1. Осы Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің 37-бабы 1-тармағының 28-3) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысандарына қарамастан, бөгеттер қауіпсіздігі саласында міндетті декларациялауға жататын бөгеттерді пайдаланатын ұйымдарға (бұдан әрі – ұйымдар) қолданылады.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінiң 2015 жылғы 2 желтоқсандағы № 19-2/1054 бұйрығына 1-қосымша
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидалар
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуіш гидротехникалық құрылыс;
2) бөгет класы – жобалаудың қолданыстағы нормаларымен регламенттелетін, гидротехникалық құрылыстың әлеуметтік-экономикалық маңыздылығы мен жауапкершілігі дәрежесін айқындайтын және оның авариясы мен пайдалану бұзушылықтарының зардаптары ескеріле отырып тағайындалатын сапалық-сандық сипаттама;
3) гидродинамикалық авария – гидротехникалық құрылыстағы судың үлкен жылдамдықпен таралуымен байланысты және техногенді төтенше жағдайдың туындау қаупін туындататын авария;
4) тегеурін шебі – тегеурінді (су қысымын) қабылдайтын сутежеуіш құрылыстардың жиынтығы.
3. Бөгеттер биіктігіне, іргетасындағы жер қабатының типіне, көлеміне, әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты кластарға бөлінеді.
4. Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызудың негізгі критерийі осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес айқындалатын олардың класы болып табылады.
5. Меншік нысандарына қарамастан I, II, III класты бөгеттер декларациялануға жатады.
6. Жобалау ұйымының қорытындысына сәйкес төтенше жағдайлар кезінде жоғары қауіптілік туындататын IV класты бөгеттер де декларациялануға жатады.
7. Бөгеттер класын жобалау құжаттамасын дайындау кезінде жобалау ұйымы белгілейді және ол бөгет параметрлерінің және (немесе) оларды пайдалану шарттарының негізделген өзгерістері болған жағдайда, құрылыс, күрделі жөндеу, пайдалануға беру, пайдалану, реконструкциялау, қалпына келтіру және консервациялау сатыларында өзгертілуі мүмкін.
8. Бөгеттің тегеурін шебінің құрамына кіретін негізгі құрылыстардың класы одан жоғары класқа жатқызылған құрылыс бойынша белгіленуі тиіс.
9. Бөгет класын айқындайтын шарттар өзгерген жағдайда, ол міндетті түрде декларацияда көрсетіле отырып, өзгертілген шарттарға сәйкес келтірілуі тиіс.
Бөгеттерді декларацияланатын бөгеттерге жатқызу критерийлерін айқындайтын қағидаларға қосымша
Бөгеттер класы
Құрылыстар | Жер қабатының типі | Құрылыстардың класы бойынша биіктігі, метр | |||
I | II | III | IV | ||
1. Жер қабаты материалдарынан жасалған бөгеттер | А | 80-нен астам | 50-ден 80-ге дейін | 20-дан 50-ге дейін | 20-дан кем |
Б | 65-тен астам | 35-тен 65-ке дейін | 15-тен 35-ке дейін | 15-тен кем | |
В | 50-ден астам | 25-тен 50-ге дейін | 15-тен 25-ке дейін | 15-тен кем | |
2. Бетон, темірбетон бөгеттер | А | 100-ден астам | 60-тан 100-ге дейін | 25-тен 60-қа дейін | 25-тен кем |
Б | 50-ден астам | 25-тен 50-ге дейін | 10-нан 25-ке дейін | 10-нан кем | |
В | 25-тен астам | 20-дан 25-ке дейін | 10-нан 20-ғе дейін | 10-нан кем | |
Ескертпелер: жер қабаттары: А – тасты; Б – құмайт, қатты және жартылай қатты күйдегі ірі сынықты және балшықты; В – пластикалық күйдегі су сіңірген балшықты. |
Әлеуметтік-экономикалық жауапкершілігіне және пайдалану шарттарына байланысты бөгеттер класы
Гидротехникалық құрылыс объектілері | Құрылыстар класы |
1. Су қоймасының көлемі мынадай болған кезде гидротораптардың тежеуіш құрылыстары (миллион текше метр (м3 )): | |
1000-нан астам | I |
200-ден 1000-ға дейін | II |
50-ден 200-ге дейін | III |
50 және одан кем | IV |
2. Бөгетке бекітіп берілген суару алаңы (мың гектар (га)): | |
300-ден жоғары | I |
100-ден 300-ге дейін | II |
50-ден 100-ге дейін | III |
50 және одан кем | IV |
3. Су қоймасынан су тартуды жүзеге асыратын су тарту құрылыстары: | |
200-ден жоғары | I |
100-ден 200-ге дейін | II |
20-дан 100-ге дейін | III |
20-дан кем | IV |
Ықтимал гидродинамикалық авариялар салдарына байланысты бөгеттер класы
Гидротехникалық құрылыстар класы | Гидротехникалық құрылыстардың авариясынан зардап шегуі мүмкін тұрғылықты адамдар саны (адам саны) | Гидротехникалық құрылыстардың авариясы кезінде тыныс-тіршілік жағдайлары бұзылуы мүмкін адамдар саны (адам саны) | Гидротехникалық құрылыстардың иесі шегетін залалды есепке алмағанда, ықтимал материалдық залал мөлшері (миллион ЕТЖ) | Гидротехникалық құрылыстардың авариясы нәтижесінде туындаған төтенше жағдайдың таралу аумағының сипаттамасы |
I | 3000-нан астам | 20 000-нан астам | 50-ден астам | Қазақстан Республикасының екі және одан көп облысының шегінде |
II | 500-ден 3000-ға дейін | 2000-нан 20000-ға дейін | 10-нан 50-ге дейін | Қазақстан Республикасының бір облысы (екі және одан көп аудан) аумағының шегінде |
III | 500-ге дейін | 2000-ға дейін | 1-ден 10-ға дейін | Бір аудан аумағының шегінде |
IV | 1-ден кем | Бір аудан аумағының шегінде | ||
Ескертпелер: гидротехникалық құрылыстар авариясынан болатын ықтимал залалдар жобаны әзірлеу кезінде айқындалады; ЕТЖ – жобаны әзірлеу кезінде қолданыста болған Қазақстан Республикасының тиісті жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңы бойынша ең төменгі жалақы. |
Полная версия