Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау
және әлеуметтiк даму
министрiнiң
2015 жылғы 8 желтоқсандағы
№ 944 бұйрығына
2-қосымша
2-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 13.08.2018 жылғы № 348 Бұйрығымен (08.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.09.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды
2-қосымша өзгертілді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 28.08.2020 жылғы № 345 Бұйрығымен (13.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 13.09.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-қосымша жаңа редакцияда жазылды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 10.12.2021 жылғы № 464 Бұйрығына сәйкес (28.08.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Әйелдердiң ауыр заттарды қолмен көтеруінің және жылжытуының шектi нормалары
Редакция 31.12.2021 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 

Р/с №

Жұмыстың сипаты

Жүктiң шектi салмағы

1

2

3

1.

Ауыр заттарды қолмен көтеру және жылжытуды (бiржолғы) басқа жұмыспен кезектестiру (бiр сағатта 2 ретке дейiн)

10 килограмм

2.

Жұмыс ауысымы бойы үнемi ауыр заттарды қолмен көтеру және жылжыту (бiржолғы)

7 килограмм

3.

Жүктi 1-ден 5 метрге дейiнгi қашықтыққа жылжыту кезiндегi жұмыс ауысымының әр сағат сайын орындалатын серпiндi жұмыс мөлшерi:


 

жұмыс орнының үстiнен

1750 килограмм/метр

еденнен аспауға тиiс

875 килограмм/метр

1. Көтеретiн және жылжытатын жүктiң салмағына ыдыстың және орамының салмағы кiредi.
2. Арбамен немесе контейнермен жүктi жылжытқан кезде қоса жұмсалатын күш-жігер 10 килограмнан аспауға тиiс.
Полная версия
ИС BestProfi