1. «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызметін (бұдан әрі - мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі - көрсетілетін қызметті алушы) көрсетеді.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.03.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Мемлекеттік қызметті көрсетуге құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы немесе www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі - портал) арқылы жүзеге асырылады.
3. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нәтижесі – ұшуларды орындау құқығына куәлік (куәлік телнұсқасы) (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы) беру немесе «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің ұшуға пайдалану саласында мемлекеттік қызметтер көрсетуі мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 561 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11742 болып тіркелген) «Ұшуларды орындау құқығына куәлік беру (жалпы мақсаттағы авиацияны пайдаланушы)» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының (бұдан әрі - Стандарт) 10-тармағына сәйкес мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінде көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) іс-қимылы тәртібінің сипаттамасы
4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастау үшін негіздеме Стандарттың 9-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті алушының құжаттар топтамасы бар өтінімді (бұдан әрі - құжаттар) ұсыну немесе электронды сұрау болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, оны орындау ұзақтығы:
5-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 29.03.2019 жылғы № 159 Бұйрығына сәйкес (09.12.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 26.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі маманының тіркеу нөмірі мен күнін көрсете отырып, көрсетілетін қызметті алушының құжаттарын қабылдауы, көрсетілетін қызметті берушінің басшысына немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамға қарауға жіберу, отыз минут ішінде;
2) көрсетілетін қызметті беруші басшысының немесе ол уәкілеттік берген лауазымды адамның жауапты құрылымдық бөлімшесін анықтауы және қарар жазуы, екі сағат ішінде;
құжаттарды қараудан бас тарту үшін негіздемелері болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға мемлекеттік қызметті көрсетуден дәлелді бас тартуды жібереді;
6) сертификаттық тексеру кезеңіне көшу туралы шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде көрсетілетін қызметті беруші басшысының бұйрығымен сертификаттық тексеру жөніндегі комиссия (бұдан әрі - комиссия) құрылады;