-полковнигі Қ. Қасымов
«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Инвестициялар және даму министрі 
_______________ Ә. Исекешев 
2015 жылғы 9 желтоқсан

«КЕЛІСІЛДІ» 
Қазақстан Республикасының 
Ұлттық экономика министрі 
_______________ Е. Досаев 
2015 жылғы 8 желтоқсан
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 27 қарашадағы
 № 973 бұйрығына
 қосымша
Қазақстан Республикасы
 Ішкі істер министрінің
 2015 жылғы 24 сәуірдегі
 № 394 бұйрығына
 4-қосымша
«Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1. «Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша сараптама ұйымдарын аккредиттеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметті Министрліктің Төтенше жағдайлар комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижесін беру:
2) «электрондық үкіметтің» www.egov.kz. веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі
4. Мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсырған күнінен бастап, сондай-ақ порталға жүгінген кезде – 15 (он бес) күнтізбелік күн;
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын алған күнінен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді. Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан бас тарту туралы дәлелді жауап береді.
2) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттар пакетін тапсыру үшін рұқсат етілген ең ұзақ күту уақыты – 15 (он бес) минут;
3) көрсетілетін қызметті берушінің қызмет көрсетуінің рұқсат етілген ең ұзақ уақыты – 15 (он бес) минут.
5. Мемлекеттік қызмет көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі – өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит бойынша аккредиттеу аттестаты.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру нысаны: электрондық түрінде.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін қағаз тасымалдағышта алу үшін жүгінген жағдайда, мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі электрондық нысанда ресімделеді, басып шығарылады, мөрмен және көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының қолымен куәландырылады.
Портал арқылы жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанында жолданады.
7. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) тегін көрсетіледі.
1) көрсетілетін қызметті берушіде - Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес демалыс және мереке күндерінен басқа, дүйсенбіден бастап жұманы қоса алғанда, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.30-ға дейін.
Өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру, сағат 13.00-ден бастап сағат 14.00-ге дейінгі түскі үзіліспен сағат 9.00-ден сағат 17.00-ге дейін жүзеге асырылады.
Мемлекеттік көрсетілетін қызмет алдын ала жазылусыз және жеделдетіп қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен көрсетіледі.
2) порталда - жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда, тәулік бойы (көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталған соң, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына сәйкес өтініштерді қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күнінде жүзеге асырылады).
9. Көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде мемлекеттік қызмет көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) сараптама ұйымы мамандарының білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
3) сараптама ұйымы мамандарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) сараптама ұйымы мамандарын жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының көшірмелері;
5) сараптама ұйымдарына тиесілі үй-жайлар туралы құжаттардың көшірмелері (көрсетілетін қызметтерді алушылардың балансында көрсетілген объектілер болмаған жағдайда ұсынылады).
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына қосымшаға сәйкес электрондық құжат нысанындағы өтініш;
2) сараптама ұйымы мамандарының білімі туралы құжаттардың электрондық көшірмелері;
3) сараптама ұйымы мамандарының мемлекеттік өртке қарсы қызмет және (немесе) мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтегі еңбек қызметін растайтын құжаттардың электрондық көшірмелері;
4) сараптама ұйымы мамандарын жұмысқа қабылдау туралы еңбек шарттарының электрондық көшірмелері;
5) сараптама ұйымдарына тиесілі үй-жайлар туралы құжаттардың электрондық көшірмелері (көрсетілетін қызметтерді алушылардың балансында көрсетілген объектілер болмаған жағдайда ұсынылады).
Заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтерді, көлік құралдары мен ғимараттың немесе үй-жайдың бар-жоғын растайтын құжаттарды көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкіметтің» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды тапсырған кезде:
1) көрсетілетін қызметті берушіге (қолма-қол не почта байланысы арқылы) - өтініштің көшірмесінде құжаттар топтамасын қабылдау күні мен уақыты көрсетіле отырып, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу туралы белгі қағаз жеткізгіштегі өтініштің қабылданғанын растау болып табылады;
2) портал арқылы - көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін алатын күн көрсетіле отырып, мемлекеттік қызметті көрсету үшін сұрау салуды қабылдау туралы мәртебе көрсетіледі.
3. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша қызмет берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі
10. Қызмет берушінің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым осы мемлекеттік қызмет стандартының 12-тармағында көрсетілген мекенжай бойынша қызмет берушінің басшысының атына немесе 010000, Астана қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайы бойынша Министрліктің басшысының атына жіберіледі.
Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңселері арқылы қолма-қол тапсырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының шағымында оның атауы, почталық мекенжайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қолын қояды.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде өтініш берушінің деректері (тегі және аты-жөні немесе өтініш берушінің атауы), шағымды қабылдаған адамның деректері (лауазымы, тегі және аты-жөні, субъектінің атауы, мекенжайы және қызметтік телефоны) көрсетілген бірегей нөмірі бар талонды беріп, шағымды тіркеу оның қабылданғанын растау болып табылады.
Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
Шағым портал арқылы жіберілген кезде қызметті алушыға «жеке кабинеттен» өтініш туралы ақпарат қолжетімді болады, бұл ақпарат көрсетілетін қызметті беруші өтінішті өңдеу барысында (жеткізілгені, тіркелгені, орындалғаны туралы белгілер, қарау туралы немесе қараудан дәлелді бас тарту туралы жауап) жаңартылып отырады.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
11. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысанда көрсетудің ерекшеліктерін ескере отырып,қойылатын өзге талаптар
12. Мемлекеттік қызмет көрсетілетін орынның мекенжайы мынадай интернет-ресурстарда орналасқан:
1) көрсетілетін қызметті берушінің - www.emer.kz;
2) Министрліктің - www.mvd.kz, «ҚР ІІМ құрылымдық бөліністері» баннері, «Байланыстар» кіші бөлімі.
13. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті электрондық нысанда портал арқылы алу мүмкіндігі бар.
14. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі мен мәртебесі жөніндегі ақпаратты порталдың «жеке кабинеті», көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы, сондай-ақ мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде алуға мүмкіндігі бар.
15. Көрсетілетін қызметті беруші кеңсесінің байланыс телефоны: 8 (7172) 60-21-33, мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының байланыс телефоны: 1414.
«Өрт қауіпсіздігі
 саласындағы аудит бойынша
 сараптама ұйымдарын аккредиттеу»
 мемлекеттік көрсетілетін қызмет
 стандартына қосымша
Қазақстан Республикасы ІІМ
 Төтенше жағдайлар
 комитетінің төрағасы
 _________________________
Өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыруға аккредиттеу туралы өтініш
Сізден қоса беріліп отырған құжаттар тізбесін қарауды және
 ____________________________________________________________________
өрт қауіпсіздігі саласындағы аудит жөніндегі қызметті жүзеге асыру
құқығына аттестат беруіңізді сұраймын.
 Ұйымның орналасқан жері: ____________________________________________
Заңды тұлғаны немесе жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта
 тіркеу) туралы куәліктің № және күні ________________________________
Полная версия
ИС BestProfi